47-2-бап. Құқықтарды ұжымдық басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу туралы куәліктің қолданылуын тоқтату Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы Заңы
1. Құқықтарды ұжымдық басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу туралы куәлік өзінің қолданылуын мынадай жағдайларда:
1) аккредиттеу туралы куәліктің берілген мерзімі біткенде;
2) аккредиттеу туралы куәлікті өз еркімен уәкілетті органға қайтару туралы шешім қабылданғанда;
3) аккредиттеу туралы куәлік қайтарып алынғанда;
4) құқықтарды ұжымдық басқару жөніндегі ұйым таратылғанда тоқтатады.
2. Құқықтарды ұжымдық басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу туралы куәліктің қолданысын тоқтату туралы ақпарат осы баптың 1-тармағында көрсетілген жағдайлар басталған күннен бастап бір ай мерзімде уәкілетті органның интернет-ресурсында және бірыңғай цифрлық платформада орналастырылады.
Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 10 маусымдағы N 6-I Заңы.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы