11-бап. Меншiк нысанына қарамастан ұйымдардың қорғаныс саласындағы функциялары Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы Заңы
Меншiк нысанына қарамастан ұйымдар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес:
1) Қазақстан Республикасының азаматтық қорғанысы мен аумақтық қорғанысы iс-шараларын орындауға қатысады;
2) алып тасталды - ҚР 18.03.2019 № 237-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
3) алып тасталды - ҚР 18.03.2019 № 237-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
4) жұмылдыру кезеңiнде және соғыс жағдайында өздерінің меншігіндегі мүлiкті қорғаныс мұқтажы үшiн Қазақстан Республикасының Үкіметi белгілеген тәртiппен оның құнын кейiннен мемлекеттің өтеуiмен бередi;
5) өз қызметкерлерінің әскери мiндетін орындауы үшін қажетті жағдайлар жасайды;
6) арнаулы құралымдар құрады және оларды материалдық-техникалық құралдармен қамтамасыз етеді, сондай-ақ ведомстволық бағынысты объектілер болған кезде олардың инженерлік-техникалық нығайтылуы және диверсияға қарсы қауіпсіздігі жөніндегі іс-шараларды жүргізеді.
Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 7 қаңтардағы N 29 Заңы.
Осы Заң Қазақстан Республикасының қорғанысы мен Қарулы Күштерін ұйымдастыру саласындағы қоғамдық қатынастарды, елдiң қорғаныс қабiлетін қамтамасыз етудегі мемлекеттік органдардың функциялары мен өкiлеттіктерiн, азаматтар мен ұйымдардың қорғаныс саласындағы құқықтары мен мiндеттерін реттейдi.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы