10-бап. Әкiмшiлiк қадағалауды белгілеу, мерзімін ұзарту немесе шектеулердi өзгерту туралы сот қаулысын қадағалауға алынған адамға жариялау Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды әкiмшiлiк қадағалау туралы Заңы
Әкiмшiлiк қадағалауды белгілеу, оның мерзiмiн ұзарту немесе шектеулерiн өзгерту туралы сот қаулысын қадағалауға алынған адамға – қолын қойғыза отырып, iшкi iстер органының бастығы, ал қылмыстық-атқару жүйесі мекемесіндегі адамға мекеме бастығы жариялайды. Бұл ретте қадағалауға алынған адамға – оның мiндеттерi, әкiмшiлiк қадағалау қағидаларын бұзғаны үшiн жауаптылығы, ал әкімшілік қадағалау қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінен босатылар алдында белгіленген адамға таңдаған тұрғылықты жерiне белгілі бір мерзiмде келмегенi үшiн жауаптылығы түсiндiрiледi.
Әкiмшiлiк қадағалау белгіленген адам таңдаған тұрғылықты жерiне келмеген жағдайда, ішкі істер органы оның орналасқан жерін және оның келмеу себептерін анықтау жөніндегі бастапқы іс-шараларды жүргізеді.
Әкiмшiлiк қадағалау белгіленген адамның тұратын жері анықталмаған жағдайда, ішкі істер органы сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастайды, оған бұлтартпау шарасын таңдай отырып, іздестіру жариялайды.
Ескерту. 10-бап жаңа редакцияда - ҚР 18.04.2017 № 58-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР 12.07.2018 № 180-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Осы Заң бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асырылатын әкiмшiлiк қадағалаудың мазмұнын айқындайды және оны қолдану кезiндегi заңдылықтың құқықтық кепiлдiктерiнiң жүйесiн баянды етедi.
Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 15 шiлдедегi N 28 Заңы.
Қазақстан Республикасының Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы