Ішкі аудит нәтижелері бойынша хабарламада камералдық бақылау нәтижелерімен анықталған бұзушылықтар көрсетілуге тиіс
ӘРПК-нің 79-бабына сәйкес әкімшілік акт заңды және негізделген болуға тиіс.
Әкімшілік акт түсіну үшін анық болуға, бірізді қолдануды қамтамасыз етуге, оның күші қолданылатын адамдар қатарын толық айқындауға тиіс.
ӘРПК-нің 129-бабының 3-бөлігіне сәйкес жауапкер әкімшілік актіде аталған негіздемелерге ғана сілтеме жасай алады.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 598 бұйрығымен бекітілген Камералдық бақылау жүргізу қағидаларының 2-қосымшасына (бұдан әрі – 598-қағида) сәйкес хабарламада камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар көрсетілуге тиіс.
Хабарлама анықталған бұзушылықтарды қоса бере отырып жіберіледі, онда әрбір бұзушылық фактісі жеке тармақпен белгіленеді және тәуекел бейінін көрсете отырып, ережелері бұзылған нормативтік құқықтық актілердің баптарына, тармақтары мен тармақшаларына сілтеме жасап, бұзушылықты сипаттай отырып, басынан аяғына дейін нӛмірленеді.
Бұзушылықтың сипаттамасында бұзушылықтарды растайтын құжаттардың деректемелері мен атауларына сілтеме жасалады.
Сот «СА» ЖШС мен Астана қаласы Активтер және мемлекеттік сатып алу басқармасының хабарламаға дау айту туралы талап қоюы бойынша қаралған әкімшілік іс шеңберінде мыналарды анықтады:
Ұйымдастырушы - – Басқарма «Астана қаласының Зияткерлік көлік жүйесін кеңейту. (Құрылыстың 3-кезегі - ITS жүйесімен жабдықталған жол қозғалысын бейімделген басқарудың жалпықалалық жүйесін құру)» мемлекеттік сатып алуды электрондық конкурс тәсілімен жүргізді.
Тапсырыс беруші Астана қаласының Көлік және жол-кӛлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы болып табылады. 2021 жылдың 16 маусымында конкурс қорытындысы шығарылып, лот бойынша «СА» ЖШС жеңімпаз болып анықталды.
Әлеуетті өнім беруші «TI» ЖШС 2021 жылғы 23 маусымда әлеуетті ӛнм беруші «СА» ЖШС-ның жұмыс тәжірибесін есептеуге қатысты конкурстық комиссияның шешімімен келіспеуіне байланысты ІМАД-ға шағым берген. Камералдық бақылаудың нәтижесінде ұйымдастырушының атына анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарлама жіберілген.
Конкурсты ұйымдастырушы және тапсырыс беруші хабарламаға 2021 жылғы 13 шілдедегі қарсылықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетіне (бұдан әрі - – ІМАК) берген. 2021 жылғы 13 тамыздағы ІМАК-тың қорытындысымен апелляциялық комиссияның ұсынымы ескеріле отырып, қарсылықты қанағаттандырудан бас тарту туралы шешім қабылданды.
Талап қоюшылар камералдық бақылау жүргізу кезінде әлеуетті ӛнім берушілердің мәліметтері жеткілікті зерттелмеді, оның нәтижелері бойынша жұмыс тәжірибесіне қатысты ӛлшемшарттар қате жасалды деген дәлелдер келтіреді. МАӘС ӛз шешімімен ІМАД әкімшілік актіні жасауға – хабарламаға қойылатын талаптарды бұзғанын негізге алып, қанағаттандырды.
ӘІСА шешімі өзгеріссіз қалдырылды. талапты Жергілікті соттардың түйіні: шын мәнінде хабарлама заңның бірқатар нормаларын және тиісті бағасы берілмеген әрі құқықтық талдау жасалмаған қағидалар мен бұзушылықтар туралы түйіндерді санамалауды ғана қамтиды, қаралып отырған жағдайда дәлелдеу ауыртпалығы тікелей жауапкердің мойнында болатынына қарамастан, жұмыс тәжірибесін қабылдамаған кезде Департамент негізге алған ӛлшемшарттар жоқ.
Департамент негіздемелер мен дәлелдерін сот отырысы барысында толықтыруға тырысты, бұған жол берілмейді, олар әкімшілік актіде айтылмағандықтан, сот оларды назарға ала алмайды.
Жауапкер заңнама нормаларына сілтеме жасай отырып, әрбір санамаланған жұмыс тәжірибесі бойынша анықталған бұзушылықтарды, сондай-ақ, конкурстық комиссияның жұмыс тәжірибесін есептеуді заңсыз қолдануын сипаттамайды, наразылыққа негіз жоқ.
Осылайша, әкімшілік акт ӘРПК-нің 79-бабы талап еткендей, түсіну үшін негізді және айқын емес. Қабылданған хабарламаға негіз ретінде жауапкер МАӘС-те пікірде талап қоюшының жұмыс тәжірибесін қабылдамауы жӛніндегі дәлелдерді ғана келтірген.
Сонымен, жауапкердің өкілі ұсынылған құжаттамада объектілерді пайдалануға қабылдау актілерінде және орындалған жұмыстар актісінде, біліктілік туралы мәліметтерде, жұмыстар аяқталған жылдары объектілердің атауларында айырмашылықтар бар екенін, сондай-ақ, пайдалануға қабылдау актілері жартылай жоқ екенін көрсеткен. Жауапкер бұл бұзушылықтарды хабарламада тіркемеген.
Дау айтылатын хабарламада бұзушылықтарды растайтын құжаттардың деректемелері мен атаулары көрсетілмеген. ӘРПК-нің талаптарына сәйкес келмеуіне орай, ӘРПК-нің 84 бабының 2-бөлігіне сәйкес заңсыз әкімшілік актінің толық немесе бір бөлігінде күші жойылуы мүмкін, және жауапкердің хабарламасы заңды және негізді болып табылмайды, және тиісінше оның күші жойылуға жатады.
ӘРПК-нің 129-бабының 3-бөлігіне сәйкес сот талқылауында жауапкер бұрын әкімшілік акт – хабарламада келтірілмеген жаңа дәлелдер мен негіздемелерге сілтеме жасай алмайды.
Сот әкімшілік акт – хабарламаның нысаны мен мазмұны бойынша МАжҚБ туралы Заңның талаптарына сәйкес келмеу фактісін анықтаған кезде, мұндай әкімшілік актіні ӘРПК-нің 79-бабына сәйкес заңды және негізді деп тануға болмайды.
Осыған байланысты, дау айтылатын хабарламалардың заң талаптарына сәйкес келмеуіне және толық болмауына байланысты соттарға мемлекеттік сатып алуды өткізу тәсілінің дұрыстығын талқылауға кірісудің қажеті жоқ.
Дауларды сотқа дейінгі реттеу тәртібі
МСА туралы Заңның 47-бабының 6, 7-тармақтарына сәйкес осы баптың 2-тармағында белгіленген мерзімде келіп түскен шағымды қарау нәтижелері бойынша уәкілетті орган осы Заңның 16-бабының 6) тармақшасына сәйкес шешім қабылдайды не қанағаттандырудан бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Шағымды Уәкілетті органның осы баптың 6-тармағына сәйкес қабылданған шешімімен келіспеген жағдайда, әлеуетті өнім беруші оған Қазақстан Республикасының мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы заңнамасында көзделген шағымдануға құқылы.
Тәртіппен апелляциялық комиссияға Заңның көрсетілген нормасының мағынасынан туындайтыны, әлеуетті өнім беруші уәкілетті органның шешімімен келіспеген жағдайда, тапсырыс берушінің, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), шешімдеріне конкурс (аукцион) тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы хаттама орналастырылған күннен бастап, бес жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде оның шешіміне жоғары тұрған органға шағымдану әлеуетті өнім берушінің құқығы болып табылады.
Сотқа Алайда, Заңның 9-тармағы осы бапта көзделген дауларды реттеудің дейінгі регламенттейді.
Тәртібі міндетті болып табылатынын «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Заңның 58-6 бабының 2-тармағына сәйкес осы Заңда көзделген жағдайларда дауларды апелляциялық реттеу міндетті болып табылады.
Камералдық бақылауды жүргізу қағидаларының 33-тармағына сәйкес уәкілетті орган ведомствосының шешімімен және (немесе) осы Қағидалардың 26-тармағы 2-бөлігінің 2) және 3) тармақшаларына сәйкес жіберілген аумақтық бӛлімшенің хабарламасымен келіспеген кезде тиісті конкурсқа (аукционға) қатысуға өтінім берген әлеуетті өнім беруші және (немесе) мемлекеттік аудит объектісі жалпыға қолжетімді ақпараттық жүйелер арқылы, оның ішінде веб-портал арқылы апелляциялық комиссияға осы Ереженің 7-қосымшасының нысанына сәйкес шағым береді не сотқа жүгінеді.
ӘКІМШІЛІК ІСТЕРДІҢ СОТТЫЛЫҒЫ
ӘРПК-нің 102-бабының екінші бөлігіне сәйкес жария-құқықтық қатынастардан туындайтын, осы Кодексте көзделген даулар әкімшілік сот ісін жүргізу тәртібімен соттардың соттылығына жатады.
№ 4 ЖСНҚ-ның 2-тармағында МСА қорытындыларына, әлеуетті өнім берушіні мемлекеттік сатып алуға ЖҚТ-ға енгізу туралы уәкілетті органның шешімдеріне, сондай-ақ, өткізілген МСА-ны тексеру қорытындылары бойынша уәкілетті органның шешімдеріне, қорытындыларына, нұсқамаларына, хабарламаларына дау айту талап қоюшының тұрғылықты (орналасқан) жері бойынша ӘРПК-нің 106 бабының үшінші бөлігінде көзделген тәртіппен жүзеге асырылатыны түсіндірілген.
Егер талап қоюшы конкурс қорытындыларын заңсыз деп тану туралы талаппен қатар МСА туралы жасалған шартты жарамсыз деп осы негізбен тануды талап етсе, онда мұндай талап қоюлар ӘРПК-нің 84-бабы үшінші бөлігінің, 155-бабы үшінші бөлігінің, 156-бабы екінші бӛлігінің талаптарын ескере отырып, МАӘС-те бірлесіп қарауға жатады.
№ 4 ЖСНҚ мұндай жағдайда қойылған талаптың шартты жарамсыз деп тану бөлігінде талап қоюшыдан дауды сотқа дейін реттеудің шартта көзделген тәртібін сақтау талап етілмейтінін де көздейді.
Тапсырыс берушінің, МСА-ны ұйымдастырушының, МСА-ны бірыңғай ұйымдастырушының, комиссиялардың, сарапшының, МСА саласындағы бірыңғай оператордың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), шешімдеріне, сондай-ақ, уәкілетті орган мен МАжҚБ органдарының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), шешімдеріне әлеуетті өнім берушінің талап қоюлары МАӘС-тің қарауына жатады.
Заңның 12-бабы 4-тармағы бірінші бөлігінің 1) және 3) тармақшаларын қолдануға байланысты МСА-ны ұйымдастырушылардың, тапсырыс берушілердің талап қоюлары, сондай-ақ, МСА туралы шарттарды орындаудан туындайтын талап қоюлар МАЭС-тің қарауына жатады.
Заңның 12-бабы 4-тармағы бірінші бөлігінің 2) тармақшасына сәйкес МСА-ға жосықсыз қатысушы деп танылған әлеуетті өнім берушіні МСА-ға жосықсыз қатысушы деп тану туралы уәкілетті органның шешіміне дау айту туралы талап қоюлар МАӘС-тің қарауына жатады.
СОТТАРДАҒЫ ПРОЦЕСТІК МЕРЗІМДЕР
ӘРПК-нің 9-бабының 1 және 2-бөліктеріне сәйкес әркім бұзылған немесе дау айтылатын құқықтарын, бостандықтарын немесе заңды мүдделерін қорғау үшін осы Кодексте белгіленген тәртіппен әкімшілік органға, лауазымды адамға немесе сотқа жүгінуге құқылы.
Әкімшілік органға, лауазымды адамға немесе сотқа жүгіну құқығынан бас тарту жарамсыз болады.
МСА-ға қатысушылар ӘРПК-іде белгіленген мерзімде сотқа жүгінуге құқылы.
Әлеуетті өнім берушілер негізінен уәкілетті органдардың шешімдеріне, тапсырыс берушінің, конкурсты ұйымдастырушылардың мемлекеттік сатып алу саласындағы шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) ӘРПК-нің 132-бабындағы тәртіппен дау айтады.
Бұл ретте, ӘРПК-нің 136-бабында талап қоюмен сотқа жүгінудің түпкілікті мерзімдері белгіленген.
Дау айту туралы, мәжбүрлеу туралы талап қоюлар шағымды қарайтын органның шағымды қарау нәтижелері бойынша шешімі табыс етілген күннен бастап, бір ай ішінде сотқа беріледі.
Егер заңда сотқа дейінгі тәртіп көзделмеген немесе шағымды қарайтын орган болмаса, талап қою әкімшілік акт табыс етілген күннен бастап немесе осы Кодексте және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен назарына жеткізілген кезден бастап, бір ай ішінде беріледі.
Дәлелді себеппен өткізіп алынған талап қоюды беруге арналған мерзімді сот АПК қағидалары бойынша қалпына келтіруі мүмкін.
Талап қоюды сотқа беруге арналған мерзімдерді өткізіп алу себептері мен олардың мәнін әкімшілік істің дұрыс шешілуі үшін сот алдын ала тыңдауда анықтайды.
Талап қоюды сотқа беруге арналған мерзімді дәлелді себепсіз өткізіп алу, сондай-ақ, сотқа жүгінудің өтіп кеткен мерзімін қалпына келтірудің мүмкін болмауы талап қоюды қайтару үшін негіз болып табылады.
Алдын ала тыңдауда сот мерзімді өткізіп алу себептерін анықтайды және өткізіп алған мерзімді қалпына келтіру туралы мәселені шешеді.
Өткізіп алған мерзімді қалпына келтіруден бас тартылған жағдайда талап қоюды қайтарады.
НОРМАТИВТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ БАЗА
- Қазақстан Республикасының Конституциясы;
- Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі (АК);
- Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексі (АПК)
- Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі (ӘРПK);
- Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі; - Қазақстан Республикасының Салық кодексі;
- «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (МСА туралы заң);
- «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (МАжҚБ туралы заң);
- «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
- «Ұлттық әл-ауқат қоры туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
- «Квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
- Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 648 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидалары (№ 648 Қағидалар);
- Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 694 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік сатып алу саласында тізілімдерді қалыптастырудың және жүргізудің қағидалары (№ 694 Қағидалар);
- Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 598 бұйрығымен бекітілген Камералдық бақылау жүргізу қағидалары (№ 598 Қағидалар);
- Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 19 наурыздағы № 392 бұйрығымен бекітілген Ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қағидалары (№ 392 Қағидалар);
- Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 наурыздағы № 127 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік сатып алудың арнайы тәртібі (қолданылу мерзімі 2020 жылғы 31 желтоқсанға дейін);
- Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1200 қаулысымен бекітілген Ерекше тәртіпті қолдана отырып, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидалары (№ 1200 Қағидалар);
- «Соттардың мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы қолдануы туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2022 жылғы 21 сәуірдегі № 4 нормативтік қаулысы (№ 4 ЖСНҚ);
- Қордың Директорлар кеңесі басқармасының 2019 жылғы 3 қыркүйектегі № 31/19 шешімімен бекітілген Қордың сатып алу қызметін басқару стандарты;
- Қазақстан Республикасының ӛзге де нормативтік құқықтық актілері.
ҚЫСҚАРТУЛАР
әкімакт – әкімшілік акт
МСА – мемлекеттік сатып алулар;
ЖҚТ – мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар тізілімі;
МАӘС – мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сот;
ӘІСА – облыстық соттың әкімшілік істер жӛніндегі сот алқасы;
ҚР ЖС ӘІСА – Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының әкімшілік істер жӛніндегі сот алқасы;
МАЭС – мамандандырылған ауданаралық экономикалық сот;
Қаржымині – Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі;
Қазынашылық – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті;
ІМАК – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитеті;
ДВГА – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Ішкі мемлекеттік аудит департаменті;
МАжҚБ – мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау;
Назар аударыңыз!
«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкендігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды.
Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.
Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.
Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы