Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 475-бап. Үкiмнiң орындалуын кейiнге қалдыру, мерзімін ұзарту ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

475-бап. Үкiмнiң орындалуын кейiнге қалдыру, мерзімін ұзарту ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

475-бап. Үкiмнiң орындалуын кейiнге қалдыру, мерзімін ұзарту ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

     1. Адамды қоғамдық жұмыстарға, түзеу жұмыстарына тартуға, оның бас бостандығын шектеуге немесе оны бас бостандығынан айыруға соттау туралы үкiмдi орындау мынадай негiздердiң бiрi болған кезде:

      1) сотталған адамның жазаны өтеуге кедергi келтiретiн ауыр науқасы болса – ол сауығып кеткенге дейiн;

      2) сотталған әйел жүктi болса, сотталған әйелдің жас баласы болса немесе оны тәрбиелеп отырса және жас баласын жалғыз өзі тәрбиелеп отырған еркекке қатысты – Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 74-бабында көзделген тәртiппен;

      3) сотталған адам немесе оның отбасы үшiн жазаны дереу өтеу – өрт немесе өзгедей дүлей зілзала, отбасының еңбекке жарамды жалғыз мүшесiнiң ауыр науқасы немесе қайтыс болуы немесе басқа да төтенше жағдайлардың салдарынан ауыр салдарға әкеп соғуы мүмкiн болса, сот белгiлеген, бірақ алты айдан аспайтын мерзiмге, ал Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 76-бабының екiншi бөлiгiнде көрсетiлген адамдарға қатысты үш айдан аспайтын мерзiмге кейiнге қалдырылуы мүмкiн.

      2. Соттың үкімі бойынша сотталған адамнан өндіріліп алуға жататын айыппұлды, өзгедей сомаларды төлеу, егер оны дереу төлеу сотталған адам үшiн мүмкiн болмаса, бір жылға дейінгі мерзiмге кейiнге қалдырылуы немесе ұзартылуы мүмкін.

      3. Егер сот үкімді шығарған кезде үкімнің орындалуын кейінге қалдыру туралы мәселені шешпеген болса, оны үкімді шығарған сот немесе қызмет ауданында үкім орындауға келтірілетін сот сотталған адамның, оның заңды өкiлiнiң, жақын туыстарының, қорғаушысының өтiнiшхаты бойынша не прокурордың немесе үкімді орындау жүктелген органның ұсынуы бойынша шешедi.

      Үкімді қосымша жаза бөлігінде орындауды кейінге қалдыруға жол берілмейді.

 

Қазақстан Республикасының Кодексі 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V ҚРЗ. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы 

103-бап. Шағым берiлуiне байланысты шешiмнiң орындалуын тоқтата тұру ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

103-бап. Шағым берiлуiне байланысты шешiмнiң орындалуын тоқтата тұру ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi Осы Кодексте көзделген жағдайларда шағым бе...

Толық оқу »

609-бап. Қабылданған адамдарға қатысты жазаны орындауды немесе мәжбүрлеп емдеуді ұйымдастыру ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

609-бап. Қабылданған адамдарға қатысты жазаны орындауды немесе мәжбүрлеп емдеуді ұйымдастыру ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Қазақстан Респуб...

Толық оқу »

570-бап. Құқықтық көмек көрсету туралы сұрау салуды (тапсырманы, өтінішхатты) орындау тәртібі ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

570-бап. Құқықтық көмек көрсету туралы сұрау салуды (тапсырманы, өтінішхатты) орындау тәртібі ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Қылмыстық проце...

Толық оқу »

493-бап. Соттың үкiмiн, қаулысын орындауды тоқтата тұру ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

493-бап. Сот үкiмiнің, қаулысының орындалуын тоқтата тұруҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi      Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы касс...

Толық оқу »

370-2-бап. Құқық қорғау органы немесе арнаулы мемлекеттік орган қызметкерінің қызмет міндеттерін атқарудан бас тартуы немесе жалтаруы  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

370-2-бап. Құқық қорғау органы немесе арнаулы мемлекеттік орган қызметкерінің қызмет міндеттерін атқарудан бас тартуы немесе жалтаруы ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Респуб...

Толық оқу »