Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Кодекстер / Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 83-бабына түсініктеме. Кәмелетке толмағандарды қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босату

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 83-бабына түсініктеме. Кәмелетке толмағандарды қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босату

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 83-бабына түсініктеме. Кәмелетке толмағандарды қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босату

1. Қылмыстық теріс қылық немесе онша ауыр емес қылмыс жасаған не алғаш рет ауырлығы орташа қылмыс жасаған кәмелетке толмаған адам, егер оны қылмыстық жауаптылыққа тартпай-ақ түзетуге болады деп анықталса, сот оны қылмыстық жауаптылықтан босатуы мүмкін. Бұл ретте оған тәрбиелік ықпалы бар мәжбүрлеу шаралары қолданылуы мүмкін.

2. Қылмыстық теріс қылық немесе онша ауыр емес не ауырлығы орташа қылмыс жасағаны үшін алғаш рет сотталған кәмелетке толмаған адам, егер оны түзетуге тәрбиелік ықпалы бар мәжбүрлеу шараларын қолдану арқылы қол жеткізуге болады деп танылса, сот оны жазадан босатуы мүмкін.

3. Адам өліміне немесе адамның денсаулығына ауыр зиян келтіруге байланысты емес ауыр қылмысты алғаш рет жасаған кәмелетке толмаған адам осы Кодекстің 68-бабының екінші бөлігінде көзделген жағдайларда сот арқылы қылмыстық жауаптылықтан босатылуы мүмкін.

Қылмыстық құқық бұзушылық жасаған кәмелетке толмаған адамдарға қылмыстық заңда көзделген қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босатудың барлық түрлері қолданылады. Түсіндіріліп отырған Қылмыстық кодекстің бабы кәмелетке толмағандарға ғана қолданылатын қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босатудың қосымша түрін бекітеді. Бұл ретте ҚК-нің 83-бабы негізінде босату тек соттың айрықша құзыретіне жатады және оның міндеті емес, құқығы болып табылады.

Түсіндіріліп отырған бапта заң шығарушы кәмелетке толмағандарды қылмыстық жауаптылықтан босатудың негіздерін ғана емес, сондай-ақ кәмелетке толмағандарды қылмыстық жазадан босатудың негіздерін де айқындайды. Бұл ретте кәмелетке толмаған адамды қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босатқан жағдайда балама ретінде тәрбиелік ықпалы бар мәжбүрлеу шаралары қолданылады. Түсіндіріліп отырған баптың 1 және 3-бөліктерінде қылмыстық жауаптылықтан босату туралы, ал түсіндіріліп отырған баптың 2-бөлігінде қылмыстық жазадан босату туралы сөз болады. Қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босату үшін тиісті шарттардың болуы қажет.

Кәмелетке толмаған адамды ҚК-нің 83-бабының 1-бөлігі бойынша қылмыстық жауаптылықтан босату үшін мынадай шарттардың болуы қажет: 1) кәмелетке толмаған адам қылмыстық теріс қылық жасаған; 2) кәмелетке толмаған адам онша ауыр емес қылмыс жасаған; 3) кәмелетке толмаған адам ауырлығы орташа қылмысты алғаш рет жасаған; 4) оны қылмыстық жауаптылыққа тартпай-ақ түзетуге болатыны анықталған; 5) қылмыстық жауаптылықтан босатуды тек сот жүзеге асырады.

Қылмыстық теріс қылық және онша ауыр емес қылмыстар жасағаны үшін қылмыстық жауаптылықтан босатуға аталған қылмыстық құқық бұзушылықтардың бірнеше рет жасалған-жасалмағанына қарамастан жол берілетінін ескеру қажет. Кәмелетке толмағандарды босату үшін олардың осы құқық бұзушылықтар бойынша бұрын босатылғаны немесе сотталғаны және соттылығы заңда белгіленген тәртіппен алып тасталғаны маңызды емес. Бұрын қылмыстық теріс қылық немесе онша ауыр емес қылмыс жасағаны үшін соттылығы болған жағдайда да босату фактісін жоққа шығаруға болмайды. Әрине, істің мән-жайларын, жасалған қылмыстың сипаты мен уәжін, кінәлі адамның жеке басын және т.б. ескере отырып.

Қылмыстық теріс қылық және онша ауыр емес қылмыстар жасағаны үшін босатудан айырмашылығы, кәмелетке толмаған адамды ауырлығы орташа қылмыс жасағаны үшін қылмыстық жауаптылықтан босату кезінде бұл қылмыстың алғаш рет жасалуы талап етіледі.

ҚР Жоғарғы Сотының 2001 жылғы 21 маусымдағы «Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 68-бабын қолдану жөніндегі сот практикасы туралы» нормативтік қаулысының 4-тармағына сәйкес, алғаш рет жасалған қылмыс деп адамның іс жүзінде бірінші рет жасаған әрекетін не бірінші рет жасалмағанымен, бұрын жасалған қылмысы үшін адам заңда белгіленген тәртіппен қылмыстық жауаптылықтан босатылған немесе жазадан толық босатылған, не соттылығы өтелген немесе алып тасталған әрекетті түсіну керек (ҚК-нің 79-бабы).

Екі немесе одан да көп қылмыс жасаған адам (бірнеше рет жасаған немесе нақты жиынтық болған жағдайда) жалпы алғанда қылмысты алғаш рет жасаған адам деп таныла алмайды. Сонымен бірге айыптаудың бірінші эпизоды бойынша адам қылмысты алғаш рет жасаған болып есептелуге тиіс.

ҚК-нің 83-бабының 3-бөлігіне сәйкес, адам өліміне немесе адамның денсаулығына ауыр зиян келтіруге байланысты емес ауыр қылмысты алғаш рет жасаған кәмелетке толмаған адам ҚК-нің 68-бабының 2-бөлігінде көзделген жағдайларда сот арқылы қылмыстық жауаптылықтан босатылуы мүмкін. Аталған бапта былай делінген: «Кәмелетке толмағандар, жүкті әйелдер, жас балалары бар әйелдер, жас балаларды жалғыз тәрбиелеп отырған еркектер, елу сегіз және одан жоғары жастағы әйелдер, алпыс үш және одан жоғары жастағы еркектер адам өліміне немесе адамның денсаулығына ауыр зиян келтіруге байланысты емес ауыр қылмысты алғаш рет жасаған жағдайда, егер олар жәбірленушімен, арыз берушімен, оның ішінде медиация тәртібімен татуласса және келтірілген зиянды қалпына келтірсе, қылмыстық жауаптылықтан босатылуы мүмкін».

Қылмыстық жауаптылықтан босату кезінде кәмелетке толмаған адамға тәрбиелік ықпалы бар мәжбүрлеу шаралары қолданылады.

Осылайша, ҚК-нің 68-бабының 2-бөлігінің ережелері адам өліміне немесе адамның денсаулығына ауыр зиян келтіруге байланысты емес ауыр қылмыс жасаған адамдарға мынадай негіздердің жиынтығы болған кезде қолданылады:

адам өліміне немесе адамның денсаулығына ауыр зиян келтіруге байланысты емес ауыр қылмысты кәмелетке толмаған адам, жүкті әйел, жас балалары бар әйел, жас балаларды жалғыз тәрбиелеп отырған ер адам, елу сегіз және одан жоғары жастағы әйел, алпыс үш және одан жоғары жастағы ер адам алғаш рет жасаған;

кінәлі адам жасаған әрекет адам өліміне немесе адамның денсаулығына ауыр зиян келтіруге байланысты емес ауыр қылмыстар санатына жатады;

қылмыс жасаған адам жәбірленушімен, арыз берушімен, оның ішінде медиация тәртібімен татуласқан;

қылмыс жасаған адам қылмыс салдарынан жәбірленушіге, арыз берушіге келтірілген зиянды қалпына келтірген.

Аталған негіздердің ең болмағанда біреуі болмаған жағдайда ҚК-нің 68-бабының 2-бөлігін қолдануға жол берілмейді.

