Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Жарияланымдар / Салық берешегін өндіріп алу туралы салық бұйрығын шығару жөніндегі әрекеттерді даулау

Салық берешегін өндіріп алу туралы салық бұйрығын шығару жөніндегі әрекеттерді даулау

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

Салық берешегін өндіріп алу туралы салық бұйрығын шығару жөніндегі әрекеттерді даулау

 

В.Л.Вялько «Ақтөбе қаласы бойынша МКБ» РММ-ге салық бойынша берешек бес жылдан астам уақыт бұрын пайда болғанын және салық органы 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап көзделген салық міндеттемелері бойынша талап қоюдың үш жылдық ескіру мерзімін қолдануға тиіс болғанын уәждеп, салық берешегін өндіріп алу туралы салық бұйрығын шығару жөніндегі әрекеттерді заңсыз деп тану туралы арызбен сотқа жүгінді.

Апелляциялық сатыдағы соттың 2021 жылғы 20 қаңтардағы қаулысымен өзгеріссіз қалдырылған Ақтөбе қалалық сотының 2020 жылғы       4 қарашадағы шешімімен мәлімделген талаптарды қанағаттандырудан бас тартылды.

Сот 2008 жылғы 7 маусым мен 2016 жылғы 15 қазан аралығындағы кезеңде В.Л.Вялькоға 1993 жылы шығарылған MAZDA маркалы автокөлік құралы тіркелгенін анықтады.

Аталған көлік құралына 2011-2015 жылдар кезеңінде 69 565 теңге сомасында салық, 64 125 теңге өсімпұл есептелді.

Салық органы арыз иесіне көлік салығы бойынша берешектің бар екендігі туралы бірнеше рет хабарлаған.

2020 жылғы 17 сәуірде МКБ салық төлеушінің атына жеке тұлғалардың көлік құралдары салығы бойынша 69 565 теңге сомасындағы салық берешегі және 60 270,2 теңге өсімпұл туралы хабарлама шығарды.

Хабарлама салық төлеушіге электронды тәсілмен сол күні жеткізілді.

Хабарламаның орындалмауына байланысты салық төлеушіден                  2020 жылғы 18 мамырдағы салық бұйрығымен 69 565 теңге сомасындағы берешек және 60 564 теңге өсімпұл өндіріп алынды.

Арыз иесі жеке тұлғалардың салық берешегі туралы 2020 жылғы 17 сәуірдегі хабарламаны дауламаған, салық берешегін төлемеген.

Сот алқасы арыз берушінің орындалмаған салық міндеттемелеріне талап қоюдың ескіру мерзімін қолдану бөлігіндегі дәлелдерін мыналарға байланысты негізсіз деп таныды.

СК-нің 48-бабына сәйкес, 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданыста болған редакцияда салық органы салықтарды және бюджетке төленетін төлемдерді есептеуге, есепке жазуға немесе олардың есептелген, есепке жазылған сомасын қайта қарауға құқылы болатын; салық төлеуші (салық агенті) салықтық есептілікті ұсынуға міндетті, салықтық есептілікке өзгерістер мен толықтырулар енгізуге, салықтық есептілікті кері қайтарып алуға құқылы болатын; салық төлеуші (салық агенті) салықтарды және бюджетке төленетін төлемдерді, өсімпұлды есепке жатқызуды және (немесе) қайтаруды талап етуге құқылы болатын уақыт кезеңі салықтық міндеттеме мен талап бойынша талап қоюдың ескіру мерзімі деп танылады.

Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, талап қоюдың ескіру мерзімі үш жылды құрайды.

Талап қоюдың ескіру мерзімінің өтуі осы баптың 4, 5, 6 және 10-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, тиісті салықтық кезең аяқталғаннан кейін басталады.

2020 жылғы 1 қаңтардан бастап СК-нің 48-бабы жаңа редакцияда қолданылады, оған сәйкес талап қоюдың ескіру мерзімі үш жылды құрайды.

«Құқықтық актілер туралы» Заңның 43-бабының 1-тармағына сәйкес нормативтік құқықтық актінің күші ол қолданысқа енгізілгенге дейін туындаған қатынастарға қолданылмайды.

Осылайша, Салық кодексінің 48-бабына енгізілген өзгерістер  2020 жылғы 1 қаңтардан кейін пайда болған салық қатынастарына қолданылады.

СК-ның жаңа редакциядағы 48-бабының нормалары арыз беруші  В.Л.Вяльконың 2011-2015 жылдар аралығы кезеңінде туындаған салықтық міндеттемелеріне қолданылмайды.

Бұдан басқа, көлік құралына салық уақтылы есептелген (2016 жылы 2011-2015 жылдар кезеңі үшін), бұл салық төлеушінің жеке шотынан үзінді көшірмемен расталады, сондықтан талап қоюдың ескіру мерзімі бұл жағдайда қолданылмайды.

Жоспардан тыс салықтық тексеру жүргізу туралы нұсқамаға шағым жасау жөніндегі даулар

 

Апелляциялық сатыдағы соттың 2020 жылғы 10 қарашадағы қаулысымен өзгеріссіз қалдырылған Ақтөбе облысы МАЭС-тің 2020 жылғы 14 қыркүйектегі шешімімен «BAITAU» ЖШС-ның «Ақтөбе облысы бойынша МКД» РММ нұсқамасын заңсыз деп тану және оның күшін жою туралы арызы қанағаттандырусыз қалдырылды.

Іс материалдарынан 2020 жылғы 22 маусымда Департамент салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің жекелеген түрлері: КТС және ҚҚС бойынша салық міндеттемесін орындау мәселелері бойынша серіктестікке жоспардан тыс салықтық тақырыптық тексеру жүргізу туралы № 173 нұсқама шығарғаны байқалады.

Тексерілетін кезең: 2018 жылғы қаңтар – 2018 жылғы 31 желтоқсан аралығы.

Нұсқама Ақтөбе облысы бойынша Құқықтық статистика және арнайы есепке алу басқармасында 2020 жылғы 24 маусымда тіркелген, Серіктестік басшысы Р.Х.Убайдуллаевқа 2020 жылғы 1 шілдеде тапсырылған.

Салықтық тексеруді тағайындауға Қарағанды облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті тергеушісінің 2020 жылғы 22 сәуірдегі қаулысы негіз болды.

«Қазақстан Республикасында тексерулерге және профилактикалық бақылау мен қадағалауды барып жүргізуге мораторий енгізу туралы»  Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 26 желтоқсандағы № 229 Жарлығының 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерлікті, оның ішінде микрокәсіпкерлікті дамыту үшін жағдайды жақсарту мақсатында Қазақстан Республикасында орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарға Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінде (бұдан әрі – ҚПК)  көзделген негіздер бойынша тексерулерді қоспағанда, 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін шағын кәсіпкерлік субъектілерін, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілерін бару арқылы тексерулерді және профилактикалық бақылау мен қадағалауды тоқтату туралы  қаулы шығарылған.

 СК-нің 145-бабы 3-тармағының 3) тармақшасына сәйкес тексерулер, оның ішінде ҚПК-де көзделген негіздер бойынша жүзеге асырылатын тексерулер жоспардан тыс салықтық тексерулер болып табылады.

Кәсіпкерлік кодекстің 144-бабы 3-тармағының 9) тармақшасына сәйкес қылмыстық қудалау органының ҚПК-де көзделген негіздер бойынша тапсырмасы бақылау және қадағалау субъектілерін жоспардан тыс тексеруге негіздер болып табылады.

ҚПК-нің 122-бабына сәйкес орындалмауы құжаттарды жасыруға немесе жоюға әкеп соғуы мүмкін кейінге қалдыруға болмайтын тергеу әрекеттерін жүргізуді талап ететін жағдайларда, қылмыстық қудалау органы атына жалған шот-фактуралар жазылған адамды салықтық тексеруге бастамашылық жасауға, уәкілетті органдар мен лауазымды адамдардан ревизиялар мен тексерулер жүргізуді талап етуге құқылы.

Қарағанды облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті              18 заңды тұлғаның, оның ішінде «МДМ» ЖШС, «КаzKemp» ЖШС, «Халық Элемент» ЖШС атынан аса ірі мөлшерде жалған шот-фактураларды жазып беру фактісі бойынша анықталмаған тұлғаларға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізуде.

«BAITAU» ЖШС аталған ұйымдармен өзара есеп айырысқан.

Осылайша, жоғарыда көрсетілген заңнама талаптарына сәйкес келетін қылмыстық қудалау органының қаулысы осы салықтық тексеруді тағайындауға негіз болды.

 

Нормативтік-құқықтық база

 

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық Кодексі)» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы кодексінің 2-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының салық заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді, осы Кодекстен, сондай-ақ қабылдануы осы Кодексте көзделген нормативтік құқықтық актілерден тұрады.

Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта Салық кодексіндегі ережелерден өзгеше ережелер белгіленсе, көрсетілген шарттың ережелері қолданылады.

Соттар салық заңнамасын қолдануға байланысты істерді қарау кезінде басшылыққа алуы тиіс негізгі нормативтік құқықтық актілер:

1.Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 30 тамыздағы Конституциясы;

  1. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасының кодексі (бұдан әрі – СК);

3.1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі (бұдан әрі – АК) (Жалпы бөлім), 1999 жылғы 1 шілдедегі (Ерекше бөлім);

  1. 2015 жылғы 31 қазандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексі (бұдан әрі – АПК);
  2. 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі (бұдан әрі – Кәсіпкерлік кодекс) ;
  3. «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы;
  4. «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы» 2007 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңы;
  5. «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» 1995 жылғы 17 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы;

9.Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулылары (бұдан әрі – НҚ):

- «Салық заңнамасын қолданудың сот практикасы туралы» 2017 жылғы 29 маусымдағы № 4;

- «Соттардың азаматтық іс жүргізу заңнамасының кейбір нормаларын қолдануы туралы» 2003 жылғы 20 наурыздағы № 2;

- «Мәмілелер жарамсыздығының және соттардың олардың жарамсыздығының салдарларын қолдануының кейбір мәселелері туралы» 2016 жылғы 7 шілдедегі № 6;

- «Соттардың АПК 29-тарауының нормаларын қолдануының кейбір мәселелері туралы» 2010 жылғы 24 желтоқсандағы № 20;

  1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары, мемлекеттік кірістер органдары жүйесіндегі уәкілетті органның нормативтік құқықтық бұйрықтары.

 

ҚР ЖС 2020 жылы және 2021 жылғы 3 айда салық заңнамасын қолданудың  сот практикасын қорыту 2021 жылғы 9 шілдегі

 

Назар аударыңыз!

«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкендігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды.

Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.

Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.

 

 

Салықтық тексерулер. Салықтық тексерулердің сапасы. Салықтық тексеру актісі.

Салықтық тексерулер. Салықтық тексерулердің сапасы. Салықтық тексеру актісі.Салық төлеушінің камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарла...

Толық оқу »

128-бап. Тақырыптық салықтық тексеру нәтижелері бойынша салықтың асып кету сомасын қайтару тәртібі Қазақстан Республикасының Салық кодексі

128-бап. Тақырыптық салықтық тексеру нәтижелері бойынша салықтың асып кету сомасын қайтару тәртібі Қазақстан Республикасының Салық кодексі     1. Нөлдік мөлшерлеме бойынша са...

Толық оқу »

Құжаттық салықтық тексеру актісі мен хабарламаның күшін жою және заңсыз деп тану

Құжаттық салықтық тексеру актісі мен хабарламаның күшін жою және заңсыз деп тану"У" ЖШС сотқа Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментіне, Қаржы министр...

Толық оқу »

159-бап. Салықтық тексеруге қатысушылар Қазақстан Республикасының Салық кодексі

159-бап. Салықтық тексеруге қатысушылар Қазақстан Республикасының Салық кодексі     1. Мыналар салықтық тексеруге қатысушылар болып табылады:     1) салық органының салықтық т...

Толық оқу »

161-бап. Салық төлеушінің (салық агентінің) салықтық тексеруді жүргізу кезіндегі құқықтары мен міндеттері Қазақстан Республикасының Салық кодексі

161-бап. Салық төлеушінің (салық агентінің) салықтық тексеруді жүргізу кезіндегі құқықтары мен міндеттері Қазақстан Республикасының Салық кодексі     1. Салық төлеуші (салық а...

Толық оқу »

Сот салықтық тексеру актісіне дау айту туралы іс бойынша іс жүргізуді негізді түрде тоқтатты

Сот салықтық тексеру актісіне дау айту туралы іс бойынша іс жүргізуді негізді түрде тоқтатты«Мир круп» ЖШС сотқа «Нұр-Сұлтан қаласы бойынша МКД» РММ-ге салықтық тексеру актісі...

Толық оқу »

191-бап. Салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаға және салық органдары лауазымды адамдарының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым жасау жөніндегі жалпы ережелер Қазақстан Республикасының Салық кодексі

191-бап. Салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаға және салық органдары лауазымды адамдарының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым жасау жөніндегі жалпы ережелер Қазақста...

Толық оқу »

Қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақы бойынша сомаларды қосымша есептеуді заңсыз деп тану және салықтық тексеру хабарламасының күшін жою

Қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақы бойынша сомаларды қосымша есептеуді заңсыз деп тану және салықтық тексеру хабарламасының күшін жоюӨндіріс қалдықтарын тиісті рұқсат алмай...

Толық оқу »

162-бап. Салықтық тексеру жүргізудің басталуы Қазақстан Республикасының Салық кодексі

162-бап. Салықтық тексеру жүргізудің басталуы Қазақстан Республикасының Салық кодексі     1. Егер осы баптың 6-тармағында өзгеше белгіленбесе, салық органының нұсқамасын салық...

Толық оқу »

160-бап. Салық органының лауазымды адамдарының салықтық тексеруді жүргізу кезіндегі құқықтары мен міндеттері Қазақстан Республикасының Салық кодексі

160-бап. Салық органының лауазымды адамдарының салықтық тексеруді жүргізу кезіндегі құқықтары мен міндеттері Қазақстан Республикасының Салық кодексі     1. Тексерілетін кезең...

Толық оқу »

Салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаларды заңсыз деп тану туралы

Салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаларды заңсыз деп тану туралы"Ц" ЖШС (бұдан әрі – Серіктестік) сотқа "Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті" респу...

Толық оқу »

167-бап. Бейрезиденттің салықтық өтініші негізінде бюджеттен табыс салығын қайтару мәселесі бойынша тақырыптық салықтық тексеруді жүргізу ерекшеліктері Қазақстан Республикасының Салық кодексі

167-бап. Бейрезиденттің салықтық өтініші негізінде бюджеттен табыс салығын қайтару мәселесі бойынша тақырыптық салықтық тексеруді жүргізу ерекшеліктері Қазақстан Республикасын...

Толық оқу »

153-бап. Салықтық тексеруді тағайындау жағдайлары мен негіздері Қазақстан Республикасының Салық кодексі

153-бап. Салықтық тексеруді тағайындау жағдайлары мен негіздері Қазақстан Республикасының Салық кодексі     1. Салықтық тексеру:     1) салық төлеуші (салық агентінің) осы Код...

Толық оқу »

Салықтық тексеру актісінің салық заңнамасының талаптарына сәйкес келмеуі заңсыз деп тануға және тексеру нәтижелері туралы хабарламаның күшін жоюға негіз бола алады.

Салықтық тексеру актісінің салық заңнамасының талаптарына сәйкес келмеуі заңсыз деп тануға және тексеру нәтижелері туралы хабарламаның күшін жоюға негіз бола алады.2008 жылғы...

Толық оқу »

169-бап. Салықтық тексерудің алдын ала актісі Қазақстан Республикасының Салық кодексі

169-бап. Салықтық тексерудің алдын ала актісі Қазақстан Республикасының Салық кодексі     1. Салықтық тексерудің алдын ала актісі – тексеруші Қазақстан Республикасының салық з...

Толық оқу »

166-бап. Қосылған құн салығының асып кету сомаларының анықтығын растау бойынша тақырыптық салықтық тексеруді жүргізу ерекшеліктері Қазақстан Республикасының Салық кодексі

166-бап. Қосылған құн салығының асып кету сомаларының анықтығын растау бойынша тақырыптық салықтық тексеруді жүргізу ерекшеліктері Қазақстан Республикасының Салық кодексі     ...

Толық оқу »

МКД салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаны заңсыз деп тану және оның күшін жою

МКД салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаны заңсыз деп тану және оның күшін жоюСоттардың салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаны заңсыз деп тануы және күшін жоюы...

Толық оқу »

168-бап. Салықтық тексеруді жүргізу үшін аумаққа және (немесе) үй-жайларға кіру Қазақстан Республикасының Салық кодексі

168-бап. Салықтық тексеруді жүргізу үшін аумаққа және (немесе) үй-жайларға кіру Қазақстан Республикасының Салық кодексі     1. Тексерілетін салық төлеуші (салық агенті) салық...

Толық оқу »

Алдын ала салықтық тексеру актісін тапсыру тәртібін бұзу, салықтық тексеруді аяқтау тәртібін бұзу және заңсыз деп тану және құжаттық салықтық тексеру актісінің және тексеру нәтижелері туралы хабарламаның күшін жою жөніндегі әрекеттерді заңсыз деп тану туралы

Алдын ала салықтық тексеру актісін тапсыру тәртібін бұзу, салықтық тексеруді аяқтау тәртібін бұзу және заңсыз деп тану және құжаттық салықтық тексеру актісінің және тексеру нә...

Толық оқу »

Сот салық органының әрекеттерін заңсыз деп тану туралы арызды және салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаны қанағаттандырудан заңды түрде бас тартты.

Сот салық органының әрекеттерін заңсыз деп тану туралы арызды және салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаны қанағаттандырудан заңды түрде бас тартты.«Мир круп» ЖШС (бұда...

Толық оқу »

Кірістер департаменті Салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаны заңсыз деп тану және оның күшін жою

Кірістер департаменті Салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаны заңсыз деп тану және оның күшін жою№6001-23-00-6ап/1186 31.10.2023 ж.Талапкер: "А"ЖШСЖауапкер: "Мемлекетті...

Толық оқу »

Салықтық тексеруді жүргізу барысында тексерушілердің зерттеу және бағалау нысанасы тек салық есептілігі ғана емес, бастапқы құжаттар болуы тиіс.

Салықтық тексеруді жүргізу барысында тексерушілердің зерттеу және бағалау нысанасы тек салық есептілігі ғана емес, бастапқы құжаттар болуы тиіс.Кассациялық сатыдағы соттың 201...

Толық оқу »

Мемлекеттік кірістер департаментінің Салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаны заңсыз деп тану және оның күшін жою туралы

Мемлекеттік кірістер департаментінің Салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаны заңсыз деп тану және оның күшін жою туралы№6001-23-00-6ап/1186 31.10.2023 ж.Талапкер: "А"ЖШ...

Толық оқу »

Салықтық тексеру және камералдық бақылау нәтижелері бойынша хабарламаға шағымдану

Салықтық тексеру және камералдық бақылау нәтижелері бойынша хабарламаға шағымдануСалық төлеушінің шығындарды шегерімге жатқызуға құқығы жоқ негіздер, сондай-ақ есептен ҚҚС алы...

Толық оқу »

Хабарламаға және мемлекеттік кірістерді Құжаттамалық салықтық тексеру актісіне дау айту туралы

Хабарламаға және мемлекеттік кірістерді Құжаттамалық салықтық тексеру актісіне дау айту туралы09.11.2023 ж. №6001-23-00-6ап/1264Талапкер: "К" ЖШС (бұдан әрі – Серіктестік)Жауа...

Толық оқу »

Жоспардан тыс тақырыптық салықтық тексеру жүргізу туралы нұсқаманың күшін жою және заңсыз деп тану туралы

Жоспардан тыс тақырыптық салықтық тексеру жүргізу туралы нұсқаманың күшін жою және заңсыз деп тану туралы2025 жылғы 06 наурыздағы №6001-24-00-6ап/2263 (2) Талапкер: "Т"ЖШСЖауа...

Толық оқу »

Салық органының әрекеттерін заңсыз деп тану туралы өтініштер және салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламалар

Салық органының әрекеттерін заңсыз деп тану туралы өтініштер және салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламалар"М" ЖШС (бұдан әрі – ЖШС) сотқа ҚР ҚМ МКК-нің "Нұр-сұлтан қала...

Толық оқу »

171-бап. Салықтық тексеру нәтижелері бойынша шешім Қазақстан Республикасының Салық кодексі

171-бап. Салықтық тексеру нәтижелері бойынша шешім Қазақстан Республикасының Салық кодексі     1. Салықтық тексеру аяқталған соң салықтар мен бюджетке төленетін төлемдер сомал...

Толық оқу »

Мемлекеттік кірістер басқармасының салықтық тексеруді тағайындауы туралы нұсқамаларға дау айту

Мемлекеттік кірістер басқармасының салықтық тексеруді тағайындауы туралы нұсқамаларға дау айту"Г" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (бұдан әрі – ЖШС) "Қазақстан Республикас...

Толық оқу »

Тақырыптық салықтық тексеруді тағайындау туралы Нұсқаманы заңсыз деп тану және оның күшін жою туралы

Тақырыптық салықтық тексеруді тағайындау туралы Нұсқаманы заңсыз деп тану және оның күшін жою туралы2025 жылғы 04 ақпандағы №6001-24-00-6ап/932Талапкер: "А"ЖШСЖауапкер: "Мемле...

Толық оқу »

Тергеуге дейінгі тексеру барысында үкімнің заңдылығы мен негізділігі қылмыстық қудалау органы салық органынан салықтық тексеру жүргізуді талап етуге құқылы емес

Тергеуге дейінгі тексеру барысында үкімнің заңдылығы мен негізділігі қылмыстық қудалау органы салық органынан салықтық тексеру жүргізуді талап етуге құқылы емесШығыс Қазақстан...

Толық оқу »

Мемлекеттік кірістерді салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаны заңсыз деп тану және оның күшін жою туралы

Мемлекеттік кірістерді салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаны заңсыз деп тану және оның күшін жою туралы№6001-23-00-6ап/1186 31.10.2023 ж.Талапкер: "А"ЖШСЖауапкер: "Ме...

Толық оқу »

Салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаны заңсыз деп тану және оның күшін жою туралы

Салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаны заңсыз деп тану және оның күшін жою туралы№6001-23-00-6ап/1335 12.12.2023 ж.Талапкер: "ТЖ" ЖШС (бұдан әрі – Серіктестік)Жауапкер...

Толық оқу »

170-бап. Салықтық тексерудің аяқталуы Қазақстан Республикасының Салық кодексі

170-бап. Салықтық тексерудің аяқталуы Қазақстан Республикасының Салық кодексі     1. Салықтық тексеру аяқталған соң салық органының салықтық тексеру жүргізген лауазымды адамы...

Толық оқу »

Мемлекеттік кірістер департаментін заңсыз деп тану және салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаның күшін жою туралы

Мемлекеттік кірістер департаментін заңсыз деп тану және салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаның күшін жою туралы02.03.2023 жылғы № 6001-23-12/6под/3Талапкер: "А"ЖШСЖау...

Толық оқу »

Салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаның бюджетке төлеуге жатпайтын, қайтаруға расталмаған бөлігінде ҚҚС асып кеткен соманың күшін жою туралы

Салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаның бюджетке төлеуге жатпайтын, қайтаруға расталмаған бөлігінде ҚҚС асып кеткен соманың күшін жою туралы№6001-22-00-6ап/2098 7.03.2...

Толық оқу »

198-бап. Салық төлеушінің (салық агентінің) шағымын қарау кезінде тақырыптық салықтық тексеруді тағайындау тәртібі Қазақстан Республикасының Салық кодексі

198-бап. Салық төлеушінің (салық агентінің) шағымын қарау кезінде тақырыптық салықтық тексеруді тағайындау тәртібі Қазақстан Республикасының Салық кодексі     1. Уәкілетті ор...

Толық оқу »

Салықтық тексеру актісі, егер салық төлеуші онда көрсетілген қорытындылармен келіспеген жағдайда, дауласу тәртібімен шағымдануға болады.

Салықтық тексеру актісі, егер салық төлеуші онда көрсетілген қорытындылармен келіспеген жағдайда, дауласу тәртібімен шағымдануға болады....Салық кодексінің 19-бабы 2-тармағы-...

Толық оқу »