26-бап. Туындыны авторлық сыйақысын төлеп, автордың келiсiмiнсiз жеке мақсатта көшiрмелеу Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы Заңы
1. Туынды авторының, орындаушының, дыбыс-бейнежазу туындысын шығарушының және фонограмма жасаушының келiсiмiнсiз, бiрақ оларға сыйақы төлеп, дыбыс-бейнежазу туындысын немесе туындының дыбыстық жазбасын жеке мақсатта және табыс алмай көшiрмелеуге жол берiледi.
2. Осы баптың 1-тармағында көрсетiлген қайта шығару үшiн сыйақыны осындай қайта шығару үшiн пайдаланылатын жабдықтар мен материалдық жеткiзгiштердi дайындаушы немесе импорттаушы тұлғалар төлейдi.
Осындай жабдық пен материалдық жеткiзгiштердiң тiзбесiн уәкілетті орган бекiтедi.
3. Осы Заңның 43-бабының 3-тармағы екінші бөлігінің 4) тармақшасында көзделген сыйақыны жинауды, бөлуді және төлеуді сараптама ұйымы жүзеге асырады.
4. Көрсетілген сыйақыны сараптама ұйымы осы Заңға сәйкес құқықтарды ұжымдық басқару жөніндегі ұйымдар арасында мынадай пропорцияда бөледі: авторларға – қырық пайыз, орындаушыларға – отыз пайыз, фонограмма шығарушыларға отыз пайыз.
5. Сыйақының мөлшерін, оны жинау, бөлу және төлеу тәртібін, сондай-ақ сараптама ұйымының нақты шығыстарын жабуға арналған соманы айқындау тәртібін уәкілетті орган белгілейді.
6. Осы баптың 2-тармағында аталған, экспортқа шығаруға болатын жабдықтар мен материалдық жеткiзгiштер, сондай-ақ үй жағдайында пайдалануға арналмаған кәсiптiк жабдықтарға сыйақы төленбейдi.
Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 10 маусымдағы N 6-I Заңы.
Қазақстан Республикасының Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы