44-бап. Мүлiктiк құқықтарды ұжымдық негiзде басқаратын ұйымдардың қызметi Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы Заңы
1. Кез келген автор, оның мұрагерi немесе осы Заңның 2 және 3-тарауларына сәйкес қорғалатын авторлық және сабақтас құқықтардың өзге де иесi өздерiнiң мүлiктiк құқықтарын мүлiктiк құқықтарды ұжымдық негiзде басқаратын ұйымға беруге құқылы, ал ұйым, егер құқықтардың мұндай санатын басқару осы ұйымның жарғылық қызметiне жататын болса, бұл құқықтарды ұжымдық негiзде жүзеге асыруды өз мойнына алуға мiндеттi. Аталған ұйымдардың ұжымдық негiзде басқару үшiн алынған туындыларды және сабақтас құқықтардың объектiлерiн пайдалануға құқығы жоқ.
2. Осы Заңның 43-бабының 3-тармағына сәйкес алынған өкiлеттiктер негiзiнде мүлiктiк құқықтарды ұжымдық негiзде басқаратын ұйым туындыларды және сабақтас құқықтар объектiлерiн пайдаланудың тиiстi тәсiлдерiне пайдаланушылармен лицензиялық шарттар жасасады. Мұндай лицензиялық шарттардың талаптары бiр санаттағы барлық пайдаланушыларға бiрдей болуға тиiс. Аталған ұйымдардың пайдаланушыға лицензиялық шарт жасасудан жеткiлiктi негiздерсiз бас тартуға құқығы жоқ.
2-1. Пайдаланушылар бірыңғай цифрлық платформа арқылы шарт жасасуға және құқықтарды ұжымдық басқару жөніндегі ұйымға авторлық және сабақтас құқықтар объектілерін пайдалану туралы есепті, сондай-ақ сыйақыны жинау және бөлу үшін қажетті өзге де мәліметтер мен құжаттарды жазбаша түрде не цифрлық құжат нысанында ұсынуға міндетті, олардың тізбесі мен ұсынылу мерзімдері лицензиялық шартта айқындалады.
3. Алып тасталды - ҚР 2012.07.10 № 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
4. Авторлық және сабақтас құқықтар иелерiнiң туындылар мен сабақтас құқықтардың объектiлерiн осындай лицензиялық шарттар бойынша пайдалану мен байланысты пайдаланушыларға қоятын барлық ықтимал мүлiктiк талаптарын лицензиялық шарттар жасасқан ұйым реттеуге тиiс.
5. Мүлiктiк құқықтарды ұжымдық негiзде басқаратын ұйым жиналған сыйақыны бөлу және төлеу үшін шаралар қолдануға міндетті.
Жиналған сыйақыны пайдаланушылардың авторлық және сабақтас құқықтар объектілерін пайдалануы туралы есептерінің ұсынылмауына байланысты бөлу және сәйкестендіру мүмкін болмаған жағдайда, құқықтарды ұжымдық басқару жөніндегі ұйым мұндай бөлінбеген сыйақыны сақтауға, ал ұйымның сыйақыны жинауға, бөлуге, төлеуге және сақтауға арналған ағымдағы шотына келіп түскен күнінен бастап үш жыл өткеннен кейін оны авторлық және сабақтас құқықтарды иеленушілердің жалпы жиналысында айқындалатын тәртіппен бөлінетін сомаларға қосуға міндетті.
Авторлық және сабақтас құқықтардың нақты иеленушілеріне бөлінген және олардың есебіне жазылған жиналған сыйақы сомалары құқықтарды ұжымдық басқару жөніндегі ұйымның сыйақыны жинауға, бөлуге, төлеуге және сақтауға арналған ағымдағы шотында сақталуға және сыйақыны жинауға, бөлуге, төлеуге және сақтауға арналған ағымдағы шотта мұндай сомалардың сақталу мерзіміне қарамастан, тиісті авторға және (немесе) құқық иеленушіге мұндай тұлғалардың табылуына немесе жүгінуіне қарай төленуге тиіс.
Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 10 маусымдағы N 6-I Заңы.
Қазақстан Республикасының Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы