Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Кодекстер / 665-бап. Қазақстан Республикасының Конституциялық Сотындағы және соттардағы мемлекеттiк баж мөлшерлемелері Қазақстан Республикасының Салық кодексі

665-бап. Қазақстан Республикасының Конституциялық Сотындағы және соттардағы мемлекеттiк баж мөлшерлемелері Қазақстан Республикасының Салық кодексі

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

665-бап. Қазақстан Республикасының Конституциялық Сотындағы және соттардағы мемлекеттiк баж мөлшерлемелері Қазақстан Республикасының Салық кодексі 

     1. Сотқа берiлетiн әкімшілік талап қоюлардан, талап қоюлардан, ерекше талап қою ісін жүргізу арыздарынан, ерекше іс жүргізу iстері бойынша арыздардан (шағымдардан), сот бұйрығын шығару туралы арыздардан, атқару парағының телнұсқасын беру туралы арыздардан, төреліктің және шетелдік соттардың шешiмдерiн мәжбүрлеп орындатуға атқару парақтарын беру туралы арыздардан, сот актілерінің, атқару парақтарының және өзге де құжаттардың көшiрмелерiн қайтадан беру туралы арыздардан мемлекеттiк баж мынадай мөлшерлерде алынады: 

     1) егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе, мүліктік сипаттағы талап қоюлардан: 

     жеке тұлғалар үшiн – талап қою сомасының 1 пайызы, бірақ 10 000 АЕК-тен аспайтын мөлшер; 

     заңды тұлғалар үшiн – талап қою сомасының 3 пайызы, бірақ 20 000 АЕК-тен аспайтын мөлшер; 

     2) мемлекеттiк органдар мен олардың лауазымды адамдарының жеке тұлғалардың құқықтарына нұқсан келтіретін құқыққа сыйымсыз әрекетiне (әрекетсіздігіне) және шешімдеріне шағымдардан – 0,3 АЕК; 

     3) мемлекеттiк органдар мен олардың лауазымды адамдарының заңды тұлғалардың құқықтарына нұқсан келтіретін құқыққа сыйымсыз әрекетiне (әрекетсіздігіне) және шешімдеріне шағымдардан – 5 АЕК; 

     4) тексеру актiлерi бойынша хабарламаларға дау айту туралы әкімшілік талап қоюлардан: 

     дара кәсiпкерлер мен шаруа немесе фермер қожалықтары үшiн – хабарламада көрсетiлген салықтардың, кедендік төлемдердің және бюджетке төленетiн төлемдердің (өсiмпұлды қоса алғанда) даулы сомасының 0,1 пайызы, бірақ 500 АЕК-тен аспайтын мөлшер; 

     заңды тұлғалар үшiн – хабарламада көрсетiлген салықтардың, кедендік төлемдердің және бюджетке төленетiн төлемдердің (өсiмпұлды қоса алғанда) даулы сомасының 1 пайызы, бірақ 20 мың АЕК-тен аспайтын мөлшер; 

     5) некенi бұзу туралы талап қоюлардан – 0,3 АЕК. 

     Неке бұзылған кезде мүлiк бөлінген жағдайларда баж осы тармақтың 1) тармақшасына сәйкес талап қою бағасынан айқындалады; 

     6) белгiленген тәртіппен хабарсыз кеткен деп немесе психикалық ауруы немесе ақыл-есiнiң кемдiгi салдарынан әрекетке қабiлетсiз деп танылған адамдармен не үш жылдан астам мерзiмге бас бостандығынан айыруға сотталған адамдармен некені бұзу кезiнде мүлiктi бөлу туралы талап қоюлардан – осы баптың 1) тармақшасына сәйкес; 

     7) тұрғынжайды жалдау шартын өзгерту немесе бұзу туралы, мұраны қабылдау мерзiмiн ұзарту туралы, мүлiктi тыйым салудан босату туралы талап қоюлардан және мүлiктiк емес сипаттағы немесе бағалауға жатпайтын басқа да талап қоюлардан – 0,5 АЕК; 

     8) осы тармақтың 2), 3), 4) және 13) тармақшаларында көрсетілгендерді қоспағанда, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің шеңберінде ерекше талап қою ісін жүргізу арыздарынан, ерекше іс жүргізу істері бойынша арыздардан (шағымдардан), әкімшілік талап қоюлардан – 0,5 АЕК; 

     9) төрелік шешiмдерінiң күшін жою туралы өтінішхаттардан – Қазақстан Республикасының сотына мүліктік емес сипаттағы талап қоюлар берілген кезде алынатын мемлекеттік баж мөлшерінің 50 пайызы, ал мүліктік сипаттағы даулар бойынша – Қазақстан Республикасының сотына мүліктік сипаттағы талап қою берілген кезде алынатын және арыз беруші даулап отырған соманы негізге ала отырып есептелген мемлекеттік баж мөлшерінің 50 пайызы; 

     10) сот бұйрығын шығару туралы арыздардан – осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетiлген мемлекеттiк баж мөлшерлемелерінің 50 пайызы; 

     11) атқару парағының телнұсқасын беру туралы арыздардан, төреліктің және шетелдік соттардың шешiмдерiн мәжбүрлеп орындатуға арналған атқару парақтарын беру туралы арыздардан – 5 АЕК; 

     12) сот шешiмдерiнің, үкiмдерiнің, ұйғарымдарының, соттардың өзге де қаулыларының көшiрмелерiн (телнұсқаларын), сондай-ақ iске қатысатын тараптар мен басқа да тұлғалардың өтiнiшi бойынша соттар беретін істің басқа да құжаттарының көшiрмелерiн қайтадан беру туралы арыздардан – әрбiр құжат үшiн 0,1 АЕК, сондай-ақ әрбiр дайындалған бет үшiн 0,03 АЕК; 

     13) заңды тұлғаларды банкрот деп тану, оңалту рәсімін қолдану туралы арыздардан – 0,5 АЕК; 

     14) төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімін немесе сот арқылы банкроттық рәсімін қолдану туралы арыздардан – 0,3 АЕК; 

     15) жеке тұлғалардың абыройды, қадір-қасиетті және іскерлік беделді түсіретін мәліметтерді таратудан келтірілген моральдық зиянды ақшалай мәнде өтеуді өндіріп алу туралы талап қоюларынан – талап қою сомасының 1 пайызы; 

     16) заңды тұлғалардың іскерлік беделді түсіретін мәліметтерді таратудан келтірілген залалдарды өндіріп алу туралы талап қоюларынан – талап қою сомасының 3 пайызы. 

     2. Қазақстан Республикасының Конституциялық Сотына берілетін азаматтардың жолданымдарынан мемлекеттік баж нөлдік мөлшерлеме мөлшерінде алынады. 

     3. Төрелік шешімдерінің күшін жою және төреліктің және шетелдік соттардың шешімдерін мәжбүрлеп орындатуға атқару парақтарын беру мәселелері жөніндегі ұйғарымдарға, соттардың мүліктік емес және мүліктік сипаттағы даулар бойынша шешімдері мен қаулыларына сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарау туралы кассациялық шағымдардан мемлекеттік баж жолданым субъектісі үшін осы баптың 1-тармағында белгіленген мемлекеттік баждың тиісті мөлшерлемесінің 50 пайызы мөлшерінде алынады. 

     4. Бір мезгілде мүлiктiк және мүлiктiк емес сипаттағы талаптарды қамтитын талап қоюлар үшiн мүлiктiк сипаттағы талап қоюларға және мүлiктiк емес сипаттағы талап қоюларға белгiленген мемлекеттiк баж бiр мезгiлде алынады.  

 

Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 18 шiлдедегi № 214-VIII ҚРЗ Кодексі 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы 

______________________________ 

 

2026 жыл 1 қаңтардан бастап "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) күші жойылды деп танылсын,  2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ Салық кодексінің қолданысқа енгізілуіне байланысты. 

665-бап. Шығыстарды шегерімге тікелей (тура) жатқызу әдісі Қазақстан Республикасының Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) кодексі   

      1. Бейрезидент-заңды тұлға бас кеңсенің және Қазақстан Республикасындағы және басқа елдердегі тұрақты мекемелердің кірістері мен шығыстарын (басқару және жалпы әкімшілік шығыстарды қоса алғанда) бөлек есепке алуды жүргізген жағдайда бейрезидент-заңды тұлғаның бөлінетін шығыстарын шегерімге тікелей (тура) жатқызу әдісі пайдаланылады.  

      2. Егер бейрезидент-заңды тұлғаның бөлінетін шығыстары растайтын құжаттар негізінде айқындалатын болса және тұрақты мекеме арқылы Қазақстан Республикасындағы қызметтен кіріс алу мақсатында тікелей жұмсалса, Қазақстан Республикасындағы тұрақты мекеме оларды осы бапқа сәйкес шегерімге жатқызады. 

      3. Мыналар: 

      1) бейрезидент-заңды тұлғаның тұрақты мекеме арқылы Қазақстан Республикасындағы қызметтен кіріс алу мақсатында Қазақстан Республикасының аумағында жұмсаған бөлінетін шығыстарын растайтын бастапқы есепке алу құжаттары; 

      2) бейрезидент-заңды тұлғаның тұрақты мекеме арқылы Қазақстан Республикасындағы қызметтен кіріс алу мақсатында Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде жұмсаған бөлінетін шығыстарын растайтын бастапқы есепке алу құжаттарының көшірмелері; 

      3) бейрезидент-заңды тұлғаның тұрақты мекеме арқылы Қазақстан Республикасындағы қызметтен кіріс алу мақсатында Қазақстан Республикасында да, Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде де жұмсаған бөлінетін шығыстарын есепке алу бойынша осы шығыстарды растайтын бастапқы есепке алу құжаттарының негізінде жасалған салықтық тіркелімдер растайтын құжаттар болып табылады. 

      Салықтық тіркелімнің нысаны, оны толтыру тәртібі Қазақстан Республикасында қызметті тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезидент-заңды тұлғаның салықтық есепке алу саясатында бекітіледі; 

      4) бейрезидент-заңды тұлғаның өзі құрылған және (немесе) осындай заңды тұлға резиденті болып табылатын мемлекет заңнамасының талаптарына сәйкес жасалған және осындай бейрезидент-заңды тұлға басшысының қолтаңбасымен және мөрімен (ол болған кезде) куәландырылған, сондай-ақ басшының қолтаңбасымен куәландырылған қаржылық есептілігінің көшірмесі растау құжаттары болып табылады. 

      Бұл ретте осы тармақшада көрсетілген қаржылық есептілікте бейрезидент-заңды тұлғаның басқару және жалпы әкімшілік шығыстарының жалпы сомасы жеке жолмен бөлек көрсетілуге тиіс; 

      5) бейрезидент-заңды тұлғаның қаржылық есептілігінің аудиті бойынша аудиторлық есептің көшірмесі (осындай қаржылық есептіліктің аудиті жүзеге асырылған кезде) растау құжаттары болып табылады. 

 

Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)  Кедендік реттеу туралы Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы Әкімшілік рәсімдік-процестік Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы Экология Әлеуметтік кодекс Азаматтық Қылмыстық-процестік Қылмыстық Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарий) Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қазақстан Республикасы  

Өз бетінше салынған құрлысқа меншік құқығын тану кезінде заңды тұлғаның мемлекеттік бажын төлеуі туралы

Өз бетінше салынған құрлысқа меншік құқығын тану кезінде заңды тұлғаның мемлекеттік бажын төлеуі туралыӨз бетiмен салынған құрылысқа құқықты тану туралы талап қою тәртiбiмен қ...

Толық оқу »

Әр түрлі мемлекеттердің шаруашылық жүргізуші субъектілері арасындағы шаруашылық дауларды қарау кезіндегі мемлекеттік баждың мөлшері мен оны өндіріп алу тәртібі туралы келісімге Хаттаманы бекіту туралы

Әр түрлі мемлекеттердің шаруашылық жүргізуші субъектілері арасындағы шаруашылық дауларды қарау кезіндегі мемлекеттік баждың мөлшері мен оны өндіріп алу тәртібі туралы келісімг...

Толық оқу »

Мемлекеттік бажды төлеуден босатылған талапкерлердің талаптары үшін заңды тұлғалардан мемлекеттік бажды өндіріп алу тәртібі

Мемлекеттік бажды төлеуден босатылған талапкерлердің талаптары үшін заңды тұлғалардан мемлекеттік бажды өндіріп алу тәртібіАІЖК-нің 106-бабының 1-бөлігіне сәйкес талапкерді со...

Толық оқу »

671-бап. Өзге де әрекеттер жасаған кезде мемлекеттiк баж төлеуден босату Қазақстан Республикасының Салық кодексі

671-бап. Өзге де әрекеттер жасаған кезде мемлекеттiк баж төлеуден босату Қазақстан Республикасының Салық кодексі     Мемлекеттік баж төлеуден мыналар босатылады:     1) азамат...

Толық оқу »

Талап қою талаптарының мөлшері ұлғайған кезде істі ұлғайтылған талаптар бөлігінде қарау талап қоюшы сот белгілеген мерзімде мемлекеттік баж төлеудің дәлелдемелерін ұсынғаннан кейін жалғасады.

Талап қою талаптарының мөлшері ұлғайған кезде істі ұлғайтылған талаптар бөлігінде қарау талап қоюшы сот белгілеген мерзімде мемлекеттік баж төлеудің дәлелдемелерін ұсынғаннан...

