100-1-бап. Жекешелендіру объектісінің құны Мемлекеттік мүлік туралы Заңы
1. Жекешелендіру объектісінің алғашқы бағасы тәуелсіз консультанттар немесе бағалаушы ұсынған жекешелендіру объектісінің құнын бағалау туралы есептің негізінде айқындалады және оны мемлекеттік меншік объектілерін жекешелендіру мәселелері жөніндегі комиссия қандай құнның ең жоғары болатынына байланысты баланстық немесе бағалау құны мөлшерінде белгілейді.
Жекешелендіру объектілері, екінші және одан кейінгі сауда-саттықты өткізу жағдайларын қоспағанда, жекешелендіру объектісінің бастапқы бағасынан төмен болмайтын бастапқы баға бойынша сатуға қойылады.
2. Баланстық құны республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 2 500 000 еселенген мөлшерінен асатын акционерлік қоғамдар (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер) акцияларының мемлекетке тиесілі бақылау пакеттері (жарғылық капиталға қатысу үлестері) түріндегі жекешелендіру объектілерін бағалауды халықаралық бағалау стандарттарына сәйкес тәуелсіз консультанттар жүзеге асырады.
3. Осы баптың 2-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, жекешелендіру объектілерін бағалау Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады."
4. Сатушы жекешелендіру объектісінің құнын бағалауды жүргізу және (немесе) жекешелендіру объектілері бойынша мәмілені қолдау мақсатында тартатын заңды тұлғалар, оның ішінде шетелдік заңды тұлғалар немесе олардың бірлестіктері, бағалау және (немесе) инвестициялық қызметке және (немесе) қаржылық консультация беруге қатысушылар тәуелсіз консультанттар болып табылады.
5. Тәуелсіз консультанттар мен бағалаушыны тарту Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Тәуелсіз консультантты тарту мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.
6. Жекешелендіру объектісін сату бағасы өткізілген сауда-саттық нәтижелері бойынша белгіленеді.
Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы N 413-IV Заңы.
Осы Заң мемлекеттік мүліктің құқықтық режимін, мемлекеттік мүлікті, оның ішінде мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мүлікті және заңды тұлғалардың жарғылық капиталындағы мемлекетке тиесілі акциялар мен қатысу үлестерін басқарудың құқықтық негіздерін, мемлекеттік мүлікке құқықтарға ие болудың және оларды тоқтатудың құқықтық негіздерін айқындайды және мемлекеттің мемлекеттік мүлікке меншік иесінің құқықтарын және өзге де құқықтарды иеленушінің тиімді жүзеге асыруын қамтамасыз етуге бағытталған.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы