52-бап. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери-теңіз Күштері Гидрографиялық қамтамасыз ету қызметінің және порттың теңіз әкімшілігінің келтірілген шығыстарды толық өтеттіру құқығы Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы Заңы
1. Мыналардың:
1) суға батқан мүліктің жатқан жерін анықтау және оны навигациялық белгілермен белгілеу кезінде келтірілген шығыстар бойынша Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери-теңіз Күштері Гидрографиялық қамтамасыз ету қызметінің;
2) осы Заңның 51-бабының 1-тармағына сәйкес жүзеге асырылған суға батқан мүлікті аластауға байланысты келтірілген шығыстар бойынша порттың теңіз әкімшілігінің келтірілген шығыстарды толық өтеттіруге құқығы бар.
2. Келтірілген шығыстарды өтеу:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен, аласталған суға батқан мүлікті өткізуден түскен сома есебінен жүзеге асырылады, қалған сома суға батқан мүліктің меншік иесіне беріледі;
2) егер суға батқан мүлікті өткізуден түскен сома суға батқан мүліктің жатқан жерін анықтауға, белгілеуге және оны аластауға жұмсалған шығыстарды жаппаса, суға батқан мүліктің меншік иесінің есебінен жүзеге асырылады.
Келтірілген шығыстарды өтеуден алынған қаражат мемлекет кірісіне есепке жатқызылады.
Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 17 қаңтардағы N 284 Заңы.
Осы Заң сауда мақсатында теңiзде жүзу саласындағы мемлекеттiк басқарудың құқықтық, ұйымдық, экономикалық және халықаралық негiздерiн белгiлейдi және жүк, жолаушылар мен багаж тасымалдауға, теңiз көлiгiнде қауiпсiздiктi қамтамасыз етуге және қоршаған ортаны қорғауға байланысты қатынастарды реттейдi.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы