47-3-бап. Құқықтарды ұжымдық басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу туралы куәліктің қолданысын тоқтата тұру Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы Заңы
1. Құқықтарды ұжымдық басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу туралы куәліктің қолданысын уәкілетті орган:
1) аккредиттелген ұйымның қызметі туралы жыл сайынғы есеп белгіленген мерзімде уәкілетті органға ұсынылмаған;
2) аккредиттелген ұйымның қызметі туралы көрінеу жалған мәліметтерді қамтитын жыл сайынғы есеп уәкілетті органға ұсынылған жағдайларда үш айға тоқтата тұрады.
2. Құқықтарды ұжымдық басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу туралы куәліктің қолданысын тоқтата тұру туралы ақпарат уәкілетті органның интернет-ресурсында және бірыңғай цифрлық платформада осы баптың 1-тармағында көрсетілген жағдайлар басталған күннен бастап бір күн мерзімде орналастырылады.
Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 10 маусымдағы N 6-I Заңы.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы