Камералдық бақылау нәтижелері бойынша хабарламаны даулауға қатысты талап әкімшілік сот ісін жүргізу тәртібімен қаралуға жатады.
1.1.1. Салық кодексі салық даулары үшін арнайы мемлекеттік бажды анықтайды. Іс-әрекеттерге (МКБ, МКД, МКК шешім- деріне) және камералдық бақылау хабарла- маларына шағымдану үшін 5 АЕК қолданы- лады.
Салықтық тексерулердің нәтижелері бой- ынша хабарламаларға шағымдану үшін қо- сымша есептелген соманың 1 пайызы қолда- нылады, бірақ 20 000 АЕК-тен аспайды.
Бұл ретте мемлекеттік баж әрбір талап үшін төленеді. Мысалы, ӘІСА 2022 жылғы 28 маусымдағы 6001-22-00-6ap/830 қаулыда осындай кемшілікті көрсетті, онда үш талап болғанымен, тек бір талап үшін мемлекеттік баж салығы төленген:
- камералдық бақылау нәтижелері бойын- ша анықталған бұзушылықтарды жою тура- лы хабарламаның күшін жою және заңсыз деп тану туралы,
- камералдық бақылау нәтижелері бойын- ша анықталған бұзушылықтарды жою тура- лы хабарламаны тану туралы шешімді заң- сыз деп тану және оның күшін жою туралы,
- шағымды қарау нәтижелері бойынша шешімнің күшін жою.
1.1.2. Бұл ретте, ӘІСА мемлекеттік кірі- стер органдарының мемлекеттік баж төле- уден босатылғанын да атап өтеді. Алайда, даудан жеңіліп қалған жағдайда, олар сот шығындарын өтеуден босатылмайды (АПК- нің 109-бабы).
1.1.3. «Asia Coal Treid» ЖШС-ның Алма- ты қаласы бойынша МКД-ға қатысты 2021 жылғы 8 қазандағы МАӘС ұйғарымына және Алматы қалалық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2021 жылғы
11 қарашадағы ұйғарымына кассациялық шағымы бойынша мемлекеттік баж мәселе- сі 2022 жылғы 3 наурыздағы № 6001-22-00- 6ап/123 қаулыда жеке қаралған.
Хабарлама қылмыстық істі сотқа дейін- гі жаңа тергеуге жіберілуіне байланысты өзінің қолданысын тоқтатқандықтан, ЖШС МКД-ға ауыртпалық салатын хабарламаны бұдан әрі заңды күші жоқ деп тану туралы талап қою арызымен сотқа жүгінді.
Бұл дауда, тұтастай алғанда, талап қоюшы салықтық тексеру жүргізілгенімен, оның нәтижелері туралы хабарлама стандарт- ты хабарлама емес деп санайды. Сонымен, қылмыстық іс шеңберінде жүргізілетін тек- серулер бойынша хабарлама осындай қыл- мыстық іс Салық кодексінің 159-бабының 4-тармағына сәйкес аяқталғаннан кейін ғана шығарылады.
Талап қоюшының жағдайында қыл- мыстық іс қайта қарауға жіберілді, яғни іс жүзінде ол аяқталған жоқ. Тиісінше, талап қоюшы хабарлама да мерзімінен бұрын шығарылды және оған шағымдану үшін 5 АЕК мөлшерінде мемлекеттік баж көздел- ген әрекет ретінде қарастыруға болады деп санаған.
МАӘС-ның 2021 жылғы 8 қазандағы ұй- ғарымымен талап қою мемлекеттік баждың аз төленуіне және сотқа жүгінудің өткізіп алған мерзіміне байланысты қайтарыл- ды. Апелляциялық сатының ұйғарымымен МАӘС ұйғарымы өзгеріссіз қалды.
Жергілікті соттар талап қоюшы мемле- кеттік бажды дұрыс есептемеген деп санаған (мүліктік емес сипаттағы талап бойынша 14 585 теңге сомасында, дегенмен талап қо- юшы хабарламаға нақты дау айтады).
Салық кодексінің 610-бабы 1-тармағы- ның 4) тармақшасына сәйкес салықтық тек- серу актісінің нәтижелері бойынша хабар- ламаларға дау айту кезінде мемлекеттік баж мөлшері даулы салық сомасының 1 пайызын құрайды, бірақ 20 000 АЕК-тен аспайды.
Бюджетке төленетін төлемдер Салық ко- дексінің 6-бабының негізінде айқындалуы тиіс. Салық салудың айқындылығы салық заңнамасында салық міндеттемесінің туын- дауы мен орындалуының барлық негіздері мен тәртібін белгілеуді білдіреді. Салық ко- дексінің 5-бабына сәйкес салық төлеуші са- лық міндеттемесін салық заңнамасына сәй- кес толық көлемде орындауға міндетті.
Салық кодексінің 610-бабы 1-тармағы- ның 4) тармақшасы мемлекеттік баждың мөлшеріне қатысты 1 пайыз, бірақ 20 000 АЕК-тен аспайтын мөлшерге қатысты тек- серу актілері бойынша хабарламаларға шағымданған кезде императивті болып та- былады. Нормада мұндай хабарламаларға қатысты балама жоқ. Осылайша, Салық ко- дексі хабарламаларды шығару жағдайына байланысты салықтық тексерулердің нәти- желері бойынша сараламайды.
Тиісінше, ӘІСА салық тексерулерінің нәтижелері бойынша хабарламаны даулау үшін негіздерге қарамастан, Салық кодексін- де мемлекеттік баждың бірыңғай мөлшері көзделген деген қорытындыға келді.
Мұндай хабарламаға ӘРПК-нің 132-ба- бына сәйкес Салық кодексінің 610-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес тек- серу нәтижелері туралы хабарламаларға шағым жасау үшін көзделген мемлекеттік бажды төлей отырып, дау айту туралы талап қою беріле отырып шағымдануға жатады. Жоғарыда айтығанның негізінде жергілікті соттардың мемлекеттік баж мөлшеріне қа- тысты ұстанымы заңды болып табылады.
...Салық кодексінің 19-бабы 2-тармағы- ның 4) тармақшасына сәйкес салық органдары өз құзыреті шегінде салықтық міндеттеменің туындауы, орындалуы және тоқтатылуы жөнінде түсіндірмелерді жүзеге асыруға және түсініктемелер беруге міндетті. Мұндай түсіндірмелер мен түсініктемелер, сондай-ақ әдістемелік ұсынымдар, оның ішінде уәкілетті органның әдістемелік ұсынымдары нормативтік құқықтық ак- тілерге жатпайды. Сот оларды салық заңна- масының нормаларына сәйкестігін ескере отырып бағалауға тиіс...
...Салық саясатын (жаңа салықты және бюджетке төленетін төлемдерді белгілеу және қолданыстағыларының күшін жою, салық және бюджетке төленетін төлемдер бойынша мөлшерлемелерді, салық салу объектілері мен салық салуға байланысты объектілерді, салық базасын өзгерту жөніндегі шаралар жиынтығы) салық саясаты сала- сындағы уәкілетті орган жүзеге асырады...
...Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта Салық кодексіндегіден өзгеше қағидалар белгіленсе, аталған шарттың қағидалары қолданылады (Салық кодексінің 2-бабының 5-тармағы). Конституцияның 4-бабы 3-тармағына сәйкес Қазақстан қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттардың Қазақстан Республикасының аумағында қолданылу тәртібі мен талаптары Республиканың заңнамасын- да айқындалады...
...Егер ратификацияланған халықаралық шартта Қазақстан Республикасының Үкіметіне салық салу құқығы берілсе, бірақ ұлттық заңнамада аталған құқық жүзеге асырылмаса (жеңілдік болса), онда ұлттық заңнама қолданылуға жатады...
...Қосарланған салық салуды болғызбау туралы конвенцияларды түсіндіру кезінде, егер мұндай түсіндіру қағидалары Қа- зақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің 1993 жылғы 31 наурыздағы № 2059-XII қаулысының негізінде Қазақстан Республикасы қосылған Халықаралық шарттар құқығы туралы Вена конвенциясының ережелеріне сәйкес келсе, халықаралық шарттарда және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген түсіндірудің жалпы қағидалары қолданылады...
...Заңды тұлғаны тарату (тіркеуді (қайта тіркеуді) жарамсыз деп тану) туралы талап қою қанағаттандырылған жағдайда салықтық бақылау жүргізу туралы мәсе- лені шешу салық органының өкілеттігіне кіреді және салық заңнамасында көзделген шаралар қабылданған кезде ғана контра- генттердің құқықтары мен заңды мүдделері қозғалуы мүмкін, олар салық органдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) дау айту шеңберінде өздерінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды жүзеге асыруға құқылы...
...13. АК-нің 49-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес орналасқан жері бойынша немесе нақты мекенжайы бойынша заңды тұлға, сондай-ақ заңды тұлға бір жыл ішінде оларсыз жұмыс істей алмайтын құрылтайшылар (қатысушылар) және лауазымды адамдар болмаған жағдайда, заңды тұлғаны тарату туралы шешім қабылдай алатындығы соттарға түсіндірілсін.
Жоғарыда көрсетілген белгілер жиын- тығының болмауы талап қоюшының талабын қанағаттандырудан бас тарту үшін негіз болып табылады, өйткені салық органдары- ның өзге де ден қою тәсілдері бар...
...Заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тіркеу тіркеуші органның әкімшілік актісі болып табылады, осыған байланысты мұндай қайта тіркеуді жарамсыз деп тану туралы талап қоюлар әкімшілік сот ісін жүргізу тәртібімен қаралуға тиіс...
...Соттар 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап салықтық құқықтық қатынастарға қаты- сушылар ағымдағы салық кезеңінде алдыңғы салық кезеңдеріне қатысты әрекеттер жасаған кезде Салық кодексінің бес жылдық талап қоюдың ескіру мерзімі туралы күші жойылған нормасын қолдануға құқылы емес екендігін ескергендері жөн, өйткені Салық кодексінің қолданыстағы нормасы бойынша мұндай мерзім, егер Салық кодексінде өзге- ше көзделмесе, үш жылды құрайды.
Салық органдары талап қоюдың ескіру мерзімінің шегінен тыс салық төлеушіге және (немесе) салық агентіне талап қоюға құқылы емес. Бұл ретте Салық кодексі талап қоюдың ескіру мерзімімен өсімпұлды есеп- теуді шектемейді.
...Трансферттік баға белгілеу мәселелері бойынша салықтық тексеру жүргізу кезінде оның тоқтатыла тұруын ескере отырып, талап қоюдың жалпы ескіру мерзімі жеті жылдан аспауға тиіс.
Көрсетілген мәселелер бойынша тек- серуді тоқтата тұрған кезде салық органы «Трансферттік баға белгілеу туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 5 шілдедегі № 67-IV Заңының 8-бабының талаптарын сақтауға тиіс. Ескіру мерзімінің өтуі сұрау салу жіберілген кезде тоқтатыла тұруы мүмкін, ол мынадай:
мемлекеттің құзыретті органына (ұйымына) жолданған;
дербестендірілген, тексерілетін салық төлеушіге қатысты жасалған;
тексеру нысанасына кіретін мәселелер бойынша енгізілген талаптарға сәйкес келу- ге тиіс.
Соттар сұрау салу жоғарыда көрсетілген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда мұндай сұрау салу жіберілген болып есептелмейтінін ескергені жөн...
...Мемлекеттік кіріс органдары есептеген, есепке жазған және салық төлеушілерге талап қоюдың ескіру мерзімдері шегінде төлеуге ұсынған салықтарды және бюджетке төленетін басқа да төлемдерді төлеу туралы салықтық талаптар бойынша талап қоюдың ескіру мерзімінің өтуі туындаған салықтық міндеттемені тоқтатпайды және салық төле- ушіні оны орындаудан босатпайды...
...Салық органының салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлем- дердің есептелген, есепке жазылған сомасын есепке жазуға немесе қайта қарауға құқығын және салық төлеушінің салықтар мен бюджетке төленетін төлемдерді, өсімпұлдарды есепке жатқызуды және (немесе) қайтаруды талап ету құқығын бөлу қажет. Мәселен, салық төлеушінің бюджеттен салықтарды қайтару құқығын іске асыру кезінде салық органы салықтардың есептелген сомасын есептемейді және қайта қарамайды, бірақ бюджеттен салықтарды қайтаруды растайды не растаудан бас тартады.
Осыған байланысты, салық төле- ушілердің салықтар мен бюджетке төле- нетін төлемдерді, өсімпұлдарды есепке жатқызуды және (немесе) қайтаруды талап ету құқығына қатысты талап қоюдың ескіру мерзімін есептеу кезінде салықтық тексеру нәтижелері бойынша шешім, оның ішінде салықтық тексеру нәтижелері туралы ха- барлама шығарылған күнді емес, Салық кодексінің 101-бабы 4-тармағының 1) тар мақшасында көзделген салықтық өтінішті немесе Салық кодексінің 431-бабы 1-тар- мағының 2) тармақшасында көзделген ҚҚС- ның асып кету сомасын қайтару туралы та- лапты салық органының қабылдау (тіркеу) күнін назарға алған жөн...
...Егер талап қоюшы мемлекеттік бажды бюджеттік сыныптаманың қате кодына не толық мөлшерде төлемесе, Қазақстан Респу- бликасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ӘРПК) 138-бабының төртінші бөлігіне сәйкес судья талап қоюш- ыға осы кемшіліктерді көрсетеді және олар- ды түзету үшін мерзім белгілейді...
...Салық төлеушінің Салық кодексін- де белгіленген мерзімде Салық кодексінің 96-бабы 3-тармағында көрсетілмеген және Салық кодексінің 96-бабы 2-тармағы 2) тармақшасының талаптарына сәйкес келетін анықталған бұзушылықтар бой- ынша түсініктеме беруі камералдық бақы- лау нәтижелері бойынша салық органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаның орындалуы деп танылады және олардың негізділігін мәні бойынша тексеруді талап етпейді.
ӘРПК-нің 135-бабының екінші бөлі- гіне сәйкес (тану туралы талап қою) талап қоюшы бұдан былай заңды күші жоқ, ауы- ртпалық түсіретін әкімшілік актіні заңсыз деп тануды талап етуі де мүмкін, сондықтан камералдық бақылау нәтижелері бойынша орындалған хабарламаға дау айту туралы талап қоюлар соттың қарауына жатады.
Камералдық бақылау нәтижелері бойынша хабарламаға дау айту туралы қойылған талап әкімшілік сот ісін жүргізу тәртібімен қаралуға тиіс.
Камералдық бақылау нәтижелері бой- ынша салық органдары анықтаған Са- лық кодексінің 96-бабы 3-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көзделген бұзушылықтарды жою туралы хабарлама- ларға дау айту туралы талап қоюларды қарау кезінде сот тіркелуі (қайта тіркелуі) Салық кодексінің 96-бабы 5-тармағына сәйкес заңды күшіне енген сот шешімімен жарамсыз деп танылған осы заңды тұлғадан және (не- месе) дара кәсіпкерден тауарларды, жұмы- старды, көрсетілетін қызметтерді іс жүзінде алғанын растау үшін салық төлеуші ұсынған дәлелдемелерге баға беруге және оларды зерттеуге міндетті.
Барлық өзге жағдайларда сот салық ор- ганында оның талаптарының мәні бойынша негізділігін тексермей хабарлама шығару үшін заңда көзделген негіздердің бар-жоғын анықтауы жеткілікті. Олай болмаған жағдай- да болашақ салықтық тексерулердің, оның ішінде камералдық бақылау нәтижелері бойынша хабарламаны орындамау мәселесі бойынша жоспардан тыс тақырыптық тексерулердің нәтижелері алдын ала шешілетін болады.
Салық органы:
түсініктеме салық төлеушінің ұсынуына жатпайтын (Салық кодексінің 96-бабының 3-тармағы) және бұзушылықтар жойылмаған;
камералдық бақылау нәтижелері бойынша хабарламаға түсініктеме ұсыну не шағым беру үшін Салық кодексінде белгіленген мерзім өткізіп алынған және бұзушылықтар жойылмаған;
заңды күшіне енген сот шешімімен Салық кодексінің 96-бабы 3-тармағына сәйкес салық төлеушіге шығарылған ха- барламаны заңсыз деп тану туралы талап қо- юды қанағаттандырудан бас тартылған және бұзушылықтар жойылмаған жағдайларда да хабарламаны орындалмаған деп тану туралы шешім шығаруға құқылы.
Хабарламаны орындалмаған деп тану туралы шешімге шағымды (талап қоюды) салық төлеуші оны жоғары тұрған салық органына және (немесе) уәкілетті органға немесе сотқа берген (алған) күннен бастап он жұмыс күні ішінде беруі мүмкін.
Шағым (талап қою) берілуі мүмкін органды таңдау құқығы салық төлеушіге тиесілі...
...Бұл ретте Салық кодексінің 117-бабы- ның 3-тармағына сәйкес салық органдары- ның тиісті салық кезеңі үшін салықтарды төлеу мерзімі басталғаннан кейін салықтардың есептелген сомаларын қайта қарауы нәтижесінде пайда болған жеке тұлғалар- дан мүлік салығы, жер салығы және көлік құралдары салығы бойынша бересі сомасы- на өсімпұл есептелмейтінін назарда ұстаған жөн...
...2Талап қоюшылардың салық органдарының әрекеттері мен актілеріне шағым жасауының барлық кезеңдерінде сот әкімшілік қарау болған жағдайларда тараптарды татуластыру және дауды салық органының өз бетінше шешу мүмкіндіктерін қарастыруы керек (мысалы, техникалық қателер болған кезде ақпараттық жүйелерге өзгерістер енгізу, камералдық бақылау хабарламалары үшін "орындалған" мәртебесін көрсету және тағы басқа)...
...ӘРПК-нің 98-бабының алтыншы бөлігіне сәйкес өтініш берушіге зиян келтіру үшін шағым жасауға жол берілмейді. Салық кодексінің 186-бабының тәртібімен тақырыптық тексеру салық төлеушінің (салық агентінің) шағымын қарау барысында тағай- ындалатындықтан, уәкілетті орган тексеру нәтижелері бойынша дау айтылған хабарламада есепке жазылмаған салықтардың, бюд- жетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, өсімпұлдардың қосымша сомаларын есепке жазу туралы шешім қабылдай алмайды.
Жоғары тұрған органның (уәкілетті органның) салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаға шағымды қарау нәтижелері бойынша қабылданған шешімі сотта дау айтудың нысанасы бола алмайды, өйткені ол құқықтық салдарға әкеп соқпайды. Салықтық тексерудің нәтижелері туралы ха- барлама өзгеріссіз қалдырылған кезде көрсетілген хабарламаға, ал оның бір бөлігінің күшін жойған кезде – шағымды қарау нәтижелері бойынша шығарылған хабарламаға сот тәртібімен дау айтылуы мүмкін.
Салық кодексінің 148-бабына сәйкес нұсқама салықтық тексеру жүргізу үшін негіз болып табылады.
Тексеруді тағайындау туралы акт ретінде нұсқама сот дауының дербес нысанасы болуы мүмкін, өйткені ол салық органының билік өкілеттіктерін жүзеге асыруы шеңберінде шығарылады, салық төлеуші (салық агенті) үшін құқықтық салдарға әкеп соғады...
...Жоспардан тыс тексерулер Салық кодексінің 145-бабының 3-тармағында және Кәсіпкерлік кодекстің 144-бабының 3-тар- мағында көрсетілген негіздер болмаған кезде тағайындалуы және жүргізілуі мүмкін емес. Мұндай тексерулер тексеру жүргізу үшін негіздер болмаған кезде шығарылса Кәсіпкерлік кодекстің 156-бабы 1-тармағының және 2-тармағы 1) тармақшасының негізінде жарамсыз, ал оларды тағайындау туралы актілер заңсыз деп танылуға және олардың күші жойылуға жатады.
Салық кодексінің 159-бабы ереже- лерінің негізінде салықтық тексеру нәтижелері бойынша шешім салық органы салықтық тексеру нәтижелеріне қатысты шығарған салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарлама болып табылады. Салық төлеуші (салық агенті) салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу, аудару жөніндегі міндет- темелердің есепке жазылған сомаларымен, міндетті әлеуметтік медициналық сақтанды руға әлеуметтік аударымдарды және (неме- се) жарналарды есептеумен және төлеумен, залалдарды азайтумен, бейрезиденттердің кірістерінен төлем көзінен ұсталған ҚҚС- ның және (немесе) корпоративтік (жеке) та- быс салығының асып кету сомаларын қайта рудың расталмауымен келіспеген жағдайда, сот тәртібімен хабарламаға ғана шағым жасалады. Сот дау айтылған сомаларды есепке жазудың заңдылығын салықтық тексеру актісінде жазылған тұжырымдарды ескере отырып тексереді.
Егер салық төлеуші салықтық тексеру актісінің жоғарыда келтірілген салдарларға әкеп соқпаған, алайда өзінің құқықтары мен міндеттеріне, оның ішінде болашақ салық кезеңдерінде де әсер ететін тұжырымдарымен келіспесе, аталған акті даулануы мүмкін. Тексеру актісіне шағым жасау салық органдары лауазымды адамдарының әрекеттеріне шағым жасау ретінде Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.
Салықтық тексеру нәтижелері туралы ха- барламаны орындау салық төлеушіні орындалған хабарламаға Салық кодексінде көзделген тәртіппен және мерзімдерде шағым жасау құқығынан айырмайды.
Салықтық тексеру актісінің мазмұны Салық кодексінің 158-бабы 1-тармағының талаптарына сәйкес келуге тиіс. Салық ор- ганының салық төлеуші (салық агенті) жол берген Қазақстан Республикасының салық және өзге де заңнамасының бұзушылығы туралы тұжырымдары заңнама нормаларына сілтеме жасалып, бұзушылықтар туралы куәландыратын дәлелдер негізделіп және мән-жайлар ашылып, баяндалуы тиіс.
ӘРПК-нің 129-бабының үшінші бөлігіне сәйкес, салықтық тексеру нәтижелеріне шағымдану туралы талап қоюды қарау кезінде салық органы салықтық тексеру актісінде жазылған салық төлеушінің салық және өзге де заңнаманы бұзғанын куәландыратын тұжырымдар мен негіздемелерге ғана сілтеме жасай алады...
...Салық кодексінің 6-бабында белгіленген салық салудың айқындылығы қағидатына сәйкес Қазақстан Республикасының салықтары мен бюджетке төленетін төлемдері айқын болуға тиіс.
Салық салудың айқындылығы салық төлеушінің салықтық міндеттемесінің, салық агентінің салықтарды есептеу, ұстап қалу және аудару жөніндегі міндетінің туындауының, орындалуының және тоқтатылуының барлық негіздері мен тәртібінің Қазақстан Республикасының салық заңна- масында белгіленуін білдіреді...
...Салық органының даулы актіні қабыл- дауы үшін негіз болған мәнжайларды дәлелдеу міндеті салық органына жүктеледі...
...ӘРПК-нің 128-бабының ережелерін ескере отырып, салық органына салық төлеушіде салық пайдасы туындауының заңсыздығы дәлелдемелерін сотқа ұсыну бойынша міндет жүктелген.
Салық төлеуші салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаға не Салық кодексінің 18-тарауының 2-параграфында белгіленген салықтық тексерулер жүргізу тәртібі мен мерзімдерін салық органының бұзушылықтарының негізі бойынша тексеру актісіне дау айтқан кезде сот жол беріл- ген бұзушылықтардың сипатын және олардың тексеру нәтижелерінің заңдылығы мен негізділігіне әсерін бағалауды негізге алуы керек. Атап айтқанда, Салық кодексінің 148-бабына сәйкес салықтық тексеру жүргі- зу үшін негіз болып табылатын нұсқамасыз не кейіннен заңсыз деп танылған нұсқама- ның негізінде жүргізілген тексеру нәтиже- лері заңсыз деп танылуға жатады.
Егер Кәсіпкерлік кодексінің 146-бабының 1-тармағын бұза отырып, қарсы тексеруді қоспағанда, салықтық тексеруді жүргізу- ге арналған нұсқама құқықтық статисти- ка және арнайы есепке алу саласындағы уәкілетті органда тіркелмеген болса, жоға- рыда көрсетілген салдарлар туындайды...
Қысқартулар
ӘРПК – Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекс
АПК – Әкімшілік процестік кодекс
Салық кодекс – Қазақстан Республикасының «Салық және бютжетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы»
МКД, Департамент – Мемлекеттік кірістер департаменті
МКБ, Басқарма – Мемлекеттік кірістер басқармасы
ҚК – Қылмыстық кодексі
ҚПК – Қылмыстық-процестік кодексі
КПН – корпоративтік табыс салығы
ҚҚС – қосымша құн салығы
Назар аударыңыз!
«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкіндігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды. Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.
Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.
Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы