69-бап. Бас бостандығын шектеу түріндегі жазасын өтеп жүрген сотталғандарды пробациялық бақылау Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексі
1. Бас бостандығын шектеу түрiндегi жазасын өтеп жүрген сотталған адамға пробациялық бақылауды оның тұратын жеріндегі пробация қызметі жүзеге асырады. Сотталған адамды тиісінше бақылауды қамтамасыз ету және оның тұрған жерi туралы ақпарат алу үшiн пробация қызметі тізбесін Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын электрондық бақылау құралдарын пайдалануға құқылы.
2. Пробациялық бақылаудағы бас бостандығын шектеуге сотталған адамды есепке қою кезінде пробация қызметі:
1) сотталған адамның тұрғылықты жерін, оның денсаулық жағдайын, білім деңгейін және еңбекпен қамтылуын анықтайды;
2) сотталған адамға әлеуметтiк-құқықтық көмек алу, оған қатысты пробациялық бақылауды жүзеге асыру және тоқтату тәртiбiн түсiндiредi, сондай-ақ тiркелу үшiн оның пробация қызметiне келетін күндерiн белгiлейдi;
3) сотталған адамға сот жүктеген мiндеттер мен мәжбүрлі еңбекті орындау, оларды орындамағаны, сондай-ақ пробациялық бақылау шарттары мен тәртiбiн бұзғаны үшiн жауаптылыққа тарту тәртiбiн түсiндiредi.
3. Сотталған адамға бірінші немесе екінші топтағы мүгедектік белгіленген кезде пробация қызметі сотқа – оны мәжбүрлі еңбектен босату туралы ұсыну, ал сотталған адам жүкті болған жағдайда жазасын өтеуін кейінге қалдыру туралы ұсыну жібереді.
4. Жазасын өтеуден жалтару мақсатында жасырынған сотталған адамға қатысты пробация қызметі бастапқы іздестіру іс-шараларын жүзеге асырады және оған іздестіру жариялау туралы сотқа ұсыну енгізеді.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы