Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Халықаралық келісімдер / Өтпелі кезең ішінде арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын қолдану тәртібі туралы келісімді ратификациялау туралы

Өтпелі кезең ішінде арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын қолдану тәртібі туралы келісімді ратификациялау туралы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

 Өтпелі кезең ішінде арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын қолдану тәртібі туралы келісімді ратификациялау туралы 

Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 8 шілдедегі № 459-IV Заңы. 

      РҚАО-ның ескертпесі!       Бұл келісім Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарт күшіне енген күнінен бастап қолданылуын тоқтатады - ҚР 14.10.2014 N 240-V Заңымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 113-баптан қараңыз). 

      2010 жылғы 19 қарашада Санкт-Петербургте жасалған Өтпелі кезең ішінде арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын қолдану тәртібі туралы келісім ратификациялансын. 

Қазақстан Республикасының 

  

Президенті 

Н. Назарбаев 

  

 Өтпелі кезең ішінде арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын қолдану тәртібі туралы келісім (2012 жылғы 1 қаңтарда күшіне енді - Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары бюллетені, 2012 ж., N 1, 19-құжат) 

      Бұдан әрі Тараптар деп аталатын ЕурАзЭҚ шеңберінде Кеден одағына мүше мемлекеттердің үкіметтері, 

      үшінші елдермен саудада арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын келісіп қолдану және арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы баждарын есепке алу мен бөлу тәртібін айқындау мақсатында, 

      ұлттық өндірісті қорғауды, ұлттық және шетелдік тауар өндірушілер арасындағы бәсекелестікті дамытуға, сондай-ақ ұлттық өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ықпал ететін жағдай жасауды қамтамасыз етуге ниет білдіре отырып, 

       2008 жылғы 25 қаңтардағы Үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын қолдану туралы келісімнің, 2010 жылғы 20 мамырдағы Кеден одағында кедендік әкелу баждарын (балама мәні бар өзге баждарды, салықтар мен алымдарды) есепке алудың  және бөлудің тәртібін белгілеу мен қолдану туралы келісімнің ережелерін және Кеден одағының шарттық-құқықтық базасын қалыптастыратын өзге де құжаттарды, сондай-ақ халықаралық құқықтың жалпыға танылған нормалары мен қағидаттарын басшылыққа ала отырып, 

      төмендегілер туралы келісті: 

 1-бап 

      Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағына үшінші елдерден әкелінетін тауарлар импортына қатысты Кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес қолданылатын арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шаралары Кеден одағына мүше мемлекеттер өндірісінің жалпы көлемінде залал не залал қаупі белгіленген ұлттық өндірушілердің ұқсас (демпингке қарсы және өтемақылық тексерістердің мақсаттары үшін) не ұқсас немесе тікелей бәсекелес тауарлардың (арнайы қорғау тексерістерінің мақсаттары үшін) өндіріс үлесін белгілеу тұрғысынан қайта қарауға жатады. 

      Ұқсас (демпингке қарсы және өтемақылық тексерулердің мақсаттары үшін) не ұқсас немесе тікелей бәсекелес тауарлардың (арнайы қорғау тексерістерінің мақсаттары үшін) өндіріс көлемі осы Келісімге қол қою  күнінің алдындағы тікелей күнтізбелік 3 жылда өндірілген тауарлар көлемі ретінде айқындалады. 

      Барлық мүдделі тұлғаларға бір мезгілде хабарлай отырып, осындай қайта қарауды аумағында тиісті шара енгізілген Кеден одағына мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары жүргізеді. 

      Осы Келісімнің мақсаттары үшін Кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын қолдануды енгізу алдындағы тексерісті жүргізуге жауапты ұлттық органдар Кеден одағына мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары деп түсініледі. 

 2-бап 

      Егер осы Келісімнің 1-бабында көрсетілген Кеден одағына мүше мемлекеттің аумағында үшінші елдерден тауарлар импортына қатысты қолданылатын арнайы қорғау, демпингке қарсы немесе өтемақы шарасын қайта қарау нәтижелері бойынша ұқсас (демпингке қарсы және өтемақылық тексерістердің мақсаттары үшін) не ұқсас немесе тікелей бәсекелес тауарларды (арнайы қорғау тексерістерінің мақсаттары үшін) Кеден одағына мүше мемлекеттер өндірісі көлемінің едәуір бөлігі ұлттық өндірушілердің үлесіне тиесілі болса, бірақ оның жалпы көлемінің 25 пайызынан кем болмайды деп белгілі болса, онда үшінші елдерден тауар импортына қатысты мұндай шара Кеден одағы комиссиясының тиісті шешімі негізінде мұндай шараны қабылдаған Тарап белгілеген, шараның қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін Кеден одағының бірыңғай кедендік аумағында қолданылады. 

       Кеден одағының бірыңғай кедендік аумағында арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шарасын енгізу туралы Кеден одағы комиссиясының шешімі күшіне енген күннен бастап мұндай шараға қатысты қайта қарау нәтижелері бойынша құзыретті органның бастамасы немесе мүдделі тұлғаның өтініші бойынша 2008 жылғы 25 қаңтардағы Үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын қолдану туралы келісімге сәйкес қайта тексеру жүргізілуі мүмкін. 

       Осы баптың екінші абзацында көрсетілген қайта тексерістерге қатысты ең аз мерзімді айқындайтын және ол өткен соң демпингке қарсы немесе өтемақылық қайта тексеріс жүргізілуі мүмкін 2008 жылғы 25 қаңтардағы Үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын қолдану туралы келісімнің 17-бабы 4-тармағының және 27-бабы 4-тармағының ережелері қолданылмайды. 

      Қайта қарау нәтижелері бойынша Кеден одағының бірыңғай кедендік аумағында енгізілген шараға қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақылық қайта тексеріс жүргізуді тиісті ұлттық шараны қайта қарауды жүргізген Кеден одағына мүше мемлекеттің уәкілетті органы жүзеге асырады. 

 3-бап 

      Осы Келісімнің 1-бабында көрсетілген осы мемлекеттің аумағында үшінші елдерден тауарлар импортына қатысты қолданылатын арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын қайта қарауды жүргізетін Кеден одағына мүше мемлекеттің уәкілетті органы осындай қайта қарау нәтижелерін Кеден одағына мүше мемлекеттердің басқа уәкілетті органдарының қарауына ұсынады. 

      Кеден одағына мүше мемлекеттің уәкілетті органы осы мемлекеттің аумағында үшінші елдерден тауарлар импортына қатысты қолданылатын арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын қайта қарауды жүргізу кезінде оның жариялылығы мен ашықтығын қамтамасыз етеді және барлық мүдделі тұлғаларға осы қайта қарауды уәкілетті органы жүргізген Кеден одағына мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес осы мәселе бойынша өзінің түсіндірмесін ұсынуға мүмкіндік береді. 

 4-бап 

      Кеден одағының бірыңғай кедендік аумағында арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шарасын қолдану туралы Кеден одағы комиссиясының шешімі күшіне енген күннен бастап тиісті ұлттық шара өз қолданысын тоқтатады. 

 5-бап 

      Егер осы Келісімнің 1-бабында көрсетілген Кеден одағына мүше мемлекеттің аумағында үшінші елдерден тауарлар импортына қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын қайта қарау жөніндегі нәтижелері бойынша ұқсас (демпингке қарсы және өтемақылық тексерістердің мақсаттары үшін) не ұқсас немесе тікелей бәсекелес тауарларды (арнайы қорғау тексерістерінің мақсаттары үшін) ұлттық өндірушілердің үлесіне Кеден одағына мүше мемлекеттер өндірісі жалпы көлемінің 25 пайызынан кемі тиесілі деп белгіленсе, онда мұндай шара ұзартылмай, қолданылу Кеден одағына мүше тиісті мемлекеттің заңнамасына сәйкес оның мерзімі өткенге дейін қолданылуы мүмкін. 

 6-бап 

      Осы Келісімге қол қойылған күнге дейін аяқталған тексерістердің нәтижелері бойынша арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шаралары Кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес енгізіледі және осы Келісімнің 1, 2, 3, 5-баптарына сәйкес қайта қарауға жатады. 

       Тараптар осы Келісімге қол қойылған күнге дейін аяқтамаған тексерістерді 2008 жылғы 25 қаңтардағы Үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын қолдану туралы келісімнің ережелеріне сәйкес Кеден одағына мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары аяқтайды. 

      Тексеріс жүргізетін Кеден одағына мүше мемлекеттің уәкілетті органы өтінішті қолдаған Кеден одағына мүше мемлекеттердің ұқсас (демпингке қарсы және өтемақылық тексерістердің мақсаттары үшін) не ұқсас немесе тікелей бәсекелес тауарларды (арнайы қорғау тексерістерінің мақсаттары үшін) өндірушілердің Кеден одағына мүше мемлекеттер өндірісінің жалпы көлеміндегі үлесін белгілеуді жүзеге асырады. Егер нәтижесінде ұқсас (демпингке қарсы және өтемақылық тексерістердің мақсаттары үшін) не ұқсас немесе тікелей бәсекелес тауарларды (арнайы қорғау тексерістерінің мақсаттары үшін) осындай өндірушілердің үлесіне Кеден одағына мүше мемлекеттер өндірісі жалпы көлемінің кемінде 25 пайызы тиесілі деп белгіленсе, тексеріс жалғасады. 

 7-бап 

      Осы Келісімнің 1, 2, 3-баптарының ережелеріне сәйкес қайта қарауды жүргізу барысында және (немесе) Кеден одағының бірыңғай кедендік аумағында арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шаралары енгізілгеннен кейін: 

      Тараптар ұқсас (демпингке қарсы және өтемақылық тексерістердің мақсаттары үшін) не ұқсас немесе тікелей бәсекелес тауарларды (арнайы қорғау тексерістерінің мақсаттары үшін) ұлттық тұтынушылармен және өндірушілермен консультациялар жүргізеді; 

      Тараптар Кеден одағының бірыңғай кедендік аумағында осындай шаралар енгізуге байланысты мәселелер бойынша тұтынушылар мен өндірушілер арасында консультациялар жүргізу мүмкіндігін қамтамасыз етеді; 

      Тараптардың әрқайсысы Кеден одағына мүше басқа мемлекеттердің тұтынушыларына мұндай Тарап мемлекетінің аумағында өндірілетін, Кеден одағының бірыңғай кедендік аумағында Тараптар осындай шаралар енгізетін тауарларға қолжетімділіктің кемсітпейтін шарттарын қамтамасыз етеді. 

      Кеден одағының комиссиясы мүдделі Тараптың ұсынысы бойынша осы бапты қолдануға байланысты мәселелерді қарайды және Кеден одағы комиссиясының қағидалары мен рәсімдеріне сәйкес қажетті шешімдер қабылдайды. 

 8-бап 

      Осы Келісімнің 1, 2, 3-баптарының ережелеріне сәйкес қайта қарауды жүргізу барысында Кеден одағының комиссиясы қайта қарауға байланысты мүдделері қозғалатын шет мемлекеттермен және экспорттаушылармен консультациялар өткізуді қамтамасыз етеді. 

 9-бап 

       Тексерістерді, оның ішінде қайта тексерістерді, Кеден одағының комиссиясы тиісті шешім қабылдағанға дейін 2008 жылғы 25 қаңтардағы Үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын қолдану туралы Келісімнің ережелеріне сәйкес, оның ішінде өз бастамалары бойынша Кеден одағына мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары жүргізеді. Бұл ретте мұндай тексерістер жүргізу туралы өтініштер, Келісімнің осы бабында көрсетілген ережелерге сәйкес Кеден одағына мүше мемлекеттер экономикасы саласының атынан Кеден одағына мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарына ұсынылады. 

      Арнайы қорғау, демпингке қарсы немесе өтемақы шараларын қолдану туралы өтініш, сондай-ақ арнайы қорғау, демпингке қарсы немесе өтемақылық қайта тексерістер жүргізу туралы өтініш, аумағында ұқсас немесе тікелей бәсекелес (арнайы қорғау тексерістерінің мақсаттары үшін) немесе ұқсас (демпингке қарсы және өтемақылық тексерістердің мақсаттары үшін) тауар өндірушілер тіркелген Кеден одағына мүше мемлекеттің уәкілетті органына беріледі. 

      Егер өндірушілер Кеден одағына мүше бірнеше мемлекетте тіркелсе, онда мұндай өтініш аумағында өтініш беретін немесе олардың атынан өтініш берілетін, үлесіне тиісінше ұқсас немесе тікелей бәсекелес тауар немесе ұқсас тауар өндірушілер өндірісі жиынтық көлемінің қомақты бөлігі тиесілі өндірушілер тіркелген Кеден одағына мүше мемлекеттің уәкілетті органына беріледі. 

      Кеден одағының комиссиясы Кеден одағына мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарының арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын енгізу алдындағы тексерістер жүргізуі мен тексеріс нәтижелері бойынша Кеден одағының комиссиясына ұсыныстар енгізуі регламентін бекітеді. 

      Үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы немесе өтемақы шараларын енгізу алдындағы тексерулердің мақсаттары үшін пайдаланылатын мәліметтерді қалыптастыру тәртібін Тараптар жеке айқындайды. 

       Тексерістер мен Кеден одағының бірыңғай кедендік аумағында енгізілген қайта қарауларды жүргізу кезінде Кеден одағына мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары жүргізілетін рәсімдердің жариялылығы мен ашықтығын қамтамасыз етеді, сондай-ақ мүдделі тұлғаларға 2008 жылғы 25 қаңтардағы Үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын қолдану туралы келісімге сәйкес өз түсіндірмелерін Кеден одағына мүше мемлекеттің тексеріс жүргізген уәкілетті органына ұсыну мүмкіндігін береді. 

 10-бап 

      Кеден одағына мүше мемлекеттердің кеден ісі, мемлекеттік статистиканы жүргізу, салық салу және заңды тұлғаларды тіркеу саласында уәкілеттік берілген мемлекеттік билік (басқару) органдары, Кеден одағына мүше мемлекеттердің басқа мемлекеттік билік (басқару) органдары мен мемлекеттік биліктің (басқарудың) аумақтық (жергілікті) органдары үшінші елдерден келген тауарларға қатысты тексеріс жүргізуде жәрдем көрсетеді және Кеден одағына мүше мемлекеттердің  уәкілетті органдарына тексеріс жүргізу мақсатында қажетті мәліметтерді, оның ішінде құпия ақпаратты қамтитын мәліметтерді береді. 

      Кеден одағына мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарына берілетін ақпарат осындай ақпарат сұратылған мақсаттар үшін ғана пайдаланылуы мүмкін. 

 11-бап 

      Мүдделі тұлғаның Кеден одағына мүше мемлекеттердің уәкілетті органына беретін ақпараты осы тұлға мұндай ақпараттың құпиясын ашу үшінші тұлғаға бәсекелестік артықшылық беретінін не мұндай ақпаратты берген тұлға үшін немесе олар осындай ақпарат алған тұлғаны қолайсыз салдарға әкеп соқтыратынын растайтын негіздемелерді ұсынған жағдайда құпия ретінде қаралады. 

      Құпия ақпарат әрбір Тараптар мемлекетінің заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, оны берген мүдделі тұлғаның рұқсатынсыз жария етілмейді. 

      Тексеріс жүргізу барысында алынатын құпия ақпарат Кеден одағына мүше мемлекеттердің ұлттық заңнамасына сәйкес қорғалуға жатады. 

      Құпия ақпаратты беретін мүдделі тұлғалар онымен бірге мұндай ақпараттың құпия емес нұсқасын беруге міндетті. Құпия емес нұсқа құпия түрде берілген ақпараттың мәнін түсіну үшін жеткілікті түрде толық болуға тиіс. 

      Ерекше жағдайларда мүдделі тұлғалар құпия емес нұсқаны берудің мүмкін еместігінің себебін ашып көрсетіп, құпия ақпаратты құпия емес түрде берудің мүмкін еместігінің негіздемесін беруі мүмкін. 

      Егер Кеден одағына мүше мемлекеттердің уәкілетті органы мүдделі тұлға берген негіздеме берілген ақпаратты құпия ақпаратқа жатызуға мүмкіндік бермейді деп белгілесе не құпия ақпараттың құпия емес нұсқасын бермеген мүдделі тұлға құпия ақпаратты құпия емес түрде берудің мүмкін еместігінің негіздемесін бермесе немесе құпия ақпаратты құпия емес түрде берудің мүмкін еместігіне негіздеме болып табылмайтын мәліметтер берсе, Кеден одағына мүше мемлекеттердің уәкілетті органы бұл ақпаратты есепке алмауы мүмкін. 

      Кеден одағына мүше мемлекеттің уәкілетті органының лауазымды адамдары және құпия ақпаратқа рұқсаты бар басқа адамдар құпия ақпаратты жария еткендігі үшін уәкілетті орган орналасқан мемлекеттің заңнамасында көзделген жауаптылықта болады. 

 12-бап 

      Кеден одағының комиссиясы Кеден одағының бірыңғай кедендік аумағына үшінші елдерден тауарлар импортына қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын енгізгенге дейін Кеден одағына мүше мемлекеттер, егер осы Келісімде және Кеден одағы комиссиясының шешімдерінде өзгеше көзделмесе, Кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес бұрын енгізілген арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын қолданады. 

 13-бап 

      Арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы баждарын, оның ішінде ұлттық деңгейде белгіленген алдын ала (уақытша) арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы баждарын төлеу, шешімі бойынша осы баждар қолданылатын Кеден одағына мүше мемлекеттің ұлттық заңнамасына  сәйкес жүзеге асырылады. 

 14-бап 

       Кеден одағы комиссиясының арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шарасын қолдану туралы шешімі күшіне енген күннен бастап арнайы, демпингке қарсы және өтемақы баждарының (алдын ала арнайы, демпингке қарсы және өтемақы баждарын қоспағанда) сомасы Кеден одағының Кеден кодексінде және 2010 жылғы 20 мамырдағы Кеден одағында кедендік әкелу баждарын (балама мәні бар өзге баждарды, салықтар мен алымдарды) есепке алудың және бөлудің тәртібін белгілеу мен қолдану туралы келісімде айқындалған және кедендік әкелу баждары үшін көзделген тәртіппен есепке алуға және бөлуге жатады. 

      Арнайы, демпингке қарсы және өтемақы баждары өзге төлемдерді төлеу есебіне жатқызылмайды. 

      Арнайы, демпингке қарсы және өтемақы баждарын төлеу шотына салықтар мен алымдар, сондай-ақ Кеден одағына мүше мемлекет бюджетінің атқарылуына кассалық қызметтер көрсететін мемлекеттік органның бірыңғай шотына түскен өзге де төлемдер (кедендік әкелу баждарын қоспағанда) есепке жатқызылуы мүмкін. 

      Арнайы, демпингке қарсы және өтемақы баждарын төлеу Кеден одағына мүше мемлекеттің ұлттық заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. 

       Кеден одағы комиссиясының тиісті тексерістердің нәтижелері бойынша арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шарасын қолдану туралы шешімі күшіне енген күннен бастап алдына ала арнайы, демпингке қарсы немесе өтемақы бажының төленген сомасы (2008 жылғы 25 қаңтардағы Үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын қолдану туралы келісімде белгіленген жағдайларда толық немесе ішінара) Кеден одағының Кеден кодексінде және 2010 жылғы 20 мамырдағы Кеден одағында кедендік әкелу баждарын (балама мәні бар өзге баждарды, салықтар мен алымдарды) есепке алудың және бөлудің тәртібін белгілеу мен қолдану туралы келісімде айқындалған және кедендік әкелу баждары үшін көзделген тәртіппен есепке жатқызылуға және бөлуге жатады. 

      Егер тексеріс нәтижелері бойынша арнайы, демпингке қарсы немесе өтемақы шарасын енгізу үшін негіздеменің жоқ екендігі белгілі болса, алдына ала арнайы, демпингке қарсы немесе өтемақы бажының төленген сомасы төлеушіге қайтарылуға жатады. 

       Тексерістің алдын ала нәтижелеріне сәйкес қабылданатын алдын ала арнайы, демпингке қарсы және өтемақы баждарын төлеу үшін енгізілетін ақша қаражатын қайтару (2008 жылғы 25 қаңтардағы Үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын қолдану туралы келісімде белгіленген жағдайларда толық немесе  ішінара) кеден органдары алдын ала арнайы, демпингке қарсы немесе өтемақы баждарын өндіріп алған Кеден одағына мүше мемлекеттің заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады. 

      Егер демпингке қарсы немесе өтемақы шарасының қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты қайта тексеріс жүргізу шеңберінде тиісті шараны қолдану уақытша ұзартылса, осындай қайта тексеріс аяқталғанға дейін қолданылатын демпингке қарсы және өтемақы баждары осы Келісімде белгіленген тәртіппен алдын ала демпингке қарсы және өтемақы шараларын төлеу үшін төленеді. 

      Егер жүргізілу уақытына демпингке қарсы немесе өтемақы шарасын қолдану ұзартылған қайта тексеріс нәтижелері бойынша тиісті шараның қолданылу мерзімін ұзарту үшін негіздеменің жоқ екендігі белгілі болса, тиісті шараны қолдану ұзартылған мерзім ішінде өндіріп алынған демпингке қарсы немесе өтемақы бажының сомасы алдын ала демпингке қарсы және өтемақы баждарын қайтару үшін белгіленген тәртіппен төлеушіге қайтарылуға жатады. 

       Төлеушіге артық төленген (артық өндіріп алынған) арнайы, демпингке қарсы және өтемақы баждарын қайтару Кеден одағына мүше мемлекет бюджетінің атқарылуына кассалық қызметтер көрсетуді жүзеге асыратын органның бірыңғай шотынан кедендік әкелу баждарын қайтару үшін 2010 жылғы 20 мамырдағы Кеден одағында кедендік әкелу баждарын (өзге баждарды, балама әрекеті бар салықтар мен алымдарды) есепке алудың және бөлудің тәртібін белгілеу мен қолдану туралы келісімде белгіленген ерекшеліктер ескеріле отырып, кеден органдары арнайы, демпингке қарсы немесе өтемақы бажын өндіріп алған Кеден одағына мүше мемлекеттің заңнамасында кедендік баждардың артық төленген сомасын қайтару үшін белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады. 

 15-бап 

      Тараптар Кеден одағы комиссиясының тексерістер жүргізу, оның ішінде Кеден одағы комиссиясының тиісті органын құру және (немесе) айқындау жолымен жүргізу жөніндегі функцияларды жүзеге асыру тәртібін және құпия ақпаратпен жұмыс істеу тәртібін айқындайды. 

 16-бап 

      Уәкілетті органдар мен үшінші елдердің шаруашылық субъектілерінің, сондай-ақ Кеден одағына мүше мемлекеттердің шаруашылық субъектілерінің талап-арыздарын қарау үшін өкілеттіктер берілген сот жеке халықаралық шартпен айқындалады. 

      Тараптар арасындағы осы Келісімді түсіндіруге және (немесе) қолдануға байланысты даулар мен келіспеушіліктер мүдделі Тараптардың консультациялары немесе келіссөздері арқылы шешіледі. Келісімге қол жеткізілмеген жағдайда дау мүдделі тараптардың кез келгенінің бастамасы бойынша Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Сотына қарауға беріледі. 

 17-бап 

      Тараптардың уағдаластықтары бойынша осы Келісімге жекелеген хаттамалармен ресімделетін өзгерістер енгізілуі мүмкін. 

 18-бап 

      Осы Келісім қол қойылған күнінен бастап уақытша қолданылады, ратификациялауға жатады және депозитарий соңғы ратификациялау грамотасын алған күннен бастап күшіне енеді. 

      2010 жылғы 19 қарашада Санкт-Петербург қаласында орыс тілінде бір түпнұсқа данада жасалды. 

      Осы Келісімнің түпнұсқа данасы осы Келісімнің депозитарийі болып табылатын, оның куәландырылған көшірмесін әрбір Тарапқа жіберетін Кеден одағының комиссиясында сақталады. 

       Беларусь             Қазақстан               Ресей            Республикасының       Республикасының        Федерациясының              Үкіметі үшін          Үкіметі үшін          Үкіметі үшін 

      Осы мәтіннің 2010 жылғы 19 қарашада Санкт-Петербург қаласында қол қойылған Өтпелі кезең ішінде арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын қолдану тәртібі туралы келісімінің толық және түпнұсқалық көшірмесі болып табылатындығын растаймын: 

      Беларусь Республикасының Үкіметі үшін - Беларусь Республикасының Премьер-Министрі С.С.Сидорский; 

      Қазақстан Республикасының Үкіметі үшін - Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.Қ.Мәсімов; 

      Ресей Федерациясының Үкіметі үшін - Ресей Федерациясы Үкіметінің төрағасы В.В.Путин. 

      Түпнұсқа данасы Кеден одағының комиссиясында сақталады. 

            Барлығы тігілгені, қол қойылғаны 

       және мөр соғылғаны 14 парақ.     

Кеден одағы Комиссиясының 

  

Хатшылығы Құқық департаментінің 

  

директоры 

Н.Б.Слюсарь 

  

      2010 жылғы 19 қарашадағы Санкт-Петербург қаласында қол қойылған Өтпелі кезең ішінде арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын қолдану тәртібі туралы келісімнің куәландырылған көшірмесінің куәландырылған көшірмесі екендігін растаймын. 

Қазақстан Республикасы 

  

Сыртқы істер министрлігі 

  

Халықаралық құқық департаментінің 

  

Басқарма бастығы 

Б. Пискорский 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы  

Тұрғынжайды жекешелендіруден бас тарту туралы және тұрғынжайды жекешелендіруге рұқсат беру міндетін жүктеу туралы тұрғын үй комиссиясының шешімін заңсыз деп тану туралы

Тұрғынжайды жекешелендіруден бас тарту туралы және тұрғынжайды жекешелендіруге рұқсат беру міндетін жүктеу туралы тұрғын үй комиссиясының шешімін заңсыз деп тану туралы№6001-2...

Толық оқу »

Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкi арасындағы "Ауыл шаруашылығын жекешелендiруден кейiнгi қолдау" жобасының екiншi кезеңiн дайындауға грант бөлу туралы келiсiм-хатты бекiту туралы

Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкi арасындағы "Ауыл шаруашылығын жекешелендiруден кейiнгi қолдау" жобасының екiншi кезеңiн дайындауға грант бөлу...

Толық оқу »

13-бап. Жалдаушының мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы тұратын тұрғын үйiне жекешелендiру тәртiбiмен меншiк құқығын алуы Тұрғын үй қатынастары туралы Заңы

13-бап. Жалдаушының мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы тұратын тұрғын үйiне жекешелендiру тәртiбiмен меншiк құқығын алуы Тұрғын үй қатынастары туралы Заңы     1. Осы Заңда көздел...

Толық оқу »

Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді өтеусіз жекешелендіру туралы оң шешім қабылдауға мәжбүрлеу туралы

Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді өтеусіз жекешелендіру туралы оң шешім қабылдауға мәжбүрлеу туралы2025 жылғы 03 сәуірдегі №6001-24-00-6ап/2826Талапкер: К. А.Жауапкерл...

Толық оқу »

Тұрғынжайларды жекешелендіру мәселелеріне, қызметтік тұрғынжай беру үшін тұрғынжайға мұқтаж деп тану мәселелеріне байланысты өзге де тұрғын үй даулары

Тұрғынжайларды жекешелендіру мәселелеріне, қызметтік тұрғынжай беру үшін тұрғынжайға мұқтаж деп тану мәселелеріне байланысты өзге де тұрғын үй дауларыТалап қоюлар санының ұлға...

Толық оқу »

Әскери қызметшілерге тұрғын үй беру, жекешелендіруге жатпайтын қызметтік тұрғын үйді өтеусіз жекешелендіру құқығының орнына өтемақы өндіріп алу

Әскери қызметшілерге тұрғын үй беру, жекешелендіруге жатпайтын қызметтік тұрғын үйді өтеусіз жекешелендіру құқығының орнына өтемақы өндіріп алуОсы санаттағы істер талап қою тә...

Толық оқу »

Әскери қызметшілердің тұрғынжайды жекешелендіру құқығын өтеуге байланысты талап қоюлары

Әскери қызметшілердің тұрғынжайды жекешелендіру құқығын өтеуге байланысты талап қоюларыТалап қоюлар санының ұлғаюының себебі өтініш берушілердің (халықтың әлеуметтік жағынан о...

Толық оқу »

Азаматтардың мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй-жайларды жекешелендіру жөніндегі заңнаманы қолдану сот практикасы туралы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулысы 1997 жылғы 18 шiлдедегi N 9.

Азаматтардың мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй-жайларды жекешелендіру жөніндегі заңнаманы қолдану сот практикасы туралыҚазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік...

Толық оқу »

Қызметтік тұрғын үй, оның ішінде жабық және оқшауланған әскери қалашықтарда, шекара заставаларында және комендатураларда орналасуы салдарынан өтеусіз жекешелендіруге жатпайды

Қызметтік тұрғын үй, оның ішінде жабық және оқшауланған әскери қалашықтарда, шекара заставаларында және комендатураларда орналасуы салдарынан өтеусіз жекешелендіруге жатпайды"...

Толық оқу »

Пәтерді жекешелендіруден бас тарту туралы әкімдік қаулысының күшін жою және заңсыз деп тану туралы өтініш

Пәтерді жекешелендіруден бас тарту туралы әкімдік қаулысының күшін жою және заңсыз деп тану туралы өтінішТалапкер інісімен бірге 10 жыл бойы мемлекеттік тұрғын үй қорының пәте...

Толық оқу »

Меншік құқығын тоқтату, пәтерді сатып алу-сату мәмілелерін жарамсыз деп тану және пәтерді коммуналдық меншікке беру, сенімхаттарды, жекешелендіру шартының мұрағаттық көшірмесін және пәтерді сатып алу-сату және көшіру шарттарын жарамсыз деп тану

Меншік құқығын тоқтату, пәтерді сатып алу-сату мәмілелерін жарамсыз деп тану және пәтерді коммуналдық меншікке беру, сенімхаттарды, жекешелендіру шартының мұрағаттық көшірмесі...

Толық оқу »

Тұрғын үйді жекешелендіру, тұрғын үйге мұқтаж деп тану және қызметтік тұрғын үй беру жөніндегі тұрғын үй даулары

Тұрғын үйді жекешелендіру, тұрғын үйге мұқтаж деп тану және қызметтік тұрғын үй беру жөніндегі тұрғын үй дауларыЗаңның 13-бабының 9-тармағына сәйкес азаматтар Қазақстан Респуб...

Толық оқу »

119-3-бап. Бұрын тұрғынжайды жекешелендірген Қазақстан Республикасы азаматтарының мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды жекешелендіру ерекшеліктері Тұрғын үй қатынастары туралы Заңы

119-3-бап. Бұрын тұрғынжайды жекешелендірген Қазақстан Республикасы азаматтарының мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды жекешелендіру ерекшеліктері Тұрғын үй қаты...

Толық оқу »

Ақшалай өтемақыға және/немесе өтеусіз жекешелендіру құқығына байланысты талап қоюлар

Ақшалай өтемақыға және/немесе өтеусіз жекешелендіру құқығына байланысты талап қоюларАқшалай өтемақы төлеу тәртібі Заңның 101-2-бабының 4-тармағымен, Әскери қызмет туралы заңны...

Толық оқу »

Өтеусіз жекешелендіруден бас тарту туралы шешімді заңсыз деп тану және оның күшін жою, қолайлы акт шығаруға мәжбүрлеу туралы

Өтеусіз жекешелендіруден бас тарту туралы шешімді заңсыз деп тану және оның күшін жою, қолайлы акт шығаруға мәжбүрлеу туралы№6001-23-00-6ап/97 17.08.2023 ж.Талапкер: Н.Е.Жауап...

Толық оқу »

Тұрғын үйді жекешелендіруден бас тарту, тұрғын үйді жекешелендіруге мәжбүрлеу туралы тұрғын үй комиссиясының шешімін заңсыз деп тану және күшін жою туралы

Тұрғын үйді жекешелендіруден бас тарту, тұрғын үйді жекешелендіруге мәжбүрлеу туралы тұрғын үй комиссиясының шешімін заңсыз деп тану және күшін жою туралы№6001-23-00-6ап/381 1...

Толық оқу »

Шаруа қожалығын жүргізуге арналған жерді меншік құқын тануды, жекешелендіру жайлы талап

Шаруа қожалығын жүргізуге арналғанжердіменшік құқын тануды,жекешелендіру жайлыталапВнимание! Юридическая компания Закон и Право, обращает ваше внимание на то, что данный докум...

Толық оқу »

Пәтерді жекешелендіру жөніндегі тұрғын үй комиссиясының іс-әрекеттеріне дау айту және іс-әрекеттерін тану туралы өтініш

Пәтерді жекешелендіру жөніндегі тұрғын үй комиссиясының іс-әрекеттеріне дау айту және іс-әрекеттерін тану туралы өтінішНазар аударыңыз! Заң және құқық заң компаниясы Сіздің на...

Толық оқу »

Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта құру және Даму Банкi арасындағы 1998 жылғы 23 маусымдағы Несие жөнiндегi келiсiмдi (Ауыл шаруашылығына жекешелендiруден кейiнгi қолдау жасау жобасы) бекiту туралы Жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу туралы Заңы

Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта құру және Даму Банкi арасындағы 1998 жылғы 23 маусымдағы Несие жөнiндегi келiсiмдi (Ауыл шаруашылығына жекешелендiруден кейiнгi қо...

Толық оқу »

241-бап. Биоәртүрлілік шығыны және биоәртүрлілік шығынының орнын толтыру Қазақстан Республикасының Экология кодексі

241-бап. Биоәртүрлілік шығыны және биоәртүрлілік шығынының орнын толтыру Қазақстан Республикасының Экология кодексі 1. Биоәртүрлілік шығыны деп антропогендік әсер ету нәтижесі...

Толық оқу »

96-бап. Жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысы құқығын іске асыру және еңбек шарты тоқтатылған кезде өтемақы төлеу Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі

96-бап. Жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысы құқығын іске асыру және еңбек шарты тоқтатылған кезде өтемақы төлеу Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі      1. Еңбек шарт...

Толық оқу »

25-бап. Дипломатиялық қызмет персоналына берiлетiн кепiлдiктер мен өтемақылар Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі туралы Заңы

25-бап. Дипломатиялық қызмет персоналына берiлетiн кепiлдiктер мен өтемақылар Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі туралы Заңы     1. Дипломатиялық қызмет персоналы...

Толық оқу »

Пайдаланылмаған еңбек демалысы үшін өтемақы төлей отырып, жалақыны өндіріп алу

Пайдаланылмаған еңбек демалысы үшін өтемақы төлей отырып, жалақыны өндіріп алуҚазақстан Республикасының Еңбек заңнамасы Қазақстан Республикасы Конституциясына негізделеді және...

Толық оқу »

162-бап. Кеден қоймасы кедендік рәсімімен орналастырылатын (орналастырылған) тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төлеу жөніндегі міндеттің туындауы және тоқтатылуы, оларды төлеу мерзімі және есептеу Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі

162-бап. Кеден қоймасы кедендік рәсімімен орналастырылатын (орналастырылған) тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төл...

Толық оқу »

"Орталық Азия - Қытай" форматы Хатшылығы лауазымды адамдарының ақшалай қамтылымы, кепілдіктері және өтемақылары туралы ережеге қол қою туралы

"Орталық Азия - Қытай" форматы Хатшылығы лауазымды адамдарының ақшалай қамтылымы, кепілдіктері және өтемақылары туралы ережеге қол қою туралыҚазақстан Республикасы Президентін...

Толық оқу »

Еңбек шартын бұзу туралы бұйрықты, бұрынғы лауазымын қалпына келтірудіе, жалақысын өндіріп алуды және моральдық зиянды өтеуді даулауға байланысты еңбек даулары бойынша Соттылық

Еңбек шартын бұзу туралы бұйрықты, бұрынғы лауазымын қалпына келтірудіе, жалақысын өндіріп алуды және моральдық зиянды өтеуді даулауға байланысты еңбек даулары бойынша Соттылы...

Толық оқу »

56-бап. Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі персоналының кепілдіктері мен өтемақылары Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы

56-бап. Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі персоналының кепілдіктері мен өтемақылары Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы Қазақстан Республикасыны...

Толық оқу »

119-бап. Кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар бойынша берешекті өндіріп алуды жүзеге асыратын кеден органы Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы кодексі

119-бап. Кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар бойынша берешекті өндіріп алуды жүзеге асыратын кеден органы Қазақстан Рес...

Толық оқу »

13-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі Жәбірленушілерге өтемақы қоры туралы Заңы

13-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібіЖәбірленушілерге өтемақы қоры туралы Заңы      Осы Заң, 2018 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін 10-баптың 1-тармағының 1...

Толық оқу »

554-бапқа түсініктеме. Төленген (өндіріп алынған) кедендік баждарды, кедендік алымдарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын, аванстық төлемдерді тиісті негіздерсіз қайтаруға, төлемдер мен өзге де өтемақыларды алуға не оларды Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексін қайтармауға бағытталған іс-әрекеттер

554-бапқа түсініктеме. Төленген (өндіріп алынған) кедендік баждарды, кедендік алымдарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын, аванстық төлемдерді тиісті негі...

Толық оқу »

8-бап. Жәбірленушілерге өтемақы тағайындау тәртібі Жәбірленушілерге өтемақы қоры туралы Заңы

8-бап. Жәбірленушілерге өтемақы тағайындау тәртібіЖәбірленушілерге өтемақы қоры туралы Заңы      1. Адам жәбірленуші деп танылғаннан кейін ол қылмыстық қудалау функцияларын жү...

Толық оқу »

Жалақыны, ақшаны мақсатсыз пайдаланғаны үшін айыппұлдар, өндірістік жарақат үшін моральдық зиянды өндіріп алу немесе өтеу туралы

Жалақыны, ақшаны мақсатсыз пайдаланғаны үшін айыппұлдар, өндірістік жарақат үшін моральдық зиянды өндіріп алу немесе өтеу туралыТалапкер Б.Ш. С-касов Ақмола облысының Көкшетау...

Толық оқу »

6-бап. Өтемақы алуға құқығы бар жәбірленушілер Жәбірленушілерге өтемақы қоры туралы Заңы

6-бап. Өтемақы алуға құқығы бар жәбірленушілерЖәбірленушілерге өтемақы қоры туралы Заңы 1. Өтемақы: 1) сексуалдық зорлық-зомбылықпен байланысты қылмыстар бойынша жәбірленушіле...

Толық оқу »

15-16-бап. Уәкілетті органның жұмыскерлеріне іссапарлар кезіндегі кепілдіктер мен өтемақылар Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы Заңы

15-16-бап. Уәкілетті органның жұмыскерлеріне іссапарлар кезіндегі кепілдіктер мен өтемақылар Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы...

Толық оқу »

52-2-бап. Жәбірленушілерге өтемақы қорына түсетін түсімдер Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі

52-2-бап. Жәбірленушілерге өтемақы қорына түсетін түсімдер Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі Күші жойылды-Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 15 наурыздағы № 171-VIII...

Толық оқу »

Азаматтың ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіргені және заңды тұлғаның іскерлік беделіне нұқсан келтіргені үшін моральдық зиянды өтеу

Азаматтың ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіргені және заңды тұлғаның іскерлік беделіне нұқсан келтіргені үшін моральдық зиянды өтеуБарлық материалдық емес игіліктер м...

Толық оқу »

174-бап. Тауарларды уақытша сақтау кезінде кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндеттің туындауы мен тоқтатылуы, оларды төлеу мерзімі және есептеу Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы кодексі

174-бап. Тауарларды уақытша сақтау кезінде кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндеттің туындауы мен тоқтатылуы, ол...

Толық оқу »

233-бап. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағы арқылы тасымалдау (тасу) кезінде кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастырылатын (орналастырылған) шетелдік тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндеттің туындауы және тоқтатылуы, оларды төлеу мерзімі және есептеу Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы кодексі

233-бап. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағы арқылы тасымалдау (тасу) кезінде кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастырылатын (орналастырылған) шетелдік тауар...

Толық оқу »

Кедендік транзиттің кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды тасымалдау (тасу) кезінде кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз етуді қолданудың ерекшеліктері туралы келісімді ратификациялау туралы

Кедендік транзиттің кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды тасымалдау (тасу) кезінде кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі мінд...

Толық оқу »

551-бап. Арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары бойынша талап қоюдың ескіру мерзімі бойынша өтпелі ережелер Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы кодексі

551-бап. Арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары бойынша талап қоюдың ескіру мерзімі бойынша өтпелі ережелер Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы кодексі      О...

Толық оқу »

23-бап. Айыптың жекелеген құрамына немесе бiр оқиғасына қатысты ақталған адамдардың осы Заңның 22-бабында көзделген өтемдi алу құқын, осылардың талап ету жөнiндегi өтiнiшi бойынша, ақталу туралы шешiм қабылдаған сот белгiлейдi. Жаппай саяси қуғын-сүргiндер құрбандарын ақтау туралы Қазақстан Республикасының Заңы

23-бап. Айыптың жекелеген құрамына немесе бiр оқиғасына қатысты ақталған адамдардың осы Заңның 22-бабында көзделген өтемдi алу құқын, осылардың талап ету жөнiндегi өтiнiшi бой...

Толық оқу »

556-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің белгіленген мерзімдерінде кедендік баждардың, салықтардың, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының, өсімпұлдардың, пайыздардың тиесілі сомаларын төлеу туралы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс органының талабын орындамау

556-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің белгіленген мерзімдерінде кедендік баждардың, салықтардың, арнайы, демпингке қарсы...

Толық оқу »

199-бап. Қайта өңдеу өнімдерін ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен орналастыру кезінде оларға қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын есептеу және төлеу ерекшеліктері Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі

199-бап. Қайта өңдеу өнімдерін ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен орналастыру кезінде оларға қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем...

Толық оқу »

Жер учаскесін сатып алу шартын жарамсыз деп тану, мемлекет кірісіне алынған жер учаскесі үшін төленген өтемақы сомасын өндіріп алу

Жер учаскесін сатып алу шартын жарамсыз деп тану, мемлекет кірісіне алынған жер учаскесі үшін төленген өтемақы сомасын өндіріп алуМемлекеттік органның бағалау қызметін жүргізу...

Толық оқу »

139-бап. Арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы кодексі

139-бап. Арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы кодексі      1. Арнай...

Толық оқу »

555-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын, кедендік алымдарды, проценттерді төлеу мерзімдерін бұзу

555-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын, кедендік...

Толық оқу »

392-7-бап. Осы Кодекстің 392-6-бабы 4-тармағының 1) тармақшасына сәйкес кеден қоймасы кедендік рәсімінің қолданысын аяқтау мақсатында ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен орналастырылатын (орналастырылған), жеке тұлғаларға өткізуге арналған электрондық сауда тауарларына қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндеттің туындауы мен тоқтатылуы, оларды төлеу мерзімі және есептеу Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы кодексі

392-7-бап. Осы Кодекстің 392-6-бабы 4-тармағының 1) тармақшасына сәйкес кеден қоймасы кедендік рәсімінің қолданысын аяқтау мақсатында ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсіміме...

Толық оқу »

10-бап. Арнайы қорғау шарасын қолдану Үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шаралары туралы Заңы

10-бап. Арнайы қорғау шарасын қолдануҮшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шаралары туралы Заңы      1. Арнайы қорғау шарасы Комиссияның шешімі бо...

Толық оқу »

309-7-бап. Осы Кодекстің 3096-бабы 4-тармағының 1-тармақшасына сәйкес кеден қоймасының кедендік рәсімінің қолданысын аяқтау үшін ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімімен орналастырылатын (орналастырылған), жеке тұлғаларға өткізуге арналған электрондық сауда тауарларына қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төлеу жөніндегі міндеттің туындауы мен тоқтатылуы, оларды төлеу мерзімі және есептеу Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі

309-7-бап. Осы Кодекстің 3096-бабы 4-тармағының 1-тармақшасына сәйкес кеден қоймасының кедендік рәсімінің қолданысын аяқтау үшін ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімімен...

Толық оқу »