Толық оқу »

669-бап. Қазақстан Республикасының азаматтығын алу туралы құжаттарды ресімдеген кезде мемлекеттік баж төлеуден босату Қазақстан Республикасының Салық кодексі

669-бап. Қазақстан Республикасының азаматтығын алу туралы құжаттарды ресімдеген кезде мемлекеттік баж төлеуден босату Қазақстан Республикасының Салық кодексі     1. Мемлекетті...

Толық оқу »

Төленген мемлекеттік бажды қайтару туралы Мемлекеттік кірістер басқармасына өтініш

Төленген мемлекеттік бажды қайтару туралы Мемлекеттік кірістер басқармасына өтінішМемлекеттік кірістер басқармасынаДепартаменттің Сарыарқа ауданынаАстана қаласының мемлекеттік...

Толық оқу »

51-2-бап. Соттарда мемлекеттік баж төлеу бойынша кейінге қалдыруды беру тәртібі мен шарттары Қазақстан Республикасының Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) кодексі

51-2-бап. Соттарда мемлекеттік баж төлеу бойынша кейінге қалдыруды беру тәртібі мен шарттары Қазақстан Республикасының Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер...

Толық оқу »

667-бап. Нотариаттық және өзге де әрекеттер жасағаны үшін мемлекеттік баж мөлшерлемелері. Нотариаттық әрекеттер жасау кезінде мемлекеттік баж төлеуден босату Қазақстан Республикасының Салық кодексі

667-бап. Нотариаттық және өзге де әрекеттер жасағаны үшін мемлекеттік баж мөлшерлемелері. Нотариаттық әрекеттер жасау кезінде мемлекеттік баж төлеуден босату Қазақстан Республ...

Толық оқу »

668-бап. Қазақстан Республикасының Конституциялық сотында және соттарда мемлекеттік баж төлеуден босату Қазақстан Республикасының Салық кодексі

668-бап. Қазақстан Республикасының Конституциялық сотында және соттарда мемлекеттік баж төлеуден босату Қазақстан Республикасының Салық кодексі     Соттарда мыналар мемлекетті...

Толық оқу »

666-бап. Қазақстан Республикасының визаларын берген, Қазақстан Республикасынан тұрақты тұрғылықты жерге кетуге құжаттарды ресімдеген, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасына келуіне шақыруларды ресімдеген және келіскен, Қазақстан Республикасының азаматтығын алған, Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтiрген немесе Қазақстан Республикасының азаматтығынан шыққан, Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат берген кездегi мемлекеттiк баж мөлшерлемелері Қазақстан Республикасының Салық кодексі

666-бап. Қазақстан Республикасының визаларын берген, Қазақстан Республикасынан тұрақты тұрғылықты жерге кетуге құжаттарды ресімдеген, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың...

Толық оқу »

106-бап. Мемлекеттік баж төлеуден босату. Мемлекеттік баж төлеуді кейінге қалдыру Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің

106-бап. Мемлекеттік баж төлеуден босату. Мемлекеттік баж төлеуді кейінге қалдыру Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің1. Талап қоюшыны сотқа берілетін тала...

Толық оқу »

135-бап. Мемлекеттік баж төлеу бойынша кейінге қалдыру Қазақстан Республикасының Салық кодексі

135-бап. Мемлекеттік баж төлеу бойынша кейінге қалдыру Қазақстан Республикасының Салық кодексі     1. Мемлекеттік баж төлеу бойынша кейінге қалдыру жеке тұлғаның мүліктік жағд...

Толық оқу »

105-бапқа түсініктемелер. Қазақстан Республикасы Азаматтық іс жүргізу кодексінің мемлекеттік бажын қосымша төлеу

105-бапқа түсініктемелер. Қазақстан Республикасы Азаматтық іс жүргізу кодексінің мемлекеттік бажын қосымша төлеу1. Талап қою бағасын айқындау қиын болған кезде оны ұсынған сәт...

Толық оқу »

670-бап. Қазақстан Республикасының визаларын беру бойынша қабылдаушы тұлғалардың шақыруларын келіскен кезде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының визаларын берген, қалпына келтірген немесе ұзартқан кезде мемлекеттiк баж төлеуден босату Қазақстан Республикасының Салық кодексі

670-бап. Қазақстан Республикасының визаларын беру бойынша қабылдаушы тұлғалардың шақыруларын келіскен кезде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының визаларын берген, қалпына келт...

Толық оқу »

107-бап. Мемлекеттік бажды қайтару Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің

107-бап. Мемлекеттік бажды қайтару Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің Мемлекеттік бажды қайтару тәртібі "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті...

