51-2-бап. Соттарда мемлекеттік баж төлеу бойынша кейінге қалдыруды беру тәртібі мен шарттары Қазақстан Республикасының Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) кодексі
2026 жыл 1 қаңтардан бастап "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) күші жойылды деп танылсын, 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ Салық кодексінің қолданысқа енгізілуіне байланысты.
1. Мемлекеттік баж төлеу бойынша мерзімдерді өзгерту сот мемлекеттік баж төлеу бойынша кейінге қалдыру туралы ұйғарым шығарған кезде мемлекеттік баж төлеу бойынша кейінге қалдыру нысанында жүзеге асырылады.
2. Соттарда мемлекеттік баж төлеу бойынша кейінге қалдыру жеке тұлғаның мүліктік жағдайы немесе ірі кәсіпкерлік субъектісін қоспағанда, заңды тұлғаның қаржылық жағдайы негізге алына отырып, мемлекеттік баж төлеу мерзімінің өзгеруін білдіреді.
3. Кейінге қалдыру осы бапта көзделген негіздер болған кезде сот мемлекеттік баж төлеу бойынша кейінге қалдыру туралы ұйғарым шығарған күннен бастап бір жылдан аспайтын мерзімге беріледі.
Бұл ретте жеке немесе заңды тұлғаның мемлекеттік баж сомасын кейінге қалдыру мерзімі аяқталғанға дейін ішінара және (немесе) мерзімінен бұрын төлеуге құқығы бар.
4. Кейінге қалдыру мүліктік жағдайы негізге алына отырып, жеке тұлғаға немесе ірі кәсіпкерлік субъектісін қоспағанда, қаржылық жағдайы негізге алына отырып, заңды тұлғаға осындай жағдайы талап қоюды беру кезінде мемлекеттік баж төлеуге мүмкіндік бермейтін болса, алайда оны төлеу мүмкіндігі мынадай негіздердің бірі:
1) дүлей зілзаланың, технологиялық апаттың салдарынан нұқсан келтіру;
2) жеке тұлғаға жалақыны уақтылы төлемеу;
3) жұмыссыз адам ретінде есепке қою;
4) жеке тұлғаның ауыр сырқатының болуы және үш айдан артық емдеуде болуы;
5) заңды тұлғаға берілген тауар, орындалған жұмыстар, ол көрсеткен қызметтер үшін ақша төлемеу;
6) заңды тұлғаның тауарларды, жұмыстарды немесе көрсетілетін қызметтерді өндірудің және (немесе) өткізудің маусымдық сипаты;
7) атаулы әлеуметтік көмек беру болған кезде кейінге қалдыру берілетін мерзім ішінде туындайды деп пайымдауға жеткілікті негіздер болғанда берілуі мүмкін.
5. Соттар мемлекеттік баж төлеу бойынша кейінге қалдыру туралы ұйғарым шығарылғаннан кейін істерді қарау орны бойынша салық органдарына мемлекеттік баж төлеу бойынша кейінге қалдыру туралы ұйғарымның көшірмесін жібереді.
Қазақстан Республикасының Кодексі 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ.
Осы Кодекс салық салудың негіз құраушы қағидаттарын белгілейді, салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді белгілеу, енгізу, өзгерту, олардың күшін жою, есептеу мен төлеу тәртібі жөніндегі билік қатынастарын, сондай-ақ салықтық міндеттемені орындауға байланысты қатынастарды реттейді.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы