Камералдық бақылау нәтижелерін даулау туралы
Салық органдарының салықтық әкімшілендіру нәтижелеріне дау айту жөніндегі істердің басым көпшілігін камералдық бақылау нәтижелері бойынша мемлекеттік кірістер органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаларға шағым жасау туралы даулар құрайды.
Салық кодексінің 94-бабына сәйкес салық төлеуші (салық агенті) ұсынған салық есептілігін, уәкілетті мемлекеттік органдардың мәліметтерін, сондай-ақ салық төлеушінің қызметі туралы басқа да құжаттар мен мәліметтерді зерделеу және талдау негізінде салық органдары жүзеге асыратын бақылау камералдық бақылау болып табылады. Камералдық бақылау тәуекелдерді басқару жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылады.
СК-нің 96-бабының 1-тармағына сәйкес камералдық бақылау нәтижелері бойынша бұзушылықтар анықталған жағдайда мыналар ресімделеді:
тәуекел дәрежесі жоғары бұзушылықтар бойынша – анықталған бұзушылықтардың сипаттамасын қоса бере отырып, камералдық бақылау нәтижелері бойынша салық органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарлама;
тәуекел дәрежесі орташа бұзушылықтар бойынша – анықталған бұзушылықтардың сипаттамасын қоса бере отырып, камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар туралы хабарлама.
Талдау көрсеткендей, соттар камералдық бақылау нәтижелері бойынша хабарламаға дау айту туралы істерді қарау кезінде оны мәні бойынша хабарламаның негізділігін зерттемей шығару үшін негіздердің бар-жоғын ғана анықтайды.
Осы санаттағы сот актілерін зерделеу салық төлеушілердің өтініштерінде іс жүзінде бірдей дәлелдер келтірілгеніне (түсіндірмені уақтылы ұсынғанына, түсіндірмеде көрсетілген құжаттарды қоса тіркегеніне) қарамастан, істерді қараудың бірыңғай практикасының жоқтығын куәландырады.
Салықтық тексеру нәтижелері бойынша хабарлама шығаруға, негізінен тауарларды жеткізу (жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету) шарттарын жарамсыз деп тану туралы; заңды тұлғаны тіркеуді, қайта тіркеуді жарамсыз деп тану және күшін жою туралы сот актілері; «Өнім берушілер бойынша пирамида» БСАЖ талдамалық есебінің мәліметтері негіз болды.
Қорытуды жүргізу кезінде облыс соттарында субъектіні орташа немесе төмен тәуекел дәрежесіне жатқызу дәрежесі бойынша сұрақтар туындады. Судьялардың пікірінше, салық органы бұзушылықтың жоғары тәуекел дәрежесі бар екенін дәлелдеуге тиіс (әрекетсіз салық төлеушілермен және тіркеуі сот жарамсыз деп таныған салық төлеушілермен операцияларды жүзеге асыру; іс жүзінде жұмыстар орындалмай, қызметтер көрсетілмей, тауарлар тиеп-жөнелтілмей жалған мәмілелер жасау; сот үкімі, сот қаулысы), өйткені ден қою нысаны СК-нің 96-бабының тәртібімен осыған байланысты болады.
Нормативтік-құқықтық база
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық Кодексі)» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы кодексінің 2-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының салық заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді, осы Кодекстен, сондай-ақ қабылдануы осы Кодексте көзделген нормативтік құқықтық актілерден тұрады.
Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта Салық кодексіндегі ережелерден өзгеше ережелер белгіленсе, көрсетілген шарттың ережелері қолданылады.
Соттар салық заңнамасын қолдануға байланысты істерді қарау кезінде басшылыққа алуы тиіс негізгі нормативтік құқықтық актілер:
1.Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 30 тамыздағы Конституциясы;
- «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасының кодексі (бұдан әрі – СК);
3.1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі (бұдан әрі – АК) (Жалпы бөлім), 1999 жылғы 1 шілдедегі (Ерекше бөлім);
- 2015 жылғы 31 қазандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексі (бұдан әрі – АПК);
- 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі (бұдан әрі – Кәсіпкерлік кодекс) ;
- «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы;
- «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы» 2007 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңы;
- «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» 1995 жылғы 17 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы;
9.Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулылары (бұдан әрі – НҚ):
- «Салық заңнамасын қолданудың сот практикасы туралы» 2017 жылғы 29 маусымдағы № 4;
- «Соттардың азаматтық іс жүргізу заңнамасының кейбір нормаларын қолдануы туралы» 2003 жылғы 20 наурыздағы № 2;
- «Мәмілелер жарамсыздығының және соттардың олардың жарамсыздығының салдарларын қолдануының кейбір мәселелері туралы» 2016 жылғы 7 шілдедегі № 6;
- «Соттардың АПК 29-тарауының нормаларын қолдануының кейбір мәселелері туралы» 2010 жылғы 24 желтоқсандағы № 20;
- Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары, мемлекеттік кірістер органдары жүйесіндегі уәкілетті органның нормативтік құқықтық бұйрықтары.
ҚР ЖС 2020 жылы және 2021 жылғы 3 айда салық заңнамасын қолданудың сот практикасын қорыту 2021 жылғы 9 шілдегі
Назар аударыңыз!
«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкендігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды.
Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.
Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.
Құжатты жүктеп алу
-
2020 жылы және 2021 жылғы 3 айда салық заңнамасын қолданудың сот практикасын ҚОРЫТУ
11 рет жүктеп алынды