24-бап. Қарулы Күштердің мемлекеттік мекемелерi Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы Заңы
1. Қарулы Күштердің мемлекеттік мекемелері:
1) өз қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырады;
2) ұсынылған қайырымдылық көмектi, сондай-ақ әскери-техникалық ынтымақтастық шеңберiнде көрсетiлетiн көмектi алуға және пайдалануға құқылы.
2. Қарулы Күштердің мемлекеттік мекемелері өздерінің жарғылық мақсаттарына сәйкес келетін және өздерінің негізгі қызметіне жатпайтын қызметтерді көрсетуге және осындай көрсетілетін қызметтерді өткізуден түскен ақшаны Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша айқындайтын тәртіппен пайдалануға құқылы.
Қарулы Күштердің жылу энергиясын өндіру, беру, тарату жəне өткізу саласында, сумен жабдықтау жəне (немесе) су бұру саласында маманданатын мемлекеттік мекемелерi өздерінің жарғылық мақсаттарына сəйкес келетін жəне өздерінің негізгі қызметіне жатпайтын қызметтерді көрсетуге құқылы. Осындай көрсетілетін қызметтердi өткізуден түсетін кірістер Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес мемлекеттік бюджетке есепке жатқызылуға тиіс.
3. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі Қарулы Күштердің мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының ұсынысы негізінде, Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған жағдайларды қоспағанда, тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түскен ақша өздерінің иелігінде қалатын, кіріс келтіретін қызметті жүзеге асыруға құқық берілген Қарулы Күштердің мемлекеттік мекемелерінің тауарларына (жұмыстарына, көрсетілетін қызметтеріне) тарифтерді (бағаларды) бекітеді.
4. Қорғаныс министрлігі ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелердің жанынан олар орналасқан жерден тыс, уəкілетті органда есептік тіркеуге жатпайтын өзге де оқшауланған құрылымдық бөлімшелер құруы мүмкін.
Өзге де оқшауланған құрылымдық бөлімшелер Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі белгілеген өкілеттіктердің бір бөлігін орындайды.
Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 7 қаңтардағы N 29 Заңы.
Осы Заң Қазақстан Республикасының қорғанысы мен Қарулы Күштерін ұйымдастыру саласындағы қоғамдық қатынастарды, елдiң қорғаныс қабiлетін қамтамасыз етудегі мемлекеттік органдардың функциялары мен өкiлеттіктерiн, азаматтар мен ұйымдардың қорғаныс саласындағы құқықтары мен мiндеттерін реттейдi.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы