46-бап. Мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымдардың міндеттері Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы Заңы
1. Мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымның қызметі мұндай ұйым өкілі болатын авторлық және сабақтас құқықтар иелерінің мүддесіне сай жүзеге асырылады. Бұл мақсатта ұйым:
1) авторлық және сабақтас құқықтардың иелеріне сыйақы төлеумен бірге олардың құқықтарын пайдаланғаны туралы, оның ішінде жиналған сыйақы мөлшері туралы және одан ұсталған сомалар туралы мәліметі бар есептерді ұйымның интернет-ресурсындағы және бірыңғай цифрлық платформадағы жеке кабинет арқылы беріп тұруға;
1-1) бірыңғай цифрлық платформаны пайдалануға
2) осы Заңның 45-бабы 4) тармақшасының ережелеріне сәйкес жиналған сыйақыны авторлық және сабақтас құқықтардың иелеріне бөлу және төлеу үшін пайдалануға міндетті. Сыйақыны бөлу және төлеу құқық иеленушінің азаматтық белгісі, тұратын елі, санаты және өзге де негіздер бойынша кемсітусіз, әділ жүзеге асырылуға тиіс. Бұл ретте ұйым жиналған сыйақыдан өзінің мұндай сыйақыны жинауға, бөлуге және төлеуге кеткен нақты шығынын өтеуге қажетті соманы, сондай-ақ өзі өкілі болып табылатын авторлық және сабақтас құқықтар иелерінің келісімімен және солардың мүддесіне сай сол ұйым құрған арнайы қорларға жіберілетін соманы ұстап қалуға құқылы. Сыйақыны жинау, бөлу және төлеу бойынша өзінің нақты шығыстарын жабуға арналған, сондай-ақ арнаулы қорларға жіберілетін сомалар жиналған сыйақының жалпы сомасының жиырма пайызынан аспауға тиіс. Құқықтарды ұжымдық басқару жөніндегі ұйымның нақты шығыстары, уәкілетті орган айқындаған тәртіпке сәйкес бірыңғай цифрлық платформаны пайдалану жөніндегі нақты шығыстарды да қамтиды. Құқықтарды ұжымдық басқару жөніндегі ұйымдар арасында мүдделерді өзара білдіру туралы шарттар жасалған кезде ұйымдардың шығыстары ұйымның осы тармақшада белгіленген шығыстарының мөлшері шегінде тараптардың келісімі бойынша айқындалады. Басқа ұйымнан түскен жиналған сыйақы сомасынан қайта ұстап қалуға жол берілмейді.;
Бұл ретте сыйақыны жинау, бөлу және төлеу бойынша өздерінің нақты шығыстарын жабуға арналған сомалар әрбір құқық иеленушіге тиесілі әр сомаға пропорционалды түрде болуға тиіс;
2-1) жиналған, бөлінген, төленген сыйақы, сондай-ақ құқықтарды ұжымдық басқару жөніндегі ұйымның шығыстарын жабуға бағытталған сыйақы туралы мәліметтерді уәкілетті орган айқындаған тәртіппен және нысан бойынша бірыңғай цифрлық платформаға енгізуге;
3) жиналған сыйақы сомасын осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген сомаларды шегере отырып, туындылардың және сабақтас құқықтар объектілерінің нақты пайдаланылуына қарай барабар бөлуге және қазақстандық авторлық және сабақтас құқықтарды иеленушілерге – тоқсанына кемінде бір рет және осындай құқықтарды басқаратын шетелдік ұйымдарға жылына кемінде бір рет төлеп отыруға міндетті. Бұл ретте ұйым осы ұйым жасасқан лицензиялық шарттарға және сыйақы төлеу туралы шарттарына сәйкес сыйақы алуға құқығы бар құқық иеленушілерді белгілеу бойынша шаралар қолдануға, оның ішінде мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын басқа да ұйымдардан, Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таратылатын бұқаралық ақпарат құралдарынан алынған ақпаратты осы мақсат үшін пайдалануға міндетті;
4) құқық иеленушілер туралы, оған басқаруға берілген құқықтар туралы, сондай-ақ авторлық және сабақтас құқықтар объектілері туралы мәліметтер қамтылған тізілімдерді қалыптастыруға міндетті. Заңға сәйкес құқық иеленушінің келісімінсіз жария етуге болмайтын мәліметтерді қоспағанда, мұндай тізілімдерде қамтылған мәліметтер барлық мүдделі тұлғаларға ұсынылады;
5) Мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымның қызметі туралы хабар беру мақсатында интернет-ресурс құруға, интернет-ресурстың тәулік бойғы режимде қолжетімділігін, онда орналастырылатын ақпараттың ашықтығын, сондай-ақ осындай ақпараттың өтеусіз негізде берілуін қамтамасыз етуге;
6) өзіне басқаруға берілген құқықтар туралы ақпаратты уәкілетті орган айқындаған тәртіпке сәйкес интернет-ресурста және бірыңғай цифрлық платформада орналастыруға;
7) ұйым өкілдері туралы ақпаратты өзінің интернет-ресурсында және бірыңғай цифрлық платформада орналастыруға;
8) уәкілетті органға жіберілетін есептерді Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таратылатын бұқаралық ақпарат құралдарында, өзінің интернет-ресурсында және бірыңғай цифрлық платформада жария етуге;
9) пайдаланушының атауын және оның тұрған жерін, сондай-ақ осындай шарттың жасалған күнін қоса алғанда, пайдаланушылармен жасалған шарттар туралы ақпаратты өзінің интернет-ресурсында және бірыңғай цифрлық платформада орналастыруға;
10) Қазақстан Республикасының аумағында Мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымдармен өзара мүдделілік білдіру туралы шарттар жасасуға;
11) уәкілетті органды жалпы жиналыс өткізілетін күнге дейін он жұмыс күнінен кешіктірмей жалпы жиналыстың өткізілетін уақыты мен орны туралы жазбаша түрде немесе цифрлық құжат нысанында хабардар етуге, сондай-ақ оған қолжетімділікті қамтамасыз етуге.
