Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Жарияланымдар / Өз бетінше салынған құрлысқа меншік құқығын тану кезінде заңды тұлғаның мемлекеттік бажын төлеуі туралы

Өз бетінше салынған құрлысқа меншік құқығын тану кезінде заңды тұлғаның мемлекеттік бажын төлеуі туралы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

Өз бетінше салынған құрлысқа меншік құқығын тану кезінде заңды тұлғаның мемлекеттік бажын төлеуі туралы

Өз бетiмен салынған құрылысқа құқықты тану туралы талап қою тәртiбiмен қаралады, өйткенi мүдделi тұлға құқық туралы дауды шешу 7 жолымен бұзылған немесе даулы құқықты немесе заңды мүдденi қорғау туралы талаппен жүгiнедi.

«Тұрғын үйге меншік құқығын қорғауға байланысты дауларды шешудің кейбір мәселелері туралы» нормативтік қаулының 11-тармағында осы мәселе бойынша толық түсіндірмелер берілген.

Осылайша, өз бетімен құрылыс салу құқығын тану туралы талап қоюларды соттар барлық жағдайларда талап қою өндірісінде ұсынады және қарайды.

Заңды тұлға өз бетімен салынған құрылысқа меншік құқығын тану туралы талап қою берген кезде мүлік құнының 3%-ы мөлшерінде мемлекеттік баж төлеуі тиіс. Мүліктің нарықтық құны талап қоюмен сотқа жүгінген сәтте айқындалады.

Мәселен, «Д» ЖШС Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданында орналасқан өз бетімен салынған құрылыс - газ толтыру станциясына меншік құқығын тану туралы сотқа талап қоюмен жүгінді.

Мемлекеттік баж 273 741,36 теңге сомасында төленген. Іс материалдарында мүліктің құнын бағалау туралы 2020 жылғы 20 желтоқсандағы № 01/11/12 есеп бар, оған сәйкес жер учаскесі бар газ толтыру станциясының құны 27 374 136 теңгені құрайды (жер учаскесінің құны 90 000 теңге, серіктестіктің меншігінде).

Осылайша, талап қоюшы мемлекеттік бажды мүлік құнының 3% орнына 1% мӛлшерінде төлеген.

Бұдан басқа, сот АПК-нің 104-бабы 1-бөлігінің 11) тармақшасын бұза отырып, бағалау туралы 2020 жылғы 20 желтоқсандағы есептің 2021 жылғы 27 қазанда сотқа шағым берген кездегі мүліктің нарықтық құнын растамайтынын назарға алған жоқ.

Мемлекеттік баж

Салық кодексінің 607-бабына сәйкес мемлекеттiк баж уәкiлетті мемлекеттiк органдардың немесе лауазымды адамдардың заңдық мәнi бар, оның ішінде құжаттарды (олардың кӛшірмелерін, телнұсқаларын) берумен байланысты әрекеттер жасағаны үшiн алынатын, бюджетке тӛленетін төлем болып табылады.

АПК-нің 149-бабына сәйкес талап қоюға мемлекеттік баждың тӛленгенін растайтын құжат қоса беріледі.

АПК-нің 104-бабы 1-бөлігінің 11) тармақшасында талап қою бағасы жылжымайтын мүлік объектілеріне меншік құқығы туралы талап қоюларда – осындай объектілердің талап қою берілген күні орналасқан жерлеріндегі нарықтық құнымен айқындалады деп көзделген.

Өз бетiмен салынған құрылыстарға меншiк құқығы туралы азаматтық-құқықтық даулар тиiсiнше бағалануға тиіс мүлiктiк сипаттағы талап қоюларға жатады.

Даулы объект материалдық объект болып табылады және ақшалай мәнде құны болады, демек оның бағасы нарықтық құны бойынша айқындалады.

Салық кодексінің 610-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе, жеке тұлғалар үшiн – талап қою сомасының 1 пайызы, 10 000 АЕК-тен аспайтын мөлшер; заңды тұлғалар үшiн – талап қою сомасының 3 пайызы, 20 000 АЕК-тен аспайтын мөлшер алынады.

Өз бетімен салынған құрылысқа меншік құқығын тану туралы талап қойылған кезде мемлекеттік баж өтінішке оның нарықтық құны туралы құжаттарды (бағалау туралы есеп, жылжымайтын мүліктің нарықтық құны туралы ақпараттық анықтамалар) қоса бере отырып, мүліктің құнын негізге ала отырып төленуге тиіс.

АПК-нiң 109-бабының бірінші бөлiгiнiң сот шығыстарын шешiм пайдасына шығарылған тарапқа бөлу туралы қағидалары жергiлiктi атқарушы органға өз бетiмен салынған құрылысқа меншiк құқығын тану туралы мәлiмделген талап қоюлар бойынша iстер санатына қолданылмайды және соттар жергiлiктi атқарушы органдардан талап қоюшының пайдасына мемлекеттiк баж төлеу жөнiндегi шығыстар өндiрілмеуі тиiс.

Осындай істер бойынша жауапкер талап қоюшының материалдық құқықтарын бұзбайтын болса да, талап қоюшы өз құқықтарын сотта қорғауды таңдаған ұстанымға сүйену керек.

Бұған дейін Жоғарғы Сот осы мәселе бойынша, оның ішінде «Қазақстан Республикасы соттарының азаматтық істер бойынша сот шығыстары туралы заңнаманы қолдануы туралы» нормативтік қаулыда түсіндірме берген.

Аталған түсіндірмелер өңірлердің қорытуларында көрініс тапқан, бұл олардың сот практикасында кеңінен қолданылғанын және соттарда бұл мәселеде қиындықтар жоқтығын айғақтайды.

Сонымен қатар соттар талап қоюды іс жүргізуге қабылдаған және жылжымайтын мүлік объектісінің нарықтық құнын бағалаусыз істерді қараған не жылжымайтын мүлікті бағалау туралы есептің титулдық парағы ғана болған жағдайда, бұл ретте оның тәсілдері мен әдістерін, сипаттамасын, техникалық және конструктивтік сипаттамаларын және зерттеу объектісі туралы басқа да мәліметтерді қамтитын зерттеу бөлігі іс материалдарында болмаған жағдайлар орын алады.

Салынған объектінің нарықтық құнын растайтын құжаттың болмауы талап қою кезінде төленуге тиіс мемлекеттік баж мөлшерін айқындауға кедергі келтіреді. 

Іске қатысатын адамдар тобы

Өз бетiмен салынған құрылысқа меншiк құқығын тану туралы талап қоюларды соттар талап қою iсiн жүргiзу тәртiбiмен қарайды және жергiлiктi атқарушы органға бередi.

Мұндай iстер бойынша жергiлiктi атқарушы органды басқаратын тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң әкiмдерi жауапкер болуға тиiс. Даудың санатына қарай мұндай талап қоюлар жер учаскесiнiң меншiк иесiне немесе құрылыс салушыға (өз бетiмен құрылыс салған адамға) қойылуы мүмкiн.

Егер өз бетімен салынған құрылысты мердігерлік ұйымдар салса, тапсырмасы бойынша өз бетімен салынған құрылысты жүзеге асырған тұлға ретінде тапсырыс беруші жауапкер болып табылатынын соттардың ескергені жөн.

Әрбір нақты жағдайда істі дұрыс шешу үшін қатысуы қажет үшінші тұлғалардың құрамын сот талап қоюшының талап қоюларының, жауапкердің қарсылықтарының мазмұнын және қолданылуға жататын заңдардың мәні мен негіздерін айқындайды.

Iс бойынша қабылданған шешiм осы адамдардың құқықтары мен мiндеттерiнiң кӛлемiне әсер етуi мүмкiн екенiн ескеру қажет.

Тиісті емес жауапкерді ауыстыруға талап қоюшының өзінің, процеске кез келген басқа қатысушының өтініші бойынша не соттың бастамасы бойынша жол беріледі, алайда мұндай ауыстыруға талап қоюшының келісімі болғанда ғана жол беріледі.

«Тұрғын үйге меншік құқығын қорғауға байланысты дауларды шешудің кейбір мәселелері туралы» нормативтік қаулының 11-тармағында өз бетімен салынған тұрғын үйге меншік құқығын тану туралы талап қою жергілікті атқарушы органға берілетіні түсіндірілді.

Талап қоюшылар негізінен жауапкерді дұрыс көрсеткен, сонымен бірге талап қоюшының өз бетімен құрылыс салу құқығын тану туралы талап қоюлары тиісті емес жауапкерге қойылса, талап қою орын алады.

АПК-нiң 50-бабында талап қою тиiстi емес жауапкерге берiлген жағдайда сот iстi сот талқылауына дайындау тәртiбiмен талап қоюшыға оның тиiстi емес жауапкердi тиiстi жауапкерге ауыстыру туралы арыз беру құқығын түсiндiредi.

Тиісті емес жауапкерді ауыстыруға талап қоюшының өзінің, процеске кез келген басқа қатысушының өтініші бойынша не соттың бастамасы бойынша жол беріледі, алайда мұндай ауыстыруға талап қоюшының келісімі болғанда ғана жол беріледі. 

Соттылық

АПК-нiң 31-бабының бірінші бөлiгiне сәйкес жер учаскелеріне, ғимараттарға, үй-жайларға, құрылыстарға, жермен тығыз байланысты басқа да объектілерге (жылжымайтын мүлік) құқықтар туралы талап қоюлар осы объектілердің орналасқан жері бойынша беріледі.

Яғни өз бетімен салынған құрылысқа меншік құқығын тануға байланысты даулар даулы жылжымайтын мүлік объектісінің аумақтық орналасқан жері бойынша қаралады.

Егер істегі тараптардың бірі азамат болса, онда мұндай талап қоюларды аудандық соттар қарайды. Iстiң тараптары заңды тұлға құрмай жеке кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын жеке тұлғалар және заңды тұлғалар болып табылған жағдайларда, талап қоюларды АПК-нiң 27-бабының 1-бӛлiгiне сәйкес мамандандырылған экономикалық соттар қарайды.

Жергiлiктi соттар жүргiзген iстер мен қорытуларды зерделеу негiзiнде соттарға келiп түскен талап қоюларды соттар соттылық қағидаларын сақтай отырып қабылдағанын куәландырады.

АК-нің 244-бабының ережелерін қолдануға байланысты істердің ведомстволық бағыныстылығын айқындау кезінде соттар дауға қатысушылардың субъектілік құрамын және олардың жиынтығында құқықтық қатынастардың сипатын ескеруі қажет.

АК-нің 244-бабымен реттелетін қатынастардың объектісі болу үшін тұлғаның салған құрылысы оның өз бетімен салған құрылысы болуы тиіс.

Өз бетімен тұрғызылған тұрғын емес үй-жайға меншік құқығын тану туралы талап қоюды, сондай-ақ мұндай құрылысты бұзу туралы уәкілетті органның талап қоюын қабылдаған кезде, бірінші жағдайда дара кәсіпкер ретінде тіркелмеген жеке тұлғалар талап қоюшылар немесе екінші жағдайда жауапкерлер болып табылса, бірақ бұл ретте даулы жылжымайтын мүлік объектісі кәсіпкерлік қызмет мақсаттары үшін пайдаланылады немесе пайдаланылатын болады деген сұрақтар жиі туындайды.

Жеке тұлға дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелмеген жағдайда, оның қатысуымен дау жалпы юрисдикция сотының қарауына жатады. Талап қоюдың нысанасы кәсіпкерлік қызмет үшін пайдаланылуы мүмкін өндірістік үй-жай болып табылатыны даудың ведомстволық бағыныстылығына әсер етпейді, өйткені заң жеке тұлғалардың меншігінде кез келген мүлікті, оның ішінде тұрғын емес/өндірістік үй-жайларды иелену құқықтарын шектемейді.

Осылайша жоғарыда көрсетілген мән-жайларда меншік құқығын тану туралы  немесе осындай өз бетімен салынған құрылысты бұзу туралы талап қоюды жалпы юрисдикция сотының іс жүргізуіне қабылдаудан бас тартуға негіз жоқ. 

Нормативтік құқықтық база

Өз бетімен салынған құрылысқа құқықты тануды реттейтін және осы санаттағы істерді қарау кезінде қолдануға жататын негізгі нормативтік құқықтық актілер:

- Қазақстан Республикасының Конституциясы;

- Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі (бұдан әрі - АК);

- Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексі (бұдан әрі - АПК);

- Қазақстан Республикасының Жер кодексі (бұдан әрі - Жер кодексі);

- «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі - Сәулет туралы заң);

- «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі - Жергілікті басқару туралы заң);

- Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі (бұдан әрі - ӘҚБтК);

- «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі (Салық кодексі) (бұдан әрі - Салық кодексі);

- «Тұрғын үйге меншік құқы туралы заңдарды қолданудың кейбір мәселелері туралы» 1999 жылғы 9 шілдедегі № 10 Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулысы (бұдан әрі - «Тұрғын үйге меншік құқы туралы заңдарды қолданудың кейбір мәселелері туралы» нормативтік қаулы);

- «Тұрғын үйге меншік құқығын қорғауға байланысты дауларды шешудің кейбір мәселелері туралы» 2007 жылғы 16 шілдедегі № 5 нормативтік қаулысы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының (бұдан әрі - «Тұрғын үйге меншік құқығын қорғауға байланысты дауларды шешудің кейбір мәселелері туралы» нормативтік қаулы);

- «Соттардың жер заңнамасын қолдануының кейбір мәселелері туралы» 2007 жылғы 16 шілдедегі № 6 Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулысы (бұдан әрі - «Соттардың жер заңнамасын қолдануының кейбір мәселелері туралы» нормативтік қаулы);

- «Қазақстан Республикасы соттарының азаматтық істер бойынша сот шығыстары туралы заңнаманы қолдануы туралы» 2006 жылғы 25 желтоқсандағы № 9Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулысы (бұдан әрі - «Қазақстан Республикасы соттарының азаматтық істер бойынша сот шығыстары туралы заңнаманы қолдануы туралы» нормативтік қаулы);

- «Соттардың мұрагерлік туралы заңнаманы қолдануының кейбір мәселелері туралы» 2009 жылғы 29 маусымдағы № 5 Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулысы (бұдан әрі - «Мұрагерлік туралы заңнаманы соттардың қолдануының кейбір мәселелері туралы» нормативтік қаулы);

- Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 750 бұйрығымен бекітілген Құрылыс саласындағы құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидалары (бұдан әрі - Құрылыс салуды ұйымдастыру қағидалары) - Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы қатынастарды реттейтін ҚР ҚНжЕ болып табылады.

Дауларды қарау кезінде тиісті құқықтық қатынастар туындаған кезде қолданыстағы нормативтік құқықтық актілер қолданылуға жатады.

Назар аударыңыз!

«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкіндігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды. Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.

Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085. 

Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы

Өз бетінше салынған құрлысқа меншік құқығын тану кезінде жеке тұлғаның мемлекеттік баж төлеуі туралы

Өз бетінше салынған құрлысқа меншік құқығын тану кезінде жеке тұлғаның мемлекеттік баж төлеуі туралыӨз бетiмен салынған құрылысқа құқықты тану туралы талап қою тәртiбiмен қара...

Толық оқу »

Әр түрлі мемлекеттердің шаруашылық жүргізуші субъектілері арасындағы шаруашылық дауларды қарау кезіндегі мемлекеттік баждың мөлшері мен оны өндіріп алу тәртібі туралы келісімге Хаттаманы бекіту туралы

Әр түрлі мемлекеттердің шаруашылық жүргізуші субъектілері арасындағы шаруашылық дауларды қарау кезіндегі мемлекеттік баждың мөлшері мен оны өндіріп алу тәртібі туралы келісімг...

Толық оқу »

Мемлекеттік бажды төлеуден босатылған талапкерлердің талаптары үшін заңды тұлғалардан мемлекеттік бажды өндіріп алу тәртібі

Мемлекеттік бажды төлеуден босатылған талапкерлердің талаптары үшін заңды тұлғалардан мемлекеттік бажды өндіріп алу тәртібіАІЖК-нің 106-бабының 1-бөлігіне сәйкес талапкерді со...

