551-бап. Арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары бойынша талап қоюдың ескіру мерзімі бойынша өтпелі ережелер Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы кодексі
Осы Кодекстің 143-бабының қолданысы 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы бап мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
"143-бап. Арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар бойынша талап қоюдың ескіру мерзімі
1. Кеден органдарының талаптары немесе төлеушінің талабы бойынша:
1) кеден органы төлеушіге арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын есептеуге (есепке жазуға) немесе төлеуші есептеген олардың сомасын, сондай-ақ есепке жазылған өсімпұлдардың, пайыздардың сомасын қайта қарауға құқылы;
2) төлеуші кеден органдарынан Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың ережелерін ескере отырып, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының, өсімпұлдардың, пайыздардың, оның ішінде арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу бойынша міндеттің орындалуын қамтамасыз ету ретінде енгізілген аванстық төлемдердің сомаларын есепке жатқызуды жүргізуді және (немесе) қайтаруды талап етуге құқылы;
3) төлеуші кеден органдарынан кеден органының ақшаны уақытша орналастыру шотына енгізілген ақшаны қайтаруды және (немесе) алдағы кедендік баждарды, кедендік алымдарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын, өсімпұлдарды, пайыздарды төлеу есебінде бюджетке аударуды талап етуге құқылы;
4) төлеуші кеден органдарының талап етуі бойынша арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының, өсімпұлдардың, пайыздардың сомасын төлеуге міндетті;
5) төлеуші Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасына сәйкес кедендік декларацияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы өтініш жасауға құқылы болатын уақыт кезеңі талап қоюдың ескіру мерзімі болып табылады.
2. Кеден органдарының және төлеушілердің талаптары бойынша талап қоюдың ескіру мерзімі:
1) осы баптың 3-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, кедендік декларациялау мен тауарлар шығару аяқталған күннен бастап;
2) арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын ақшамен, оның ішінде аванстық төлемдер есебінен төлеу бойынша міндеттің орындалуын қамтамасыз ету кеден органында тіркелген күннен бастап есептелетін бес жылды құрайды.
3. Таңдап алынған кедендік рәсімге сәйкес кедендік бақылаудағы тауарлар бойынша кеден органы төлеуге жататын арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын, өсімпұлдарды, пайыздарды тауарлар кедендік бақылауда болатын мерзім ішінде және тауарлардың кедендік бақылауда болу мерзімі аяқталғаннан кейін бес жыл ішінде есептеуге немесе олардың сомаларын қайта қарауға құқылы.
4. Осы баптың 1-тармағында белгіленген талаптар бойынша талап қоюдың ескіру мерзімі өткен жағдайда:
1) кедендік бақылау жүргізу кезеңінде, оның ішінде тауарлар шығарылғаннан кейін – талап қоюдың ескіру мерзімі осындай кедендік бақылау жүргізу, кеден органының арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар бойынша берешекті өтегенге дейін кедендік бақылау жүргізу нәтижелері бойынша қабылдаған шешімін орындау мерзіміне ұзартылады.
2) төлеуші Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен кедендік тексеру нәтижелеріне және (немесе) уәкілетті органның шағымды қарау нәтижелері бойынша шығарған шешіміне, сондай-ақ кеден органының және (немесе) кеден органы лауазымды адамының шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасағанда – талап қоюдың ескіру мерзімі шағымды қарау және кеден органының шағымды қарау нәтижелері бойынша шығарған шешімін орындау мерзіміне, ал сот тәртібімен шағым жасалған жағдайда, сот талқылауын жүргізу және сот актісінің заңды күшіне ену мерзіміне ұзартылады.".
Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы Экология кодексі Әлеуметтік кодекс Азаматтық кодексi Қылмыстық-процестік кодексi, Қылмыстық кодекс, Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарии), Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қазақстан Республикасы