Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Хат / Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкi арасындағы "Ауыл шаруашылығын жекешелендiруден кейiнгi қолдау" жобасының екiншi кезеңiн дайындауға грант бөлу туралы келiсiм-хатты бекiту туралы

Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкi арасындағы "Ауыл шаруашылығын жекешелендiруден кейiнгi қолдау" жобасының екiншi кезеңiн дайындауға грант бөлу туралы келiсiм-хатты бекiту туралы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

 Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкi арасындағы "Ауыл шаруашылығын жекешелендiруден кейiнгi қолдау" жобасының екiншi кезеңiн дайындауға грант бөлу туралы келiсiм-хатты бекiту туралы 

Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 маусымдағы N 559 Заңы 

      Астанада 2003 жылғы 27 қарашада жасалған Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкi арасындағы "Ауыл шаруашылығын жекешелендiруден кейiнгi қолдау" жобасының екiншi кезеңiн дайындауға грант бөлу туралы келiсiм-хат бекiтiлсiн. 

      Қазақстан Республикасының       Президенті 

Ресми емес аударма   

Дүниежүзiлiк Банк        1818 H Street N.W. (202)477-1234 Халықаралық Қайта        Washington,         Кабельдiк мекен-жайы: Жаңарту және Даму Банкi  D.C.20433 USA       INTBAFRAD Халықаралық Даму                             Кабельдiк мекен-жайы: Қауымдастығы                                 INDEVAS 

2003 жылғы 16 қыркүйек   

Қазақстан Республикасы Астана 473000 Абай көшесi, 49 Премьер-Министрдiң орынбасары - Ауыл шаруашылығы министрi А.С. Есiмов мырзаға 

      Құрметтi Есiмов мырза 

      Тақырыбы: Ауыл шаруашылығын жекешелендiруден кейiнгi қолдау жобасының екiншi кезеңiн дайындауға Қазақстан Республикасы үшiн Жапония Үкiметiнiң гранты                         TF051894 гранты 

      Халықаралық Қайта Жаңарту және Даму Банкiнiң (Банк) атынан және Жапония Үкiметi беретiн гранттардың әкiмшiсi ретiнде осымен Қазақстан Республикасына (Алушы) алты жүз сексен мың елу АҚШ долларынан (680050) аспайтын мөлшерде грант (Грант) бөлуге бiздiң келiсетiндiгiмiздi бiлдiремiз.       Грант қаржылай көмек беру туралы Алушының сұрауына жауап ретiнде, сондай-ақ осы Келiсiм-Хатқа Қосымшаның ережелерi мен шарттарының мақсаттары үшiн және соларға сәйкес берiледi. Өзiнiң келiсiмiн одан әрi растай отырып, Алушы келiсiм жасасуға және Грант қаражатын жоғарыда көрсетiлген мақсаттарға және шарттарда алуға өзiнiң уәкiлеттi екендiгiн мәлiмдейдi.       Банктiң саясатына сәйкес осы Келiсiм-Хат және осы мәселе жөнiндегi кез келген ақпарат осы Келiсiм-Хат күшiне енгеннен және ақпаратты ашуға Алушының тарапынан келiсiм алынғаннан кейiн жариялануға тиiс екендiгiне Сiздiң назар аударуыңызды сұраймыз. Осы Келiсiм-хатқа қол қоя отырып, Алушы мұндай жариялауға өзiнiң келiсiмiн бередi.       Келiсiм-Хаттың қоса берiлiп отырған данасын өзiңiздiң қолыңызды қойып, күнiн көрсетiп және Банкке қайтара отырып, Алушының атынан жоғарыда айтылғанмен Өзiңiздiң келiсiмiңiздi растауыңызды сұраймын. Осы Келiсiм-Хат Банк (1) Сiздiң қолыңыз қойылған Келiсiм-Хаттың көшiрмесiн алғаны және (2) Банктi қанағаттандыратын, Келiсiм-Хат тиiстi түрде санкцияланғаны немесе бекiтiлгенi, Алушының атынан қол қойылғаны және жеткiзiлгенi және Келiсiм-Хаттың шарттарына сәйкес Алушыға заң жүзiнде мiндеттi болып табылатыны туралы дәлелдейтiн растамаларды қабылданғаны туралы Банк Алушыға хабарлама жолдаған күннен бастап күшiне енедi. 

Шынайы құрметпен, Халықаралық Қайта Жаңарту және Даму Банкі атынан ___________________________ Деннис де Трей Директор Орталық Азиядағы Өңiрлiк өкiлдiгi, Еуропа және Орталық Азия өңiрi 

Келісілген Қазақстан Республикасы 

Қолы _________________ Аты __________________ Лауазымы _____________ Күні _________________ 

 Қосымша   

Грантты берудiң мақсаттары, мерзiмдерi мен шарттары 

      1. Мақсаттары және iс-шаралар 

      1.1. Гранттың мақсаты ауыл шаруашылығын жекешелендiруден кейiнгi қолдау жобасының екiншi кезеңiн (АШЖҚ II) дайындауда көмек көрсету болып табылады, оның негiзгi мiндеттерi: (а) ауылдағы қаржылық рыноктарды одан әрi дамыту және ауылдағы шағын және орта бизнестiң коммерциялық қаржылық қызметтер көрсетуге қол жеткiзу мүмкiндiгiн кеңейту; (ә) банктiк қызметтер көрсетуге қол жеткiзе алмайтын ауылдағы халықтың ең кедей топтарына қаржылық қызметтер көрсетудi ұсынатын шағын қаржыландырудың ауылдағы тұрақты схемаларын қолдау; (б) ауылға кредит беруге арналған заңнамалық және институционалдық базаны жақсарту; және (в) ауылда консультациялық қызметтер көрсетудi дамыту үшiн институционалдық мүмкiндiктер жасау (Жоба). Грант берiлетiн iс-шаралар (Iс-шаралар) төменде келтiрiлген:       (а) (1) I кезең уақытында белгiленген ауылдық кредиттердi мақұлдау рәсiмдерiн жеңiлдету және қарыздарды мақұлдау жөнiндегi қайта қаралған басшылықты дайындау, (2) жобаның фокусы шағын кәсiпорындарға қайта бағытталғанын назарға ала отырып Қатысушы Қаржы Мекемелерi (ҚҚМ) үшiн ауылдық кредит беру жөнiндегi қайта қаралған басшылықты дайындау, (3) ауылдық кәсiпорындарға кредит берудi және бар кредиттердi сәйкес фермерлерге, сәттi жұмыс iстеуге бағыттауды бағалау мен мониторинг бойынша коммерциялық банктерде жасалған мүмкiндiктердi күшейту, (4) Үкiмет пен донорлар қолдау көрсетiп отырған елдегi бар қарыз/кредиттiк операцияларды қайта қарау және қарыздарды өңдеу мен мақұлдау процесiн жетiлдiру бойынша ұсынымдар беру, және (5) ҚҚМ кредиттiк штатты оқыту үшiн мөлшерлi құны 128 500 АҚШ доллары болатын техникалық көмек беру;       (ә) мөлшерлi құны 223 300 АҚШ доллары болатын: (1) АШЖҚ II жобасының шеңберiнде құрылатын кiшiгiрiм Ауылдық Шағын қаржыландыру Орталығының (Орталық) дизайнын дайындау, (2) таңдап алынған шағын қаржыландыру мекемелерiне сенiмдi нығайту және олардың тұрақтылығын арттыру, (3) Орталықтың функциялары мен мiндеттерiн анықтау, жарғысын, операциялық басшылығын жазу және персоналды оқыту, (4) қаржылық менеджменттi, бухгалтерлiк және есеп беру дағдыларын күшейту, (5) ауылдық шағын қаржы мекемелерiнiң мүмкiндiктерiн олардың қаржылық тұрақтылығына жету үшiн күшейту арқылы шағын қаржыландыру жөнiндегi мекемелердi қолдау;       (б) мөлшерлi құны 57 750 АҚШ доллары болатын жобаның ақпараттық және консультациялық құрауышын iске асыру жоспарымен әзiрлеу үшiн техникалық көмек беру, мүдделi тараптар үшiн семинарлар өткiзу жолымен халықтың қажеттiлiгiн анықтау, сондай-ақ консультанттар, донорлар және бенефициарлар арасында жақсартылған келiсiм-шарттық келiсiмдер жасасу;       (в) мөлшерлi құны 133 800 АҚШ доллары болатын ауылдық кредит берудi жетiлдiру және тәуекелдi басқару жүйесiн енгiзу үшiн институционалдық және құқықтық реформаларды қоса алғанда, ауылдағы тұрақты қаржы схемасына арналған базаны дамыту;       (г) мыналарды: (1) жобаның әлеуметтiк талдауын, (2) экологиялық талдауды, (3) жобалық құжаттар мен iске асыру жоспарларын дайындауды, (4) гранттың аудитiн орындау үшiн мөлшерлi құны 126 700 AҚШ доллары болатын техникалық көмек беру. 

      2. Iске асырудың жалпы мәселелерi 

      2.1. Алушы Ауыл шаруашылығы министрлiгi арқылы: (а) Іс-шараларды тиiстi қажырлылықпен және тиiмдiлiкпен жүзеге асыруы; (ә) осы мақсат үшiн талап етiлетiн қаржыландыруды, жабдықтарды, қызметтер көрсетудi және басқа ресурстарды уақтылы беруi; (б) Банктiң негiзделген өтiнiштерiне жауап ретiнде Іс-шараларға және Гранттың қаражатын пайдалануға қатысты барлық ақпаратты беруi; (в) Іс-шаралардың прогресi мен нәтижелерi туралы Банктiң өкiлдерiмен мезгiл-мезгіл пiкiр алмасып тұруы; (г) Грантқа қатысы бар мақсатта Қазақстанның аумағына келiп тұруға Банкке мүмкiндiктер беру үшiн қажеттi шаралар қабылдауы; және д) Гранттың қаражатынан қаржыландырылатын тауарларды және қызметтер көрсетудiң тек Жобаның мақсатына ғана пайдаланылуын қамтамасыз етуi тиiс. Алушы, жоғарыда жазылғандармен шектелмей, Банктiң өтiнiшi бойынша Іс-шаралар аяқталғаннан кейiн қысқа мерзiмде Іс-шаралардың нәтижелерi мен ықпалдары туралы Банктiң талаптарын нысаны мен мазмұны бойынша қанағаттандыратын есептi дайындайтын және Банкке беретiн болады. 

      3. Сатып алу 

      3.1. Банкпен келiсiлген айрықша жағдайларды қоспағанда, iс-шараларды орындау үшiн талап етiлетiн Гранттың қаражатынан қаржыландырылатын консультанттардың қызметтер көрсетуiн сатып алу осы Қосымшаға 1-толықтырудың ережелерiне сәйкес жүзеге асырылуы тиiс.       3.2. Алушы Гранттың қаражатынан қаржыландыруға жататын импортталатын барлық тауарлар оларды сатып алуға, тасымалдауға және пайдаланылатын орынға жеткiзуге немесе орнатуға байланысты қатерлерден сақтандырылуы және мұндай тауарларды ауыстыруды немесе жөндеудi қамтамасыз ету мақсатында тиiстi сақтандыру өтемiнiң еркiн айырбасталатын валютамен төленуi үшiн қажеттi шаралар қабылдайды. Алушы Қызметтi орындауға байланысты кез келген объектiнi пайдалану және оған техникалық қызмет көрсету әрқашан тиiстi әдiстердi пайдаланып жүзеге асырылуы және мұндай объектiлердi кез келген жөндеу немесе жаңарту қажеттiгiне қарай жедел жүргiзiлiп тұруы үшiн қажеттi шаралар қабылдайды. 

      4. Гранттың қаражатын шоттан алу 

      4.1. Гранттың қаражаты Банк өз есебiнен Алушының атына ашқан шотқа (Грант шоты) енгiзiлетiн болады, және Гранттың қаражатынан қаржыландырылатын iс-шараларды жүзеге асыру үшiн қажеттi қызметтер көрсетуге арналған шығыстар үшiн, орынды баға бойынша, Алушы осы 4-бөлiмнiң шарттарына сәйкес одан алуы мүмкiн.       4.2. Төмендегi кесте Грант қаражатынан қаржыландыруға арналған шығыстардың Санатын, әрбiр санат бойынша Грант қаражатын бөлудi, сондай-ақ әрбiр Санатта қаржыландырылатын түрлер бойынша шығыстар пайызын белгiлейдi: 

Шығыстардың            Бөлiнетiн Грант          қаржыландырылатын санаты                 қаражатының мөлшерi      шығыстардан %                        (АҚШ долларымен) 

Аудиттi қоса алғанда, консультанттардың қызметтер көрсетуi        630 800               100% 

Семинарлар                 12 750               100% 

Тауарлар                   12 500               100 % шетел                                                 валютасымен                                                 шығыстар, 100 %                                                 жергiлiктi                                                 валютамен шығыстар                                                 (франко-зауыт құны)                                                 және 85% iшкi                                                 рыноктағы сатып                                                 алу шеңберiндегi                                                 басқа баптарға                                                 жергiлiктi                                                 валютамен шығыстар 

Операциялық шығыстар      24 000                85% 

Барлығы                  680 050 

      Осы тармақтың мақсатына арналған терминдер: 

      а) "Шетел валютасымен шығыстар" Қазақстан Республикасын қоспағанда, кез келген елдiң аумағынан жеткiзiлетiн тауарларға немесе қызметтер көрсетуге ақы төлеуге арналған Қазақстан Республикасын қоспағанда, кез келген елдiң валютасымен шығыстарды бiлдiредi, ал "жергiлiктi валютамен шығыстар" деген термин шетел валютасымен шығыстар болып табылмайтын кез келген шығыстарды бiлдiредi, алайда, егер Қазақстан Республикасының валютасы аумағынан тауарлар мен қызметтер көрсету жеткiзiлетiн басқа елдiң валютасы болып табылса, осы тауарлар мен қызметтер көрсетуге мұндай валютамен шығыстар шетел валютасымен шығыстар ретiнде қаралатын болады;       ә) "Семинарлар" жобаның шеңберiнде көрсетiлетiн консультациялық қызметтер көрсетуге ауыл халқының қажеттiлiгiн анықтау үшiн жергiлiкті атқарушы органдардың, фермерлердiң және жергiлiктi бизнесмендердiң қатысуымен мүдделi адамдар өткiзетiн семинарларды бiлдiредi;       б) "Операциялық шығыстар" офис құралдары мен байланысты қоса алғанда, грантты iске асыру және басқару нәтижесiнде келтiрiлген үстеме шығыстарды бiлдiредi; сондай-ақ офис керек-жарақтарын қоса алғанда, өз операцияларының алғашқы кезеңiнде Орталық шеккен операциялық шығыстар, техникалық көмек пен ақпараттық материалдарды тарату және Банктiң келiсiмiн алуға болатын Жобаны дайындауға, басқаруға және мониторингiне тiкелей қатысты және басқа мағыналы және қажеттi iс-шаралар, дайындау, аудару, жариялау.       4.3. Жоғарыда келтiрiлген 4.2-тармақтың шарттарына қарамастан:       (а) мыналарға арнап Гранттың шотынан қаражат алуға рұқсат етiлмейдi: (1) осы Келiсiм-Хатқа Банк қол қойған күнге дейiн жүргiзiлген шығыстар бойынша төлемдерге; (2) Алушы өндiрiп алатын немесе Алушының аумағындағы кез келген салықты төлеуге; (3) Банктiң мүшесi болып табылмайтын кез келген елдiң аумағында келтiрiлген шығыстарға, немесе осы аумақтарда өндiрiлген тауарларға, немесе олар көрсеткен қызметтерге; немесе (4) жеке немесе заңды тұлғаларға төлеу мақсатымен, Банктiң пiкiрi бойынша егер мұндай төлемдерге Бiрiккен Ұлттар Ұйымы Жарғысының VII тарауына сәйкес Бiрiккен Ұлттар Ұйымы Қауiпсiздiк Кеңесiнiң шешiмiмен тыйым салынған болса;       (ә) Қаражат 2004 жылдың 30 наурызынан немесе Банктiң Алушыға жазбаша хабарлап белгiлеген анағұрлым кешiрек күнiнен (Жабылу күнi) кейiн, Жабылу күнi Банк Жобаны қаржыландыруды мақұлдаған кезде көзделген күннiң шегiнен шығатын мерзiмге ұзартыла алмайтын айрықша жағдайларды қоспағанда, шоттан алынбайды. Солай бола тұра, Жабылу күнiнен кейiн төрт айдың iшiнде Банк тиiстi өтiнiштi алған жағдайда, Жабылу күнiнен кейiн қаражатты алуға рұқсат етiледi, одан кейiн гранттың шотында Грант қаражатының пайдаланылмаған кез-келген сомасы жойылады;       (б) егер Банктiң пiкiрi бойынша, 4.2-тармақтың кестесiнде көрсетiлген қандай да болмасын бiр баптың шеңберiнде бөлiнген Грант сомасы осы бап бойынша шығыстарды қаржыландыру үшiн жеткiлiксiз болып шықса, Банк, Алушыға жазбаша хабар жолдап, Банктiң пiкiрi бойынша басқа шығыстарды қаржыландыру үшiн қажет етiлмейтiн басқа бапқа бөлiнген Грант қаражатының сомасын осы бапқа аударуы мүмкiн.       4.4. Алушы Грант шотынан белгiлi бiр сомада қаражат алуды қалағанда, ол осы соманы алу жөнiнде Банк белгiлеген нысанда Банкке жазбаша өтiнiш жiберуге тиiс. Соманы алу жөнiндегi өтiнiмдер: (а) Алушы атынан Қаржы министрi немесе жазбаша түрде ол уәкiлеттi еткен тұлғаның қолы қойылған; және (ә) Банктiң негiзделген өтiнiшi бойынша өтiнiмдердi қолдауды растауға тиiс. Қаржы алуға берiлетiн өтiнiмге қол қоятын уәкiлеттi тұлғаның қолының куәландырылған үлгiлерi оның қолы бар бiрiншi өтiнiмде берiлуге тиiс. Грант қаражатын алуға берiлген әрбiр өтiнiш пен оны қолдауды растау Алушы қаражаттың осы сомасын алуға құқылы екендiгiне, оның Іс-шаралар өткiзуге пайдаланылатындығына Банктi сендiру үшiн тиiстi нысан бойынша жеткiлiктi болуға тиiс. Алушы алатын қаражатты Банк Гранттың шотынан тек Алушыға немесе оның өтiнiмi бойынша төлейдi.       4.5. Грант Шотынан қаражат алу мыналарға арналған шығыстарды өтеу үшiн шығыстар тiзiмдерiнiң негiзiнде жүргiзiлуiн Банк талап ете алады: (а) құны 50 000 АҚШ долларынан арзан кеңесшi фирмалар көрсететiн қызметтер; (ә) құны 20 000 АҚШ долларынан арзан жеке кеңесшiлер көрсететiн қызметтер; және (б) тауарлар жеткiзу; (в) оқыту және семинарлар; (г) операциялық шығыстар; сонымен бiрге Алушыға Банктiң жазбаша хабарында анықтаған шарттарға сәйкес жүзеге асырылады.       4.6. Гранттың қаражатын алу Грант валютасымен жүргiзiледi. Банк Алушының өтiнiшi бойынша және Алушының өкiлi ретiнде әрекет жасап, Гранттың Шотынан алынған валютаға Гранттың қаражатынан қаржыландырылатын шығыстарды өтеу үшiн қажет валюталарды сатып алады. Егер осы Келiсiм-Хаттың мақсаттары үшiн бiр валютаның екiншi валютаға қатысты құнын анықтау қажет болғанда, мұндай құнды Банк дәлелдеп айқындайды.       4.7. Iс-шаралардың орындалуын жеңiлдету үшiн Алушы коммерциялық банкте Банктi қанағаттандыратын шарттар мен ереже негiзiнде, күйзелуден, тәркiлеуден немесе тыйым салудан тиiстi қорғауды қоса алғанда АҚШ долларымен арнайы депозит шотын (Арнайы шот) аша алады және ұстай алады. Арнайы Шотқа салымдар салу және төлеу осы Қосымшаға II-толықтырудың ережелерiне сәйкес жүргiзiлуi тиiс. 

      5. Есептер және аудит 

      5.1. (а) Алушы жазулар мен есептердi қоса алғанда қаржылық басқару жүйесiн жүргiзетiн немесе жүргiзiлуiн уәждейтiн болады және Банк үшiн жарамды нысанда, бухгалтерлiк есепке сәйкес Іс-шаралармен байланысты операцияларды, ресурстарды және шығыстарды барабар бейнелейтiн ресми қаржылық есептi дайындайды.       (ә) Алушы: (1) әрбiр қаржы жылында Банк үшiн жарамды және тұрақты қолданылатын аудиторлық стандарттарға сәйкес жоғарыда (а) тармақшасында айтылған жазуларын, шоттары мен қаржылық есептерiн, сондай-ақ Арнайы Шот бойынша жазулары мен есептерiн аудиттен өткiзуге тиiс. Аудиттi Банк үшiн жарамды тәуелсiз аудиторлар өткiзуге тиiс; (2) мүмкiндiгi бойынша ең қысқа мерзiм iшiнде, алайда осындай әрбiр жыл аяқталғаннан кейiн 6 айдан кешiктiрмей осы бөлiмнiң (а) тармағында көрсетiлген, аудит өткiзiлетiн (А) ресми қаржылық есептердiң куәландырылған көшiрмелерiн жыл сайын және (Ә) осы есептер, жазулар мен шоттар бойынша қорытынды мен аталған аудиторлар өткiзген осы аудит туралы есептi Банк талап еткен көлемде және толығымен; және (3) аталған жазулар мен есептерге және олардың аудитiне, сондай-ақ Банктiң негiзделген өтiнiшiне жауап ретiнде, көрсетiлген аудиторларға қатысты басқа ақпаратты уақыт өткен сайын Банкке берiп тұруға тиiс.       (б) Шығыс тiзiмдерiнiң негiзiнде Грант шотынан қаражат алу жүргiзiлген барлық шығыстар үшiн Алушы: (1) жоғарыдағы (а) тармақшасына сәйкес мұндай шығыстарды көрсететiн жазулар мен есептердi жүргiзуге немесе жүргiзiлуiн қамтамасыз етуге; (2) Гранттың шотынан соңғы қаражат алу жүргiзiлген қаржы жылының аудиторлық есебiн, осы шығыстарды растайтын барлық жазуларды (келiсiм шарттарды, бұйрықтарды, шоттарды, чектер мен басқа құжаттарды) Банк алғаннан кейiн ең кемiнде бiр жыл сақтауға; (3) Банк өкiлдерiне осы жазуларды тексеруге мүмкiндiк беруге; және (4) осы жазулар мен есептер жоғарыдағы (б) тармақшасында айтылған жыл сайынғы аудитке енгiзiлуiн және мұндай аудиторлық есепте қаржы жылы iшiнде ұсынылған шығыстар тiзiмiндегi мәлiметтердiң қаншалықты сенiмдi екендiгiне қатысты аталған аудиторлардың жеке пiкiрi болуын, сондай-ақ оларды дайындау кезiнде қаражатты алудың дұрыстығын растау үшiн тәртiп пен iшкi бақылауды қамтамасыз етуге тиiс. 

      6. Тоқтата тұру және тоқтату 

      6.1. Егер мынадай оқиғалар болса және одан әрi жалғасатын болса: (а) Алушы осында жазылған кез келген мiндеттемелердiң бiрiн орындамаса; немесе (ә) Алушының немесе Қазақстан Республикасының кепiлдiгiмен Банк қарыз берген кез келген басқа ұйымның қарыз туралы кез келген Банктiк келiсiм немесе дамытуға арналған кредит туралы Халықаралық Даму қауымдастығымен кез-келген келiсiм бойынша қаражат алуға берiлген құқығы тоқтатыла тұрса, Банк кез-келген уақытта Алушыны хабардар ете отырып, Гранттың шотынан Алушының ақша алу құқығын тоқтата алады.       6.2. (а) жоғарыдағы 6.1.параграфта жазылған себептер бойынша Алушының Гранттың Шотынан қаражат алу құқығы кез келген уақытта тоқтатылғанда; немесе (ә) Іс-шараларды орындау бойынша Банктi қанағаттандыратын әрекеттердi Алушы олардың нақты басталған күнiнен кейiн алты ай iшiнде жасамағанда; немесе (б) егер Банкi Алушымен кеңескеннен кейiн осы Жобаны қолдауды тоқтатқанда; немесе (в) егер Алушы Жобаны қаржыландыруда Банктен көмек сұрағаны туралы өз өтiнiшiн қайтарып алса, Банк Алушыны жазбаша хабардар ете отырып, Гранттың Шотынан одан әрi қаражат алу құқығынан Алушыны айыра алады. 

 І-толықтыру   

Сатып алу 

      I-бөлiм.   Консультанттардың қызметтер көрсетуi 

      А-бөлiгi: Жалпы ережелер 

      Консультанттардың қызметтер көрсетуi 1997 жылғы қаңтарда Банк жариялаған және 1997 жылғы қыркүйекте, 1999 жылғы қаңтарда және 2002 жылғы мамырда қайта қаралған "Дүниежүзiлiк Банкi қарыз алушыларының консультанттарды iрiктеуi мен жалдауы" Басшылықтың (Консультанттар жөнiндегi басшылық) I және IҮ-бөлiмiнiң ережелерiне сәйкес, сондай-ақ Консультанттар жөнiндегi басшылыққа 1-қосымшаның 1-тармағына, Консультанттар жөнiндегi басшылыққа 2-қосымшаның және осы бөлiмнiң келесi ережелерiне сәйкес сатып алынады. 

      Ә-бөлiгi: Сапасы және құны бойынша iрiктеу 

      Осы бөлiмнiң Б-бөлiгiндегi өзге ережелердi қоспағанда, консультанттардың қызметтер көрсетуi сапа және құн бойынша консультанттарды iрiктеу жағдайында қолданылатын Консультанттар жөнiндегi басшылықтың II-Бөлiмiнiң ережелерiне және Консультанттар жөнiндегi Басшылықтың 3.13-3.18-тармақтарының ережелерiне сәйкес берiлген келiсiм-шарт шеңберiнде сатып алынады. 

      Б-бөлiгi: Консультанттарды iрiктеудiң басқа рәсiмдерi 

      1. Сапа бойынша iрiктеу 

      Қосымшаның 1.1 (в)-тармағының шеңберiнде институционалдық даму жөнiндегi құрауышты дайындау бойынша қызметтер көрсету Консультанттар жөнiндегi басшылықтың 3.1-3.4-тармақтарының ережелерiне сәйкес берiлген келiсiм-шарт шеңберiнде сатып алынатын болады. 

      2. Құнның ең төмен мөлшер принципi бойынша iрiктеу 

      Бағдарлы құны 200 000 АҚШ долларын құрайтын, Қосымшаның 1.1 (г)-тармағының шеңберiнде қаржылық аудит бойынша қызметтер көрсету Консультанттар жөнiндегi басшылықтың 3.1 және 3.6-тармақтарының ережелерiне сәйкес берiлген келiсiм-шарт шеңберiнде сатып алынатын болады. 

      3. Консультанттарды бiлiктiлiк негiзiнде iрiктеу 

      Бiр келiсiм-шартқа есептелiнетiн бағдарлы құны 100 000 АҚШ долларын құрайтын, Қосымшаның 1.1 (а)-тармағының шеңберiнде ауылдық кредиттiк желiлер жөнiнде құрауышты, 1.1 (ә)-тармағының шеңберiнде шағын қаржыландыру жөнiнде құрауышты және 1.1 (б)-тармағының шеңберiнде консультация жөнiндегi құрауышты дайындау бойынша қызметтер көрсету Консультанттар жөнiндегi басшылықтың 3.1 және 3.7-тармақтарындағы ережелерге сәйкес берiлетiн келiсiм-шарт шеңберiнде сатып алынатын болады. 

      4. Жеке консультанттар 

      Жеке консультанттардың қызметтер көрсетуi: (а) Қосымшаның 1.1 (б)-тармағының шеңберiнде қаржылық басқару, 1.1 (г)-тармағының шеңберiнде жобаны басқару, әлеуметтiк бағалау және қоршаған ортаны бағалау, жобаны дайындауда және аударуда көмек көрсету бойынша Консультанттар жөнiндегi басшылықтың 5.1-5.3-тармақтарындағы ережелерге сәйкес берiлетiн келiсiм-шарт бойынша сатып алынады; және (ә) Қосымшаның 1.1 (г)-тармағының шеңберiнде жобаның үйлестiрушiсi бойынша Банк тарапынан мақұлданған Консультанттар жөнiндегi басшылықтың 5.3-5.4-тармақтарындағы ережелерге сәйкес жалғыз талапкер-фирмада таңдап алынуы мүмкiн. 

      В-бөлiгi: Консультанттарды iрiктеудi Банк тарапынан қарау 

      1. Ірiктеудi жоспарлау 

      Консультанттарға торгқа қатысуға қандай да бiр шақыруларды жiбергенге дейiн Банктiң қарауына және бекiтуiне келiсiм-шарттың бағдарлы құнын, келiсiм-шарт пакеттерiн және қолданылатын критерийдi және iрiктеудiң рәсiмдерiн қосып iрiктеудiң жоспары ұсынылуы керек. Бұл жоспар Іс-шараларды жүзеге асырудың барлық мерзiмдiк бойына 6 айда бiр рет нақтылануға тиiс және әр нақтыланған варианты Банкке қарауға және бекiтуге жiберiлуге тиіс. Барлық консультациялық қызметтер көрсетудi iрiктеу Банк бекiтетiн осы жоспарға (мерзiмдi анықтауды ескерiп) сәйкес өтуге тиiс. 

      2. Алдын ала қарау 

      (а) Бағдарлы құны 50 000 АҚШ долларын немесе одан жоғарыны құрайтын консультациялық фирмаларды жалдауды көздейтiн әрбiр келiсiм-шартқа Консультанттар жөнiндегi басшылыққа 1-қосымшадағы 2, 3 және 5-тармақтарында жазылған рәсiмдер қолданылады.       (ә) Қызметтер көрсетудiң бағдарлы құны 20 000 АҚШ долларын немесе одан жоғарыны құрайтын жеке консультанттарды жалдауды көздейтiн және бiр талапкер-фирманың таңдап алған консультантын әрбiр келiсiм-шартқа Банкке алдын ала қарауға және бекiтуге кандидаттың бiлiктiлiгiн және тәжiрибесiн салыстыру нәтижесi туралы, сондай-ақ техникалық тапсырма және консультанттарды жалдау шарттары туралы есеп берiледi. Келiсiм-шарт тек Банктiң келiсiмiн алғаннан кейiн ғана берiледi. Мұндай келiсiм-шарттарға Консультанттар жөнiндегi басшылыққа 1-қосымшадағы 3-тармақтың ережесi таратылады. 

      3. Келесi қарау 

      Осы бөлiмнiң 2-тармағында ережелермен реттелмейтiн әрбiр келiсiм-шарттарға Консультанттар жөнiндегi басшылыққа 1-қосымшаның 4-тармағында жазылған рәсiмдер таратылады. 

      II-бөлiм. Тауарларды сатып алу 

      Тауарлар: (а) 1995 жылғы қаңтарда Банк жариялаған және 1996 жылғы қаңтарда және тамызда, 1997 жылғы қыркүйекте және 1999 жылғы қаңтарда қайта қаралған "ХҚДБ қарыздары және ХДҚ кредиттерi бойынша сатып алу" Басшылықтың (Басшылық) I-бөлiмiнiң ережелерiне сәйкес; және (ә) Басшылықтың 3.5 және 3.6-тармақтарының ережелерiне сәйкес еркiн саудада сатып алу рәсiмдерiн пайдаланып берiлген келiсiм-шарт бойынша сатып алынады. Мұндай келiсiм-шарттарға Басшылыққа 1-қосымшаның 4-тармағында жазылған қарау рәсiмдерi осы тармақтағы "ұсыныстардың" деген сөз "бағалардың" деп оқылатын шартпен таратылады. 

 II-толықтыру    

Арнайы шот 

      1. Осы толықтырулардағы мақсаттар үшiн:       (а) "жарамды баптар" деген термин осы Келiсiм-Хатқа Қосымшаның 4.2-тармағындағы кестесiнде көрсетiлген баптарды бiлдiредi;       (ә) "жарамды шығыстар" деген термин iс-шаралар өткiзу үшiн қажеттi және Гранттың қаражатынан қаржыландыруға жататын тауарлардың және қызметтер көрсетудiң құнына негiзделген төлемдердiң шығыстарын бiлдiредi;       (б) "мақұлданған ақша аудару" деген термин Гранттың Шотынан алынып және осы Толықтырудың 3 (а)-тармағына сәйкес Арнайы шотқа салынуға тиiс 50 000 АҚШ долларына баламалы соманы бiлдiредi.       2. Төлемдер Арнайы шоттан осы Толықтырудың ережелерiне сәйкес жарамды шығыстарды қаржыландыру үшiн жүргiзiледi.       3. Банк Арнайы шоттың тиiстi түрде ашылғандығы жөнiнде растау құжаттарын алғаннан кейiн, мақұлданған сомалар қаражатын алу және Арнайы шотты толықтыру үшiн кейiннен алу мынадай түрде жүргiзiледi:       (а) Алушы Банкке өтiнiм немесе мақұлданған сомалардың тұтас, бүтiндей мөлшерiнен аспайтын сомаға немесе сомаларға Арнайы шотқа салуға өтiнiмдер жiбередi. Осы өтiнiмнiң немесе өтiнiмдердiң негiзiнде Банк Алушының атынан Алушы сұрау салған соманы немесе сомаларды Гранттың Шотынан алып Арнайы шотқа салады.       (ә) (1) Арнайы шотты толықтыру үшiн Алушы Банк анықтайтын мерзiмдiкпен Банкке Арнайы шотқа қаражатты салуға өтiнiмдер жiбередi.       (2) Осындай өтiнiмдердi беруге дейiн немесе берумен бiрге Алушы Арнайы шотты толықтыруға қаражат сұрауға байланысты төлем немесе төлемдердi жүзеге асыру үшiн осы Толықтырудың 4-тармағына сәйкес қажеттi құжаттамаларды және басқа да растаушы құжаттарды Банкке жiбередi. Банк әрбiр алынған өтiнiмдер негiзiнде Алушының атынан Алушы сұраған және жарамды шығыстарды төлеу үшiн Арнайы шоттан төленген, аталған құжаттармен және басқа да расталған соманы Гранттың Шотынан алады және Арнайы шотқа салады. Осындай түрде салынған барлық қаражаттар жарамды баптар және жоғарыда көрсетiлгендермен және өзге де құжаттармен расталған, тиiстi баламалы сомалар аясында Банкпен Гранттың Шотынан алынады.       4. Арнайы шоттан Алушы жүргiзген әрбiр төлем жөнiнде, Алушы Банк талаптарының негiздемесi бойынша Банкке жарамды шығыстарды жабу үшiн жүргiзiлген осы төлемдi растайтын құжаттарды немесе басқа да дәлелдердi бередi.       5. Осы Толықтырудың 3-тармағының ережелерiне қарамастан Банк Арнайы шотқа қосымша қаражаттар салуға мiндеттi емес:       (а) егер қандай-да бiр кезеңде Банк алдағы уақытта Алушы барлық қаражатты тiкелей Гранттың Шотынан алуға тиiс деп шешсе;       (ә) егер Алушы осы Келiсiм-Хатқа Қосымшаның 5.1 (ә)-тармағының (2) тармақшасында белгiленген мерзiм iшiнде Арнайы шотқа қатысты есептiк құжаттар мен бухгалтерлiк есептердi аудиторлық тексерiске байланысты көрсетiлген тармаққа сәйкес Банкке ұсынылуға тиiс қандай да бiр аудиторлық есептi Банкке ұсынбағанда;       (б) егер қандай да бiр кезеңде Банк Алушыға осы Келiсiм-Хатқа Қосымшаның 6.1-тармағының ережелерiне сәйкес Алушының Грант Шотынан қаражатты алу құқығын толық немесе iшiнара тоқтата түру туралы өзiнiң ниетiн хабардар еткенде; немесе       (в) Гранттың қаражатынан алынған жалпы сома аударулар екi еселенген мақұлданған ақша аударудың баламасымен теңескенде.       Бұдан кейiн Гранттың жұмсалмай қалған сомаларын Гранттың Шотынан алу Банк Алушыға тиiстi хабарламасымен анықтайтын рәсiмдердi пайдаланумен жүргiзiледi. Алдағы уақытта қаражатты мұндай алу мұндай хабарлама кезiнде Арнайы шотта қалған барлық қаражаттар жарамды шығыстарды төлеу үшiн пайдаланатындығына Банк қалай және қандай да бiр дәрежеде нанғанда ғана жүргiзiледi.       6. (а) Егер Банк қандай да бiр кезеңде Арнайы шоттан қандай да бiр төлем: (1) осы Толықтырудың 2-тармағына сәйкес жарамды болып табылмайтын шығыстарды немесе сомаларды жабу үшiн жүргiзiлген деп шешсе; немесе (2) Банкке ұсынылған құжаттармен бекiтiлмесе, Алушы Банктен тиiстi хабарламаны алғаннан кейiн кешiктiрмей: (А) Банк сұратқан қосымша растайтын құжаттарды беруге; немесе (Ә) Арнайы шотқа (немесе, Банктiң өтiнiшi бойынша Банкке қайтаруға) жарамды немесе расталмаған төлемнiң немесе оның бiр бөлiгiнiң сомасына тең соманы енгiзуi тиiс. Банкпен басқа шарттардың жоқтығынан Банк Алушы осындай растайтын құжаттарды ұсынуын немесе қаражатты енгiзуiн, немесе оның қайтаруын жүргiзгенге дейiн Арнайы шотқа ешқандай қосымша қаражат енгiзбейдi.       (ә) Егер Банк қандай да бiр кезеңде Арнайы шотта қалған қандай да бiр сома жарамды шығыстарды қаржыландыру есебiнен одан әрi төлеудi жүзеге асыру үшiн қажет етiлмейдi деп шешсе, Алушы Банктiң тиiстi хабарламасын алып, қалған соманы кешiктiрмей Банкке қайтаруы тиiс. 

      Берiлген мәтiннiң ағылшын тiлiнен қазақ тiлiне аудармасы түпнұсқамен бiрдей екенiн куәландырамын. 

      Қазақстан Республикасының       Ауыл шаруашылығы вице-министрi 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы  

Тұрғынжайды жекешелендіруден бас тарту туралы және тұрғынжайды жекешелендіруге рұқсат беру міндетін жүктеу туралы тұрғын үй комиссиясының шешімін заңсыз деп тану туралы

Тұрғынжайды жекешелендіруден бас тарту туралы және тұрғынжайды жекешелендіруге рұқсат беру міндетін жүктеу туралы тұрғын үй комиссиясының шешімін заңсыз деп тану туралы№6001-2...

Толық оқу »

13-бап. Жалдаушының мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы тұратын тұрғын үйiне жекешелендiру тәртiбiмен меншiк құқығын алуы Тұрғын үй қатынастары туралы Заңы

13-бап. Жалдаушының мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы тұратын тұрғын үйiне жекешелендiру тәртiбiмен меншiк құқығын алуы Тұрғын үй қатынастары туралы Заңы     1. Осы Заңда көздел...

Толық оқу »

Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді өтеусіз жекешелендіру туралы оң шешім қабылдауға мәжбүрлеу туралы

Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді өтеусіз жекешелендіру туралы оң шешім қабылдауға мәжбүрлеу туралы2025 жылғы 03 сәуірдегі №6001-24-00-6ап/2826Талапкер: К. А.Жауапкерл...

Толық оқу »

Тұрғынжайларды жекешелендіру мәселелеріне, қызметтік тұрғынжай беру үшін тұрғынжайға мұқтаж деп тану мәселелеріне байланысты өзге де тұрғын үй даулары

Тұрғынжайларды жекешелендіру мәселелеріне, қызметтік тұрғынжай беру үшін тұрғынжайға мұқтаж деп тану мәселелеріне байланысты өзге де тұрғын үй дауларыТалап қоюлар санының ұлға...

Толық оқу »

Әскери қызметшілерге тұрғын үй беру, жекешелендіруге жатпайтын қызметтік тұрғын үйді өтеусіз жекешелендіру құқығының орнына өтемақы өндіріп алу

Әскери қызметшілерге тұрғын үй беру, жекешелендіруге жатпайтын қызметтік тұрғын үйді өтеусіз жекешелендіру құқығының орнына өтемақы өндіріп алуОсы санаттағы істер талап қою тә...

Толық оқу »

Әскери қызметшілердің тұрғынжайды жекешелендіру құқығын өтеуге байланысты талап қоюлары

Әскери қызметшілердің тұрғынжайды жекешелендіру құқығын өтеуге байланысты талап қоюларыТалап қоюлар санының ұлғаюының себебі өтініш берушілердің (халықтың әлеуметтік жағынан о...

Толық оқу »

Азаматтардың мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй-жайларды жекешелендіру жөніндегі заңнаманы қолдану сот практикасы туралы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулысы 1997 жылғы 18 шiлдедегi N 9.

Азаматтардың мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй-жайларды жекешелендіру жөніндегі заңнаманы қолдану сот практикасы туралыҚазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік...

Толық оқу »

Қызметтік тұрғын үй, оның ішінде жабық және оқшауланған әскери қалашықтарда, шекара заставаларында және комендатураларда орналасуы салдарынан өтеусіз жекешелендіруге жатпайды

Қызметтік тұрғын үй, оның ішінде жабық және оқшауланған әскери қалашықтарда, шекара заставаларында және комендатураларда орналасуы салдарынан өтеусіз жекешелендіруге жатпайды"...

Толық оқу »

Пәтерді жекешелендіруден бас тарту туралы әкімдік қаулысының күшін жою және заңсыз деп тану туралы өтініш

Пәтерді жекешелендіруден бас тарту туралы әкімдік қаулысының күшін жою және заңсыз деп тану туралы өтінішТалапкер інісімен бірге 10 жыл бойы мемлекеттік тұрғын үй қорының пәте...

Толық оқу »

Меншік құқығын тоқтату, пәтерді сатып алу-сату мәмілелерін жарамсыз деп тану және пәтерді коммуналдық меншікке беру, сенімхаттарды, жекешелендіру шартының мұрағаттық көшірмесін және пәтерді сатып алу-сату және көшіру шарттарын жарамсыз деп тану

Меншік құқығын тоқтату, пәтерді сатып алу-сату мәмілелерін жарамсыз деп тану және пәтерді коммуналдық меншікке беру, сенімхаттарды, жекешелендіру шартының мұрағаттық көшірмесі...

Толық оқу »

Тұрғын үйді жекешелендіру, тұрғын үйге мұқтаж деп тану және қызметтік тұрғын үй беру жөніндегі тұрғын үй даулары

Тұрғын үйді жекешелендіру, тұрғын үйге мұқтаж деп тану және қызметтік тұрғын үй беру жөніндегі тұрғын үй дауларыЗаңның 13-бабының 9-тармағына сәйкес азаматтар Қазақстан Респуб...

Толық оқу »

119-3-бап. Бұрын тұрғынжайды жекешелендірген Қазақстан Республикасы азаматтарының мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды жекешелендіру ерекшеліктері Тұрғын үй қатынастары туралы Заңы

119-3-бап. Бұрын тұрғынжайды жекешелендірген Қазақстан Республикасы азаматтарының мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды жекешелендіру ерекшеліктері Тұрғын үй қаты...

Толық оқу »

Ақшалай өтемақыға және/немесе өтеусіз жекешелендіру құқығына байланысты талап қоюлар

Ақшалай өтемақыға және/немесе өтеусіз жекешелендіру құқығына байланысты талап қоюларАқшалай өтемақы төлеу тәртібі Заңның 101-2-бабының 4-тармағымен, Әскери қызмет туралы заңны...

Толық оқу »

Өтеусіз жекешелендіруден бас тарту туралы шешімді заңсыз деп тану және оның күшін жою, қолайлы акт шығаруға мәжбүрлеу туралы

Өтеусіз жекешелендіруден бас тарту туралы шешімді заңсыз деп тану және оның күшін жою, қолайлы акт шығаруға мәжбүрлеу туралы№6001-23-00-6ап/97 17.08.2023 ж.Талапкер: Н.Е.Жауап...

Толық оқу »

Тұрғын үйді жекешелендіруден бас тарту, тұрғын үйді жекешелендіруге мәжбүрлеу туралы тұрғын үй комиссиясының шешімін заңсыз деп тану және күшін жою туралы

Тұрғын үйді жекешелендіруден бас тарту, тұрғын үйді жекешелендіруге мәжбүрлеу туралы тұрғын үй комиссиясының шешімін заңсыз деп тану және күшін жою туралы№6001-23-00-6ап/381 1...

Толық оқу »

Шаруа қожалығын жүргізуге арналған жерді меншік құқын тануды, жекешелендіру жайлы талап

Шаруа қожалығын жүргізуге арналғанжердіменшік құқын тануды,жекешелендіру жайлыталапВнимание! Юридическая компания Закон и Право, обращает ваше внимание на то, что данный докум...

Толық оқу »

Пәтерді жекешелендіру жөніндегі тұрғын үй комиссиясының іс-әрекеттеріне дау айту және іс-әрекеттерін тану туралы өтініш

Пәтерді жекешелендіру жөніндегі тұрғын үй комиссиясының іс-әрекеттеріне дау айту және іс-әрекеттерін тану туралы өтінішНазар аударыңыз! Заң және құқық заң компаниясы Сіздің на...

Толық оқу »

Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта құру және Даму Банкi арасындағы 1998 жылғы 23 маусымдағы Несие жөнiндегi келiсiмдi (Ауыл шаруашылығына жекешелендiруден кейiнгi қолдау жасау жобасы) бекiту туралы Жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу туралы Заңы

Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта құру және Даму Банкi арасындағы 1998 жылғы 23 маусымдағы Несие жөнiндегi келiсiмдi (Ауыл шаруашылығына жекешелендiруден кейiнгi қо...

Толық оқу »

241-бап. Биоәртүрлілік шығыны және биоәртүрлілік шығынының орнын толтыру Қазақстан Республикасының Экология кодексі

241-бап. Биоәртүрлілік шығыны және биоәртүрлілік шығынының орнын толтыру Қазақстан Республикасының Экология кодексі 1. Биоәртүрлілік шығыны деп антропогендік әсер ету нәтижесі...

Толық оқу »

96-бап. Жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысы құқығын іске асыру және еңбек шарты тоқтатылған кезде өтемақы төлеу Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі

96-бап. Жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысы құқығын іске асыру және еңбек шарты тоқтатылған кезде өтемақы төлеу Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі      1. Еңбек шарт...

Толық оқу »

25-бап. Дипломатиялық қызмет персоналына берiлетiн кепiлдiктер мен өтемақылар Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі туралы Заңы

25-бап. Дипломатиялық қызмет персоналына берiлетiн кепiлдiктер мен өтемақылар Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі туралы Заңы     1. Дипломатиялық қызмет персоналы...

Толық оқу »

Пайдаланылмаған еңбек демалысы үшін өтемақы төлей отырып, жалақыны өндіріп алу

Пайдаланылмаған еңбек демалысы үшін өтемақы төлей отырып, жалақыны өндіріп алуҚазақстан Республикасының Еңбек заңнамасы Қазақстан Республикасы Конституциясына негізделеді және...

Толық оқу »

162-бап. Кеден қоймасы кедендік рәсімімен орналастырылатын (орналастырылған) тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төлеу жөніндегі міндеттің туындауы және тоқтатылуы, оларды төлеу мерзімі және есептеу Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі

162-бап. Кеден қоймасы кедендік рәсімімен орналастырылатын (орналастырылған) тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төл...

Толық оқу »

"Орталық Азия - Қытай" форматы Хатшылығы лауазымды адамдарының ақшалай қамтылымы, кепілдіктері және өтемақылары туралы ережеге қол қою туралы

"Орталық Азия - Қытай" форматы Хатшылығы лауазымды адамдарының ақшалай қамтылымы, кепілдіктері және өтемақылары туралы ережеге қол қою туралыҚазақстан Республикасы Президентін...

Толық оқу »

Еңбек шартын бұзу туралы бұйрықты, бұрынғы лауазымын қалпына келтірудіе, жалақысын өндіріп алуды және моральдық зиянды өтеуді даулауға байланысты еңбек даулары бойынша Соттылық

Еңбек шартын бұзу туралы бұйрықты, бұрынғы лауазымын қалпына келтірудіе, жалақысын өндіріп алуды және моральдық зиянды өтеуді даулауға байланысты еңбек даулары бойынша Соттылы...

Толық оқу »

56-бап. Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі персоналының кепілдіктері мен өтемақылары Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы

56-бап. Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі персоналының кепілдіктері мен өтемақылары Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы Қазақстан Республикасыны...

Толық оқу »

Өтпелі кезең ішінде арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын қолдану тәртібі туралы келісімді ратификациялау туралы

Өтпелі кезең ішінде арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын қолдану тәртібі туралы келісімді ратификациялау туралыҚазақстан Республикасының 2011 жылғы 8 шілдедег...

Толық оқу »

119-бап. Кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар бойынша берешекті өндіріп алуды жүзеге асыратын кеден органы Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы кодексі

119-бап. Кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар бойынша берешекті өндіріп алуды жүзеге асыратын кеден органы Қазақстан Рес...

Толық оқу »

13-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі Жәбірленушілерге өтемақы қоры туралы Заңы

13-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібіЖәбірленушілерге өтемақы қоры туралы Заңы      Осы Заң, 2018 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін 10-баптың 1-тармағының 1...

Толық оқу »

554-бапқа түсініктеме. Төленген (өндіріп алынған) кедендік баждарды, кедендік алымдарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын, аванстық төлемдерді тиісті негіздерсіз қайтаруға, төлемдер мен өзге де өтемақыларды алуға не оларды Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексін қайтармауға бағытталған іс-әрекеттер

554-бапқа түсініктеме. Төленген (өндіріп алынған) кедендік баждарды, кедендік алымдарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын, аванстық төлемдерді тиісті негі...

Толық оқу »

8-бап. Жәбірленушілерге өтемақы тағайындау тәртібі Жәбірленушілерге өтемақы қоры туралы Заңы

8-бап. Жәбірленушілерге өтемақы тағайындау тәртібіЖәбірленушілерге өтемақы қоры туралы Заңы      1. Адам жәбірленуші деп танылғаннан кейін ол қылмыстық қудалау функцияларын жү...

Толық оқу »

Жалақыны, ақшаны мақсатсыз пайдаланғаны үшін айыппұлдар, өндірістік жарақат үшін моральдық зиянды өндіріп алу немесе өтеу туралы

Жалақыны, ақшаны мақсатсыз пайдаланғаны үшін айыппұлдар, өндірістік жарақат үшін моральдық зиянды өндіріп алу немесе өтеу туралыТалапкер Б.Ш. С-касов Ақмола облысының Көкшетау...

Толық оқу »

6-бап. Өтемақы алуға құқығы бар жәбірленушілер Жәбірленушілерге өтемақы қоры туралы Заңы

6-бап. Өтемақы алуға құқығы бар жәбірленушілерЖәбірленушілерге өтемақы қоры туралы Заңы 1. Өтемақы: 1) сексуалдық зорлық-зомбылықпен байланысты қылмыстар бойынша жәбірленушіле...

Толық оқу »

15-16-бап. Уәкілетті органның жұмыскерлеріне іссапарлар кезіндегі кепілдіктер мен өтемақылар Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы Заңы

15-16-бап. Уәкілетті органның жұмыскерлеріне іссапарлар кезіндегі кепілдіктер мен өтемақылар Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы...

Толық оқу »

52-2-бап. Жәбірленушілерге өтемақы қорына түсетін түсімдер Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі

52-2-бап. Жәбірленушілерге өтемақы қорына түсетін түсімдер Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі Күші жойылды-Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 15 наурыздағы № 171-VIII...

Толық оқу »

Азаматтың ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіргені және заңды тұлғаның іскерлік беделіне нұқсан келтіргені үшін моральдық зиянды өтеу

Азаматтың ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіргені және заңды тұлғаның іскерлік беделіне нұқсан келтіргені үшін моральдық зиянды өтеуБарлық материалдық емес игіліктер м...

Толық оқу »

174-бап. Тауарларды уақытша сақтау кезінде кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндеттің туындауы мен тоқтатылуы, оларды төлеу мерзімі және есептеу Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы кодексі

174-бап. Тауарларды уақытша сақтау кезінде кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндеттің туындауы мен тоқтатылуы, ол...

Толық оқу »

233-бап. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағы арқылы тасымалдау (тасу) кезінде кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастырылатын (орналастырылған) шетелдік тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндеттің туындауы және тоқтатылуы, оларды төлеу мерзімі және есептеу Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы кодексі

233-бап. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағы арқылы тасымалдау (тасу) кезінде кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастырылатын (орналастырылған) шетелдік тауар...

Толық оқу »

Кедендік транзиттің кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды тасымалдау (тасу) кезінде кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз етуді қолданудың ерекшеліктері туралы келісімді ратификациялау туралы

Кедендік транзиттің кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды тасымалдау (тасу) кезінде кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі мінд...

Толық оқу »

551-бап. Арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары бойынша талап қоюдың ескіру мерзімі бойынша өтпелі ережелер Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы кодексі

551-бап. Арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары бойынша талап қоюдың ескіру мерзімі бойынша өтпелі ережелер Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы кодексі      О...

Толық оқу »

23-бап. Айыптың жекелеген құрамына немесе бiр оқиғасына қатысты ақталған адамдардың осы Заңның 22-бабында көзделген өтемдi алу құқын, осылардың талап ету жөнiндегi өтiнiшi бойынша, ақталу туралы шешiм қабылдаған сот белгiлейдi. Жаппай саяси қуғын-сүргiндер құрбандарын ақтау туралы Қазақстан Республикасының Заңы

23-бап. Айыптың жекелеген құрамына немесе бiр оқиғасына қатысты ақталған адамдардың осы Заңның 22-бабында көзделген өтемдi алу құқын, осылардың талап ету жөнiндегi өтiнiшi бой...

Толық оқу »

556-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің белгіленген мерзімдерінде кедендік баждардың, салықтардың, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының, өсімпұлдардың, пайыздардың тиесілі сомаларын төлеу туралы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс органының талабын орындамау

556-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің белгіленген мерзімдерінде кедендік баждардың, салықтардың, арнайы, демпингке қарсы...

Толық оқу »

199-бап. Қайта өңдеу өнімдерін ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен орналастыру кезінде оларға қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын есептеу және төлеу ерекшеліктері Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі

199-бап. Қайта өңдеу өнімдерін ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен орналастыру кезінде оларға қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем...

Толық оқу »

Жер учаскесін сатып алу шартын жарамсыз деп тану, мемлекет кірісіне алынған жер учаскесі үшін төленген өтемақы сомасын өндіріп алу

Жер учаскесін сатып алу шартын жарамсыз деп тану, мемлекет кірісіне алынған жер учаскесі үшін төленген өтемақы сомасын өндіріп алуМемлекеттік органның бағалау қызметін жүргізу...

Толық оқу »

139-бап. Арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы кодексі

139-бап. Арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы кодексі      1. Арнай...

Толық оқу »

555-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын, кедендік алымдарды, проценттерді төлеу мерзімдерін бұзу

555-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын, кедендік...

Толық оқу »

392-7-бап. Осы Кодекстің 392-6-бабы 4-тармағының 1) тармақшасына сәйкес кеден қоймасы кедендік рәсімінің қолданысын аяқтау мақсатында ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен орналастырылатын (орналастырылған), жеке тұлғаларға өткізуге арналған электрондық сауда тауарларына қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндеттің туындауы мен тоқтатылуы, оларды төлеу мерзімі және есептеу Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы кодексі

392-7-бап. Осы Кодекстің 392-6-бабы 4-тармағының 1) тармақшасына сәйкес кеден қоймасы кедендік рәсімінің қолданысын аяқтау мақсатында ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсіміме...

Толық оқу »

10-бап. Арнайы қорғау шарасын қолдану Үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шаралары туралы Заңы

10-бап. Арнайы қорғау шарасын қолдануҮшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шаралары туралы Заңы      1. Арнайы қорғау шарасы Комиссияның шешімі бо...

Толық оқу »

309-7-бап. Осы Кодекстің 3096-бабы 4-тармағының 1-тармақшасына сәйкес кеден қоймасының кедендік рәсімінің қолданысын аяқтау үшін ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімімен орналастырылатын (орналастырылған), жеке тұлғаларға өткізуге арналған электрондық сауда тауарларына қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төлеу жөніндегі міндеттің туындауы мен тоқтатылуы, оларды төлеу мерзімі және есептеу Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі

309-7-бап. Осы Кодекстің 3096-бабы 4-тармағының 1-тармақшасына сәйкес кеден қоймасының кедендік рәсімінің қолданысын аяқтау үшін ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімімен...

Толық оқу »