106-бап. Мемлекеттік баж төлеуден босату. Мемлекеттік баж төлеуді кейінге қалдыру Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің
1. Талап қоюшыны сотқа берілетін талап қоюдан мемлекеттік баж төлеуден босату немесе мемлекеттік баж төлеу бойынша кейінге қалдыруды беру "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) көзделген негіздер бойынша жүзеге асырылады.
2. Осы Кодекстің 54 және 55-баптарында көрсетілген тұлғалар өздері берген талап қоюдан бас тартқан жағдайда, өзінің мүддесінде осы талап қойған талап қоюшы, егер ол талап қоюды қарауды талап етсе және мемлекеттік бажды төлеуден босатылмаса, сот белгілеген мерзімде мемлекеттік бажды жалпы тәртіппен төлеуге міндетті. Мұндай жағдайда сот істі қарауды кейінге қалдырады.
Мемлекеттік баж төленбеген кезде талап қою қараусыз қалдырылады және талап қоюшыға қайтарылады. Соттың ұйғарымына апелляциялық сатыдағы сотқа жеке шағым берілуі, прокурор өтінішхат келтіруі мүмкін, оның шешімі түпкілікті болып табылады.
3. Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы азамат берген талап қоюлар бойынша сот мемлекеттік баж төлеу бойынша тиісті шешім қабылданғанға дейін кейінге қалдырады, бұл жөнінде ұйғарым шығарылады. Ұйғарым шағым жасауға, прокурордың өтінішхаты бойынша қайта қарауға жатпайды. Ұйғарыммен келіспеу туралы дәлелдер апелляциялық шағымға, прокурордың өтінішхатына енгізілуі мүмкін. Шешім қабылданған кезде сот мемлекеттік баж төлеуге байланысты шығыстарды шешім пайдасына шығарылмаған тарапқа артады.
Азаматтық кодексi Қылмыстық-процестік кодексi, Қылмыстық кодекс, Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарии), Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қылмыстық заңнама, Нормативті құқықтық актілер Қазақстан Республикасы