240-бап. Сот шешiмiнiң заңды күшiне енуi Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің
1. Бiрiншi сатыдағы соттың шешiмi, егер шешімге шағым жасалмаса немесе прокурор апелляциялық өтінішхат келтірмесе, апелляциялық шағым жасау, прокурордың апелляциялық өтінішхат келтіру мерзімі өткеннен кейін заңды күшіне енеді.
2. Қаржы ұйымдарын немесе банк конгломератына бас ұйым ретінде кiретiн және қаржы ұйымдары болып табылмайтын ұйымдарды қайта құрылымдауды жүргiзу туралы сот шешiмі олар жарияланған күнінен бастап заңды күшiне енедi және дереу орындалуға жатады. -Алынып тасталды Қазақстан Республикасының Заңымен 2026 жылғы 16 қаңтардағы № 259-VIII ҚРЗ
3. Шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының шегінен шығарып жіберу туралы соттың шешімі жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.
4. Алып тасталды – ҚР 29.06.2020 № 351-VI (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
5. Апелляциялық шағым берілген, прокурор апелляциялық өтінішхат келтірген жағдайларда шешім, егер оның күші жойылмаса және (немесе) ол өзгертілмесе, апелляциялық сатыдағы соттың қаулысы жария етілген кезден бастап заңды күшіне енеді.
6. Сот шешімі заңды күшіне енгеннен кейін тараптар және іске қатысатын басқа тұлғалар, сондай-ақ олардың құқық мирасқорлары сол талап қою талаптарын сол негіздер бойынша сотта қайтадан мәлімдей алмайды, сондай-ақ сот анықтаған фактілер мен құқықтық қатынастарды басқа процесте даулай алмайды.
7. Егер жауапкерден мерзімдік төлемдерді өндiріп алынатын шешiм заңды күшiне енгеннен кейiн төлемдердiң мөлшерiн анықтауға немесе олардың ұзақтығына ықпал ететiн мән-жайлар өзгерсе, тараптардың әрқайсысы жаңа талап қою арқылы мерзімді төлемдердiң мөлшерi мен мерзiмдерiн өзгертудi талап етуге құқылы.
Азаматтық кодексi Қылмыстық-процестік кодексi, Қылмыстық кодекс, Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарии), Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қылмыстық заңнама, Нормативті құқықтық актілер Қазақстан Республикасы