Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 241-бап. Биоәртүрлілік шығыны және биоәртүрлілік шығынының орнын толтыру Қазақстан Республикасының Экология кодексі

241-бап. Биоәртүрлілік шығыны және биоәртүрлілік шығынының орнын толтыру Қазақстан Республикасының Экология кодексі

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

241-бап. Биоәртүрлілік шығыны және биоәртүрлілік шығынының орнын толтыру Қазақстан Республикасының Экология кодексі 

      1. Биоәртүрлілік шығыны деп антропогендік әсер ету нәтижесінде белгілі бір аумақта (акваторияда) өсімдіктер әлемі және (немесе) жануарлар дүниесі түрінің жойылып кетуі немесе популяциясының елеулі түрде қысқаруы танылады.

      2. Биоәртүрлілік шығынының орнын толтыру биоәртүрліліктің тұрақты және ұзақ мерзімдік өсуіне бағдарлануға және:

      1) қызметті жүзеге асыру нәтижесінде жоғалған биоәртүрлілікті қалпына келтіру;

      2) сол аумақта (акваторияда) және (немесе) осындай биоәртүрлілік неғұрлым маңызды мәнге ие басқа аумақта (акваторияда) сондай немесе қоршаған орта үшін маңыздылығы кем емес басқа биоәртүрлілік түрін ендіру түрінде жүзеге асырылуға тиіс.

      3. Егер:

      1) бұл өсімдіктер әлемі және (немесе) жануарлар дүниесі объектілері немесе олардың сирек кездесетін немесе бірегей болып табылатын қоғамдастықтары бөлігінде биоәртүрлілік шығынына әкелетін болса және олардың жойылу және молықтырылуының мүмкін болмау тәуекелі болса;

      2) бұл өсімдіктер әлемі және (немесе) жануарлар дүниесі объектілері немесе олардың бірегей ландшафтың құрамдас бөлігі болып табылатын қоғамдастықтары бөлігінде биоәртүрлілік шығынына әкелетін болса және оның жойылу және қалпына келтірілуінің мүмкін болмау тәуекелі болса;

      3) бұл биоәртүрлілік шығынына әкелетін болса және экожүйелердің жай-күйін нашарлатпай биоәртүрлілік шығынының орнын толтыруға жарамды жағдайлары бар учаскелер болмаса;

      4) бұл биоәртүрлілік шығынына әкелетін болса және биоәртүрлілік шығынының орнын толтыруға арналған технологиялар немесе әдістер болмаса;

      5) бұл Балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қоспағанда, жануарлар дүниесінің биоәртүрлілігі шығынына әкелетін болса және биоәртүрлілік шығынының орнын толтыру өзге де себептермен мүмкін болмаса, құжатты немесе белгіленіп отырған қызметті іске асыруға жол берілмейді.

      4. Биоәртүрлілік шығынының орнын толтыру жөніндегі іс-шаралар міндетті түрде орындалуға жатады.

      5. Балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қоспағанда, жануарлар дүниесінің биоәртүрлілігі шығынының орнын толтыруды орындау тәртібін жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану жөніндегі уәкілетті орган айқындайды.

       Балық ресурстары мен басқа да су жануарларының биоәртүрлілігі шығынының орнын толтыруды орындау тәртібін балық шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган айқындайды.

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы