45-1-бап. Бірыңғай цифрлық платформа Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы Заңы
1. Сараптама ұйымы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен бірыңғай цифрлық платформаны басқаруды жүзеге асырады және оның құқықтарды ұжымдық басқару саласында пайдаланылуына бірыңғай қол жеткізу нүктесін ұсынады.
2. Бірыңғай цифрлық платформаның жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін сараптама ұйымы мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқару саласындағы мынадай тізілімдерді (бұдан әрі – тізілімдер) қалыптастыруды және жүргізуді жүзеге асырады:
1) туындылар тізілімі;
2) авторлар мен құқық иеленушілер тізілімі;
3) құқықтарды ұжымдық басқару жөніндегі ұйымдар тізілімі;
4) пайдаланушылар тізілімі;
5) шарттар тізілімі;
6) бірыңғай цифрлық платформаның жұмыс істеуіне қажетті өзге де тізілімдер.
Тізілімдерді қалыптастыру және жүргізу уәкілетті орган айқындаған тәртіппен жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 10 маусымдағы N 6-I Заңы.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы