585-бап. Жекелеген жағдайларда салықты есептеудiң, төлеудің және салық бойынша есептілік ұсынудың ерекшелiктерi Қазақстан Республикасының Салық кодексі
1. Бiрнеше салық төлеушiнiң пайдалануындағы ғимараттар, құрылыстар мен құрылысжайлар орналасқан жер учаскелерi үшін жер салығы олардың бөлек пайдалануындағы ғимараттар мен құрылыстардың алаңына пропорционалды түрде әрбір салық төлеушi бойынша жеке-жеке есептеледi.
2. Осы Кодекстiң 571-бабы 3-тармағының 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген заңды тұлғалар ғимараттың бiр бөлiгiн не құрылысжайдың бiр бөлiгiн пайдалануға, сенімгерлік басқаруға немесе жалға берген кезде жер салығы осы жер учаскесiнде орналасқан барлық ғимараттың, құрылысжайдың жалпы алаңындағы пайдалануға, сенімгерлік басқаруға немесе жалға берiлген ғимараттың бiр бөлiгi не құрылысжайдың бiр бөлiгi алаңының үлес салмағына қарай есептелуге жатады.
3. Заңды тұлға тұрғын үй қорының құрамындағы жылжымайтын мүлiктi сатып алған жағдайда, жер салығы тұрғын үй қоры, оның iшiнде оның жанындағы ғимараттар мен құрылысжайлар алып жатқан жердi қоспағанда, елдi мекендердiң жерiне осы Кодекстiң 577-бабында белгiленген салықтың базалық мөлшерлемелері бойынша есептелуге жатады.
Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 18 шiлдедегi № 214-VIII ҚРЗ Кодексі
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы
______________________________
2026 жыл 1 қаңтардан бастап "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) күші жойылды деп танылсын, 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ Салық кодексінің қолданысқа енгізілуіне байланысты.
585-бап. Төлемақы төлеушілер Қазақстан Республикасының Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) кодексі
1. Мыналар төлемақы төлеушілер болып табылады:
мемлекеттік орман иеленушілер және Қазақстан Республикасының Орман кодексінде айқындалған тәртіппен орман пайдалану құқығын алған тұлғалар;
Қазақстан Республикасы Үкіметінің тиісті шешімі негізінде өсімдіктердің сирек кездесетін және жойылып кету қаупi төнген түрлерін, олардың бөліктерін немесе дериваттарын алып қоюға құқық алған тұлғалар;
фармацевтикалық, азық-түліктік және техникалық қажеттіліктер үшін жабайы өсетін өсімдіктердің түрлерін дайындауды (жинауды) жүзеге асыратын тұлғалар.
2. Қазақстан Республикасының Жер кодексіне сәйкес өз меншігіндегі немесе ұзақ мерзімді жер пайдаланудағы жеке орман қоры учаскелерінде орман пайдалануды жүзеге асыратын орман иеленушілер орман өсіру үшін нысаналы мақсатты орман пайдалану құқығын алған кезде төлемақы төлеушілер болып табылмайды.
Ескерту. 585-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 20.03.2023 № 213-VII (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) Кедендік реттеу туралы Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы Әкімшілік рәсімдік-процестік Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы Экология Әлеуметтік кодекс Азаматтық Қылмыстық-процестік Қылмыстық Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарий) Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қазақстан Республикасы