Демек, түсіндіріліп отырған баптың 3-бөлігі бойынша кәмелетке толмағандарды қылмыстық жауаптылықтан босатудың шарттары мыналар болып табылады:

алғаш рет жасалған ауыр қылмыс;

жасалған ауыр қылмыс адам өліміне немесе адамның денсаулығына ауыр зиян келтіруге байланысты емес;

жәбірленушімен, арыз берушімен, оның ішінде медиация тәртібімен татуласу;

келтірілген зиянды қалпына келтіру. Бұл ретте келтірілген зиянды кәмелетке толмаған адамның өзі қалпына келтіргені немесе оның қаражаты болмағандықтан зиянды ата-анасы, ағалары, апалары немесе жақын туыстары және т.б. қалпына келтіргені маңызды емес;

босатуды тек сот жүзеге асырады.

Қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адамның қалпына келтіруге жататын зияны деп қылмыстық құқық бұзушылық салдарынан жәбірленушіге, арыз берушіге келтірілген кез келген зиянды: моральдық, дене және мүліктік зиянды жатқызу қажет. Бұл ретте қылмыстық құқық бұзушылыққа байланысты тікелей ғана емес, жанама шығындар да, оның ішінде сотқа дейінгі тергеп-тексеруге және сотқа қатысуға байланысты жұмсалған шығыстар, соның ішінде өкілдің қызметіне ақы төлеу шығыстары да ескерілуге тиіс.

Зиянды қалпына келтіру бүлінген мүлікті қалпына келтіру, ұрланған мүлікті қайтару немесе соған тең мүлік беру, ақшалай өтемақы төлеу, дәрі-дәрмек сатып алу, санитариялық-курорттық жолдамалар беру, жәбірленушіден, арыз берушіден кешірім сұрау және заңмен тыйым салынбаған өзге де нысандарда көрініс табуы мүмкін.

Келтірілген зиян үшін өтемақы қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адамның емес, жәбірленушінің, арыз берушінің көзқарасы тұрғысынан жеткілікті болуы тиіс. Қылмыстық қудалау органдары мен сот жәбірленушінің, арыз берушінің қалпына келтірілуге жататын зиянның мөлшері туралы талаптарын өзгертуге құқылы.

Қылмыстық іс бойынша азаматтық талап қоюды қарау кезінде соттар Азаматтық кодекстің 926-бабына сәйкес 14 жастан 18 жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар келтірілген зиян үшін (оның ішінде моральдық зиян үшін) жалпы негіздер бойынша дербес жауаптылықта болатынын басшылыққа алуға тиіс.

14 жастан 18 жасқа дейінгі кәмелетке толмаған адамның зиянды өтеуге жеткілікті табысы немесе өзге де мүлкі болмаған жағдайларда, егер олар зиян өздерінің кінәсінен туындамағанын дәлелдемесе, зиянды оның заңды өкілдері толық көлемде немесе жетіспейтін бөлігінде өтеуге тиіс.

Кәмелетке толмаған адам келтірген зиянды өтеу жөніндегі заңды өкілдің және тиісті мекеменің міндеттері кәмелетке толмаған адам он сегіз жасқа толған кезде не ол кәмелетке толғанға дейін зиянды өтеуге жеткілікті табысқа немесе өзге де мүлікке ие болған жағдайда, не кәмелетке толғанға дейін әрекет қабілеттілігіне ие болған кезде тоқтатылады (АК-нің 17-бабының 2-тармағы, 22-1-бабы).

Егер залал бірнеше адамның бірлескен қылмыстық құқық бұзушылықтарының нәтижесінде келтірілсе, онда сотталғандар – ересектер де, кәмелетке толмағандар да – жеткілікті табысы мен мүлкі болған жағдайда АК-нің 932-бабына сәйкес ортақ материалдық жауаптылықта болады. АК-нің осы бабының 2-тармағына сәйкес сот жәбірленушінің өтініші бойынша және оның мүддесі үшін зиянды бірлесіп келтірген адамдарға үлестік жауаптылық жүктеуі мүмкін.

Соттар қоғамдық қауіптілігі жоғары емес қылмыстық құқық бұзушылықтар жасаған кәмелетке толмағандарға, егер оларды түзетуге және қайта тәрбиелеуге ҚК-нің 84-бабында көзделген тәрбиелік ықпалы бар мәжбүрлеу шараларын қолдану арқылы қол жеткізуге болатын болса, қылмыстық жаза қолдану жағдайларына жол бермеуге тиіс.

ҚК-нің 83-бабының 2-бөлігіне сәйкес тәрбиелік ықпалы бар мәжбүрлеу шараларын қолдана отырып, жазадан босату үшін екі негіздің жиынтығы болуы қажет:

қылмыстық теріс қылық немесе онша ауыр емес не ауырлығы орташа қылмыс жасағаны үшін алғаш рет сотталған болуы;

оны түзетуге тәрбиелік ықпалы бар мәжбүрлеу шараларын қолдану арқылы қол жеткізуге болатын болуы.

Кәмелетке толмаған адамды қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босату мәселесін, сондай-ақ тәрбиелік ықпалы бар мәжбүрлеу шараларын қолданудың орындылығын шешу кезінде жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтың сипаты мен қоғамдық қауіптілік дәрежесін (жасалған қылмыстың ауырлығын), кінәлі адамның жеке басын, оның тәрбиелену жағдайларын, отбасылық жағдайын және кінәлі адамды түзету үшін қылмыстық жаза тағайындаудың қажеті жоқ екеніне соттың сенімді болуына негіз болатын басқа да мән-жайларды талдаудан туындау қажет. Осылайша, соттың сенімділігі кәмелетке толмаған адамның жасаған әрекетін де, оның жеке басын да, істің мән-жайларын, оның құқықтық сана деңгейін, адамгершілік ұстанымын, ата-анасымен, айналасындағы адамдармен қарым-қатынасын және т.б. жан-жақты талдау негізінде қалыптасады.

Тәрбиелік ықпалы бар мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы шешімді тек сот және тек істі басты сот талқылауында қарау кезінде айыптау үкімін шығару арқылы қабылдай алады. Ата-анасының немесе оларды алмастыратын адамдардың не мамандандырылған мемлекеттік органның қадағалауына беру, сондай-ақ бос уақытын шектеу және мінез-құлқына ерекше талаптар белгілеу түріндегі тәрбиелік ықпалы бар мәжбүрлеу шаралары кәмелетке толмаған адамға соттың пікірі бойынша оны түзету немесе қайта тәрбиелеу үшін қажетті мерзімге не ол он сегіз жасқа толғанға дейін қолданылуы мүмкін. Бұл туралы үкімде көрсетілуге тиіс.

ҚР Жоғарғы Сотының «Кәмелетке толмағандардың қылмыстық құқық бұзушылықтары және оларды қылмыстық құқық бұзушылықтар мен өзге де қоғамға жат әрекеттер жасауға тарту туралы істер бойынша сот практикасы туралы» нормативтік қаулысының 16-тармағында заңда кез келген мән-жайларда, оның ішінде кәмелетке толмаған адамның олардан жалтаруы немесе тәрбиелік ықпалы бар мәжбүрлеу шаралары қолданылған кезеңде жаңа қылмыстық құқық бұзушылық жасауы жағдайында да тәрбиелік ықпал ету шараларын қылмыстық жазамен ауыстыру мүмкіндігі көзделмегені көрсетілген.

Тәрбиелік ықпал ету шаралары қолданылған кәмелетке толмағандар ҚК-нің 79-бабының 2-бөлігіне сәйкес соттылығы жоқ деп танылады.

ҚК-нің 83-бабында көзделген жағдайларда сот ҚПК-нің 545-бабына сәйкес кәмелетке толмаған адамды қылмыстық жауаптылықтан босата отырып және оған ҚК-нің 84-бабында көрсетілген тәрбиелік ықпалы бар мәжбүрлеу шараларын ҚК-нің 85-бабында көрсетілген мерзімге қолдана отырып, айыптау үкімін шығарады.

Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелік ықпалы бар мәжбүрлеу шараларын қолдана отырып, қылмыстық жауаптылықтан босату ҚК-нің 83-бабының 1 және 3-бөліктерінде көзделген жағдайларда сот қаулысын шығару арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.

Кәмелетке толмаған адам ҚК-нің 68-бабының 1-бөлігі негізінде қылмыстық жауаптылықтан босатылған жағдайда оған тәрбиелік ықпалы бар мәжбүрлеу шаралары қолданылмайды.

Қылмыстық құқық бұзушылықты кәмелетке толмаған жасында жасаған адамға қатысты қылмыстық іс, істі сотта қарау барысында оның кәмелетке толғанына қарамастан, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған соттың соттылығына жатады (мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер жөніндегі соттың, мамандандырылған ауданаралық әскери қылмыстық істер жөніндегі соттың және гарнизон әскери сотының соттылығына жатқызылған істерді қоспағанда). Бұл жағдайда сотта кәмелетке толған сотталушыларға қатысты іс жүргізу ҚПК-нің 56-тарауының нормалары бойынша емес, тиісті бапқа сәйкес сот ісін жүргізудің жалпы қағидалары бойынша жүзеге асырылады.

Түсіндіріліп отырған бапты қарауды қорытындылай келе, заң шығарушының назарын ҚК-нің 83-бабы мен ҚПК-нің 545-бабы арасында орын алған кейбір қайшылықтарға аударғым келеді. Мәселен, адам өліміне немесе адамның денсаулығына ауыр зиян келтіруге байланысты емес ауыр қылмысты алғаш рет жасаған кәмелетке толмаған адам, егер ол жәбірленушімен, арыз берушімен, оның ішінде медиация тәртібімен татуласса және келтірілген зиянды қалпына келтірсе, қылмыстық жауаптылықтан босатылуы мүмкін. Қылмыстық жауаптылықтан босату кезінде кәмелетке толмаған адамға тәрбиелік ықпалы бар мәжбүрлеу шаралары қолданылады. Ал ҚПК-нің 545-бабына сәйкес, қылмыстық теріс қылық немесе онша ауыр емес не ауырлығы орташа қылмыс немесе ауыр қылмыс жасаған кәмелетке толмаған адамды, егер сот оны қылмыстық жаза қолданбай-ақ түзетуге болады деп таныса, сот айыптау үкімін шығарып, кәмелетке толмаған сотталушыны жазадан босатуға және оған ҚК-нің 84-бабында көзделген тәрбиелік ықпалы бар мәжбүрлеу шараларын қолдануға құқылы. ҚК-нің 83-бабының 3-бөлігі мен ҚПК-нің 545-бабын салыстырудан ҚК-нің 83-бабының 3-бөлігі бойынша қылмыстық жауаптылықтан босату үшін кәмелетке толмаған адамның адам өліміне немесе денсаулығына ауыр зиян келтіруге байланысты емес ауыр қылмысты алғаш рет жасауы талап етілетіні көрінеді, ал ҚПК-нің 545-бабы бойынша ауыр қылмыс жасағаны үшін жазадан босату кезінде мұндай талап қойылмайды. Оның үстіне, ҚПК-нің 545-бабы бойынша жазадан босатудың шарты ретінде өлімнің болмауы талап етілмейді. Бұл – біріншіден.

Екіншіден, ҚК-нің 68-бабының 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық теріс қылықты не адам өліміне байланысты емес онша ауыр емес немесе ауырлығы орташа қылмысты жасаған адам, егер ол жәбірленушімен, арыз берушімен, оның ішінде медиация тәртібімен татуласса және келтірілген зиянды қалпына келтірсе, соттың ұстанымына қарамастан, қылмыстық жауаптылықтан босатылуға жатады. ҚК-нің 68-бабының 1-бөлігінің талаптары, сөзсіз, кәмелетке толмағандарға да қолданылады. ҚК-нің 68-бабының 1-бөлігінің бұл талаптары ҚПК-нің 545-бабында ескерілуге тиіс.

Үшіншіден, ҚК-нің 83-бабының 2-бөлігіне сәйкес, қылмыстық теріс қылық немесе онша ауыр емес не ауырлығы орташа қылмыс жасағаны үшін алғаш рет сотталған кәмелетке толмаған адам, егер оны түзетуге тәрбиелік ықпалы бар мәжбүрлеу шараларын қолдану арқылы қол жеткізуге болады деп танылса, сот оны жазадан босатуы мүмкін. Алайда ҚПК-нің 545-бабына сәйкес, кәмелетке толмаған адамды ауырлығы орташа қылмыс жасағаны үшін жазадан босату үшін оның бұл қылмысты алғаш рет жасауы талап етілмейді. Заң шығарушыға ойланатын мәселе бар.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне Исидор Шамилұлы Борчашвилидің 2021 жылғы түсініктемесі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, заң ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі, ҚР Конституциялық Кеңесі және ҚР Жоғарғы Соты жанындағы Ғылыми-консультативтік кеңестердің мүшесі, ҚР Қауіпсіздік Кеңесі жанындағы құқық қорғау жүйесін реформалау жөніндегі жұмыс тобының мүшесі, Қазақстан Республикасы ІІМ-нің еңбек сіңірген қызметкері.

Конституция Заң Кодекс Нормативтік акт Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгері Заңгерлік қызмет Заңгерлік кеңес беру Азаматтық Қылмыстық Әкімшілік істер мен даулар Қорғау Төрелік Қазақстан заң компаниясы Адвокаттық кеңсе Сот істері Декларация Жарлық Бұйрық Қаулы Шешім Баяндама Қорытынды Өтініш Қорытынды Конвенция Шарт Меморандум Әдістеме Нормалар Нота Қағидалар Бағдарлама Жарғы Хартия Бап Түсініктеме Резолюция Регламент Хаттама Жоба Бағдарлама Қағидалар Жолдаулар

545-бап. Мәжбүрлеп тәрбиелiк ықпал ету шараларын қолдана отырып, кәмелетке толмаған адамды жазадан босату ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

545-бап. Мәжбүрлеп тәрбиелiк ықпал ету шараларын қолдана отырып, кәмелетке толмаған адамды жазадан босату ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi Егер қыл...

Толық оқу »

83-бап. Кәмелетке толмағандарды қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босату  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

83-бап. Кәмелетке толмағандарды қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босату ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының1 Қылмыстық теріс қылық немесе онша ауыр емес қыл...

Толық оқу »

81-бапқа түсініктеме. Кәмелетке толмағандарды Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің Қылмыстық жауаптылығынан және жазасынан босату

81-бапқа түсініктеме. Кәмелетке толмағандарды Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің Қылмыстық жауаптылығынан және жазасынан босату 1. Ауырлығы аз қылмыс жасаған не ауыр...

Толық оқу »

68-бапқа түсініктеме. Кәмелетке толмағандарды әкімшілік жауаптылықтан және әкімшілік жазадан босату Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексі

68-бапқа түсініктеме. Кәмелетке толмағандарды әкімшілік жауаптылықтан және әкімшілік жазадан босату Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексі Әкімші...

Толық оқу »

68-бап. Кәмелетке толмағандарды әкiмшiлiк жауаптылықтан және әкiмшiлiк жазадан босату Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі

68-бап. Кәмелетке толмағандарды әкiмшiлiк жауаптылықтан және әкiмшiлiк жазадан босату Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі      Әкiмшiлiк құқық б...

Толық оқу »

435-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің кәмелетке толмағандары жасаған бұзақылық

435-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің кәмелетке толмағандары жасаған бұзақылық Он төрт жастан он алты жасқа дейінгі кә...

Толық оқу »

Кәмелетке толмағандардың банктерге салымдар енгізу және салымдарды басқару құқығы

Кәмелетке толмағандардың банктерге салымдар енгізу және салымдарды басқару құқығы📘 1. Норманың жалпы құқықтық талдауыҚазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 25-бабы кә...

Толық оқу »

кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты

Азаматтық талап арыз кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына тұрақты ақшалай соммада алимент өндіру туралыШымкент қаласының кәмелетке тол...

Толық оқу »

78-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің ҚР ҚК кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы

78-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің ҚР ҚК кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы 1. Осы тараудың күші қолданылатын кәмелетке толмағандар...

Толық оқу »

79-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің ҚР ҚК кәмелетке толмағандарға тағайындалатын жаза түрлері

79-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің ҚР ҚК кәмелетке толмағандарға тағайындалатын жаза түрлері 1. Кәмелетке толмағандарға тағайындалатын жазалард...

Толық оқу »

14-бап. Ерекше режимде ұстайтын бiлiм беру ұйымдары  Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы Заңы

14-бап. Ерекше режимде ұстайтын бiлiм беру ұйымдарыКәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алды...

Толық оқу »

Алматы қаласының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына кәмелетке толмаған баламен қарым-қатынас жасау тәртібін айқындау туралы талап қою

Алматы қаласының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына кәмелетке толмаған баламен қарым-қатынас жасау тәртібін айқындау туралы талап қо...

Толық оқу »

Кәмелетке толмаған балаларды асырап-бағуға алименттердің алынбаған сомасын өндіріп алу туралы сотқа талап

Кәмелетке толмаған балаларды асырап-бағуға алименттердің алынбаған сомасын өндіріп алу туралы сотқа талапТалапкер: А. Г. (С. Г. А.)ЖСН ..Алматы қ., с. даңғ., 547/1 үй,183 пәте...

Толық оқу »

22-бап. Он төрт жастан он сегiз жасқа дейiнгi кәмелетке толмағандардың әрекет қабiлеттiлiгi Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi

22-бап. Он төрт жастан он сегiз жасқа дейiнгi кәмелетке толмағандардың әрекет қабiлеттiлiгi Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi 1. Он төрт жастан он сегiз жасқа дейiнг...

Толық оқу »

19-1-бап. Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың, қадағалаусыз және панасыз қалудың жеке профилактикасы шаралары Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы Заңы

19-1-бап. Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың, қадағалаусыз және панасыз қалудың жеке профилактикасы шараларыКәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықт...

Толық оқу »

307-бап. Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың соттылығына жататын қылмыстық істер ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

307-бап. Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың соттылығына жататын қылмыстық істер ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік...

Толық оқу »

30-бап. Кәмелетке толмағандарды күзетте ұстаудың ерекшеліктері  Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде, арнаулы үй-жайларда ұстау тәртібі мен шарттары туралы Заң

30-бап. Кәмелетке толмағандарды күзетте ұстаудың ерекшеліктері Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде, арнаулы үй-жайларда ұстау тәртібі м...

Толық оқу »

134-бапқа түсініктеме. Кәмелетке толмағандарға эротикалық мазмұндағы заттарды не Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің балаларына тыйым салынған ақпаратты қамтитын ақпараттық өнімді тарату

134-бапқа түсініктеме. Кәмелетке толмағандарға эротикалық мазмұндағы заттарды не Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің балаларына тыйым салынға...

Толық оқу »

Кәмелетке толмаған балаларды асырап-бағуға әке болуды (ана болуды) белгілеу және алимент өндіріп алу туралы

Кәмелетке толмаған балаларды асырап-бағуға әке болуды (ана болуды) белгілеу және алимент өндіріп алу туралы Соттылық. АІЖК-нің 27-бабының үшінші бөлігіне сәйкес кәмелетке т...

Толық оқу »

435-бап. Кәмелетке толмаған адам жасаған бұзақылық Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі

435-бап. Кәмелетке толмаған адам жасаған бұзақылық Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі      Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 293-бабы...

Толық оқу »

28-бап. Ұлттық алдын алу тетігінің қатысушыларына қойылатын талаптар Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы Заңы

28-бап. Ұлттық алдын алу тетігінің қатысушыларына қойылатын талаптарКәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және пана...

Толық оқу »

Он төрт жасқа толмаған кәмелетке толмағандардың (жас балалардың) әрекет қабілеттілігі

Он төрт жасқа толмаған кәмелетке толмағандардың (жас балалардың) әрекет қабілеттілігі🔷 I. ЖАЛПЫ СИПАТТАМАҚазақстан Республикасының Азаматтық кодексі-нің 23-бабы 14 жасқа толм...

Толық оқу »

72-бапқа түсініктеме. Кәмелетке толмаған адам Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің әкімшілік жазасына тартылды деп есептелетін мерзім

72-бапқа түсініктеме. Кәмелетке толмаған адам Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің әкімшілік жазасына тартылды деп есептелетін мерзім Әкімші...

Толық оқу »

127-1-бап. Кәмелетке толмағандар жасаған немесе кәмелетке толмағандарға қатысты құқыққа қарсы іс-әрекеттер туралы хабарламау Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі

127-1-бап. Кәмелетке толмағандар жасаған немесе кәмелетке толмағандарға қатысты құқыққа қарсы іс-әрекеттер туралы хабарламау Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республ...

Толық оқу »

Кәмелетке толмағандарды девиантты мінез-құлықты балаларға арналған арнаулы білім беру ұйымдарына немесе ерекше режимде ұстайтын ұйымға жіберу туралы

Кәмелетке толмағандарды девиантты мінез-құлықты балаларға арналған арнаулы білім беру ұйымдарына немесе ерекше режимде ұстайтын ұйымға жіберу туралы АПК-тің 332-334-баптарын...

Толық оқу »

Кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылық пен басқа да қылмыстардың таралуын талдау

Кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылық пен басқа да қылмыстардың таралуын талдауОтбасы мен кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстардың жалпы көрінісін анықтау үшін кәм...

Толық оқу »

Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі сотқа алиментті нақты ақшалай сомада өндіріп алу туралы талап

Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі сотқа алиментті нақты ақшалай сомада өндіріп алу туралы талапІстер бойынша Мамандандырылған ауданаралық сотқаАлматы облысының кәмелет...

Толық оқу »

Кәмелетке толмаған балаларға алимент өндіріп алу туралы сот бұйрығын шығару туралы

Кәмелетке толмаған балаларға алимент өндіріп алу туралы сот бұйрығын шығару туралыШымкент қаласының Абай аудандық сотынаӨтініш беруші: ТААТАА кәмелетке толмаған балаларға алим...

Толық оқу »

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар  1-тарау. Жалпы ережелер Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы Заңы

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар 1-тарау. Жалпы ережелерКәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және п...

Толық оқу »

92-бап. Он жастан он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар мен жастарға репродуктивтік және психикалық денсаулықты сақтау бойынша көрсетілетін қызметтерді ұсыну ерекшеліктері Қазақстан Республикасының Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы  кодексі

92-бап. Он жастан он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар мен жастарға репродуктивтік және психикалық денсаулықты сақтау бойынша көрсетілетін қызметтерді ұсыну ерекшелікт...

Толық оқу »

Кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттар құру туралы

Кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттар құру туралыҚазақстан Республикасы Преззидентінің 2007 жылғы 23 тамыздағы N 385 Жарлығы."Қазақстан Ре...

Толық оқу »

442-бап. Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде немесе тұрғынжайдан тыс жерде болуы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі

442-бап. Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде немесе тұрғынжайдан тыс жерде болуы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы ...

Толық оқу »

132-бап. Кәмелетке толмағандардың түнгi уақытта ойын-сауық мекемелерiнде болуына жол беру Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі      1. Кәмелетке...

Толық оқу »

66-бап. Кәмелетке толмағандарға әкiмшiлiк жазалар қолданудың ерекшелiктерi Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі

66-бап. Кәмелетке толмағандарға әкiмшiлiк жазалар қолданудың ерекшелiктерi Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі      1. Кәмелетке толмаған адамға...

Толық оқу »