168-бап. Салықтық тексеруді жүргізу үшін аумаққа және (немесе) үй-жайларға кіру Қазақстан Республикасының Салық кодексі
1. Тексерілетін салық төлеуші (салық агенті) салық органының лауазымды адамдарының және салықтық тексеруді жүргізуге тартылатын өзге де адамдардың:
кірістер алу үшін пайдаланылатын аумаққа және (немесе) үй-жайларға (тұрғын үй-жайлардан басқа);
салық салу объектілеріне және (немесе) салық салуға байланысты объектілерге зерттеп-қарау үшін кіруін;
осы Кодекстің 160-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес бағдарламалық қамтамасыз ету деректерін қарауға қол жеткізуін қамтамасыз етуге міндетті.
Тексерілетін салық төлеуші (салық агенті) салық органының лауазымды адамдарының және салықтық тексеруді жүргізуге тартылатын өзге де адамдардың:
салық органының нұсқамаларын, сондай-ақ қызметтік куәліктерін не сәйкестендіру карталарын;
егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тексерілетін салық төлеушінің (салық агентінің) аумағына және (немесе) үй-жайларына кіру үшін арнаулы рұқсаттар қажет болса, арнаулы рұқсаттарды көрсеткен кезде кіруін қамтамасыз етуге міндетті.
2. Тексерілетін салық төлеуші (салық агенті):
1) нұсқаманы, сондай-ақ қызметтік куәліктерін не сәйкестендіру карталарын көрсетпеген;
2) салық органының лауазымды адамдары және (немесе) салықтық тексеруді жүргізуге тартылатын адамдар нұсқамада көрсетілмеген;
3) егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес арнаулы рұқсат қажет болса, салық органының лауазымды адамдарында және (немесе) салықтық тексеруді жүргізуге тартылатын адамдарда салық төлеушінің (салық агентінің) аумағына және (немесе) үй-жайларына кіруге арнаулы рұқсат болмаған жағдайларда, аумағына және (немесе) үй-жайларына кіргізуден бас тартуға құқылы.
3. Салық органдарының салықтық тексеруді жүргізетін лауазымды адамдарының және салықтық тексеруді жүргізуге тартылатын адамдардың кіруіне тексерілетін салық төлеуші (салық агенті) негізсіз бас тартқан және (немесе) кедергі келтірген жағдайда, рұқсат бермеу туралы акт жасалады.
4. Рұқсат бермеу туралы актіге:
1) салық органының салықтық тексеруді жүргізетін лауазымды адамдары;
2) мамандар;
3) тексерілетін салық төлеуші (салық агенті);
4) осы Кодекстің 182-бабында айқындалған тәртіппен тартылған куәгерлер қол қояды.
Салықтық тексеру тағайындалған салық төлеуші (салық агенті) рұқсат бермеу туралы актіге қол қоюдан бас тартқан жағдайда, салық органының салықтық тексеру жүргізуге арналған нұсқамада көрсетілген лауазымды адамы осындай актіге бұл туралы тиісті жазба жасайды.
Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 18 шiлдедегi № 214-VIII ҚРЗ Кодексі
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы
______________________________
2026 жыл 1 қаңтардан бастап "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) күші жойылды деп танылсын, 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ Салық кодексінің қолданысқа енгізілуіне байланысты.
168-бап. Бақылау-касса машинасының тiркеу деректерiне өзгерістер енгізу Қазақстан Республикасының Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) кодексі
1. Бақылау-касса машинасының тiркеу карточкасында көрсетiлген мәлiметтерді өзгерту мынадай негіздердің бірі:
1) деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналары бойынша – фискалдық деректер операторының мәліметтері;
2) деректерді беру функциясы жоқ бақылау-касса машиналары бойынша – бақылау-касса машинасын салық органында есепке қою туралы салықтық өтініш бойынша жүзеге асырылады.
2. Бақылау-касса машинасының тiркеу карточкасында көрсетiлген мәлiметтерді өзгертуді салық төлеушi өзгерістер туындаған кезден бастап бес жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.
3. Осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген салықтық өтініш салық органына келу тәртібімен қағаз жеткізгіште ұсынуға жатады.
4. Бақылау-касса машинасының есепке қойылған жерi бойынша салық органы бақылау-касса машинасының тіркеу карточкасын ауыстыруды:
1) бақылау-касса машинасының тіркеу карточкасы жоғалған (бүлінген) жағдайда – бақылау-касса машинасын салық органында есепке қою туралы салықтық өтінішті алған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде;
2) бақылау-касса машинасының тіркеу карточкасында көрсетілген мәліметтер өзгерген жағдайда – фискалдық деректер операторының мәліметтері не осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында көзделген салықтық өтінішті алған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде жүргізеді.
Ескерту. 168-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 10.12.2020 № 382-VI (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) Кедендік реттеу туралы Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы Әкімшілік рәсімдік-процестік Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы Экология Әлеуметтік кодекс Азаматтық Қылмыстық-процестік Қылмыстық Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарии) Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қазақстан Республикасы