Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Жарлық / "Орталық Азия - Қытай" форматы Хатшылығы лауазымды адамдарының ақшалай қамтылымы, кепілдіктері және өтемақылары туралы ережеге қол қою туралы

"Орталық Азия - Қытай" форматы Хатшылығы лауазымды адамдарының ақшалай қамтылымы, кепілдіктері және өтемақылары туралы ережеге қол қою туралы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

"Орталық Азия - Қытай" форматы Хатшылығы лауазымды адамдарының ақшалай қамтылымы, кепілдіктері және өтемақылары туралы ережеге қол қою туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылғы 23 мамырдағы № 890 Жарлығы.

"Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 8-бабының 1) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Қоса беріліп отырған "Орталық Азия - Қытай" форматы Хатшылығы лауазымды адамдарының ақшалай қамтылымы, кепілдіктері және өтемақылары туралы ереженің жобасы мақұлдансын.

      2. "Орталық Азия - Қытай" форматының Хатшылығы лауазымды адамдарының ақшалай қамтылымы, кепілдіктері және өтемақылары туралы ережеге Қазақстан Республикасының атынан қол қойылсын.

      3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан РеспубликасыныңПрезидентіҚ.Тоқаев

 

 

 Қазақстан РеспубликасыПрезидентінің2025 жылғы 23 мамырдағы№ 890 ЖарлығыменМАҚҰЛДАНҒАНЖоба

 

"Орталық Азия - Қытай" форматы Хатшылығының лауазымды адамдарының ақшалай қамтылымы, кепілдіктері және өтемақылары туралы

ЕРЕЖЕ

      "Орталық Азия - Қытай" форматына (бұдан әрі - Формат) қатысушы мемлекеттер - бұдан әрі қатысушы мемлекеттер деп аталатын Қытай Халық Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Тәжікстан Республикасы және Өзбекстан Республикасы "Орталық Азия - Қытай" форматы хатшылығының (бұдан әрі - Хатшылық) лауазымды адамдарының ақшалай қамтылымының, кепілдіктері мен өтемақыларының тәртібі мен шарттарын айқындайтын осы Ереже туралы келісті:

      1. Осы Ережеде Хатшылықтың лауазымды адамдары қатысушы мемлекеттердің квоталарға сәйкес бекітілген штат кестесі шеңберінде жұмысқа қабылданатын және өз қызметін белгіленген мерзім ішінде жүзеге асыратын азаматтарына жатады.

      2. Хатшылықтың лауазымды адамдарының жұмысын ұйымдастыру осы Ереженің негізінде жасалған келісімшарттарға сәйкес жүзеге асырылады.

      3. Хатшылықтың лауазымды адамдарына ақшалай қамтылым, материалдық және тұрмыстық қамтамасыз ету мынадай тәртіппен беріледі:

      а) лауазымдық міндеттерін атқару басталған кезден бастап, бірақ келісімшарт күшіне енгеннен кейін осы Ережеге 1-қосымшада көзделген стандарттарға сәйкес мөлшерде ай сайынғы ақшалай қамтылым (бұдан әрі - лауазымдық айлықақы) төленеді;

      б) байланыс қызметтерін, Интернетті, спутниктік және кабельдік телевизияны пайдалануды және осыған ұқсас шығыстарды қоспағанда, осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес белгіленген мөлшерлерде тұрғын үй-жайды жалдау (жалға алу) бойынша шығыстар тиісті түрде төленеді;

      в) Хатшылықтың лауазымды адамдарының 3 жастан 18 жасқа дейінгі балаларын оқытуға оларға тиісті құжаттарды ұсынған кезде бір балаға (лауазымды адамға ең көбі 3 балаға) есептегенде 2300 АҚШ долларынан аспайтын мөлшерде жыл сайынғы жәрдемақы төленеді;

      г) екі айдан аспайтын еңбекке уақытша жарамсыздық кезеңіне осы Ережеде көзделген ақшалай қамтылым, сондай-ақ кепілдіктер мен өтемақылар сақталады;

      д) жыл сайынғы демалыс осы Ереженің 3-тармағының а) тармақшасында белгіленген ақшалай қамтылым мөлшерінде төленеді және жыл сайынғы ақылы демалыс уақытында осы Ережеде көзделген кепілдіктер мен өтемақылар сақталады;

      е) Хатшылықтың лауазымды адамы қайтыс болған жағдайда оның отбасы мүшелеріне Хатшылық бюджетінің қаражаты есебінен Бас хатшының лауазымдық айлықақысының 50 %-ы мөлшерінде біржолғы ақшалай жәрдемақы төленеді және осы Ереженің 4-тармағының а) - г) тармақшаларына сәйкес келісімшартта көзделген тәртіппен және шарттарда оның қолданылуы тоқтатылып, олардың жіберуші мемлекеттің аумағындағы тұрақты тұратын жеріне дейін көшуіне байланысты шығыстар өтеледі;

      ж) Хатшылықтың лауазымды адамы немесе Қытай Халық Республикасында онымен бірге жүрген оның отбасы мүшелерінің бірі қайтыс болған жағдайда қайтыс болған адамның мәйітін сақтау рәсіміне, табыт сатып алуға және мәйітті жіберуші мемлекеттің аумағында ол жерленетін жерге тасымалдауға байланысты міндетті көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу бойынша шығыстар төленеді;

      з) Хатшылықтың лауазымды адамының келісімшарты Хатшылықтың таратылуына, қайта ұйымдастырылуына, штатының қысқартылуына немесе лауазымды адамдардың белгіленген квотасының азайтылуына байланысты тоқтатылған кезде оған екі лауазымдық айлықақы мөлшерінде жұмыстан шығу жәрдемақысы, сондай-ақ осы Ереженің 4-тармағының а) - г) тармақшаларына сәйкес оның және оның отбасы мүшелерінің жіберуші мемлекеттің аумағындағы тұрақты тұратын жеріне кетуіне өтемақы төленеді;

      и) Хатшылықтың лауазымды адамының келісімшарты Хатшылықта келісімшарт мерзімінің аяқталуына байланысты лауазымды адамның бастамасы бойынша (отбасылық мән-жайлар бойынша) тоқтатылған кезде оған осы Ереженің 4-тармағының а) - г) тармақшаларына сәйкес оның және оның отбасы мүшелерінің жіберуші мемлекеттің аумағындағы тұрақты тұратын жеріне кетуіне өтемақы төленеді;

      к) Хатшылықтың лауазымды адамының келісімшарты оның өз қызметтік міндеттерін орындамауына немесе тиісінше орындамауына байланысты онымен келісімшарттың бұзылуына байланысты тоқтатылған кезде одан өзі алған көтерме жәрдемақының 50 %-ы ұсталады және оған осы Ереженің 4 тармағының а) - г) тармақшаларына сәйкес оның және оның отбасы мүшелерінің жіберуші мемлекеттің аумағындағы тұрақты тұратын жеріне кетуіне өтемақы төленеді;

      л) Хатшылықтың лауазымды адамының келісімшарты оның өз қызметтік міндеттерін кәсіпкерлік қызметпен айналысуына байланысты орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін келісімшарттың бұзылуына байланысты тоқтатылған кезде одан өзі алған көтерме жәрдемақының 100 %-ы ұсталады және оған және оның отбасы мүшелеріне осы Ережеде көзделген кепілдіктер мен өтемақылар қолданылмайды.

      4. Хатшылықтың лауазымды адамдарының алғаш тағайындалуына байланысты олармен бірге шығатын олардың отбасы мүшелерін қоса алғанда (жұбайы, зайыбы және олардың кәмелетке толмаған көп дегенде үш баласын не 18 жасқа толғанға дейін мүгедек болған, 18 жастан асқан балалары), оларға мынадай біржолғы өтемақылар төленеді:

      а) жол жүру құжаттарын көрсеткен кезде:

      Бас хатшы мен оның отбасы мүшелері әуе көлігімен жүргенде бизнес-класс тарифі бойынша, теміржол көлігімен жүргенде купедегі немесе бизнес-класты билет құны мөлшерінде;

      Бас хатшының орынбасарлары мен олардың отбасы мүшелері әуе көлігімен жүргенде бизнес-класс тарифі бойынша, теміржол көлігімен жүргенде купедегі немесе бизнес-класты билет құны мөлшерінде;

      Хатшылықтың өзге лауазымды адамдары мен олардың отбасы мүшелері әуе көлігімен жүргенде экономикалық класс тарифі бойынша, теміржол көлігімен - плацкартқа немесе екінші класты билет құны мөлшерінде әуе және теміржол көлігімен жол жүру шығыстары;

      б) осы Ереженің 4-тармағының а) - г) тармақшаларында көрсетілген көлік түрлерімен жүргенде әуежай, сақтандыру және өтемақы алымдарын төлеу шығыстары;

      в) қызметкерге және оның отбасы мүшелеріне әуе көлігімен (немесе әуе көлігімен алып жүру құны шегінде өзге көлікпен) 80 килограммға дейін, бірақ жалпы көлемі 240 килограмнан аспайтын багажды алып жүруге шығыстар;

      г) отбасы мүшелері (жұбайы, зайыбы және кәмелетке толмаған көп дегенде үш баласы не 18 жасқа толғанға дейін мүгедек болған, 18 жастан асқан баласы) лауазымды адамнан бөлек жол жүрген жағдайда: әуе көлігімен жүргенде экономикалық класс тарифі бойынша, теміржол көлігімен жүргенде плацкартқа немесе екінші класты билет құны мөлшерінде шығыстарға өтемақы төленеді;

      д) Хатшылықтың лауазымды адамдарына екі лауазымдық айлықақы мөлшерінде көтерме жәрдемақы төленеді. Алдыңғы келісімшарт мерзімі аяқталғаннан кейін лауазымы жоғарылап немесе төмендеп, лауазымды адамның келісімшарты ұзартылған жағдайда көтерме жәрдемақы төленбейді.

      5. Хатшылықтың лауазымды адамдарына босандыруды қоса алғанда, медициналық қызмет көрсету (жоспарлы операцияларды, тіс протездеуді және көзілдірік пен контактілі линзалар жасауды және (немесе) сатып алуды қоспағанда) және (немесе) оны және Хатшылықтың болу елінде онымен бірге жүрген, осы Ереженің 4-тармағында санамаланған отбасы мүшелерін медициналық сақтандыру бойынша жылына жалпы сомасы 1200 АҚШ долларынан аспайтын шығыстар тиісті құжаттарды көрсеткен кезде өтеледі.

      6. Хатшылықтың лауазымды адамдарына жоғарыда аталған кепілдіктер мен өтемақылардан басқа қандай да бір қосымша ақшалай қамтылым беру көзделмейді.

      7. Қытай Халық Республикасының Сыртқы істер министрлігі осы Ереженің депозитарийі болып табылады.

      Осы Ереже қатысушы мемлекеттердің оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарламаны депозитарий дипломатиялық арналар арқылы алған күннен бастап күшіне енеді.

      Депозитарий қатысушы мемлекеттер мен Хатшылықты осы Ереженің күшіне енетін күні туралы хабардар етеді.

      Барлық қатысушы мемлекеттер қол қойғаннан кейін Ереженің төлнұсқа данасы депозитарийге сақтауға тапсырылады. Депозитарий осы Ереженің расталған көшірмелерін қатысушы мемлекеттерге және Хатшылыққа жібереді.

      8. Осы Ережеге қатысушы мемлекеттердің келісімі бойынша осы Ереженің 7-тармағында көзделген тәртіппен күшіне енетін өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілуі мүмкін.

      9. 1 және 2-қосымшалар осы Ереженің ажырамас бөлігі болып табылады.

      10. Осы Ереже "Орталық Азия - Қытай" форматы Хатшылығының бюджетін қалыптастыру және атқару тәртібі туралы келісімнің қолданысы тоқтатылған күннен бастап өз қолданысын тоқтатады.

      Ереже қытай және орыс тілдерінде бір төлнұсқа данада жасалды әрі екі мәтіннің де күші бірдей.

 

Қытай Халық Республикасы үшінҚазақстан Республикасы үшін
Қырғыз Республикасы үшінТәжікстан Республикасы үшін
Өзбекстан Республикасы үшін 

 

 

 "Орталық Азия - Қытай"форматы хатшылығыныңлауазымды адамдарыныңақшалай қамтылымы,кепілдіктері және өтемақыларытуралы ережеге1-ҚОСЫМША

 

Хатшылықтың лауазымды адамдарының штаттық орналасуы және олардың ай сайынғы ақшалай қамтылымының (лауазымдық айлықақыларының) мөлшерлері

      1. Бас хатшының лауазымдық айлықақысы - 8470 АҚШ доллары, әрбір үш жыл сайын бағаланады және қайта қаралады.

      2. Хатшылықтың басқа лауазымды адамдарының лауазымдық айлықақысы 1-кестеге сәйкес белгіленеді және әрбір үш жыл сайын бағаланады және қайта қаралады.

      3. Хатшылықтың штаттық лауазымды адамдарының жалпы саны - 16 адам. Қытай тарапы жарналардың 60 %-ын, Орталық Азия тарапы (Орталық Азияның 4 мемлекеті) 40 %-ын өзіне алуға міндеттенеді, тиісінше Қытай тарапына 10 штаттық квота, ал Орталық Азия тарапына 6 штаттық квота беріледі. Орталық Азия мемлекеттерінен түскен ұсыныстарды ескере отырып, Қытай тарапы өзінің екі штаттық квотасын пайдалану құқығын өз еркімен Орталық Азия тарапына беруге әзір екенін білдірді, нәтижесінде Қытай тарапынан 8 адам, Орталық Азия тарапынан 8 адам (Орталық Азия мемлекеттерінің әрқайсысы 2 адамнан) болады.

 

 1-кесте

 

 

Жүктеу

ЛауазымыСаныБас хатшының лауазымдық айлықақысына пайыздық қатынасы
Бас хатшы1100%
Бас хатшының бірінші орынбасары және орынбасарлары490%
1 -ші санаттағы сарапшы480%
2-ші санаттағы сарапшы570%
3-ші санаттағы сарапшы265%

 

 

 "Орталық Азия - Қытай"форматы хатшылығыныңлауазымды адамдарыныңақшалай қамтылымы,кепілдіктері және өтемақыларытуралы ережеге2-ҚОСЫМША

 

Хатшылықтың лауазымды адамдарының тұрғын үй-жай жалдау (жалға алу) бойынша шығыстарына ай сайын өтемақының мөлшерлері және оны төлеу тәртібі

      1. Бас хатшы үшін тұрғын үй-жайды жалдау (жалға алу) бойынша шығыстарға ай сайынғы өтемақы болу еліндегі тұрғын үй-жайларды жалға алудың ағымдағы бағалары ескеріліп, 2200 долларға дейінгі мөлшерде белгіленеді және әрбір үш жыл сайын бағаланады және қайта қаралады.

      2. Хатшылықтың басқа лауазымды адамдары үшін тұрғын үй-жайды жалдау (жалға алу) бойынша шығыстарға ай сайынғы өтемақы 2-кестеге сәйкес белгіленеді және әрбір үш жыл сайын бағаланады және қайта қаралады.

      3. Тұрғын үй-жайды жалдау (жалға алу) бойынша шығыстар, байланыс қызметтерін, Интернетті, спутниктік және кабельдік телевизияны пайдалануды және осыған ұқсас шығыстарды қоспағанда, тиісті түрде ресімделген растауларды көрсеткен кезде өтеледі.

 

 2-кесте

 

 

Жүктеу

ЛауазымыБас хатшының тұрғын үйді жалға алуына пайыздық қатынасы
Бас хатшы100%
Бас хатшының бірінші орынбасары және орынбасарлары90%
1-ші санаттағы сарапшы80%
2-ші санаттағы сарапшы70%
3-ші санаттағы сарапшы65 %

 

 

 

 

 

 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер орғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы 

Тұрғынжайды жекешелендіруден бас тарту туралы және тұрғынжайды жекешелендіруге рұқсат беру міндетін жүктеу туралы тұрғын үй комиссиясының шешімін заңсыз деп тану туралы

Тұрғынжайды жекешелендіруден бас тарту туралы және тұрғынжайды жекешелендіруге рұқсат беру міндетін жүктеу туралы тұрғын үй комиссиясының шешімін заңсыз деп тану туралы№6001-2...

Толық оқу »

Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкi арасындағы "Ауыл шаруашылығын жекешелендiруден кейiнгi қолдау" жобасының екiншi кезеңiн дайындауға грант бөлу туралы келiсiм-хатты бекiту туралы

Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкi арасындағы "Ауыл шаруашылығын жекешелендiруден кейiнгi қолдау" жобасының екiншi кезеңiн дайындауға грант бөлу...

Толық оқу »

13-бап. Жалдаушының мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы тұратын тұрғын үйiне жекешелендiру тәртiбiмен меншiк құқығын алуы Тұрғын үй қатынастары туралы Заңы

13-бап. Жалдаушының мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы тұратын тұрғын үйiне жекешелендiру тәртiбiмен меншiк құқығын алуы Тұрғын үй қатынастары туралы Заңы     1. Осы Заңда көздел...

Толық оқу »

Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді өтеусіз жекешелендіру туралы оң шешім қабылдауға мәжбүрлеу туралы

Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді өтеусіз жекешелендіру туралы оң шешім қабылдауға мәжбүрлеу туралы2025 жылғы 03 сәуірдегі №6001-24-00-6ап/2826Талапкер: К. А.Жауапкерл...

Толық оқу »

Тұрғынжайларды жекешелендіру мәселелеріне, қызметтік тұрғынжай беру үшін тұрғынжайға мұқтаж деп тану мәселелеріне байланысты өзге де тұрғын үй даулары

Тұрғынжайларды жекешелендіру мәселелеріне, қызметтік тұрғынжай беру үшін тұрғынжайға мұқтаж деп тану мәселелеріне байланысты өзге де тұрғын үй дауларыТалап қоюлар санының ұлға...

Толық оқу »

Әскери қызметшілерге тұрғын үй беру, жекешелендіруге жатпайтын қызметтік тұрғын үйді өтеусіз жекешелендіру құқығының орнына өтемақы өндіріп алу

Әскери қызметшілерге тұрғын үй беру, жекешелендіруге жатпайтын қызметтік тұрғын үйді өтеусіз жекешелендіру құқығының орнына өтемақы өндіріп алуОсы санаттағы істер талап қою тә...

Толық оқу »

Әскери қызметшілердің тұрғынжайды жекешелендіру құқығын өтеуге байланысты талап қоюлары

Әскери қызметшілердің тұрғынжайды жекешелендіру құқығын өтеуге байланысты талап қоюларыТалап қоюлар санының ұлғаюының себебі өтініш берушілердің (халықтың әлеуметтік жағынан о...

Толық оқу »

Азаматтардың мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй-жайларды жекешелендіру жөніндегі заңнаманы қолдану сот практикасы туралы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулысы 1997 жылғы 18 шiлдедегi N 9.

Азаматтардың мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй-жайларды жекешелендіру жөніндегі заңнаманы қолдану сот практикасы туралыҚазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік...

Толық оқу »

Қызметтік тұрғын үй, оның ішінде жабық және оқшауланған әскери қалашықтарда, шекара заставаларында және комендатураларда орналасуы салдарынан өтеусіз жекешелендіруге жатпайды

Қызметтік тұрғын үй, оның ішінде жабық және оқшауланған әскери қалашықтарда, шекара заставаларында және комендатураларда орналасуы салдарынан өтеусіз жекешелендіруге жатпайды"...

Толық оқу »

Пәтерді жекешелендіруден бас тарту туралы әкімдік қаулысының күшін жою және заңсыз деп тану туралы өтініш

Пәтерді жекешелендіруден бас тарту туралы әкімдік қаулысының күшін жою және заңсыз деп тану туралы өтінішТалапкер інісімен бірге 10 жыл бойы мемлекеттік тұрғын үй қорының пәте...

Толық оқу »

Меншік құқығын тоқтату, пәтерді сатып алу-сату мәмілелерін жарамсыз деп тану және пәтерді коммуналдық меншікке беру, сенімхаттарды, жекешелендіру шартының мұрағаттық көшірмесін және пәтерді сатып алу-сату және көшіру шарттарын жарамсыз деп тану

Меншік құқығын тоқтату, пәтерді сатып алу-сату мәмілелерін жарамсыз деп тану және пәтерді коммуналдық меншікке беру, сенімхаттарды, жекешелендіру шартының мұрағаттық көшірмесі...

Толық оқу »

Тұрғын үйді жекешелендіру, тұрғын үйге мұқтаж деп тану және қызметтік тұрғын үй беру жөніндегі тұрғын үй даулары

Тұрғын үйді жекешелендіру, тұрғын үйге мұқтаж деп тану және қызметтік тұрғын үй беру жөніндегі тұрғын үй дауларыЗаңның 13-бабының 9-тармағына сәйкес азаматтар Қазақстан Респуб...

Толық оқу »

119-3-бап. Бұрын тұрғынжайды жекешелендірген Қазақстан Республикасы азаматтарының мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды жекешелендіру ерекшеліктері Тұрғын үй қатынастары туралы Заңы

119-3-бап. Бұрын тұрғынжайды жекешелендірген Қазақстан Республикасы азаматтарының мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды жекешелендіру ерекшеліктері Тұрғын үй қаты...

Толық оқу »

Ақшалай өтемақыға және/немесе өтеусіз жекешелендіру құқығына байланысты талап қоюлар

Ақшалай өтемақыға және/немесе өтеусіз жекешелендіру құқығына байланысты талап қоюларАқшалай өтемақы төлеу тәртібі Заңның 101-2-бабының 4-тармағымен, Әскери қызмет туралы заңны...

Толық оқу »

Өтеусіз жекешелендіруден бас тарту туралы шешімді заңсыз деп тану және оның күшін жою, қолайлы акт шығаруға мәжбүрлеу туралы

Өтеусіз жекешелендіруден бас тарту туралы шешімді заңсыз деп тану және оның күшін жою, қолайлы акт шығаруға мәжбүрлеу туралы№6001-23-00-6ап/97 17.08.2023 ж.Талапкер: Н.Е.Жауап...

Толық оқу »

Тұрғын үйді жекешелендіруден бас тарту, тұрғын үйді жекешелендіруге мәжбүрлеу туралы тұрғын үй комиссиясының шешімін заңсыз деп тану және күшін жою туралы

Тұрғын үйді жекешелендіруден бас тарту, тұрғын үйді жекешелендіруге мәжбүрлеу туралы тұрғын үй комиссиясының шешімін заңсыз деп тану және күшін жою туралы№6001-23-00-6ап/381 1...

Толық оқу »

Шаруа қожалығын жүргізуге арналған жерді меншік құқын тануды, жекешелендіру жайлы талап

Шаруа қожалығын жүргізуге арналғанжердіменшік құқын тануды,жекешелендіру жайлыталапВнимание! Юридическая компания Закон и Право, обращает ваше внимание на то, что данный докум...

Толық оқу »

Пәтерді жекешелендіру жөніндегі тұрғын үй комиссиясының іс-әрекеттеріне дау айту және іс-әрекеттерін тану туралы өтініш

Пәтерді жекешелендіру жөніндегі тұрғын үй комиссиясының іс-әрекеттеріне дау айту және іс-әрекеттерін тану туралы өтінішНазар аударыңыз! Заң және құқық заң компаниясы Сіздің на...

Толық оқу »

Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта құру және Даму Банкi арасындағы 1998 жылғы 23 маусымдағы Несие жөнiндегi келiсiмдi (Ауыл шаруашылығына жекешелендiруден кейiнгi қолдау жасау жобасы) бекiту туралы Жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу туралы Заңы

Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта құру және Даму Банкi арасындағы 1998 жылғы 23 маусымдағы Несие жөнiндегi келiсiмдi (Ауыл шаруашылығына жекешелендiруден кейiнгi қо...

Толық оқу »

241-бап. Биоәртүрлілік шығыны және биоәртүрлілік шығынының орнын толтыру Қазақстан Республикасының Экология кодексі

241-бап. Биоәртүрлілік шығыны және биоәртүрлілік шығынының орнын толтыру Қазақстан Республикасының Экология кодексі 1. Биоәртүрлілік шығыны деп антропогендік әсер ету нәтижесі...

Толық оқу »

96-бап. Жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысы құқығын іске асыру және еңбек шарты тоқтатылған кезде өтемақы төлеу Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі

96-бап. Жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысы құқығын іске асыру және еңбек шарты тоқтатылған кезде өтемақы төлеу Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі      1. Еңбек шарт...

Толық оқу »

25-бап. Дипломатиялық қызмет персоналына берiлетiн кепiлдiктер мен өтемақылар Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі туралы Заңы

25-бап. Дипломатиялық қызмет персоналына берiлетiн кепiлдiктер мен өтемақылар Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі туралы Заңы     1. Дипломатиялық қызмет персоналы...

Толық оқу »

Пайдаланылмаған еңбек демалысы үшін өтемақы төлей отырып, жалақыны өндіріп алу

Пайдаланылмаған еңбек демалысы үшін өтемақы төлей отырып, жалақыны өндіріп алуҚазақстан Республикасының Еңбек заңнамасы Қазақстан Республикасы Конституциясына негізделеді және...

Толық оқу »

162-бап. Кеден қоймасы кедендік рәсімімен орналастырылатын (орналастырылған) тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төлеу жөніндегі міндеттің туындауы және тоқтатылуы, оларды төлеу мерзімі және есептеу Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі

162-бап. Кеден қоймасы кедендік рәсімімен орналастырылатын (орналастырылған) тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төл...

Толық оқу »

Еңбек шартын бұзу туралы бұйрықты, бұрынғы лауазымын қалпына келтірудіе, жалақысын өндіріп алуды және моральдық зиянды өтеуді даулауға байланысты еңбек даулары бойынша Соттылық

Еңбек шартын бұзу туралы бұйрықты, бұрынғы лауазымын қалпына келтірудіе, жалақысын өндіріп алуды және моральдық зиянды өтеуді даулауға байланысты еңбек даулары бойынша Соттылы...

Толық оқу »

56-бап. Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі персоналының кепілдіктері мен өтемақылары Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы

56-бап. Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі персоналының кепілдіктері мен өтемақылары Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы Қазақстан Республикасыны...

Толық оқу »

Өтпелі кезең ішінде арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын қолдану тәртібі туралы келісімді ратификациялау туралы

Өтпелі кезең ішінде арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын қолдану тәртібі туралы келісімді ратификациялау туралыҚазақстан Республикасының 2011 жылғы 8 шілдедег...

Толық оқу »

119-бап. Кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар бойынша берешекті өндіріп алуды жүзеге асыратын кеден органы Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы кодексі

119-бап. Кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар бойынша берешекті өндіріп алуды жүзеге асыратын кеден органы Қазақстан Рес...

Толық оқу »

13-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі Жәбірленушілерге өтемақы қоры туралы Заңы

13-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібіЖәбірленушілерге өтемақы қоры туралы Заңы      Осы Заң, 2018 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін 10-баптың 1-тармағының 1...

Толық оқу »

554-бапқа түсініктеме. Төленген (өндіріп алынған) кедендік баждарды, кедендік алымдарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын, аванстық төлемдерді тиісті негіздерсіз қайтаруға, төлемдер мен өзге де өтемақыларды алуға не оларды Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексін қайтармауға бағытталған іс-әрекеттер

554-бапқа түсініктеме. Төленген (өндіріп алынған) кедендік баждарды, кедендік алымдарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын, аванстық төлемдерді тиісті негі...

Толық оқу »

8-бап. Жәбірленушілерге өтемақы тағайындау тәртібі Жәбірленушілерге өтемақы қоры туралы Заңы

8-бап. Жәбірленушілерге өтемақы тағайындау тәртібіЖәбірленушілерге өтемақы қоры туралы Заңы      1. Адам жәбірленуші деп танылғаннан кейін ол қылмыстық қудалау функцияларын жү...

Толық оқу »

Жалақыны, ақшаны мақсатсыз пайдаланғаны үшін айыппұлдар, өндірістік жарақат үшін моральдық зиянды өндіріп алу немесе өтеу туралы

Жалақыны, ақшаны мақсатсыз пайдаланғаны үшін айыппұлдар, өндірістік жарақат үшін моральдық зиянды өндіріп алу немесе өтеу туралыТалапкер Б.Ш. С-касов Ақмола облысының Көкшетау...

Толық оқу »

6-бап. Өтемақы алуға құқығы бар жәбірленушілер Жәбірленушілерге өтемақы қоры туралы Заңы

6-бап. Өтемақы алуға құқығы бар жәбірленушілерЖәбірленушілерге өтемақы қоры туралы Заңы 1. Өтемақы: 1) сексуалдық зорлық-зомбылықпен байланысты қылмыстар бойынша жәбірленушіле...

Толық оқу »

15-16-бап. Уәкілетті органның жұмыскерлеріне іссапарлар кезіндегі кепілдіктер мен өтемақылар Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы Заңы

15-16-бап. Уәкілетті органның жұмыскерлеріне іссапарлар кезіндегі кепілдіктер мен өтемақылар Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы...

Толық оқу »

52-2-бап. Жәбірленушілерге өтемақы қорына түсетін түсімдер Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі

52-2-бап. Жәбірленушілерге өтемақы қорына түсетін түсімдер Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі Күші жойылды-Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 15 наурыздағы № 171-VIII...

Толық оқу »

Азаматтың ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіргені және заңды тұлғаның іскерлік беделіне нұқсан келтіргені үшін моральдық зиянды өтеу

Азаматтың ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіргені және заңды тұлғаның іскерлік беделіне нұқсан келтіргені үшін моральдық зиянды өтеуБарлық материалдық емес игіліктер м...

Толық оқу »

174-бап. Тауарларды уақытша сақтау кезінде кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндеттің туындауы мен тоқтатылуы, оларды төлеу мерзімі және есептеу Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы кодексі

174-бап. Тауарларды уақытша сақтау кезінде кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндеттің туындауы мен тоқтатылуы, ол...

Толық оқу »

233-бап. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағы арқылы тасымалдау (тасу) кезінде кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастырылатын (орналастырылған) шетелдік тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндеттің туындауы және тоқтатылуы, оларды төлеу мерзімі және есептеу Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы кодексі

233-бап. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағы арқылы тасымалдау (тасу) кезінде кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастырылатын (орналастырылған) шетелдік тауар...

Толық оқу »

Кедендік транзиттің кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды тасымалдау (тасу) кезінде кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз етуді қолданудың ерекшеліктері туралы келісімді ратификациялау туралы

Кедендік транзиттің кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды тасымалдау (тасу) кезінде кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі мінд...

Толық оқу »

551-бап. Арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары бойынша талап қоюдың ескіру мерзімі бойынша өтпелі ережелер Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы кодексі

551-бап. Арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары бойынша талап қоюдың ескіру мерзімі бойынша өтпелі ережелер Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы кодексі      О...

Толық оқу »

23-бап. Айыптың жекелеген құрамына немесе бiр оқиғасына қатысты ақталған адамдардың осы Заңның 22-бабында көзделген өтемдi алу құқын, осылардың талап ету жөнiндегi өтiнiшi бойынша, ақталу туралы шешiм қабылдаған сот белгiлейдi. Жаппай саяси қуғын-сүргiндер құрбандарын ақтау туралы Қазақстан Республикасының Заңы

23-бап. Айыптың жекелеген құрамына немесе бiр оқиғасына қатысты ақталған адамдардың осы Заңның 22-бабында көзделген өтемдi алу құқын, осылардың талап ету жөнiндегi өтiнiшi бой...

Толық оқу »

556-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің белгіленген мерзімдерінде кедендік баждардың, салықтардың, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының, өсімпұлдардың, пайыздардың тиесілі сомаларын төлеу туралы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс органының талабын орындамау

556-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің белгіленген мерзімдерінде кедендік баждардың, салықтардың, арнайы, демпингке қарсы...

Толық оқу »

199-бап. Қайта өңдеу өнімдерін ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен орналастыру кезінде оларға қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын есептеу және төлеу ерекшеліктері Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі

199-бап. Қайта өңдеу өнімдерін ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен орналастыру кезінде оларға қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем...

Толық оқу »

Жер учаскесін сатып алу шартын жарамсыз деп тану, мемлекет кірісіне алынған жер учаскесі үшін төленген өтемақы сомасын өндіріп алу

Жер учаскесін сатып алу шартын жарамсыз деп тану, мемлекет кірісіне алынған жер учаскесі үшін төленген өтемақы сомасын өндіріп алуМемлекеттік органның бағалау қызметін жүргізу...

Толық оқу »

139-бап. Арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы кодексі

139-бап. Арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы кодексі      1. Арнай...

Толық оқу »

555-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын, кедендік алымдарды, проценттерді төлеу мерзімдерін бұзу

555-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын, кедендік...

Толық оқу »

392-7-бап. Осы Кодекстің 392-6-бабы 4-тармағының 1) тармақшасына сәйкес кеден қоймасы кедендік рәсімінің қолданысын аяқтау мақсатында ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен орналастырылатын (орналастырылған), жеке тұлғаларға өткізуге арналған электрондық сауда тауарларына қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндеттің туындауы мен тоқтатылуы, оларды төлеу мерзімі және есептеу Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы кодексі

392-7-бап. Осы Кодекстің 392-6-бабы 4-тармағының 1) тармақшасына сәйкес кеден қоймасы кедендік рәсімінің қолданысын аяқтау мақсатында ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсіміме...

Толық оқу »

10-бап. Арнайы қорғау шарасын қолдану Үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шаралары туралы Заңы

10-бап. Арнайы қорғау шарасын қолдануҮшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шаралары туралы Заңы      1. Арнайы қорғау шарасы Комиссияның шешімі бо...

Толық оқу »

309-7-бап. Осы Кодекстің 3096-бабы 4-тармағының 1-тармақшасына сәйкес кеден қоймасының кедендік рәсімінің қолданысын аяқтау үшін ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімімен орналастырылатын (орналастырылған), жеке тұлғаларға өткізуге арналған электрондық сауда тауарларына қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төлеу жөніндегі міндеттің туындауы мен тоқтатылуы, оларды төлеу мерзімі және есептеу Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі

309-7-бап. Осы Кодекстің 3096-бабы 4-тармағының 1-тармақшасына сәйкес кеден қоймасының кедендік рәсімінің қолданысын аяқтау үшін ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімімен...

Толық оқу »