Толық оқу »

671-бап. Өзге де әрекеттер жасаған кезде мемлекеттiк баж төлеуден босату Қазақстан Республикасының Салық кодексі

671-бап. Өзге де әрекеттер жасаған кезде мемлекеттiк баж төлеуден босату Қазақстан Республикасының Салық кодексі     Мемлекеттік баж төлеуден мыналар босатылады:     1) азамат...

Толық оқу »

Талап қою талаптарының мөлшері ұлғайған кезде істі ұлғайтылған талаптар бөлігінде қарау талап қоюшы сот белгілеген мерзімде мемлекеттік баж төлеудің дәлелдемелерін ұсынғаннан кейін жалғасады.

Талап қою талаптарының мөлшері ұлғайған кезде істі ұлғайтылған талаптар бөлігінде қарау талап қоюшы сот белгілеген мерзімде мемлекеттік баж төлеудің дәлелдемелерін ұсынғаннан...

Толық оқу »

669-бап. Қазақстан Республикасының азаматтығын алу туралы құжаттарды ресімдеген кезде мемлекеттік баж төлеуден босату Қазақстан Республикасының Салық кодексі

669-бап. Қазақстан Республикасының азаматтығын алу туралы құжаттарды ресімдеген кезде мемлекеттік баж төлеуден босату Қазақстан Республикасының Салық кодексі     1. Мемлекетті...

Толық оқу »

Соттардың сот бұйрығын шығару кезінде мемлекеттік баж өндіру практикасы

Соттардың сот бұйрығын шығару кезінде мемлекеттік баж өндіру практикасыКәмелетке толмаған балаларға алимент өндіру туралы сот бұйрығын шығарғанда мемлекет пайдасына өндірілеті...

Толық оқу »

Төленген мемлекеттік бажды қайтару туралы Мемлекеттік кірістер басқармасына өтініш

Төленген мемлекеттік бажды қайтару туралы Мемлекеттік кірістер басқармасына өтінішМемлекеттік кірістер басқармасынаДепартаменттің Сарыарқа ауданынаАстана қаласының мемлекеттік...

Толық оқу »

51-2-бап. Соттарда мемлекеттік баж төлеу бойынша кейінге қалдыруды беру тәртібі мен шарттары Қазақстан Республикасының Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) кодексі

51-2-бап. Соттарда мемлекеттік баж төлеу бойынша кейінге қалдыруды беру тәртібі мен шарттары Қазақстан Республикасының Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер...

Толық оқу »

667-бап. Нотариаттық және өзге де әрекеттер жасағаны үшін мемлекеттік баж мөлшерлемелері. Нотариаттық әрекеттер жасау кезінде мемлекеттік баж төлеуден босату Қазақстан Республикасының Салық кодексі

667-бап. Нотариаттық және өзге де әрекеттер жасағаны үшін мемлекеттік баж мөлшерлемелері. Нотариаттық әрекеттер жасау кезінде мемлекеттік баж төлеуден босату Қазақстан Республ...

Толық оқу »

668-бап. Қазақстан Республикасының Конституциялық сотында және соттарда мемлекеттік баж төлеуден босату Қазақстан Республикасының Салық кодексі

668-бап. Қазақстан Республикасының Конституциялық сотында және соттарда мемлекеттік баж төлеуден босату Қазақстан Республикасының Салық кодексі     Соттарда мыналар мемлекетті...

Толық оқу »

666-бап. Қазақстан Республикасының визаларын берген, Қазақстан Республикасынан тұрақты тұрғылықты жерге кетуге құжаттарды ресімдеген, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасына келуіне шақыруларды ресімдеген және келіскен, Қазақстан Республикасының азаматтығын алған, Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтiрген немесе Қазақстан Республикасының азаматтығынан шыққан, Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат берген кездегi мемлекеттiк баж мөлшерлемелері Қазақстан Республикасының Салық кодексі

666-бап. Қазақстан Республикасының визаларын берген, Қазақстан Республикасынан тұрақты тұрғылықты жерге кетуге құжаттарды ресімдеген, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың...

Толық оқу »

Талап арыз бойынша төленген мемлекеттік бажды қайтару туралы сотқа арыз

Талап арыз бойынша төленген мемлекеттік бажды қайтару туралы сотқа арызНазар аударыңыз! Заң және құқық заң компаниясы Сіздің назарыңызды осы құжаттың негізгі екендігіне және ә...

Толық оқу »

106-бап. Мемлекеттік баж төлеуден босату. Мемлекеттік баж төлеуді кейінге қалдыру Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің

106-бап. Мемлекеттік баж төлеуден босату. Мемлекеттік баж төлеуді кейінге қалдыру Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің1. Талап қоюшыны сотқа берілетін тала...

Толық оқу »

665-бап. Қазақстан Республикасының Конституциялық Сотындағы және соттардағы мемлекеттiк баж мөлшерлемелері Қазақстан Республикасының Салық кодексі

665-бап. Қазақстан Республикасының Конституциялық Сотындағы және соттардағы мемлекеттiк баж мөлшерлемелері Қазақстан Республикасының Салық кодексі     1. Сотқа берiлетiн әкімш...

Толық оқу »

135-бап. Мемлекеттік баж төлеу бойынша кейінге қалдыру Қазақстан Республикасының Салық кодексі

135-бап. Мемлекеттік баж төлеу бойынша кейінге қалдыру Қазақстан Республикасының Салық кодексі     1. Мемлекеттік баж төлеу бойынша кейінге қалдыру жеке тұлғаның мүліктік жағд...

Толық оқу »

105-бапқа түсініктемелер. Қазақстан Республикасы Азаматтық іс жүргізу кодексінің мемлекеттік бажын қосымша төлеу

105-бапқа түсініктемелер. Қазақстан Республикасы Азаматтық іс жүргізу кодексінің мемлекеттік бажын қосымша төлеу1. Талап қою бағасын айқындау қиын болған кезде оны ұсынған сәт...

Толық оқу »

670-бап. Қазақстан Республикасының визаларын беру бойынша қабылдаушы тұлғалардың шақыруларын келіскен кезде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының визаларын берген, қалпына келтірген немесе ұзартқан кезде мемлекеттiк баж төлеуден босату Қазақстан Республикасының Салық кодексі

670-бап. Қазақстан Республикасының визаларын беру бойынша қабылдаушы тұлғалардың шақыруларын келіскен кезде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының визаларын берген, қалпына келт...

Толық оқу »

107-бап. Мемлекеттік бажды қайтару Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің

107-бап. Мемлекеттік бажды қайтару Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің Мемлекеттік бажды қайтару тәртібі "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті...

Толық оқу »

Микрокредит бойынша МҚҰ МҚҰ шартын жарамсыз деп тану, мемлекеттік бажды және өкілдік шығыстарды төлеу бойынша шығыстар сомасын өндіріп алу

Микрокредит бойынша МҚҰ МҚҰ шартын жарамсыз деп тану, мемлекеттік бажды және өкілдік шығыстарды төлеу бойынша шығыстар сомасын өндіріп алу"Sofi Finance "микроқаржы ұйымы" ЖШС...

Толық оқу »

105-бап. Мемлекеттік бажды қосымша төлеу Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің

105-бап. Мемлекеттік бажды қосымша төлеу Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің 1. Талап қою берілген кезде оның бағасын анықтау қиын болған жағдайда судья м...

Толық оқу »

Талап қою талаптарының мөлшерін ұлғайту істі ұлғайтылған талаптар бөлігінде қарау талап қоюшы сот белгілеген мерзімде мемлекеттік баж төленгені туралы дәлелдемені ұсынғаннан кейін жалғасады

Талап қою талаптарының мөлшерін ұлғайту істі ұлғайтылған талаптар бөлігінде қарау талап қоюшы сот белгілеген мерзімде мемлекеттік баж төленгені туралы дәлелдемені ұсынғаннан к...

Толық оқу »

Сот шығыстарын (мемлекеттік бажды, сот шығыстарын) өндіріп алудың дұрыстығы.

Сот шығыстарын (мемлекеттік бажды, сот шығыстарын) өндіріп алудың дұрыстығы.Істерді зерделеу сотқа талап қою кезінде мемлекеттік баж салық кодексінің талаптарына сәйкес төлене...

Толық оқу »

Мемлекеттік бажды және өзге де сот шығыстарын төлеу жөніндегі шығыстарды өндіріп алу талаптарынан бас тарту

Мемлекеттік бажды және өзге де сот шығыстарын төлеу жөніндегі шығыстарды өндіріп алу талаптарынан бас тартуНазар аударыңыз! Заң және құқық адвокаттар кеңсесі сіздің назарыңызд...

Толық оқу »

1993 жылғы 24 желтоқсандағы Әртүрлі мемлекеттердің шаруашылық жүргізуші субъектілері арасындағы шаруашылық дауларды қарау кезіндегі мемлекеттік баждың мөлшері мен оны өндіріп алу тәртібі туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы

1993 жылғы 24 желтоқсандағы Әртүрлі мемлекеттердің шаруашылық жүргізуші субъектілері арасындағы шаруашылық дауларды қарау кезіндегі мемлекеттік баждың мөлшері мен оны өндіріп...

Толық оқу »

Өз бетінше салынған құрлысқа меншік құқығын тану кезінде жеке тұлғаның мемлекеттік баж төлеуі туралы

Өз бетінше салынған құрлысқа меншік құқығын тану кезінде жеке тұлғаның мемлекеттік баж төлеуі туралыӨз бетiмен салынған құрылысқа құқықты тану туралы талап қою тәртiбiмен қара...

Толық оқу »

Егер олардың біреуі оны төлеуден босатылған болса, бірнеше адам сотқа жүгінген кезде мемлекеттік бажды төлеу

Егер олардың біреуі оны төлеуден босатылған болса, бірнеше адам сотқа жүгінген кезде мемлекеттік бажды төлеуСалық заңнамасының талаптарына сәйкес мемлекеттік бажды төлеуші төл...

Толық оқу »

Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы даулар бойынша мемлекеттік баж төлеу

Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы даулар бойынша мемлекеттік баж төлеуСотта қарау үшін тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктері, қауымдастықтар (одақтар) тұтынушылардың мүд...

Толық оқу »

663-бап. Мемлекеттік бажды төлеушілер Қазақстан Республикасының Салық кодексі

663-бап. Мемлекеттік бажды төлеушілер Қазақстан Республикасының Салық кодексі     1. Уәкiлеттi мемлекеттiк органдарға немесе лауазымды адамдарға заңдық мәнi бар әрекеттер жас...

Толық оқу »

Қызметкердің еңбек міндеттерін орындау кезінде келтірген залал сомасын және мемлекеттік бажды төлеу жөніндегі шығыстарды өндіріп алу жөніндегі адвокат бірінші сатыдағы сот іс үшін маңызы бар мән-жайлар шеңберін дұрыс айқындамаған, іс бойынша белгіленген мән-жайларға сәйкес келмейтін қорытындыларға жол берген

Қызметкердің еңбек міндеттерін орындау кезінде келтірген залал сомасын және мемлекеттік бажды төлеу жөніндегі шығыстарды өндіріп алу жөніндегі адвокат бірінші сатыдағы сот іс...

Толық оқу »

672-бап. Мемлекеттiк бажды төлеу тәртiбi Қазақстан Республикасының Салық кодексі

672-бап. Мемлекеттiк бажды төлеу тәртiбi Қазақстан Республикасының Салық кодексі     1. Мемлекеттiк баж:     1) соттар қарайтын істер бойынша – осы Кодекстің 135-бабында көзде...

Толық оқу »

106-бапқа түсініктемелер. Мемлекеттік баж төлеуден босату. Қазақстан Республикасы Азаматтық іс жүргізу кодексінің мемлекеттік бажын төлеуді кейінге қалдыру

106-бапқа түсініктемелер. Мемлекеттік баж төлеуден босату. Қазақстан Республикасы Азаматтық іс жүргізу кодексінің мемлекеттік бажын төлеуді кейінге қалдыру1. Талапкерді сотқа...

Толық оқу »