12) он жұмыс күнінен кешіктірмей бірыңғай цифрлық платформада:
осындай ұйымның жарғысына және өзге де құрылтай құжаттарына енгізілген, әділет органдарында тіркелген өзгерістерді;
ұқсас құқықтарды басқаратын шетелдік ұйымдармен өзара мүдделілік білдіру туралы жасалған екіжақты және көпжақты шарттардың көшірмелерін;
жалпы жиналыс шешімдерінің көшірмелерін орналастыруға міндетті.
1-1. Мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйым өзінің бухгалтерлік (қаржылық) есептілігіне аудит жүргізу, сондай-ақ сыйақыны жинауды, бөлуді және төлеуді жүзеге асыру кезінде ақшамен операциялардың жүргізілуін және құжаттамалық ресімделуін, жиналған сыйақыны бөлудің осындай ұйым бекіткен әдістемеде көзделген талаптарға сәйкестігін, арнайы қорлардан жүзеге асырылған нысаналы түсімдер мен төлемдердің есепке алынуын, осындай ұйымның қызметіне қойылатын және осы бапта белгіленген өзге де талаптардың сақталуын тексеру үшін екі жылда кемінде бір рет тәуелсіз аудиторлық ұйымды тартуға міндетті.
Мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйым аудиторлық қорытындыны және тексеру нәтижелерін тиісті бухгалтерлік (қаржылық) есептілікпен бірге бекітілген (қол қойылған) күннен бастап бір ай мерзімде өзінің интернет-ресурсында және бірыңғай цифрлық платформада жариялауға міндетті, олар құқық иеленушілер үшін бес жыл бойы ашық қолжетімділікте болуға тиіс.
Аудитке және тексерілуге жататын бухгалтерлік (қаржылық) есептілік және осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген өзге де ақпарат құпия сипаттағы мәліметтерді қамтитын ақпаратқа, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияға жатқызылмайды.
Аудит және тексеру жүргізуге арналған шығыстар Мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйым шығыстарының құрамына енгізіледі.
2. Мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымға осы Заңның 45-бабының 4) тармақшасында көзделген сыйақы жинауға қатысты өкілеттіктерді бермеген авторлық және сабақтас құқықтар иелері одан жүргізілген бөлуге сәйкес өздеріне тиесілі сыйақыны төлеуді, сондай-ақ осы ұйым пайдаланушыларға беретін рұқсаттардан өзінің туындылары мен сабақтас құқықтар объектілерін шығарып тастауды талап етуге құқылы.
Авторлық және (немесе) сабақтас құқықтарды иеленушіден тиісті хабарламаны алған күннен бастап үш ай өткеннен кейін Мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйым олар көрсеткен құқықтарды және (немесе) объектілерді барлық пайдаланушылармен жасалған лицензиялық шарттардан алып тастауға және бұл жөніндегі ақпаратты Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таратылатын бұқаралық ақпарат құралдарында, өзінің интернет-ресурсында және бірыңғай цифрлық платформада орналастыруға міндетті. Мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйым авторлық және (немесе) сабақтас құқықтарды иеленушіге бұрын жасалған лицензиялық шарттарға сәйкес пайдаланушылардан алынған, оған тиесілі сыйақыны төлеуге және оған есеп беруге міндетті.
Мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын, авторлық және сабақтас құқықтардың иелері оның репертуарынан туындылар мен сабақтас құқықтардың объектілерін алып тастаған ұйым осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген мерзім өткен соң пайдаланушыларға оларды пайдалануға рұқсат беруге құқылы емес.
3. Құқықтарды ұжымдық басқару жөніндегі ұйым сыйақыны жинау, бөлу, төлеу және сақтау үшін банкте ағымдағы шот және өз қызметін жүзеге асыру мен ұйымның нақты шығыстарын жабу үшін ағымдағы шот ашуға міндетті.
Аталған шоттар бойынша операциялар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес және уәкілетті орган белгілеген бағыттар бойынша тек қана қолма-қол ақшасыз нысанда жүзеге асырылады.
4. Құқықтарды ұжымдық басқару жөніндегі ұйым жиналған сыйақыны нысаналы пайдалануды қамтамасыз ету, сондай-ақ қағидаларда айқындалған тәртіппен бюджетке салықтарды төлеудің толықтығын қамтамасыз ету мақсатында сыйақыны жинауға, бөлуге, төлеуге және сақтауға арналған ағымдағы шот бойынша ақшаның қозғалысы туралы мәліметтерді бірыңғай цифрлық платформада ақпараттық орналастыруды қамтамасыз етуге міндетті.
Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 10 маусымдағы N 6-I Заңы.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы