Әкімшілік талап-арыздар бойынша мемлекеттік бажды өндіріп алу
Сот орындаушыларының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым жасау туралы талаптар бойынша талап қоюшылар Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексінің 616-бабының 15) тармақшасына сәйкес сотқа талап қою кезінде мемлекеттік баж төлеуден босатылады.
ӘРПК-нің 122-бабының 1-бөлігіне сәйкес сот шығыстарын бөлу мәселелері АІЖК қағидалары бойынша қаралады.
АІЖК-нің 117-бабының 1-бөлігіне сәйкес талап қоюшы төлеуден босатылған мемлекеттік баж, сондай-ақ іс жүргізуге байланысты шығындар сот шығыстарын төлеуден босатылмаған жауапкерден мемлекеттің кірісіне талаптың қанағаттандырылған бөлігіне толықтай немесе пропорционалды түрде өндіріп алынады.
Талап қанағаттандырылған жағдайда мемлекеттік баж жергілікті бюджет кірісіне талаптың қанағаттандырылған бөлігіне сәйкес сот орындаушысынан өндіріп алынуға жатады.
Мемлекеттік баж мөлшерлемесі Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексінің 610-бабы 1-тармағының 8) тармақшасының талаптарына сәйкес есептеледі (0,5 АЕК).
Қазақстан Республикасы Конституциясының 76-бабының 3-тармағына сәйкес заңды күшіне енген сот актілері барлық мемлекеттік органдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, заңды тұлғалар, лауазымды адамдар мен азаматтар үшін міндетті болып табылады және Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында орындалуға жатады.
Атқарушылық іс жүргізудің мақсаты – бұзылған немесе даулы құқықтарды не заңмен қорғалатын мүдделерді нақты қалпына келтіруді қамтамасыз ету.
Сот орындаушысының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым жасау атқарушылық іс жүргізудегі сот бақылауының нысаны болып табылады, оның мақсаты – атқарушылық іс жүргізу тараптарының құқықтары мен мүдделерін қорғау.
Атқарушылық іс жүргізу мәселелерін реттейтін негізгі нормативтік құқықтық актілер:
- Қазақстан Республикасының Конституциясы;
- ӘРПК;
- АК;
- АПК;
- Атқарушылық іс жүргізу туралы заң;
- Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы» Заңы;
- Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2017 жылғы 31 наурыздағы №1 «Соттардың атқарушылық іс жүргізу туралы заңнаманың кейбір нормаларын қолдануы туралы» нормативтік қаулысы;
- Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2003 жылғы 19 желтоқсандағы №12 «Сот актілерін орындамағаны үшін жауаптылық туралы» нормативтік қаулысы;
- Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы №100 бұйрығымен бекітілген Қағидалар;
- Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 4 мамырдағы №437 «Жеке сот орындаушысының қызметіне ақы төлеу мөлшерлерін бекіту туралы» қаулысы.
Қолданылған қысқартулар:
- ӘРПК – Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі;
- АПК – Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексі;
- АК – Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі;
- «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы – Атқарушылық іс жүргізу туралы заң;
- ҚР ЖС НҚ – Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулысы;
- Қағидалар – тыйым салынған мүлікті, оның ішінде электрондық аукцион нысанындағы сауда-саттықта өткізу қағидалары;
- АИАЖ – Қазақстан Республикасы сот органдарының «Төрелік» автоматтандырылған ақпараттық-талдау жүйесі;
- ҚР ЖС ӘІЖК – Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы;
- ӘІЖК немесе алқа – әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы;
- МАӘС – мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сот;
- ӘД – Әділет департаменті (-тері);
- МСО – мемлекеттік сот орындаушысы (-лары);
- ЖСО – жеке сот орындаушысы (-лары).
Назар аударыңыз!
«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкіндігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды. Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.
Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.
Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы