506-бап. Қосылған құн салығын төлеу мерзімдері Қазақстан Республикасының Салық кодексі
Қосылған құн салығы бюджетке салық төлеушінің тұрған жерінде мынадай мерзімдерде:
1) есепті салықтық кезеңнен кейінгі екінші айдың 25-інен кешіктірілмей – әрбір салықтық кезең үшін бюджетке төленуге тиіс қосылған құн салығының, сондай-ақ осы баптың бірінші бөлігінің 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген қосылған құн салығын қоспағанда, бейрезидент үшін есептелген қосылған құн салығының сомасы;
2) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында айқындалған мерзімдерде – импортталатын тауарлар бойынша қосылған құн салығының сомасы;
3) қосылған құн салығы бойынша тарату декларациясы салық органына ұсынылған күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірілмей – осы Кодекстің 103-бабына сәйкес қосылған құн салығын төлеуші қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығарылған жағдайда, осындай декларацияда көрсетілген қосылған құн салығының сомасы төленуге жатады.
Егер қосылған құн салығы бойынша тарату декларациясы ұсынылған салықтық кезеңнің алдындағы салықтық кезең үшін ұсынылған қосылған құн салығы бойынша декларацияда көрсетілген осындай салықты төлеу мерзімі осы баптың бірінші бөлігінің 3) тармақшасында көрсетілген мерзім өткеннен кейін басталса, салықты төлеу салық органына тарату декларациясы ұсынылған күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірілмей жүргізіледі.
Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 18 шiлдедегi № 214-VIII ҚРЗ Кодексі
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы
______________________________
2026 жыл 1 қаңтардан бастап "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) күші жойылды деп танылсын, 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ Салық кодексінің қолданысқа енгізілуіне байланысты.
506-бап. Елдi мекендерден тыс орналасқан өнеркәсiп, көлік, байланыс, қорғаныс және өзге де ауыл шаруашылығы мақсатындағы емес жерге (бұдан әрі – өнеркәсіп жері) арналған базалық салықтық мөлшерлемелер Қазақстан Республикасының Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) кодексі
1. Елдi мекендерден тыс орналасқан өнеркәсіп жерiне арналған базалық салықтық мөлшерлемелер бiр гектарға есептегенде бонитет балдарына пропорционалды түрде мынадай мөлшерлерде белгiленедi:
Р/с № | Бонитет балы | Базалық салықтық мөлшерлеме (теңге) | Р/с № | Бонитет балы | Базалық салықтық мөлшерлеме (теңге) |
| 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
| 1. | 0 | 48,25 | 52. | 51 | 2634,45 |
| 2. | 1 | 91,67 | 53. | 52 | 2690,23 |
| 3. | 2 | 135,1 | 54. | 53 | 2745,95 |
| 4. | 3 | 178,52 | 55. | 54 | 2801,72 |
| 5. | 4 | 221,95 | 56. | 55 | 2857,46 |
| 6. | 5 | 265,37 | 57. | 56 | 2913,24 |
| 7. | 6 | 308,8 | 58. | 57 | 2968,96 |
| 8. | 7 | 352,22 | 59. | 58 | 3024,73 |
| 9. | 8 | 395,65 | 60. | 59 | 3080,47 |
| 10. | 9 | 439,07 | 61. | 60 | 3136,25 |
| 11. | 10 | 482,5 | 62. | 61 | 3188,36 |
| 12. | 11 | 530,75 | 63. | 62 | 3247,75 |
| 13. | 12 | 592,41 | 64. | 63 | 3325,49 |
| 14. | 13 | 654,08 | 65. | 64 | 3364,61 |
| 15. | 14 | 715,68 | 66. | 65 | 3423,05 |
| 16. | 15 | 777,35 | 67. | 66 | 3489,25 |
| 17. | 16 | 839,01 | 68. | 67 | 3539,95 |
| 18. | 17 | 900,67 | 69. | 68 | 3598,39 |
| 19. | 18 | 962,29 | 70. | 69 | 3656,81 |
| 20. | 19 | 1023,96 | 71. | 70 | 3715,25 |
| 21. | 20 | 1084,66 | 72. | 71 | 3769,29 |
| 22. | 21 | 1138,7 | 73. | 72 | 3829,64 |
| 23. | 22 | 1189,07 | 74. | 73 | 3890,53 |
| 24. | 23 | 1239,35 | 75. | 74 | 3951,67 |
| 25. | 24 | 1287,73 | 76. | 75 | 4012,79 |
| 26. | 25 | 1340,29 | 77. | 76 | 4073,88 |
| 27. | 26 | 1390,66 | 78. | 77 | 4135,02 |
| 28. | 27 | 1441,07 | 79. | 78 | 4196,15 |
| 29. | 28 | 1491,45 | 80. | 79 | 4257,23 |
| 30. | 29 | 1541,88 | 81. | 80 | 4319,34 |
| 31. | 30 | 1592,25 | 82. | 81 | 4371,45 |
| 32. | 31 | 1646,29 | 83. | 82 | 4432,57 |
| 33. | 32 | 1693,03 | 84. | 83 | 4493,66 |
| 34. | 33 | 1740,76 | 85. | 84 | 4554,8 |
| 35. | 34 | 1788,47 | 86. | 85 | 4615,92 |
| 36. | 35 | 1836,2 | 87. | 86 | 4677,01 |
| 37. | 36 | 1883,87 | 88. | 87 | 4738,15 |
| 38. | 37 | 1931,58 | 89. | 88 | 4799,27 |
| 39. | 38 | 1979,31 | 90. | 89 | 4860,36 |
| 40. | 39 | 2027,02 | 91. | 90 | 4921,5 |
| 41. | 40 | 2074,75 | 92. | 91 | 4975,54 |
| 42. | 41 | 2126,86 | 93. | 92 | 5054,48 |
| 43. | 42 | 2178,19 | 94. | 93 | 5134,32 |
| 44. | 43 | 2228,61 | 95. | 94 | 5214,22 |
| 45. | 44 | 2278,98 | 96. | 95 | 5294,09 |
| 46. | 45 | 2329,41 | 97. | 96 | 5373,99 |
| 47. | 46 | 2379,79 | 98. | 97 | 5453,83 |
| 48. | 47 | 2340,22 | 99. | 98 | 5533,73 |
| 49. | 48 | 2480,57 | 100. | 99 | 5613,59 |
| 50. | 49 | 2531 | 101. | 100 | 5693,5 |
| 51. | 50 | 2582,34 | 102. | 100-ден жоғары | 5790 |
2. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес басқа жер пайдаланушылар уақытша пайдаланатын жердi қоспағанда, қорғаныс мұқтажы үшiн берiлген жер осы баптың 1-тармағында белгiленген мөлшерлемелер бойынша салық салынуға жатады.
3. Қорғаныс мұқтажы үшiн берiлген, қорғаныс мұқтажы үшiн уақытша пайдаланылмайтын және ауыл шаруашылығы мақсаттары үшiн басқа да жер пайдаланушыларға берiлген жер осы Кодекстiң 510-бабы 1-тармағының талаптары ескерiле отырып, осы Кодекстiң 503-бабында белгiленген мөлшерлемелер бойынша салық салынуға жатады.
4. Магистральды темiржолдарды бойлай қорғаныштық екпе ағаштар алып жатқан темiржол көлiгi кәсiпорындарының жерiне осы Кодекстiң 510-бабы 1-тармағының талаптары ескерiле отырып, осы Кодекстiң 503-бабында белгіленген мөлшерлемелер бойынша салық салынады.
Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) Кедендік реттеу туралы Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы Әкімшілік рәсімдік-процестік Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы Экология Әлеуметтік кодекс Азаматтық Қылмыстық-процестік Қылмыстық Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарий) Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қазақстан Республикасы