Толық оқу »

Микрокредит бойынша МҚҰ МҚҰ шартын жарамсыз деп тану, мемлекеттік бажды және өкілдік шығыстарды төлеу бойынша шығыстар сомасын өндіріп алу

Микрокредит бойынша МҚҰ МҚҰ шартын жарамсыз деп тану, мемлекеттік бажды және өкілдік шығыстарды төлеу бойынша шығыстар сомасын өндіріп алу"Sofi Finance "микроқаржы ұйымы" ЖШС...

Толық оқу »

105-бап. Мемлекеттік бажды қосымша төлеу Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің

105-бап. Мемлекеттік бажды қосымша төлеу Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің 1. Талап қою берілген кезде оның бағасын анықтау қиын болған жағдайда судья м...

Толық оқу »

Талап қою талаптарының мөлшерін ұлғайту істі ұлғайтылған талаптар бөлігінде қарау талап қоюшы сот белгілеген мерзімде мемлекеттік баж төленгені туралы дәлелдемені ұсынғаннан кейін жалғасады

Талап қою талаптарының мөлшерін ұлғайту істі ұлғайтылған талаптар бөлігінде қарау талап қоюшы сот белгілеген мерзімде мемлекеттік баж төленгені туралы дәлелдемені ұсынғаннан к...

Толық оқу »

Мемлекеттік бажды және өзге де сот шығыстарын төлеу жөніндегі шығыстарды өндіріп алу талаптарынан бас тарту

Мемлекеттік бажды және өзге де сот шығыстарын төлеу жөніндегі шығыстарды өндіріп алу талаптарынан бас тартуНазар аударыңыз! Заң және құқық адвокаттар кеңсесі сіздің назарыңызд...

Толық оқу »

1993 жылғы 24 желтоқсандағы Әртүрлі мемлекеттердің шаруашылық жүргізуші субъектілері арасындағы шаруашылық дауларды қарау кезіндегі мемлекеттік баждың мөлшері мен оны өндіріп алу тәртібі туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы

1993 жылғы 24 желтоқсандағы Әртүрлі мемлекеттердің шаруашылық жүргізуші субъектілері арасындағы шаруашылық дауларды қарау кезіндегі мемлекеттік баждың мөлшері мен оны өндіріп...

Толық оқу »

Өз бетінше салынған құрлысқа меншік құқығын тану кезінде жеке тұлғаның мемлекеттік баж төлеуі туралы

Өз бетінше салынған құрлысқа меншік құқығын тану кезінде жеке тұлғаның мемлекеттік баж төлеуі туралыӨз бетiмен салынған құрылысқа құқықты тану туралы талап қою тәртiбiмен қара...

Толық оқу »

Егер олардың біреуі оны төлеуден босатылған болса, бірнеше адам сотқа жүгінген кезде мемлекеттік бажды төлеу

Егер олардың біреуі оны төлеуден босатылған болса, бірнеше адам сотқа жүгінген кезде мемлекеттік бажды төлеуСалық заңнамасының талаптарына сәйкес мемлекеттік бажды төлеуші төл...

Толық оқу »

Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы даулар бойынша мемлекеттік баж төлеу

Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы даулар бойынша мемлекеттік баж төлеуСотта қарау үшін тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктері, қауымдастықтар (одақтар) тұтынушылардың мүд...

Толық оқу »

Қызметкердің еңбек міндеттерін орындау кезінде келтірген залал сомасын және мемлекеттік бажды төлеу жөніндегі шығыстарды өндіріп алу жөніндегі адвокат бірінші сатыдағы сот іс үшін маңызы бар мән-жайлар шеңберін дұрыс айқындамаған, іс бойынша белгіленген мән-жайларға сәйкес келмейтін қорытындыларға жол берген

Қызметкердің еңбек міндеттерін орындау кезінде келтірген залал сомасын және мемлекеттік бажды төлеу жөніндегі шығыстарды өндіріп алу жөніндегі адвокат бірінші сатыдағы сот іс...

Толық оқу »

106-бапқа түсініктемелер. Мемлекеттік баж төлеуден босату. Қазақстан Республикасы Азаматтық іс жүргізу кодексінің мемлекеттік бажын төлеуді кейінге қалдыру

106-бапқа түсініктемелер. Мемлекеттік баж төлеуден босату. Қазақстан Республикасы Азаматтық іс жүргізу кодексінің мемлекеттік бажын төлеуді кейінге қалдыру1. Талапкерді сотқа...

Толық оқу »