603-бап. Салықты есептеу мен төлеу тәртібі Қазақстан Республикасының Салық кодексі
1. Осы Кодекстің 604-бабында көрсетілгендерінен басқа, салық салу объектілері бойынша жеке тұлғалардың салығын есептеуді салық органдары салық төлеушінің тұрғылықты жеріне қарамастан, салық салу объектісінің тұрған жері бойынша есепті салықтық кезеңнен кейінгі жылдың 1 шілдесінен кешіктірмей, құқықтары есепті салықтық кезеңнен кейінгі жылдың 1 қаңтарына дейін тіркелген жеке тұлғалардың салық салу объектілері бойынша меншік құқығында иеленудің іс жүзіндегі мерзімін ескере отырып, салықтық базаға тиісті салық мөлшерлемесін қолдану арқылы жүргізеді.
2. Жеке тұлғалардың мүлік салығы салықтық кезең үшін осы Кодекстің 599-бабында көрсетілген әрбір салық салу объектісі бойынша жеке есептелген салық сомаларын қамтиды.
3. Егер салықтық кезең ішінде салық салу объектісі меншік құқығында он екі айдан аз болса, осындай объектілер бойынша төленуге жататын мүлік салығы осы баптың 1-тармағына сәйкес айқындалған салық сомасын он екіге бөлу және салық салу объектісінің меншік құқығында болуының іс жүзіндегі кезеңі айларының санына көбейту арқылы есептеледі.
Бұл ретте объектінің меншік құқығында болуының іс жүзіндегі кезеңі салықтық кезеңнің басынан бастап (егер объект осындай күнге меншік құқығында болса) немесе объектіге меншік құқығы туындаған айдың 1-інен бастап осындай объектіге меншік құқығы берілген айдың 1-іне дейін немесе салықтық кезеңнің соңына дейін (егер объект осындай күнге меншік құқығында болса) айқындалады.
4. Бiрнеше жеке тұлғаның ортақ үлестiк меншiгiндегi салық салу объектiсi үшiн салық олардың осы мүлiктегi үлесiне пропорционалды түрде есептеледi.
5. Салық салу объектісі жойылған, қираған, бұзылған кезде салық сомасын қайта есептеу уәкілетті мемлекеттік орган беретін, жойылу, қирау, бұзылу фактілерін растайтын құжаттар болған кезде жүргізіледі.
6. Осы Кодекстің 597-бабы 2-тармағы 1) – 5) тармақшаларының ережелерін қолдану құқығы салықтық кезең ішінде туындаған немесе тоқтатылған жағдайда, осындай ережелер:
құқық туындаған кезде – осындай құқық туындаған айдың 1-інен бастап салықтық кезең аяқталғанға дейін немесе осындай құқық тоқтатылатын айдың 1-іне дейін қолданылады;
құқық тоқтатылған кезде – осындай құқық тоқтатылатын айдың 1-інен бастап қолданылмайды.
7. Егер осы баптың 8-тармағында өзгеше белгіленбесе, бюджетке салық төлеу салық салу объектілерінің тұрған жері бойынша есепті салықтық кезеңнен кейінгі жылдың 1 қазанынан кешіктірмей жүргізіледі.
8. Меншік құқығын беретін тұлға салық салу объектісін иеленуінің іс жүзіндегі кезеңі үшін төлеуге жататын салық сомасы меншік құқықтары мемлекеттік тіркелген күннен кешіктірілмей бюджетке енгізілуге тиіс.
Бұл ретте осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген жағдайда жеке тұлғалардың мүлік салығын есептеу мақсатында салық салу объектісіне меншік құқығын беру жүргізілген жылдың алдындағы салықтық кезең үшін айқындалған салықтық база қолданылады.
9. Әкімшілік-аумақтық бірліктің шекаралары өзгерген кезде шекаралардың осындай өзгеруі нәтижесiнде басқа әкімшілік-аумақтық бірліктің шекараларына ауыстырылған аумақтың елдi мекенiндегі жеке тұлғалардың мүлкіне салық осындай өзгерiс жүргізілген салықтық кезең үшін осындай өзгерiс күніне дейін осы елдi мекен орналасқан шекаралардағы елдi мекен санаты үшін белгіленген базалық құн негізге алына отырып есептеледі.
10. Салықтық жыл ішінде елді мекенді қоныстың бір санатынан басқа санатына ауыстырған кезде осындай ауыстыру жүргізілген салықтық кезең үшін жеке тұлғаларға меншік құқығымен тиесілі жер учаскелері бойынша мүлік салығы осы елді мекен осындай ауыстыруға дейін жатқызылған елді мекен санаты үшін белгіленген мөлшерлемелер бойынша есептеледі.
Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 18 шiлдедегi № 214-VIII ҚРЗ Кодексі
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы
______________________________
2026 жыл 1 қаңтардан бастап "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) күші жойылды деп танылсын, 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ Салық кодексінің қолданысқа енгізілуіне байланысты.
603-бап. Жалпы ережелер Қазақстан Республикасының Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) кодексі
1. Сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны үшін төлемақы (бұдан әрі осы параграфтың мақсаттарында – төлемақы) сыртқы (көрнекі) жарнаманы елді мекендердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде, елді мекендерден тыс жердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте және жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінен тыс жерде орналастырғаны үшін алынады.
2. Тиісті хабарлама жіберілмеген жағдайда, сыртқы (көрнекі) жарнаманы нақты орналастыру төлемақы сомасын өндіріп алу және бюджетке енгізу үшін негіз болып табылады.
3. Жергілікті атқарушы органдар ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 15-күнінен кешіктірілмейтін мерзімде сыртқы (көрнекі) жарнама орналастырылған жердегі салық органдарына төлемақы төлеушілер, төлемақы сомалары, сыртқы (көрнекі) жарнаманың орналастырылу кезеңі мен орны, хабарламаның жіберілгені (жіберілмегені) туралы мәліметтерді уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша ұсынады.
Ескерту. 603-бап жаңа редакцияда - ҚР 08.01.2019 № 215-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) Кедендік реттеу туралы Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы Әкімшілік рәсімдік-процестік Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы Экология Әлеуметтік кодекс Азаматтық Қылмыстық-процестік Қылмыстық Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарий) Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қазақстан Республикасы