Қорғаушының іске қатысуы алдын-ала тергеу органдарын және сотты кәмелетке толмаған айыпкердің сезіктінің сотталушының заңды өкілін іске қатыстыру міндетінен босатпайды.
Оңтүстік Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 2013 жылғы 15 қаңтардағы үкімімен Н., бұрын сотталмаған, ҚР ҚК-нің 96-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, 7 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыруға, жазаны тәрбиелеу колониясының жалпы режимінде өтеуге сотталған. Сот үкімі бойынша, кәмелетке толмаған сотталған Н. бас араздық салдарынан пайда болған төбелес барысында, кәмелетке толмаған Ш.-ны өлтіргені үшін кінәлі деп танылған. Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының апелляциялық сот алқасының сот үкімі мен апелляциялық сот алқасының қаулысын өзгертіп, Н.-ның әрекетін ҚК-нің 96-бабының 2-бөлігінің «о» тармағына қайта дәрежелеп, оған 10 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындаған. Үкім мен қаулының қалған бөлігі өзгеріссіз қалдырылған. Сотталған Н.-ның қорғаушысы мен заңды өкілі өтініште сот қаулыларымен келіспейтіндіктерін көрсетіп, олардың күшін жойып, сотталған Н.-ның әрекетін қажетті қорғаныс шегінен шығу кезінде жасалған әрекеттер деп саралап, 2 жылға бас бостандығын шектеу жазасын тағайындауды сұраған. Қорғаушының өтінішті қолдаған пікірін, прокурордың қорытындысын тыңдап, іс құжаттары мен өтініште келтірілген уәждерді зерттеп, қадағалау сот алқасы апелляциялық және кассациялық сот қаулылары төмендегі негіздер бойынша бұзылуға жатады деп есептейді.
Қорғаушының іске қатысуы алдын-ала тергеу органдарын және сотты кәмелетке толмаған айыпкердің сезіктінің сотталушының заңды өкілін іске қатыстыру міндетінен босатпайды.
Алдын-ала тергеу барысында және басты сот талқылауында берген жауаптарында сотталған Н. өзін жабылып ұрып-соғып, тепкілеген бір топ жігіттерге бағыттап, қорғану мақсатында пышақ сермегенін көрсеткен. Осындай мазмұндас жауапты куәлар Б., С., М., Р. берген. Сот-медициналық сараптамасының қорытындысына сәйкес, сотталған Н.- ның иығында жарақат іздері анықталған. Бірақ бірінші сатыдағы сот көрсетілген мән-жағдайларға тиісті баға бермеген. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2002 жылғы 15 тамыздағы №19 нормативтік қаулысы ( Жоғарғы Соттың 2006 жылғы 9 наурыздағы №2 және 2010 жылғы 25 маусымдағы №17 нормативтік қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен және толықтыруларымен бірге) 36-тармағына сәйкес, үкімнің барлық бөліктері қисынды, байланысты құжатты құрайтын болғандықтан, айыптау үкімнің қорытынды бөлігі ҚІЖК-нің 380-бабының талаптарына сәйкес келіп, кіріспеден және сипаттау-дәлелдеу бөліктерінен туындауы тиіс. Қорытынды бөліктегі қылмыстық заңды (бапты, бөлікті, тармақты) көрсетумен, айыпталушыны кінәлі деп тану туралы шешім сипаттау -дәлелдеу бөлігінде көрсетілген айыптау тұжырымдамасынан туындауы қажет. Алайда, үкімнің сипаттау бөлігінде сотталған Н. бірнеше жігіттің өзін жабылып ұрып-соғуына байланысты туындаған бас араздықтын салдарынан қолына пышақ алып, оқиға орнынан қашып кету мақсатында оны онды-солды ретсіз сілтегенін, осы әрекеттер барысында жәбірленуші Ш.-ны ұстап, оның кеуде тұсынан пышақпен ұрғанын, содан соң оқиға болған жерден қашып кеткенін көрсеткен. Үкімнің бұл бөлігінен сотталған Н.-ның қорғану немесе қасақана кісі өлтіру мақсатында пышақ сермегені анықталмаған. Ал үкімнің айыптау бөлігінде Н. ҚК-нің 96-бабының 1-бөлігінде көрсетілген кісі өлтіру, яғни адамның құқығына қарсы қасақана қаза келтіру қылмысын жасаған деген қарама-қайшы тұжырым көрсетіліп, осы бап бойынша жаза тағайындаған. Бұл қарама-қайшылықтар жоғары сот сатыларынын назарынан тыс қалған. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2002 жылғы 11 сәуірдегі № 6 нормативтік қаулысының (2003 жылғы 11 шілдеде, 2006жылғы 25 желтоқсанда, 2011 жылғы 21 сәуірде енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен бірге), 7-бөлігінде қорғаушының іске қатысуы алдынала тергеу органдарын және сотты кәмелетке толмаған айыпкердің, сезіктінің, сотталушының заңды өкілін іске қатыстыру міндетінен босатпайды деп көрсетілген. Қылмыстық істі кассациялық сот алқасында қарау барысында кәмелетке толмаған сотталған Н.-ның құқығын өрескел бұзуға жол берілген. Атап айтқанда, қылмыстық істің кассациялық тәртіппен қаралатындығы туралы сотталған Н.-ға және оның заңды өкіліне хабарланбаған. Сондықтан сотталғанның заңды өкілінің кассациялық сот алқасының мәжілісіне қатысу мүмкіндігі болмаған. Жоғарыда көрсетілген заң талабы бұзылуының әсерінен қылмыстық іс бойынша заңсыз үкім шығарылуға жол берілген. Қылмыстық істі қайта қарау барысында барлық жинақталған мән-жайларға тиісті құқықтық тұрғыда баға беріп, заңды шешім қабылдау керек. Қадағалау сот алқасы сотталған Н. жөніндегі сот актілерін бұзып, қылмыстық істі сол соттың апелляциялық сот алқасына басқа құрамда қайта қарау үшін жолдады.
Назар аударыңыз!
«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкіндігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды. Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.
Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.
Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы
Құжатты жүктеп алу
-
Қорғаушының іске қатысуы алдын-ала тергеу органдарын және сотты кәмелетке толмаған айыпкердің сезіктінің сотталушының заңды өкілін іске қатыстыру міндетінен босатпайды.
289 рет жүктеп алынды -
Қорғаушының іске қатысуы алдын-ала тергеу органдарын және сотты кәмелетке толмаған айыпкердің сезіктінің сотталушының заңды өкілін іске қатыстыру міндетінен босатпайды.
253 рет жүктеп алынды