47-бап. Мүлiктiк құқықтарды ұжымдық негiзде басқаратын ұйымдардың қызметiн бақылау Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы Заңы
1. Фонограмма авторларының, орындаушыларының, шығарушылардың немесе авторлық және (немесе) сабақтас құқықтарды өзге де иеленушілердің құқықтарын ұжымдық басқару жөніндегі ұйым жиналған, бөлінген, бөлінбеген, төленген, төленбеген, талап етілмеген сыйақылар, сондай-ақ сыйақыны жинау, бөлу және төлеу жөніндегі шығыстарды жабуға бағытталған сомалар туралы мәліметтерді қоса алғанда, жылдық балансты, жылдық есепті бірыңғай цифрлық платформа арқылы уәкілетті органға жыл сайын есепті жылдан кейінгі жылдың 15 сәуірінен кешіктірмей ұсынуға міндетті.
Алдыңғы жылдары авторлық сыйақыны толық бөлу және төлеу қамтамасыз етілмеген жағдайда, осы сыйақы сомалары жөніндегі ақпарат авторлық сыйақы толық төленгенге дейін ұсынылады.
Шетелдік ұйымдарға аударылған сомалар туралы ақпарат және авторлар мен құқық иеленушілерге төлемдердің сомалары бойынша нақтылаулар есепті жылдан кейінгі жылдың 15 қыркүйегінен кешіктірілмей бірыңғай цифрлық платформа арқылы беріледі.
2. Уәкiлетті орган мүлiктiк құқықтарды ұжымдық негiзде басқаратын ұйымдардан ұйым қызметiнiң осы Заңға, Қазақстан Республикасының коммерциялық емес ұйымдар туралы заңнамасына немесе өзге де заңнамаға, сондай-ақ мұндай ұйымның жарғысына сәйкестiгiн тексеру үшiн қажеттi қосымша ақпаратты және құжаттарды талап етуге құқылы.
Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 10 маусымдағы N 6-I Заңы.
Қазақстан Республикасының Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы