73-1-бап. Бас бостандығынан айыру мерзімін шартты түрде қысқарту ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының
1. Бас бостандығынан айыруды өтеп жатқан адамның бір жыл ішінде тәртіптік жазасы болмаған кезде сот оны бас бостандығынан айырудың қалған өтелмеген мерзімін шартты түрде бір айға қысқартуға тиіс.
Сотталған адамға тәртіптік жаза қолданылған жағдайда бас бостандығынан айыру мерзімін шартты түрде қысқарту ол өтелген немесе алып тасталған күннен бастап бір жылдан кейін және сол кезеңде осы бапта көзделген талаптар сақталған кезде қолданылады.
Бас бостандығынан айыру мерзімін шартты түрде қысқарту қолданылғаннан кейін және сотталған адам осы бапта көзделген талаптарды сақтаған кезде осы шараның кезекті қолданылуы бір жылдан кейін жүзеге асырылады.
2. Бас бостандығынан айыру мерзімін шартты түрде қысқарту жазаны өтеу кезеңінде қылмыстық құқық бұзушылық жасаған сотталғандарға, өмір бойына бас бостандығынан айыруға сотталғандарға, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмысты кәмелетке толмаған адам он төрттен он сегізге дейінгі жастағы кәмелетке толмаған адамға қатысты жасаған жағдайларды қоспағанда, мұндай қылмыс үшін сотталғандарға, адамдардың қаза табуына алып келген не аса ауыр қылмыс жасаумен ұштасқан террористік немесе экстремистік қылмыс үшін сотталғандарға қатысты қолданылмайды.
3. Егер бас бостандығынан айыру мерзімін шартты түрде қысқарту (шартты түрде қысқартулар) қолданылған сотталған адам бас бостандығынан айыру жазасын өтеу кезеңінде қылмыстық құқық бұзушылық жасаса, сот:
1) үкімдердің жиынтығы бойынша жаза тағайындау қағидаларына сәйкес жаза тағайындау кезінде – қылмыстар бойынша;
2) жаза тағайындау кезінде – қылмыстық теріс қылықтар бойынша;
3) Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі 65-бабының бірінші бөлігі, 68-бабының бірінші және үшінші бөліктері, 78-бабының екінші және төртінші бөліктері негізінде сот немесе қылмыстық қудалау органы қылмыстық жауаптылықтан босатқан сотталған адамдарға қатысты – қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемесінің ұсынуы бойынша бас бостандығынан айыру мерзімін шартты түрде қысқартудың (шартты түрде қысқартулардың) күшін жояды.
4. Бас бостандығынан айыру мерзімін шартты түрде қысқарту (шартты түрде қысқартулар) сотталған адамды жазаны өтеуіне байланысты босату, шартты түрде мерзімінен бұрын босату, осы Кодекстің 73-бабының төртінші бөлігінде айқындалған тәртіппен жаза мерзімінің өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл жаза түрімен ауыстыру, жаза мерзімін қысқарту, қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің қауіпсіздігі барынша төмен мекемесіне ауыстыру жағдайларында жазаның өтелген мерзіміне қосылады.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер орғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы Декларация Жарлық Бұйрық Қаулы Шешім Баяндама Қорытынды Өтініш Конвенция Келісімшарт Меморандум Әдістеме Нормалар Нота Ережелер Бағдарлама Жарғы Мақала Түсініктеме Қарар Регламент Хаттама Жоба Жолдау