Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Кодекстер / 205-бап. Күдіктінің келу мiндеттiлiгi ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

205-бап. Күдіктінің келу мiндеттiлiгi ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

205-бап. Күдіктінің келу мiндеттiлiгi ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

      1. Өзіне қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалмаған күдікті жазбаша хабарлама-шақыру қағазы арқылы жауап алуға шақырылады. Хабарлама телефонограмма немесе жеделхат және өзге де байланыс құралдары арқылы да берiлуi мүмкiн.

      2. Шақыру қағазында кiмнің, қайда және кiмге шақырылатыны, келетiн күні мен сағаты, сондай-ақ келмей қалуының салдары көрсетiлуге тиiс.

      3. Шақыру қағазы күдіктіге одан қолхат ала отырып табыс етіледі, ал ол уақытша болмаған жағдайда, күдіктіге беру үшiн отбасының кәмелетке толған мүшесiне табыс етіледі немесе тұрғын үй-пайдалану ұйымына немесе тұрғылықты жерi бойынша әкiмшiлiкке не жұмыс орны бойынша әкiмшiлiкке берiледi, олар жауап алуға шақырылып отырған күдіктіге шақыру қағазын беруге мiндетті. Күдікті басқа байланыс құралдарын пайдалану арқылы да шақырылуы мүмкін. Күдікті Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде болған және сотқа дейінгі тергеп-тексеру органдарына келуден жалтарған жағдайларда, хабарлама республикалық бұқаралық ақпарат құралдарында, сондай-ақ жалпыға қолжетімді телекоммуникациялық желілерде, ал оның тұрып жатқан жері белгілі болған жағдайда, күдіктінің тұрып жатқан жері бойынша бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.

      4. Өзіне қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалмаған күдікті сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның шақыруы бойынша белгiленген мерзiмде келуге мiндетті.

      5. Күдікті белгіленген мерзімде келмеу себептері және дәлелді себептері бар екендігі туралы сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамды хабардар етуге міндетті.

      6. Дәлелді себептерсіз келмеген жағдайларда, күдікті күштеп әкелінуі мүмкін.

      7. Қамаудағы күдікті күзетпен ұстау орнының әкiмшiлiгi арқылы шақырылады және жеткізіледі.

 

 

 

 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер орғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы Декларация Жарлық Бұйрық Қаулы Шешім Баяндама Қорытынды Өтініш Конвенция Келісімшарт Меморандум Әдістеме Нормалар Нота Ережелер Бағдарлама Жарғы Мақала Түсініктеме Қарар Регламент Хаттама Жоба Жолдау 

99-бап. Қылмыстық процеске қатысушылардың өтiнiшхаттарын қараудың мiндеттiлiгi ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

99-бап. Қылмыстық процеске қатысушылардың өтiнiшхаттарын қараудың мiндеттiлiгi ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Қылмыстық процеске қатысушылар с...

Толық оқу »

99-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы қылмыстық іс жүргізу кодексінің Қылмыстық процесіне қатысушылардың өтініштерін қараудың міндеттілігі

99-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы қылмыстық іс жүргізу кодексінің Қылмыстық процесіне қатысушылардың өтініштерін қараудың міндеттілігі1 қылмыстық процеске қатысушыл...

Толық оқу »

268-бап. Үлгiлерді алу туралы қаулының орындалу мiндеттiлiгi ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Күдіктіден, айыпталушыдан үлгiлер мәжбүрленiп алын...

Толық оқу »

185-бап. Қылмыстық құқық бұзушылық туралы арызды, хабарды немесе рапортты қабылдау мiндеттiлiгi ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

185-бап. Қылмыстық құқық бұзушылық туралы арызды, хабарды немесе рапортты қабылдау мiндеттiлiгi ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Қылмыстық қудал...

Толық оқу »