160-бап. Салық органының лауазымды адамдарының салықтық тексеруді жүргізу кезіндегі құқықтары мен міндеттері Қазақстан Республикасының Салық кодексі
1. Тексерілетін кезең үшін салықтық тексеруді жүргізу кезінде салық органының лауазымды адамдарының:
1) банк ұйымдарынан тексерілетін тұлғаның банктік шоттарының болуы және нөмірлері туралы құжаттар мен мәліметтерді, сондай-ақ тексеруді жүргізу үшін қажетті, оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес банктік құпияны құрайтын салық төлеушілердің (тексерілетін тұлғалардың) шоттары бойынша ақша қалдықтары мен қозғалысына қатысты құжаттар және мәліметтерді талап етуге және алуға;
2) мемлекеттік органдардан тексеруді жүргізу үшін қажетті, оның ішінде Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес коммерциялық, банктік, салықтық және өзге де заңмен қорғалатын құпияны құрайтын құжаттар мен мәліметтерді сұратуға және алуға;
3) қағаз және электрондық жеткізгіштерде есепке алу құжаттамасын, сондай-ақ салықтық тексеру нысанасына сәйкес автоматтандырылған дерекқорларға (ақпараттық жүйелерге) қолжетімділікті талап етуге және алуға;
4) салықтық тексеру барысында туындайтын мәселелер бойынша салық төлеушіден, оның ішінде оның жұмыскерлерінен жазбаша түсініктер талап етуге және алуға;
5) салықтық тексеруді жүргізу барысында туындаған мәселелер бойынша мемлекеттік және шет мемлекеттердің өзге де органдарына (ұйымдарына) сұрау салулар жіберуге;
6) салық төлеушіден (салық агентінен) бухгалтерлік және салықтық есепке алуды автоматтандыруға арналған бағдарламалық қамтамасыз ету деректерін қарауға және (немесе) олар пайдаланатын және:
бастапқы есепке алу құжаттарының деректерін;
бухгалтерлік есепке алу тіркелімдерінің деректерін;
салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер туралы ақпаратты қамтитын ақпараттық жүйеге қол жеткізу құқығын беруді талап етуге құқығы бар.
Кірістер мен шығыстарға қатысты деңгейлес мониторингті жүзеге асыру және салықтық тексеруді жүргізу барысында осындай талап қойылған жағдайды қоспағанда, осы тармақшаның бірінші бөлігінің ережесі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес банк құпиясын құрайтын мәліметтерді қамтитын банк ұйымдарының бағдарламалық қамтамасыз етілуіне және (немесе) ақпараттық жүйесіне қолданылмайды;
7) тұрған жеріне қарамастан, салық салу объектісі және (немесе) салық салуға байланысты объект болып табылатын мүлікті зерттеп-қарауға, тексерілетін тұлғаның мүлкіне (тұрғын үй-жайлардан басқа), оның ішінде тауар-көлік жүкқұжаттарында көрсетілген мәліметтерге сәйкестігіне түгендеу жүргізуге;
8) салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді осы Кодексте айқындалған тәртіппен жанама әдіспен айқындауға;
9) осы Кодекске және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.
2. Салықтық тексеруді жүргізу кезінде салық органының лауазымды адамдары:
1) тексерілетін тұлғаның құқықтары мен заңды мүдделерін сақтауға, құқыққа сыйымсыз шешімдермен және әрекеттермен (әрекетсіздігімен) тексерілетін тұлғаға зиян келтіруге жол бермеуге;
2) салықтық тексеруді жүргізу кезінде алынған және жасалған құжаттардың сақталуын қамтамасыз етуге, Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, тексерілетін тұлғаның келісімінсіз олардың мазмұнын жария етпеуге;
3) қызметтік әдепті сақтауға;
4) салықтық тексеруді жүргізу кезеңінде тексерілетін салық төлеушінің белгіленген жұмыс режимін бұзбауға;
5) тексерілетін тұлғаның талап етуі бойынша салықтық тексерулерді жүргізу тәртібіне қатысты осы Кодекстің ережелері туралы қажетті ақпарат беруге;
6) салықтық тексеруді жүргізу кезінде тексерілетін тұлғаның өкілдеріне нұсқаманы, сондай-ақ өздерінің қызметтік куәліктерін не сәйкестендіру карталарын көрсетуге;
7) осы Кодексте көзделген өзге де міндеттерді орындауға міндетті.
Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 18 шiлдедегi № 214-VIII ҚРЗ Кодексі
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы
______________________________
2026 жыл 1 қаңтардан бастап "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) күші жойылды деп танылсын, 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ Салық кодексінің қолданысқа енгізілуіне байланысты.
160-бап. Жалпы ережелер Қазақстан Республикасының Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) кодексі
1. Есепке алуды жүргізу тәртібі бұзылған жағдайда, есепке алу құжаттамасы жоғалған немесе жойылған кезде салық органдары салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді осы бапта және осы Кодекстің 161, 162 және 163-баптарында айқындалған тәртіппен жанама әдістер (активтер, міндеттемелер, айналымдар, шығындар, шығыстар) негізінде айқындайды.
2. Осы Кодекстің 161-бабына сәйкес салық органдарының талаптары негізінде сұратылатын салықтық міндеттемелерді есептеу үшін салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді айқындау үшін негіз болып табылатын құжаттардың болмауы немесе оларды салық төлеушінің (салық агентінің) ұсынбауы есепке алуды жүргізу тәртібін бұзу, есепке алу құжаттамасын жоғалту немесе жою деп түсініледі.
3. Активтерді, міндеттемелерді, айналымды, шығыстарды бағалау, сондай-ақ осы Кодекске сәйкес нақты салыққа және бюджетке төленетін төлемге қатысты салықтық міндеттемені есептеу үшін қабылданатын басқа да салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді бағалау негізінде салықтардың және бюджетке төленетін төлемдердің сомаларын айқындау салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді айқындаудың жанама әдістері деп түсініледі. Салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді бағалау салықтық есептіліктен және (немесе) бастапқы есепке алу құжаттарынан, сондай-ақ басқа да көздерден алынған ақпарат негізінде жүзеге асырылады.
Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) Кедендік реттеу туралы Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы Әкімшілік рәсімдік-процестік Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы Экология Әлеуметтік кодекс Азаматтық Қылмыстық-процестік Қылмыстық Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарии) Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қазақстан Республикасы