47-1-бап. Құқықтарды ұжымдық басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу туралы куәлікті кері қайтарып алу Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы Заңы
Құқықтарды ұжымдық басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу туралы куәлікті уәкілетті орган:
1) аккредиттеу туралы шешім қабылдауға негіз болған құжаттарда дұрыс емес мәліметтер анықталған;
2) аккредиттелген ұйымның қызметі туралы жыл сайынғы есеп уәкілетті органға белгіленген мерзімде ұсынылмаған; -Алынып тасталды Қазақстан Республикасының Заңымен 2025 жылғы 24 қарашадағы № 233-VIII ҚРЗ
3) уәкілетті органға аккредиттелген ұйымның қызметі туралы көрінеу жалған мәліметі бар жыл сайынғы есеп ұсынылған; -Алынып тасталды Қазақстан Республикасының Заңымен 2025 жылғы 24 қарашадағы № 233-VIII ҚРЗ
4) коммерциялық қызметті жүзеге асырған;
5) осы Заңның 46-бабында көзделген міндеттерді орындамаған;
6) авторлық сыйақыны уақтылы төлемеген; -Алынып тасталды Қазақстан Республикасының Заңымен 2025 жылғы 24 қарашадағы № 233-VIII ҚРЗ
7) жиналған авторлық сыйақыны аудару үшін авторларды, орындаушыларды және фонограмма шығарушыны іздеу жөнінде шаралар қолданбаған; -Алынып тасталды Қазақстан Республикасының Заңымен 2025 жылғы 24 қарашадағы № 233-VIII ҚРЗ
8) мемлекеттік бақылау және қадағалау органдарының лауазымды адамдарына қызметтік міндеттерін орындауына кедергі келтіргені, сондай-ақ қаулыларды, нұсқамаларды және өзге де талаптарды орындамағаны үшін әкімшілік жауаптылыққа тартылған;
9) авторларға, орындаушыларға және фонограмма шығарушыларға уәкілетті орган белгілеген ең төмен сыйақы мөлшерлемелерінен төмен сыйақы мөлшерлемелері қолданылған жағдайларда кері қайтарып алады.
Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 10 маусымдағы N 6-I Заңы.
Қазақстан Республикасының Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы