Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа даәскерлері мен әскери құралымдарының гарнизондық және қарауылдық қызметтер жарғысы
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2007 жылғы 5 шілдедегі№ 364 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа даәскерлері мен әскери құралымдарының
ГАРНИЗОНДЫҚ ЖӘНЕ ҚАРАУЫЛДЫҚ ҚЫЗМЕТТЕР
ЖАРҒЫСЫ
Осы Жарғы гарнизондық және қарауылдық қызметтерді ұйымдастыру және өткеру, әскерлердің қатысуымен болатын гарнизондық іс-шаралар өткізу тәртібін айқындайды.
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының гарнизондық және қарауылдық қызметтер жарғысының (бұдан әрі – Гарнизондық және қарауылдық қызметтер жарғысы) күші Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының (бұдан әрі – Қарулы Күштер) әскери қызметшілеріне және әскери киім нысанын киіп жүру құқығымен әскери қызметтен шығарылған азаматтарға оны киіп жүрген кезде қолданылады.
1. Гарнизондық қызметті ұйымдастыруЖалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі Айрықша мақсаттағы күштерінің әскери бөлімдерін қоспағанда, елді мекенде немесе шекаралары белгіленген ауданда орналасқан Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының әскери бөлімдері, мекемелері (бұдан әрі – әскери бөлімдер) гарнизонды құрайды.
2. Гарнизонның шекаралары Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабы бастығының бұйрығымен айқындалады. Анағұрлым үлкен гарнизонның құрамына оған жақын жатқан елді мекендерде орналасқан барлық әскери бөлімдер енгізіледі. Осы шекараларға жақын жатқан басқа да елді мекендер енгізілуі мүмкін.
Гарнизон шекаралары гарнизонның барлық жеке құрамына дейін жеткізілуге тиіс.
3. Гарнизондық қызмет жеке құрам арасында жоғары әскери тәртіпті сақтау, әскерлердің күнделікті өмірі мен даярлығына қажетті жағдайлар жасау, сондай-ақ әскерлердің қатысуымен болатын гарнизондық іс-шараларды өткізу үшін арналған.
4. Гарнизон шегінде гарнизондық қызметке басшылық жасауды гарнизон бастығы жүзеге асырады. Оның Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының тәртіптік жарғысына сәйкес тәртіптік құқықтары бар.
Ақмола және Алматы гарнизондарының бастықтарын қоспағанда, өңірлік қолбасшылықтың жауапкершілік аймағында орналасқан гарнизондардың бастықтары өңірлік қолбасшылық әскерлерінің қолбасшысына бағынады. Ақмола және Алматы гарнизондарының бастықтары Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығына тікелей бағынады.
5. Әскерлер оқу-жаттығу орталықтарында және лагерьлерде орналасқан кезде әскерлердің күнделікті тіршілік әрекетін ұйымдастыру жөніндегі іс-шаралар Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының ішкі қызмет жарғысына (бұдан әрі – Ішкі қызмет жарғысы) сәйкес жүзеге асырылады.
6. Гарнизондық қызметті өткеруге гарнизон құрамына кіретін әскери бөлімдер тартылады.
Әскери бөлімдердің гарнизонда гарнизондық қызметті өткеру кезектілігін гарнизон бастығы белгілейді.
Жауынгерлік кезекшілікті және жауынгерлік қызметті өткеретін бөлімшелер гарнизондық қызметті өткеруге тартылмайды.
7. Әрбір гарнизонда Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабы бастығының бұйрығымен Қорғаныс министрлігі әскери бөлімдерінің командирлері қатарынан гарнизон бастығы тағайындалады. Гарнизон әкімшілігі гарнизон бастығының бұйрығымен осы Жарғының 1-қосымшасында мазмұндалған талаптарды ескере отырып тағайындалады, ал қажет болған кезде гарнизон әкімшілігінің басқа да адамдары тағайындалуы және олардың міндеттері айқындалуы мүмкін.
8. Лауазымға кіріскені туралы гарнизон бастығы бұйрықта жариялайды, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығына, өңірлік қолбасшылық әскерлерінің қолбасшысына және өзінің тікелей бастығына баяндайды, сондай-ақ ол туралы мемлекеттік жергілікті басқару органдарына жазбаша түрде хабарлайды.
9. Әскери қалашықта екі немесе одан көп әскери бөлімдер орналасқан кезде гарнизон бастығының бұйрығымен әскери қалашықтың жетекшісі тағайындалады.
10. Гарнизондардағы құқық тәртібін қамтамасыз етуді Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әскери полиция органдары жүзеге асырады.
Тікелей бастықтардан басқа, әскери қызметшінің ешқайсысының әскери полиция органының бастығына оның қызметтік істеріне қатысты қандай да бір өкім беруіне жол берілмейді.
Гарнизондық қызметті ұйымдастыру және өткеру мәселелері бойынша гарнизон бастығы және гарнизонның әскери полиция органы бастығы өзара іс-қимылды ұйымдастырады.
Гарнизон бастығы
11. Гарнизон бастығы: гарнизонда әскери тәртіпті сақауға; гарнизондық және қарауылдық қызметтерді ұйымдастыруға және өткеруге; азаматтық қорғаныстың басқару органдарымен және бөлімдерімен өзара іс-қимылға; гарнизонның аумақтық қорғаныс міндеттерін және жұмылдыру іс-шараларын орындауға қатысатын гарнизонның күштері мен құралдарының іс-қимылына; әскерлердің күнделікті өмірі мен даярлығы үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз етуге; гарнизонның диверсияға қарсы қауіпсіздігінің, өртке қарсы қорғанысының және инфрақұрылымының жай-күйіне; әскерлерді тартумен гарнизондық іс-шараларды өткізуге жауап береді.
Гарнизон бастығы:
1) гарнизон әкімшілігінің қызметіне басшылық жасауға;
2) ай сайын әскери тәртіптің, гарнизондық және қарауылдық қызметтердің жай-күйін талдауға, гарнизон әскери бөлімдерінің командирлерімен, олардың орынбасарларымен жұмысты қорытындылауға және тиісті бұйрықтар шығаруға;
3) қылмыстық құқық бұзушылықтар мен оқиғалардың алдын алу, қырағылық пен мемлекеттік құпиялардың сақталуын арттыру жөніндегі шараларды айқындауға;
4) гарнизон аумағында орналасқан мемлекеттік жергілікті басқару органдарымен, басқа да әскерлермен және әскери құралымдармен байланыс орнатуға, олармен гарнизондық қызметті, азаматтық, аумақтық қорғанысты ұйымдастыруға, бірлескен іс-шараларды өткізуге байланысты барлық қажетті мәселелерді, сондай-ақ әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерінің тұрғын үй жағдайларын жақсарту, басқа да мұқтаждары мен сұраныстарын қанағаттандыру мәселелерін шешуге;
5) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабы бастығының бірінші орынбасарына гарнизондық қарауылдар кестесін (2-қосымша), сондай-ақ төтенше жағдай жарияланған кезде аумақтық қорғаныс бөлімдерімен (бөлімшелерімен), гарнизонның басқа да әскерлерімен және әскери құралымдарымен өзара іс-қимылдар, гарнизонды өртке қарсы қорғау жоспарларын бекітуге ұсынуға, гарнизонның шекаралары туралы ұсыныстар енгізуге;
6) жұмылдыру жарияланған және әскерлерді жауынгерлік әзірліктің жоғары дәрежесіне келтірген кезде гарнизонның іс-шаралар жоспарын әзірлеуге, оның орындалуын қамтамасыз етуге;
7) әскерлердің, гарнизондық объектілер мен әскери қалашықтардың күзетін, қорғанысы мен жаппай қырып-жою қаруынан және табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан (бұдан әрі – төтенше жағдайлар) және олардың салдарларынан қорғауды, сондай-ақ гарнизонда өртке қарсы қорғанысты ұйымдастыруға және олардың жай-күйін бақылауға;
8) гарнизон әскери бөлімдерінің, әскери оқу орындары мен мекемелерінің күзеті мен қорғанысы, диверсияға қарсы қауіпсіздігі жоспарларын келісуге;
9) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бұйрығымен бекітілген тәртіпке сәйкес гарнизонның күзет және қорғаныс, диверсияға қарсы қауіпсіздік жоспарларын әзірлеуге және бекітуге;
10) төтенше жағдайлар мен олардың салдарларын жою үшін, осы жағдайларда зардап шеккен халыққа көмек көрсету үшін бөлімшелер (әскери бөлімдер) тағайындауға;
11) гарнизондық қарауылдардың күзетінде тұрған объектілерге кіру тәртібін белгілеуге;
12) аптасына бір реттен жиі емес гарнизондық нарядқа тағайындалған әскери қызметшілердің даярлығын; гарнизондық қарауылдардың таралымын өткізуді және олардың қызмет өткеруін, бекеттер мен қарауылдық үй-жайлардың жай-күйін, гарнизон кезекші бөлімшесінің әзірлігін жеке өзі тексеруге;
13) жарты жылда бір реттен жиі емес жауынгерлік патрондар қорларын есепке алу кітабына жазба жасай отырып, гарнизондық қарауылдардағы оқ-дәрілер қорларының болуын және оның жай-күйін тексеруге;
14) гарнизонның әскери бөлімдері үшін оқу материалдық-техникалық базалардың объектілерін пайдалану тәртібін, ашық су тоғандарында шомылу орнын, уақыты мен тәртібін белгілеуге, сондай-ақ олардағы қауіпсіздік талаптарының орындалуын бақылауға;
15) жалпыгарнизондық мәдени-бос уақыт және спорттық іс-шараларды өткізу жоспарларын қарауға және бекітуге;
16) азаматтарды қабылдау уақытын, орны мен тәртібін айқындауға және гарнизонның жеке құрамына жеткізуге;
17) әскерлерді пәтерлерге орналастыру жөніндегі жұмысқа, сондай-ақ гарнизон тұрғын үй комиссиясының қызметіне басшылық жасауға, тұрғын үй қатынастары туралы заңнамаға сәйкес гарнизондағы тұрғын үй бөлуді қарауға және бекітуге;
18) қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану жөніндегі іс-шаралардың орындалуына бақылауды жүзеге асыруға, әскери бөлімдердің жалпыгарнизондық пайдаланудағы ғимараттарды, әскери қалашықтардың аумақтары мен құрылыстарды күтіп-ұстауын тексеруге;
19) полигондарға кеткен немесе гарнизон құрамынан шыққан әскери бөлімдердің әскери қалашықтары мен объектілері қалдырылған кезде олардың күзетін ұйымдастыруға және бақылауға;
20) әскери қызметшілердің гарнизонда қысқы немесе жазғы киім нысанына көшуіне уақыт белгілеуге;
21) гарнизондағы жылу беру кезеңінің басталғанын және аяқталғанын хабарлауға;
22) әскерлердің қатысуымен гарнизондық іс-шараларды өткізуге, қажет болған жағдайларда құрметті қарауылдар тағайындауға, әскери молаларды, зираттар мен әскери ескерткіштерді тиісті реттілікпен ұстау туралы қамқорлық көрсетуге;
23) аттестаттарға сәйкес оларды жабдықталыммен қамтамасыз ете отырып, гарнизонда уақытша болатын әскери бөлімдерді, бөлімшелер (командалар) мен жеке әскери қызметшілерді, сондай-ақ әскери жүктері бар көліктерге ілесіп жүретін қарауылдарды орналастыруға;
24) гарнизонда қызмет өткермейтін сырқаттанған әскери қызметшілерге медициналық қызмет көрсету жөнінде шаралар қабылдауға;
25) стационарлық емделуге мұқтаж сотталған әскери қызметшілерді күзетуді ұйымдастыруға;
26) гарнизонның әскери бөлімдерінде қызмет өткермейтін әскери қызметшілер қылмыстық құқық бұзушылық жасаған жағдайда гарнизонның әскери полиция органының бастығын және әскери прокурорын жедел хабардар етуге;
27) гарнизонда қызмет өткермейтін әскери қызметшілер сотталған кезде, әскери полиция органдары болмаған кезде оларды жазаны өтеу орнына жөнелтуді ұйымдастыруға міндетті.
12. Гарнизон бастығы гарнизон орналасқан жерге келген: Қазақстан Республикасының Президентін, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрін және оның орынбасарларын және Қарулы Күштері Бас штабы бастығының орынбасарларын, әскер түрлерінің бас қолбасшыларын, гарнизон орналасқан аумақтағы өңірлік қолбасшылық әскерлерінің қолбасшысын қарсы алады, баяндайды және оған ілесіп жүреді.
Ақмола және Алматы гарнизондарының бастықтары көрсетілген адамдарды Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабы бастығының ерекше нұсқауы бойынша қарсы алады.
Гарнизонға орталық әскери басқару органдары департаменттерінің (бас басқармаларының) бастықтары, әскер тектерінің қолбасшылары келген жағдайда гарнизон бастығы оларды қарсы алады және өзін таныстырады.
Өңірлік қолбасшылық әскерлерінің қолбасшысы оның жауапкершілігі аймағының аумағына келген: Қазақстан Республикасының Президентін, Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрін, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығын қарсы алады және баяндайды.
13. Гарнизон бастығы гарнизоннан уақытша (демалысқа, ұзақ іссапарға) кеткен кезде өз міндеттерін атқаруды гарнизон бастығы орынбасарларының біреуіне тапсырады, ол туралы гарнизон бойынша бұйрықта жариялайды және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығына, өңірлік қолбасшылық әскерлерінің қолбасшысына және өзінің тікелей бастығына баяндайды.
Ақмола және Алматы гарнизондарында гарнизон бастығының міндеттерін уақытша атқару көрсетілген жағдайларда Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығы тағайындаған адамға жүктеледі.
14. Гарнизонның әскери бөлімдерін, іссапарға келген жекелеген бөлімшелерді (командаларды) есепке алу, олардың қызмет орындарына уақтылы кетуін бақылау гарнизон әкімшілігіне жүктеледі.
Әскери бөлімдерді (бөлімшелерді, командаларды) басқа гарнизонның шегіне жіберетін командирлер (бастықтар) осы гарнизонның бастығына олардың келетіні туралы хабарлауға міндетті.
Әскери бөлімдер (бөлімшелер, командалар) көрсетілген пунктке келгеннен кейін әскери бөлімнің (бөлімшенің) командирі (команданың бастығы) ол туралы гарнизон бастығына келген күні баяндауға және гарнизон бастығына бағынысты штабта оны есепке қоюға міндетті.
Аудандық пайдалану бөлімінің бастығы
15. Аудандық пайдалану бөлімінің бастығы қызметтік-тұрғын үй және жер қорларын пайдалануды, есепке алуды, уақтылы жөндеу жүргізуді ұйымдастыруға, сондай-ақ аудандық пайдалану бөліміне тіркелген әскери бөлімдерді пәтерлік жабдықталыммен қамтамасыз етуге жауап береді.
Ол Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскерлерді пәтерлерге орналастыру жөніндегі уәкілетті органына және гарнизон бастығына бағынады. Казармалық қорды пайдалану, тұрғын үй-жайларды бөлу, әскерлерді орналастыру мәселелері бойынша ол аудандық пайдалану бөлімі қызмет көрсететін гарнизондар бастықтарының нұсқауларын орындайды.
Аудандық пайдалану бөлімінің бастығы:
1) жұмылдыру жариялау және әскерлерді жауынгерлік әзірліктің жоғары дәрежесіне келтіру жағдайына гарнизондарда пәтер-пайдалану қызметі жөніндегі іс-шаралар жоспарларын әзірлеуге;
2) қызмет көрсетілетін гарнизондардың бастықтарына және гарнизондар тұрғын үй комиссияларының төрағаларына гарнизондардың жер учаскелерін, қызметтік-тұрғын үй қорын пайдалану жөніндегі ұсыныстар мен есептерді, мемлекеттік жергілікті басқару органдарына жетіспейтін қорды бөлуге өтінімдер ұсынуға;
3) гарнизондар бастықтарына гарнизондарда әскери бөлімдерге тұрғын үйлерді бөлу жоспарларын бекітуге ұсынуға;
4) кемінде жарты жылда бір рет әскери бөлімдердің жер учаскелерін, ғимараттар мен құрылыстарды, инженерлік желілерді, жиһаз бен казармалық мүкәммалды дұрыс пайдалануын тексеруге;
5) әскери қалашықтардың аумақтарын көркейту, көгалдандыру мен жинау жөніндегі жоспарларды әзірлеуге және гарнизондар бастықтарына бекітуге ұсынуға және әскери бөлімдердің оларды орындауын бақылауға;
6) қызметтік-тұрғын үй қорын қысқа даярлауды, қазандықтар үшін отынның әр түрлерін (белгіленген қорлардан аз емес) уақтылы әкелуді ұйымдастыруға және бақылауға;
7) әскери қалашықтардың аумағынан қатты-тұрмыстық қалдықтарды шығару жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыруға;
8) жылына кемінде екі рет барлық тұрғын және тұрғын емес ғимараттарды, инженерлік-техникалық, коммуналдық құрылыстарды, инженерлік желілерді тексеруді ұйымдастыруға, олардың негізінде ағымдағы және күрделі жөндеу жөніндегі іс-шаралар жоспарын жасауға;
9) бекітілген жоспарларға сәйкес жұмыстарды ұйымдастыруға және қызметтік-тұрғын үй қорына, коммуналдық объектілер мен инженерлік желілерге жөндеу жүргізуге бақылауды жүзеге асыруға;
10) әскери бөлімдерді пәтерлік жабдықталымның барлық түрлерімен қамтамасыз етуге және оның дұрыс пайдаланылуын бақылауға;
11) әскери бөлімдерді электр энергиясымен, сумен, жылумен және газбен жабдықтауды қамтамасыз етуді ұйымдастыруға және олардың дұрыс тұтынылуын бақылауға;
12) үйлерді, ғимараттар мен инженерлік желілерді пайдалану мәселелері бойынша басшылық жасауды жүзеге асыруға;
13) гарнизондарда объектілердің аумақтық қорғанысы, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі жоспарларды әзірлеуге және іс-шаралар өткізуге қатысуға;
14) әскери бөлімдердің пәтер-пайдалану қызметі бойынша материалдық құралдарға қажеттілігін тексеруге, жиынтық өтінімдерді жасауға және оларды уәкілетті органға ұсынуға;
15) гарнизоннан тыс жаңа қызмет орнына кететін әскери қызметшілердің қызметтік тұрғын алаңын тапсыруына бақылауды жүзеге асыруға;
16) гарнизонның әскери бөлімдеріне бекітіліп берілген жер учаскелерінің, әскери қалашықтардың, ғимараттардың, құрылыстардың, коммуналдық объектілердің, тұрғын үй алаңының, инженерлік желілердің, сондай-ақ пәтер-пайдалану жабдықталымының барлық түрлерінің есебін жүргізуге міндетті.
Теміржол (теңіз, өзен) учаскесінің және станциясының(портының), әуежайдың әскери коменданты
16. Теміржол (теңіз, өзен) учаскесінің және станциясының (портының), әуежайдың әскери коменданты өз учаскесі және станциясы (порты), әуежайы аумағы шегінде әскери тасымалдауларды ұйымдастыру және әскери қызметшілер арасында жоғары әскери тәртіпті ұстау жөніндегі міндеттерді орындайды. Әскери қызметшілер арасында жоғары әскери тәртіпті ұстау жөніндегі міндеттерді орындау кезінде теміржол (теңіз, өзен) учаскесінің және станциясының (портының), әуежайдың әскери коменданты тікелей бастықтарға және гарнизон бастығына бағынады. Әскери коменданттың әскери тасымалдауларды орындау, әскери реттілік пен жарғылық тәртіпті сақтау мәселелері жөніндегі барлық талаптары теміржол (теңіз, өзен) учаскесі бойынша жүріп бара жатқан сол сияқты теміржол станцияларында (порттарында), әуежайларда болатын барлық әскери қызметшілердің дәл орындауға тиіс. Оған әскери жүктері бар көліктерге ілесіп жүретін қарауылдар бағынады.
Тікелей бастықтардан және гарнизон бастығынан басқа, әскери комендантқа әскери қызметшілердің ешқайсысының да оның қызметтік істеріне қатысты қандай да бір өкім беруіне жол берілмейді.
Теміржол (теңіз, өзен) учаскесінің және станциясының (портының), әуежайдың әскери коменданты:
1) теміржол (теңіз, өзен) учаскесі және станциясы (порты), әуежай аумағында болатын әскери қызметшілердің әскери тәртіпті сақтауын және белгіленген киім нысанын киіп жүру қағидаларын сақтауын бақылауға;
2) учаскеге және станцияға (портқа), әуежайға келген жолаушылар пойыздарын (кемелерді, әуе кемелерін), әскери эшелондар мен қарауылдар ілесіп жүретін әскери жүктер бар көліктерді қарсы алуға немесе осы мақсаттар үшін өзінің көмекшілерін жіберуге;
3) әскери тәртіптің жай-күйін, өрт қауіпсіздігі қағидаларының орындалуын, әскери қызметшілердің материалдық-тұрмыстық қамтамасыз етілуін және әскери эшелондар мен көліктердегі материалдық бөліктердің және жүктердің бекітілуін тексеруге;
4) қылмыстық құқық бұзушылықтар жасаған әскери қызметшілерді ұстауға шаралар қабылдауға, ал қажет болған кезде пойыздардан, теңіз (өзен) және әуе кемелерінен түсіріп алуға;
5) әскери залдарда және әскери кассалар жанында тәртіп орнатуға және оны ұстауға, қарауылдардың, командалардың, жеке жүрген әскери қызметшілер мен олардың отбасыларының бронь және жол жүру билеттерін алу кезектілігін айқындауға;
6) жүктерді алу және оларды жүру жолында күзету үшін бара жатқан немесе өз әскери бөліміне қайтып келе жатқан қарауылдарды кідіріссіз жөнелтуді жүргізуге;
7) оның қарамағына бөлінген патрульдерге нұсқаулар беруге және олардың қызмет өткеруіне бақылауды жүзеге асыруға;
8) жеке немесе командалар құрамында жол жүріп келе жатқан, ауысу пункттерінде болатын әскери қызметшілерге мәдени-тұрмыстық қызмет көрсетуді және олардың демалуын ұйымдастыруға;
9) әскери жүктер бар көліктерге ілесіп жүретін қарауылдардың, сондай-ақ темір жол (теңіз, өзен) учаскесінің және станциясының (портының), әуежайдың аумағында орналасқан гарнизондық қарауылдардың қызмет өткеруін тексеруге;
10) жол жүргенде сырқаттанған немесе зардап шеккен әскери қызметшілерге медициналық көмек көрсету жөнінде шаралар қабылдауға;
11) әскери қызметшілердің әскери тәртіпті бұзушылықтары туралы және қабылданған шаралар туралы гарнизон бастығына баяндауға;
12) қылмыстық құқық бұзушылықтар мен оқиғалар туралы гарнизон әскери полиция бастығын және прокурорын хабардар етуге міндетті.
Ескерту. 16-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Президентінің 28.10.2025 № 1068 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.
2. Әскерлердің парадтарға және қоғамдық іс-шараларға қатысуыЖалпы ережелер
17. Гарнизонның әскерлер парадтары ерекше нұсқау бойынша мемлекеттік мерекелерді, сондай-ақ мемлекеттік және әскери мақсаттағы маңызды оқиғаларды атап өту үшін өткізіледі.
18. Парадқа қатысатын әскерлердің құрамы, бөлімдердің (бөлімшелердің) жүріп өту бағдарлары, парадтың уақыты мен орны, киім нысаны, оларды сапқа тұрғызу және жүріп өту тәртібі әрбір жеке жағдайда гарнизон бастығының бұйрығымен айқындалады. Бұйрықпен, егер ол көзделген болса, артиллериялық салютті (отшашуды) өткізу тәртібі айқындалады.
Парадқа қатысатын әскерлерге басшылық жасау үшін парад қолбасшысы тағайындалады.
19. Парадқа қатысатын әскери қызметшілердің, бөлімшелер мен әскери бөлімдердің іс-қимылдары Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың саптық жарғысында (бұдан әрі – Саптық жарғы) мазмұндалған командалар мен қағидалар бойынша орындалады.
20. Парад үшін сапқа тұрғызу орнына жақындаған кезде әскерлерге ілесіп жүретін оркестрлер ойнауын тоқтатады. Әскери бөлімдер сапқа тұрғызу сұлбасына сәйкес орындарға тұрады. Әскери бөлімдердің командирлері мен олардың орынбасарлары өз әскери бөлімдерінің оң жақ қапталдарына бір қатарға тұрады, орынбасарлардан екі адым солға қарай әскери бөлімнің Жауынгерлік Туы бар ту ұстаушы топ тұрады.
Ордендермен наградталған әскери бөлімдердің жауынгерлік тулары ордендермен және орден ленталарымен болуға тиіс.
Әскери бөлімдердің оркестрлері гарнизон әскери дирижерінің командасымен парадты қабылдаушыға қарама-қарсы және әскерлердің бастапқы орнына біршама жақын құрама оркестрге, фанфаршылар – құрама оркестрдің алдына сапқа тұрғызылады. Дағырашылар бас жақтағы бөлімшеден кейін бір немесе бірнеше қатарға тұрады.
21. Автоматтармен қаруланған әскери бөлімдер (бөлімшелер) парад үшін сапқа тұрғызылады, бұл ретте автоматтар "кеудеге", ал карабиндер – "аяққа" күйінде болады.
Әскери бөлімдердің командирлері өз бөлімдерінің келгені және сапқа тұрғызылғаны туралы парадқа қатысатын әскери бөлімдер командирлерінің үлкеніне баяндайды.
22. Әскери бөлімдерді сапқа тұрғызу орнын, олардың қапталдарын, сап тереңдігі мен әскерлердің салтанатты шерумен жүріп өту сызығын белгілеу үшін сызықтық білдірушілер тағайындалады.
Әскерлерді сапқа тұрғызу орнына сызықтық білдірушілерді сапқа тұрғызу әскерлер келетін уақытқа дейін аяқталуға тиіс. Әскери бөлімдер сапқа тұру үшін орындарына тұрғаннан кейін сызықтық білдірушілер бастапқы орнына тұрады.
23. Парадты қабылдаушы келгенге дейін парад сапқа тұрғызылған орында тек әскерлер сапқа тұрғызылған бөлімдердің маңдайшебі және парад қолбасшысы алдынан өтетін әскери бөлімдер сәлемдеседі.
Әскерлердің парад қолбасшысы мен парадты қабылдаушыны қарсы алуы
24. Парад қолбасшысын қарсы алу үшін парадқа қатысатын командирлердің үлкені: "ТҮЗЕЛ", "ТІК ТҰР", "Назар оң-ҒА (сол-ҒА, орта-ҒА)", ал егер карабиндермен қаруланған әскери бөлімдер бар болса – "ТҮЗЕЛ", "ТІК ТҰР", "Оңнан (солдан, маңдайшептен) қарсы алу үшін, қарауыл-ҒА" командаларын береді және әскерлердің сапқа тұрғызылғаны туралы баяндайды. Парад қолбасшысы баяндауды қабылдап: "ЕРКІН ТҰР" командасын береді. Әскери бөлімдердің (бөлімшелердің) командирлері: "ЕРКІН ТҰР" командасын қайталайды, ал карабиндермен қаруланған бөлімшелердің командирлері: "Аяқ-ҚА" және одан кейін "ЕРКІН ТҰР" командаларын береді. Парад қолбасшысын қарсы алған кезде құрама оркестр ойнамайды.
25. Парадты қабылдаушыны қарсы алу үшін парад қолбасшысы: "Парад, ТҮЗЕЛ", "ТІК ТҰР", "Назар оң-ҒА (сол-ҒА, орта-ҒА)", ал егер карабиндермен қаруланған әскери бөлімдер бар болса – "Парад, ТҮЗЕЛ", "ТІК ТҰР", "Оңнан (солдан, маңдайшептен) қарсы алу үшін, қарауыл-ҒА" командаларын береді.
Взвод командирінен және одан жоғары барлық командирлер қолын баскиіміне апарады. Құрама оркестр "Қарсы алу маршын" орындайды.
26. Парад қолбасшысы қолын баскиіміне апара отырып, парадты қабылдаушыға автомобильмен жүріп келеді және баяндайды, мысалы: "Генерал-полковник мырза, Ақмола өңірлік гарнизонының әскерлері Қазақстан Республикасы Конституциясы күнін мерекелеуге арналған парадқа сапқа тұрғызылды. Парад қолбасшысы генерал-майор Майкеев".
Парад қолбасшысы баяндау үшін тоқтаған кезде құрама оркестр ойнауын тоқтатады. Баяндау аяқталғаннан кейін парад қолбасшысы қолын баскиімінен түсірмей, саптың маңдайшебі алдынан (саптың сыртқы жағынан) және одан біршама кейін парадты қабылдаушыға ілесіп жүреді.
27. Парадты қабылдаушы баяндауды қабылдап, сап маңдайшебінің алдыңғы жағынан әскерлерді көлікпен айналып өтеді, әскерлермен "Армысыздар, айбынды сарбаздар!" деп сәлемдеседі және оларды құттықтайды. Құрама оркестр парадты қабылдаушы сәлемдесу және құттықтау үшін тоқтаған уақытта ойнауын тоқтата отырып, "Қарсы алу маршын" орындайды.
Сәлемдесуге әскерлер "Саулығыңызды тілейміз, қолбасшы мырза!" деп жауап береді, бұл ретте құттықтауға үш рет созылыңқы "ура" деп жауап береді.
28. Парадты қабылдаушы әскерлерді көлікпен айналып өткеннен кейін парадты қабылдау орнына келген кезде әскерлер қайтадан (созылыңқы, дауыс сарынымен) "уралайды". Құрама оркестр салтанатты сипаттағы шығарманы орындайды.
Парадты қабылдаушының нұсқауы бойынша парад қолбасшысы: "ЕРКІН ТҰР" командасын береді. Әскери бөлімдердің (бөлімшелердің) командирлері: "ЕРКІН ТҰР" командасын қайталайды, ал карабиндермен қаруланған бөлімшелердің командирлері: "Аяқ-ҚА" және одан кейін "ЕРКІН ТҰР" командасын береді.
Құрама оркестрдің фанфаршылары (корнетшілері мен кернейшілері) "Барлығың тыңдаңдар" сигналын орындайды.
29. "Барлығың тыңдаңдар" сигналы орындалғаннан кейін парадты қабылдаушы сөз сөйлейді (бұйрық оқиды). Сөз сөйлеу аяқталғаннан (бұйрық оқылғаннан) кейін әскерлер үш мәрте "уралайды", құрама оркестр Мемлекеттік Гимнді орындайды, онымен бір уақытта, егер ол көзделген болса, артиллериялық салют (от шашу) жасалады. Взвод командирінен бастап және одан жоғары барлық командирлер қолын баскиіміне апарады, ал әскерлер командасыз саптық қалыпты қабылдайды және Мемлекеттік Гимнді орындайды.
Мемлекеттік Гимн орындалғаннан кейін фанфаршылар (корнетшілер мен кернейшілер) "Тоқтат" сигналын орындайды, взвод командирінен бастап және одан жоғары барлық командирлер қолын баскиімінен түсіреді, әскерлер "еркін тұр" күйін қабылдайды.
Әскерлердің салтанатты шерумен жүріп өту тәртібі
30. Әскерлер салтанатты шерумен гарнизон бастығының бұйрығында көрсетілген тәртіппен жүріп өтеді.
Салтанатты шерумен жүріп өту үшін парад қолбасшысы: "Парад, ТІК ТҰР", "Салтанатты ШЕРУГЕ", "РОТА (БАТАЛЬОН) БОЙЫНША", "Бір сызықтық (екі сызықтық) арақашықтықпен, бірінші рота (батальон) тура, қалғандары оң-ҒА", "Иық-ҚА", "Назар оңға, адым – БАС" командаларын береді.
31. "Салтанатты ШЕРУГЕ" командасы бойынша бөлімшелердің командирлері саптан шығады және өз бөлімшелері маңдайшебінің алдына, ал әскери бөлімдердің командирлері мен олардың орынбасарлары – бас жағындағы бөлімшелер (әскери бөлімдер) командирлерінің алдында белгіленген арақашықтықта тұрады. Ту ұстаушылар мен ассистенттер алға шығады және белгіленген арақашықтықта, ал дағырашылар – бас жақтағы әскери бөлім (бөлімше) командирінің алдында 15-20 адымда тұрады.
Әскерлердің салтанатты шерумен жүріп өту сызығын белгілеу үшін тағайындалған сызықтық білдірушілер саптық адыммен осы сызық бойымен бір-бірінен 15-20 адым қашықтықта өз орындарына тұрады.
"РОТА (БАТАЛЬОН) БОЙЫНША" командасы бойынша әскери бөлімдер мен бөлімшелердің командирлері оңға бұрылады.
Парад қолбасшысының "Иық-ҚА" командасы бойынша карабиндермен қаруланған әскери қызметшілер оларды "иыққа" күйіне алады (автоматтардың "кеудеге" күйі өзгермейді); ту ұстаушылар жауынгерлік туларды көтереді, Жауынгерлік Ту сабының төменгі ұшын тұғыр ұясына салады және қолдарымен сүйеп ұстап тұрады. Оркестр мен дағырашылар ойнауға дайындалады.
"Кеудеге" күйіндегі автоматтармен қаруланған әскери қызметшілер "адым" алдын ала командасы бойынша оларды сол қолмен сағақ пен ұңғы бастырмасынан алады.
32. Парад қолбасшысының "БАС" командасы бойынша дағырашылар мен бас жақтағы бөлімше қолбасшының соңынан қозғалысты шағын дағыраларды соғумен саптық адыммен бастайды.
Қалған бөлімшелер қозғалысты белгіленген арақашықтықтарды сақтай отырып жүзеге асырады, бас жақтағы бөлімше тұрған жерге дейін жетеді, өз командирлерінің командасы бойынша солға бұрылады (оң иықпен алға енеді), түзеледі, белгіленген аралықты, арақашықтықты орнатады және "ТУРА" командасы бойынша алда келе жатқан бөлімшенің соңынан жүреді.
Бөлімшелердегі оң жақ қапталдағылар сызықтық білдірушілер белгілеген сызық бойымен олардан бір адым артта жүреді.
33. Парад қолбасшысы салтанатты шерумен жүріп өту үшін команда бере отырып, дағырашылардың (бас жақтағы әскери бөлімнің, бөлімшенің) алдында екі сызықтық арақашықтықта қозғалады. Парадты қабылдаушыға екі сызықтық жақын келгенде, ол қолын баскиіміне апарады және басын ол жаққа қарай бұрады, парадты қабылдаушының жанынан өткеннен кейін ол машинадан шығады және парадты қабылдаушыдан оңға қарай және біршама артта тұрады.
34. Әскери бөлімдер салтанатты шерумен жүріп өткен кезде бас жағындағы әскери бөлімнің алдында келе жатқан бөлімше маңдайшебінің орта тұсы алдында бөлім командирі жүреді, одан кейін екі адымда – оның орынбасарлары (бір қатарда), орынбасарлардан кейін екі адымда – бөлімнің Жауынгерлік Туымен ту ұстаушы мен ассистенттер, бөлімнің Жауынгерлік Туынан кейін төрт адымда әскери бөлімдер (бөлімшелер) белгіленген арақашықтықтарда бірінен кейін бірі жүреді.
35. Бас жақтағы бөлімше парадты қабылдаушыға төрт-бес сызықтық қашықтыққа жақындағанда, құрама оркестр маршты ойнай бастайды. Егер әскерлер парадына дағырашылар қатысатын болса, олар шағын дағыраларды соға отырып, бас жақтағы бөлімшенің алдында салтанатты шерумен өтеді. Оркестр марш орындауды бастағанда шағын дағыраларды соғу тоқтатылады.
36. Парадты қабылдаушыға екі сызықтық қалғанда, әскери бөлімдер мен бөлімшелердің командирлері: "Назар оң-ҒА" командасын (сигналын) береді, қолын баскиіміне апарады және басын парадты қабылдаушы жаққа қарай бұрады. Оң жақ қапталдағылардан басқа, сапта тұрғанның барлығы бір уақытта басын сол жаққа қарай бұрады. Өтіп бара жатқан бөлімшенің командирі парадты қабылдаушыдан кейін үшінші сызықтықтан өткенде командирлер қолын баскиімінен түсіреді және басын тік қаратады. Сапта тұрғандардың барлығы бір уақытта басын тік қаратады.
Ту ұстаушылар мен ассистенттер салтанатты шерумен жүріп өткен кезде басын парадты қабылдаушы жаққа бұрмайды.
Әскери бөлімдердің (бөлімшелердің) командирлері парадты қабылдаушының жанына өткеннен кейін саптан шығады және парад қолбасшысынан оңға қарай бес адымда тұрады.
37. Машиналарда салтанатты шерумен өтетін әскери бөлімдердің (бөлімшелердің) командирлері өз әскери бөлімдерінің (бөлімшелерінің) алдында автомобильдерде (мұнарада тұрып, жоғарғы люктері ашық броньды танк техникасында) жүреді және парадты қабылдаушыға үш сызықтық қалғанда, парадты қабылдаушы жаққа басын бұрумен бір уақытта қолын баскиіміне апарып, оған сәлемдеседі.
Қалған танктердің (өздігінен жүретін зеңбіректердің) жоғарғы люктері жабық болуға тиіс.
Автомобильдердің (тартқыштардың) кабиналарында болатын әскери қызметшілер салтанатты шерумен жүріп өту кезінде әскери сәлемдесуді орындамайды.
Машиналардың ашық қораптарында болатын әскери қызметшілер парадты қабылдаушыға үш сызықтық қалғанда оған басын бұрумен сәлемдеседі.
38. Әрбір әскери бөлім (бөлімше) парадты қабылдаушының жанынан өткеннен кейін, сол саппен белгіленген орынға дейін жүреді, ол жерден қажетті қайта сапқа тұрғызылғаннан кейін өз орналасқан жеріне жіберіледі.
Соңғы әскери бөлім парадты қабылдаушыдан кейін бірінші сызықтықтан өткеннен кейін құрама оркестр ойнауын тоқтатады, оңға бұрылады және жүру кезінде маршты орындай отырып, сол жерден салтанатты шерумен бастапқы орнына жүріп өтеді. Әскери оркестр өткеннен кейін сызықтық білдірушілер кезекпен оркестр сабының соңына сапқа тұрып жүреді.
Әскерлердің қоғамдық іс-шараларға қатысуы
39. Әскери бөлімдердің бөлімшелері тек гарнизон шекараларында қоғамдық іс-шараларға тартылуы мүмкін.
Гарнизондық жиналыстар мен өзге де қоғамдық іс-шаралар өткізілген кезде әскерлердің оған қатысуы әрбір жекелеген жағдайда гарнизон бастығының (әскери бөлім командирінің) бұйрығымен айқындалады.
40. Бұйрықта: іс-шараның мақсаты, мазмұны мен бағдарламасы, оған қатысу үшін тартылатын әскерлердің құрамы, киім нысаны, әскерлердің жиналу уақыты мен орны, әскери бөлімдердің (бөлімшелердің) жүру бағыттары, оларды сапқа тұрғызу және жүріп өту тәртібі, іс-шараны өткізу уақытындағы тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері көрсетіледі.
3. Әскери құрметтер көрсетуЖалпы ережелер
41. Құрметті қарауыл – салтанатты іс-шараларға, оның ішінде мемлекеттік ескерткіштердің ашылуына шығарылатын әскери нышандарға (Жауынгерлік Туға, Әскери-теңіз жалауына) әскери құрметтер көрсету үшін, халықаралық ұйымдар мен шетел мемлекеттерінің өкілдерін қарсы алу (шығарып салу) үшін, сондай-ақ осы Жарғының 48-тармағында көрсетілген адамдарды жерлеу кезінде тағайындалған бөлімше (команда).
Жерлеуге тағайындалған құрметті қарауыл жекелеген жағдайларда құрметті эскорт болып қайта құрылуы мүмкін.
42. Құрметті қарауыл құрамына бөлімшеден бастап ротаға дейінгі жаяу саптағы бөлімшелер (немесе оларға сәйкес бөлімшелер) және әскери оркестр тағайындалады.
Құрметті қарауыл бастығы болып офицер тағайындалады.
Қажет болған кезде құрметті қарауыл құрамынан жұпты сақшылар мен ту ұстаушылар қойылуы мүмкін.
43. Құрметті қарауыл гарнизон бастығының, әскери бөлім командирінің бұйрығымен тағайындалады. Бұйрықта құрметті қарауылдың құрамы, киім нысаны мен қару-жарағы көрсетіледі. Құрметті қарауылға оқ-дәрілер берілмейді, ал салют ату үшін бос патрондар беріледі.
Құрметті қарауыл гарнизон бастығына және оны тағайындаған әскери бөлімнің командиріне бағынады.
44. Құрметті қарауыл сақшылары мен ту ұстаушылар ауысымы кемінде 15 минуттан кейін жүргізіледі. Ауыстыру үшін командалар берілмейді және бекетті өткізу жүргізілмейді.
Құрметті қарауылдардың сақшылары мен ту ұстаушылар әскери сәлемдесуді орындамайды.
Олардың құрметіне құрметті қарауыл тағайындалған адамдардықарсы алу және ескерткіштерді ашу кезінде әскери құрметтер көрсету
45. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар бірінші басшыларының және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабы бастығының ерекше нұсқауы бойынша шетел мемлекеттерінің өкілдерін қарсы алу және шығарып салу үшін құрметті қарауыл Жауынгерлік Тумен (Әскери-теңіз жалауымен) өрістетілген екі қатарлы сапқа тұрғызылады. Ту ұстаушы мен ассистенттер қарауылдың оң жақ қапталынан кейін екі адымда, оркестр – Жауынгерлік Тудан оңға қарай үш адымда тұрады.
Қарсы алынатын адам 40-50 адым жақындаған кезде карабиндермен қаруланған құрметті қарауыл бастығы: "Қарауыл, ТҮЗЕЛ", "ТІК ТҰР", "Оңнан (солдан, маңдайшептен) қарсы алу үшін, қарауыл-ҒА", ал автоматтармен қаруланғанға – "Қарауыл – ТҮЗЕЛ", "ТІК ТҰР", "Назар оң-ҒА (сол-ҒА, орта-ҒА)" командаларын береді.
Осы командалар бойынша карабиндермен қаруланған құрметті қарауыл қаруды "қарауылға" алады және басын қарсы алынатын адам жаққа қарай бұрады, ал автоматтармен қаруланғандар тек қарсы алынатын адам жаққа қарай басын бұрады; оркестр "Қарсы алу маршын" орындайды; құрметті қарауыл бастығы қолын баскиіміне апарып (қылышты "қарауылға" күйіне келтіріп), қарсы алынатын адамға саптық адыммен келеді және оған дейін екі-үш адым қалғанда тоқтайды, қылышты "аяққа" күйіне түсіреді және баяндайды, мысалы: "Ресей Федерациясының Қорғаныс министрі мырза, Сіздің келу құрметіңізге құрметті қарауыл сапқа тұрғызылды. Қарауыл бастығы подполковник Исаев".
Қарауыл бастығы баяндау үшін тоқтағанда оркестр ойнауын тоқтатады.
Қарауыл бастығы баяндауын аяқтағаннан кейін қолын баскиімінен түсірместен (қылышын "аяққа" күйінде ұстап), оңға (солға) бұрылумен бір уақытта сол (оң) аяғымен жанына бір адым жасайды. Оркестр оның құрметіне құрметті қарауыл тағайындалған өкіл мемлекетінің мемлекеттік гимнін, одан кейін – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнін орындайды.
Оркестр мемлекеттік гимндерді орындауды аяқтағаннан кейін қарауыл бастығы оның соңында бір-екі адымда жүре отырып және саптың сырт жағынан, қолын баскиімінен түсірместен (қылышын "аяққа" күйінде ұстап), қарауыл маңдайшебі бойымен қарсы алынатын адамға ілесіп жүреді.
Сәлемдескеннен және қарауыл маңдайшебін айналып өткеннен кейін қарауыл бастығы қолын баскиімінен түсіріп (қылышын қынабына салып), карабиндермен қаруланған қарауыл үшін: "Аяқ-ҚА", "ЕРКІН ТҰР", ал автоматтармен қаруланғанға – "ЕРКІН ТҰР" командаларын береді және қарауылды үш (төрт) лекті сапқа қайта тұрғызады. Одан кейін қарауыл қарсы алынатын адамның жанынан оркестрмен салтанатты шерумен жүріп өтеді.
46. Ескерткіштен ашуға уәкілетті адамды қарсы алу мен ілесіп жүру осы Жарғының 45-тармағында көрсетілген қағидалар бойынша жүзеге асырылады.
Егер ескерткішті ашуға уәкілетті адам әскери қызметші болып табылса, онда оның сәлемдесуіне құрметті қарауылдың жеке құрамы Ішкі қызмет жарғысына сәйкес, ал қалған адамдардың сәлемдесуіне – ерекше нұсқау бойынша жауап береді.
Ескерткіштен жамылғыны алар алдында қарауыл бастығы: "Қарауыл, ТІК ТҰР", "Назар орта-ҒА", ал егер қарауыл карабиндермен қаруланған болса, онда: "Қарауыл – ТІК ТҰР", "Назар орта-ҒА", "Қарауыл-ҒА" командаларын береді; оркестр Мемлекеттік Гимнді орындайды.
Оркестр Мемлекеттік Гимнді орындауды аяқтағаннан кейін автоматтармен қаруланған қарауыл бастығы: "ЕРКІН ТҰР", ал карабиндермен қаруланғанға – "Аяқ-ҚА", одан кейін "ЕРКІН ТҰР" командаларын береді.
Митинг аяқталғаннан кейін құрметті қарауыл мен оркестр (егер жағдай мүмкіндік берсе) қарауыл бастығының командасы бойынша үш (төрт) лекке сапқа қайта тұрғызылады және ескерткіш алдынан оркестрмен салтанатты шерумен жүріп өтеді. Құрметті қарауылдың сақшылары ерекше нұсқау бойынша алынады.
47. Салтанатты отырысқа гарнизон бастығының (әскери бөлім командирінің) бұйрығы бойынша шығарылатын Жауынгерлік Туға (туларға) құрметті қарауыл мен сақшылар ауысымының санына байланысты екі-үш ту ұстаушы топ тағайындалады. Құрметті қарауылдың сақшылары (ассистенттер) Жауынгерлік Тудың (тулардың) екі жағына қатар тұрады және саптық қалыпты қабылдайды, бұл ретте автоматтар "кеудеге" күйінде (карабиндер "аяққа", қылыштар – "иыққа" күйінде) болады.
Салтанатты отырыс өткізілетін орынға және әскери бөлімге кері қайтқанда Жауынгерлік Туға ілесіп жүру үшін туды алып жүретін взвод тағайындалады.
Жауынгерлік Туды шығару және әкету Саптық жарғының талаптарына сәйкес жүргізіледі.
Жерлеу кезінде әскери құрметтер көрсету
48. Жерлеу кезінде әскери құрметтер:
1) Кеңес Одағының Батыры, "Халық Қаһарманы" атақтарына ие болған, "Отан" орденімен наградталған адамдарға, "Даңқ" (Слава) ордендерінің толық иегерлеріне;
2) Ұлы Отан соғысына, әскери қызметтің жалпы ұзақтығына қарамастан Қазақстан Республикасының мүддесінде немесе бітімгершілік күштер бөлімшелерінің құрамында қарулы жанжалдарға және ұрыс қимылдарына, сондай-ақ терроризмге қарсы операцияға қатысушыларға;
3) "полковник" (бірінші дәрежелі капитан) және одан жоғары әскери атақтағы запаста немесе отставкада болатын офицерлерге, сондай-ақ жоғары сержанттар құрамының адамдарына;
4) әскери қызметте болуының жалпы ұзақтығы жиырма бес және одан көп жыл, әскери қызметтен әскери қызметте болудың шекті жасына толуы, денсаулық жағдайы бойынша немесе штаттың қысқартылуына байланысты босатылған аға офицерлер құрамының адамдарына;
5) Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімдері негізінде мемлекет алдындағы ерекше еңбегі бар азаматтарға;
6) әскери қызмет өткеру кезінде қаза тапқан немесе әскери қызмет міндеттерін орындау нәтижесінде жаралануы, жарақаттануы, контузия алуы не ауыруы салдарынан қайтыс болған әскери қызметшілерге көрсетіледі;
Егер қаза табу (қайтыс болу) қаза тапқанның (қайтыс болғанның) құқыққа қарсы іс-қимылдар жасау кезінде болса, әскери құрметтер көрсетілмейді.
Ескерту. 48-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Президентінің 12.11.2022 № 1071 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.10.2025 № 1068 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Жарлықтарымен.
49. Әскери қызметте болған уақытта қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшілерді жерлеуді ұйымдастыру олардың тікелей бастықтарына, ал оларды жерлеу кезінде құрметті эскорт тағайындалатын қалған адамдарды – гарнизон (жергілікті әскери басқару органы) бастығына жүктеледі.
50. Әскери қызметшілерді жерлеу кезінде әскери құрметтер көрсету үшін тағайындалатын бөлімшелер (командалар) құрметті эскортты құрайды.
Құрметті эскортқа:
1) кіші офицерлер құрамының, кіші және аға сержанттар құрамының, қатардағы жауынгерлер құрамының адамдарын жерлеу кезінде – бөлімшеге дейін;
2) аға офицерлер және жоғары сержанттар құрамының адамдарын жерлеу кезінде – взводқа дейін;
3) Кеңес Одағының Батыры, "Халық Қаһарманы" атақтарына ие болған, "Отан" орденімен наградталған адамдарды, "Даңқ" ордендерінің толық иегерлерін, мемлекет алдында ерекше еңбегі бар азаматтарды, генералдарды (адмиралдарды), әскери бөлімдер мен құрамалардың командирлерін жерлеу кезінде – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабы бастығының (аумағында жерлеу өткізілетін өңірлік қолбасшылық әскерлері қолбасшысының) ерекше нұсқауы бойынша ротаға дейін және одан жоғары тағайындалады.
Взвод немесе одан көп құрамда тағайындалатын құрметті эскорт тысы жоқ және қаралы лентасы бар Мемлекеттік Тумен (Жауынгерлік Тумен) болуға тиіс.
Ескерту. 50-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Президентінің 12.11.2022 № 1071 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.
51. Құрметті эскорттан басқа, жерлеуге:
1) оркестр;
2) мәйітке (мәйіт салынған табытқа) құрметті қарауыл;
3) мәйітті (мәйіт салынған табытты) шығару және қабірге түсіру үшін 8-10 адам тағайындалады.
Марқұмның мәйітін (мәйіт салынған табытты) тасымалдау үшін автомобиль бөлінеді.
Кеңес Одағының Батыры, "Халық Қаһарманы" атақтарына ие болған, "Отан" орденімен наградталған адамдарды, "Даңқ" ордендерінің толық иегерлерін, мемлекет алдында ерекше еңбегі бар азаматтарды, генералдарды (адмиралдарды) жерлеу кезінде марқұмның мәйітін (мәйіт салынған табытты) тасымалдау үшін зеңбірек лафеті бөлінеді.
Жерлеуді қашық елді мекендерде ұйымдастырған жағдайларда құрметті эскорттың құрамын, санын, қару-жарағы мен жабдығын гарнизон (жергілікті әскери басқару органының) бастығы айқындайды.
Ордендер мен медальдарды алып жүру үшін ордені немесе медальдары бар әрбір жастықшаға бір адамнан тағайындалады, бұл ретте генералдар мен офицерлерді жерлеу кезінде ол үшін офицерлер, ал сержанттарды (старшиналарды), сарбаздарды (матростарды) жерлеу кезінде – сержанттар (старшиналар), сарбаздар (матростар) тағайындалады.
Әрбір орден жеке жастықшаға тағылады. Медальдар бір жастықшаға бірнешеуден тағылуы мүмкін.
Табыттың қақпағына баскиім бекітіліп қойылады. Марқұмның мәйітін (мәйіт салынған табытты) ұлттық өрнегін бас жағына қаратып, Мемлекеттік Тудың матасымен жабады.
52. Өз әскери бөлімінде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшіні жерлеуге құрметті эскортты және команданы осы бөлімнің командирі тағайындайды. Марқұмның мәйітін шығару және жерлеу уақыты мен орны туралы гарнизон бастығына хабарланады.
Осы Жарлықтың 48-тармағында көрсетілген адамдар тұрақты қызмет орнынан (тұрғылықты жерінен) тыс жерде қайтыс болған жағдайда жерлеуге құрметті эскорт пен команданы қайтыс болған және жерлеу орны бойынша гарнизондардың (жергілікті әскери басқару органдарының) бастықтары тағайындайды.
53. Егер қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшіні жерлеу басқа қалада немесе ауылда өткізілетін болса, марқұмның мәйітіне (мәйіт салынған табытқа) құрметті эскорт пен оркестр қала шегінде орналасқан теміржол (теңіз, өзен) учаскесі мен станциясына (портқа), әуежайға дейін ілесіп жүреді.
Марқұмның мәйітін (мәйіт салынған табытты) жерлеу орнына дейін жол жүргенде ілесіп жүру үшін әскери бөлім командирінің немесе гарнизон (жергілікті әскери басқару органы) бастығының бұйрығымен кемінде төрт адам тағайындалады, оларға нұсқамадан өткен және өздерімен бірге: қайтыс болғаны туралы хабарлама; қайтыс болғаны туралы дәрігерлік куәлік; қайтыс болғаны туралы куәлік; инфекциялық сырқатының жоқтығы туралы анықтама; марқұмның отбасына оның қайтыс болу жағдайлары мазмұндалған, әскери бөлім командирінің қолы қойылған хат; қаза тапқанның (қайтыс болғанның) оралған және сүргілі мөрмен мөрленген заттары, құндылықтары мен наградалары болуға тиіс.
Белгіленген жерге келгеннен кейін ілесіп жүрушілер жергілікті әскери басқару органының бастығына акті бойынша қаза тапқанның (қайтыс болғанның) құжаттарын, заттары мен құндылықтарын тапсыруға және жерлеуге өзі қатысуға міндетті.
Онда жерленген күні мен орны көрсетілген, жергілікті әскери басқару органы бастығының елтаңбалы мөрімен расталған қайтыс болғаны туралы түбіртекті ілесіп жүрушілер қайтып оралғаннан кейін өз әскери бөлімінің штабына өткізеді.
Жерлеу белгіленген пунктке марқұмның мәйітін (мәйіт салынған табыттың) немесе көліктің бір түрінен басқасына тиеу пункттеріне әкелу уақыты туралы тиісті гарнизон бастығына (жергілікті әскери басқару органының бастығына) әскери қызметші қаза тапқан (қайтыс болған) әскери бөлімнің командирі бір тәуліктен кешіктірмей хабарлауға тиіс.
Марқұмның мәйітін (мәйіт салынған табытты) қарсы алу және жерлеу орнына дейін ілесіп жүру үшін осы Жарғының 50, 51-тармақтарына сәйкес жерлеуге құрметті эскорт және команда тағайындалады.
54. Әскери қызметшінің қайтыс болғаны туралы әскери бөлімнің командирі қысқа мерзімде қаза тапқанның (қайтыс болғанның) жақын туыстарына және марқұм отбасының тұрғылықты жері мен әскерге шақырылу орны бойынша жергілікті әскери басқару органына хабарлауға міндетті.
55. Гарнизон бастығы жерлеуге арналған құрметті эскорт пен команда тағайындалатын әскери бөлімнің командиріне олардың киім нысаны, келу уақыты мен орны туралы алдын ала хабарлайды.
Офицерлер мен сержанттар (старшиналар) жерлеулерде күнделікті киім нысанында және гарнизон бастығының нұсқауы бойынша оларда сол жақ жеңінде қаралы таңғыш болуға тиіс.
56. Марқұмның мәйітіне (мәйіт салынған табытқа) құрметті қарауылды қою уақытын гарнизон бастығы (әскери бөлімнің командирі) айқындайды.
Қарауыл өз құрамынан екі жұп сақшы қояды. Сақшылардың бір жұбы марқұм мәйітінің (мәйіт салынған табыттың) екі жағына, бас жағында одан екі адымда, екінші жұп – марқұмның аяқ жағына тұрады. Сақшылардың әр жұбы екінші жұпқа қарама-қарсы, автоматтарын "кеудеге" (карабиндерін "аяққа") күйінде ұстап тұрады және саптық қалыпты қабылдайды.
Сақшылардың сол жақ жеңінде қаралы таңғыш болуға тиіс.
Мәйіттің (мәйіт салынған табыттың) жанындағы сақшылар осы Жарғының 44-тармағында көрсетілгендей ауысады.
Рәсім уақытында және мәйітті (мәйіт салынған табытты) қабірге түсірген кезде сақшыларды ауыстыру жүргізілмейді.
57. Марқұмға құрметтер көрсету үшін әскери бөлімнен және қоғамдық ұйымдардан өкілдер қатарынан құрметті сақшылар қойылуы мүмкін. Олар қарусыз, қаралы таңғыштармен, құрметті қарауылдың сақшылары жанында, құрметті қарауыл сақшыларының сырт жағында бір-екі адым арақашықтықта тұрады және әрбір 3-5 минут сайын ауысады.
58. Мәйітті (мәйіт салынған табытты) шығару орнына келгеннен кейін құрметті эскорт өрістетілген саптың маңдайшебін мәйіт (мәйіт салынған табыт) шығарылатын жаққа қаратып сапқа тұрады. Оркестр эскорттан оңға қарай үш адымда тұрады.
Құрметті эскорт жерлеу кезінде әскери сәлемдесуді орындамайды.
59. Мәйітті (мәйіт салынған табытты) ғимараттан шығарған кезде алдыңғы жағында марқұмның портретін ұстаған әскери қызметші, одан кейін үш-бес адым арақашықтықта бірінен кейін бірі – ордендердің үлкендік ретімен марқұмның ордендері мен медальдарын ұстаған әскери қызметшілер, олардан кейін осынша арақашықтықта – гүлдестелерді ұстаған әскери қызметшілер. Содан кейін марқұмды шығарып салатын мәйітті (мәйіт салынған табытты) көтерген адамдар және құрметті қарауыл жүреді.
Марқұмның мәйітін (мәйіт салынған табытты) шығарған сәтте құрметті эскорт бастығы өзінің саптағы орнынан кетпей: "ТІК ТҰР" (егер эскорт карабиндермен қаруланған болса: "ТІК ТҰР", "Қарауыл-ҒА") командасын береді, қолын баскиіміне апарады. Сапта тұрған барлық әскери қызметшілер басын мәйіт (мәйіт салынған табыт) жаққа қарай бұрады. Оркестр қаралы маршты орындайды.
Саптан тыс тұрған әскери қызметшілер мәйітті (мәйіт салынған табытты) шығарған кезде саптық қалыпты қабылдайды және қолын баскиіміне апарады.
60. Рәсім осы Жарғының 59-тармағында көрсетілген тәртіппен қозғалады. Құрметті қарауыл марқұмды шығарып салушы адамдардан кейін жүреді, одан кейін оркестр мен құрметті эскорт жүреді.
Рәсім жаяу тәртіппен жылжыған кезде оркестр қаралы маршты үзіліс жасай отырып орындайды.
Құрметті қарауылдың сақшылары мәйіттің (мәйіт салынған табыттың) екі жағында автоматтарын "кеудеге", карабиндерін "иыққа" күйінде ұстап жүреді; мәйітке (мәйіт салынған табытқа) автомобильмен ілесіп жүрген кезде – сақшылар отырған күйде, қаруларын тізелерінің арасында ұстайды.
61. Жекелеген жағдайларда гарнизон бастығының ерекше нұсқауы бойынша мәйітті (мәйіт салынған табытты) шығаратын жерде және жерлеу орнына кіреберісте рәсім өтетін жолдың екі жағы бойына бір қатарлы немесе екі қатарлы жаяу саппен әскерлер сапқа тұрғызылуы мүмкін.
62. Жерлеу орнына келгеннен кейін оркестр ойнауын тоқтатады.
Құрметті эскорт пен оркестр қабірге маңдайшеппен сапқа тұрады.
Гүлдестелерді, ордендер мен медальдарды ұстаған әскери қызметшілер, сондай-ақ құрметті қарауылдың сақшылары қабір жанындағы орындарға тұрады.
63. Марқұмның мәйітін (мәйіт салынған табытты) қабірге түсірер алдында қаралы митинг ашылады. Қаралы митинг аяқталғаннан кейін Мемлекеттік Ту матасы шұғылалы күн мен қалықтап ұшқан қыран бейнесі жоғарыға қаратылып және бүгіссіз ұқыпты бүктеледі және марқұмның отбасына тапсырылады, оркестр қаралы маршты орындайды. Мәйітті (мәйіт салынған табытты) түсірген кезде Мемлекеттік Ту (Жауынгерлік Ту) еңкейтіледі, құрметті эскорт мәйітті (мәйіт салынған табытты) шығарған кездегідей, марқұмға құрметтер көрсетеді (осы Жарғының 59-тармағы). Құрметті эскорт құрамынан тағайындалған бөлімше бос патрондармен үш дүркін салют жасайды.
Жекелеген жағдайларда Қорғаныс министрінің ерекше нұсқауы бойынша артиллериялық салют жасалуы мүмкін.
Салюттің бірінші дүркіні жасалғанда оркестр Мемлекеттік Гимнді орындайды. Мемлекеттік Гимн орындалып болғаннан кейін бөлімшелер, егер орын мүмкіндігі болса, оркестрмен әскери сәлемдесуді орындаумен қабір алдынан жүріп өтеді. Сақшылар оркестр Мемлекеттік Гимнді орындап аяқтағаннан кейін немесе бөлімшелер жүріп өткеннен кейін алынады.
Жерлеу кезінде әскери құрметтер көрсету рәсімі әрбір жағдайда қаза тапқан (қайтыс болған) адамның туыстарының немесе жерлеуді ұйымдастыратын адамдардың келісімі бойынша жүргізіледі.
64. Наградталған және қайтыс болғаннан кейін наградталған қаза тапқандардың (қайтыс болғандардың) ордендері мен медальдары, құрметті атақтарына төсбелгілері, сондай-ақ оларды наградтау туралы құжаттар естелік ретінде сақтау үшін олардың отбасыларына (туыстарына) беріледі. Одан басқа, қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшінің наградалары экспонаттау және сақтау үшін мұражайларға берілуі мүмкін.
Егер наградталған қаза тапқанның (қайтыс болғанның) отбасы (туыстары) болмаса, оның наградалары мен наградтау туралы құжаттары Қазақстан Республикасының Президентіне қайтарылады.
65. Марқұмның мәйітін кремациялау жағдайында құрметті эскорт крематорий алдында, жерлеу рәсімі қозғалысының бағытына қарама-қарсы маңдайшеппен сапқа тұрғызылады. Оркестр эскорттан оңға қарай үш адымда сапқа тұрғызылады.
Жерлеу рәсімі крематорийге жақындаған кезде оркестр қаралы маршты орындай отырып, марқұмның мәйітіне (мәйіт салынған табытқа) крематорийге дейін ілесіп жүреді.
Қаралы митинг уақытында оркестр ойнауын тоқтатады.
Кремациялау үшін марқұмның мәйітін (мәйіт салынған табытты) түсіру кезінде құрметті эскорт бастығының сигналдары бойынша Мемлекеттік Ту (Жауынгерлік Ту) еңкейтіледі, оркестр қаралы маршты орындайды, салют басталғанда – ойынын тоқтатады, тағайындалған бөлімше бос патрондармен үш дүркін салют жасайды. Салют аяқталғаннан кейін оркестр Мемлекеттік Гимнді орындайды.
Отанның азаттығы мен тәуелсіздігі үшін ұрыстарда, әскери борышын орындау кезінде қаза тапқан жауынгерлердің ескерткішіне және қабіріне гүл себетін (гүл шоғын, гүлдесте) қою кезінде әскери құрмет көрсету
Ескерту. Кіші бөлімнің тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Президентінің 12.11.2022 № 1071 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.
66. Әскери бөлімдердің делегациялары Отанның азаттығы мен тәуелсіздігі үшін ұрыстарда, әскери борышын орындау кезінде қаза тапқан жауынгерлердің ескерткішіне және қабіріне гүл себетін (гүл шоғын, гүлдесте) қояды.
Ескерту. 66-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Президентінің 12.11.2022 № 1071 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.
67. Мемлекеттік және әскери делегациялар гүл себетін (гүл шоғын, гүлдесте) қойған кезде гарнизон бастығының бұйрығымен гарнизонның әскери бөлімдерінің бір немесе бірнеше жауынгерлік туы бар қаруланған құрметті қарауыл және оркестр тағайындалады.
Гүл себетін (гүл шоғын, гүлдесте) қоюға қатысатын құрметті қарауылдың, оркестр мен әскери қызметшілердің киім нысаны – салтанатты.
Ескерту. 67-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Президентінің 12.11.2022 № 1071 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.
68. Ескерткішке (қабірге) гүл себетін (гүл шоғын, гүлдесте) қояр алдында құрметті қарауылдың құрамынан бір-екі жұп сақшы қойылады. Сақшылар саптық қалыпты қабылдайды, бұл ретте автомат – "кеудеге" (карабин – "аяққа") күйінде болады. Сақшыларды қою уақытын гарнизон бастығы белгілейді.
Құрметті қарауыл ескерткіш (қабір) алдында оған маңдайшеппен немесе оң қапталмен (ескерткіштің немесе қабірдің орналасуына байланысты) сапқа тұрғызылады. Мемлекеттік Туды (Жауынгерлік Туды) алып жүруші топ құрметті қарауылдың оң жақ қапталына тұрады, оркестр Мемлекеттік Тудан (Жауынгерлік Тудан) оңға қарай сапқа тұрғызылады.
Ескерту. 68-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Президентінің 12.11.2022 № 1071 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.
69. Гүл себетін (гүл шоғын, гүлдесте) ұстаған делегация белгіленген орынға сапқа тұрады және құрметті қарауылдың сап бойымен жүріп, ескерткішке (қабірге) қарай қозғала бастайды. Делегацияның алдында құрметті қарауылдың офицері жүреді. Одан кейін екі-үш қадам арақашықтықта гүл шоғын ұстаған адамдар (екі адам) және одан әрі сондай арақашықтықта үш-бес адамдық лекте делегация жүреді.
Гүл себетін (гүл шоғын, гүлдесте) ұстаған делегация құрметті қарауылға 40 – 50 қадам жерге жақындағанда "кеудеге" күйінде болатын автоматпен қаруланған қарауыл бастығы: "Қарауыл, ТҮЗЕЛ", "ТІК ТҰР", "Назар ОҢ-ға (СОЛ-ға)", ал карабинмен қаруланғанға – "Қарауыл, ТҮЗЕЛ", "ТІК ТҰР", "Оңнан (солдан) қарсы алу үшін, қарауыл-ҒА" командасын береді.
Құрметті қарауыл команданы орындап, гүл себетін (гүл шоғын, гүлдесте) ұстаған делегацияның қозғалысын басын бұрып шығарып салады. Оркестр қаралы-салтанатты әуенді орындайды. Мемлекеттік Ту (Жауынгерлік Ту) алға еңкейтіледі.
Ескерту. 69-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Президентінің 12.11.2022 № 1071 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.
70. Ескерткішке (қабірге) жақындағанда делегация гүл себетін (гүл шоғын, гүлдесте) қояды және қаза тапқандарды бір минут үнсіздікпен еске алады.
Бір минут үнсіздіктен кейін оркестр Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнін орындайды.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнін орындау аяқталғаннан кейін гүл себетін (гүл шоғын, гүлдесте) қойған делегация ескерткіштен (қабірден) кетеді және өтіп бара жатқан қарауылға қарап сапқа тұрады, ал құрметті қарауыл қарауыл бастығының командасы бойынша жорықтық лекке қайта сапқа тұрады және оркестрдің салтанатты маршымен ескерткіштің (қабірдің) және гүл себетін (гүл шоғын, гүлдесте) қойған адамдардың алдынан жүріп өтеді.
Ескерту. 70-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Президентінің 12.11.2022 № 1071 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.
71. Шет мемлекеттердің және үкіметтердің басшылары, сондай-ақ қорғаныс министрлері мен ресми әскери делегациялар гүл себетін (гүл шоғын, гүлдесте) қойған кезде осы Жарғының 66 – 70-тармақтарында жазылған тәртіп сақталады.
Бұл ретте қаралы-салтанатты әуен тек делегация басшысымен келісу бойынша орындалады. Бір минут үнсіздіктен кейін делегациясы гүл себетін (гүл шоғын, гүлдесте) қоятын мемлекеттің гимні және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні (бір шумақтан) орындалады. Шетелдік әскери делегацияларды Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының өкілдері алып жүреді.
Жауынгерлердің ескерткіштері мен қабірлеріне басқа шетелдік делегациялар гүл себетін (гүл шоғын, гүлдесте) қойған кезде құрметті қарауыл мен оркестр тағайындалмайды. Бұл жағдайда ескерткішке (қабірге) гарнизон бастығының бұйрығы бойынша бір-екі жұп сақшы қойылады, олар гарнизон бастығы белгілеген уақытта алынады. Қажет болған кезде гүл себетін (гүл шоғын, гүлдесте) қойылатын орынға дейін жеткізу үшін екі әскери қызметшімен бірге офицер бөлінеді.
Ескерту. 71-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Президентінің 12.11.2022 № 1071 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.
4. Әскерлердің табиғи және техногендік сипаттағы төтеншежағдайларды және олардың салдарларын жоюға қатысуы
72. Төтенше жағдай – адамдардың құрбан болуына, адамдардың денсаулығына немесе қоршаған ортаға зиян келтіруге, елеулі материалдық нұқсанға және адамдардың тыныс-тіршілігі жағдайларының бұзылуына әкеп соғуы мүмкін немесе әкеп соққан аварияның, өрттің, қауіпті өндірістік факторлардың зиянды әсерінің, қауіпті табиғи құбылыстың, апаттың, дүлей немесе өзге де зілзаланың салдарынан қалыптасқан белгілі бір аумақтағы жағдай.
Төтенше жағдайларды жою үшін ішкі істер органдарының, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың күштері мен құралдарын, қоғамдық бірлестіктер мен халықты тарту, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін қолдану Қазақстан Республикасының заңдарына және төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-қимыл (өзара іс-қимыл) жоспарларына сәйкес жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы Президентінің шешімдері негізінде Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабы бастығының және басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың тиісті басшыларының бұйрықтарымен әскери бөлімдер төтенше жағдайларды және олардың салдарын жоюға, адамдардың өмірін құтқаруға және зардап шеккен адамдарға көмек көрсетуге тартылуы мүмкін.
73. Төтенше жағдайларды және олардың салдарларын жою үшін немесе халыққа көмек көрсету үшін бөлінген әскерлерге гарнизон бастығы тапсырма қояды, онда мыналар көрсетіледі: әрбір әскери бөлім (бөлімше) қандай командирдің (бастықтың) бағынысына баратыны, қозғалыс тәсілі, берілетін техникалық құралдар, қойылған тапсырманың орындалу мерзімі, қару-жарақ, киім нысаны мен жабдықталым тәртібі.
74. Тағайындалған орынға келгені туралы әскери бөлім (бөлімше) командирі, ол қарамағына тағайындалған лауазымды адамға жедел баяндайды және оның нұсқауы бойынша қойылған міндеттің орындалуын ұйымдастырады.
Егер авария, апат немесе табиғи зілзала болған жерде қарамағына әскерлер тағайындалған лауазымды адам болмаса, әскери бөлімнің (бөлімшенің) командирі өз іс-қимылын мемлекеттік жергілікті басқару органдарымен және олардың өкімі бойынша бөлінген күштермен келісе отырып, қойылған тапсырманы дербес орындауға кіріседі.
Қойылған тапсырманың орындалғаны туралы әскери бөлімнің (бөлімшенің) командирі гарнизон бастығына және өзінің тікелей бастығына баяндайды.
75. Авария, апат немесе табиғи зілзала болған жерде қалған немесе одан шығарылған мүлікті күзету үшін төтенше жағдайлардың немесе оның салдарларын жою үшін бөлінген әскери бөлім командирінің бұйрығымен уақытша қарауылдар тағайындалады.
Осы қарауылдар олар тағайындалған әскери бөлімнің (бөлімшенің) командиріне, гарнизон бастығы және қарауылдар (әскери бөлім) бойынша кезекшіге бағынады және қызметті жалпы негіздерде өткереді.
76. Әскери бөлімдерді, бөлімшелерді немесе командаларды мемлекеттік жергілікті басқару органдарының өкілдеріне бағындыруға жол берілмейді.
5. Гарнизондық нарядЖалпы ережелер
77. Гарнизондық наряд көшелерде және гарнизонның басқа да қоғамдық орындарында әскери қызметшілер арасында әскери тәртіп пен реттілікті ұстау, гарнизондық объектілерді күзету мен қорғау үшін, сондай-ақ әскери бөлімдердің көлік құралдары жүргізушілерінің (механик-жүргізушілерінің) жол жүру қағидаларын сақтауын бақылау және гарнизон қызметінің басқа да міндеттерін орындау үшін тағайындалады.
Әскери полиция органдарының штаттық құрылымы мен саны болуға мүмкіндік болатын гарнизондарда Қазақстан Республикасының заңнамасымен айқындалған міндеттер ауқымында гарнизонда қызмет өткеру гарнизонның әскери полициясына жүктеледі.
Әскери бөлімдердің командирлері (бастықтары) гарнизондық қызметті ұйымдастыру және өткеру мәселелері бойынша гарнизон бастығына бағынады.
Гарнизондық нарядтың құрамына:
1) қарауылдар бойынша кезекші (командирі гарнизон бастығы болып табылатын әскери бөлім бойынша кезекші);
2) қарауылдар бойынша кезекшінің көмекшісі;
3) гарнизондық қарауылдар;
4) кезекші бөлімше;
5) гарнизондық патрульдер;
6) жол жүру қағидаларының сақталуын бақылау бекеттері (жол жүруді реттеуші) тағайындалуы мүмкін.
Әскери бөлімдердің командирлері әскери полиция бөлімшелері болмағанда жол жүруді реттеушілерді даярлауға жауапты болады.
Қажет болған кезде гарнизон бастығы гарнизондық нарядтың құрамын өзгертеді.
78. Гарнизондық наряд нарядқа түсер алдында бір тәуліктен кешіктірілмей тағайындалады. Ол осы наряд тағайындалған әскери бөлімдерден көлік құралдарымен қамтамасыз етіледі.
79. Гарнизондық наряд тағайындалатын әскери бөлімдердің (бөлімшелердің) командирлері жеке құрамды іріктеу мен орналастыруға, оның қызметті өткеруге даярлығына, нұсқау беруге уақтылы жіберу мен таралымға келуіне, кезекші бөлімшенің ұдайы әзірлігіне және белгіленген орынға шақыру бойынша оның уақтылы келуіне жауапты болады.
80. Гарнизонның штаб бастығы әр айға гарнизондық нарядтың ведомосын (3-қосымша) жасайды, оны гарнизон бастығы бекітеді.
Гарнизондық нарядтың ведомосынан үзінді-көшірмелер жаңа ай басталғанға дейін он тәулік бұрын қызмет өткеруге тартылатын барлық әскери бөлімдерге жіберіледі.
Гарнизондық нарядтың ведомосындағы әрбір өзгеріс туралы гарнизон бастығы әскери бөлімдердің командирлеріне уақтылы хабарлайды.
81. Нарядқа түсер алдында әскери бөлімнің штабында қарауылдар бойынша кезекшіге, гарнизондық патрульдердің бастықтарына және жол жүру қағидаларының сақталуын бақылау жөніндегі бекетшілерге (жол жүруді реттеушілерге) нұсқама беріледі, олардың негізінде гарнизонның штаб бастығы қарауылдар бойынша кезекшіге бұрынғы және жаңа парольдері бар жазбаны, патрульдер бастықтарына – қозғалыс бағыты, патрульдеу уақыты, ерекше міндеттері көрсетілген патруль бастығының куәлігін, ал жол жүру қағидаларының сақталуын бақылау жөніндегі әрбір бекетшіге (жол жүруді реттеушілерге) – жол жүру қағидаларының сақталуын бақылау жөніндегі бекетшінің (жол жүруді реттеушінің) куәлігін (4-қосымша) береді.
82. Қарауылдар (әскери бөлім) бойынша кезекшіде, оның көмекшісінде, патруль және жол жүру қағидаларының сақталуын бақылау жөніндегі бекеттің құрамында (жол жүруді реттеушілерде) кеудесінің сол жағында тиісті жазуы бар төсбелгісі, одан басқа жол жүру қағидаларының сақталуын бақылау жөніндегі бекетшілерде (жол жүруді реттеушілерде) реттеушінің бағдартаяғы болуға тиіс.
83. Гарнизондық нарядты тағайындау, даярлау және қамтамасыз ету Ішкі қызмет жарғысында белгіленген тәуліктік нарядты тағайындау, даярлау және қамтамасыз ету тәртібіне сәйкес жүргізіледі.
Гарнизонның кезекші бөлімшесі
84. Гарнизонның кезекші бөлімшесі гарнизондық қарауылдарды күшейту немесе гарнизонда өрт, табиғи зілзала және өзге де оқиғалар болған кезде жедел шақырту жағдайында гарнизон бастығының бұйрығымен тағайындалады.
Бұйрықта оның құрамы, қару-жарағы, оқ-дәрілермен, қажетті мүлікпен және көлік құралдарымен қамтамасыз етілуі, киім нысаны мен демалу тәртібі көрсетіледі.
Кезекші бөлімшені шаруашылық жұмыстарын орындау үшін пайдалануға жол берілмейді.
Үлкен гарнизондарда бірнеше кезекші бөлімше тағайындалуы мүмкін.
85. Кезекші бөлімше әрбір тәулікке, гарнизон бастығы бекіткен кестеге сәйкес, әдетте, гарнизондық қарауылдар тағайындалған сол әскери бөлімнен тағайындалады және гарнизон бастығына және қарауылдар бойынша кезекшіге бағынады.
Кезекші бөлімшені шақыруды гарнизон бастығы немесе қарауылдар (гарнизон бастығына бағынысты әскери бөлім) бойынша кезекші жүргізеді.
Кезекші бөлімшені шақырған кезде: қайда, қай уақытқа және кімнің қарамағына келуі, сондай-ақ өзімен бірге қандай мүлік, жабдық, қару-жарақ, оқ-дәрілер саны болуға тиіс және оларды беру тәртібі көрсетіледі.
Кезекші бөлімшеге оқ-дәрілер әскери бөлім командирінің (штаб бастығының) немесе әскери бөлім бойынша кезекшінің бұйрығымен беріледі.
Кезекші бөлімшені шақырумен бір уақытта гарнизон бастығының бұйрығымен, егер қажет болса, жаңа кезекші бөлімше тағайындалады.
86. Кезекші бөлімшемен сабақтар өз әскери бөлімі орналасқан жерге жақын жерде өткізіледі. Кезекші бөлімшенің орналасқан жері және оны шақыру тәртібі әскери бөлім бойынша кезекшіге және қарауылдар бойынша кезекшіге белгілі болуға тиіс.
87. Кезекші бөлімше белгіленген орынға келгеннен кейін қарауылдар бойынша кезекшінің (гарнизон бастығына бағынысты әскери бөлімнің) немесе оның қарамағына тағайындалған адамның нұсқауы бойынша әрекет етеді.
Гарнизондық патрульдер
88. Әрбір гарнизонда көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда, гарнизонға жақын орналасқан елді мекендердің теміржол (теңіз, өзен) учаскелері мен станцияларында (порттарда), әуежайларында тәртіп орнату және әскери қызметшілердің әскери тәртіпті сақтауын бақылау үшін, сондай-ақ объектілердің сақталуын қамтамасыз ету үшін әскери полиция бөлімшелерінен, ал олар болмаған жағдайда немесе оларды күшейту үшін – гарнизонның әскери бөлімдерінен патрульдік наряд (патруль) тағайындалады. Патрульдеу, әдетте, Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың әскери полициясы органдарына жүктеледі, олар міндеттерді әскери полиция органдары туралы заңнамаға сәйкес атқарады. Әскери полиция органдары жоқ гарнизондарда гарнизондық патрульдер әскери бөлімдер құрамынан гарнизон бастығының бұйрығымен тағайындалады, қажет болған кезде бірлескен патрульдер тағайындалуы мүмкін.
Патруль – бұл бағдарды аралау (жүріп өту) немесе оның жекелеген учаскелерін тексеру жолымен орындайтын, құрамында екі немесе бірнеше әскери қызметші бар жылжымалы наряд.
Қазақстан Республикасының заңнамасымен оларға құқық тәртібін қамтамасыз ету жөніндегі функциялар жүктелген органдардың, сондай-ақ олардың кезекші бөлімшелерінің (жедел топтарының) патрульдік-бекеттік қызметін ұйымдастыру және өткеру ерекшеліктері Қарулы Күштер, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар басшыларының бұйрықтарымен бекітілген патрульдік-бекеттік қызметтерді ұйымдастыру туралы, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті күзетуді қамтамасыз ету жөніндегі нормативтік құқықтық актілердің талаптарымен айқындалады. Патрульдеу тәртібін тиісті органның командирі (бастығы) айқындайды.
89. Әскери бөлімдерден патрульдер бір тәулікке немесе тек күннің немесе түннің белгіленген уақытына тағайындалады және олар жаяу немесе автомобильдерде болуы мүмкін. Бір тәулікке тағайындалған патруль гарнизон бастығы айқындаған тәртіппен патрульдеуді демалумен кезектестіріп қызмет өткереді.
Қарауылдар (әскери бөлім) бойынша кезекшінің жанында көлік құралы бар резервтегі патруль тағайындалады.
Гарнизондық патрульдер гарнизон бастығына және қарауылдар бойынша кезекшіге бағынады. Қарауылдар бойынша кезекші тағайындалмаған гарнизондарда патрульдер олар тағайындалған әскери бөлім бойынша кезекшіге бағынады.
Теміржол (теңіз, өзен) учаскелері мен станциялары (порттары), әуежайлар аудандарында патрульдеу үшін тағайындалған гарнизондық патрульдер, одан басқа теміржол (теңіз, өзен) учаскесінің және станциясының (портының), әуежайдың әскери комендантына бағынады.
90. Патруль патруль бастығынан және екі-үш патрульден тұрады.
Патруль бастығы болып патрульге жүктелетін міндеттерге байланысты офицер немесе сержант (старшина) тағайындалуы мүмкін.
Теміржол (теңіз, өзен) учаскелері мен станциялары (порттары), әуежайлар аудандарында қызмет өткеретін патрульдер бастығы болып офицерлер тағайындалады.
Патрульдер тәртіпті, талап қоя білетін, саптық жағынан жинақы және дене бітімі дамыған сарбаздар (матростар) немесе сержанттар (старшиналар) қатарынан және әдетте, бір бөлімшеден тағайындалады.
91. Гарнизондық патрульдің қару-жарағы мен киім нысанын гарнизон бастығы белгілейді. Патрульдердің бастығы әдетте, жарақтандырылған екі оқжатары бар пистолетпен қаруланады, ал қалған жеке құрам жағдайдың шарттарына қарай қарусыз немесе қарумен болуы мүмкін.
Қарауылдар (әскери бөлім) бойынша кезекшімен байланысу үшін патруль байланыс құралдарымен қамтамасыз етіледі.
Ескерту. 91-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Президентінің 28.10.2025 № 1068 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.
92. Патрульдеу сұлбасын және патрульдерге нұсқаулықтарды гарнизон штабының бастығы жасайды және оны гарнизон бастығы бекітеді, ал әскери полиция органдарында, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарда осы органдардың командирлері (бастықтары) бекітеді, гарнизон бастығымен және өзара іс-қимыл жасайтын құқық қорғау органдарымен келісіледі.
Патрульдеу сұлбасында: патрульдер қозғалысы бағдарының бірнеше нұсқасы; қоғамдық орындардың, жаппай демалу орындарының (кинотеатрлар, парктер және басқалар) орналасуы; қарауылдар (әскери бөлім) бойынша кезекшімен, сондай-ақ құқық қорғау органдарымен байланыс жасау үшін телефондардың орналасқан жерлері көрсетіледі.
Патрульдерге нұсқаулықта: патрульдердің міндеттері; олардың әрбір бағдарда қызмет өткеру ерекшеліктері; құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимыл тәртібі; байланыс тәсілдері мен қарауылдар (әскери бөлім) бойынша кезекшіге баяндау тәртібі көрсетіледі.
Гарнизондық наряд адамдарының құқықтары мен міндеттеріҚарауылдар бойынша кезекші мен оның көмекшісі
93. Гарнизондық қарауылдарға тікелей басшылық жасау үшін лауазымы бойынша рота (батарея) командирінен төмен емес гарнизон әскери бөлімдерінің офицерлері қатарынан қарауылдар бойынша кезекші және кіші офицерлер қатарынан оның көмекшісі тағайындалады.
Бір гарнизондық қарауыл бар гарнизондарда гарнизон бастығының бұйрығымен қарауылдар бойынша кезекшінің міндеттері қарауыл тағайындалатын әскери бөлім бойынша кезекшіге жүктелуі мүмкін.
Кезекші мен оның көмекшісі қызмет өткеру үшін арнайы жабдықталған орында болады. Олар екі жарақтандырылған оқжатары бар пистолеттермен қаруланады.
94. Қарауылдар бойынша кезекші гарнизондық нарядтың қызметті дұрыс өткеруіне жауап береді. Ол гарнизон бастығына бағынады.
Қарауылдар бойынша кезекші:
1) белгіленген уақытта гарнизонның штаб бастығына келуге, қарауылдар бойынша кезекші болып тағайындалуы туралы нұсқаманы беруге, бұрынғы және жаңа парольдері бар жазбалар мен қажетті нұсқаулар алуға;
2) ауысатын қарауылдар бойынша кезекшіге өзін таныстыруға және оған бұрынғы парольді хабарлауға;
3) гарнизондық наряд ведомосын, бекеттердің орналасу сұлбасын, бекеттер табельдерін, қарауылдар бастықтарының нұсқаулықтарын және қарауылдар бойынша кезекшінің нұсқаулығын зерделеуге;
4) Ішкі қызмет жарғысында көрсетілген тәуліктік нарядтың таралымын өткізу тәртібіне сәйкес гарнизондық нарядтың таралымын өткізуге;
5) оған бөлініп берілген үй-жайда болуға; қызметтік істермен кеткен кезде өзінің көмекшісіне қайда және қай уақытқа кететінін хабарлап, оны орнына қалдыруға;
6) тәулігіне екі реттен жиі емес (оның ішінде түнде бір рет) гарнизондық қарауылдардың қызмет өткеруін жеке өзі тексеруге, бұл ретте түнгі уақытта, ал нашар көрінетін кезде және күндіз жауынгерлік машиналар (қару-жарақ пен әскери техника) тұрақтарын қарап шығуға және анықталған кемшіліктерді дереу жоюға шаралар қабылдауға;
7) ауа райының жағдайына байланысты бекеттерде болу ұзақтығының өзгеруі туралы нұсқаулар беруге;
8) қарауылдар күзететін объектілерді ашуға наряд негізінде қарауылдардың бастықтарына осы объектілерді ашуға рұқсат беруге;
9) гарнизон бастығын және оның тікелей бастықтарын қарсы алуға және оларға баяндауға, мысалы: "Полковник мырза, менің кезекшілігім уақытында оқиғалар болған жоқ. Қарауылдар бойынша кезекші капитан Омаров";
10) қарауылдарды тексеру үшін келген адамдардың жеке басының куәліктері мен қарауылдарды тексеруге құқық беретін біржолғы куәліктерін алдын ала тексеруге, оларға ілесіп жүруге немесе ілесіп жүру үшін өзінің көмекшісін жіберуге;
11) гарнизон кезекші бөлімшесінің дабыл немесе шақыру бойынша іс-қимылдарға әзірлігін тексеруге міндетті.
Әскери полиция бөлімшелерінің штат санымен оларға құқық тәртібін және әскери көлік құралдарының жол жүру қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді орындау мүмкін болмаған гарнизондарда гарнизондық патрульдердің қызметіне басшылық жасау және жол жүру қағидаларының сақталуын бақылау жөніндегі міндеттер гарнизон бастығының бұйрығымен қарауылдар бойынша кезекшіге жүктеледі.
95. Таралым аяқталғаннан кейін қарауылдар бойынша жаңа кезекші ауысатын кезекшіден тізімдемеде көрсетілген құжаттарды қабылдайды. Қарауылдар бастықтары ауысымның жүргізілгені туралы баяндағаннан кейін қарауылдар бойынша кезекшілер гарнизон бастығына, ал ол болмағанда – гарнизонның штаб бастығына кезекшілікті тапсыру және қабылдау туралы баяндайды, мысалы: "Генерал-майор мырза, капитан Солоненко қарауылдар бойынша кезекшілікті тапсырды". "Генерал-майор мырза, капитан Егізбаев қарауылдар бойынша кезекшілікті қабылдады". Содан кейін жаңа кезекші кезекшілікті қабылдау кезінде анықталған барлық кемшіліктер туралы, ал бұрынғы кезекші – қарауылдардың қызметті өткеруі және анықталған кемшіліктерді жою үшін қабылданған шаралар туралы, қарауылдар күзететін объектілерді ашу және жабу туралы, сондай-ақ егер олар болса, өткен тәулік ішіндегі оқиғалар туралы хабарлайды. Баяндаудан кейін жаңа кезекші осы жазбалары бар кезекшілікті қабылдау және тапсыру кітабын гарнизон бастығына қарауға ұсынады.
96. Гарнизондық қарауылдардың біреуінде оқиға болған жағдайда, қарауыл бойынша кезекші дереу оқиға орнына барады, егер қажет болса, ол гарнизон бастығының рұқсатымен кезекші бөлімшені немесе оның бір бөлігін шақыртады, ал өрт шыққан кезде одан басқа, өрт сөндіру командасын және азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерін шақыртады.
Қарауылдардағы оқиғалар туралы және қабылданған шаралар туралы қарауылдар бойынша кезекші дереу гарнизон бастығына баяндайды және қарауыл тағайындалған әскери бөлімнің командиріне хабарлайды.
Ескерту. 96-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Президентінің 12.11.2022 № 1071 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.
97. Егер қарауылдар бойынша кезекші кенеттен сырқаттанса, ол бұл туралы гарнизон бастығына баяндайды және оның нұсқауы бойынша әрекет етеді.
Қарауыл бастығы кенеттен сырқаттанған кезде қарауылдар бойынша кезекші оның міндеттерін қарауыл бастығының көмекшісіне (таратушыға) жүктейді немесе сырқаттанғанды ауыстыру үшін әскери бөлімнен жаңа қарауыл бастығын шақыртады, онымен бірге қарауылдық үй-жайға барады және қарауылды қабылдауға басшылық жасайды. Жаңа қарауыл бастығына қарауылдар бойынша кезекші қолданыстағы парольді хабарлайды және болған жағдай туралы дереу гарнизон бастығына баяндайды.
98. Объектілерді, оларды жабдықтаудағы кемшіліктері үшін қарауылдар күзетке қабылдамаған жағдайларда қарауылдар бойынша кезекші ол туралы дереу гарнизон бастығына баяндайды, одан кейін кемшіліктерді жою үшін күзетілетін объектінің бастығын шақыртады.
99. Қарауылдар бойынша кезекшінің көмекшісі қарауылдар бойынша кезекшіге бағынады.
Ол:
1) белгіленген уақытта нұсқау алу үшін гарнизонның штаб бастығына келуге;
2) гарнизондық нарядтың ведомосын, бекеттердің орналасу сұлбаларын, бекеттер табельдерін, қарауылдар бастықтарына нұсқаулықтар мен қарауылдар бойынша кезекшіге нұсқаулықты зерделеуге;
3) гарнизондық нарядтың таралымын өткізуге қатысуға;
4) қарауылдар бойынша кезекшінің бөлмесіндегі құжаттаманы, мүлік пен мүкәммалды тізімдеме бойынша қабылдауға;
5) қарауылдар бойынша кезекшінің бұйрығы бойынша қарауылдардың қызмет өткеруін тексеруге, кемшіліктерді жою туралы шаралар қабылдауға және ол туралы қарауылдар бойынша кезекшіге баяндауға;
6) қарауылдар бойынша кезекшінің міндеттерін ол болмағанда өткеруге міндетті.
100. Қарауылдар бойынша кезекшіге және оның көмекшісіне кезекшілік уақытында гарнизон бастығы белгілеген уақытта әрқайсысына 4 сағаттан, аяқкиімсіз, жабдықты алмай және шешінбей, кезекпен жатып демалуға (ұйықтауға) рұқсат етіледі.
Гарнизондық патруль бастығы
101. Гарнизондық патруль бастығы патрульдердің қызметті дұрыс өткеруіне, патрульдеу бағдарында тәртіпті ұстауға, әскери қызметшілердің әскери тәртіпті сақтауына және гарнизондық объектілердің сақталуына жауап береді.
Ол:
1) белгіленген уақытта гарнизонның штаб бастығына нұсқау алуға келуге және қажетті құжаттарды зерделеуге;
2) патруль міндеттерін білуге және патрульдердің қызмет өткеруіне басшылық жасауға;
3) әскери қызметшілердің әскери тәртіптің талаптарын орындауын және әскери киім нысанын киіп жүру қағидаларын сақтауын бақылауға;
4) әскери тәртіпті бұзған, әскери атағы бойынша өзімен тең және кіші әскери қызметшілерге ескерту жасауға, қажетті жағдайларда олардың құжаттарын тексеруге, ал егер қажет болса, оларды ұстауға және қарауылдар бойынша кезекшіге жіберуге;
5) бастықтар мен атағы үлкендерге тәртіпті қалпына келтіруде жәрдемдесуге және олардың талап етуі бойынша әскери тәртіпті бұзған әскери қызметшілерді қарауылдар (әскери бөлім) бойынша кезекшіге жіберуге;
6) қарауылдар бойынша кезекшілермен, сондай-ақ құқық қорғау органдарының бекеттерімен байланысу үшін өз бағдарындағы телефондардың орналасуын білуге және қарауылдар (әскери бөлім) бойынша кезекшіге патрульдеу барысы туралы белгіленген уақытта баяндауға;
7) көшелерде және қоғамдық орындарда азаматтық адамдар арасында тәртіпті ұстауда құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне көмек көрсетуге;
8) ұсталған және қарауылдар (әскери бөлім) бойынша кезекшіге жіберілген әскери қызметшілердің тізімін жүргізуге, патрульдеу мерзімі аяқталғаннан кейін қарауылдар (әскери бөлім) бойынша кезекшіге тізімді ұсынуға және патрульдеуге құқық беретін куәлікті тапсыруға, өз әскери бөліміне патрульдермен қайтып оралуға және бөлім бойынша кезекшіге міндеттің орындалғаны туралы баяндауға;
9) құқық бұзушылықтар (оның ішінде қылмыстар) немесе тәртіптік теріс қылықтар жасаған әскери қызметшілерді ұстауға және өз іс-қимылдарымен жолын кесуге;
10) мас күйінде қоғамдық тәртіпті бұзған және лайықсыз мінез-құлық көрсеткен, сондай-ақ әскери қызметшінің жеке басын растайтын құжаттары болмаған жағдайда әскери қызметшілерді ұстауға;
11) объектілердің сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді орындаған кезде оларға қадағалау жүргізуге, олардың сақталуына қауіп төнген жағдайда қарауыл (әскери бөлім) бойынша кезекшіге хабарлауға міндетті.
Жоғарыда аталған жағдайларды қоспағанда, патруль бастығының атағынан үлкен әскери атақтағы әскери қызметшілерді ұстауға жол берілмейді.
Әскери қызметшіні ұстаған кезде патруль бастығы оны қарауылдар (әскери бөлім) бойынша кезекшіге жеткізу жөнінде шаралар қабылдайды, бұл ретте ол әскери қызметшіден қандай да бір түсінік талап етпеуге тиіс.
Ескерту. 101-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Президентінің 28.10.2025 № 1068 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.
102. Патруль ілтипатты, әдепті, сыпайы, "Сіз" деп тіл қатуы, өз талаптарын, ескертулерін сендіру нысанында айтуға тиіс. Оның іс-қимылдары әскери қызметшілер үшін заңды және түсінікті болуға тиіс. Патрульдер әскери қызметшілермен сөйлескенде сабырлық, шыдамдылық пен парасаттылық танытуға міндетті. Олар қарсы сөз қайтармауы және дауласпауы, өзін-өзі ұстауы, дөрекілікке дөрекілікпен жауап бермеуге және өз іс-қимылдарында жеке басының жек көру сезімін басшылыққа алмауға тиіс.
Әскери атағы бойынша тең немесе кіші әскери қызметшімен сөйлескенде патруль бастығы оның әскери атағын, өзінің лауазымын атайды және тиісті талаптар қояды, мысалы: "Капитан мырза, мен – патруль бастығы капитан Уәлиевпін. Сіз әскери киім нысанын киіп жүру тәртібін бұздыңыз. Кемшілікті жойып, команда бойынша баяндауыңызды сұраймын".
103. Егер мерзімді әскери қызмет өткеретін әскери қызметші, олар сейілдемеде болған кезде әскери киім нысанын киіп жүру қағидаларын өрескел бұзса немесе өзге де әскери тәртіпті бұзса, патруль бастығы осындай әскери қызметшілердің сейілдемесін тоқтатады және оларды патрульдің ілесіп жүруімен қарауылдар (әскери бөлім) бойынша кезекшіге жібереді немесе шаралар қабылдау үшін өзінің әскери бөліміне (бөлімшесіне) қайтарады. Сейілдеме жазбалары бойынша басқа гарнизоннан келген әскери қызметшілер де ұсталады және қарауылдар бойынша кезекшіге жіберіледі. Ұстау уақыты мен себебі туралы патруль бастығы әскери қызметшінің сейілдеме жазбасына жазады.
Әскери қызметшіні ұстаған кезде ол бағынбаған жағдайда патруль бастығы өзі немесе патруль құрамы әскери қызметшіні мәжбүрлеу тәртібімен қарауылдар (әскери бөлім) бойынша кезекшіге әкеледі.
Қару қолдану ең соңғы шара болып табылады және оған тек Ішкі қызмет жарғысында мазмұндалған жағдайларда және тәртіппен жол беріледі.
Ұсталған әскери қызметшілерден белгіленген тәртіппен суық және атыс қаруы, оқ-дәрілер, азаматтық айналымда тыйым салынған заттар, сондай-ақ жеке басын куәландыратын құжаттар алынады, оларды патруль бастығы қарауылдар (әскери бөлім) бойынша кезекшіге тапсырады.
Ескерту. 103-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Президентінің 28.10.2025 № 1068 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.
104. Әскери атағы бойынша жоғары әскери қызметші әскери тәртіпті бұзған жағдайда патруль бастығы оның тәртіп бұзуын тоқтатуды сұрайды. Осы өтініш орындалмаған кезде патруль бастығы ол туралы қарауылдар бойынша кезекшіге дереу баяндауға және оның нұсқауы бойынша әрекет етуге міндетті.
Патруль
105. Патруль:
1) қызметті қырағылықпен өткеруге, әскери қызметшілердің өзін-өзі ұстауын қадағалауға және байқалған бұзушылықтар туралы патруль бастығына баяндауға;
2) патруль бастығының бұйрықтарын нақты және жылдам орындауға және оның рұқсатынсыз ешқайда кетпеуге;
3) патруль бастығының рұқсатынсыз ұсталғандардан ештеңе қабылдамауға және оларға ештеңе бермеуге;
4) патруль бастығына ұсталғандардың өтініштері туралы баяндауға;
5) патрульдеу аяқталғаннан және әскери бөлімге келгеннен кейін патруль бастығының рұқсатымен өз бөлімшесіне қайтып оралуға және бөлімше бойынша кезекшіге өзінің келгені туралы баяндауға міндетті.
106. Патрульдің жеке құрамы өз міндеттерін атқарған кезде әскери тәртіпті, әскери киім нысанын киіп жүру қағидаларын, әскери сәлемдесуді және әскери сыпайылықты сақтауда өнегелі болуға тиіс. Қызмет өткеру уақытында ол бөгде әңгімелерге кіріспеуге және өз міндеттерін атқарудан назарын аудармауға тиіс.
Ескерту. 106-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Президентінің 28.10.2025 № 1068 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.
6. Қарауылдық қызметті ұйымдастыруЖалпы ережелер
107. Қарауылдық қызметті өткеру жауынгерлік міндеттерді орындау болып табылады және жеке құрамнан осы Жарғының барлық ережелерін нақты сақтау, жоғары қырағылық, пәрменді шешімділік пен бастама талап етіледі.
Қарауылдық қызметтің талаптарын бұзуға кінәлілер тәртіптік және қылмыстық жауапкершілікте болады.
108. Қарауылдық қызметті атқару үшін қарауылдар тағайындалады.
Әскери және мемлекеттік объектілерді күзету мен қорғау жөніндегі жауынгерлік міндетті орындау үшін тағайындалған қаруланған бөлімше қарауыл деп аталады.
Қарауылдық қызметті атқару жөніндегі міндет әскери бөлімшелерге жүктелмеген әскери бөлімдерде объектілерді күзетуді ведомстволық күзет бөлімшелері жүзеге асыруы мүмкін.
Жауынгерлік кезекшілік атқаратын күштер мен құралдарды күзету мен қорғау әскери қарауылдарға немесе қаруланған патрульдерге, ал жауынгерлік туларды – әскери қарауылдарға немесе Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабы бастығының, сондай-ақ басқа да әскерлері мен әскери құралымдары бірінші басшыларының шешімі бойынша тәуліктік нарядтың басқа да адамдарына жүктеледі.
Қарауылдар гарнизондық және ішкі (корабльдік) болады, олар тұрақты және уақытша болуы мүмкін.
Гарнизондық қарауыл жалпыгарнизондық мақсаттағы объектілерді және бір-біріне тікелей жақын орналасқан бірнеше әскери бөлімнің объектілерін күзету үшін тағайындалады.
Ішкі (корабльдік) қарауыл бір әскери бөлімнің (корабльдің) объектілерін күзету мен қорғау үшін тағайындалады. Әуеайлақтағы авиациялық бөлімнің ұшақтары (тікұшақтары) мен басқа да объектілерін ішкі қарауыл күзетеді және қорғайды.
Тұрақты қарауылдар қарауылдар кестесінде көзделеді.
Уақытша қарауылдар қарауылдар кестесіне енгізілмейді; олар әскери мүлікті тиеу (түсіру) немесе қоймаларға уақытша қою кезінде, әскери жүкті алып жүру кезінде күзету мен қорғау үшін гарнизон бастығының немесе әскери бөлім командирінің бұйрығымен тағайындалады.
Ескерту. 108-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 23.08.2023 № 306 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.
109. Гарнизондық қарауылдар гарнизон бастығына, қарауылдар (әскери бөлім) бойынша кезекшіге және оның көмекшісіне бағынады.
Ішкі (корабльдік) қарауылдар әскери бөлім командиріне (корабль командиріне), әскери бөлім (корабль) бойынша кезекшіге және егер әскери бөлім бойынша кезекшінің көмекшісі офицер болса, оның көмекшісіне бағынады. Әскери бөлімнің қалған бөлімшелерінен бөлек орналасқан батальонның (дивизионның) объектілерін күзететін ішкі қарауыл, одан басқа осы батальон (дивизион) командиріне және әскери атағы қарауыл бастығымен тең немесе атағы бойынша одан жоғары батальон (дивизион) бойынша кезекшіге бағынады.
Сержанттар (старшиналар) қатарынан тағайындалған әскери бөлім бойынша кезекшінің көмекшісіне бастығы офицер емес қарауылдар бағынады.
Қарауылдар таралым уақытында қарауылдар (әскери бөлім, корабль) бойынша кезекшіні қарсы алу үшін "ТІК ТҰР" командасы берілген сәттен бастап осы адамдардың бағынысына кіреді, ал қарауыл бастығы ауысымнан кейін өз әскери бөліміне (бөлімшесіне) қарай жүру үшін "Адым – БАС" командасын берген сәттен бастап олардың бағынысынан шығады.
Ескерту. 109-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 23.08.2023 № 306 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.
110. Қарауыл құрамына: қарауыл бастығы, бекеттер мен ауысымдар саны бойынша қарауылдар, таратушылар, ал қажет болған кезде қарауыл бастығының көмекшісі, техникалық күзет құралдары бойынша операторлар ауысымы (ауысымдағы операторлар саны күзетілетін объектінің маңыздылығына, оның периметрінің ұзындығына, орнатылған бейнебақылау жүйесінің санына байланысты айқындалады, бірақ кемінде екі әскери қызметші болуға тиіс, олардың біреуі қарауыл бастығының техникалық күзет құралдары жөніндегі көмекшісі болып тағайындалуы мүмкін), қарауыл бастығының қарауылдық иттер қызметі жөніндегі көмекшісі және көлік құралдарының жүргізушілері (жауынгерлік машина экипаждары) тағайындалады.
Аталған адамдардан басқа, штабтар мен басқару пункттерін күзету бойынша бірлестіктен және одан жоғары, сондай-ақ мекемелерді күзету бойынша қарауылға бақылау-өткізу пунктінің қарауылдары тағайындалады.
Ескерту. 110-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 23.08.2023 № 306 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.
111. Объектілерді тікелей күзету мен қорғау үшін қарауылдар қатарынан сақшылар қойылады.
Қарауыл – объектіні (бекетті) күзету мен қорғау жөніндегі жауынгерлік міндеттерді орындау үшін тағайындалған қарауыл құрамының әскери қызметшісі.
Оған тапсырылған бекетті күзету мен қорғау жөніндегі жауынгерлік міндетті орындайтын қаруланған қарауыл сақшы деп аталады.
Сақшыға күзету мен қорғау үшін барлық тапсырылғандар, сондай-ақ ол өз міндетін орындайтын жер немесе жергілікті жердің учаскесі бекет деп аталады. Бекеттерге, сондай-ақ қарауылдың техникалық күзет құралдары көмегімен күзететін объектілер мен осы құралдар орнатылған жергілікті жер учаскелері жатады.
Объектілерді күзетуді сақшылар объекті айналасындағы сыртқы қоршаудың ішкі жағының бойында сақшы жолымен (бақылау-іздік жолақты) патрульдеу, сондай-ақ мұнаралардан бақылау жолымен жүзеге асырады. Жекелеген объектілер қозғалмайтын сақшылармен күзетілуі мүмкін.
112. Гарнизондар бастықтары, әскери бөлімдердің командирлері, әскери объектілердің бастықтары, сондай-ақ олардың барлық тікелей бастықтары жеке құрамның объектілерді күзету мен қорғау үшін қажетті санын қысқартуға үнемі қол жеткізуге міндетті. Оған:
1) сақшыларды қоймастан, бекеттерді күзетудің техникалық құралдары мен қарауылдық иттерді пайдалана отырып күзетуге көшумен (5-қосымша);
2) ортақ қоршауы бар, қатар орналасқан, әр түрлі әскери бөлімдерге тиесілі сақтау орындарын, қоймаларды, парктер мен басқа да күзетілетін объектілерді бір қарауылдың күзетуіне біріктірумен;
3) қозғалмайтын сақшылары бар бекеттердің санын қысқартумен және объектілердің күзетін жаяу тәртіппен және көлік құралдарымен патрульдеу тәсілімен ұйымдастырумен қол жеткізіледі.
113. Объектілерді күзетуді патрульдеу тәсілімен ұйымдастыру кезінде объектінің қоршауына және жергілікті жердің жағдайларына байланысты сақшыға белгіленген уақыт ішінде күзету мен қорғау үшін: күндіз – 2 шақырымға дейін, түнде – 1 шақырымға дейін, ал техникалық күзет құралдарымен жабдықталған объектілерді: күндіз – 3 шақырымға дейін, түнде – 2 шақырымға дейін ұзындықпен жолақ учаскесі тағайындалады. Қолайсыз ауа райында (қалың тұман, жаңбыр, қар жауу) объектілерді күзетуді күшейту үшін гарнизон бастығының (әскери бөлім командирінің) бұйрығымен қосымша қарауылдар немесе көлік құралдарындағы патрульдер тағайындалуы мүмкін. Қосымша қарауылдардың қызмет өткеру тәртібі мен патрульдеу тәртібін бұл жағдайда гарнизон бастығы (әскери бөлімнің командирі) айқындайды.
Сақшылар бақылау-іздік жолақты, жергілікті жерлер мен қоршауларды қарау үшін, сондай-ақ байланыс құралдары бойынша қарауыл бастығына қызметтің өткерілуі туралы баяндау үшін қысқа тоқтаулар жасай отырып, объектінің сенімді күзетілуін қамтамасыз ететін жылдамдықпен жаяу тәртіппен қозғалыс бағдарлары бойынша жүреді.
Күн ашық болса, егер жергілікті жер жағдайлары мүмкіндік берсе, қарауыл бастығының рұқсатымен күзетілетін объектілерді қадағалауды сақшылар қадағалау мұнараларынан жүргізуі мүмкін.
114. Сақшыларға көмек көрсету үшін әрбір қарауылдық үй-жайда қарауылдардың сергек және демалған ауысымдары қатарынан резервтегі топтар құрылады, олар қарауыл бастығының (қарауыл бастығы көмекшісінің, таратушының) "ҚАРУҒА" командасы бойынша қарауылды шақырған кезде бұзушылық болған орынға келеді және жағдайға байланысты әрекет етеді. Топтарды бұзушылық болған орынға тез жеткізу, қашық орналасқан бекеттердің сақшыларын ауыстыру және оларды тексеру үшін қарауылдар қажет болған кезде көлік құралымен, ал ерекше жағдайларда броньды транспортерлермен (жауынгерлік машиналармен) қамтамасыз етіледі.
115. Қарауылдың жеке құрамы қарауыл киім нысанын (6-қосымша) киюге, ақаусыз және ұрысты қалыпты жүргізуге келтірілген сүңгі-пышағы бар автоматтармен (сүңгісі бар карабиндермен) немесе Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабы бастығының және басқа да әскерлері мен әскери құралымдары бірінші басшыларының шешімі бойынша басқа да қарумен қарулануға тиіс. Басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың, сондай-ақ әскери полиция органдарының қарауылдары арнайы құралдармен қарулануы мүмкін.
Бақылау-өткізу бекеттерінің сақшылары пистолеттермен қарулануы мүмкін.
Қарауылдар бастықтары және олардың көмекшілері өздерінің штаттық қаруымен қаруланады.
Қарауыл жауынгерлік патрондармен: әрбір автомат пен пистолетке – екі жарақтандырылған оқжатар; әрбір карабинге оқтізерлерде 30 патрон есебінен қамтамасыз етіледі. Қарауылдың жауынгерлік патрондарын жаңарту кемінде үш айда бір рет жүргізіледі.
Бұдан басқа, гарнизон бастығының (әскери бөлім командирінің) бұйрығы бойынша қарауылдардың қарулануында олардың әрқайсысына үш жарақтандырылған оқжатары бар оқшашарлар (100 патроны бар жарақтандырылған екі лента), әрқайсысына екі граната есебінен қарауылдың барлық құрамында қол гранаталары болуы, сондай-ақ жауынгерлік техникамен күшейтілуі мүмкін.
Пистолеттермен қаруланған адамдардан басқа, қарауылдың жеке құрамына оқ-дәрілер практикалық сабақтан кейін қарауыл қалашығында беріледі. Міндеттерін әскери бөлімнен қашықта орындайтын қарауыл, оқ-дәрілерді қарауыл қалашығында жарақтандыратын қарауыл бастығынан басқа, оқ-дәрілермен қарауылдық үй-жайда, осы үшін арнайы жабдықталған немесе бөлінген орында жарақтандырылуы мүмкін. Бұл жағдайда оқ-дәрілер тәуліктік нарядтың таралымына құлыпқа жабылған металл жәшікпен шығарылады.
116. Қаруды оқтау бекеттерге шығар алдында, ұсталған, тұтқындалған, сотталушы және сотталған адамдарды күзету үшін, сондай-ақ қарауылды тексеретін адамдарға ілесіп жүру үшін жүргізіледі.
Қаруды оқтау мен оғын алу қарауыл бастығының немесе оның көмекшісінің командасы бойынша және олардың тікелей қадағалауымен қарауылдық үй-жай жанында оқтосқауылы бар арнайы жабдықталған және жарық түсірілген орында, ал ауысымдар бекеттерге машиналармен жүрген кезде – таратушының командасы бойынша қарауыл бастығына берілген нұсқаулықта көрсетілген оқтосқауылымен жабдықталған орындарда жүргізіледі. Оқтаған және оқты алған кезде қарудың ұңғысы жоғары (45-60 градус бұрышқа) және маңындағы тұрғын үй мен күзетілетін объектілерден шетке алшақ бағытталуға тиіс. Егер қарауылдық үй-жайға жақын және оның айналасында тұрғын және қызметтік үй-жайлар орналасқан болса, қаруды оқтау және оғын алу қарауылдық үй-жайда оқтосқауылмен жабдықталған арнайы орында жүргізілуі мүмкін. Қарудың оғын алу және оны тексеру қарауылдық үй-жайға қайтып келгеннен кейін дереу жүргізіледі.
Пистолеттер патрондарды алғаннан кейін бөлімшелерде оқталады, ал олардың оғы қарауыл ауысымы бөлімшеге келгеннен кейін алынады.
Қарауылға шабуыл жасалған жағдайда қарауыл жеке құрамы қаруды дербес оқтайды.
117. Қару тиісті қару түрлері үшін оқ ату ісі жөніндегі басшылықтарда көрсетілген қағидалар бойынша оқталады, бұл ретте патрон ұңғылыққа жіберілмейді.
Автомат жарақтандырылған оқжатармен оқталады. Оқталар алдында ол тексеріледі (бұл ретте шүріппе түсіріледі) және сақтандырғышқа қойылады. Бекітпе рамасы оқжатар қосылғаннан кейін артқа жылжытылмайды.
Карабин толық көлемде жарақтандырылған оқжатармен оқталады. Карабин оқталғаннан кейін бекітпе жайлап жабылады (бұл ретте патрон ұңғылыққа жіберілмейді), сақтандырғышы алынады, шүріппесі түсіріледі және карабин сақтандырғышқа қойылады.
Пистолет жарақтандырылған оқжатармен оқталады, оқтау кезінде бекітпе артқа жылжытылмайды және сақтандырғышқа қойылады.
Оқшашарлар мен қол гранаталары, оларды тікелей қолданар алдында оқталады.
Арнайы құралдар қолдануға ұдайы әзірлікте болады.
118. Гарнизон бастығының (әскери бөлім командирінің) бұйрығы бойынша қарауылдық үй-жайда: әрбір автоматқа немесе карабинге – металл жәшіктегі мырышталған орамаларда сақталатын 150 патрон, пистолетке – 16 патрон есебінен жауынгерлік патрондардың қоры құралады.
Қол гранаталары жекелеген металл жәшіктерде сақталады, бұл ретте тұтандырғыштар гранаталардан бөлек су өткізбейтін орамаларда сақталады.
Жәшіктерде: қарауылдың жауынгерлік патрондарының қорын есепке алу кітабы (7-қосымша), қол гранаталары мен оларға тұтандырғыштар қорын есепке алу кітабы, оқ-дәрілер мен гранаталарды салу актісі, әскери бөлімнің қоймасынан оқ-дәрілер мен гранаталарды алуға жүкқұжат данасы, ішкі тізбе, сондай-ақ мырыштарды ашуға арналған пышақ сақталады. Жәшіктер құлыпқа жабылады, гарнизонның (әскери бөлімнің) штаб бастығы мөрлейді және қарауылдық үй-жайда болатын қарауыл мүлкі мен мүкәммалының тізбесіне енгізіледі. Оқ-дәрілері бар жәшіктер мөрлерінің көшірме бедерлері мен кілттері қарауыл бастығының сейфінде (құлыпқа жабылатын стол жәшігінде) сақталады. Кілттерді басқа адамдарға беруге жол берілмейді. Қосымша кілттер бөлім бойынша кезекшіде, штаб бастығының мөрімен мөрленген тубуста сақталады.
Қарауылға немесе күзетілетін объектіге шабуыл жасалған кезде жауынгерлік патрондар мен гранаталар қоры бар жәшікті ашуды кейіннен қарауылдар (әскери бөлім) бойынша кезекшіге баяндаумен қарауыл бастығы дербес жүзеге асырады.
Қарауыл бастығы жауынгерлік патрондардың қоры, гранаталар мен тұтандырғыштар бар жәшіктердің сақталуына жеке өзі жауапты болады.
119. Оқ-дәрілер қорының қолда барын және жай-күйін айына бір реттен жиі емес: гарнизондық қарауылдарда – гарнизонның штаб бастығы, ішкі қарауылдарда – әскери бөлімнің штаб бастығы тексереді.
Тексеру нәтижелері жауынгерлік патрондар (гранаталар мен оларға тұтандырғыштар) қорын есепке алу кітабына және бекеттік ведомосқа жазылады.
120. Қарауылдық үй-жайлар мен бекеттерді осы Жарғыда көзделген жабдықпен, күзет пен байланыстың техникалық құралдарымен қамтамасыз ету, күзетілетін объектілерді қоршау және оларды мүкәммалмен (8-қосымша) қамтамасыз ету, сондай-ақ бекеттерге кіреберістерді жабдықтау (9-қосымша) әскери объектінің бастығына (әскери бөлімнің командиріне) жүктеледі.
Әскери объектінің бастығына (әскери бөлімнің командиріне), сондай-ақ қарауылдық үй-жайға жарық түсіруге және оны отынмен және бекеттік киіммен қамтамасыз ету жауапкершілігі жүктеледі.
121. Ауысу үшін келген қарауылдың нақты осы мақсат үшін тағайындалғанын, сондай-ақ гарнизон бастығынан немесе қарауылдар (әскери бөлім) бойынша кезекшіден бұйрықпен келген адамға нақты сол үшін өкілеттілік берілгенін растау үшін тиісті бастық пароль (құпия сөз) белгілейді.
Пароль қандай да бір қаланың атауымен белгіленеді, оны әрбір күнге, әрбір қарауыл үшін жеке: гарнизондық қарауылдар үшін – гарнизон штабының бастығы, ішкі қарауылдар үшін – әскери бөлім штабының бастығы белгілейді.
Парольдар кемінде 10 күн бұрын белгіленеді және гарнизон (әскери бөлім) штабының бастығында, мөрленген сейфте сақталатын парольдар кітабына енгізіледі.
Дабыл жарияланған кезде түсетін жаңа қарауылдар үшін парольдар қарауылдар (әскери бөлім) бойынша кезекшіде мөрленген пакетте сақталады.
Парольді білетін адамдар оны қатаң құпияда ұстауға және сұраған кезде оны дауыстамай, жазбамен хабарлауға міндетті, одан кейін жазба дереу жойылады.
Паролі бар жазбаны жоғалтқан кезде немесе пароль жария болған басқа да жағдайларда қарауылдар (әскери бөлім) бойынша кезекші оның қолданысын дереу тоқтатады, ол туралы гарнизон штабының бастығына (әскери бөлімнің штаб бастығына) баяндайды.
122. Қарауылдың күзетінде тұрған сақтау орындарын (қоймаларды, парктерді) ашуға немесе жауынгерлік машиналардың, қару-жарақ пен әскери техниканың тұрақтары орындарына жіберуге гарнизон бастығы (әскери бөлімнің командирі) бекіткен күзетілетін объектіні ашуға наряд негізінде (10-қосымша) және гарнизон штабы бастығының (әскери бөлімнің штаб бастығының) қолы қойылған және елтаңбалы мөрмен расталған тұрақты немесе біржолғы рұқсаттама (11-қосымша) болған кезде рұқсат етіледі.
Күзетілетін объектіні ашуға нарядты объектілер (әскери бөлім қызметтері, сақтау орындары, қоймалар) бастықтарының өтінімдері негізінде гарнизонның штаб бастығы (әскери бөлімнің штаб бастығы) күнделікті жасауға, гарнизонның бастығы (әскери бөлімнің командирі) бекітуге және қарауылдар (әскери бөлім) бойынша кезекшіде болуға тиіс.
Рұқсатнамада: оның нөмірі және оның бастығына берілген қарауылдың нөмірі; ашуға (жабуға) жататын күзетілетін объектінің атауы; ашу (жабу) күні мен уақыты; ашу (жабу) үшін келген адамның әскери атағы, тегі, аты мен әкесінің аты көрсетіледі.
Осы немесе өзге де сақтау орындарын (парктерді, қоймаларды) ашуға құқығы бар немесе тұрақтарда тұрған жауынгерлік машиналарды, қару-жарақ пен әскери техниканы қарауылдан қабылдауға рұқсатнама берілуі мүмкін адамдардың тізімі гарнизон бастығының (әскери бөлім командирінің) бұйрығымен жарияланады.
Түпнұсқа қолдары қойылған рұқсатнама үлгілері, осы немесе өзге де сақтау орындарын (парктерді, қоймаларды) ашуға құқығы бар немесе оларға жіберілуі мүмкін адамдардың тізімі, сондай-ақ гарнизон штабының бастығы (әскери бөлімнің штаб бастығы) қол қойған және елтаңбалы мөрмен расталған мөрлер таңбаларының (пломба бедерлерінің) үлгілері қарауылдық үй-жайда болуға тиіс.
123. Қоймалардың (базалардың, арсеналдардың) техникалық аумағына, өрт қаупі бар, ерекше мемлекеттік, режімдік және стратегиялық объектілерге кіру тәртібін Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығы және басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының бірінші басшылары белгілейді.
124. Әуеайлақтағы ұшақтар (тікұшақтар) тұрақтарын және авиациялық бөлімнің басқа да объектілерін ашу үшін рұқсатнамаларға осы бөлімнің штаб бастығы қол қояды.
125. Ерекше жағдайларда әскери және басқа да объектілерді күзету мен қорғау жөніндегі қарауылдық қызметті өткеру тәртібін Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығы және Қазақстан Республикасының басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының тиісті басшылары қосымша айқындайды.
Техникалық күзет құралдарын қолдану
126. Техникалық күзет құралдары – периметрлік, объектілік, өрт дабылдамалары, бейнеқадағалау, ақпаратты жинау және көрсету, қолжетімділікті бақылау және басқару жүйелерін, сондай-ақ объектілерді сенімді күзетуді арттыру және қарауыл жеке құрамының санын қысқартуға арналған техникалық алдын алу құралдарын қамтитын кешен.
Техникалық күзет құралдарын қолдана отырып, объектілерді күзетудің сенімділігіне: техникалық күзет құралдарының типін дұрыс таңдаумен және оларды инженерлік бөгеттермен кешенде пайдаланумен, күзет құралдарын орнату жөніндегі өткізілетін іс-шаралардың жасырындылығымен; монтаждаудың жоғары сапасымен, ұдайы қызмет көрсетумен және олардың жай-күйін бақылаумен; техникалық күзет құралдары өздігінен іске қосылған кезде қарауыл жеке құрамының қырағылығымен және уақтылы іс-қимылымен қол жеткізіледі.
Техникалық күзет құралдары, оларды бүркемелеу және қауіпсіздік шараларын қолдана отырып, орнатылуға тиіс.
127. Объектіде қолданылатын техникалық күзет құралдарының типі мен саны олардың маңыздылығына, физикалық-географиялық, пайдалану және басқа да ерекшеліктеріне байланысты айқындалады.
128. Техникалық күзет құралдарының сигналдарын қабылдау аппаратурасы қарауылдық үй-жайда қажетті аппаратураны орнатуды қамтамасыз ететін осы үшін арнайы жабдықталған бөлмеде немесе қарауыл бастығының бөлмесінде орнатылады.
Объектілер өрт дабылдамасымен белгіленген қағидаларға сәйкес жабдықталады.
Техникалық күзет құралдарының үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету үшін кемінде 24 сағат үздіксіз жұмыс істеуді қамтамасыз ететін резервтегі қоректендіру көзі орнатылады.
Гарнизонда (әскери бөлімде) өртке қарсы қорғану және құтқару жұмыстарының әскери командасы болған кезде өрт дабылдамасының сигналдарын қабылдау аппаратурасы осы команданың үй-жайында орнатылуы мүмкін.
Техникалық күзет құралдарын ақаусыз күйде ұстауды осы үшін тағайындалған штаттық бөлімше, ал осындай штаттық бөлімше болмаған кезде – әскери бөлімнің командирі (объектінің бастығы) тағайындаған офицердің (сержанттың) басшылығымен пайдалану тобы жүзеге асырады.
129. Техникалық күзет құралдарымен жабдықталған объектілерді күзету және қорғау сақшылар қоюмен, бақылау-күзету топтарының кезекшілігі тәсілімен немесе аралас тәсілмен жүзеге асырылуы мүмкін. Сақшыларды қоюмен күзету тәсілі негізгі болып табылады. Барлық тәсілдер кезінде объектілерді күзетуді күшейту үшін қарауылдық иттер пайдаланылуы мүмкін.
Техникалық күзет құралдарын қолдану және осы жағдайларда сақшыларды қою қажеттілігі, сондай-ақ қарауылдық иттерді пайдалану туралы шешімді қарауылдар кестесін бекітетін командир (бастық) қабылдайды (осы Жарғының 135-тармағы).
130. Сақшыларды қоюмен, әдетте, техникалық күзет құралдарымен жабдықталған, ұдайы қадағалауды және күшейтілген күзетті талап ететін, қару-жарағы, оқ-дәрілері бар қоймалар мен басқа да объектілер күзетіледі. Мұндай жағдайларда сақшылар қызметті осы Жарғының 317-329-тармақтарында көрсетілгендей өткереді.
Техникалық күзет құралдарының сигналдарын қабылдау аппаратурасын бақылауды қарауыл бастығының техникалық күзет құралдары жөніндегі көмекшісі (оператор), ал ол болмағанда – қарауыл бастығы немесе оның көмекшісі (таратушы) жүзеге асырады.
131. Бақылау-күзету топтарының кезекшілігі техникалық күзет құралдарының сигналдарын қабылдау аппаратурасын оператордың үздіксіз бақылауы, бақылау-күзету топтарының бекеттерді кезең-кезеңімен тексеруі және олардың техникалық күзет құралдарының рұқсатсыз өздігінен іске қосылуы жағдайында әрекет етуге ұдайы әзірлігі болып табылады.
Бекеттерді тексеруді бақылау-күзету тобы кесте бойынша жүзеге асырады, оның құрамына қарауыл бастығы немесе оның техникалық күзет құралдары жөніндегі көмекшісі, бір-екі қарауыл, ал объектілерді күзетуді күшейту үшін қарауылдық иттер пайдаланылған кезде қарауыл бастығының қарауылдық иттер қызметі жөніндегі көмекшісі (жетекшісі) кіреді.
Тексеру барысында қоршаудың, бақылау-іздік жолақтың, есіктердің (қақпалардың), сақтау орындары (қоймалар) терезелері мен қабырғаларының жай-күйлері, мөрлердің (пломбаның) саны мен сәйкестігі, сондай-ақ техникалық күзет құралдарының жұмыс істеуі сырттай қарап тексеріледі.
132. Объектілерді күзетудің аралас тәсілі бақылау-күзету топтарының кезекшілігі тәсілінің бір уақытта периметрдің жекелеген учаскелеріне немесе ғимараттар (үй-жайлар) жанындағы бекеттерге сақшыларды қоюмен үйлесімділігі болып табылады. Бұл ретте техникалық күзет құралдарының сигналдарын қабылдау аппаратурасын бақылауды қарауыл бастығы немесе оның көмекшісі жүзеге асыруы мүмкін, ал бақылау-күзету тобының орнына қарауылдың резервтегі тобы әрекет етуі мүмкін.
Қарауылдар наряды
133. Қарауылдар наряды қарауылдар кестесі негізінде жүргізіледі.
Қарауылдар әрбір тәулік сайын ауысуға тиіс.
Әскери бөлім оқу-жаттығуларда болған кезеңде қарауылдар кестесін бекітетін бастықтардың бұйрығымен офицердің басшылығымен 7 тәулік мерзімге дейін ауыспайтын қарауыл тағайындалуы мүмкін.
134. Гарнизондық қарауылдар кестесін гарнизонның штаб бастығы, ал ішкілерді – олардың маңыздылығын, техникалық күзет құралдарын жабдықтауды, қоршауларды және сақшылардың барынша аз санымен сенімді күзетуді қамтамасыз етуді ескере отырып, гарнизон бастығының (әскери бөлім командирінің) объектілерді күзету мен қорғауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулары негізінде әскери бөлімнің штаб бастығы жасайды. Қарауылдар кестесін жергілікті жерлердегі объектілердің орналасу жағдайларымен және күзетілу ерекшеліктерімен танысқаннан кейін жасалуға тиіс. Өз күзет бөлімшелері бар орталық бағыныстағы объектілерді күзету жөніндегі қарауылдар кестесін әскери объекті (қойма, база) бастығы жасайды.
135. Әскери оқу орындарының гарнизондық, сондай-ақ ішкі қарауылдар кестесі Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабы бастығының бірінші орынбасарына және басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының тиісті басшыларына, ал әскери бөлімдердің ішкі қарауылдар кестесі жоғары тұрған командирге (бастыққа) бекітуге ұсынылады.
Кестеге әрбір қарауыл бекеттерінің орналасу сұлбасы қоса беріледі.
136. Қарауылдар кестесімен бір уақытта әрбір қарауыл үшін бекеттердің орналасу сұлбасы, бекеттерге табельдер, қарауыл бастығына нұсқаулық; жауынгерлік әзірлік сигналдарын алған кезде ауысатын қарауылдар үшін, одан басқа – осы сигналдарды алған жағдайға құжаттама, ал құрамына қарауыл бастығының техникалық күзет құралдары жөніндегі (оператор) және қарауылдық иттер жөніндегі көмекшілері кіретін қарауылдар үшін – қарауыл бастығының техникалық күзет құралдары жөніндегі көмекшісінің (оператордың) және қарауылдық иттер жөніндегі көмекшісінің құжаттамасы жасалады.
Бекеттердің орналасу сұлбасында: бекеттер мен тыйым салынған аймақтардың шекаралары, тыйым салынған шекаралар, қоршау түрі, жарық түсіру аспаптары орнатылған орындар, сақшының жүретін соқпағы (жолы), бақылау-іздік жолақтар; техникалық күзет құралдарымен жабдықталған объектілер; қарауыл көлік құралдарының, бекеттер ауысымдарының және көлік құралдарындағы патрульдердің жүру бағдарлары; сақшылар мен бақылау-күзету (патруль) топтарының күндізгі және түнгі уақытта жүру бағдарлары; жертасалардың, қадағалау мұнараларының, байланыс және өрт сөндіру құралдарының (нүктелерінің), қарауылдық иттер бекеттерінің орналасқан жерлері; бекеттерге анағұрлым қауіпті кіреберістер, оқ атудың қатерлі бағыттары көрсетіледі.
Бекеттерге табельдерде (12-қосымша): әрбір бекетте күзетуге және қорғауға не жататыны; бекетте қызмет өткерудің нақты шарттары мен байланыс құралдары арқылы баяндау мерзімдерін ескере отырып, сақшының ерекше міндеттері; сақшыға мұнарадан қадағалау жүргізуге рұқсат етілетін уақыт; сақшыға бөгде адамдарды бекетке жақын жіберуге рұқсат етілмейтін арақашықтық; бекетке, көрші бекетке шабуыл жасалған және бекетте өрт болған жағдайда сақшының іс-әрекеті; сақшыға қандай жағдайларда қару қолдануға рұқсат етілетіні, сондай-ақ оқ атудың қатерлі бағыттары көрсетіледі. Техникалық күзет құралдарымен жабдықталған бекеттер үшін әрбір бекеттегі техникалық құралдардың атауы мен саны, олардың жұмыс істеу ерекшеліктері, бақылау-күзету тобының бекетті тексеру және оның қару қолдану тәртібі көрсетіледі. Қарауылдық иттермен қызмет өткеру көзделген бекеттер үшін еркін қарауылдау учаскесі немесе блок-бекет (қатаң байлау) көрсетіледі.
Қарауыл бастығына нұсқаулықта: қарауыл міндеттері, қарауылға тапсырылған объектілерді күзету мен қорғау бойынша қарауыл бастығының ерекше міндеттері және қарауыл лауазымды адамдарының (оның ішінде техникалық күзет құралдарымен жабдықталған және қарауылдық иттер күзетіндегі) объектілерді күзетуге қабылдау мен өткізу кезіндегі іс-қимылдарының тәртібі, оларды бақылау-күзету топтарының тексеру кестесі мен тәртібі; объектілердің күзетін түнде және қолайсыз ауа райында күшейту жөніндегі шаралар; қарауылдың күзетілетін объектілерге, сақшыларға немесе қарауылдық үй-жайға шабуыл жасалған кездегі, техникалық күзету құралдары өздігінен іске қосылған және істен шыққан жағдайдағы, төтенше жағдайлар кезінде, жауынгерлік әзірліктің жоғары дәрежесіне келтіруге сигналдар алған кездегі іс-қимылдары туралы нұсқаулар, сондай-ақ қаруды сақтау мен оқ-дәрілері бар жәшіктерді ашу тәртібі мазмұндалады.
Жауынгерлік әзірліктің жоғары дәрежесіне келтіруге сигнал алған жағдайдағы құжаттама: бекеттерге берілетін табельдерді, бекеттердің орналасу сұлбаларын, қарауыл бастығына нұсқаулықты, бекеттік ведомостың бланкілері мен парольді қамтиды. Бұл құжаттар қарауылға тапсырылған объектілерді күзету мен қорғау тәртібін әскерлердің жауынгерлік және жұмылдыру даярлығының жоспары бойынша іс-қимылдарын ескере отырып айқындайды.
Қарауыл бастығының техникалық күзет құралдары жөніндегі көмекшісінің (операторының) құжаттамасы нұсқаулықтан (күзетілетін объектілерді күзетуге қабылдау мен өткізу, аппаратураға бақылауды жүзеге асыру тәртібі туралы, сондай-ақ техникалық күзет құралдары өздігінен іске қосылған немесе сөніп қалған кездегі іс-қимылдарының ерекшеліктері туралы нұсқаулардан); техникалық күзет құралдарымен жабдықталған күзет объектілерінің тізбесінен (бекеттің нөмірі, объектінің атауы, ашу және жабу уақыты); техникалық күзет құралдарының жұмыс істеуін бақылаудың аппараттық журналынан (13-қосымша) (объектінің атауы, объектіні күзетуге қабылдау және өткізу уақыты, орнатылған құралдардың техникалық жай-күйі, олардың жұмыс істеуі мен жай-күйін тексеру уақыты, техникалық күзет құралдарының өздігінен іске қосылған уақыты мен орны және қабылданған шаралар) және объектіде орнатылған күзет жүйесін пайдалану жөніндегі басшылықтан тұрады.
Қарауыл бастығының қарауылдық иттер қызметі жөніндегі көмекшісінің құжаттамасы нұсқаулықтан, иттерді күту, ұстау және тамақтандыру жөніндегі жадынамадан, қарауылдық иттер бекеттерінің орналасқан сұлбасынан тұрады.
Осы тармақта көрсетілген құжаттарды гарнизон бастығы (әскери бөлімнің командирі) бекітеді.
137. Қарауылдардың кестесі негізінде гарнизонның штаб бастығы (әскери бөлімнің штаб бастығы) қарауылда қызмет өткерудің әскери бөлімдер (бөлімшелер) арасындағы кезегін әрбір айға айқындайды, ол гарнизондық (тәуліктік) наряд ведомосында сипатталады және оны гарнизон бастығы (әскери бөлім командирі) бекітеді.
Бекеттердің орналасу сұлбасының, бекеттерге табельдердің, қарауылдар бастықтарына нұсқаулықтардың және қарауыл бастығының техникалық күзет құралдары жөніндегі көмекшісіне, қарауыл бастығының қарауылдық иттер қызметі жөніндегі көмекшісіне (операторына) құжаттамалардың үзінді-көшірмелері гарнизондық наряд ведомосының үзінді-көшірмесімен бірге гарнизонның гарнизондық наряд қызметін өткеруге тартылатын барлық әскери бөлімдеріне жаңа ай басталардан он тәулік бұрын кешіктірілмей жіберіледі.
Әскери бөлімнің штабы жаңа ай басталардан кемінде бес тәулік бұрын кешіктірілмей қарауылдар тағайындалатын бөлімшелер командирлеріне қарауылдардың нарядқа түсетін күндері мен олардың құрамын хабарлайды.
Бекеттердің орналасу сұлбасындағы және бекеттерге берілетін табельдегі әрбір өзгеріс туралы гарнизон бастығы (әскери бөлімнің штаб бастығы) әскери бөлімдерге (бөлімшелерге) уақтылы хабарлайды.
Жауынгерлік әзірліктің жоғары дәрежесіне келтіруге сигналдар алған жағдайға құжаттама қарауыл бастығында, елтаңбалы мөрмен мөрленген пакетте сақталады. Құжаттаманың екінші данасы осы сигналдарды алған жағдайда ауысым үшін тағайындалған қарауыл бастығына нұсқаулар беру үшін гарнизонның (әскери бөлімнің) штаб бастығында сақталады.
138. Объектіде бес және одан да көп бекет болған кезде қарауыл бастығы болып офицер, ал бекеттердің саны аз кезде – сержант (старшина) тағайындалады.
Ерекше маңызды мемлекеттік, режімдік және стратегиялық объектілерді күзететін қарауыл бастығы болып штатта көзделген қарауылдар бастықтарын қоспағанда, бекеттер санына қарамастан офицер тағайындалады.
Әскери оқу орындарында қарауылдар бастықтары болып бекеттердің санына қарамастан үлкен курстардың курсанттары тағайындалуы мүмкін.
Қарауыл бастығының көмекшісі сержанттар (старшиналар) қатарынан тағайындалады. Қарауыл бастығының техникалық күзет құралдары жөніндегі көмекшісі (оператор) техникалық күзет құралдары жөніндегі мамандардан немесе гарнизон бастығының (әскери бөлім командирінің) бұйрығымен тағайындалатын басқа әскери қызметшілерден тағайындалады.
Қарауыл бастығының қарауылдық иттер қызметі жөніндегі көмекшісі қарауылдық иттердің аға жетекшілерінен тағайындалады.
139. Қарауылдар құрамына сержанттар (старшиналар) немесе ефрейторлар (аға матростар) қатарынан таратушылар тағайындалады.
Таратушылардың саны әрбір таратушы бестен көп емес сақшы шығаратын, ал бекеттерге бару, сақшыларды ауыстыру және қарауылдық үй-жайға қайтып оралу бір сағаттан аспауға тиісті есеппен бекеттер санына және орналасуына байланысты айқындалады. Бекеттерге бару және сақшыларды ауыстыру бір сағаттан астам уақытта алған жағдайда көлік құралы бөлінеді.
Қарауылға бірнеше таратушы тағайындалған кезде олар: бірінші таратушы, екінші таратушы деп аталады және тағы сол сияқты.
Егер қарауыл бір бекетті күзетсе, таратушы тағайындалмайды, оның міндеттерін қарауыл бастығының көмекшісі атқарады.
140. Қарауылдар сарбаздар (матростар) қатарынан тағайындалады. Сарбаздардың (матростардың) саны жетпеген кезде қарауылдар болып сержанттар (старшиналар) тағайындалуы мүмкін. Бұл жағдайда олардан бекеттің (бекеттердің) барлық ауысымдары, бақылау-күзету тобының барлық құрамы құралады, ал таратушы болып қарауылдардың әскери атақтарынан төмен емес әскери атақтағы әскери қызметші тағайындалады.
Қарауылдардың саны осы қарауыл бекеттері үшін белгіленген санына байланысты айқындалады, оның ішінде тәулік бойы бекетті күзету үшін сақшылардың үш ауысымы, ал тек түнде күзету үшін (қараңғы түскеннен бастап таң атқанға дейін немесе қойма, сақтау орындары жабылғаннан ашылғанға дейін) – сақшылардың екі ауысымы тағайындалады.
141. Қарауыл құрамы, оның ішінде қарауыл бастығы, әдетте, бір бөлімшеден, тіпті болмаса – бір әскери бөлімнен нарядқа түскенге дейін бір тәуліктен кешіктірілмей тағайындалады.
Бір әскери бөлімнен жасақталатын барлық гарнизондық қарауылдар гарнизон бастығының бұйрығымен, әртүрлі әскери бөлімдерден құрама қарауыл тек Қарулы Күштер, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар бірінші басшыларының бұйрығы бойынша тағайындалуы мүмкін.
Қарауылдарды дайындау
142. Қарауылдар тағайындалатын әскери бөлімдер мен бөлімшелердің командирлері қарауылдың жеке құрамын іріктеуге, орналастыруға және оны қызмет өткеруге даярлауға, қару мен жауынгерлік оқ-дәрілердің ақаусыз жай-күйіне және қарауылдардың таралымға уақтылы келуіне жауап береді.
Қарауылға әскери ант қабылдамаған, жаңадан келген буынды даярлаудың тиісті бағдарламасын меңгермеген, ол бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқан қылмыстық құқық бұзушылық жасаған әскери қызметшілерді, сырқаттанған және аталған уақытта өз моральдық-психологиялық жағдайы бойынша қарауылдық қызметті өткере алмайтын, сондай-ақ тәртіптік жазасын өтеу тәртібіндегі басқа да әскери қызметшілерді тағайындауға жол берілмейді.
143. Әскери бөлімдердің штабтар бастықтары гарнизондық немесе ішкі қарауылдар нарядқа түскенге дейін үш тәулік бұрын қарауылдар тағайындалатын бөлімшелердің командирлеріне бекеттердің орналасу сұлбаларын, бекеттерге табельдерді және жеке құраммен зерделеу үшін қарауылдар бастықтарына нұсқаулықтарды тапсыруға міндетті. Зерделегеннен кейін көрсетілген құжаттар әскери бөлімнің штабына қайтарылады.
144. Қарауылға түсер алдындағы түні әскери қызметшілер ешқандай қызмет өткермеуге немесе сабақтар мен жұмысқа тартылмауға тиіс.
Түсетін күні, күн тәртібінде көрсетілген сағатта қарауылдың жеке құрамына қызмет өткеруге дайындалу (міндеттерін білуін, қаруды ұстай алуын тексеру) үшін кемінде 3 сағат, ал қарауылға түскен кезде бір тәуліктен кейін – кемінде 4 сағат, оның ішінде кемінде 1 сағат демалу (ұйықтау) үшін берілуге тиіс.
145. Ротадан (батареядан) тағайындалған қарауылдың жеке құрамын даярлауды рота (батарея) командирі ұйымдастырады және даярлықты жеке өзі; батальоннан (дивизионнан) тағайындалғанды – батальон (дивизион) командирі жеке өзі, ал әскери бөлімнен тағайындалғанды – бөлім командирі орынбасарларының біреуі жүргізеді.
Қарауылда қызмет өткеруге дайындау үш кезеңде жүргізіледі:
1) бірінші – нарядқа түскенге дейін екі-үш күн бұрын бекеттерге табельдерге сәйкес қарауылдың жеке құрамын іріктеу, бөлу және тағайындау жүзеге асырылады;
2) екінші – нарядқа түсер алдындағы күні, күн тәртібінде көрсетілген сағаттарда қарауылдың жеке құрамымен жарғылардың ережелерін, күзетілетін объектілерді, бекеттердегі сақшылардың ерекше міндеттері мен әрекеттерінің нұсқаларын макет арқылы нақтылай отырып (немесе интерактивті оқыту құралдарын қолдана отырып), бекеттерге табельдерді, сондай-ақ қаруды қолданған кездегі тиісті нұсқаулықтар мен талаптарды зерделеу бойынша сабақтар өткізіледі. Бір тәуліктен кейін қарауылға түскен кезде осы сабақ қарауылға түсетін күні сабақтың алтыншы сағаты орнына жүргізіледі;
3) үшінші – қарауылға түсетін күні бекеттердегі сақшылардың іс-қимылдарын пысықтаумен практикалық сабақтар өткізіледі.
Жарғылардың ережелерін және сақшылардың ерекше міндеттерін зерделеу бойынша сабақ қарауылдарды дайындауға арналған сыныпта, гарнизондық қарауылмен практикалық сабақ – осы мақсат үшін арнайы жабдықталған қарауылдық қалашықта, ал ішкі қарауылмен – әскери бөлімнің қарауылдық қалашығында (14-қосымша) өткізіледі.
Қарауыл бастығының техникалық күзет құралдары жөніндегі көмекшісін (операторын) даярлау гарнизон бастығы (әскери бөлімнің штаб бастығы) ұйымдастыратын ай сайынғы сабақтарда және қарауылды тарату алдындағы практикалық сабақтар барысында жүзеге асырылады.
Жеке құрам бір-екі тәулік уақыттан кейін қарауылдық қызметті өткерген жағдайда қарауылдарды дайындаудың бірінші және екінші кезеңдерінің іс-шараларын өткізуді әскери бөлімнің командирі қарауылды даярлау сапасы төмендемейтіндей есеппен белгілейді.
146. Қарауыл жасақталатын рота (батарея) командирі:
1) өз орынбасарларымен, взводтар командирлерімен және олардың орынбасарларымен бірлесіп, әрбір кандидатураны талқылауға және күзетілетін объектілердің маңыздылығын және бекеттерде қызмет өткеру шарттарын ескере отырып, бекеттер бойынша қарауылдың жеке құрамын орналастыруға, сондай-ақ бекеттік ведомосты толтыруға және оған қол қоюға (15-қосымша);
2) қарауылды дайындаудың екінші және үшінші кезеңдерінде сабақтар өткізуге және жеке құрамның өз міндеттерін және қаруды ұстаған кезде қауіпсіздік талаптарын нақты білуге және сенімді орындалуына қол жеткізуге;
3) қарауылға түсетін жеке құрамды бекеттік ведомосқа тексеру нәтижелерін ресімдей отырып, бөлімнің медициналық пунктіне медициналық тексеруге жіберуге;
4) қарауыл жеке құрамын таралымға жіберер алдында оның қаруының және жауынгерлік патрондарының жай-күйін, жуыну керек-жарақтарының бар болуын, әрбір әскери қызметшінің сыртқы пішінін тексеруге;
5) қарауылдың таралымға уақтылы келуін қамтамасыз етуге;
6) қарауылдың қызмет өткеруін тексеруге;
7) қарауыл ауысқаннан кейін қарауыл бастығының міндеттердің орындалғаны туралы баяндауын қабылдауға, бекеттік ведомоста жазылған барлық ескертулермен танысуға, сабақ басталғаннан кешіктірмей қарауыл жасақталған бөлімшенің барлық жеке құрамымен қызметті өткеруді талдауға және келесі күннің сабақтары басталмай, бекеттік ведомосты ескертулер бойынша қабылданған шаралар туралы жазбамен әскери бөлімнің штабына жіберуге міндетті.
Бұл міндеттер:
1) егер қарауыл батальоннан (дивизионнан) тағайындалған болса, батальон (дивизион) командиріне;
2) егер қарауыл әскери бөлімнен тағайындалған болса, бөлім командирінің орынбасарына қолданылады.
147. Таралымға шыққанға дейін 15 минут бұрын қарауылдар қызмет өткеруге дайын және қарауыл бастықтарының өз бағынысына қабылданған болуға тиіс. Осы уақытта қарауылдар бастықтары:
1) жауынгерлік патрондарды алуға және оларды тарату ведомосына қол қойғыза отырып, жеке құрамға беруге, оқжатарлардың (оқтізерлердің) дұрыс жарақтандырылғанын тексеруге;
2) бекеттік ведомость бойынша қарауылдар есебін тексеруге;
3) қаруды қарап шығуға;
4) киімнің және жабдықтардың ақаусыздығын тексеруге;
5) қарауылдың әзірлігі туралы рота (батарея) немесе батальон (дивизион) командиріне баяндауға міндетті.
Қарауыл қалашығынан қарауылдар сөмкелерінде немесе қатпарлы кеудешедегі қалталарда оқжатарлары (оқтізерлері) бар оқталмаған қарумен жүреді (пистолеттермен қаруланған әскери қызметшілерден басқа).
148. Барлық гарнизондық қарауылдарды әскери бөлімнен бөлім бойынша кезекші жөнелтеді. Қарауылдарды жөнелткені туралы ол әскери бөлімнің командиріне (штаб бастығына) және қарауылдар бойынша кезекшіге баяндайды.
Қарауылдарды ауыстыру
149. Таралымнан кейін қарауыл ауысатын қарауыл орналасқан орынға келеді. Жаңа қарауыл бастығы оны күзетілетін объекті аумағы кіреберісінің алдына немесе қарауыл бастығына нұсқаулықта көрсетілген қашықтықта қарауылдың үй-жайы алдына тоқтатады, ауысатын қарауыл бастығына өзін таныстырады және оған бұрынғы парольді айтады. Содан соң ол оған маңдайшебімен қарауылдық үй-жай алдындағы алаңға өз қарауылын сапқа тұрғызады.
150. Ауысатын қарауыл бастығы, оған айтылған парольдің дұрыстығына көзі жеткеннен кейін, үй-жайда өз көмекшісін немесе таратушылардың біреуін қалдыра отырып, өз қарауылын қаруымен қарауылдық үй-жайдан шығарады және жаңа қарауылдың маңдайшебі алдына алты-сегіз адымда алаңға қарауылды сапқа тұрғызады. Сапқа тұрғызылғаннан кейін қарауылдар бастықтары жаңа қарауыл бастығынан бастап кезекпен "Қарауыл, ТҮЗЕЛ", "ТІК ТҰР" командаларын береді.
Пистолеттермен қаруланған қарауылдар бастықтары команда бере отырып, қолын баскиіміне апарып, бір-біріне саптық адыммен келеді, біреуі екіншісіне екі-үш адым қалғанда тоқтайды және жаңа қарауылдың бастығынан бастап баяндайды, мысалы: "Капитан мырза, жаңа қарауыл ауысу үшін келіп тұр. Қарауыл бастығы капитан Мұратов"; "Капитан мырза, бұрынғы қарауыл ауысу үшін дайын. Қарауыл бастығы капитан Бейсебаев", одан кейін қолын баскиімінен түсіреді.
Автоматтармен немесе карабиндермен қаруланған қарауылдар бастықтары қолын баскиіміне апармайды және "ТІК ТҰР" командасынан кейін автоматтарды "қарубауға" күйіне алып, бір-біріне қарсы жүреді.
Баяндаудан кейін қарауылдар бастықтары "ЕРКІН ТҰР" командасын береді, қарауылдық үй-жай кіреберісіндегі сақшыны, егер ол қойылса, ауыстырады, ал содан кейін өз қарауылдарына: "Оң-ҒА", "Адым – БАС" командаларын береді. Жаңа қарауыл бастығы өз қарауылын қарауылдық үй-жайға кіргізеді, ал ауысатын қарауыл бастығы өз қарауылын ауысатын қарауылдың жеке құрамын күту бөлмесіне (орнына) әкетеді, қаруды пирамидаға қоюға команда береді, өзінің орнына лауазымы үлкенді қалдырады және өз көмекшілерімен және таратушылармен бірлесе отырып, қарауылдық үй-жайға кіреді.
Ауа температурасы Цельсий бойынша минус он бес градус және одан төмен болған кезде, сондай-ақ қолайсыз ауа райында және бір бекеті бар қарауылда қарауылды ауыстыру жоғарыда жазылған қарауылды ауыстыру тәртібін сақтамай, қарауылдық үй-жайда жүргізіледі.
Жаңа қарауыл бастығы ауысатын қарауыл бастығына өзін таныстырғаннан және оған бұрынғы парольді айтқаннан кейін өз қарауылын ауысу үшін қарауылдық үй-жайға кіргізеді.
Ескерту. 150-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Президентінің 12.11.2022 № 1071 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.
151. Жаңа қарауылдың жеке құрамы үй-жайға кіргеннен кейін қаруын пирамидаға (пистолеттерді – сейфке) қояды, одан кейін ауысатын және жаңа қарауылдар бастықтары өз таратушыларына мөрлерден таңбаларды (пломбалардан бедерлерді) тапсыруды және қабылдауды, ал көмекшілеріне қарауылдық үй-жайларды тапсыруды және қабылдауды бұйырады және тапсыру дұрыстығын қадағалайды. Ауысатын қарауыл бастығының көмекшісі тапсырады, ал жаңа қарауыл бастығының көмекшісі қарауылдық үй-жайды және онда тұрған жабдықты, мүкәммал мен мүлікті тізімдеме бойынша қабылдайды. Ауысатын қарауыл бастығы жаңа қарауыл бастығына ауысатын қарауыл құрамынан алынған барлық ескертулер мен нұсқаулар туралы хабарлайды.
Қарауыл бастығының техникалық күзет құралдары жөніндегі көмекшісі ауысатын көмекшіден құжаттаманы, аппаратураны қабылдайды және оның жұмысқа қабілеттілігін тексереді, одан кейін жаңа қарауыл бастығына қабылдағаны туралы баяндайды, аппараттық журналға жазба жасайды.
152. Мөрлерден таңбаларды (пломбалардан бедерлерді) қабылдағаннан кейін жаңа қарауыл бастығы: "Бірінші ауысым, ҚАРУДЫ АЛ", қаруды алғаннан кейін – "Бірінші ауысым, САПҚА ТҰР" командаларын береді.
Осы команда бойынша таратушылар мен бірінші ауысымның қарауылдары өз қаруын ала отырып, оңнан солға қарай бекеттердің нөмірлері тәртібінде бір қатарға сапқа тұрады. Таратушылар өздерімен бірге мөрлерден таңбаларды (пломбалардың бедерлерін), ал тәуліктің түнгі уақытында қолшамдарын алып, өз ауысымдарының оң жақ қапталдарына тұрады.
Ауысатын қарауылдың таратушылары олармен бір қатарда және жаңа қарауылдың тиісті таратушыларынан оңға қарай тұрады.
Жаңа қарауыл бастығы таратушылардың және қарауылдың міндеттерін білуін тексереді, қарауылдарға қаруды ұстау тәртібіне ерекше назар аудара отырып, әрбір бекетте қызмет өткеру ерекшеліктерін еске салады, темекі шегу және тұтандыру керек-жарақтарын, сондай-ақ бөгде заттарды тапсыруға команда береді, ауысымды қарауылдық үй-жайдан шығарады және оны қаруды оқтау және оғын алу үшін алаңға сапқа тұрғызып, команда береді: "Ауысым, оң жақтан бастап бір-бірден – ОҚТА". Осы команда бойынша оң қапталдағы әскери қызметші алға бір адым жасайды және жартылай оңға бұрылады, сүңгіні қаруға бекітеді және осы Жарғының 116, 117-тармақтарына сәйкес оқтайды, ал қарауыл бастығы қарудың оқталғанын тексереді. Қаруды оқтағаннан кейін әскери қызметші "Қару оқталды және сақтандырғышқа қойылды" деп баяндайды, оны өз бетімен "қарубауға" күйіне алады және артқа қарай бір адым жасайды.
Осындай кезеңділікпен қалған таратушылар мен қарауылдар кезекпен қаруды оқтайды.
153. Ауысым қаруды оқтағаннан кейін жаңа қарауыл бастығы ауысымға қызмет өткеруге ауызша бұйрық береді және: "Ауысым, оң-ҒА", "Бекеттерге адым – БАС" командаларын береді. Әрбір таратушы: "Ауысым, менің соңымнан – АДЫМДА" командасын береді және алдын ала қадағалаушыларды тағайындай отырып, ауысымды бекеттерге алып жүреді.
Қарауылдық үй-жайдан бірінші ауысым кеткеннен кейін бастық (қарауыл бастығының көмекшісі) резервтегі топтарға қарауылдың қалған жеке құрамына жауынгерлік есеп жүргізеді және күзетілетін объектілерге немесе қарауылдық үй-жайға шабуыл жасалған жағдайда тойтарыс беру, өрт сөндіру және жауынгерлік әзірліктің жоғары дәрежесіне келтіру сигналын алған жағдайларға міндеттер қояды.
154. Ауысымның (бақылау-күзету топтарының) бекеттерге және бекеттерден қозғалуы бір лекпен жасалады. Таратушы лектің бас жағында жүреді. Әскери бөлімнің Жауынгерлік Туы және ескерткіштер жанындағы бекеттерге ауысымның қозғалысы бекетке дейін 30 адым қалған кезде саптық адыммен жасалады.
Ауысатын қарауылдың таратушысы бір қатарда және жаңа қарауылдың таратушысынан солға қарай жүреді.
Барлық командаларды жаңа қарауылдың таратушысы береді. Бекеттердің көп саны бар қарауылдарда, сондай-ақ бірі екіншісінен немесе қарауылдық үй-жайдан үлкен қашықтықта орналасқан кезде ауысымдардың бекеттерге қозғалысы көлік құралдарында жүргізілуі мүмкін.
155. Жаңа қарауыл бірінші ауысымының соңғы қарауылы бекетке қойылған кезде ауысатын қарауылдың таратушысы өзінің қарауылдарын өзі ауысымның басында жүре отырып, қарауылдық үй-жайға апарады. Жаңа қарауылдың таратушысы бір қатарда және ауысатын қарауылдың таратушысынан солға қарай жүреді.
Барлық команданы ауысатын қарауыл таратушысы береді.
156. Бекеттерге бара жатқанда және бекеттерден келе жатқанда қарауыл ауысымдары әскери сәлемдесуді Саптық жарғыда жазылған қағидалар бойынша орындайды.
157. Қарауылды ауыстырған кезде жаңа қарауыл бастығы ауысатын қарауыл бастығымен бірге қарауыл бастығына арналған нұсқаулықта көрсетілген күзетілетін анағұрлым маңызды объектілердің жай-күйін, оларға жарық берудің ақаусыздығын, қоршаудың және жертасалардың дұрыстығын, қарауылдық үй-жайдың жай-күйін аралап және сыртынан қарап-тексеру жолымен тексереді, бұдан кейін одан тізімдеме бойынша құжаттарды, оқ-дәрілері бар жәшіктерді, олардың мөрлерін және кілттерін, ашылған күзетілетін объектілерге арналған рұқсатнаманы, сондай-ақ байланыс және өрт сөндіру құралдарын қабылдайды.
Ескерту. 157-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 23.08.2023 № 306 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.
158. Бекеттерден келгеннен кейін ауысатын және жаңа қарауылдардың таратушылары кезекпен жасалған ауысулар туралы өз қарауылдар бастықтарына баяндайды, мысалы: "Лейтенант мырза, ауысу жүргізілді, бекеттер ақаусыз тапсырылды (қабылданды). Бірінші таратушы сержант Ванюнькин". Ауысатын қарауыл бастығының командасы бойынша қарудың оғы алынады. Ең бірінші ауысатын қарауылдың ауысымы, одан кейін жаңа қарауыл таратушысы қарудың оғын алады. Қарудың оғын алу үшін қарауыл бастығы: "Ауысым, оң жақтан бастап бір-бірден – ОҒЫН АЛ" командасын береді.
Осы команда бойынша оң жақ қапталдағы таратушы (қарауыл) алға бір адым жасайды, оңға жартылай бұрылады, қарауыл бастығының қадағалауымен өз қаруының оғын алады, жарақтандырылған оқжатарды (патрондары бар оқтізерді) сөмкеге немесе жақпарлы кеудешедегі қалтаға салады және баяндайды: "Қарудың оғы алынды", бекітпе рамасын (бекітпені) артқа тарта отырып, қаруды тексеруге береді. Қарауыл бастығы қаруды тексереді, одан кейін таратушы бекітпе рамасын бұрынғы күйіне қояды (бекітпені орнына келтіреді), шүріппені басады, қаруды сақтандырғышқа қояды және баяндайды: "Сақтандырғышқа қойылды", сүңгіні ағытып тастайды (жинайды), қаруды "қарубауға" алады және артқа қарай бір адым жасай отырып, өз орнына тұрады.
Осындай кезеңділікпен қалған қарауыл ауысымы қарудың оғын кезекпен алады. Одан кейін қарауылдар үлкеннің командасы бойынша ауысатын қарауылдың тұрған жеріне, ал таратушылар – қарауылдық үй-жайға қарай жүреді.
159. Қарауыл бастықтары баяндауды қабылдап және қарудың оғын алып, ауысатыннан бастап ауысатын қарауылдың бекеттік ведомосына қол қояды, бұл ретте жаңа қарауыл бастығы оған ауысым уақытында анықталған барлық кемшіліктер туралы ескертулерді енгізеді.
Егер қарауылды ауыстырған кезде қарауылды тексеру үшін келген адам қатысқан болса, таратушылар одан рұқсат ала отырып, қарауылдар бастықтарына жүргізілген ауысулар туралы баяндайды. Таратушылардан баяндауларды қабылдағаннан кейін жаңа қарауыл бастығы: "ТІК ТҰР" командасын береді, одан кейін қарауылдар бастықтары кезекпен тексерушіге жүргізілген ауысымдар туралы баяндайды.
Барлық жағдайларда қарауылдар бастықтары ауысу туралы өз қарауылдары (әскери бөлімі) бойынша кезекшіге байланыс құралдары арқылы баяндайды немесе оған өзі баяндаумен келеді.
160. Қарауылды ауыстырғаннан кейін ауысатын қарауыл бастығы ауысатын қарауылды өз әскери бөліміне (бөлімшесіне) әкетеді. Әскери бөлімге (бөлімшеге) келгеннен кейін өзі қарауыл құрамымен оқжатарлардан оқтарды алуды және патрондарды бөлім бойынша кезекшіге (рота сержантына (старшинасына) тапсыруды ұйымдастырады.
Бөлімшеге келгеннен кейін ауысатын қарауыл бастығы қарауылдың жеке құрамын сапқа тұрғызады және бөлімше командиріне міндетті орындағаны туралы баяндайды.
Мысалы: "Капитан мырза, қарауыл толық құрамда келді. Қызметті өткеру уақытында оқиғалар болған жоқ. Қарауыл бастығы лейтенант Өтепов".
Одан кейін бекеттік ведомоста белгі қойылған қарауылды тексеру нәтижелері туралы баяндайды және оған басқа құжаттармен бірге бекеттік ведомосты тапсырады. Осыдан кейін қарауыл құрамы қарауыл бастығының дербес қадағалауымен қаруды (жауынгерлік патрондарды) тапсырады.
Объектіні тек түнде күзеткен қарауылдарды объектіні күзету мерзімі аяқталғаннан кейін қарауылдың ауысуын күтпестен, бөлімшеден келген үлкеннің командасы бойынша өз әскери бөліміне (бөлімшесіне) қарауыл бастығы жібереді. Ол туралы қарауыл бастығы бекеттік ведомосқа жазба жасайды және қарауылдар (әскери бөлім) бойынша кезекшіге баяндайды. Бөлімшеге келгені туралы команда үлкені бөлім бойынша кезекшіге, бөлімше командиріне (сержантына, старшинасына) баяндауға және қарауылдардың қаруды және оқ-дәрілерді өткізуін бақылауға міндетті.
161. Ауысқан қарауыл құрамы ауысқан күні сабақтардан және жұмыстардан босатылады; объектіні тек түнде күзеткен қарауылдар сабақтардан және жұмыстардан бөлімшеге келгеннен кейін 4 сағатқа босатылады, осы уақытта оларға жатып демалуға (ұйықтауға) рұқсат етіледі.
162. Жауынгерлік әзірліктің жоғары дәрежесіне келтіруге сигнал алған кезде қарауылдарды ауыстыруды жауынгерлік есепке сәйкес бөлінген бөлімшелер жүзеге асырады. Осы жағдайда қарауылды тарату жүргізілмейді. Қарауылдар (әскери бөлім) бойынша кезекшіге қысқаша нұсқау бергеннен және парольді алғаннан кейін ауысу үшін қарауыл қарауылдық үй-жайға келеді.
Қарауылдарды ауыстыру қысқа мерзімдерде белгіленген тәртіппен жүргізіледі. Бекеттердің саны, қарауыл адамдарының ерекше міндеттері және жаңа пароль жауынгерлік әзірліктің жоғары дәрежесіне келтіруге сигнал алған жағдайдағы құжаттамада белгіленеді (осы Жарғының 121-тармағы).
163. Күзетілетін объектіден қарауылды алуды күзетілетін объекті бастығының қатысуымен мөрмен расталған гарнизон бастығының (әскери бөлім командирінің) жазбаша бұйрығына сәйкес қарауылдар (әскери бөлім) бойынша кезекші жүргізеді. Қарауылды алу туралы қарауылдар (әскери бөлім) бойынша кезекшінің, қарауыл бастығының және күзетілетін объекті бастығының қол қоюымен акті жасалады. Актіде күзетілетін объектіні, қарауылдық үй-жайды және онда тұрған және бекеттердегі жабдық пен мүкәммалды тапсыру туралы жазба жасалады.
Тұрақты қарауылдарды алу туралы гарнизон бастығы (әскери бөлімнің командирі) қарауылдар кестесін бекіткен бастыққа баяндайды.
Сақшыларды ауыстыру
164. Сақшыларды ауыстыру 2 сағат сайын жұп немесе тақ сағаттарда жүргізіледі.
Ауа температурасы Цельсий бойынша минус жиырма градус және одан төмен болған кезде, ал жел соққан уақытта және аяз қатты болмаса, сыртқы бекеттің, сондай-ақ жылытылмайтын үй-жайда орналасқан ішкі бекеттің сақшысын ауыстыру 1 сағат сайын жүргізіледі. Температура Цельсий бойынша плюс отыз градус және одан жоғары (көлеңкеде) болған кезде де сақшыны ауыстыру 1 сағат сайын жүргізіледі. Бұл жағдайда 1 сағат сайын сақшыны ауыстыру туралы нұсқауды қарауыл (әскери бөлім) бойынша кезекші береді.
Егер сақшыларды ауыстыру 1 сағаттан кейін жүргізілсе, онда қарауыл бастығы бекеттік ведомоста сақшылар осындай сағаттан бастап 1 сағаттан кейін, ал мынадай сағаттан бастап осындай ауысым түскеннен кейін 2 сағаттан кейін ауыстырылғаны туралы жазба жасайды.
Қарауылдық үй-жайдың кіреберісіндегі сақшыларды ауыстыруды қарауыл бастығының көмекшісі немесе қарауыл бастығы әрбір 30 минут сайын жүргізеді.
Ескерту. 164-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Президентінің 12.11.2022 № 1071 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.
165. Ауысым сақшыға 10-15 адым арақашықтыққа жақын келген кезде қарауыл таратушысы: "Ауысым, ТОҚТА" командасын береді және қарауылдардың біреуіне бекетті және оған кіреберістерді қадағалауға (ауысым машинада жүрген кезде – қаруды оқтауға және қадағалауға) бұйрық береді.
Мысалы: "Қатардағы жауынгер Манабаев, бекетті және оған кіреберістерді қадағала".
Ауысым жақын келген кезде сақшы оған қарама-қарсы қарап тұрады және таратушы 3-4 адымға жақындаған кезде автоматты "қарубауға" күйіне өз бетімен алады, қарсы бір адым жасайды және қызметті өткеру нәтижелері туралы баяндайды, мысалы: "Сержант мырза, қызмет өткеру уақытында оқиғалар болған жоқ. Үшінші ауысым екінші бекетінің сақшысы қатардағы жауынгер Қарабалин". Ауысатын қарауыл таратушысы сақшыға: "ТІК ТҰР" командасын береді. Одан кейін жаңа қарауыл таратушысының командасы бойынша, мысалы: "Қатардағы жауынгер Қанафин, бекетке адым – БАС", сақшы саптық қалыпты қабылдайды, оңға қарай бір адым жасайды, қарауыл сақшыға жақын келеді және қарама-қарсы қарап оның орнына тұрады.
Ауысатын және жаңа қарауылдардың таратушылары бір-біріне қарама-қарсы олардан бір-екі адымда сақшы мен қарауылдың екі жағына тұрады.
Ауысатын қарауыл таратушысының "Сақшы, бекетті тапсыр" командасы бойынша сақшы ауызша бекетті тапсырады. Бұл ретте сақшы мен қарауыл бір-біріне бастарын бұрады. Бекетті ауызша тапсыру сақшы бекеттің нөмірін атаудан, бекеттер табеліне сәйкес барлық күзету мен қорғауға жататындарды қарауылға атап өтуден, сондай-ақ өзі қызмет өткеру уақытында бекетке жақын жерде нені байқағанын көрсетуден тұрады.
Бекетті ауызша тапсырғаннан кейін қарауыл өз таратушысының "Қарауыл, бекетті қабылда" командасы бойынша сақшының және ауысатын қарауыл таратушысының қатысуымен жаңа қарауыл таратушысымен бірге күзетілетін объектіні қарап шығуға және жарық түсуінің, қоршаулардың, есіктердің (қақпалардың) ақаусыздығын, терезелердің, торлар мен сақтау орнының (қойманың) жай-күйін, құлыптардың, баулардың, мөрлердің (пломбалардың) бар болуы мен жай-күйін және олардың таңбаларға (бедерлемелерге) сәйкес келуін, күзетудегі жауынгерлік машиналардың (қару-жарақ пен әскери техниканың) санын, сондай-ақ техникалық күзет құралдарының, байланыс, өрт сөндіру құралдарының болуын және жай-күйін, жертасалардың, бекеттік мұнаралардың, бақылау-іздік жолақтар мен бекеттік киімнің жай-күйін тексеруге міндетті.
Бекетке түсетін қарауыл қажет болған кезде таратушының көмегімен бекеттік киімді киеді.
Ескерту. 165-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 23.08.2023 № 306 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.
166. Егер бекетті қабылдау және тапсыру кезінде қандай да бір ақаулықты (қоршаулар немесе мөрлер, пломбалар, құлыптар, баулар, есіктер, терезелер бұзылған) немесе мөрлердің (пломбалардың) таңбасы (бедерлері), сондай-ақ күзетуде болатын жауынгерлік машиналардың (қару-жарақ пен әскери техниканың) саны бекеттер табелінде көрсетілген санға сәйкес келмейтіні анықталған болса, таратушы қарауыл бастығын шақыртады; осындай жағдайларда жаңа қарауыл бекеттерді қабылдаған кезде бұрынғы және жаңа қарауылдар бастықтары шақыртылады.
167. Бекетті тапсыруды және қабылдауды аяқтағаннан кейін сақшы және бекетке түсетін қарауыл күзетілетін объектіге қарама-қарсы жаққа таратушыға қарап тұрады және кезекпен баяндайды.
Мысалы: "Сержант мырза, қатардағы жауынгер Қарабалин нөмірі үшінші бекетті тапсырды". "Аға сержант мырза, қатардағы жауынгер Ыбыраев, нөмірі үшінші бекетті қабылдады".
Баяндаудан және таратушыдан нұсқаулар алғаннан кейін сақшы осы Жарғының 321-тармағында көрсетілгендей қаруды алады және бекеттегі өз міндеттерін орындауға кіріседі.
168. Қарауылдың сақшы жағдайына (сақшының қарауыл жағдайына) ауысуы бұрынғы таратушының: "Бекеттен адым – БАС" командасы бойынша бекетті қабылдау (тапсыру) туралы ол баяндағаннан кейін айқындалады.
169. Ауысатын қарауыл таратушысының командасы бойынша, мысалы: "Қатардағы жауынгер Қарабалин, бекеттен адым – БАС", ауысқан қарауыл ауысымның артына тұрады және қаруды "қарубауға" күйіне өз бетімен алады, ал бекет пен оған кіреберістерді қадағалаған қарауыл сапқа тұрады. Одан кейін жаңа қарауыл таратушысы: "Ауысым, менің соңымнан адым – БАС" командасын береді және ауысымды келесі бекетке апарады.
170. Ішкі бекеттердің сақшыларын ауыстыру кезінде ауыстыруды жүргізе отырып, таратушы үй-жайдың кіреберісіне барады: "Ауысым, ТОҚТА" командасын береді, қарауылдардың біреуін үлкені етіп қалдырады және команда береді, мысалы: "Қатардағы жауынгерлер Долин мен Қамзаев, менің соңымнан адым – БАС". Таратушы қарауылдармен үй-жайға кіргеннен кейін осы Жарғының 165-169-тармақтарына сәйкес сақшыларды ауыстырады.
171. Бекеттер қарауылдық үй-жайдың екі жағында орналасқан кезде таратушы алдымен қарауылдық үй-жайдың бір жағында орналасқан бекеттердегі сақшыларды ауыстырады, ал одан кейін ауыстырылғандарды қарауылдық үй-жайға қалдырып, осы ауысымның қалған қарауылдарын сапқа тұрғызады және оларды бекеттерге апарады, бұл ретте ауысым құрамында таратушымен бірге кемінде үш адам болуға тиіс.
172. Қарауылдың келесі ауысымдарын, оларды бекеттерге жіберу және сақшыларды ауыстыру үшін сапқа тұрғызу, сондай-ақ қаруды оқтау және оғын алу бірінші ауысым үшін көрсетілгендей жүргізіледі.
Ауысым бекеттерден қайтып оралғаннан кейін және қарауыл бастығына жасалған ауысым туралы баяндағаннан кейін пистолеттен басқа, қарудың оғы алынады. Одан кейін таратушы қарауылдарға автоматтарды (карабиндерді) пирамидаға, ал пистолеттерді – сейфке қоюға бұйрық береді.
173. Жаңа бекеттерге сақшылар қоюды, сондай-ақ таратылатын бекеттерден сақшыларды алуды қарауылдар (әскери бөлім) бойынша кезекшінің және күзетілетін объекті бастығының қатысуымен мөрмен расталған гарнизон бастығының (әскери бөлім бастығының) жазбаша бұйрығы негізінде қарауыл бастығы жүргізеді. Сақшыларды қою (алу) туралы бекеттік ведомоста жазба жасалады.
Қарауылдардағы ішкі тәртіп
174. Қарауыл бастығының рұқсатынсыз қарауыл құрамының ешқайсысы да қарауылдық үй-жайдан кетпеуге тиіс.
175. Қарауылдық үй-жайда тыныштық пен тәртіп сақталуға тиіс. Бекеттермен және қарауылдар (әскери бөлім) бойынша кезекшімен байланысты қоспағанда, байланыс құралдарын пайдалануға, ән айтуға және музыкалық аспаптарда ойнауға рұқсат етілмейді. Әдебиеттер мен кезеңдік басылымдарды оқуға, шахмат пен дойбы ойнауға, қарауылдың міндеттерін орындауға және демалушының ұйқысына бөгет жасамай, радио және телебағдарламаларды ақырын тыңдауға және көруге рұқсат етіледі. Шылым шегуге және аяқкиімін тазалауға тек ол үшін бөлінген орындарда рұқсат етіледі.
176. Автоматтар, карабиндер мен оқшашарлар оқталмай, оқжатарсыз, бекітпесі алға қаратылған, шүріппесі түсірілген және сақтандырғышқа қойылған күйде пирамидаларға қойылады. Қарауылдық үй-жайларда пирамидалар құлыпқа жабылмайды, бірақ қарауыл бастығына және бөлім бойынша кезекшіге электр-дыбыстық дабылдамамен, сондай-ақ қарауыл бастығы мен оның көмекшісінің бөлмесі жағынан ашылатын бекітпемен жабдықталады.
Автоматтарға жарақтандырылған оқжатарлар (карабиндерге оқтізерлер) бар сөмкелер, қатпарлы кеудешесі, сүңгі-пышағымен қынап және арнайы құралдар белдік белбеуден алынбайды. Пистолеттермен қаруланған қарауылдар бастықтары қарауылдық үй-жайда оларды шешпейді.
Оқшашарларға оқжатарлар (таспалармен жарақтандырылған қораптар) құлыпқа жабылған пирамидалардағы арнайы жәшіктерде сақталады, оның кілті мөрленген пеналда қарауыл бастығында болады, ал ол қарауылдық үй-жайдан кеткен кезде және демалу кезеңінде қарауыл бастығының көмекшісіне беріледі.
Бақылау-өткізу пункттері қарауылдарының пистолеттері құлыпқа жабылған металл жәшіктерде (сейфте) кобураларда сақталады, оның кілті қарауыл бастығында болады, ал ол қарауылдық үй-жайдан кеткен кезде және демалу кезеңінде қарауыл бастығының көмекшісіне беріледі. Пистолеттер қарауылдарға арнайы карточкалар бойынша бекетке түсер алдында беріледі.
Қару пирамидадан тек қарауыл бастығының немесе оның көмекшісінің рұқсаты бойынша алынады. Қаруды тазалау қарауыл бастығының немесе оның көмекшісінің басшылығымен жүргізіледі, бұл ретте қаруды бөлшектеуге жол берілмейді.
177. Қарауылдың жеке құрамына қарауылдық үй-жайда баскиімсіз және астары жылы далалық күртешесіз (қысқа тонсыз, шинельсіз) болуға рұқсат етіледі, бірақ жабдықтары жанында болуға тиіс. Шешілген астары жылы далалық күртеше (қысқа тон, шинель) мен баскиім ілгішке ілінеді.
178. Қарауылдың жеке құрамына, қарауыл бастығы мен оның көмекшісін қоспағанда, қарауылдық үй-жайға келгендермен сөйлесуге рұқсат етілмейді, тек қарауылды тексеретін адамдардың сұрақтарына жауап беруге рұқсат етіледі.
179. Жабдықтарын шешпей, аяқкиімсіз және шешінбей, тек жағасын және белдік белбеуді босатып, жатып дем алуға (ұйықтауға) рұқсат етіледі:
1) қарауыл бастығына – нұсқаулықта айқындалған күндізгі уақытта 4 сағат;
2) қарауыл бастығының көмекшісіне, қарауыл бастығының техникалық күзет құралдары жөніндегі көмекшісіне (операторға) – қарауыл бастығының (гауптвахта кезекші ауысымы бастығының) рұқсатымен әрбіреуіне – 4 сағат;
3) қарауыл бастығының қарауылдық иттер жөніндегі көмекшісіне, таратушыларға, шығарушылар мен көлік құралын жүргізушілерге – қарауыл бастығының рұқсатымен міндеттерін атқарудан бос уақытта;
4) қарауылдардың бір ауысымы құрамына – бекеттерге түсер алдында, бекеттерден ауысқаннан және қарауылдық үй-жайға басқа ауысым қарауылдың жауынгерлік есептобын жеткізуге қайтып оралғаннан кейін;
5) объектілерді тек түнде күзететін қарауылдар ауысымына – олар қарауыл үй-жайына қайтып оралғаннан кейін және бекеттерге қайтадан жібергенге дейін қарауылдың жауынгерлік есептобын жеткізгеннен кейін;
6) бақылау-күзету топтарының қарауылдарына – кезекпен, жауынгерлік есептопты жеткізгеннен кейін, қарауыл бастығының рұқсатымен әрбіреуіне 4 сағат.
Демалатын ауысымның қарауылдарына және таратушыларға аяқкиімді шешуге және кептіруге рұқсат етіледі.
Ескерту. 179-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 23.08.2023 № 306 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.
180. Қарауылды "қаруға" шақырған кезде қарауылдық үй-жайда болатын қарауылдың жеке құрамы, оның ішінде демалатын ауысым да баскиімдерін, броньды кеудешелерін, дулығаларын киеді, өз қаруын алады және өз нөмірлерінің тәртібімен қарауылдық үй-жайдың ішінде сапқа тұрады.
Қарауылға немесе олар күзететін объектіге шабуыл жасалған жағдайда, сондай-ақ өрт немесе басқа да зілзала апаттары болған кезде жеке құрам жауынгерлік есепке сәйкес әрекет етеді.
Астары жылы далалық күртешелер (қысқа тондар, шинельдер) қарауыл бастығының ерекше нұсқауы бойынша киіледі.
Қарауылды қарауылдық үй-жайдан шығарудың барлық жағдайларында (төтенше жағдайлардан басқа) онда қарауыл бастығының көмекшісі немесе таратушылардың біреуі қалады.
181. Негізгі тамақтанудан басқа, қарауылдың жеке құрамы қызмет өткеру кезеңінде қосымша үлеспен қамтамасыз етіледі. Ыстық шай үнемі болуға тиіс.
Қарауылдарға тамақты жеткізуді олар тағайындалған бөлімшелердің командирлері немесе қарауылдар (әскери бөлім) бойынша кезекші ұйымдастырады.
182. Қарауылдық үй-жайды және оған шектес аумақты таза және реттеп ұстау, сондай-ақ пеш жағу қарауыл құрамына жүктеледі. Осы міндеттердің орындалуын, сондай-ақ жабдықтың, мүлік пен мүкәммалдың сақталуын бақылау қарауыл бастығының көмекшісіне жүктеледі.
183. Күнделікті жинаудан басқа, кемінде аптасына бір рет гарнизон бастығы (әскери бөлімнің командирі) белгілеген күні қарауылдық үй-жайларды алдын ала залалсыздандыру ұйымдастырылады.
184. Қарауылдық үй-жай ұдайы желдетіліп тұруға тиіс. Қарауылдық үй-жайдағы ауа температурасы Цельсий бойынша плюс он сегіз градустан төмен болмауға тиіс.
Пеш жағу гарнизон бастығы (әскери бөлім командирі) белгілеген тәртіппен жүргізіледі.
Қараңғы түскеннен кейін қарауылдық үй-жайда, дәліздерде және дәретханаларда толық жарық, ал демалатын ауысымға арналған бөлмеде – кезекші жарық болуға тиіс.
Әскери қалашықтан тыс орналасқан қарауылдық үй-жайдың терезелері түнгі уақытта ішкі жағынан саңылаумен жабдықталған металл қақпақтармен жабылады.
Ескерту. 184-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Президентінің 12.11.2022 № 1071 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.
185. Әскери қалашықтан тыс орналасқан және өз құрамында кемінде үш ауысымды бес бекеті бар қарауылдық үй-жайды күзету үшін қарауылдық үй-жайдың кіреберісінде сергек ауысымның қарауылдары қатарынан сақшы қойылады.
Ерекше маңызды мемлекеттік, режімдік және стратегиялық объектілерді күзететін және үш ауысымды бес бекеті бар қарауылдарда қарауылдық үй-жайды күзету үшін қосымша қарауылдар тағайындалады.
Қарауылдық үй-жайдың кіреберісіндегі қарауылдар қызметті қадағалау мұнараларында өткеруі мүмкін.
Әскери бөлімнің (күзетілетін объектінің) аумағында орналасқан қарауылдық үй-жайлар, әдетте, күзетілмейді.
Қарауылдық үй-жайлардың есіктері қарайтын тереземен жабдықталады және ішінен жабылып тұруға тиіс.
Қарауылдарды тексеру
186. Қарауылдарды қарауылдар бағынатын адамдар (осы Жарғының 109-тармағы), олар тағайындалған роталар (батареялар) командирлері, батальондар (дивизиондар) командирлері, сондай-ақ олардың орынбасарлары мен осы командирлердің тікелей бастықтары тексеруге міндетті.
Теміржол (теңіз, өзен) учаскелері мен станциясы (порты), әуежай аумағында орналасқан қарауылдарды, сондай-ақ станция (порт), әуежай арқылы өтетін әскери жүктері бар көліктерге ілесіп жүретін қарауылдарды, одан басқа теміржол (теңіз, өзен) учаскелері мен станциясының (портының), әуежайдың әскери коменданты немесе оның көмекшілері тексеруге міндетті.
Лауазымды адамдардың қарауылдарды тексеруі гарнизон бастығы (әскери бөлімнің командирі) бекіткен кесте бойынша жүргізіледі.
Тексеру қарауылдың әрбір ауысымын қамтуға тиіс.
187. Одан басқа, қарауылдарды әскерлерді инспекциялау (тексеру) жүргізуге келген адамдар және олардың тапсырмасы бойынша инспекциялау (тексеру) тобы қатарынан офицерлер – олар инспекциялайтын (тексеретін) әскери бөлімдердің қарауылдарын, сондай-ақ мыналардың тапсырмалары бойынша адамдар:
1) Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі, Қарулы Күштері Бас штабының бастығы, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың тиісті басшылары мен олардың орынбасарлары;
2) әскер түрлерінің бас қолбасшылары, әскер тектерінің және өңірлік қолбасшылықтар әскерлерінің қолбасшылары, Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі мен Қарулы Күштері Бас штабы департаменттерінің, бас басқармаларының, басқармаларының, бөлімдері мен қызметтерінің бастықтары, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың тиісті басшылары – олардың бағынысында болатын күзетілетін объектілердің қарауылдарын;
3) бригада командирлері – оларға бағынысты әскери бөлімдерден тағайындалатын қарауылдарды;
4) әскери бөлімнің командирлері – бағынысты бөлімшелерден тағайындалатын қарауылдарды;
5) гарнизон бастығы – осы гарнизонның аумағындағы гарнизондық, ішкі және уақытша қарауылдарды;
6) әскери қатынастар бастықтары – станция (порт), әуежай арқылы өтетін, сондай-ақ теміржол (теңіз, өзен) учаскелері мен станциясы (порты), әуежай аумағында орналасқан қарауылдарды;
7) гарнизон әскери полиция органының бастығы – жауапкершілік аймағындағы қарауылдарды, оның ішінде уақытша қарауылдарды тексереді.
Қарауылдарды тексеру тек қарауылдық қызметті жақсы білетін адамдарға тапсырылады. Қарауылдарды тексеру үшін тағайындалған әскери қызметшілерге нұсқаулар берілуге тиіс.
188. Осы Жарғының 187-тармағында көрсетілген адамдар гарнизон бастығына (әскери бөлімнің командиріне) бастықтардың, олардың тапсырмалары бойынша қарауылдарды тексеру үшін олар тағайындалған мөрмен расталған жазбаша нұсқамаларын ұсынуға міндетті. Осы нұсқамалар негізінде оларға қарауыл (әскери бөлім) бойынша кезекшіге ұсынатын гарнизон бастығының (әскери бөлім командирінің) қолы қойылған, елтаңбалы мөрмен расталған қарауылдарды тексеруге құқық беретін біржолғы куәлік беріледі. Көрсетілген біржолғы куәлікті гарнизон бастығы, сондай-ақ гарнизондық сияқты ішкі қарауылдарды тексеру үшін, ал әскери бөлім командирі – ішкі қарауылдарды тексеру үшін тағайындалған адамдарға береді.
Біржолғы куәлікте кімге, атап айтқанда, қандай қарауылдарды тексеру үшін және тексеру қанша уақыт ішінде болуға тиіс екені көрсетіледі. Тексеру аяқталғаннан кейін ол қарауыл бастығына тапсырылады. Егер куәлікті қолдану уақыты өтіп кетсе және ол пайдаланылмаса, онда оны қарауылды тексеретін адам гарнизонның (әскери бөлімнің) штаб бастығына өткізеді.
Қарауыл тағайындалған рота (батарея) командиріне, сондай-ақ оның орынбасарларына және рота (батарея) командирінің тікелей бастықтарына қарауылдарды тексеру құқығын беретін куәлік берілмейді.
Әскери қатынастар әскери коменданты Қарулы Күштер әскери қатынастарының бастығы қол қойған қарауылдарды тексеруге құқық беретін тұрақты куәлік негізінде және жеке басының куәлігін ұсынғаннан кейін теміржол (теңіз, өзен) учаскесі мен станциясы (порты), әуежай аумағында орналасқан қарауылдарды, ал теміржол (теңіз, өзен) учаскесі мен станциясы (порты), әуежай комендатураларының басқа да лауазымды адамдары – әскери комендант қол қойған қарауылдарды тексеруге құқық беретін тұрақты рұқсатнама негізінде тексеру жүргізеді.
189. Осы Жарғының 187-тармағында аты аталған бастықтардың тапсырмасы бойынша қарауылдарды тексеру үшін келген барлық адамдар тексеруді қарауылдар (әскери бөлім) бойынша кезекшінің немесе оның көмекшісінің (егер оған қарауыл бағынатын болса, әскери бөлім бойынша кезекші көмекшісінің) ілесіп жүруімен жүргізеді. Қарауылдар (әскери бөлім) бойынша кезекші осы адамдардың жеке басының куәлігін және қарауылды тексеруге құқық беретін біржолғы куәлікті тексереді.
Өз әскери бөлімінің офицерлері тексеруді әскери бөлім бойынша кезекшінің немесе оның көмекшісінің ілесіп жүруінсіз жүргізе алады.
190. Қарауылдарда:
1) бекеттік ведомосқа сәйкес жеке құрамның бар болуы;
2) қарудың бар болуы;
3) қарауылдың жауынгерлік әзірлігі, қарауыл жеке құрамының міндеттерін білуі және оларды іс жүзінде орындауы;
4) қарауылдағы ішкі тәртіп, қару мен оқ-дәрілерді сақтау қағидаларының сақталуын, белгіленген құжаттаманы ресімдеудің және бекеттік ведомосты жүргізу дұрыстығы;
5) қарауылдық үй-жай мен бекеттерді жабдықтаудың осы Жарғыға сәйкес келуі, техникалық күзет құралдарының, байланыс, жарық түсіру құралдарының ақаусыздығы тексеріледі.
6) алып тасталды - ҚР Президентінің 23.08.2023 № 306 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен. Ескерту. 190-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 23.08.2023 № 306 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.
191. Сақшылардың қызмет өткеруін тексеретін адамдарға бекеттер бойынша қарауыл бастығы немесе оның көмекшісі (таратушы) қаруланған бір-екі қарауылмен ілесіп жүреді.
Сақшылардың қызмет өткеруін тексеру үшін, сондай-ақ бекетке шақыртқан жағдайда қарауыл бастығына немесе оның көмекшісіне (таратушыға) қаруы оқталған қаруланған бір-екі қарауыл ілесіп жүреді.
192. Тексерушілер (сақшылар бағынысты адамдарды қоспағанда) сақшылардың қызмет өткеруіне оларға ескерту жасамайды, барлық байқалған кемшіліктер туралы олар ілесіп жүретін адамдарға нұсқаулар береді. Тексеру нәтижелері мен өз нұсқауларын тексеруші бекеттік ведомосқа жазады.
Сақшылардың қызмет өткеруін тексеру уақытында бекетке және оған кіреберістерді қадағалауды күшейту үшін оған қарауыл бастығы немесе оның көмекшісі (таратушы) оған ілесіп жүретін қарауылды тартады.
Сақшылардың қызмет өткеруін бекетке жасырын жақын келу, сақшыдан қаруын тартып алуға әрекет жасау жолымен және қайғылы оқиғаларға әкеп соқтыруы мүмкін тәсілдермен тексеруге жол берілмейді.
Жеке орналасқан радиотехникалық (зениттік-зымыран) және басқа да арнайы бөлімшелердегі объектілерді күзету және қорғау жөніндегі қарауылдық қызметті ұйымдастыру мен оны өткеру ерекшелігі
193. Жеке орналасқан радиотехникалық (зениттік-зымыран) және басқа да арнайы бөлімшелердегі объектілерді, қару-жарақ пен әскери техниканы, материалдық құралдарды күзету және қорғау жөніндегі қызметті бөлімшелердің командирлері ұйымдастырады және осы бөлімшелерден тағайындалған штаттық қарумен қаруланған патрульдер, сондай-ақ техникалық күзет құралдарын немесе техникалық күзет құралдарымен бір уақытта патрульдерді пайдалана отырып жүзеге асырылады.
Объектілерді техникалық күзет құралдарымен жабдықтау кезінде олардан сигналдар қабылдау аппаратурасы кезекші жауынгерлік есептоп (ауысым) бастығының немесе бөлімше бойынша кезекшінің бөлмесінде орнатылады және оның қадағалауында болады.
Патруль бөлімшенің тәуліктік наряд құрамына кіреді, бөлімше командиріне, кезекші жауынгерлік есептоптың, ауысымның бастығына (жедел кезекшіге), сержантқа (старшинаға), бөлімше бойынша кезекшіге және оның көмекшісіне бағынады және осы жарғыға және әскери бөлімнің командирі бекіткен нұсқаулыққа сәйкес сақшылар сияқты қызмет атқарады.
Ескерту. 193-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Президентінің 12.11.2022 № 1071 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.
194. Бөлімше бойынша кезекшінің және патрульдердің нұсқаулықтарын объектінің сипатын және оны күзетудің шарттарын ескере отырып, әскери бөлімнің штаб бастығы (бөлімше командирі) жасайды.
Объектілерді күзету жөніндегі қызметті әртүрлі бөлімшелердің жиынтық құрамымен ұйымдастырған кезде нұсқаулықтарды жоғары тұрған әскери басқару органының штабы жасайды.
Нұсқаулықтарда: бөлімше бойынша кезекшінің және объектілерді күзету мен қорғау жөніндегі патрульдердің міндеттері; не күзетілуге тиіс; патрульдеу уақыты мен тәртібі; патрульдердің саны, бағдарлардың жекелеген учаскелеріндегі патрульдердің ерекше міндеттері, күзетілетін объектіге шабуыл жасалған, техникалық күзет құралдары өздігінен іске қосылған, төтенше жағдайлар кезінде, жауынгерлік әзірліктің жоғары дәрежесіне келтіруге сигналдар бойынша олардың іс-қимыл тәртібі; қару-жарақ пен әскери техникадан электр-магниттік сәулелену секторы, патрульдердің олардан қорғану тәртібі жазылады; патрульдерге қандай жағдайларда қару қолдануға рұқсат етілетіні, сондай-ақ оқ атудың қауіпті бағыты көрсетіледі; қызмет өткеру туралы баяндау және күзетілетін объектілерге, қару-жарақ пен әскери техникаға, материалдық құралдарға, сондай-ақ күзетілетін аумаққа адамдарды жіберу тәртібі белгіленеді.
Бөлімше бойынша кезекшінің нұсқаулығына әскери бөлімнің (бөлімшенің) командирі бекіткен: патрульдердің қозғалыс сұлбасы; күзетілетін аумаққа жіберілетін, қару-жарақ пен әскери техниканы, материалдық құралдарды алатын немесе сақтау орындарын ашатын адамдардың тізімі; осы Жарғының 122-тармағына сәйкес ресімделген рұқсатнамалардың және мөрлер таңбаларының (пломбалар бедерлемелерінің) үлгілері мен бедерлері қоса беріледі.
195. Патрульдердің қызмет өткеруі үшін уақыт аралықтары мен патрульдердің қозғалыс бағдарларының қайталануын болдырмайтын бірнеше кесте жасалады.
Патрульдеу кестесін бөлімше командирі бекітеді және бөлімше бойынша кезекшіде (қарауыл бастығында) жабық жәшікте сақталады. Әрбір кестені қолдану уақытын бөлімше командирі айқындайды.
196. Патруль осы Жарғының 115-тармағына сәйкес жауынгерлік патрондармен қамтамасыз етіледі.
Автоматтар, карабиндер мен оқшашарлар оқталмай, оқжатарсыз, бекітпесі алға қаратылған, шүріппесі түсірілген және сақтандырғышқа қойылған күйде бөлімше бойынша кезекшінің үй-жайында орнатылған жеке пирамидаға қойылады. Пирамида құлыпқа жабылады және бөлімше бойынша кезекшіге және кезекші жауынгерлік есептоптың, ауысымның бастығына (жедел кезекшіге) шығарылған электр-дыбыстық дабылдамамен жабдықталады.
Автоматқа жарақтандырылған оқжатар (карабинге оқтізер) бар сөмке, қатпарлы кеудеше, сүңгі-пышақ және арнаулы құралдар патрульшілердің белдік белбеуінен алынбайды.
Оқшашарға оқжатар (жарақтандырылған таспасы бар қорап) құлыпқа жабылған арнаулы жәшікте пирамидада сақталады, оның кілті бөлімше бойынша кезекшіде өзімен бірге болады, ал ол үй-жайдан кеткен кезде және демалу кезеңінде бөлімше бойынша кезекшінің көмекшісіне беріледі.
Қару пирамидадан тек бөлімше бойынша кезекшінің немесе оның көмекшісінің рұқсатымен алынады. Қаруды тазалау бөлімше бойынша кезекшінің немесе оның көмекшісінің басшылығымен жүргізіледі, бұл ретте қаруды бөлшектеуге жол берілмейді.
Ескерту. 196-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Президентінің 12.11.2022 № 1071 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.
197. Патрульдерді қызмет өткеруге даярлау осы Жарғының 142-145-тармақтарына сәйкес жүргізіледі.
198. Патруль патрульдер қозғалысының сұлбасында көрсетілген бағдар бойынша бөлімшенің (объектінің) орналасуын қарап шығу жолымен қызмет өткереді.
Патрульдер жылжымалы байланыс құралдарымен қамтамасыз етіледі, одан басқа қозғалыс бағдарларында стационарлық байланыс нүктелері орнатылады, олар бойынша патруль бөлімше бойынша кезекшіге (қарауыл бастығына) қызмет өткеру барысы туралы баяндайды.
Күндізгі уақытта патрульдер ыңғайлы орындардан немесе байланыс құралдарымен жабдықталған мұнаралардан қадағалаумен күзетті жүзеге асыруы мүмкін.
199. Патруль:
1) бөлімшенің объектілерін, қару-жарағы мен әскери техникасын, басқа да материалдық құралдарын қырағы күзетуге және жанқиярлықпен қорғауға және ол ауысқанға немесе алынғанға дейін қойылған міндеттерді атқаруды тоқтатпауға;
2) бөлімше бойынша кезекшімен байланыс және қандай да бір бұзушылық немесе объектінің қоршауындағы ақауларды анықтаған кезде, сондай-ақ әртүрлі бұзушылықтар кезінде оны шақырту үшін белгіленген сигналдарды білуге;
3) ол үшін белгіленген кестені және қозғалыс бағдарын қатаң сақтауға;
4) қызмет өткеру уақытында онда осы Жарғының 117-тармағында көрсетілген қағидалар бойынша оқталған қарудың болуына және әрекет жасауға үнемі әзір болуға міндетті.
Патрульге, ол қызмет өткерген уақытта қойылған міндетті орындаудан басқаға көңілін аударуға (ұйықтауға, отыруға, оқуға, жазуға, темекі шегуге, бөгде адамдармен сөйлесуге, табиғи қажеттіліктерін орындауға, біреулерден бір заттар алуға және беруге, қажет болмағанда патронды ұңғылыққа жіберуге) немесе өз міндеттерін атқарудан алаңдауға рұқсат етілмейді.
Патруль, ол бағынатын адамдардың немесе тексеру үшін келген адамдардың сұрақтарына жауап беруге тиіс.
200. Патрульге немесе ол күзететін объектіге шабуыл жасалған жағдайда, сондай-ақ күзетілетін объектінің көрсеткіштерімен белгіленген шекарасына бөгде адам жақындаған кезде патруль осы Жарғының 323-326-тармақтарында көрсетілгендей әрекет етеді.
201. Патрульдердің қызмет өткеруін тексеруді бөлімше командирі, оның орынбасарлары, оның тапсырмасы бойынша адамдар, сондай-ақ оның барлық тікелей бастықтары жүзеге асырады. Одан басқа, тексеруді кезекші жауынгерлік есептоптың (ауысымның), сондай-ақ сержант (старшина) және бөлімше бойынша кезекші жүзеге асырады.
Патрульдердің қызмет өткеруін тексеретін адамдарға бос ауысымның бір патрулімен бөлімше бойынша кезекші ілесіп жүреді.
Тексеру нәтижелері, сондай-ақ сақтау орындарын (қоймаларды) ашу және жабу уақыты кезекшілікті қабылдау және тапсыру кітабына жазылады.
Бөлімше бойынша кезекші, бұл ретте осы Жарғының 189, 190-тармақтарының талаптарын басшылыққа ала отырып, патрульдердің қызмет өткеруін кемінде тәулігіне екі рет (оның ішінде бір рет түнде) тексеруге міндетті.
202. Патрульдерді ауыстыру бөлім бойынша ауысатын кезекшінің қатысуымен, сақшыларды ауыстыруға сәйкес (осы Жарғының 164-169-тармақтары) бөлім бойынша кезекші нарядты ауыстыру уақытында, кейіннен – әрбір ауысымға бөлім бойынша кезекші белгілеген кестеге сәйкес, рұқсаттама және кері шақырту бойынша дербес жүргізіледі.
203. Кезекті патрульді қызмет өткеру үшін жіберер алдында бөлімше бойынша кезекші, ал ол үй-жайдан кеткен кезде және демалу кезеңінде оның көмекшісі белгіленген тәртіпке сәйкес оған қару береді, қаруды қолдану тәртібіне ерекше назар аударып, нұсқау береді, қаруды оқтау және оғын алу үшін алаңға шығарады, қарудың дұрыс оқталуын тексереді.
Ескерту. 203-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Президентінің 12.11.2022 № 1071 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.
204. Патрульші патрульдеу маршрутынан оралғаннан кейін қаруды оқтау және оғын алу үшін бөлімше бойынша кезекшіні, ал ол үй-жайдан кеткен кезде және демалу кезеңінде оның көмекшісін белгіленген сигналмен алаңға шақыртады, оған патрульдеу нәтижесі, бекеттің жай-күйі және жүргізілген ауыстыру туралы баяндайды, оның қадағалауымен қарудың оғын алады, оқжатарды (оқтізерді) сөмкеге (қатпарлы кеудешенің арнаулы қалтасына) салады, содан кейін қаруды кезекшіге немесе оның көмекшісіне тапсырады. Бөлімше бойынша кезекші, ал ол үй-жайдан кеткен кезде және демалу кезеңінде оның көмекшісі арнаулы журналда қару мен патрондарды беру және қабылдау туралы тиісті жазба жасайды.
Ескерту. 204-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Президентінің 12.11.2022 № 1071 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.
205. Бөлімше бойынша кезекші, ал ол үй-жайдан кеткен кезде және демалу кезеңінде оның көмекшісі кезекшілікті қабылдау және тапсыру кітабына патрульшілерді ауыстырудың жүргізілгені туралы жазба жасайды.
Ескерту. 205-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Президентінің 12.11.2022 № 1071 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.
206. Патрульдердің демалу тәртібі мен орнын осы Жарғының 177, 179-тармақтарына сәйкес орналасу шарттарына байланысты бөлімше командирі айқындайды.
Гауптвахтада қызметті ұйымдастыру және оны атқару ерекшелігі
Ескерту. Кіші бөлімнің тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 23.08.2023 № 306 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.
Жалпы ережелер
207. Гауптвахта – әскери полиция органдарының жанынан жабдықталған арнаулы үй-жай, онда:
әкімшілік қамаққа алынған;
қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген күдік бойынша ұсталған, сондай-ақ өздеріне қатысты бұлтартпау шарасы ретінде күзетпен ұстау таңдалған, қылмыс жасады деп күдік келтірілген, айыпталған, сотталушы;
қамаққа алуға сотталған;
бас бостандығынан айыруға сотталған әскери қызметшілерді – соттың айыптау үкімі заңды күшіне енгенге дейін және оларды жазаны орындау органдарына жібергенге дейін қоғамнан заңды негізде уақытша оқшаулау қамтамасыз етіледі.
Ескерту. 207-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 23.08.2023 № 306 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.
208. Гауптвахта жанындағы кезекші ауысым құрамына ауысым бастығы, бақылаушы және айдауылдаушылар тағайындалады. Гауптвахта жанындағы кезекші ауысымдар жасақ (бөлім) бастығына, гауптвахта бастығына және әскери полиция органы бойынша кезекшіге бағынады.
Гауптвахта бақылаушысына қызметке түскен кезде сақшының құқықтары мен міндеттері беріледі.
Ауысым құрамы арнайы құралдармен, ал сотталғандар, күдіктілер мен айыпталушылар ұсталған жағдайда штаттық атыс қаруымен қаруланады.
Сыртқы және ішкі күзет бекеттерінің саны мен орналасуы Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың әскери полициясы органдарының бастықтары бекітетін бекеттер табельдерінде белгіленеді.
Қызмет атқару және қаруды қолдану тәртібі осы Жарғының және Ішкі қызмет жарғысының 10-11-тармақтарының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
Ескерту. 208-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 23.08.2023 № 306 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.
209. Гарнизондар әскери полиция органдарының бастықтары уақытша ұсталған әскери қызметшілерді үй-жайға:
1) масаң күйде болғандарды медициналық қызметкер куәландырған сауығу уақытынан бастап, үш сағаттан аспайтын мерзімге;
2) ішкі істер және әскери полиция органдары қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін ұсталғандарды – үш сағаттан аспайтын мерзімге қамауға алады.
Әскери полиция органдарының бастығы жоғарыда көрсетілген іс-қимылдарды Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа да әскерлері мен әскери құралымдары Гарнизондық және қарауылдық қызметтер жарғысының 240-244-тармақтарына қатаң сәйкестікте іске асырады.
Әскери қызметшілерді гауптвахтаға жіберужәне оларды күзету (ілесіп жүру)
210. Ұсталған әскери қызметшілер ұстау хаттамасының көшірмесімен гауптвахтаға жіберіледі.
Оларға қатысты әкімшілік қамаққа алу қолданылған әскери қызметшілер гауптвахтаға әкімшілік қамаққа алуды қолдану туралы сот қаулысымен жіберіледі.
Оларға қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалған әскери қызметшілер гауптвахтаға Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексіне сәйкес шығарылған қаулымен жіберіледі.
Гауптвахтада ұсталатын қамаққа алуға сотталған әскери қызметшілер гауптвахтаға үкімнің көшірмесімен, оны орындау туралы өкіммен жіберіледі.
Бас бостандығынан айыруға сотталған әскери қызметшілер гауптвахтаға үкім заңды күшіне енгенге және оларды жазаны орындау органдарына жібергенге дейін сот үкімінің көшірмесімен жіберіледі.
Ескерту. 210-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 23.08.2023 № 306 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.
211. Әскери қызметшілерді гауптвахтаға жіберу үшін әскери полиция органы бастығының (гарнизон бастығының) бұйрығы бойынша көлік құралы бөлінеді (17-қосымша).
212. Гауптвахтада ұсталатын әскери қызметшілер (әкімшілік қамаққа алуға тартылған әскери қызметшілерден басқа) гауптвахта шегінен тыс жерлерге (прокуратураға, сотқа, тергеу әрекеттерін іске асыру үшін және басқа да жағдайлар бойынша) штаттық қарумен және арнайы құралдармен қаруланатын айдауылдың күзетуімен көлік құралымен жіберіледі.
Күзеттің құрамы мен тәртібін күзету шарттарын және айдауылдау бағдарларын зерделеу негізінде әскери полиция органының бастығы (әскери бөлімнің командирі) айқындайды.
Ілесіп жүрушілер (күзетшілер) қаруды "қарубауға" күйінде, көлік құралында жүрген кезде – тізелерінің арасында ұстауға тиіс.
213. Гауптвахтада ұсталатын әскери қызметшілерді елді мекендерде жаяу тәртіппен айдауылдауға, сондай-ақ қалалық және қала маңына баратын көлікпен алып жүруге жол берілмейді.
Әскери қызметшілерді гауптвахтаға қабылдау
214. Әскери қызметшілерді гауптвахтаға гауптвахта бастығы, ал ол болмағанда осы Жарғының 210-тармағында көрсетілген құжаттар негізінде, сондай-ақ әскери қызметшінің жеке басын куәландыратын құжаттар болған кезде кезекші ауысым бастығы қабылдайды.
Ескерту. 214-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 23.08.2023 № 306 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.
215. Гауптвахта бастығы, ал ол болмағанда ауысым бастығы әскери қызметшілерді қабылдаған кезде қажетті құжаттардың бар болуын және олардың дұрыс ресімделуін, оларға тиесілі заттарды тексереді, жеке өзін тексеріп-қарайды, белдікті, бауды, камерада ұстауға тыйым салынған заттарды, құндылық пен басқа да нәрселерді сақтау үшін алып қояды. Гауптвахта бастығы, ал ол болмағанда ауысым бастығы гауптвахтаға қабылдау үшін негіз болып табылатын құжаттардағы мәліметтерді, сондай-ақ алып қойылған және қабылданған заттар, нәрселер, құжаттар тізбесін және ақша сомасын әскери қызметшінің қатысуымен гауптвахтада ұсталатын әскери қызметшілерді есепке алу журналына (18-қосымша) енгізеді және оған оларды қабылдағаны туралы қолхат (19-қосымша) береді, ол үш данада жасалады, одан кейін гауптвахта бастығы әскери қызметшіні камераға орналастыру үшін ауысым бастығына жібереді, гауптвахта бастығы болмаған жағдайда ауысым бастығы әскери қызметшіні камераға орналастырады.
Әскери қызметшіні гауптвахтаға қабылдаған кезде медицина қызметкері әскери қызметшіні қарап-тексереді, ол туралы гауптвахтада ұсталатын әскери қызметшілерді есепке алу журналына тиісті жазба жасайды.
Егер әскери қызметшіні гауптвахтаға ауысым бастығы қабылдаса, онда ол әскери қызметшіге одан құжаттар мен заттарды қабылдағаны туралы қолхат береді, кейін құжаттар мен заттарды олардың тізімдемесімен бірге гауптвахта бастығына береді.
Ескерту. 215-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 23.08.2023 № 306 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.
216. Гауптвахта бастығы, ал ол болмағанда ауысым бастығы әскери қызметшіні қабылдап, құжаттарды өзіне қалдырады және әскери қызметшіні жеткізген адамға әскери қызметшіні қабылдағаны туралы үш данада жасалатын қолхаттың бірінші данасын береді, оны әскери полиция органының құпия емес іс жүргізуінде тіркейді және кейін әскери қызметшіні гауптвахтаға жіберген әскери бөлімге оны тіркеу және әскери қызметшіні гауптвахтада ұстау мерзімі аяқталғанға дейін есепке алу үшін тапсырады.
Гауптвахтаға жеткізілген әскери қызметшілерді тіркеу, жеке өзін тексеріп-қарауды, медициналық куәландыруды (қажет болған кезде дактилоскопия жасау және фотосуретке түсіру) жүргізу, сондай-ақ алып қоюға жататын заттардың тізбесі гауптвахтадағы ішкі тәртіп қағидаларында айқындалады.
Ескерту. 216-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 23.08.2023 № 306 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.
Әскери қызметшілерді гауптвахтада ұстау
217. Қамаққа алуға сотталған әскери қызметшілер жазасын гауптвахтада өтейді. Офицерлер, сержанттар және қатардағы жауынгерлер құрамының әскери қызметшілері өзге негіздеме бойынша гауптвахтада ұсталатын әскери қызметшілерден бөлек және жеке ұсталады.
Тұтқынға алуға сотталған адамдар жазасын жабылатын ортақ камераларда қатаң оқшаулау жағдайларында өтейді. Ерлер мен әйелдер бөлек орналастырылады.
Сотталған әскери қызметшілерді жазалау Қазақстан Республикасының Қылмыстық атқару кодексіне, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарына және нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес орындалады.
Ескерту. 217-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Президентінің 12.11.2022 № 1071 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.
218. Гауптвахтада ұсталатын әрбір әскери қызметшіге түнгі уақытта сегіз сағаттық ұйқы беріледі. Ұйықтайтын уақытта төсек керек-жарақтары беріледі.
219. Гауптвахтада ұсталатын әскери қызметшілер гауптвахтада белгіленген қағидаларды мүлтіксіз сақтауға, гауптвахта бастығының және кезекші ауысым жеке құрамының заңды талаптарын орындауға міндетті.
Ескерту. 219-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 23.08.2023 № 306 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.
220. Гауптвахтада күн тәртібін әскери полиция органының бастығы белгілейді.
221. Уақытша ұсталғандарға арналған үй-жайлардағы уақытша ұсталған адамдардан басқа, әскери қызметшілер жұмыс істеу және серуендеу уақытын қоспағанда, тәулік бойы құлыппен жабылған камераларда болады.
Барлық камераның құлпы бірдей болуға және бірдей кілтпен құлыпталуға тиіс. Осындай екі кілт ауысым бастығының бөлмесінде және біреуі гауптвахта бастығының бөлмесінде сақталуға тиіс.
Ескерту. 221-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 23.08.2023 № 306 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.
222. Әскери қызметшілерде камераларда болғанда іш киім, жұмыс киім нысаны мен аяқкиім болуға тиіс. Қалған заттар гауптвахтада белгіленген тәртіпке сәйкес камералардан тыс сақталады.
223. Ортақ камераларда әскери қызметшілер арасынан камерадағы тазалық пен тәртіпке жауапты үлкендері тағайындалады. Олар әскери қызметшілерді таңертеңгі қарап-тексеру, кезекші ауысым ауысқан уақытта тегімен атап тексеру, әскери қызметшілердің бар болуын кешкі тексеру үшін сапқа тұрғызуға, сондай-ақ олардың ұстаудың белгіленген режимін сақтауын бақылауға міндетті.
Ескерту. 223-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 23.08.2023 № 306 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.
224. Гауптвахтада ұсталатын әскери қызметшілер күн сайын ұзақтығы қылмыстық-атқару заңнамасында және адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде ұстау тәртібі мен шарттары туралы заңнамада белгіленген серуенге шығады. Серуенге шығу күндізгі уақытта гауптвахтаның арнайы жабдықталған аумағында камера бойынша жүргізіледі. Сотталғанның серуенге шығуы ол белгіленген ішкі тәртіп қағидаларын бұзған жағдайда мерзімінен бұрын тоқтатылуы мүмкін.
Әскери қызметшілер таңертең және кешке жуыну үшін айдауылдаушының бірге жүруімен: ортақ камерада ұсталатын әскери қызметшілер – камера бойынша; жеке камерада ұсталатын әскери қызметшілер – кезектілік тәртібімен бір-бірден камерадан шығарылады.
Әскери қызметші әйелдерге жеке гигиена қағидаларын сақтау үшін қосымша уақыт бөлінеді.
Ауысым бастығы бақылаушы арқылы шақыртылады.
Ескерту. 224-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 23.08.2023 № 306 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.
225. Гауптвахтадан тыс жерлерге (прокуратураға, сотқа, тергеу әрекеттерін жүргізу үшін және басқа да себептер бойынша) бару үшін гауптвахтада ұсталатын әскери қызметшілер маусым бойынша әскери киім нысанында болуға тиіс.
226. Гауптвахтада ұсталатын әскери қызметшілер жұмыс орындаған кезде айдауылдаушы:
1) егер гауптвахтада ұсталатын әскери қызметшілерді күзету мен қадағалау қиындық туындатса, бір уақытта бірнеше жерде жұмыс жүргізуге жол бермеуге;
2) жұмыс уақытында немесе үзіліс уақытында гауптвахтада ұсталатын әскери қызметшілердің бөгде адамдармен сөйлеспеуін, темекі шекпеуін және жұмыс орнынан кетпеуін бақылауға міндетті.
Ескерту. 226-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 23.08.2023 № 306 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.
227. Гауптвахтада ұсталатын әскери қызметшілер әскери полиция органының бастығы белгілеген күні және сағатта аптасына бір рет моншада жуынуға тиіс. Осы күндері іш киім мен төсек ақжаймаларын ауыстыру, сондай-ақ әскери қызметшілерді медициналық тексеру жүргізіледі. Әскери қызметшілердің денесін тексеру күнделікті жүргізіледі.
Гауптвахтада ұсталатын әскери қызметшілердің шаштары үнемі ұқыпты қысқартылған және қырынған болуға тиіс. Әскери қызметшілердің шаштарын қысқарту және қырыну тәртібін гауптвахта бастығы белгілейді.
228. Гауптвахтада ұсталатын әскери қызметшілер негізгі жалпыәскери үлес нормасы бойынша тамақпен қамтамасыз етіледі, оларды тамақтандыруға тіркеу азық-түлік аттестаттары бойынша жүргізіледі. Егер гауптвахта жанында тамақ дайындалмаса, онда оны гауптвахтаға әскери қызметшілерге жеткізу тәртібін гарнизон бастығы белгілейді.
Азық-түлік аттестаттары жоқ ұсталғандар, гауптвахтаға немесе уақытша ұсталғандарға арналған үй-жайға қамауға алынғандар әскери полиция органы бастығының (әскери бөлім командирінің) бұйрығынан үзінді-көшірме бойынша жабдықталымға алынады.
Гауптвахтада ұсталатын әскери қызметшілер камераларда немесе гауптвахта жанындағы асханада тамақтанады. Жеке камераларда ұсталатын әскери қызметшілер камераларда тамақтанады.
229. Камераларды, дәретханаларды күнделікті және жалпы (аптасына бір рет) жинауды, сондай-ақ гауптвахтада еден жууды (сүртуді) айдауылдаушының қадағалауымен онда ұсталатын әскери қызметшілер жүргізеді. Камераларда және дәлізде бейнебақылау жүйесі орнатылады.
Камералар күн сайын әскери қызметшілер серуенге шыққан немесе жұмыста болған уақытта тексеріледі.
Гауптвахта үй-жайларын және дәретханаларды дезинфекциялау аптасына бір рет жүргізіледі. Қараңғы түскенде камераға, дәліз бен дәретханаға жарық берілуге тиіс. Ұйықтау уақытында камераларға жарық берілуге тиіс.
Камерадағы температура Цельсий бойынша плюс он сегіз градустан төмен болмайды.
Гауптвахтада ұсталатын әскери қызметшілерге хат жазысуға және жазу керек-жарағын пайдалануға, газет, жалпыәскери жарғыларды, әскери және оқу әдебиетін оқуға және радиобағдарламалар тыңдауға рұқсат етіледі.
Темекі шегуге ол үшін бөлінген жерде рұқсат етіледі.
Әрбір гауптвахта жанында жалпыәскери жарғылардың, әскери және оқу әдебиетінің саны жеткілікті болуға тиіс. Гауптвахта күн сайын жаңа газеттермен қамтамасыз етілуге тиіс. Гауптвахтада ұсталатын әскери қызметшілерге әдебиет пен газеттер беруді ауысым бастығы жүргізеді.
Ескерту. 229-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 23.08.2023 № 306 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.
230. Әскери қызметшілерді гауптвахтада және оның орналасқан жерінен тыс жерде күзету және алып жүру (айдауылдау) уәкілетті органның бірінші басшысы бекіткен тәртіппен ұйымдастырылады, бұл ретте олардың гауптвахтадан тыс жерде жүру бағдары тергеушімен, алдын ала тергеу органымен, прокурормен не сотпен келісу бойынша жүзеге асырылады.
Ескерту. 230-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 23.08.2023 № 306 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.
231. Гауптвахтаның бастығы (әскери полиция органы бойынша кезекші) заңдардың сақталуын қадағалауды жүзеге асыру кезінде прокурорларды, олардың орынбасарлары мен көмекшілерін, қылмыстық істі тергеп-тексеру кезінде тергеушілерді, анықтама органдарын, сондай-ақ қорғаушыларды, ұлттық алдын алу тетігіне қатысушыларды және қоғамдық-байқаушылық комиссиясының мүшелерін жеке куәлігін және тиісті құжаттарды көрсеткеннен кейін әскери полиция органының бастығын (әскери бөлімнің командирін) және осы гауптвахтада немесе уақытша ұсталғандарға арналған үй-жайда заңдылықтың сақталуын қадағалауды жүзеге асыратын прокурорды хабардар етіп, кез келген уақытта гауптвахтаға, уақытша ұсталғандарға арналған үй-жайға жібереді.
Ескерту. 231-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Президентінің 12.11.2022 № 1071 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.
Гауптвахтада ұсталатын әскери қызметшілерді босату
232. Гауптвахтада ұсталатын әскери қызметшілерді гауптвахтадан гауптвахта бастығы, уақытша ұсталғандарға арналған үй-жайдан әскери полиция органы бойынша кезекші: сот үкімі бойынша тағайындалған жаза мерзімін өтегеннен кейін; сот үкімінің күші ақтау үкімі шығарылып немесе іс бойынша іс жүргізу тоқтатылып жойылған кезде; рақымшылық немесе кешірім актісі негізінде; әскери-дәрігерлік комиссия денсаулық жағдайы бойынша және әскери қызмет өткеру туралы заңнамада көзделген өзге де негіздер бойынша әскери қызметке жарамсыз деп танығанда босатады.
Одан басқа, прокурордың талабы бойынша гауптвахтада заңсыз ұсталған әскери қызметшілер босатылады.
Ескерту. 232-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Президентінің 12.11.2022 № 1071 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.
233. Әскери қызметшіні гауптвахтадан босату үшін гауптвахта бастығы қамаққа алу мерзімінің аяқталуы қарсаңында оны алып кетуге өкіл жіберу үшін оның әскери бөлімінің командиріне әскери қызметшінің босатылатын уақыты туралы хабарлайды және кезекші ауысым бастығына босату туралы жазбахат (20-қосымша) береді, ол кезекшілікті қабылдау және тапсыру кітабымен бірге тапсырылады.
Гауптвахта бастығы босату құқығын беретін құжаттар негізінде әскери қызметшіні белгіленген мерзімде босатады, гауптвахтада ұсталатын әскери қызметшілерді есепке алу журналында және гауптвахтада ұсталатын әскери қызметшілердің атаулы тізімінде гауптвахтада ұсталатын әскери қызметшінің босатылатын уақыты туралы жазба жасайды, одан қолхат алып жеке заттарын, ақшасын және құжаттарын, сондай-ақ әскери бөлім командиріне ұсыну үшін оның босатылатын уақыты мен негіздемелері туралы әскери полиция органының бастығы қол қойған анықтама береді. Заттардың, ақша мен құжаттардың қабылданғаны туралы әскери қызметшіге бұрын берілген қолхат жойылады.
Ескерту. 233-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 23.08.2023 № 306 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.
Гауптвахтаны жабдықтау
234. Гауптвахта әртүрлі негіздемелер бойынша гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілер, сондай-ақ әртүрлі санаттағы әскери қызметшілер (заңнамалық актілерге сәйкес құрамдағы) жынысына (ер, әйел) байланысты осы Жарғының 217-тармағының талаптарына сәйкес бөлек ұсталатындай етіп жабдықталады.
Уәкілетті орган бірінші басшысының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әскери полициясы бас басқармасы бастығының және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Әскери полиция департаменті бастығының шешімі бойынша гауптвахталарда гауптвахтаның жабдықталуын, гауптвахтада ұсталатын әскери қызметшілердің болуын және оларды ұстау тәртібін тексеру үшін әскери полиция органдарынан лауазымды адамдар тағайындалады.
Әскери полиция органдары аумақтық бөлімшелерінің бастықтары да оларға ведомстволық бағынысты гауптвахталарда тексеруді жүзеге асыруға құқылы.
Ескерту. 234-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 23.08.2023 № 306 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.
235. Гауптвахтада мынадай үй-жайлар болуға тиіс:
1) кезекші ауысымның бөлмесі;
2) ортақ және жеке камералар;
3) гауптвахта штаттық құрамының жұмыс істеуі үшін бөлмелер;
4) гауптвахтада ұсталатын әскери қызметшілерді тергеуге арналған бөлмелер;
5) тамақ жылытуға және дайындауға арналған ас үй;
6) асхана;
7) гауптвахтада ұсталатын әскери қызметшілердің заттарын сақтауға арналған сөрелермен (ілгіштермен) жабдықталған қойма;
8) уақытша ұсталатын адамдарға арналған үй-жай;
9) жуынуға арналған бөлме;
10) дәретханалар.
Ескерту. 235-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Президентінің 12.11.2022 № 1071 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.
236. Камераларда төсек-сәкілер, үстелдер, орындықтар, түкіргіштер, кружкалар мен ауызсуы бар ыдыстар болуға тиіс.
Офицерлерді, сондай-ақ жоғары сержанттар құрамының сержанттарын ұстауға арналған камераларда ағаш кереует, үстелдер, табуреттер, жеке заттарға және жуыну керек-жарақтарына арналған тумбалар, ауыз суы бар ыдыстар мен кружкалар, ілгіштер мен түкіргіштер болуға тиіс.
237. Гауптвахта бастығының бөлмесінде үстел, орындықтар (табуреттер), кушетка, ілгіш, сондай-ақ әскери қызметшілерден сақтауға қабылданған құжаттарға, ақша мен құнды заттарға арналған еденге немесе қабырғаға бекітілген жанбайтын шкаф немесе металл жәшік болуға тиіс.
238. Гауптвахтада ұсталатын әскери қызметшілердің камераларындағы және ортақ пайдаланылатын орындардағы (жуыну бөлмесі) есіктер мен терезелер техникалық күзет құралдарымен жабдықталады. Осы үй-жайлардағы терезелерде одан басқа темір тор болуға, қажет болған кезде ішкі жағынан металл тор тартылуға тиіс. Камералардың есіктеріне қарайтын терезелер орнатылады. Гауптвахтаның дәліздерінде жуыну керек-жарағы мен аяқ киімді тазалауға арналған керек-жарақ үшін, сондай-ақ астары жылы күртешеге (шинельге) және бас киімге арналған құлыппен жабылатын шкафтар болуға тиіс. Шкафтардың кілттері кезекші ауысым бастығында сақталады.
Ескерту. 238-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 23.08.2023 № 306 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.
239. Әрбір гауптвахта жанында биіктігі кемінде үш метр қалың дуалдармен қоршалған, төбесі металл тормен және бейнеқадағалау жүйесімен жабдықталған әскери қызметшілердің серуендеуіне арналған аула болуға тиіс.
Уақытша ұсталған адамдарға арналған үй-жай
240. Уақытша ұсталғандарға арналған үй-жай – әкімшілік құқық бұзушылықтың жолын кесу немесе әкімшілік іс жүргізуді қамтамасыз ету мақсатында әскери қызметшілерді заңда белгіленген мерзімге мәжбүрлеп ұстауға арналған, арнайы бейімделген үй-жай.
Ескерту. 240-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 23.08.2023 № 306 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.
241. Барлық ұсталғандар олар бойынша әскери полиция органының бастығы шешім қабылдағанға дейін, бірақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген мерзімнен аспайтын мерзімге уақытша ұсталғандарға арналған үй-жайда ұсталады.
Ескерту. 241-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Президентінің 12.11.2022 № 1071 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.
242. Уақытша ұсталғандарға арналған үй-жайда ұсталатын әскери қызметшілерді арнаулы бөлінген наряд күзетеді.
Әскери полиция органдарының гауптвахтасы жанындағы уақытша ұсталғандарға арналған үй-жайдағы наряд құрамына ауысым бастығы, бақылаушы және айдауылдаушы кіреді.
Әскери полиция органы бойынша кезекші жанындағы уақытша ұсталғандарға арналған үй-жайдағы наряд құрамына әскери полиция органы бойынша кезекші және оның көмекшісі кіреді.
Әскери полиция органдарының гауптвахтасы жанындағы уақытша ұсталғандарға арналған үй-жайдағы бақылаушы қызметке түскен кезде сақшының құқықтары мен міндеттері беріледі.
Ескерту. 242-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 23.08.2023 № 306 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.
243. Уақытша ұсталғандарға арналған үй-жайға жеткізілген әскери қызметшілерді әскери полиция органы бойынша кезекші қабылдайды және уақытша ұсталғандарға арналған үй-жайға қамауға алынған әскери қызметшілерді есепке алу журналына жазады.
Әскери полиция органы бойынша кезекші ұсталған әскери қызметшілерді қабылдап, олардың заттары мен киім-кешегін тексеріп-қарайды, белдігін, бауларын, үй-жайда ұстауға тыйым салынған заттар мен құндылықты, сондай-ақ барлық қызметтік құжатын алып қояды. Қару мен оқ-дәрілерді, құжаттарды, тыйым салынған нәрселерді, заттар мен құндылықты алғаны туралы хаттама жасалады, оған әскери полиция органы бойынша кезекші және ұсталғанды жеткізген адамдар, сондай-ақ ұсталғанның өзі қол қояды.
Құжаттарды ресімдеу тәртібі әскери қызметшілерді гауптвахтаға қабылдау тәртібімен бірдей.
Уақытша ұсталғандарға арналған үй-жайға алкогольдік масаң күйде жеткізілген әскери қызметшілер хаттамаға айыққан соң қол қояды.
Уақытша ұсталғандарға арналған үй-жайға қабылдау кезінде медициналық қызметкер барлық әскери қызметшіні қарап-тексеруге тиіс, бұл туралы ұсталғандар кітабына тиісті жазба жасалады.
Ескерту. 243-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 23.08.2023 № 306 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.
244. Уақытша ұсталғандарға арналған үй-жайдың есігі құлыппен жабылады және ұсталғандарды сенімді күзетуді және оларды ұдайы бақылап отыруды қамтамасыз етуге тиіс. Уақытша ұсталғандарға арналған үй-жайдың кілті әскери полиция органы бойынша кезекшіде, сондай-ақ ауысым бастығында сақталады.
Бөлмеде құлыппен жабылатын төсек-сәкілер, үстелдер, орындықтар мен түкіргіштер болуға тиіс.
Ескерту. 244-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 23.08.2023 № 306 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.
Әскерлерді тасымалдау кезінде әскери эшелондардың қару-жарағымен әскери техникасын, материалдық құралдарын күзету жөніндегіқарауылдық қызметті ұйымдастыру және оны өткеру ерекшеліктері
245. Теміржол, теңіз және өзен көлігімен әскери эшелондармен тасымалданатын әскерлердің қару-жарағы мен әскери техникасын, материалдық құралдарын оларда тасымалданатын әскери бөлімдерден (бөлімшелерден) тағайындалған қарауылдар күзетеді.
Әскери эшелонды күзету және оған ілесіп жүру үшін қарауыл тасымалдайтын әскери бөлім командирінің бұйрығымен тағайындалады және әскери эшелонның құрамына және тасымалдау шарттарына байланысты айқындалады.
246. Әскери эшелонның қарауылы адамдарды тасымалдау үшін жабдықталған вагонда (кеме үй-жайында) немесе жолаушылар вагонының жеке купесіне орналастырылады. Осы вагонда (кеме үй-жайында) Жауынгерлік Ту жанына бекет орналастырылады. Жауынгерлік Тумен бірге күзетуде ақша жәшігі және құпия құжаттары бар жәшік болуы мүмкін.
Бекеттермен сымды (радио) байланыс ұйымдастырылады.
247. Әскери эшелонның бағдарлық парағын, қарауылдар нарядының ведомосын, бекеттерге табельдер мен қарауыл бастығына нұсқаулықты әрбір әскери эшелонға жеке әскери бөлімнің штабы әзірлейді, әскери бөлімнің командирі бекітеді және тасымалдауға даярлық кезінде әскери эшелон бастығына беріледі.
248. Қарауылды тарату және оны ауыстыру тәртібін, орнын, уақытын әскери эшелон бастығы айқындайды. Бірінші ауысымның сақшыларын қою, қарауылды ауыстыру және алу әскери эшелон бойынша кезекшінің немесе оның көмекшісінің қатысуымен жүргізіледі.
Сақшыларды ауыстыру тоқтауларға және мүмкіндігіне байланысты: жазғы уақытта – әрбір 2 сағат сайын, қыс кезінде – 1 сағат сайын жүргізіледі.
249. Қарауыл бастығы әскери эшелон бастығына, эшелон бойынша кезекшіге және оның көмекшісіне бағынады. Осы Жарғымен көзделген жалпы міндеттерді орындаудан басқа, ол:
1) әскери эшелон бойынша кезекшінің қатысуымен, бұл ретте есіктер мен люктердің сенімді жабылуын, вагон шанақтарының ақаусыздығын және пломбалардың тұтастығын тексере отырып, тасымалданатын бөлімшелердің командирлерінен немесе ауысатын қарауыл бастығынан күзетуге жататын қару-жарақ пен әскери техниканы, материалдық құралдарды, сондай-ақ вагондарды (кеме үй-жайларын, палубаларды) (есеп бойынша) қабылдауға;
2) қару-жарақ пен әскери техниканың, материалдық құралдардың дұрыс бекітілуін, орындар санын, орамының дұрыстығын, бүркемелеу үшін кенептер бауларының сенімділігін, есіктер мен люктердің сенімді жабылуын, сондай-ақ пломбалардың тұтастығын тексеруге; анықталған кемшіліктерді жоюды талап етуге;
3) әскери эшелон бойынша кезекші көрсеткен пойыздың тоқтаулары кезінде сақшыларды ауыстыруға; егер сақшыларды ауыстыру үшін пойыздың тұру уақыты жеткіліксіз болса, онда ауыстыруды пойыздың келесі тоқтауына дейін тоқтатуға;
4) сергек ауысымның қарауылдар құрамынан қосымша сақшыларды бөле отырып, тоқтауларда әскери эшелонның күзетін күшейтуге;
5) оларды жіберу әскери эшелон бойынша кезекшінің рұқсатымен жүзеге асырылатын тиісті лауазымды адамдардың көлігінен басқа, күзетілетін вагондарға (палубаларға және кеме үй-жайларына) қандай да бір бөгде адамдардың кіруіне жол бермеуге;
6) күзетілетін вагондардың қозғалыс бөліктерін (кемеде – кеме үй-жайларын, палубалық тетіктерді қарап тексеру) және жүктің дұрыс бекітілуін қарап тексеру және жөндеу үшін көлік қызметкерлерін таратушының немесе сақшының қадағалауымен жіберуге;
7) өрт шығу, қозғалыс қауіпсіздігіне (платформалардағы техниканың жылжуы, танк мұнараларының, артиллериялық жүйе ұңғыларының бұрылуы, ыдыстың дұрыс еместігі, жүктің ағып кетуі және тағы басқа), материалдық құралдардың сақталуына қатер төндіретін қандай да бір нәрсе анықталған жағдайларда пойызды тоқтату шараларын шұғыл қабылдауға және оқиға туралы әскери эшелон бойынша кезекшіге (кемеде – вахталық офицерге немесе вахталық капитанға хабарлауға) баяндауға;
8) белгіленген пунктке келгеннен кейін әскери эшелон бойынша кезекшінің қатысуымен вагондарды (кемеде – кеме үй-жайлары мен палубаларды) теміржол (порт) өкілдеріне, ал күзетілетін қару-жарақ пен әскери техниканы, материалдық құралдарды – әскери эшелон бөлімшелері командиріне немесе жүкті алушыларға тапсыруға және одан әрі әскери эшелон бойынша кезекшінің нұсқауы бойынша әрекет етуге міндетті.
250. Пойыздың қозғалысы уақытында сақшылар бекеттерге табельге сәйкес қарауыл орналасатын вагонда немесе жақын вагонда орналастырылады. Тоқтаған уақытта сақшылар күзетілетін вагондардың екі жағына сапқа тұрғызылады, бұл ретте әрбір сақшыға вагондардың бір жағын күзету тапсырылады. Кеме қозғалысы уақытында сақшылар палубалардағы (қондырмалардағы) күзетілетін қару-жарақ пен әскери техника, материалдық құралдар жанына немесе кеме үй-жайлары жанына; тұрақта – палубаларға, әрбір борт жанына, траптар жанына, ал қажет болған кезде – айлақта (жағалауда) орналастырылады.
251. Сақшы осы Жарғының 317-329-тармақтарында көзделген талаптарды орындаудан басқа:
1) бекетті қабылдау кезінде қару-жарақ пен әскери техниканың, материалдық құралдардың платформаларға және шағын вагондарға (кеме палубаларында және кеме үй-жайларында) дұрыс бекітілуін, орындар санын, орамының дұрыстығын, оларды бүркемелеу үшін кенептер бауларының сенімділігін, сондай-ақ жабық вагондар (кеме үй-жайы) есіктеріндегі пломбалардың тұтастығын сырттай қарап тексеру арқылы тексеруге;
2) жол жүруде және тоқтауларда күзетілетін вагондарды (палубаларды, кеме үй-жайын) мұқият қадағалауға;
3) өрт шыққан, қозғалыс қауіпсіздігіне немесе қару-жарақ пен әскери техниканың, материалдық құралдардың сақталуына қатер төндіретін бір нәрсе анықталған жағдайда ол туралы байланыс құралдары арқылы қарауыл бастығына шұғыл хабарлауға, тоқтату кранымен пойызды тоқтатуға шаралар қабылдауға, ал ол болмаған кезде қызыл жалауша ұстаған қолын созып (түнде – қызыл түсті қолшаммен) шеңбер жасаумен немесе аспанға оқ атумен тоқтату сигналдарын беруге (кемеде – вахталық офицерге, вахталық капитанға хабарлауға);
4) қарауыл бастығының рұқсатынсыз күзетілетін вагондарға (палубаларға және кеме үй-жайларына), сондай-ақ тасымалданатын машиналардың кабиналары мен шанақтарына бөгде адамдардың кіруіне жол бермеуге;
5) тек қарауыл бастығының немесе таратушының рұқсатымен күзетілетін вагондардың қозғалыс бөлігін (кемеде – кеме үй-жайларын, палубалық тетіктерді қарап тексеру үшін) қарау әрі жөндеу және жүкті бекіту үшін көлік қызметкерлерін жіберуге; жұмыс уақытында оларды қадағалауға міндетті.
252. Қарауыл бастығы, әдетте, пойыздың (кеменің) қозғалысы уақытында таратушымен немесе қарауылдардың бірімен кезектесе отырып демалады.
Қарауылдар қарауыл бастығының рұқсатымен кезекпен демалады.
Әскери жүктерді, оларды тасымалдау кезінде күзету жөніндегіқарауылдық қызметті ұйымдастыру және оны өткеру ерекшеліктері
253. Әскери жүктер бар көліктерді күзету мен қорғауды әскери бөлімдерден тағайындалған қарауылдар жүзеге асырады.
Қарауыл тиеу (жөнелту) пунктінен қарауыл бастығына көрсетілген түсіру пунктіне дейін ауыспай қызмет өткереді.
254. Оларды тасымалдау кезінде қарауылдың күзетуіне жататын әскери жүктердің тізбесі, сондай-ақ қарауыл құрамы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабы бастығының және басқа да әскерлер мен әскери құралымдар тиісті басшыларының бұйрықтарымен айқындалады.
255. Қарауыл жабдықталған, жабық, жолаушылар немесе арнаулы бірге жүру вагонында (кеменің үй-жайында, әуе кемесінің салонында) орналасады. Теміржол жұмыскерлеріне вагонда орнату үшін алынбалы-салынбалы әскери жабдық беріледі. Жеке құрамды жылытуға және тамақ дайындауға арналған пеш өрт қауіпсіздігі талаптары орындала отырып орнатылады.
Қарауылдың қаруы мен оқ-дәрілері сенімді бекітпелермен және мөр қоюға арналған айла-бұйыммен жабдықталған металл жәшікте сақталады. Жәшік құлыпқа жабылады, қарауыл бастығы мөр қояды. Жәшікке қызыл бояумен көлденең "Әскери" деген жазу жазылады.
Пойыз (кеме) жүріп келе жатқан уақытта сақшыларды орналастыру, тоқтаулар уақытында әскери жүктерді күзетуді күшейту және сақшыларды ауыстыру осы Жарғының 248-250-тармақтарында көрсетілгендей жүргізіледі.
Әуе көлігімен тасымалданатын әскери жүктерді күзету кезінде сақшылар: ұшу уақытында – салондарда; әуежайда (әуеайлақта) – әуе кемесі жанына орналасады.
Ескерту. 255-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Президентінің 12.11.2022 № 1071 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.
256. Әскери бөлімнің командирі қарауыл бастығына:
1) іссапар куәлігін;
2) қарауыл жеке құрамының тізімімен және куәліктің сыртқы жағында қару түрін, нөмірін және берілген оқ-дәрілер санын көрсетумен оны қарауыл бастығы етіп тағайындау туралы, беткі жағында әскери бөлімнің командирі қол қойған және елтаңбалы мөрмен расталған, сыртқы жағында әскери бөлімнің штаб бастығы қол қойған және елтаңбалы мөрмен расталған белгіленген нысандағы куәлікті;
3) қару мен оған оқ-дәрілерді, оларды сақтау үшін металл жәшікті, сондай-ақ мөр басуға арналған металл мөрді;
4) елтаңбалы мөрмен расталған, нұсқау берілгені туралы жазбасы бар бекеттік ведомосты;
5) бару-қайту жолына азық-түлікті және азық-түлікке аттестаттарды (әрбір қарауылға бөлек);
6) іссапар шығыстарына ақшалай қаражатты;
7) радиоқабылдағышты;
8) тамақ дайындау мен ішуге арналған, сондай-ақ ауызсуды сақтауға арналған ыдыстарды;
9) бекеттік киім жиынтықтарын, іш киімнің қосымша жиынтықтарын (бір жиынтық 7 тәулікке есебінен), қарауылдың барлық жеке құрамына төсек-орын керек-жарақтарын (бір тәуліктен артық жол жүру кезінде);
10) медициналық қобдишаны;
11) қызыл түсті қолшамды және сигнал беретін қызыл жалаушыларды;
12) әскери тасымалдау құжаттарын (әрбір қарауылға жеке) немесе әскери бөлімге қайтып оралу үшін ақшалай қаражатты, Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың басшылары бекіткен әскери жүктерді күзету және оған ілесіп жүру жөніндегі нұсқаулықтарға (ережелерге) сәйкес басқа да құжаттар мен мүлікті беруді қамтамасыз етуге міндетті.
257. Арнайы білімнің болуын талап ететін жүктерді тасымалдау кезінде әскери атағы мен тегі бекеттік ведомосқа енгізілетін офицерлер (мамандар) қатарынан ілесіп жүруші тағайындалады.
Ол жөнелту станциясынан белгіленген станцияға дейін қарауылмен бірге бір вагонда болады.
258. Қарауылды жөнелту алдында әскери бөлім бойынша кезекші қарауылдың құрамын және қамтамасыз етілуін, олардың өз міндеттерін білуін, қару-жарақ пен оқ-дәрілердің жай-күйін, әрбір қарауылдың сыртқы келбетін тексереді.
Қарауылдың әзірлігі туралы әскери бөлім бойынша кезекші әскери бөлімнің командиріне (штаб бастығына) баяндайды.
Әскери бөлімнің командирі (штаб бастығы): қарауылды қарап тексеруді жүргізеді, оның қамтамасыз етілгенін тексереді және қарауылға нұсқаулар береді, оның ішінде жол жүргенде қару мен оқ-дәрілерді сақтау қағидалары, қауіпсіздік шараларының, атап айтқанда электрленген теміржол учаскелерінде қауіпсіздік шараларының, өртке қарсы қорғану талаптарын орындау туралы нұсқаулар береді; жауынгерлік міндетті орындауға бұйрық береді; қажет болған жағдайларда көлік құралын бөле отырып, қарауылдың жүкті қабылдау орнына уақтылы келуін қамтамасыз етеді.
259. Әскери жүкті жөнелтуші:
1) жүру жолында жүкті күзету үшін келген қарауылды қарсы алуға, орналастыруға, жеке құрамды ыстық тамақпен және медициналық көмекпен, сондай-ақ оның қаруы мен оқ-дәрілерінің сақталуын қамтамасыз етуге;
2) жылжымалы құрамдағы бекетті арнайы қоршаумен жабдықтауға;
3) қажет болған кезде қарауылдың жеке құрамын орналастыру үшін тағайындалған вагонда қалқалар орнатуға;
4) қарауылға арнайы қарауыл вагоны берілген кезде оны сапасы дұрыс ауызсумен толтыруға, отынмен және жарық түсіру құралдарымен қамтамасыз етуге;
5) теміржол (теңіз, өзен) учаскесінің және станциясының (порттың), әуежайдың әскери комендантын көліктің жөнелтілуге әзірлігі туралы хабардар етуге міндетті.
260. Қарауылды шаруашылық жұмыстарға, жылжымалы құрамға техниканы тиеуге және оны бекітуге тартуға жол берілмейді.
261. Қарауыл бастығы көліктің жүру жолы бойынша теміржол (теңіз, өзен) учаскелерінің және станцияларының (порттарының), әуежайлардың әскери коменданттарына және жүкке ілесіп жүретін офицерге бағынады. Кеме көлігіндегі қарауыл бастығы кеме капитанына (кеме күн тәртібі мәселелері бойынша және авариялар болған кезде) бағынады.
Жалпы және осы Жарғының 249-тармағында көрсетілген міндеттерді орындаудан басқа қарауыл бастығы:
1) әскери жүкті жөнелтушіге қарауылмен бірге тиеуге дейін 3 сағаттан кешікпей келуге және оған өзінің қарауыл бастығы болып тағайындалғаны туралы куәлікті көрсетуге;
2) әскери жүкті жөнелтушіден вагондар (кеме үй-жайлары, әуе кемесінің салондары) және платформалардағы және шағын вагондардағы (кеме палубасындағы) жекелеген орындар тізімдемесінің, оларда жүкті көлік жағдайына келтіру туралы жазба жасаумен, екі данасын, бекеттерге табельді, жүктің ерекшеліктері, оны тасымалдау және тапсыру шарттары туралы нұсқаулықтарды және нұсқауларды алуға;
3) қарауылдың жеке құрамына алда тұрған жүкті күзету тәртібі мен ерекшеліктері туралы, сондай-ақ жүру жолында қауіпсіздік шараларының талаптарын орындау туралы нұсқаулар беруге; әскери көліктің нөмірін және белгіленген пунктті хабарлауға;
4) бекеттер табеліне сәйкес сақшыларды қоюға және олардың ауысым тәртібін белгілеуге;
5) жүктерді тасымалдаудың белгіленген қағидаларының сақталуын қадағалауға;
6) теміржол (теңіз, өзен) учаскелерінің және станцияларының (порттарының), әуежайлардың әскери коменданттарына станцияға (портқа), әуежайға қарауылдың келгені туралы, қабылдау және күзетуге қабылданған жүктің жай-күйі туралы, болған оқиғалар, тасымалдау қағидаларын бұзушылықтар, жолдағы кідірістер туралы, азық-түлік, отын, жарық түсіру, жеке құрамды санитариялық өңдеу құралдарын, тағайындалған пунктке көліктің келгені және алушыға жүкті тапсырғаны туралы баяндауға;
7) құрамды қайта құрған кезде барлық күзетілетін вагондардың оған енгізілуін қадағалауға;
8) теміржол қызметкерлерінен тізімдеме бойынша және қол қойғызып алмалы-салмалы әскери жабдықты қабылдауға, тасымалдау аяқталғаннан кейін оны тапсыруға;
9) қарауылға арналған вагонда (кеме үй-жайында, әуе кемесінің бортында) тәртіп пен тазалықты сақтауға және өрт қауіпсіздігінің талаптарын орындауға;
10) жүк алушыда жүкті алуға құжаттардың болуын тексеруге және тізімдеме бойынша, вагондарды (кеме үй-жайларын, әуе кемесінің салондарын) жіберушінің пломбасымен және платформаларда және шағын вагондарда (кеме палубаларында, әуе кемесінің салонында) тасымалданатын жүк орнының саны бойынша, ал техниканы – есебі бойынша оған тапсыруға; жүкті алушының қолын қойғызып, елтаңбалы мөрмен расталған тізімдеменің бір данасын өзіне қалдыруға;
11) жолаушылар пойыздарында (кемелерінде) жүрген кезде, сондай-ақ вокзалдарда (порттарда, әуежайларда) болған кезде қару мен оқ-дәрілердің сенімді күзетілуін қамтамасыз етуге міндетті.
262. Өрт шыққан, қозғалыс (ұшу) қауіпсіздігіне немесе жүктің сақталуына қатер төндіретін бір нәрсе анықталған жағдайларда қарауыл бастығы өртті сөндіруге немесе бұзушылықтарды жоюға барлық қажетті шараларды қабылдауға міндетті. Оны қарауыл күшімен және пойыз бригадасымен (кеме командасымен, әуе кемесінің экипажымен) жасауға мүмкін болмаған кезде қарауыл бастығы әскери комендант арқылы, ал ол болмағанда – станция (порт, әуежай) бастығы арқылы қажетті көмекті шақыртады.
263. Вагон, ол әрі қарай жол жүре алмайтындай бұзылған жағдайда жөндеу аяқталғанға немесе жүкті ақаусыз вагонға қайта тиегенге дейін қарауылдың күзетінде болатын барлық көлік уақытша тоқтатылады. Жүру жолында әскери көліктің вагондарын ағытуға рұқсат етілмейді. Жүкті басқа вагонға қайта тиеген жағдайда қарауыл бастығы теміржол әкімшілігінен екі данада акті жасауды және оны теміржол учаскесі әскери қатынастар комендатурасының әскери комендантында немесе станция бастығында куәландыруды талап етуге міндетті. Белгіленген пунктке келгеннен кейін қарауыл бастығы жүкті алушыға қайта тиелген вагонға актінің екінші данасына қолын қойғызып тапсырады.
264. Қарауыл бастығы теміржол (теңіз, өзен) учаскелерінің және станцияларының (порттарының), әуежайлардың әскери коменданттарынан басқа біреулерге күзетілетін вагондарға (кеме үй-жайларына, әуе кемесінің салондарына) тізімдемені беруге рұқсат етілмейді.
265. Сақшылар осы Жарғының 250-251-тармақтарына сәйкес орналастырылады және әскери жүктерді күзету жөніндегі өз міндеттерін орындайды.
266. Қарауылдың жеке құрамы осы Жарғының 252-тармағында мазмұндалған нұсқауларға сәйкес демалады.
267. Әскери бөлімнің командирі (жүкті алушы):
1) қарауылды келген уақытынан бастап 8 сағаттан кешіктірмей босатуға, жүкті қабылдағаны туралы қарауыл бастығының тізімдемесіне қол қоюға және елтаңбалы мөрмен растауға;
2) қару мен оқ-дәрілердің сақталуын, қарауыл жеке құрамының орналасуын және демалуын, қажет болған кезде оның санитариялық өңделуін қамтамасыз етуге;
3) егер қажет болса қарауылды азық-түлікпен толық қамтамасыз етуге;
4) қарауылды теміржол станциясына (портқа, әуежайға) жеткізуге және оны өз әскери бөліміне жіберуге міндетті.
268. Қарауылды ауыстыру Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабы бастығының және басқа да әскерлері мен әскери құралымдары тиісті басшыларының бұйрығы бойынша жүргізіледі.
Жаңа қарауыл келгенге дейін көлікті уақытша күзетуді ұйымдастыру көлік тоқтатылған аумақтағы гарнизон бастығына (әскери бөлімнің командиріне) жүктеледі.
269. Қарауыл бастығы өз әскери бөліміне қайтып оралғаннан кейін жауынгерлік міндеттің орындалғаны және қарауыл жеке құрамының қызметті өткергені туралы әскери бөлімнің штаб бастығына (командиріне) баяндауға; кетерде алған қаруын, оқ-дәрілер мен мүлікті тапсыруға және ақшалай қаражаттың жұмсалуына, әскери тасымалдау құжаттарына және азық-түлікке есеп беруге; жүкке ілесіп жүру жөніндегі құжаттарды тапсыруға міндетті.
270. Автомобиль көлігімен тасымалданатын жүктерді күзету осы Жарғының 253-258-тармақтарына сәйкес жүзеге асырылады. Тасымалдау шарттарына және жүктердің маңыздылығына байланысты бір бекет 10 автомобильге дейін қамтуы мүмкін.
Қарауыл өз міндеттерін орындау үшін байланыс құралдарымен қамтамасыз етіледі.
Қарауыл бастығы лек бастығына және көлікке ілесіп жүретін офицерге, ал егер ілесіп жүруші тағайындалмаса – жүктерді тасымалдау үшін тағайындалған автомобиль бөлімшесінің командиріне бағынады.
271. Қозғалыс уақытында сақшылар бекет құрамына кіретін автомобильдер шанақтарына (кабиналарына): бірі – бас жағындағы, басқасы – ортасындағы, ал үшіншісі – соңғы автомобильге орналастырылады.
Лектердің тоқтаулары уақытында сақшылар лектің екі жағында бола тұрып, көліктің күзетін атқарады.
Қозғалыс уақытында қысқа тоқтауларда сақшылар қызметті бір уақытта, ал ұзақ тоқтауларда – ауысым бойынша атқарады.
Сақшы:
1) тасымалданатын жүктің сақталуын қадағалауға және қозғалыс жақтары бойынша қадағалау жүргізуге;
2) қарауыл бастығының рұқсатынсыз бөгде адамдардың автомобильдерге өтуіне жол бермеуге;
3) қажет болған жағдайда автомобиль жүргізушілеріне және қарауыл бастығына белгіленген сигналдарды беруге;
4) лектің тоқтаулары уақытында күзетілетін жүктерді ұдайы қадағалауға, оларға бөгде адамдарды жібермеуге, бекеттер табелінде көрсетілген арақашықтықта шылым шегуге және от жағуға рұқсат етпеуге;
5) қарауыл бастығының рұқсатымен әскери қызметшілерді автомобильдерді жөндеуге жіберуге міндетті.
Қарауыл адамдарының құқықтары мен міндеттері. Қарауыл бастығыЖалпы міндеттер
272. Қарауыл бастығы қарауылға тапсырылған объектілерді күзетуге және қорғауға, қарауыл жеке құрамының жауынгерлік әзірлігіне, олардың қызметті дұрыс өткеруіне, бекеттердегі және қарауылдық үй-жайдағы техникалық күзет құралдарының, қоршаулардың, байланыс және өрт сөндіру құралдарының, көлік құралдарының сақталуына және оны дұрыс пайдалануға, сондай-ақ тізімдемеге сәйкес қарауылдық үй-жайда тұрған қаруға, оқ-дәрілер мен басқа да мүлікке жауап береді.
273. Қарауыл бастығы өзі немесе қарауыл құрамымен күзетілетін объектілерге, қарауылға, қарауылдық үй-жайға шабуыл жасалған жағдайларда немесе қашып бара жатқан әскери қызметшілерге (әкімшілік қамаққа алуға тартылған әскери қызметшілерден басқа), сондай-ақ дабыл сигналын беру немесе көмек шақырту үшін қару (арнайы құралдар) қолданады.
Қаруды қолданар алдында дауыстап немесе оны қолдану ниеті туралы жоғары оқ атып ескертуге тиіс.
Ескертусіз қару кенеттен немесе қарулы шабуыл, жауынгерлік техниканы, көлік құралдарын, ұшу аппараттарын, теңіз және өзен кемелерін пайдаланумен шабуыл жасау кезінде, сондай-ақ қамауға алынған адамдар қарумен қашқан кезде және олардың қозғалысы кезінде көлік құралдарынан қолданылуы мүмкін.
274. Қарауыл бастығы:
1) қарауылдың міндеттерін, қарауыл бастығының нұсқаулығын және қарауылдың барлық адамдарының міндеттерін білуге;
2) қарауылдың жеке құрамынан олардың өз міндеттерін анық білуін және нақты орындауын, жоғары қырағылық пен тәртіпті талап етуге;
3) тізімдеме бойынша ауысатын қарауыл бастығынан құжаттарды, оқ-дәрілері бар жәшіктерді, олардағы мөрлер мен оларға кілттерді, сондай-ақ техникалық күзет құралдарын, байланыс және өрт сөндіру құралдарын қабылдауға;
4) нұсқаулықта көрсетілген күзетілетін анағұрлым маңызды объектілердің жай-күйін, оларға жарық берудің ақаусыздығын, қоршаудың және жертасалардың дұрыстығын, сондай-ақ қарауылдық үй-жайдың жай-күйін ауысатын қарауыл бастығымен бірге өзі сыртынан қарап-тексеру арқылы, ал қалған күзетілетін объектілердің жай-күйін таратушылар немесе өзінің көмекшісі арқылы тексеруге; қарауылды қабылдау кезінде жойылуы мүмкін емес, бірақ объектілерді сапалы күзетуді қамтамасыз етуге әсер етпейтін, бекеттерде және күзетілетін объектілердің қоршауларында анықталған барлық ақаулар туралы бекеттік ведомосқа жазуға;
5) объектіні (бекетті) сенімді күзетуді қамтамасыз етуге ықпал ететін кемшіліктер анықталған жағдайда объектіні (бекетті) күзетуді шұғыл күшейтуге, ол туралы қарауылдар (әскери бөлім) бойынша кезекшіге баяндауға, одан әрі оның нұсқауы бойынша әрекет етуге;
6) бекеттерге ауысымдарды белгіленген уақытта жіберуге, бұл ретте таратушылардың және қарауылдардың өз міндеттерін білуін тексеруге және оларға әрбір бекетте қызмет өткеру ерекшеліктерін ескертуге;
7) резервтегі (бақылау-күзету) топтардың ұдайы жауынгерлік әзірлігін, қарауыл көлік құралының, байланыс құралының ақаусыздығын, қарауыл жеке құрамының қару мен оқ-дәрілерді ақаусыз ұстауын, қаруды оқтау, оғын алу қағидаларының сақталуын, бұл ретте қауіпсіздік талаптарының орындалуын, сондай-ақ бекеттерге жіберілетін қарауылдың барлық адамдарының қарауылдық үй-жайда тұтандыратын, шылым шегу керек-жарақтары мен бөгде заттарын қалдырып кетуін қадағалауға;
8) осы Жарғының 174-185-тармақтарының талаптарына сәйкес қарауылда ішкі тәртіпті ұстауға;
9) бекеттерден әрбір ауысым қайтып оралғаннан кейін қарауылдың жеке құрамына резервтегі топтарға жауынгерлік есеп жүргізуге, күзетілетін объектілерге немесе қарауылдық үй-жайларға шабуыл жасалған жағдайға және нұсқаулықта мазмұндалған нұсқауларға сәйкес өрт сөндіру жағдайына оларға тапсырмалар қоюға және олардың іс жүзіндегі іс-қимылын тексеруге;
10) кемінде тәулігіне екі рет (оның ішінде түнде бір рет) сақшылардың қызмет өткеруін, күзетілетін объектілердің және қоршаулардың жай-күйін, байланыс және өрт сөндіру құралдарының ақаусыздығын өзі тексеруге, осы мақсаттар үшін бекеттік ведомоста ол туралы жазба жасай отырып, өз көмекшісін және таратушыны кезең-кезеңімен жіберуге;
11) сақшы шақыртқан немесе одан белгіленген уақытта қызмет өткеру туралы баяндау түспеген жағдайда таратушыны (өз көмекшісін) жіберуге немесе бекетке өзі келуге;
12) қарауылдық үй-жайға, бұл ретте осы Жарғының 282, 283-тармақтарын басшылыққа ала отырып, оған құқығы бар адамдардан басқа ешкімді кіргізбеуге;
13) ұсталған күдікті адамдардың және өткізу режімін бұзумен объектіге өтіп кетуге әрекет жасаған адамдардың жеке басын анықтауға, қысқаша сауал жүргізуге қоюға, ал қажет болған кезде толық тексеруге, олар туралы қарауылдар (әскери бөлім) бойынша кезекшіге баяндауға;
14) офицерлердің әскери бөлім бойынша кезекші бөлмесіндегі жеке қарулары тұратын шкафтарды күзету дабылының рұқсат етілмеген өздігінен іске қосылу себебін анықтауға, ал қажет болған кезде ол жерге өз көмекшісін (таратушыны) жіберуге;
15) қарауылдар (әскери бөлім) бойынша кезекшінің немесе оның көмекшісінің рұқсатымен бөлімнің медициналық пунктіне немесе жақын жердегі емдеу мекемесіне қарауыл құрамындағы сырқаттанғандарды жіберуге және қарауылдар (әскери бөлім) бойынша кезекшіден оны ауыстыруды талап етуге; қысқы уақытта жеке құрамның үсікке шалдығуының алдын алу жөнінде шаралар қабылдауға;
16) сақшының қару қолданған әрбір жағдайын сол жерде анықтауға және жедел қарауылдар (әскери бөлім) бойынша кезекшіге ол туралы баяндауға міндетті.
Ескерту. 274-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 23.08.2023 № 306 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.
275. Егер сақшыны ауыстырған кезде бекетте қандай да бір ақау анықталатын болса, қарауыл бастығы шақырту бойынша бекетке келеді және ақаудың сипаты мен себептерін анықтап, қарауылдар (әскери бөлім) бойынша кезекшіге баяндайды, одан әрі оның нұсқауы бойынша әрекет етеді.
276. Қарауыл құрамынан біреуі өз міндеттерін орындамаған немесе өзге де теріс қылық жасаған кезде қарауыл бастығы қажетті шараларды (бекеттен алу, қаруды, оқ-дәрілерді алу және тағы басқа) қабылдайды және шұғыл қарауылдар (әскери бөлім) бойынша кезекшіге ол туралы баяндайды.
Егер жасалған теріс қылықтың сипаты бойынша әскери қызметші одан әрі қызмет өткеруге жіберілмейтін болса, онда ол қарауылдар (әскери бөлім) бойынша кезекшінің бұйрығы бойынша оны басқа әскери қызметшімен ауыстыру үшін қарусыз және оқ-дәрілерсіз әскери бөлімге (бөлімшеге) жіберіледі. Оған әскери бөлімнен (бөлімшеден) осы мақсат үшін шақыртылған адам ілесіп жүреді. Теріс қылықты анықтау бөлімшеде жүргізіледі.
277. Егер қарауыл бастығы кенеттен сырқаттанса, онда ол туралы қарауылдар (әскери бөлім) бойынша кезекшіге баяндайды және оның нұсқауы бойынша әрекет етеді.
Таратушының біреуі кенеттен сырқаттанған кезде қарауыл бастығы оның міндеттерін өз көмекшісіне жүктейді немесе оларды өзі орындайды және ол туралы қарауылдар (әскери бөлім) бойынша кезекшіге баяндайды.
278. Қарауыл бастығы мынадай жағдайларда қарауылды:
1) күзетілетін объектілерге, сақшыларға, қарауылдар ауысымына (бақылау-күзету тобына) немесе қарауылдық үй-жайға шабуыл жасалған;
2) техникалық күзет құралдары рұқсат етілмеген өздігінен іске қосылған;
3) алып тасталды - ҚР Президентінің 23.08.2023 № 306 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.
4) күзетілетін объектілерде немесе қарауылдық үй-жайда өрт шыққан немесе табиғи және техногендік сипаттағы басқа да жағдайлар туындаған;
5) жауынгерлік әзірліктің жоғары деңгейіне келтіруге сигнал алған;
6) қарауылды тексеретін адамдардың бұйрығы бойынша (осы Жарғының 186-187-тармақтары);
7) жалпыбригадалық (жалпыполктік) кешкі тексеру өткізген кезде "қаруға" шақыруға міндетті.
Қарауылды "қаруға" шақыру үшін қарауыл бастығы "Қарауыл, ҚАРУ-ҒА" командасын береді. Осы команда бойынша қарауылдың жеке құрамы осы Жарғының 180-тармағында көрсетілгендей әрекет етеді.
Ескерту. 278-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 23.08.2023 № 306 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.
279. Күзетілетін объектілерге, сақшыларға немесе қарауылдық үй-жайға шабуыл жасалған кезде қарауыл бастығы нұсқаулыққа сәйкес әрекет етеді және жағдайға байланысты шабуылға тойтарыс беруге шаралар қабылдайды; шабуыл жасалғаны туралы қарауылдар (әскери бөлім) бойынша кезекшіге шұғыл баяндайды.
Қажет болған жағдайда қарауыл бастығы жауынгерлік патрондар, гранаталар мен тұтандырғыштар қоры бар жәшікті ашады. Кейіннен оқ-дәрілерді жәшіктерден алғаны туралы акті жасайды.
280. Егер күзетілетін объекті (бекет табелінде көрсетілген арақашықтықтан жақын) немесе қарауылдық үй-жай маңында қоғамдық тәртіп бұзылса немесе қарауылдың қойылған міндеттерді сенімді орындауының төмендеуіне қатер төнсе, қарауыл бастығы қарауылдың күшімен тәртіпті қалпына келтіруге шаралар қабылдайды және ол туралы қарауылдар (әскери бөлім) бойынша кезекшіге шұғыл баяндайды.
281. Күзетілетін объектілерде немесе қарауылдық үй-жайда шыққан өртті сөндіруді қарауыл бастығы жауынгерлік есепке сәйкес резервтегі қарауыл тобының күшімен ұйымдастырады; мүлікті сақтап қалуға шаралар қабылдайды; болған оқиға туралы қарауылдар (әскери бөлім) бойынша кезекшіге шұғыл баяндайды және одан әрі оның нұсқауы бойынша әрекет етеді.
Күзетілетін объектінің техникалық аумағында немесе ішкі және сыртқы қоршауы бар объектіде, сондай-ақ оның жанында өрт шыққан кезде қарауыл бастығы ол туралы қарауылдар (әскери бөлім) бойынша кезекшіге шұғыл баяндайды және оның нұсқауы бойынша әрекет етеді.
Жанар-жағар май материалдарын немесе жарылғыш заттарды (оқ-дәрілерді) сақтау объектісінде өрт шыққан жағдайда қарауыл бастығы қарауылдар (әскери бөлім) бойынша кезекшіге баяндайды, объектіні ашады және жауынгерлік есепке сәйкес өрт сөндіруге шаралар қабылдайды.
Егер күзетілетін объектіге төтенше жағдайлар қатері төнсе, қарауыл бастығы ол туралы қарауылдар (әскери бөлім) бойынша кезекшіге баяндайды және күзетілетін мүлікті сақтап қалуға шаралар қабылдайды.
Өміріне төтенше жағдайлар қатері төнген сақшыларға қарауыл бастығы күзетілетін объектілерді қадағалауды жалғастыра алатын қауіпсіз орындарға ауысуға бұйрық береді, ал қатер өткен соң оларды бұрынғы орындарына қояды.
282. Қарауыл бастығы қарауылдық үй-жайға тек қарауыл бағынатын адамдарды (осы Жарғының 109-тармағы) және олар ілесіп жүретін адамдарды, сондай-ақ қарауыл тағайындалған бөлімше командирін, оның орынбасарларын және, егер ол олардың түрін білетін болса, бөлімше командирінің барлық тікелей бастықтарын кедергісіз кіргізеді. Осы адамдардың қарауылдық үй-жайға келгені туралы қарауыл бастығы қарауылдар (әскери бөлім) бойынша кезекшіге баяндайды. Одан басқа, қарауыл бастығы қарауылдық үй-жайда күзетілетін объектілерді ашу (жабу) үшін келген адамдарды, олардың жеке басын және келу мақсатын анықтағаннан, күзетілетін объектіні ашуға (жабуға) құқық беретін тізіммен рұқсаттаманы және тиісті мөрдің (пломбаланған бедерлерінің) бар болуын салыстырғаннан кейін кіргізеді.
Осы Жарғының 187-тармағында аты аталған бастықтардың тапсырмасы бойынша қарауылды тексеру үшін келген адамдар қарауылдық үй-жайға, егер қарауыл оған бағынатын болса, тек қарауылдар (әскери бөлім) бойынша кезекшінің немесе оның көмекшісінің (әскери бөлім бойынша кезекші көмекшісінің) ілесіп жүруімен жіберіледі.
Ішкі қарауылды тексеру үшін келген өз әскери бөлімінің офицерлері қарауылдық үй-жайға жеке басының куәлігі және онда тиісті уақыты көрсетілген қарауылды тексеруге құқық беретін біржолғы куәлік бойынша жіберіледі.
Дұрыс ресімделмеген құжаттармен келген адамдарды қарауыл бастығы ұстайды, олар туралы қарауылдар (әскери бөлім) бойынша кезекшіге шұғыл баяндайды және оның нұсқауымен әрекет етеді.
Қарауылды тексеруге келген адамдардан басқа, қарауылдық үй-жайға әрбір жіберу туралы қарауыл бастығы бекеттік ведомосқа жазба жасайды.
Қарауылдарды ауыстыру уақытында қарауылдық үй-жайға және күзетілетін объектілерге, қарауылды тексеру үшін келген адамдардан басқа, жіберілім жүргізілмейді.
283. Қарауыл бағынатын адамдар немесе олардың тікелей бастықтары, ал гарнизондық қарауылға, сондай-ақ өз әскери бөлімінің командирі қарауылға келгеннен кейін қарауыл бастығы оларға баяндайды, мысалы: "Генерал-майор мырза, қызмет өткеру уақытында оқиғалар болған жоқ. Қарауыл бастығы аға лейтенант Шоқпаров".
Қарауыл бастығы баяндаған кезде қарауылдық үй-жайдағы қарауылдың сергек ауысымы өз бетімен саптық қалыпты қабылдайды.
Қарауылдық үй-жайға қарауыл бастығының әскери атағымен тең немесе атағы бойынша одан үлкен басқа адамдар келген жағдайда қарауыл бастығы келгенге жақындайды және өзін таныстырады, мысалы: "Майор мырза, қарауыл бастығы капитан Егізбаев", одан кейін осы Жарғының 282-тармағында көрсетілгендей әрекет етеді.
284. Қарауыл бағынатын бастықтардың атынан басқа адамдар арқылы берілетін бұйрықтар алған кезде қарауыл бастығы осы адамдардан парольді сұрауға міндетті. Алынған бұйрықтың дұрыстығына күмәнданған жағдайда қарауыл бастығы, ол ыңғайлы деп тапқан кез келген тәсілмен берілген бұйрықтың дұрыстығын тексереді.
285. Жауынгерлік әзірліктің жоғары дәрежесіне келтіру сигналы жарияланған кезде қарауыл бастығы қарауылды "қаруға" шақырады, таратушылар мен қарауылдарға тапсырма қояды (нақтылайды), бекеттер мен қарауылдық үй-жайлардың күзетін күшейтеді; сақтау орындары (қоймалары) бастықтарының күзетілетін объектілерді жылдам ашуын қамтамасыз етеді; өткізілген іс-шаралар, қарауылдың ауысуға әзірлігі туралы қарауылдар (әскери бөлім) бойынша кезекшіге баяндайды және оның нұсқауы бойынша әрекет етеді.
286. Қарауыл бастығына:
1) сақшыларды ауыстыру, олардың қызмет өткеруін тексеру үшін немесе олардың шақыруы бойынша, сондай-ақ күзетілетін объекті маңында оқиға немесе төтенше жағдайлар болған жағдайдан басқа, қарауылдық үй-жайдан кетуге; қарауылдық үй-жайдан кеткен кезде ол өзінің орнына көмекшісін, ал ол болмаған жерде – таратушыны немесе қарауылдардың біреуін қалдырады;
2) телефон арқылы өзі қызметпен байланысты емес сөйлесуге немесе қарауылдың басқа адамдарына оған рұқсат етуге;
3) қарауылдар (әскери бөлім) бойынша кезекшінің рұқсатынсыз қарауыл құрамынан біреулерді жіберуге;
4) қарауылдар (әскери бөлім) бойынша кезекшінің рұқсатынсыз бекеттік ведомоста көзделген сақшыларды ауыстыру тәртібін өзгертуге;
5) қарауылдар (әскери бөлім) бойынша кезекшінің рұқсатынсыз оларды жөндеу және ақауларын жою үшін сигнал беру құралдарын өшіруге;
6) қарауыл үшін бөлінген көлік құралдарын мақсатсыз пайдалануға тыйым салынады.
Қарауыл бастығының әскери бөлімнің Жауынгерлік Туынкүзету жөніндегі ерекше міндеттері
287. Қарауыл бастығы өз әскери бөлімінің Жауынгерлік Туын және егер олар қарауылға күзетке тапсырылған болса, басқа да әскери бөлімдердің жауынгерлік туларын күзетуге жауап береді.
Қарауылды ауыстырған кезде ол ауысатын қарауыл бастығынан Жауынгерлік Туды мөрленген тыста немесе мөрленген шыны шкафта, бұл ретте тыстың (шкафтың) және мөрдің дұрыстығын тексере, оның бедерлемесімен мөрді салыстыра отырып өзі қабылдап алуға міндетті. Тыстың (шкафтың) және мөрдің дұрыстығына көзі жеткеннен кейін ол таратушыға және бекетке түсетін қарауылға Жауынгерлік Туды күзетуге қабылдап алуға бұйрық береді.
288. Жауынгерлік Туды қарауыл бастығы тек әскери бөлім штабының бастығына немесе оның көмекшісіне (орынбасарына), олар Жауынгерлік Туды шығарудың әрбір жағдайына әскери бөлімнің командирі қол қойған рұқсатнаманы ұсынғаннан кейін береді.
Бірнеше әскери бөлімнің жауынгерлік тулары бірге сақталған кезде қарауыл жарақтандырылған әскери бөлімнің командирі қол қойған рұқсатнама ол берілетін бөлімнің өтінімі және Жауынгерлік Туды шығару туралы бұйрықтан үзінді-көшірме негізінде беріледі.
Жауынгерлік Туды берер алдында қарауыл бастығы техникалық байланыс құралдары арқылы қарауылдар бойынша кезекшіден (әскери бөлім бойынша кезекшіден) жауынгерлік туларды күзету бойынша бекетті ашуға рұқсатының болуын нақтылайды.
Штаб бастығы немесе оның көмекшісі (орынбасары) тысын алады және қарауыл бастығының қатысуымен бекеттер табеліне сәйкес матаның, ордендердің, орден ленталарының, баулардың, шашақтардың, ұштығының, сабының бар болуын және жай-күйін тексереді және Жауынгерлік Туды қабылдайды, одан кейін қарауыл бастығы бекеттік ведомосқа жазба жасайды, мысалы: "2007 жылғы 25 қаңтарда 12 сағат 45 минутта Кутузов және Отан ордендері мен оларға орден ленталары бар 00000 әскери бөлімінің Жауынгерлік Туы № 50 рұқсатнамаға сәйкес штаб бастығы подполковник Қ.Ж. Қанафинге берілді".
Қарауыл бастығы мен Жауынгерлік Туды қабылдаған офицер осы жазбаның астына қолдарын қояды. Қарауыл бастығы жазбаша рұқсатнаманы өзіне қалдырады.
289. Жауынгерлік Ту қарауылдың күзетуіне қайтып берілген кезде қарауыл бастығы бекеттер табеліне сәйкес матаның, ордендердің, орден ленталарының, баулардың, шашақтарының, ұштықтың, сабының бар болуын және жай-күйін тексереді және ту ұстаушының немесе ассистенттерінің Жауынгерлік Туды дұрыс орауын қадағалайды. Жауынгерлік Туды тыспен қаптағаннан (Жауынгерлік Ту шкафқа қойылғаннан) және тысына (шкафқа) елтаңбалы мөр басылғаннан кейін қарауыл бастығы онда бар бедерлемемен мөрді салыстырады және таратушыға және сақшыға Жауынгерлік Туды күзетуге қабылдап алуға бұйрық береді. Жауынгерлік Туды күзетуге қабылдап алғаннан кейін қарауыл бастығы қандай ордендер мен орден ленталарын және қанша санында қабылдағанын көрсетумен бекеттік ведомосқа тиісті жазба жасайды; одан кейін қарауыл бастығы мен Жауынгерлік Туды тапсырған офицер осы жазбаның астына қолдарын қояды.
Қарауылды ауыстырғаннан кейін жазбаша рұқсатнама бекеттік ведомоспен бірге тапсырылады.
Егер Жауынгерлік Туды бергеннен кейін сақшы бекеттен алынатын болса, онда оны бекеттен алу туралы және осы бекетке қайта қою туралы бекеттік ведомосқа жазба жасалады.
290. Жауынгерлік Ту жанындағы бекетке қатер (өрт немесе зілзала) төнсе қарауыл бастығы өзі Жауынгерлік Туды сақтап қалуға шаралар қабылдайды және оның жаңа орында күзетілуін ұйымдастырады.
Қарауыл бастығының техникалық күзет құралдарымен жабдықталғанобъектілерді күзету жөніндегі ерекше міндеттері
291. Техникалық күзет құралдарымен жабдықталған объектілерді күзететін қарауыл бастығы осы Жарғының 272-286-тармақтарында көзделген жалпы міндеттерін орындаудан басқа:
1) техникалық күзет құралдарының сигналдарын қабылдау аппаратурасы жанындағы кезекшілікті атқару кестесін жасауға және бекеттік ведомоста есеп жүргізуге;
2) сигналдарды қабылдау аппаратурасы жанындағы қарауыл бастығының техникалық күзет құралдары жөніндегі көмекшісінің (оператордың) қызмет өткеруін бақылауға;
3) кестеге сәйкес техникалық күзет құралдарының ақаусыздығын өзі тексеруге және осы мақсатпен қарауыл бастығының техникалық күзет құралдары жөніндегі көмекшісін жіберуге;
4) сақшыларды қоюмен, осы құралдармен жабдықталған объектілерді күзету және қорғау кезінде техникалық күзет құралдарының сигналдарын қабылдау аппаратурасына бақылауды жүзеге асыруға міндетті.
292. Бақылау-күзету топтарының кезекшілігі тәсілімен объектіні күзететін қарауылды ауыстыру кезінде жаңа қарауыл бастығы, осы Жарғының 149, 150-тармақтарында жазылғаннан басқа, жауынгерлік есепті жүргізеді, объектіні өзі қабылдайды және қарауыл бастығының техникалық күзет құралдары жөніндегі көмекшісімен (операторымен) бірлесіп, техникалық күзет құралдарының ақаусыздығын тексереді.
Егер қарауыл құрамына операторлар ауысымы тағайындалса, қарауыл бастығы жауынгерлік есеп жүргізеді, құжаттаманы және техникалық күзет құралдарының сигналдарын қабылдау аппаратурасын қабылдау үшін оператор тағайындайды, ал одан кейін оператормен және ауысатын қарауыл бастығымен бірге объектіні күзетуге қабылдайды. Объектіні қабылдау уақытында жаңа қарауыл бастығы аппаратураны қабылдайтын оператормен техникалық күзет құралдарының жай-күйіне байланысты барлық мәселелерді шешеді.
293. Объектілік анықтау құралдарымен жабдықталған объектілерді күзетуге қабылдау кезінде қарауыл бастығы (оның көмекшісі немесе таратушысы) объектіні қабылдайды және қарауыл бастығының техникалық күзет құралдары жөніндегі көмекшісімен (оператормен) бірлесіп, күзет құралдарының ақаусыздығын тексереді.
Одан кейін күзет құралдары іске қосылады, ал қарауыл бастығы ол туралы бекеттік ведомосқа жазба жасайды. Объектіні ашқаннан және бекеттік ведомосқа тиісті жазба жасалғаннан кейін, осы Жарғының 299-тармағында көрсетілгендей, күзет дабылдамасының және анықтаудың объектілік құралдары өшірілуі мүмкін.
Өрт дабылдамасының техникалық құралдары тәулік бойы қосулы тұрады, ол қарауыл ауысқан кезде жазбамен расталады.
294. Техникалық күзет құралдары рұқсат етілмеген өздігінен қосылған жағдайда қарауыл бастығы қарауылды "қаруға" шақырады, ол туралы қарауыл (әскери бөлім) бойынша кезекшіге хабарлайды және жағдайды анықтау және объектінің сенімді күзетілуін қамтамасыз ету үшін қажетті шараларды қабылдау үшін бақылау-күзету (резервтегі) тобымен жедел кетеді немесе тиісті таратушыны және техникалық күзет құралдары жөніндегі көмекшіні (операторды) жібереді.
Өрт дабылдамасының техникалық құралдары бойынша өрт туралы сигнал алған кезде қарауыл бастығы қарауылды "қаруға" шақырады және осы Жарғының 281-тармағында көрсетілгендей әрекет етеді.
295. Техникалық күзет құралдары істен шыққан кезде қарауыл бастығы қарауылдар (әскери бөлім) бойынша кезекшіге шұғыл баяндайды және қарауыл бастығына нұсқаулықта жазылған нұсқауларға сәйкес объектінің күзетін күшейтеді.
Қарауыл бастығының штабтарды, басқару пункттерімен мекемелерді күзету жөніндегі ерекше міндеттері
296. Штабтарды, басқару пункттері мен мекемелерді күзету жөніндегі қарауыл бастығы осы Жарғыда көзделген жалпы міндеттерді орындаудан басқа:
1) өткізу жүйесін; рұқсаттамалардың, жеке басын куәландыратын құжаттардың сипаты мен қолдану уақытын; бекеттер арқылы әскери қызметшілерді, азаматтық персоналды, келушілер мен көлік құралдарын өткізу тәртібін білуге;
2) бекет арқылы рұқсаттамасыз бұзушы өтіп кеткен (бұзып өткен) кезде қарауылды "қаруға" шақыруға;
3) рұқсаттама режімін бұзумен объектіге (объектіден) өтуге әрекет жасаған адамдарды ұстауға шаралар қабылдауға міндетті.
Қарауыл бастығының сақтау орнына (қоймаларға, парктерге) жіберужәне оларды күзетуге қабылдау кезіндегі ерекше міндеттері
297. Қарауылдың күзетінде болатын сақтау орындарына (қоймаларға, парктерге) жіберу кезінде қарауыл бастығы:
1) техникалық байланыс құралдары арқылы қарауылдар (әскери бөлім) бойынша кезекшіден осы объектіні ашуға рұқсатының болуын, сондай-ақ ашу уақыты мен мақсатының, объектіні ашу үшін келген адамның лауазымы мен тегінің сәйкестігін анықтауға;
2) ұсынылған рұқсатнаманың қарауылдық үй-жайда болатын үлгімен сәйкес келуін салыстыруға және келушінің жеке басын куәландыратын құжатты тексеруге;
3) келген адамның тегі мен лауазымының қарауылдық үй-жайда болатын тізіммен сәйкес келуін салыстырып тексеруге (осы Жарғының 122-тармағы);
4) ұсынылған мөрді (пломбаланған бедерлерді) қарауылдық үй-жайдағы мөр таңбасының (пломба бедерлемесінің) үлгісімен салыстырып тексеруге міндетті.
Сақтау орнын (қойманы, паркті) ашу және жабу үшін рұқсатнама ресімдеу барысында осы мақсатпен келген адам қарауылдық үй-жайдың тамбурында болады және басқа бөлмелерге жіберілмейді.
298. Егер барлық ұсынылған құжаттар, сондай-ақ мөр (пломбаланған бедерлер) үлгілермен сәйкес келсе, қарауыл бастығы таратушыға келгенді сақтау орнын (қойманы, паркті) ашуға (жабуға) жіберуге бұйрық береді.
Ұсынылған рұқсатнаманы қарауыл бастығы өзіне қалдырады. Қарауыл ауысқаннан кейін біржолғы рұқсатнама бекеттік ведомоспен бірге тапсырылады, ал тұрақты рұқсатнама объектіні қарауылдың күзетуіне өткізгеннен кейін ұсынушыға қайтарылып беріледі.
Қарауыл бастығы сақтау орындарына (қоймаларға, парктерге) жіберуді бекеттер табелінде көрсетілген талаптарды нақты орындаумен рұқсат етеді.
Өрт қаупі бар сақтау орындарына (қоймаларға, парктерге) жіберуді қарауыл бастығы бекеттер табелінде көрсетілген тәртіппен арнайы аяқкиімде, керосин қолшамдарынсыз, оқ ату және суық қаруынсыз, шылым шегу және тұтандыру керек-жарақтарынсыз рұқсат етеді.
Сақтау орнын (қойманы, паркті) күзетуге қабылдауды қарауыл бастығы тек жабу үшін келген адамда өрт жетоны бар болған кезде жүзеге асырады.
299. Сақтау орнын (қойманы, паркті) ашқан және жапқан кезде қарауыл бастығы ол туралы бекеттік ведомоста жазба жасайды және сақтау орнын (қойманы, паркті, ақша жәшігін) ашу (жабу) үшін келген адаммен бірге осы жазбаның астына қолдарын қояды.
Қарауыл ауысқанға дейін қандай да бір сақтау орны (қойма, парк) күзетуге тапсырылмаған жағдайда ол туралы жаңа бекеттік ведомоста, сондай-ақ оның астына ауысқан және жаңа қарауыл бастықтары қолдарын қоятын жазба жасалады, ал рұқсатнама жаңа қарауыл бастығына беріледі.
300. Сақтау орнын (қойманы, паркті) бір сағаттан артық емес ашқан кезде қарауыл бастығы сақшыны бекетке қалдырады, ал сақтау орнын (қойманы, паркті) бір сағаттан астам уақытқа ашқан кезде бекеттер табелінде бар нұсқауларға сәйкес әрекет етеді.
Сақтау орнын (қойманы, паркті) ашқан уақытта сақшыны алғаны туралы және оны қайтадан осы бекетке қойғаны туралы қарауыл бастығы бекеттік ведомоста тиісті жазба жасайды.
301. Қарауыл бастығы сақтау орнына (қоймаға, паркке) кіруге мынадай жағдайларда:
1) егер осы сақтау орнын (қойманы, паркті) ашу қарауылдар (әскери бөлім) бойынша кезекшідегі қарауыл күзететін объектілерді ашуға нарядтарда ресімделмесе;
2) егер рұқсатнамада аты аталған адам тағайындалған күні және сағатта емес немесе тиісті құжаттарсыз келсе;
3) егер тізімде немесе рұқсатнамада көрсетілген адамның орнына басқа адам келсе;
4) егер рұқсатнама немесе жеке басын куәландыратын құжат дұрыс ресімделмесе, сондай-ақ мөрдің бедерге (пломбалау бедерлерінің пломба бедерлемесіне) немесе рұқсатнама үлгісіне сәйкес келмеген кезде рұқсат етпейді.
Барлық аталған жағдайларда қарауыл бастығы келгенді ұстайды, ол туралы бекеттік ведомоста жазба жасайды, қарауылдар (әскери бөлім) бойынша кезекшіге баяндайды және алдағы уақытта оның нұсқауы бойынша әрекет етеді.
302. Қарауылдың күзетінде болатын парктерге немесе жауынгерлік машиналардың (қару-жарақ пен әскери техниканың) тұрақ орындарына жіберу осы Жарғының 297-301-тармақтарының нұсқауларына сәйкес жүргізіледі.
Гауптвахта жанындағы ауысым бастығының міндеттері
Ескерту. Кіші бөлімнің тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 23.08.2023 № 306 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.
303. Гауптвахта жанындағы ауысым бастығына осы Жарғының 272 – 286-тармақтарында көзделген қарауыл бастығының жалпы құқықтары мен міндеттері қолданылады.
Гауптвахта жанындағы ауысым бастығының ерекше міндеттері:
1) гауптвахта бастығының (әскери полиция органы бойынша кезекшінің) нұсқауы бойынша осы Жарғының 214-тармағында көрсетілген құжаттар негізінде қылмыстық жазалауға сотталған немесе қамаққа алу түріндегі әкімшілік жазаға тартылған, оларға қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалған күдікті және айыпталушы әскери қызметшілерді күзетуге қабылдауға;
2) ауысымды қабылдаған кезде гауптвахтада ұсталатын әскери қызметшілерді гауптвахта бастығы (әскери полиция органы бойынша кезекші) қол қойған атаулы тізіммен (16-қосымша) камера бойынша жеке өзі қабылдауға;
3) кезекші ауысым түскен кезде және қызмет атқару уақытында камералардың (үй-жайлардың) жай-күйін тексеруге, бұл ретте қабырғаның, төбенің, терезенің, тордың бүтіндігіне, есіктегі бекітпе мен құлыптың беріктігіне, техникалық күзет құралдарының ақаусыздығына назар аударуға; гауптвахтада ұсталатын әскери қызметшілер бар камерадағы техникалық күзет құралдарының рұқсатсыз іске қосылуы кезінде олардың іске қосылу себебін жеке өзі анықтауға;
4) гауптвахтада ұсталатын әскери қызметшілерді камера бойынша таңертеңгі қарап-тексеруді және кешкі тексеруді жүргізуге, бұл ретте оларда тыйым салынған заттардың бар-жоғын тексеруге; сырқаттанған адамдар туралы гауптвахта бастығына (әскери полиция органы бойынша кезекшіге) баяндауға;
5) гауптвахтада ұсталатын әскери қызметшілер үшін белгіленген күн тәртібінің, оларды ұстау тәртібінің дәлме-дәл сақталуын бақылауды жүзеге асыруға;
6) камералар кілттерінің сақталуын қамтамасыз етуге және оларды ешкімге бермеуге;
7) қажет болған жағдайда сергек ауысым құрамынан айдауылдаушыларды тағайындауға;
8) гауптвахтада ұсталатын әскери қызметшілерді жұмысқа, моншаға және тергеуге әскери полиция органы бастығының жазбаша бұйырымы бойынша ғана жіберуге; гауптвахтада ұсталатын әскери қызметшілер қайтып оралғаннан кейін олардың бар болуын, сондай-ақ оларда тыйым салынған заттардың бар-жоғын тексеруге;
9) гауптвахтада ұсталатын әскери қызметшілерге тамақтың уақтылы жеткізілуін және таратылуын бақылауға;
10) төсек керек-жарағын, газетті, жалпыәскери жарғыларды, заңнамалық актілерді және оқу әдебиетін уақтылы беруге;
11) гауптвахтада ұсталатын әскери қызметшілерден өтініштерді қабылдауға және оларды гауптвахта бастығына (әскери полиция органы бойынша кезекшіге) беруге;
12) демалу уақытында өзінің орнына үлкенді тағайындауға міндетті.
Ескерту. 303-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 23.08.2023 № 306 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.
304. Гауптвахтада ұсталатын әскери қызметшілер арасында тәртіпсіздіктер туындаған кезде және олардың қашып кетуінің алдын алу үшін кезекші ауысым бастығы кезекші ауысымды "қаруға" шақырады, бұл туралы әскери полиция органы бойынша кезекшіге хабарлайды, қаруды немесе арнайы құралдарды қолдану мүмкіндігі туралы ескерту арқылы тәртіпсіздікті тоқтату шараларын қабылдайды.
Ескерту. 304-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 23.08.2023 № 306 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.
305. Гауптвахтада өрт шыққан немесе гауптвахта ауданында басқа төтенше ахуал болған жағдайда кезекші ауысым бастығы кезекші ауысымды "қаруға" шақыруға, гауптвахтада ұсталатын әскери қызметшілерді дереу қауіпсіз жерге шығаруға және оларды күзетуді ұйымдастыруға; болған оқиға туралы әскери полиция органы бойынша кезекшіге және гауптвахта бастығына хабарлауға, кейін олардың нұсқауы бойынша әрекет етуге міндетті.
Ескерту. 305-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 23.08.2023 № 306 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.
Қарауыл бастығының көмекшісі
306. Қарауыл бастығының көмекшісі қарауылдық үй-жайда болатын жабдықтың, мүкәммал мен мүліктің сақталуына, онда тазалық пен тәртіпті сақтауға, қарауыл жеке құрамының тамақтануын ұйымдастыруға, сақшылардың қызметті дұрыс өткеруіне, қарауылдық үй-жайдың кіреберісі жанындағы сақшының уақтылы ауысуына жауап береді. Ол қарауыл бастығына бағынады.
Қарауыл бастығының көмекшісі:
1) қарауылдың міндетін, қарауыл бастығының нұсқаулығын және қарауылдың барлық адамдарының міндеттерін білуге;
2) қарауылды ауыстырған кезде қарауылдық үй-жайды және тізімдеме бойынша онда болатын жабдықты, мүкәммал мен мүлікті қабылдауға;
3) қарауыл бастығы болмағанда немесе демалыс уақытында оның міндеттерін атқаруға;
4) қарауыл бастығының бұйрығы бойынша сақшылардың қызмет өткеруін тексеруге және сақшылардың қызмет өткеруін тексеретін адамдарға ілесіп жүруге;
5) қарауылдық үй-жайдың кіреберісі жанындағы сақшыларды ауыстыру кестесін жасауға және олардың ауысуын жүргізуге;
6) қарауыл жеке құрамының уақтылы тамақтануына, жабдықты, мүкәммал мен мүлікті ақаусыз ұстауға, қарауылдық үй-жайда және оған шекаралас аумақтарда тазалық пен тәртіпті сақтауға, пештерді уақтылы жағуға және жарықтың түсуіне бақылауды жүзеге асыруға міндетті.
307. Алып тасталды - ҚР Президентінің 23.08.2023 № 306 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.
308. Қарауыл бастығы ауыр сырқаттанған (жараланған) немесе қаза тапқан жағдайда қарауыл бастығының көмекшісі оның міндеттерін атқаруға кіріседі және ол туралы қарауылдар (әскери бөлім) бойынша кезекшіге баяндайды.
Қарауыл бастығының техникалық күзет құралдарыжөніндегі көмекшісі (оператор)
309. Қарауыл бастығының техникалық күзет құралдары жөніндегі көмекшісі (оператор) қарауыл бастығына (оператор, одан басқа – қарауыл бастығының көмекшісіне) бағынады және техникалық күзет құралдарына берілген жұмыс режімін қамтамасыз етуге, қарауыл бастығына техникалық күзет құралдарының жұмыс істеуі туралы деректердің уақтылы жеткізілуіне, қарауылдық үй-жайда болатын аппаратураның сақталуына жауап береді.
Ол:
1) техникалық күзет құралдарымен жабдықталған объектілерді күзету ерекшеліктерін білуге және осы құралдарға берілген жұмыс істеу режімін қамтамасыз етуге;
2) қарауылды ауыстырған кезде құжаттаманы қабылдауға, техникалық күзет құралдарының ақаусыздығын, ал қажет болған кезде жұмыс істеуін тексеруге және ол туралы қарауыл бастығына баяндауға;
3) қызмет өткеру уақытында техникалық күзет құралдарының сигналды қабылдау аппаратурасын ұдайы қадағалауға және аппараттық журналын жүргізуге; техникалық күзет құралдары өздігінен іске қосылған жағдайда немесе олар істен шыққан кезде қарауыл бастығына ол туралы шұғыл баяндауға;
4) белгіленген кестеге сәйкес және қарауыл бастығының рұқсатымен бақылау-күзету тобының құрамында объектінің периметрі бойынша техникалық күзет құралдарының жай-күйін тексеруге; сақшылар қоюмен объектілерді күзету кезінде тексеруді қарауыл бастығы көмекшісінің немесе тиісті таратушының ілесіп жүруімен жүзеге асыруға;
5) бақылау-күзету тобы қайтып оралғаннан кейін қарауыл бастығына бекеттердің, техникалық күзет құралдарының жай-күйі туралы, кемшіліктер және оларды жою үшін қабылданған шаралар туралы баяндауға;
6) қауіпсіздік талаптарын орындауға міндетті.
310. Қарауыл бастығының техникалық күзет құралдары жөніндегі көмекшісінің (операторының) сигналдарды қабылдау аппаратурасы жанындағы қызмет өткеруі өз мәні мен жауаптылығы бойынша бекеттегі сақшылардың қызмет өткеруіне теңестіріледі. Қызмет өткеру уақытында оған алаңдауға және аппаратураны қадағалаусыз қалдыруға болмайды.
Таратушы
311. Таратушы, оған бағынатын сақшылардың қызметті дұрыс және қырағы өткеруіне, олардың уақтылы ауысуына және бекеттерге қойылуына, сақшылардың бекеттерді дұрыс тапсыруы мен қабылдауына жауап береді. Ол қарауыл бастығына және оның көмекшісіне бағынады және тек солардың ғана бұйрықтарын орындайды.
Таратушы күзетілетін объектіге, сақшыға, қарауылдық үй-жайға және қарауылдар ауысымына жасалған шабуылға тойтарыс беру үшін өзі немесе қарауыл ауысымы құрамымен қару қолданады.
Ол:
1) өз бекеттерін, олардың орналасуы мен шекараларын, оларға бару бағдарларын, күзету және қорғау (қадағалау, атқылау, қоршау) шарттарын және әрбір бекеттегі сақшының ерекше міндеттерін білуге;
2) ауысатын қарауыл таратушысынан мөрлерден таңбаларды (пломба бедерлемелерін) қабылдауға, ал сақшыларды бекеттерге қойған кезде бекеттер табеліне сәйкес күзетуде болатын объектілерді қабылдауға және ол туралы қарауыл бастығына баяндауға;
3) жабдықтары бекеттер табеліне сәйкес келмейтін және олардың сенімді күзетілуін қамтамасыз етпейтін объектілерге (бекеттерге) қарауыл бастығын шұғыл шақыртуға;
4) қарауылдарды бекеттерге жіберер алдында олардың өз міндеттерін білуін, сондай-ақ олар қарауылдық үй-жайда шылым шегу және тұтандырғыш керек-жарақтарын, басқа да бөгде заттарды қалдырған-қалдырмағанын тексеруге;
5) осы Жарғының 116, 117-тармақтарына сәйкес қаруды оқтау, оғын алу тәртібін бақылауға;
6) жылжыған кезде көлік құралдары жүргізушісінің іс-қимылына басшылық жасауға;
7) әрбір ауысым қайтып оралғаннан кейін қарауыл бастығына жүргізілген ауысым, бекеттердің жай-күйі туралы, барлық кемшіліктер мен оларды жоюға қабылданған шаралар туралы баяндауға;
8) қарауыл бастығының рұқсатымен оған бағынысты сақшылардың қызмет өткеруін тексеруге міндетті.
Ескерту. 311-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 23.08.2023 № 306 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.
312. Сақшыларды бекеттерге қойған немесе оларды ауыстырған кезде таратушы:
1) бекеттердің орналасу сұлбасында көрсетілген ауысымның қозғалыс бағдарын қатаң сақтауға;
2) бекетті қабылдау және тапсыру тәртібін бақылауға, сақшымен және бекетке түсетін қарауылмен бірге сақтау орындары (қоймалары) жарық түсіруінің, қоршауының, есіктерінің (қақпаларының) ақаусыздығын, терезелерінің, торлары мен қабырғаларының жай-күйін, құлыптардың, мөрлердің (пломбалардың) бар болуы мен жай-күйін және олардың таңбаларға (бедерлемелерге) сәйкес келуін немесе күзетуде болатын жауынгерлік машиналардың (қару-жарақ пен әскери техниканың) санын, сондай-ақ техникалық күзет құралдарының, байланыс, өрт сөндіру құралдарының және бекеттік киімнің бар болуын және жай-күйін өзі тексеруге;
3) бекетке түсетін сақшыға неге назар аударатынын, көрші бекеттер қайда орналасқанын, күзетілетін объектіге анағұрлым қауіпті кіреберістерді көрсетуге; сақшы бөгде адамдарды бекетке жақын жіберуге тыйым салынатын бекеттер табелінде белгіленген арақашықтыққа сәйкес жергілікті жерлерде белгіленген бекет шекарасының жергілікті жерін және жол берілмейтін аймақты; атыстың қауіпті бағыттарын көрсетуге; сақшының, оған, күзетілетін объектіге немесе көрші бекетке шабуыл жасалған жағдайда, сондай-ақ өрт және басқа да төтенше жағдай кезінде ол не істеу керектігін білуін тексеруге;
4) сақшының баяндау және қарауылдық үй-жаймен байланыс тәртібін білуін тексеруге міндетті.
313. Жауынгерлік Ту жанындағы бекеттегі сақшыны ауыстыра отырып, таратушы тысының (шкафтың) және ондағы мөрдің дұрыстығын және мөрді ондағы бедерлемемен салыстырып тексеруге міндетті. Тыстың (шкафтың) немесе мөрдің дұрыс еместігі анықталған жағдайда таратушы қарауыл бастығын шақыртады.
314. Сақтау орнын (қойманы, паркті) ашқан кезде таратушы бекетке мөрлер таңбаларымен (пломбалардың бедерлемелерімен) келеді және ашу үшін келген адаммен бірлесіп, сақтау орнын (қойманы, паркті) қарап шығады. Егер бекеттер табеліне сәйкес сақшы бекетте қалу керек болса, таратушы осы уақытқа бекеттер табелімен көзделген ерекше міндеттерді оның есіне салады. Сақтау орнына (қоймаға) кіруге таратушы бекеттер табелінде көрсетілген талаптарды нақты орындаумен рұқсат етеді.
315. Ашылған сақтау орны (қойма, парк) жанындағы сақшыны ауыстыру уақытында таратушы бекетке түскен сақшыға оны кім ашқанын немесе жауынгерлік машиналар (қару-жарақ пен әскери техника) тұрағына кім жіберілгенін көрсетеді.
Сақтау орнын (қойманы, паркті) жапқан кезде таратушы бекетке мөрлер таңбаларымен (пломбалар бедерлемелерімен) келеді және сақшының және сақтау орнын (қойманы, паркті) күзетуге тапсыратын адамның қатысуымен мөрлерді (пломбаларды) және терезелердің, торлардың, есіктердің, қабырғалардың жай-күйін тексеруге; тұрақтардағы жауынгерлік машиналарды (қару-жарақ пен әскери техниканы) күзетуге қабылдаған кезде олардың санын, ал оларда мөрлер (пломбалар) бар болған кезде оларды қолда бар таңбалармен (бедерлермен) салыстырып тексеруге міндетті.
316. Қарауыл бастығы және оның көмекшісі ауыр сырқаттанған (ауыр жараланған) немесе қаза тапқан жағдайда қарауыл бастығының міндеттерін уақытша орындауға бірінші таратушы кіріседі. Болған оқиға туралы ол әскери бөлім (әскери полиция органы) бойынша кезекшіге баяндайды.
Сақшы
317. Сақшы – қол сұғылмайтын адам. Сақшыға қолсұғылмаушылық:
1) оның құқықтары мен жеке басының қадір-қасиетінің заңмен ерекше қорғалуын;
2) оның белгіленген адамдарға: қарауыл бастығына, қарауыл бастығының көмекшісіне және өзінің таратушысына қатаң бағынуын;
3) оның қызметімен айқындалатын сақшының талаптарын мүлтіксіз орындау барлық адамдардың міндеттері екенін;
4) оған осы Жарғыда көрсетілген жағдайларда қару қолдану құқығының берілуін қамтиды.
318. Сақшыны тек қарауыл бастығы, қарауыл бастығының көмекшісі және сақшы бағынатын таратушы ауыстырады немесе бекеттен алады.
Қарауыл бастығы, қарауыл бастығының көмекшісі және таратушы қаза тапқан немесе олар үшін міндеттерін іс жүзінде орындау мүмкін болмаған жағдайда сақшыны алу немесе ауыстыруды өз рота (батарея) немесе батальон (дивизион) командирінің қатысуымен қарауылдар (әскери бөлім) бойынша кезекші жүргізеді.
319. Бекетке түсе отырып, қарауыл таратушының (қарауыл бастығының немесе оның көмекшісінің) және ауысатын сақшының қатысуымен өзі бекеттер табеліне сәйкес күзетуге қабылдауға жататынның барлығының болуын және ақаусыздығын қарап шығуға және тексеруге тиіс; қамауға алынған адамдарды күзету үшін бекетке түскен кезде ол бекітпелердің, торлардың ақаусыздығын және камерада болатын қамауға алынған адамдардың санын тексеруге тиіс.
320. Сақшы:
1) өз бекетін қырағылықпен күзетуге және табандылықпен қорғауға;
2) қызметті сергек өткеруге, басқа ештеңеге алаңдамауға, қолынан қаруын тастамауға және ол бағынатын адамдарды қоса алғанда, оны ешкімге бермеуге;
3) көрсетілген бағдар бойынша жүре отырып немесе қадағалау мұнарасында бола тұрып, бекетке кіреберістерді, қоршауды, бақылау-іздік жолақты, техникалық күзет құралдарын мұқият қарауға және байланыс құралдары арқылы бекеттер табелінде белгіленген мерзімдерде қызмет өткеру барысы туралы баяндауға;
4) ол ауыстырылғанға немесе алынғанға дейін, тіпті егер оның өміріне қатер төнсе де бекетті қалдырып кетпеуге; бекетті өз еркімен тастап кету әскери қылмыстық құқық бұзушылық болып табылады;
5) бекетте осы Жарғының 117-тармағында көрсетілген қағидалар бойынша оқталған қаруды ұстауға және әрқашан әрекет етуге әзір болуға;
6) бекеттер табелінде көрсетілген арақашықтықтан жақын бекетке және жергілікті жерлерде көрсеткіштермен белгіленген тыйым салынған шекараға қарауыл бастығынан, қарауыл бастығының көмекшісінен, өз таратушысынан және олар ілесіп жүретін адамдардан басқа, ешкімді жақын жібермеуге;
7) қарауыл көлік құралдарының (жауынгерлік машиналардың) бағдарлары мен кестесін, сондай-ақ олардың тану белгілері мен сигналдарын білуге;
8) бекетте болатын өрт сөндіру құралдарын пайдалана алуға;
9) объекті қоршауларында (бекетте) ақау және өз бекеті немесе көрші бекет маңында тәртіп бұзуды анықтаған кезде қарауыл бастығын шақыртуға;
10) қарауылдық иттер дауысын естігенде немесе техникалық күзет құралдары өздігінен іске қосылған кезде өзі бағынысты адамдарға ол туралы шұғыл баяндауға міндетті.
321. Бекеттегі сақшыда жиналған сүңгісі бар қару (жиналмалы дүмі бар автомат – сүңгі-пышақсыз; сүңгі-пышақ қынаптағы белдік белбеуде) болуға тиіс, ол: түнгі уақытта – тұрып ату үшін дайын күйде; күндізгі уақытта – "қарубауға" күйінде немесе тұрып ату үшін дайын күйде (21-қосымша); ішкі бекеттерде және Жауынгерлік Ту жанындағы бекетте дүмі бар автомат – "қарубауға" күйінде, жиналмалы дүмі бар – "кеудеге", карабин – "аяқ жанында"; жарақтандырылған оқжатары (оқтізері) бар сөмке жабылған болуға тиіс.
Пистолет белдік белбеуде жабылған кобураларда болады.
Өрт сөндірген немесе зілзала салдарын жойған жағдайда сақшыға қаруды "арқаға" күйінде ұстауға рұқсат етіледі.
322. Сақшыға: ұйықтауға, отыруға, жатуға (бекетке немесе олар күзететін объектіге шабуыл жасалған жағдайларда жерге жатып оқ ату және бұзушының шабуылдауына тойтарыс беру үшін бекініске орналасқанды қоспағанда), бір затқа сүйенуге, жазуға, оқуға, сөйлесуге, өлең айтуға, тамақ жеуге, темекі шегуге, табиғи қажеттіліктерін орындауға, біреулерден қандай да бір заттар алуға және біреулерге беруге, қажетінсіз патронды оқшантайға жіберуге болмайды.
Сақшы тек қарауыл бастығының, оның көмекшісінің, өз таратушысының және тексеру үшін келген адамдардың сұрақтарына жауап беруге тиіс.
323. Сақшы, өзіне немесе өзі күзететін объектіге нақты шабуыл жасалған жағдайда ескертусіз қару қолдануға міндетті.
324. Бекетке немесе тыйым салынған шекараға жақын келген барлық адамдарды, қарауыл бастығынан, оның көмекшісінен, өз таратушысынан және олар ілесіп жүретін адамдардан басқа, сақшы "ТОҚТА", "АРТҚА ЖҮР" немесе "ТОҚТА", "ОҢҒА (СОЛҒА) ҚАРАЙ ЖҮР" деп дауыстап тоқтатады.
Бекетке немесе тыйым салынған шекараға жақын келгендер осы талаптарды орындамаған кезде бұзушыны "ТОҚТА", "АТАМЫН" деп дауыстап ескертеді және қарауыл бастығын немесе таратушыны шұғыл шақыртады. Егер бұзушы осы талапты орындамаса, сақшы патронды оқшантайға жібереді және ескерту ретінде жоғары қарай оқ атады. Бұзушы осы талапты орындамаған кезде сақшы оған қару қолданады.
325. Нашар көрінетін жағдайларда, бекеттер табелінде көрсетілген арақашықтықтан бекетке немесе тыйым салынатын шекараға жақын келгендерді қарау мүмкін болмағанда сақшы оларды "ТОҚТА", "КЕЛЕ ЖАТҚАН КІМ?" деп дауыстап тоқтатады. Егер жауап берілмесе, онда сақшы: "ТОҚТА", "АТАМЫН" деп ескертеді және бұзушыны ұстайды. Ұсталған бұзушы туралы сақшы белгіленген сигналмен қарауылдық үй-жайға хабарлайды және назарын әлсіретпей, оған тапсырылған объектіні күзетуді жалғастырады және бұзушының әрекетін қадағалайды.
Егер бұзушы тоқтамаса және күзетілетін объектіге (бекетке) өтуге әрекет жасаса немесе қашуға әрекеттенсе, онда сақшы ескерту ретінде жоғары қарай оқ атады. Бұзушы осы талапты да орындамаған кезде сақшы оған қару қолданады.
Сақшының даусына "Қарауыл бастығы (қарауыл бастығының көмекшісі, таратушы) келе жатыр" деген жауап алынса, сақшы "Қарауыл бастығы (қарауыл бастығының көмекшісі, таратушы) МАҒАН КЕЛ", "Қалғандарың – ОРЫНДАРЫҢДА" деп бұйырады; егер қажет болса, сақшы оған жақын келген адамнан бетіне жарық түсіруін талап етеді. Өзін атаған нақты қарауыл бастығы (қарауыл бастығының көмекшісі, таратушы) екеніне көзі жеткеннен кейін сақшы келген барлық адамдарды өзіне жақындатады.
Егер қарауыл бастығымын (қарауыл бастығының көмекшісімін, таратушымын) деп атаған белгісіз біреу немесе онымен бірге болатын адамдар сақшының "орныңда қал" деген талабын орындамаса, онда сақшы оларды: "ТОҚТА", "АТАМЫН" деп дауыстап ескертеді. Бұзушылар осы талапты орындамаған кезде сақшы оларға қару қолданады.
326. Өзін немесе күзетілетін объектіні қорғау үшін жекпе-жек айқасқа түсу қажет болған кезде сақшы сүңгімен және дүммен батыл әрекет жасауға тиіс.
327. Бекетте өрт шыққан жағдайда сақшы ол туралы қарауылдық үй-жайға хабарлайды және күзетілетін объектіні қадағалауды тоқтатпай, өртті сөндіруге шаралар қабылдайды. Ішкі және сыртқы қоршаулары бар күзетілетін объектінің техникалық аумағында, сондай-ақ бекет маңында өрт болған кезде ол туралы қарауылдық үй-жайға хабарлайды және қарауыл бастығының немесе оның көмекшісінің нұсқауы бойынша әрекет етеді.
Сақшы кенеттен сырқаттанған (жараланған) жағдайда қызметін өткеруді жалғастыра отырып, таратушыны немесе қарауыл бастығын шақыртады.
328. Кейінге қалдыруды күттірмейтін қиын жағдайларда немесе байланыс құралдары бұзылған кезде сақшы қарауыл бастығын немесе таратушыны жоғары қарай оқ атумен (оқ атулармен) шақыруы мүмкін.
329. Сақшы, өзі бағынатын бастықтарға және олардың ілесіп жүруімен бекетке келген басқа да бастықтарға Саптық жарғыда жазылған қағидалар бойынша сәлемдеседі. Бұл ретте автомат тұрып ату үшін күйінен алдын ала "қарубауға", ал карабин – "аяққа" алынады.
330. Жауынгерлік Ту жанындағы бекеттегі сақшы "еркін тұр" күйінде бола тұрып, өз міндеттерін орындайды. Жауынгерлік Тудың әскери қызметшілеріне сәлемдескен кезде сақшы саптық қалыпты қабылдайды.
Жауынгерлік Туды күзетуге қабылдаған уақытта қарауыл тысының (шкафтың) және ондағы мөрдің дұрыстығын тексеруге міндетті. Жауынгерлік Туды беруді сақшы тек қарауыл бастығының жеке бұйрығымен және оның қатысуымен жүргізеді.
Егер Жауынгерлік Ту жанындағы бекетке қатер (өрт немесе зілзала) төнсе, сақшы Жауынгерлік Туды қауіпсіз орынға шығарады қарауыл бастығын шақыртады және Жауынгерлік Туды күзетуді жалғастырады.
331. Бақылау-өткізу пунктінің сақшысы осы Жарғының 317-323-тармақтарында жазылғаннан басқа:
1) рұқсаттамалардың, жеке басын куәландыратын құжаттардың сипатын және қолданылу уақытын, сондай-ақ бекеттер табелінде жазылған міндеттерді білуге;
2) бекет арқылы өтетін барлық адамдарды тек бекетте бар үлгілерге сәйкес келетін жеке рұқсаттамалары бойынша жіберуге, бұл ретте рұқсаттамаларды міндетті түрде қолына алуға;
3) материалдық рұқсаттама (жол жүру парағы) бойынша қандай да бір затты шығарған (кіргізген) немесе әкеткен (әкелген) кезде нені және қанша санында (орын санында) өткізуге немесе әкетуге рұқсат етілетінін тексеруге; тек жол жүру парақтары бар машиналарды өткізуге;
4) өткізу режімін бұзумен, сондай-ақ қолданылмайтын рұқсаттамалармен (құжаттармен) объектіге кіруге (объектіден кетуге) әрекеттенетін адамдарды ұстауға және қарауыл бастығын шақыртуға міндетті.
Бақылау-өткізу бекетінің сақшысына: рұқсаттамаларды және оларға шифрларды қолдану туралы анықтамалар беруге, рұқсаттамаларды тексерумен байланыссыз сөйлесуге, бекетте бөгде адамдардың және қандай да бір заттардың болуына жол беруге болмайды.
332. Ашылған сақтау орны (қойма, парк) жанындағы немесе жауынгерлік машиналар (қару-жарақ пен әскери техника) тұрағы жерінде жұмыс жүргізген уақытта сақшы бекеттер табелінде көрсетілген міндеттерді орындайды.
Өрт қаупі бар сақтау орындары (қойма) жанындағы сақшы, одан басқа:
1) бекеттер табелінде көрсетілген арақашықтықтан жақын күзетілетін объекті маңында біреулердің шылым шегуіне, от жағуына, оқ атуына, сондай-ақ өрт қаупі бар жарық түсіру аспаптарын пайдалануға жол бермеуге;
2) сақтау орнына (қоймаға) бекеттер табелінде көзделмеген аяқкиіммен және шаммен, сондай-ақ суық қарумен және оқ ату қаруымен жібермеуге міндетті.
333. Гауптвахтада ұсталатын әскери қызметшілерді күзететін бақылаушы:
1) өзі күзететін гауптвахтада ұсталатын әскери қызметшілердің санын білуге;
2) сыртта камера есігінің тұсында тұруға, гауптвахтада ұсталатын әскери қызметшілердің өздері үшін белгіленген қағидаларды бұзбауын қарау терезелері арқылы қадағалауға, олардың іс-қимылы мен өзін-өзі ұстауын бақылап қарауға, гауптвахтада ұсталатын әскери қызметшілердің терезенің жақтауын, торды, еденді, қабырғаны және камерадағы басқа да жабдықты бүлдіруіне жол бермеуге;
3) гауптвахтада ұсталатын әскери қызметшілер бар камераларда тәуліктің қараңғы уақытында жарықты қосуға;
4) гауптвахтада ұсталатын әскери қызметшілерді камерадан шығармауға және ауысым бастығының жеке рұқсатынсыз оларға ешкімді кіргізбеуге;
5) гауптвахтада ұсталатын әскери қызметшілермен сөйлеспеуге, оларға ештеңе бермеуге және олардан ештеңе алмауға;
6) гауптвахтада ұсталатын әскери қызметшілердің сырттан қандай да бір заттарды алуына, олардың терезе арқылы заттар мен хаттарды камера сыртына лақтыруына және бөгде адамдармен сөйлесуіне жол бермеуге;
7) гауптвахтада ұсталатын әскери қызметшілердің өтініштері туралы ауысым бастығына баяндауға;
8) гауптвахтада ұсталатын әскери қызметшілер оның талаптарын орындамаған кезде ауысым бастығын шақыртуға;
9) гауптвахтада ұсталатын әскери қызметшілерді камерадан шығарған уақытта шабуыл жасалуын және қарудың тартып алынуын болдырмау үшін қадағалау жүргізуді жалғастыра отырып, қауіпсіз орынға ауысуға;
10) қашып бара жатқан гауптвахтада ұсталатын әскери қызметшіге: "ТОҚТА", ал бұл талапты орындамаған кезде "ТОҚТА", "АТАМЫН" деп дауыстап ескертуге және ескерту ретінде жоғары қарай оқ атуға, бұл талап та орындалмаған жағдайда оған қару қолдануға міндетті.
Ескерту. 333-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 23.08.2023 № 306 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.
334. Гауптвахтаның кезекші ауысымы бөлмесіне кіреберістегі бақылаушы гауптвахтаның кезекші ауысымы бөлмесін күзетуге және қорғауға, оған, егер түр-келбетін танитын болса, өзі бағынатын адамдар мен олармен бірге келе жатқан адамдардан басқа ешкімді кіргізбеуге міндетті. Бақылаушы осы адамдардың жақындағаны туралы белгіленген сигналмен ауысым бастығына хабарлайды.
Гауптвахтаның кезекші ауысымы бөлмесіне жақындап келе жатқан барлық басқа адамдарды бақылаушы қашықта тоқтатады және ауысым бастығын шақыртады.
Бақылаушы кезекші ауысым бөлмесінің маңындағы барлық оқиғалар туралы және ауысымның өз міндетін атқаруына кедергі келтіруі мүмкін барлық байқалғаны туралы, сондай-ақ бекеттерден естілген сигналдар туралы дереу ауысым бастығына баяндайды.
Ескерту. 334-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 23.08.2023 № 306 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.
335. Әрбір объектіні күзетуге және қорғауға қатысты сақшылардың ерекше міндеттері бекеттер табелінде көрсетіледі.
Көлік құралының жүргізушісі(жауынгерлік машинаның механик-жүргізушісі)
336. Көлік құралының жүргізушісі (жауынгерлік машинаның механик-жүргізуші) қарауылдың жеке құрамын тасымалдайтын көлік құралдарының ұдайы әзірлігіне жауап береді. Ол қарауыл бастығына және оның көмекшісіне бағынады.
Көлік құралының жүргізушісі (жауынгерлік машинаның механик-жүргізушісі):
1) көлік құралын іс-қимылға ұдайы әзірлікте ұстауға;
2) қарауыл бастығының және оның көмекшісінің бұйрығы бойынша бекеттердің орналасу сұлбасында көрсетілген бағыт бойынша қарауыл ауысымын, қарауылдың резервтегі тобын және сақшылардың қызмет өткеруін тексеретін адамдарды жеткізуге;
3) бекеттерге шыққан және бекеттерден қайтқан кезде таратушының командаларын орындауға міндетті.
Жүргізушіге (механик-жүргізушіге), ол бағынатын адамдарды қоса алғанда, көлік құралын жүргізуді басқа адамға беруге болмайды.
Айдауылдаушы
Ескерту. Кіші бөлімнің тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 23.08.2023 № 306 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.
337. Айдауылдаушы гауптвахтада ұсталатын әскери қызметшілерді гауптвахта шегінде күзетуге және алып жүру кезінде олардың ұстау тәртібін сақтауына жауап береді. Ол ауысым бастығына бағынады.
Айдауылдаушы:
1) ауысым бастығының бұйрығы бойынша арнайы құралдарды қолдануға ұдайы әзірлікте ұстай отырып, таңертеңгі және кешкі жуыну, табиғи қажеттілігін орындау және серуендеу кезінде, сондай-ақ гауптвахта камералары мен үй-жайларын жинау кезінде гауптвахтада ұсталатын әскери қызметшілерді күзетуге;
2) гауптвахтада ұсталатын әскери қызметшілердің бір уақытта бірнеше жерде жұмыс істеуіне, сондай-ақ басқа адамдармен сөйлесуіне жол бермеуге міндетті.
Ескерту. 337-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 23.08.2023 № 306 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.
338. Айдауылдаушыға гауптвахтада ұсталатын әскери қызметшілерді күзету кезінде олармен әңгімелесуге, олардан бірдеңе алуға немесе беруге, сондай-ақ өзінің қызметтік міндеттерін орындау кезінде өзге де тәсілдермен алаңдауға болмайды.
Айдауылдаушы гауптвахтада ұсталатын әскери қызметшілерді алып жүру үшін оларды бір лекке сапқа тұрғызады және гауптвахтада ұсталатын әскери қызметшілердің сол (оң) жағынан екі-үш адым артта жүріп, оларға команда береді.
Ескерту. 338-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 23.08.2023 № 306 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.
Айдауыл
339. Заңнамамен көзделген жағдайларда гауптвахтадан тыс гауптвахтада ұсталатын әскери қызметшілерге ілесіп жүру үшін әскери полиция органы бастығының (әскери бөлім командирінің) бұйрығымен айдауыл тағайындалады.
Айдауыл – қамауға алынған, ұсталған, күдікті, айыпталушы, сотталушы және сотталған (бұдан әрі – айдауылда болатын) адамдарды күзету және оларға ілесіп жүру жөніндегі міндетті орындайтын әскери қызметшілер (команда).
Айдауылдау кезіндегі күзету тәртібін, әрбір жеке жағдайда айдауыл санын қызмет өткерудің нақты жағдайларын ескере отырып, әскери полиция органының бастығы (әскери бөлімнің бастығы) айқындайды. Айдауыл құрамына айдауыл бастығы мен айдауылдар кіреді.
340. Айдауыл бастығы айдауылда болатын адамдарды күзету мен оларға ілесіп жүру жөніндегі міндеттердің нақты және уақтылы орындалуына, әрбір айдауылдың өз міндеттерін орындауына, қару мен оқ-дәрілердің, арнайы құралдардың сақталуына жауап береді. Ол айдауылды тағайындаған бастыққа бағынады.
Айдауыл бастығы:
1) айдауылдың міндетін және оны орындау тәртібін білуге;
2) айдауыл жеке құрамынан жоғары қырағылық пен тәртіпті, өз міндеттерін нақты білуге және нақты орындауын талап етуге;
3) айдауылда болатын адамдар қашқан, шабуыл жасаған, өрт шыққан жағдайға және басқа жағдайларға айдауыл жеке құрамының жауынгерлік есебін жасауға;
4) белгіленген тәртіппен айдауылда болатын адамдарды қабылдауға;
5) айдауылдау тәртібін қамтамасыз етуге, жүру бағдарын сақтауға, белгіленген пунктке уақтылы келуге;
6) қауіпсіздік шараларының, қаруды және арнайы құралдарды қолдану қағидаларының қатаң сақталуын қамтамасыз етуге;
7) айдауылдардың қызметті өткеруін бақылауға;
8) белгіленген пунктке айдауылда болатын адамдарды тапсыруды өзі ресімдеуге;
9) жүру жолында айдауылда болатын адамдардың бөгде адамдармен сөйлесуіне жол бермеуге;
10) айдауылда болатын адамдардың қашып кетуі кезінде олардың ізіне түсуді және ұстауды ұйымдастыруға міндетті.
Айдауыл бастығы Ішкі қызмет жарғысының 10-тармағында көрсетілген барлық жағдайларда өзі немесе айдауыл құрамымен айдауыл жеке құрамына немесе айдауылда болатын адамдарға шабуыл жасалған жағдайларда, сондай-ақ қашып бара жатқан айдауылда болатын адамға және дабыл сигналын беру немесе көмекке шақырту үшін қару (арнайы құралдар) қолданады.
Қаруды қолдану алдында дауыстап ескерту жасауға және оны қолдану ниеті туралы жоғары қарай оқ атуға тиіс.
341. Айдауылдар гауптвахтада ұсталатын әскери қызметшілерге, бұл ретте қаруды "қарубауға" күйіне ала отырып, кенеттен шабуыл жасауды және қашуды болдырмайтын арақашықтықта ілесіп жүреді. Қару тек айдауыл бастығының нұсқауы бойынша оқталады.
Гауптвахтада ұсталатын әскери қызметшілерді қалада және елді мекендерде айдауылдау үшін көлік бөлінеді.
Көлікте айдауылдау кезінде айдауылдар, олар айдауылда болатын адамдарды мұқият қадағалауды жүргізетіндей орналастырылады.
342. Айдауыл айдауыл бастығына бағынады.
Ол:
1) оған көрсетілген орында болуға;
2) қаруды қолдануға үнемі әзірлікте ұстауға;
3) айдауылда болатын адамдардың өзін-өзі ұстауын мұқият қадағалауға;
4) айдауылда болатын адамдардан кенеттен шабуыл жасауды болдырмайтын арақашықтықта болуға;
5) айдауылда болатын адамдармен қызметтік міндеттерге қатысы жоқ сөйлесулерді жүргізуге, олармен талап қоя отырып, бірақ сыпайы сөйлесуге;
6) айдауыл бастығына қызметті өткеру нәтижелері туралы кезең-кезеңімен баяндауға;
7) қашып шыққан айдауылда болатын адамдарды: "ТОҚТА", ал ол талап орындалмаған кезде – "ТОҚТА", "АТАМЫН" деп дауыстап ескертуге және ескерту ретінде жоғары қарай оқ атуға, осы талап та орындалмаған жағдайда – оған қару қолдануға міндетті.
| Гарнизондық және қарауылдыққызметтер жарғысына1-ҚОСЫМША |
Гарнизон әкімшілігінің үлгілік міндеттеріГарнизонның штаб бастығы
1. Гарнизонның штаб бастығы гарнизондық және қарауылдық қызметтерді ұйымдастыруға және өткеруге, атқарып отырған лауазымы бойынша ол штаб бастығы болып табылатын сол әскери бөлім штабының күшімен, гарнизонның басқа да әскери бөлімдерінің штабтарын тарта отырып, оның өкілеттілігі шеңберінде гарнизон бастығы айқындайтын құжаттарды әзірлеуге жауап береді.
Гарнизонның штаб бастығы:
1) гарнизонды күзету мен қорғау жоспарын, сондай-ақ гарнизондық қызметті ұйымдастыру жөніндегі бұйрықтардың, нұсқаулықтар мен басқа да құжаттардың жобаларын әзірлеуге;
2) жұмылдыру жарияланған және әскерлерді жауынгерлік әзірліктің жоғары дәрежесіне келтіру кезінде гарнизонның іс-шаралар жоспарын әзірлеуге қатысуға;
3) аумақтық және азаматтық қорғаныс органдарымен, гарнизонның басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының әскери бөлімдерімен өзара іс-қимыл жоспарларын әзірлеуге қатысуға;
4) әскери тәртіптің, гарнизондық және қарауылдық қызметтердің жай-күйін талдауға;
5) гарнизондық қарауылдардың кестесін жасауға;
6) нарядқа түсер алдында қарауылдар бойынша кезекшілерге, олардың көмекшілері мен гарнизондық қарауылдар бастықтарына нұсқау беруге, қарауылдар бойынша кезекшілерге парольдары бар жазбаларды беруге;
7) гарнизондық қарауылдарда қызметті ұйымдастыру мен өткеруді тексеру үшін лауазымды адамдарды тағайындауға;
8) күн сайын бақылауды ұйымдастыруға және гарнизондық нарядты таратуды өткізу кезінде кемінде аптасына бір рет жеке өзі қатысуға;
9) күн сайын гарнизондық қарауылдардың бекеттік ведомостарын тексеруге және анықталған кемшіліктерді жою жөнінде шаралар қабылдауға;
10) гарнизондық қарауылдардағы қызметті бұзулардың есебін жүргізуге;
11) айына бір реттен жиі емес қарауылдардағы оқ-дәрілер қорының бар болуын және жай-күйін тексеруге және оларды уақтылы жаңартуды ұйымдастыруға, ол туралы жауынгерлік патрондар қорларын есепке алу кітабында жазба жасауға;
12) гарнизон бастығына оқу материалдық-техникалық базаның объектілерін пайдалану кестесін және жалпы гарнизондық іс-шараларды жүргізу жоспарларын бекітуге ұсынуға;
13) әскери тәртіпті бұзғаны үшін ұсталған әскери қызметшілердің есебін жүргізуге бақылауды жүзеге асыруға;
14) гарнизонның әскери бөлімдерін, жекелеген бөлімшелерді (командаларды), іссапарға келген адамдарды есепке алуды ұйымдастыруға, олардың қызмет орындарына уақтылы кетуіне бақылауды жүзеге асыруға;
15) азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдауға міндетті.
Гарнизон бастығының тәрбие және әлеуметтік-құқықтықжұмыстар жөніндегі орынбасары
2. Гарнизон бастығының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары әлеуметтік-құқықтық және мәдени-бос уақыт жұмысын, әскери тәртіпті нығайту жөніндегі жалпыгарнизондық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге жауап береді.
Ол:
1) гарнизон әскери бөлімдеріндегі әскери тәртіптің жай-күйін білуге;
2) құқық қорғау органдарымен бірлесіп, гарнизондағы әскери тәртіпті, ұйымшылдық пен тәртіпті нығайту, құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі тәрбие жұмыстарын ұйымдастыруға;
3) гарнизон жеке құрамының сұраныстары мен көңіл-күйін ұдайы зерделеуге, әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелері, азаматтық персонал арасында әлеуметтік-құқықтық жұмысты ұйымдастыруға және жүргізуге;
4) әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерінің әлеуметтік мұқтаждарын шешу үшін мемлекеттік жергілікті басқару органдарымен, мекемелермен, кәсіпорындармен, қоғамдық ұйымдармен, бұқаралық ақпарат құралдарымен байланыс орнатуға және ұстауға, сондай-ақ жастарды патриоттық және рухани тәрбиелеу жөніндегі іс-шараларды жүргізуге қатысуға;
5) бекітілген жоспар бойынша жалпыгарнизондық бос уақытты мәдени өткізу іс-шараларын ұйымдастыруға және жүргізуге;
6) мәдениет пен бос уақытты өткізудің гарнизондық мекемелерінің жұмысына басшылық жасауға;
7) әскери қызметшілердің денсаулығын сақтау, гарнизон әскерлерін жайластыру, оларды казармалық және тұрғын үй қорымен қамтамасыз ету туралы ұдайы қамқорлық жасауға;
8) қарауылдардың жеке құрамымен тәрбие жұмыстарын ұйымдастыруды және жүргізуді тексеруге және аптасына бір реттен сирек емес гарнизондық нарядтың таралымын өткізуге жеке қатысуға;
9) гарнизондағы әскери тәртіптің жай-күйі, жалпыгарнизондық тәрбие іс-шараларын жүргізу туралы гарнизон бастығына уақтылы баяндауға;
10) азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдауға міндетті.
Гарнизон бастығының тыл жөніндегі орынбасары
3. Гарнизон бастығының тыл жөніндегі орынбасары гарнизонның әскери бөлімдерін тылдық қамтамасыз ету жөніндегі гарнизондық іс-шараларды уақтылы жүргізуге, сондай-ақ олардың қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану жөніндегі іс-шаралардың орындалуына жауап береді.
Ол:
1) гарнизонның жұмылдыру жарияланған және әскерлерді жауынгерлік әзірліктің жоғары дәрежесіне келтірген жағдайға арналған іс-шаралар жоспарын, өртке қарсы қорғаныс және шаруашылық іс-шараларын жүргізу жоспарларын әзірлеуге қатысуға;
2) аумақтық және азаматтық қорғаныс органдарымен, гарнизонның басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының әскери бөлімдерімен өзара іс-қимыл жоспарларын әзірлеуге қатысуға;
3) гарнизон бастығына қоршаған ортаны қорғау және гарнизон әскери бөлімдерінің табиғи ресурстарды ұтымды пайдалануы жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекітуге ұсынуға, олардың орындалуына бақылауды жүзеге асыруға;
4) гарнизонның әскери бөлімдері үшін материалдық құралдарды орталықтандырып жеткізуді және олардың жанармай мен басқа да материалдық құралдарды үнемдеу жөніндегі іс-шараларды жүргізуін ұйымдастыруға;
5) гарнизонның әскери бөлімдері атына келген әскери жүктерді теміржол вагондарынан және кемелерден (баржалардан) уақтылы түсіруді, теміржол станциясының аумағынан (порттан) белгіленген мерзімде алып кетуді ұйымдастыруға, ал қажет болған кезде жұмыстардың орындалуын жеделдету жөнінде шаралар қабылдауға;
6) гарнизон әскери бөлімдері тыл қызметтерінің офицерлерімен тыл жұмыстары бойынша тәжірибе алмасу және әскери шаруашылықты жүргізу сабақтарын өткізуге;
7) олардың жергілікті ресурстарды тиімді пайдалануы мақсатында гарнизонның әскери бөлімдері орналасқан ауданның экономикалық жай-күйін зерделеуге;
8) азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдауға міндетті.
Гарнизон бастығының құқықтық жұмыстар жөніндегі көмекшісі
4. Гарнизон бастығының құқықтық жұмыстар жөніндегі көмекшісі гарнизон бастығының және басқа да лауазымды адамдарының қызметінде заңдылықтың сақталуын қамтамасыз етуге жауап береді.
Ол:
1) барлық жүргізілетін жалпыгарнизондық іс-шаралардың заңдылығын қамтамасыз етуге;
2) белгіленген тәртіппен сотта, сондай-ақ құқықтық мәселелер қаралған кезде басқа ұйымдарда гарнизон лауазымды адамдарының мүдделерін білдіруге;
3) гарнизон бастығы бұйрықтарының жобаларын және басқа да құжаттарды дайындауға қатысуға;
4) гарнизон бастығының құзыретіне жататын құқықтық мәселелер бойынша түсіндірулер мен қорытындылар әзірлеуге, анықтамалар мен кеңестер беруге;
5) нормативтік құқықтық актілердің жаңарып отыратын электрондық базасын кезең-кезеңімен пайдалана отырып, мемлекеттік органға келіп түсетін нормативтік құқықтық актілердің жүйелі түрде есебін жүргізуді және сақтауды ұйымдастыруға;
6) гарнизон әкімшілігінің қызметін талдауға және талдау қорытындылары бойынша гарнизон бастығына анықталған кемшіліктерді жою жөнінде ұсыныстарды ұсынуға;
7) гарнизонның әскери қызметшілері мен олардың отбасы мүшелеріне, сондай-ақ азаматтық персоналына құқықтық мәселелер бойынша кеңес беруге міндетті.
Көрсетілген міндеттерді орындау мақсатында гарнизон бастығының құқықтық жұмыстар жөніндегі көмекшісі лауазымды адамдардан қажетті құжаттар мен мәліметтерді сұратады.
Гарнизон бастығының мемлекеттік құпияларды қорғау жәнеақпараттық қауіпсіздік жөніндегі көмекшісі
5. Гарнизон бастығының мемлекеттік құпияларды қорғау және ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі көмекшісі құпиялылық режімін ұйымдастыруға жауап береді.
Ол:
1) гарнизон әскери бөлімдері мен мекемелерінің мемлекеттік құпияларды қорғау және ақпараттық қауіпсіздік бөлімшелерінің қызметкерлерін арнайы даярлау жоспарын жыл сайын әзірлеуге және оның орындалуын қамтамасыз етуге;
2) гарнизондық іс-шараларды өткізу кезінде мемлекеттік құпияларды қорғау және ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі нормативтік құқықтық актілердің талаптарын орындауды ұйымдастыруға;
3) гарнизон әскери бөлімдері мен мекемелерінің мемлекеттік құпияларды қорғау және ақпарат қауіпсіздігі бөлімшелерінің қызметкерлеріне, басқа да лауазымды адамдарына құпиялылық режімі мен қауіпсіздікті ұйымдастыру мәселелері бойынша әдістемелік көмек көрсетуге міндетті.
Ескерту. 5-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Президентінің 12.11.2022 № 1071 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.
Гарнизонның байланыс бастығы
6. Гарнизонның байланыс бастығы гарнизонның байланысын ұйымдастыруға және оның жай-күйіне жауап береді.
Ол:
1) гарнизон ішінде байланысты ұйымдастыру және қамтамасыз ету жоспарын бекітуге гарнизон бастығына ұсынуға және оның жай-күйін бақылауға;
2) жұмылдыру жарияланған және әскерлерді жауынгерлік әзірліктің жоғары дәрежесіне келтірген жағдайда байланысты қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеуге;
3) азаматтық және аумақтық қорғаныс органдарымен, гарнизонның басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының бөлімдерімен өзара іс-қимыл жоспарларын әзірлеуге қатысуға;
4) мемлекеттік жергілікті басқару органдарымен олардың байланыс құралдарын гарнизон әскери бөлімдерінің мүдделерінде пайдалану мәселелерін шешуге;
5) гарнизонішілік және гарнизонаралық тұрақты байланысты ұйымдастыру үшін гарнизонды байланыстың қажетті құралдарымен, арналарымен және желілерімен қамтамасыз етуге;
6) байланыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды әзірлеуге және оның орындалуына бақылауды жүзеге асыруға міндетті.
Гарнизонның инженерлік қызмет бастығы
7. Гарнизонның инженерлік қызмет бастығы инженерлік қамтамасыз етудің гарнизондық іс-шараларын ұйымдастыруға және оны жүргізуге жауап береді.
Ол:
1) гарнизон қорғанысы мен күзетінің, жаппай қырып-жою қаруының зақымдау факторларынан гарнизонды қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеуге қатысуға;
2) гарнизон аумағында табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарларын жою жөніндегі іс-шараларды әзірлеуге және мемлекеттік жергілікті басқару органдарымен өзара іс-қимылды жүзеге асыруға;
3) аумақтық және азаматтық қорғаныс органдарымен, гарнизонның басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының бөлімдерімен өзара іс-қимыл жоспарларын әзірлеуге қатысуға;
4) жеке құрамды электр техникалық құралдарды пайдалануға даярлауға және оларға рұқсат етуге емтихандарды қабылдауға қатысуға;
5) жарты жылда бір реттен сирек емес гарнизон бөлімдерінде әскери электр техникалық құралдарының дұрыс пайдаланылуын тексеруге, оларды одан әрі пайдалануға рұқсат етуге;
6) гарнизон аумағында жарылу қаупі бар заттарды залалсыздандыру және жою жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыруға міндетті.
Гарнизонның радиациялық, химиялық және биологиялыққорғау қызметінің бастығы
8. Гарнизонның радиациялық, химиялық және биологиялық қорғау қызметінің бастығы жаппай қырып-жою қаруынан қорғау жөніндегі гарнизондық іс-шараларды ұйымдастыруға және орындауға жауап береді.
Ол:
1) жұмылдыру жарияланған және әскерлерді жауынгерлік әзірліктің жоғары дәрежесіне келтірген жағдайда гарнизонды радиациялық, химиялық және биологиялық қорғау, сондай-ақ төтенше жағдайларды және олардың салдарын, жаппай қырып-жою қаруын қолданудың және гарнизонның радиациялық және химиялық қауіпті объектілері авариясының (қирауының) салдарларын жою жөніндегі қызметтің іс-шаралар жоспарын әзірлеуге;
2) аумақтық және азаматтық қорғаныс органдарымен, гарнизонның басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының бөлімдерімен өзара іс-қимыл жоспарларын әзірлеуге қатысуға;
3) атмосфераның жер беті қабатындағы метеорологиялық жағдайды білуге;
4) гарнизонда әскерлерді радиациялық, химиялық және биологиялық қорғау жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыруға және олардың өткізілуін бақылауға.
Гарнизонның медицина қызметінің бастығы
9. Гарнизонның медицина қызметінің бастығы гарнизонда емдеу-профилактикалық, санитариялық-гигиеналық және эпидемияға қарсы іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге, сондай-ақ олардың орындалуына бақылауды жүзеге асыруға жауап береді.
Ол:
1) жалпыгарнизондық емдеу-профилактикалық, санитариялық-гигиеналық және эпидемияға қарсы іс-шараларды әзірлеуге және оның орындалуын бақылауға;
2) жұмылдыру жарияланған және әскерлерді жауынгерлік әзірліктің жоғары дәрежесіне келтірген жағдайда гарнизонды медициналық қамтамасыз ету жоспарын әзірлеуге;
3) гарнизонды жаппай қырып-жою қаруының зақымдау факторларынан қорғау және оны қолдану салдарын жою жөніндегі іс-шараларды, сондай-ақ гарнизон әскери бөлімдері орналасқан аудандағы әлеуетті қауіпті объектілерде төтенше жағдайлар болған жағдайда іс-шараларды әзірлеуге қатысуға;
4) гарнизонның санитариялық-эпидемиялық жай-күйін, әскери бөлімдердің аумақтарын ұстауды, судың ішуге және шаруашылық мақсаттар үшін жарамдылығын, асханалардың, наубайхана кәсіпорындарының, тоңазытқыштардың, тұрмыстық қызмет көрсету және сауда кәсіпорындарының, гарнизон әскери бөлімдері жеке құрамының суға шомылу орындарының санитариялық жай-күйін тексеруге және анықталған кемшіліктерді жоюға шаралар қабылдауға;
5) жеке құрамның науқастануын талдауға және қажетті емдеу- профилактикалық іс-шараларын жүргізу туралы ұсыныстарды гарнизон бастығына уақтылы ұсынуға;
6) әскери-емдеу мекемесінің бастығымен бірлесіп, гарнизон әскери бөлімдерінің жеке құрамын тереңдетілген медициналық тексеруден өткізу жоспарын әзірлеуге;
7) медициналық қызмет мамандары жоқ гарнизонның әскери бөлімдерін, гарнизонда уақытша болатын бөлімшелер (командалар) мен жекелеген әскери қызметшілерді, гарнизон әскери қызметшілерінің отбасы мүшелерін, сондай-ақ әскери-медициналық мекемелерде тегін медициналық көмек алуға құқығы бар әскери қызметтен босатылған азаматтарды және олардың отбасы мүшелерін медициналық қамтамасыз етуді ұйымдастыруға;
8) гарнизондағы әскери бөлімдер дәрігерлерінің кезекшілігін, дәрігерлік конференциялар өткізуді жоспарлауға және бақылауға;
9) аумақтық және азаматтық қорғаныс органдарымен, гарнизонның басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының бөлімдерімен өзара іс-қимыл жоспарларын әзірлеуге қатысуға;
10) гарнизон бастығының рұқсат етуімен гарнизон әскери бөлімдері медицина қызметінің мамандарын гарнизондағы емдеу-профилактикалық, санитариялық-гигиеналық және эпидемияға қарсы іс-шараларды жүргізуге тартуға;
11) әскери-емдеу және басқа да емдеу мекемелерінде стационарлық емдеуде болатын науқастарды кезең-кезеңімен тексеріп тұруға және бақылауға;
12) әскерлердің қатысуымен гарнизондық іс-шараларға, сондай-ақ табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды және олардың салдарын жою үшін тартылатын әскери бөлімдердің медициналық қамтамасыз етілуін ұйымдастыруға;
13) айына бір реттен сирек емес қарауылдар мен гауптвахта үй-жайларының санитариялық жай-күйін тексеруге, гауптвахтада ұсталатын әскери қызметшілердің медициналық тексерілуін ұйымдастыруға, оларға медициналық көмек көрсетілуін бақылауға;
14) стационарлық емдеуді қажет ететін сотталған әскери қызметшілердің емдеу мекемелерінің арнайы жабдықталған палаталарында ұсталуын бақылауға;
14) гарнизон бастығының нұсқауы бойынша өтіп бара жатқан әскери эшелондардың санитариялық жағдайын тексеруді ұйымдастыруға;
15) әскери қызметшілердің жаралануына немесе қайтыс болуына әкеп соқтырған оқиғалар туралы, гарнизонның әскери бөлімдеріндегі және жергілікті халық арасындағы жұқпалы аурулар жағдайлары туралы, осы ауруларды тоқтату үшін қабылданған шаралар туралы гарнизон бастығына дереу баяндауға міндетті.
Гарнизонның ветеринариялық қызмет бастығы
10. Гарнизонның ветеринариялық қызмет бастығы (ветеринариялық инспектор) адамдар мен жануарлар үшін ортақ аурулардан жеке құрамды қорғау жөніндегі іс-шараларды, әскерлерді жануарлар мен өсімдіктерден алынған өнімдермен қамтамасыз ету сапасына ветеринариялық бақылау, гарнизонның әскери бөлімдерінде ветеринариялық-алдын алу, эпизоотияға қарсы және емдеу іс-шараларын ұйымдастыруға және жүргізуге жауап береді.
Ол гарнизон бастығына бағынады, ал арнайы мәселелер бойынша жоғары тұрған ветеринариялық қызмет бастығының нұсқауларын орындайды.
Ол:
1) гарнизон жеке құрамын адамдар мен жануарлар үшін ортақ аурулардан қорғау жөніндегі ветеринариялық іс-шараларды әзірлеуге және жүзеге асыруға;
2) гарнизон әскери бөлімдері орналасқан аудандардағы аумақтың ветеринариялық- санитариялық және эпизоотикалық жай-күйін зерделеуге және білуге, оны сауықтыру жөнінде шаралар қабылдауға, ол туралы гарнизон бастығына, жоғары тұрған ветеринариялық қызмет бастығына уақтылы баяндауға;
3) гарнизонның әскери бөлімдерінде ветеринариялық-алдын алу, эпизоотияға қарсы және емдеу іс-шараларын ұйымдастыруға және жүргізуге;
4) гарнизон әскери бөлімдерін азық-түлікпен, жем-шөппен қамтамасыз етуге ветеринариялық- санитариялық қадағалауды ұйымдастыруға және жүзеге асыруға, оларды дайындаған, сақтаған және қайта өңдеген және тасымалдаған (тасыған) кезде азық-түлікке, жем-шөпке және шикізатқа ветеринариялық- санитариялық сараптама жүргізуге;
5) медицина қызметімен бірлесе отырып, гарнизон жеке құрамын жаппай қырып-жою қаруының әсеріне ұшыраған азық-түлікті қолдану кезінде туындауы мүмкін аурулардан және зақымданулардан қорғау жөніндегі іс-шараларды жүргізуді ұйымдастыруға;
6) штаттық әскери жануарларды ұстауды, сондай-ақ әскери бөлімге келіп түсетін жануарлар мен өсімдіктен алынған азық-түліктің сапасын бақылауды, оларды қоймаларда (базаларда) сақтаған кезде және тасымалдаған (тасыған) кезде азық-түлікке сараптама жүргізуді жүзеге асыруға;
7) қажет болған жағдайда қызмет көрсетілетін әскери бөлімдерде ветеринариялық-сауықтыру іс-шараларын жүргізуді ұйымдастыруға;
8) жұмылдыру жарияланған және гарнизонның әскери бөлімдерін жауынгерлік әзірліктің жоғары дәрежесіне келтірген жағдайда гарнизонға ветеринариялық қызмет көрсету, сондай-ақ жаппай қырып-жою қаруын қолданудың салдарын жою жөнінде ветеринариялық қызметтің іс-шаралар жоспарын әзірлеуге;
9) аумақтық және азаматтық қорғаныс органдарымен, гарнизонның басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының бөлімдерімен өзара іс-қимыл жоспарларын әзірлеуге қатысуға;
10) жергілікті азаматтық ветеринариялық органдардың әскери бөлімдер орналасқан ауданның ветеринариялық-санитариялық және эпизоотиялық жай-күйін жақсарту жөніндегі іс-шараларды әзірлеуіне қатысуға;
11) әскери бөлім лауазымды адамдарының ветеринариялық қызмет жөніндегі заңнама талаптарын орындауын бақылауға;
12) гарнизон әскери бөлімдерінің мұқтажы үшін қолайсыз немесе карантинделген пункттерден азық-түлік, жем-шөп, мал және жануарлар мен өсімдіктен алынған шикізат дайындауға, тасымалдауға (тасуға), әкелуге (әкетуге) тыйым салуға;
13) гарнизон бастығына гарнизонның (қызмет көрсетілетін әскери бөлімдердің) ветеринариялық-санитариялық жай-күйі және оны жақсартуға қажетті шаралар туралы баяндауға;
14) гарнизонның әскери бөлімдері мен мекемелеріне қауіпті инфекциялық аурулармен ауырған жануарларды сою немесе жою, жануарлардың ауруына байланысты пайдалануға жарамсыз деп танылған өсімдік пен жануарлардан алынған азық-түліктер мен шикізаттарды жоюға және қайта өңдеуге немесе өзге пайдалануға нұсқаулар беруге;
15) ветеринариялық-санитариялық талаптарға жауап бермейтін көлік құралдарын гарнизон әскерлерінің мұқтажы үшін азық-түлік, жем-шөп, мал, жануарлар мен өсімдік текті шикізат тасымалдау үшін пайдалануға тыйым салуға;
16) гарнизон бастығының нұсқауы бойынша өтіп бара жатқан әскери эшелондардың ветеринариялық- санитариялық жай-күйін тексеруге;
17) гарнизон бастығы бекіткен жоспар бойынша гарнизон әскери бөлімдерінің ветеринариялық қызметі мамандарының жұмыс тәжірибесімен алмасу және олардың біліктілігін арттыру жөніндегі іс-шараларды жүргізуге;
18) азаматтық ветеринариялық мекемелердің емдеуінде болатын, әскери бөлімдерге тиесілі жануарларға күтім жасауды бақылауға;
19) гарнизон бастығына әскери бөлімдер мен гарнизонның жергілікті халқына тиесілі жануарлар арасындағы жұқпалы аурулар және оларды жою туралы қабылданған шаралар туралы дереу баяндауға, бұл туралы қызмет көрсетілетін әскери бөлімдердің командирлеріне хабарлауға міндетті.
Ветеринариялық қызмет мамандары жоқ гарнизондарда әскери бөлімдерге ветеринариялық қызмет көрсету әскерлерді ветеринариялық қамтамасыз ету жоспарына сәйкес жүзеге асырылады.
Гарнизонның өртке қарсы қорғаныс және құтқару жұмыстары қызметінің бастығы
11. Гарнизонның өртке қарсы қорғаныс және құтқару жұмыстары қызметінің бастығы гарнизондағы өртке қарсы қорғаныс және құтқару жұмыстарын ұйымдастыруға жауап береді.
Ол:
1) гарнизон объектілерінің өрт қаупі ерекшеліктерін білуге;
2) гарнизонның өртке қарсы қорғаныс жоспарын әзірлеуге, оны жергілікті өртке қарсы қорғаныс қызметінің органдарымен келісуге;
3) аумақтық және азаматтық қорғаныс органдарымен, гарнизонның басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының бөлімдерімен өзара іс-қимыл жоспарларын әзірлеуге қатысуға;
4) өртке қарсы қорғаныстың жай-күйін және әскери бөлімдер өрт сөндіру командаларының қызмет өткеруін, гарнизондық объектілер мен гарнизонның әскери бөлімдеріндегі өрт сөндіру құралдарының ақаусыз күйде ұсталуын бақылауға;
5) әскери бөлімдер қолбасшылығының гарнизон объектілерінің өртке қарсы жай-күйіндегі кемшіліктерді жедел жоюға шаралар қабылдауын бақылауға;
6) ақаулы жылыту және жарық беру аспаптарын, өртке қарсы жабдықталған үй-жайларды пайдалануға тыйым салуға;
7) полигондарға кеткен немесе гарнизон құрамынан шыққан әскери бөлімдердің тұрғын және тұрғын емес үй-жайларының, сондай-ақ гарнизонның әскери қалашықтарындағы офицерлер құрамы тұрғын үйлерінің өртке қарсы жай-күйін тексеруге;
8) гарнизон әскери бөлімдерінің өртке қарсы қорғаныс және құтқару жұмыстары қызметінің бастықтарына нұсқау беруге және олармен кезең-кезеңімен арнайы сабақтар өткізуге;
9) гарнизон бастығы бекіткен жоспар бойынша гарнизон әскери бөлімдері өрт командаларының оқу-жаттығуларын және сабақтарын өткізуге;
10) гарнизон әскери бөлімдерінің командирлерімен келісу бойынша әскери бөлімдердің өртке қарсы қорғаныс және құтқару жұмыстары қызметінің мамандарын гарнизондағы өртке қарсы қорғаныстың жай-күйін тексеруге тартуға;
11) гарнизонда өрт шыққан кезде әскери бөлімдердің өрт сөндіру командалары мен жергілікті өрт сөндіру командаларын шақыртуға, өрт сөндіру кезінде олардың жұмысына басшылық жасауға;
12) гарнизон бастығына гарнизонда өрт шыққаны туралы және оны сөндіру үшін қабылданған шаралар туралы жедел баяндауға, сол жерде өрттің шығу себептеріне қызметтік тексеру жүргізуге;
13) гарнизон бастығына гарнизонның өртке қарсы қорғаныстағы кемшіліктері туралы уақтылы баяндауға, оларды жою жөнінде өз ұсыныстарын енгізуге міндетті.
Гарнизонның әскери дирижері
12. Гарнизонның әскери дирижері әскери бөлімдер оркестрлерінің жалпыгарнизондық іс-шараларға қызмет көрсетуіне және гарнизон құрама оркестрінің дайындығына жауап береді.
Ол:
1) өз оркестрлері жоқ гарнизонның әскери бөлімдеріне басқа әскери бөлім оркестрлерінің қызмет көрсетуін ұйымдастыруға және осы бөлімдердің командирлеріне сигнал беруші-дағырашыларды даярлауға көмек көрсетуге;
2) гарнизондық қарауылдар таралымына және басқа гарнизондық іс-шаралар үшін әскери бөлімдер оркестрлері нарядының ведомостарын жасауға;
3) гарнизон бастығы бекіткен жоспар бойынша гарнизон әскери бөлімдері оркестрлерінің арнайы даярлығын бақылауға, гарнизон құрама оркестрінің саптық және арнайы даярлығын жүргізуге және оған басшылық жасауға;
4) әскери дирижерлермен бірге әдістемелік жиындарға басшылық жасауға, гарнизон әскери бөлімдерінің жеке құрамы үшін құрама оркестрдің концерттерін өткізуге міндетті.
Әскери қалашықтың жетекшісі
13. Әскери қалашықтың жетекшісі әскери қалашық аумағында әскери тәртіп пен реттіліктің сақталуына жауап береді.
Ол:
1) әскери қалашықта ішкі тәртіпті орнатуға және оны қолдауға, әскери бөлімдерге бекітіліп берілген аумақтардың ұсталуын, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар мен санитариялық-гигиеналық іс-шаралардың орындалуын бақылауға;
2) әскери қалашықтың қорғанысы мен күзетін ұйымдастыруға;
3) әскери қалашықтың біріктірілген объектілерінде тәуліктік нарядтың қызметті өткеруін жеке өзі және бағынысты штабтың офицерлері арқылы бақылауға міндетті.
Әскери қалашық жетекшісінің, оның міндеттерімен айқындалған нұсқаулары әскери қалашық аумағында орналасқан әскери бөлімдер мен бөлімшелердің барлық командирлері үшін міндетті болып табылады.
Әскери қалашықтың жетекшісі әскери қалашық шегіндегі әскери тәртіпті қолдау үшін қажет болған кезде қызметті гарнизондық патрульдер үшін белгіленген тәртіпке сәйкес атқаратын ішкі патрульдерді тағайындайды.
Командирі әскери қалашықтың жетекшісі болып табылатын ішкі патруль бастығы әскери бөлім бойынша кезекшіге бағынады.
Жедел даярлық офицері
14. Жедел даярлық офицері жедел даярлық іс-шараларын сапалы әзірлеуге жауап береді.
Ол:
1) жедел даярлық іс-шараларын дайындау жөніндегі ұйымдастыру құжаттарын және басқа да құжаттарды әзірлеуді жүзеге асыруға;
2) гарнизонды күзету мен қорғау жоспарларын, диверсияға қарсы іс-шараларды, оқу-жаттығуларды, штабтық жаттықтыруларды, сабақтарды және гарнизонның басқа да іс-шараларын уақтылы және сапалы әзірлеуге;
3) бөлімшелер мен әскери бөлімдер штабтарына гарнизондық іс-шараларды жоспарлау мен жүргізуде көмек көрсетуге қатысуға;
4) гарнизондық іс-шараларды жүргізудің есебін жүргізуге және жоғары тұрған органдарға есептілікті уақтылы ұсынуға;
5) жедел даярлық іс-шараларын және жай-күйінің нәтижелерін және талдау жүргізуді жинақтауды жүзеге асыруға міндетті.
Құпия емес іс жүргізу бастығы
15. Гарнизон әкімшілігінің құпия емес іс жүргізу бастығы құпия емес іс жүргізу жұмысын және қызметтік құжаттардың сақталуын ұйымдастыруға жауап береді.
Ол:
1) гарнизон құпия емес іс жүргізу істерінің, кітаптары мен журналдарының номенклатурасын жүргізуді ұйымдастыруға;
2) келіп түскен қызметтік құжаттар туралы гарнизон бастығына баяндауға және оларды орындауға беруге;
3) қызметтік құжаттарды қабылдау, жөнелту, есепке алу және сақтау, оларды ұстау қағидаларының сақталуына, сондай-ақ оларды іс жүргізуге уақтылы қайтарылуына бақылауды жүргізуге;
4) қызметтік құжаттарды орындау мерзімдерінің өтуі туралы орындаушыларға уақтылы хабарлауға;
5) қызметтік құжаттардың сақталуын ұйымдастыруға міндетті.
Құпия іс жүргізу бастығы
16. Гарнизон әкімшілігінің құпия іс жүргізу бастығы құпия іс жүргізу жұмысын ұйымдастыруға, құпиялылық режімін қамтамасыз етуге және құпия іс жүргізуге жауап береді.
Ол:
1) гарнизонда құпиялылық режімінің нақты жай-күйін зерделеуге, құпия мәліметтердің жария болуы мүмкін арналарды анықтауға;
2) гарнизон әкімшілігі тиісті лауазымды адамдарының рұқсатнамаларын қолдану мерзімдерін бақылауға;
3) құпия құжаттардың бар болуын, сақталуын және оларды ұстау тәртібін тексерудің барлық түрлерін жүзеге асыруға;
4) құпия құжаттарды қабылдау, жөнелту, есепке алу және сақтау, оларды ұстау қағидаларының сақталуына, сондай-ақ оларды құпия іс жүргізуге уақтылы қайтарылуына бақылауды жүргізуге;
5) келіп түскен құпия құжаттар туралы гарнизон бастығына баяндауға және оларды белгіленген тәртіппен орындауға беруге;
6) қызметтік құжаттарды орындау мерзімдерінің өтуі туралы орындаушыларға уақтылы хабарлауға;
7) құпия құжаттардың сақталуын ұйымдастыруға міндетті.
Гарнизондық және қарауылдыққызметтер жарғысына 2-ҚОСЫМША |
БЕКІТЕМІН
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері
Бас штабы бастығының бірінші орынбасары
__________________________________
(әскери атағы, қолы, тегі)
20 ___ ж. "_____" ______________
Қарауылдар кестесі
__________________________________________
(гарнизон атауы)
Жүктеу
| Бекеттер саны, қарауыл құрамы | |||||||||||||
| Қарауылдар нөмірі | Күзетілетін обьектілердің атауы | Сақшылардың үш ауысымымен | Сақшылардың екі ауысымымен | Барлығы бекеттер | Қарауылдық иттер бекеттері (блок-бекеттер) | Қарауыл бастығы | Қарауыл бастығының көмекшісі | Таратушылар | Қарауылдар | ҚБ ТКҚ жөніндегі көмекшісі (ТКҚ операторы) | ҚБ ҚҚИ жөніндегі көмекшісі (ҚИ жетекшісі) | Барлығы жеке құрам | Ескертпе |
| 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 |
Гарнизон бастығы
_______________________________________________________________
(әскери атағы, қолы, тегі)
Ескертпе: Ішкі қарауылдар кестесін үлкен бастық бекітеді, әскери бөлім командирі қол қояды.
7-бағанда қарауылдардың бастығы болып тағайындалатын әскери қызметшінің санаты көрсетіледі, мысалы: 1 оф., 1 с-нт.
Көлік құралының жүргізушісін, жауынгерлік машиналар экипаждарын, шығарушылар тағайындалған жағдайда қосымша бағандар қосылады.
Қарауылдар кестесі жыл сайын 1 желтоқсанда, сондай-ақ қарауыл құрамына өзгеріс енгізген кезде бекітіледі
Гарнизондық және қарауылдыққызметтер жарғысына 3-ҚОСЫМША |
БЕКІТЕМІН
Әскери бөлім командирі
(гарнизон бастығы)
___________________________
(әскери атағы, қолы, тегі)
20___ ж. "_____"______________
Наряд ведомосы
______________________________ ________________________________
тәуліктік (гарнизондық) әскери бөлімінің (гарнизонның)
20___ж. _____________________
Жүктеу
| Әскери бөлімдер (бөлімшелер) | Наряд құрамы және оның түсу уақыты | ||||||||||
| Бөлім (қарауылдар) бойынша кезекші және оның көмекшісі | Кезекші бөлім | Қарауылдар | Патрульдер | Парк бойынша кезекші және тәуліктік кезекші | БӨП бойынша кезекші және оның көмекшілері | Асхана бойынша кезекші және жұмысшылар | Штаб бойынша кезекші және шабармандар | Ескертпе | |||
| № 1 | № 2 | № 1 | № 2 | ||||||||
| 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 |
Әскери бөлімнің (гарнизонның) штаб бастығы
____________________________________________
(әскери атағы, қолы, тегі)
Ескертпе: Тәуліктік нарядтың басқа да лауазымды адамдарын тағайындаған кезде қосымша бағандар қосылады
Гарнизондық және қарауылдыққызметтер жарғысына 4-ҚОСЫМША |

Гарнизондық және қарауылдыққызметтер жарғысына 5-ҚОСЫМША |
Объектілерді қарауылдық иттерді пайдалана отырып күзетуЖалпы ережелер
1. Объектіні күзетуді күшейтуге тартылатын қарауылдық иттер бекет ауданында күзетілетін объектіге кіруге әрекеттеніп жатқан бұзушының пайда болғаны туралы сақшыны уақтылы хабардар ету және қарауылдың резервтегі тобы келгенге дейін оның одан әрі бекет арқылы өтуінің жолын кесу мақсатында пайдаланылады.
2. Қарауыл бастығының қарауылдық иттер жөніндегі көмекшісі (қарауылдық иттер жетекшісі) қарауылдың таратылымына иттерсіз келеді.
3. Қарауылдық иттер тәулік бойы және түнде нашар көрінетін кезде (жаңбыр, тұман және қар жауу, басқа да жағдайларда), сондай-ақ үлкен қашықтағы бағыт және ойлы-қырлы жерлерде қолданылады.
Қарауылдық иттің бекетте болу ұзақтығы тәулігіне 12 сағаттан аспауға тиіс. Температура Цельсий бойынша плюс отыз градус және одан жоғары, Цельсий бойынша минус жиырма градус және одан төмен болған кезде, сондай-ақ суық желде, жаңбырда және басқа да нашар ауа райы жағдайында қарауылдық иттің бекетте болу ұзақтығы 6 сағатқа дейін қысқартылады, ол туралы қарауыл бастығы бекеттік ведомосқа жазба жасайды.
Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Президентінің 12.11.2022 № 1071 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.
4. Қарауылдық иттер бекеті – бұл объектіні күзетуді күшейту үшін ит шығарылатын арнайы жабдықталған жергілікті жер учаскесі.
Қарауылдық иттер бекеттері объектіге ең қауіпті кіреберісте сыртқы қоршаудың (бекеттердің) алдынан 80 метрге дейінгі қашықтықта немесе иттің алдындағы жерді ату мүмкіндігін ескере отырып, техникалық күзет құралдарымен жабдықталған сыртқы қоршау мен бірінші шеп арасына орнатылады.
Қарауылдық иттің бекетін жабдықтау белгіленген орын итке бөтен адамдардың жасырын келу мүмкіндігін болдырмайтын болуға, құрғақ және енінен қарай кемінде 10 метр жерде қоқыстан, қалың шөптен, тастардан, бұтақтардан, кесетін, шаншитын (шыны, шегелер, консерві банкілер) және итті жарақаттауы мүмкін басқа да қауіпті заттардан тазартылған болуға тиіс.
Итті бекетке қою кезінде қарауыл бастығының қарауылдық иттер қызметі жөніндегі көмекшісі (жетекші) бекеттің дұрыс жабдықталғанын тексеруге міндетті.
Қарауылдық иттер бекеттері қашан да объектілерден түсетін жарықтан көлеңкеде болуға тиіс. Жарық түсіру аспаптары қарауылдық иттер бекеттерінің алдындағы жерге жарық түсіп тұратындай орнатылады.
Қысқы уақытта үйшіктегі сабаннан жасалған төсем үш күнде бір реттен сирек емес ауыстырылады, қарауылдық ит бекетінің учаскесі қардан тазартылуға тиіс.
Қажет болған кезде қарауылдық иттер бекеттері күшейтілген күзетті талап ететін ғимараттардың (үй-жайлардың) жанына жабдықталады.
Қарауылдық иттер бекеттерін адамдар мен көліктің қарқынды қозғалысы жүріп жатқан учаскелерде жабдықтауға тыйым салынады.
Қарауылдық иттер бекеттерінің мынадай түрлері жабдықталуы мүмкін:
1) блок-бекет;
2) тұйық байлау бекеті;
3) еркін қарауылдау бекеті.
Блок-бекетті жабдықтау кезінде күзетілетін учаскенің ауқымдылығына байланысты бір-бірінен 20-80 метр қашықтықта, диаметрі 150-200 мм бағандар орнатылады, олар топыраққа кемінде 1 метрге көміледі. Бағанның биіктігі жерден кемінде 2 метр болуға тиіс. Бағандар арасына 2 метр биіктікте диаметрі 10 мм болат арқан немесе диаметрі 6 мм сымтемір блок-бекет учаскесінің орта бөлігінде бос тұрған болат арқанның жерден кемінде 1,5 метр болатындай есеппен тартылады.
Болат арқанға (сымтемірге) шығырлы шынжыры бар сақина тағылады. Болат арқанның (сымтемірдің) ұшы бағандарға бекітіледі немесе бағанға болттың көмегімен қысылған металл құрсауға байланады.
Бағандардан 2,5-3 метр арақашықтықта болат арқанда сымтемірлік түйін түрінде немесе болттар, сақиналар болат арқанға дәнекерленген шектегіштер (тоқтатқыштар) орнатылады, олар шығырлы шынжыры бар сақинаның болат арқан бойымен қозғалысына және бағанның сыртына иттің өтіп кету және бағанға оралып қалу мүмкіндігін болдырмау үшін кедергі жасайды.
Әр бағанның жанына болат арқанның (сымтемірдің) тартылуына қарама-қарсы жаққа тартпа тартылады.

Блок-бекет учаскесінің орта тұсында иттер үшін ит оны айналып өтпейтіндей, тек үйшікке жата алатындай етіп болат арқанның ортасына алдыңғы жағымен үш қабырғалы үйшік орнатылады.
Үйшіктің жанына көлемі 1х1 м ағаш қалқан орнатылады, онда суы бар астау (итаяқ) қойылады.
Тұйық байланған бекетті жабдықтау кезінде бекетке арналған орын тазаланған кемінде 16 шаршы метр алаң болуға тиіс. Күзетілетін объектінің жанына жерге 1 метрге дейінгі тереңдікке диаметрі 150-200 мм топырақ деңгейінен биіктігі 30 см бағандар қазылып орнатылады. Бағанның шетінде серіппелі шынжырды бекіту үшін еркін айналатын айналдырғыш орнатылады, ол қарауылдық иттің қарғыбауына бекітіледі. Баған ит шынжырды тартқанда күзетілетін объектінің есігіне еркін келетіндей есеппен орнатылады. Ашық жағымен объектінің (иттің үретін жағына) қоршауына қаратылған үш қабырғалы үйшік орнатылады. Үйшіктің жанына көлемі 1х1 м ағаш қалқан орнатылады, онда суы бар астау (итаяқ) қойылады.
Жекелеген жағдайларда үйшік объектінің кіреберісін жауып тұратындай етіп орнатылуы мүмкін. Итті бекеттен алған кезде оған еркін кіру үшін үйшікті кіреберістен әрі жылжытады.

Еркін қарауылдау бекеті ені 5 метрге дейін, ұзындығы 100 метрге дейін жететін жабдықталған дәлізді білдіреді. Дәліздің шеттерінде қақпалар орнатылады, олар иттер қойылғаннан кейін ілінетін құлыптарға жабылады. Бекеттің бір жағы объектінің қоршауы болып табылуы мүмкін. Бекетті жабдықтаған кезде объектінің периметрінен тыс (оған кіреберістерде, жеке ғимараттарда, құрылыстарда) дәлізде иттің қоритын жағына қарама-қарсы бір қақпа орнатылады. Иттің дәлізден қазып немесе шығып кетуін болдырмау үшін, сондай-ақ бөтен адамдар мен басқа жануарлардың күзетілетін аумаққа сырттан кіру мүмкіндігін болдырмау мақсатында дуал тығыз, берік металл тордан немесе биіктігі 2 метрден кем емес және топыраққа кемінде 0,5 метр тереңдетілген темірбетон плиталардан жасалады. Бекет (дәліз) ортасында немесе оның шеткі бөлігінде ашық жағымен объектінің қоршауына (иттің қоритын жағына) қараған үш қабырғалы үйшік орнатылады. Үйшіктің жанына көлемі 1х1 м ағаш қалқан орнатылады, онда суы бар астау (итаяқ) қойылады. Еркін қарауылдау бекеті қарауылдық иттерді қолдануға анағұрлым тиімді болып табылады. Бекетте еркін қарауылдауға әдеттенуін болдырмау мақсатында айына бір реттен сирек емес иттерді ауыстыру жүргізіледі.
Қарауылдық итті үй-жайлардың (қоймалардың, сақтау орындары мен басқа да объектілердің) ішін күзетуге пайдаланған кезде, итті қойған кезде, иттің бекеттен кетіп қалу және оның басқа қосымша үй-жайларға кіріп кету мүмкіндігін болдырмау қажет, ол итті объектіні күзетуден алаңдатуы мүмкін.
Үлкен үй-жайларды бірнеше иттермен күзеткен кезде алып жүретін торлы рамалар немесе ағаш қалқандармен әрбір ит үшін бөліктерді оқшаулау қажет.
Бекеттерді күзетуді күшейту үшін қарауылдық иттер берілетін үлкен аумақтарды күзеткен кезде бір бекеттен екінші бекетке дейін көрінетін арақашықтықтарға қоршаудың сыртқы жағынан сақшылар үшін қадағалау мұнараларын орнату қажет.
5. Қарауыл бастығының қарауылдық иттер қызметі жөніндегі көмекшісі қарауыл бастығының бұйрығы бойынша иттерді бекеттерге қоюды ұйымдастырады. Қарауылдық иттерді бекеттерге қоюды және оларды бекеттерден алуды қарауылдық иттер жетекшісі және тиісті таратушылар жүргізеді.
Әрбір жетекші екіден көп емес иттерді қысқа қарғыбаумен және тұмылдырықпен алып жүреді.
Бекеттің дұрыс жабдықталғанына көзін жеткізгеннен кейін, итті жетекші бекетке қояды, қарғыбауына шынжырды бекітеді, одан тұмылдырық пен қарғыбауды шешіп алады.
Иттерді бекеттерге қойып болғаннан кейін қарауыл бастығының қарауылдық иттер қызметі жөніндегі көмекшісі бұл туралы қарауыл бастығына баяндайды.
6. Сақшыдан сигнал алғаннан немесе иттің үргенін естігеннен кейін жағдайды білу үшін қарауыл бастығы өзінің қарауылдық иттер жөніндегі көмекшісін, осы бекет иттерінің жетекшісін және таратушыны шұғыл түрде жібереді.
7. Таң атқанда немесе көру мүмкіндігі жақсарған кезде (жаңбырдан, тұманнан, қар жауғаннан кейін) қарауыл бастығының нұсқауы бойынша қарауыл бастығының қарауылдық иттер жөніндегі көмекшісі (жетекшісі) тиісті таратушының ілесіп жүруімен иттерді бекеттерден алады және өз орындарына апарады. Қарауылдық иттерді бекеттерден алу немесе бекеттердегі оларды ауыстыру туралы қарауыл бастығы өзінің қарауылдық иттер қызметі жөніндегі көмекшісіне нұсқау береді.
8. Бекеттердегі иттердің мінез-құлқын және бекеттердің жай-күйін тексеруді қарауыл бастығының рұқсатымен қарауыл бастығының қарауылдық иттер қызметі жөніндегі көмекшісі (жетекші) бақылау-күзету тобының құрамында немесе қарауыл бастығы көмекшісінің (тиісті таратушының) ілесіп жүруімен жүзеге асырады.
Бұзушылық белгілері анықталған кезде қарауыл бастығының қарауылдық иттер қызметі жөніндегі көмекшісі (жетекші) бұл туралы қарауыл бастығына баяндайды, объектіге және оған кіреберістерге бақылауды күшейтеді. Бекеттерде ақаулар анықталған кезде (болат арқанның және шынжырдың үзілуі, иттің оралып қалуы және басқа да ақаулар), оларды жоюға шұғыл шаралар қабылдайды.
9. Қарауылдық иттерді күтіп ұстау мен даярлау тәртібі, сондай-ақ бекеттердегі қарауылдық иттерді тексеру арнаулы басшылықта баяндалған.
Қарауыл бастығының қарауылдық иттер қызметі жөніндегі көмекшісі
10. Қарауыл бастығының қарауылдық иттер қызметі жөніндегі көмекшісі қарауылдық иттердің аға жетекшілерінен тағайындалады. Ол қарауыл бастығына бағынады және:
1) иттердің бекеттерге уақтылы қойылуына және олардың бекеттерден уақтылы алынуына;
2) қарауылдық иттердің нәтижелі қолданылуына;
3) қарауылдық иттер жетекшілерінің қызмет өткеруіне;
4) қызметтік иттерді күту, күтіп ұстау мен тамақтандыру ережелерінің орындалуына жауап береді.
11. Қарауыл бастығының қарауылдық иттер қызметі жөніндегі көмекшісі:
1) қарауылдық иттер бекеттерінің орналасуын нақты білуге және бекеттерге иттерді қоюға басшылық жасауға;
2) қарауылды ауыстыру кезінде тізімдеме бойынша және объектінің периметрін қарау жолымен иттердің, бекеттердің, вольерлердің, мүкәммалдың, жабдықтар мен қарауылдық иттердің қызмет өткеруі үшін арналған басқа да мүліктің бар болуын және жай-күйін тексеруге;
3) жетекшілерді қарауылдық иттермен бекеттерге жіберу алдында жетекшілердің өз міндеттерін білуін және иттердің жабдықтарын тексеруге, қызметтік жануарлармен айналысқан кезде қауіпсіздік шараларын сақтау жөнінде нұсқау беруге;
4) кестеге сәйкес өзі немесе қарауылдық иттер жетекшісі арқылы бекеттердегі иттердің мінез-құлқын және бекеттердің жай-күйін тексеруге, бекеттерде анықталған ақауларды жою және бекеттердегі иттердің белсенділігін арттыру шараларын қабылдауға, тексерудің нәтижелері туралы қарауыл бастығына баяндауға;
5) бекеттерге түсетін қарауылдарды бекеттердің шекарасына қойылатын қарауылдық иттер мінез-құлқының ерекшеліктері (иттердің бекетке жақындаған бұзушыға алаңдауына, дыбыс тітіркендіргіштерге, бөтен адамдар берген тамаққа қатынасы және басқа да жағдайлар) туралы ақпараттандыруға міндетті.
Қарауылдық иттер жетекшісі
12. Қарауылдық иттер жетекшісі қарауылдық иттер бекеттерінің дұрыс ұсталуына, иттердің бекеттерге уақытылы қойылуына, иттердің бекеттерден уақытылы алынуына, қызметтік иттерді күту, күтіп ұстау және тамақтандыру ережелерінің қатаң және дәл орындалуына жауап береді.
Ол қарауыл бастығына және оның қарауылдық иттер жөніндегі көмекшісіне бағынады.
13. Қарауылдық иттер жетекшісі:
1) қарауылдық иттер бекеттерінің орналасуын және оларда қызмет өткеру жағдайларын білуге;
2) ауа райының жағдайларына байланысты белгіленген кесте бойынша иттерді бекеттерге қоюға және алуға;
3) қарауыл бастығының қарауылдық иттер жөніндегі көмекшісінің рұқсатынсыз өз бөлімшесінен ешқайда кетпеуге;
4) өз ауысымының қарауылдық иттерді және олардың бекеттердегі мінез-құлқын білуге;
5) объектінің периметрін әрбір қарап шығу кезінде бекеттердің, мүкәммалдың, жабдықтар мен қарауылдық иттердің қызмет өткеруіне арналған басқа да мүліктің жай-күйін тексеруге және бекеттерде анықталған ақауларды (болат арқанның немесе шынжырдың үзілуі, иттердің оралып қалуы және басқалар) дереу жоюға шаралар қабылдауға;
6) қызметтік жануарлармен айналысқан кезде қауіпсіздік шараларын, сондай-ақ қарауылдық иттерді күту, күтіп ұстау және тамақтандыру жөніндегі ережелерді сақтауға;
7) тексеру нәтижелері туралы қарауыл бастығының қарауылдық иттер жөніндегі көмекшісіне баяндауға міндетті.
Гарнизондық және қарауылдыққызметтер жарғысына 6-ҚОСЫМША |
Қарауылдық киім нысаны
1. Қарауыл киім нысаны далалық астары жылы күртешеден (шинельден), таза және дұрыс далалық (салтанатты) киім нысанынан, аяқкиімнен, баскиімнен, белдік белбеуден және оқжатарларға (оқшантайға) арналған сөмкеден тұрады. Әскери бөлімнің Жауынгерлік Туы жанындағы бекеттің қарауылдары салтанатты киім нысанында болуы мүмкін.
Бекеттік киім ретінде: капюшоны бар плащ немесе плащ-шатыр және су өткізбейтін арнайы аяқкиім, тұлып пен пима тек қысқы уақытта қолданылады. Тұлыптан басқа, бекеттік киім әрбір бекетке екі жиынтықтан тұрады, оның біріншісі қарауылдық үй-жайда, ал басқасы – бекетте болады. Одан басқа, қарауылдық үй-жайда қарауыл бастығына, оның көмекшілеріне, таратушылар мен шығарушыларға арналған плащтар немесе жадағай-шатырлар және су өткізбейтін арнайы аяқкиім болуға тиіс.
Ерекше жағдайларда, әскери бөлім командирінің (гарнизон бастығының) нұсқауы бойынша сақшылар қызметті броньды кеудешелерде және болат дулығаларда өткереді.
2. Қарауылдар таралым орнына астары жылы далалық күртешелермен (шинельдермен) келуге тиіс. Ыстық уақытта гарнизон бастығының (әскери бөлімнің штаб бастығының) нұсқауы бойынша қарауылдар таралымға астары жылы далалық күртешесіз (шинельсіз) келуі мүмкін. Астары жылы далалық күртешелерді (шинельдерді) кию тәртібі: таралым уақытында – қарауылдар (әскери бөлім) бойынша кезекші, ал таралымнан кейін – қарауыл бастығы өзгертуі мүмкін.
3. Жазғы уақытта суық жел кезінде ауысым бекетке далалық астары жылы күртешеде (шинельде) жіберіледі. Көлеңкедегі ауа температурасы Цельсий бойынша плюс он бес градус және одан жоғары болған кезде ауысымға астары жылы далалық күртешені (шинельді) қарауылдық үй-жайдағы киім ілгішке қалдыруға рұқсат етіледі.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Президентінің 12.11.2022 № 1071 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.
4. Қолайсыз ауа райында ауысымдар бекеттерге жадағайда (плащ-шатырларда) және су өткізбейтін аяқкиіммен жіберіледі. Жадағайларды (жадағай-шатырларды) сақшылар бекетте қажеттілігіне қарай шешеді (киеді).
5. Бекеттік тұлып тек бекеттегі ауысу уақытында киіліп, шешіледі, ол астары жылы далалық күртешенің (шинельдің) сыртынан киіледі. Пима қарауылдық үй-жайда киіледі. Тұлып пен пиманы температура Цельсий бойынша минус бес градус және одан төмен болған кезде, сондай-ақ суық жел кезінде киюге рұқсат етіледі.
Шешілген тұлыптар мен плащтар (плащ-шатырлар) бекеттік саңырауқұлақ астына немесе қадағалау мұнарасына ілінеді. Плащтар (плащ- шатырлар) мен пима бекеттерден келгеннен кейін шешіледі және кептіріледі.
Ескерту. 5-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Президентінің 12.11.2022 № 1071 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.
6. Сақшылар жылытылатын үй-жай ішінде температура Цельсий бойынша плюс он сегіз градустан төмен болмағанда үнемі астары жылы далалық күртешесіз (шинельсіз) болуға тиіс.
Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Президентінің 12.11.2022 № 1071 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.
Гарнизондық және қарауылдыққызметтер жарғысына 7-ҚОСЫМША |
№____ қарауылдың жауынгерлік патрондарыныңқорын есепке алу кітабы___________________________________________________________
(әскери бөлім)
Жүктеу
| Патронның келіп түскен және жұмсалған күні | Жауынгерлік патрондардың саны | Патрондарды алу және толықтыру туралы құжаттың атауы мен нөмірі | Патрондардың жай-күйін тексеру | ||
| автоматтарға және карабиндерге | Пистолеттерге | Тексеру күні мен патрондардың саны және жай-күйі туралы тексерушінің жазбасы | Анықталған кемшіліктерді жою туралы жазба | ||
| ... тұрады | |||||
| ...алынды | |||||
| ...қалды | |||||
Әскери бөлімнің (гарнизонның) штаб бастығы___________________________ (әскери атағы, қолы, тегі) | |||||
| ...толықтырылды | |||||
| ...тұрады | |||||
Әскери бөлімнің (гарнизонның) штаб бастығы___________________________ (әскери атағы, қолы, тегі) | |||||
Ескертпе: 1. Патрондарды алу (салу) туралы әскери бөлімнің (гарнизонның) штаб бастығы, оқ-дәрілер тіркелген әскери бөлімнің зымыран-артиллериялық қару-жарақ қызметінің бастығы, әскери бөлім (қарауылдар) бойынша кезекші және қарауыл бастығы қол қоятын акті жасалады. Жауынгерлік патрондардың қоры нормаға дейін толтырылады, жәшік қайтадан мөрленеді және сақтау үшін қарауыл бастығына тапсырылады.
2. Кітап нөмірленген, тігілген, сүргілі мөрмен мөрленген және әскери бөлім (гарнизон) штаб бастығының қолы қойылған болуға тиіс.
3. Гранаталар мен тұтандырғыштардың есепке алу кітабы да осындай нысанда жүргізіледі. Тиісті бағандарға қажетті атаулар жазылады
Гарнизондық және қарауылдыққызметтер жарғысына 8-ҚОСЫМША |
Қарауылдық үй-жайды және әскери полиция органдары гауптвахтасының кезекші ауысым бөлмесін жабдықтау
Ескерту. 8-қосымшаның тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Президентінің 12.11.2022 № 1071 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.
1. Қарауылдық үй-жай:
1) қарауылдың жеке құрамына арналған ортақ бөлмеден;
2) әйнектелген есігі қарауылдың жеке құрамына арналған ортақ бөлмемен біріктірілген қарауыл бастығының және көмекшісінің бөлмелерінен;
3) есігі қарауылдың жеке құрамына арналған ортақ бөлмемен біріктірілген қарауылдың демалатын ауысымына арналған бөлмеден тұрады.
Бұдан басқа, қарауылдық үй-жайда: тамақты жылытуға арналған жабдығы бар асхана, жуыну, шылым шегу, қаруды және аяқкиімді тазалау үшін орындары (бөлмелері), кептіретін жер, тұрмыстық бұрыш, дәретхана, душ кабинасы, отын үшін қоймасы, ал қарауылдық иттерді пайдалана отырып, міндеттерді орындайтын қарауылдар үшін оларды ұстауға арналған вольер болуға тиіс. Саны аз қарауылдардың қарауылдық үй-жайларында асхана болмауы мүмкін. Осы жағдайда ыдыс-аяқты, азық-түлікті сақтау және тамақ жылыту үшін орындар жабдықталады.
Объектілері техникалық күзет құралдарымен жабдықталған қарауылдық үй-жайда қарауыл бастығының техникалық күзет (бекет) құралдары жөніндегі көмекшісіне (операторға) арналған басқару бөлмесі болу керек. Бұл ретте техникалық күзет құралдары сигналдарын қабылдау аппаратурасының пульті қарауыл бастығының бөлмесінен көзбен шолып отыруға тиіс.
2. Қарауылдың жеке құрамына арналған ортақ бөлмеде:
1) әскери ант мәтіні жазылған плакат;
2) бекеттерге табельдер;
3) жауынгерлік есеп;
4) жалпыәскери жарғылар;
5) газеттер мен журналдар;
6) қарауылдық қызметті өткеру ережелері көрнекі бейнеленген, сондай-ақ қарауылдардың жеке құрамымен жасалған ерліктер бейнеленген және суреттелген суреттер немесе плакаттар, қарауылдық қызмет қағидаларын бұзғаны үшін сотталған әскери қызметшілер туралы ақпараттық стенд;
7) қарауылдық қызметті өткеру кезінде ерекше көзге түскен әскери қызметшілердің суреттері бар стенд;
8) үстел ойындары (шахматтар мен дойбылар);
9) сағат;
10) таратушылар санына қарай аккумуляторлық қолшамдар;
11) термометрлер (ішкі және сыртқы);
12) медициналық қобдиша немесе санитар сөмкесі және қарауылдың барлық құрамына арналған жеке таңғыш пакеттері;
13) қарауыл құрамының жеке заттары мен жуынатын керек-жарақтарына арналған шкаф;
14) қарауыл бастығының үй-жайына сигнал берілетін жарық-дыбыс дабылдамасымен жабдықталған қару-жараққа арналған пирамида;
15) қарауыл құрамының үштен екі бөлігіне арналған үстел мен орындықтар;
16) қарауылдың барлық құрамына есептелген сыртқы киімдерге арналған киім ілгіш және бекеттік киімнің екінші жиынтығы;
17) урналар болуға тиіс.
Шкаф пен киім ілгішті қарауылдық үй-жай бөлмелерінің орналасуына қарай басқа бөлмелерге (дәлізге) қоюға рұқсат етіледі.
Қарауылдардың жеке құрамына арналған ортақ бөлмеге одан басқа, теледидар мен радиоқабылдағыш қойылуы мүмкін.
3. Қарауыл бастығы мен оның көмекшісінің бөлмесінде:
1) қарауыл бастығы қабылдайтын құжаттардың тізімдемесі;
2) қарауылдық үй-жайында болатын жабдықтардың, мүкәммал мен мүлік тізімдемесі;
3) бекеттердің орналасу сұлбасы, бекеттерге табельдер;
4) қарауыл бастығына нұсқаулық;
5) жауынгерлік әзірліктің жоғары дәрежесіне келтірген жағдайға арналған құжаттамасы бар пакет;
6) қол қоюға құқығы бар және олардың қолымен жіберілетін адамдардың санына қарай рұқсатнама үлгілері;
7) қарауылды тексеруге құқық беретін біржолғы куәліктің үлгісі;
8) таратушылардың саны бойынша – арнайы жәшіктерде болатын мөрлерден бедерлердің (пломбалардан таңбалардың) үлгілері;
9) сақтау орындарын (қоймаларды, парктерді) ашуға құқығы бар немесе қарауылдардан тұрақтарда болатын жауынгерлік машиналарды (қару-жарақты, әскери және басқа да техниканы) қабылдауға күзетілетін аумаққа жіберілетін лауазымды адамдардың тізімі (тізімде олардың әскери атағы мен лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты, жеке басын куәландыратын куәліктің (төлқұжаттың) нөмірі, олар қандай объектіні ашуға (жабуға) және аумаққа жіберілгені, қандай мөрмен (пломбамен) мөрленгені және объектіні ашу (жабу) уақыты көрсетіледі;
10) алып тасталды – ҚР Президентінің 12.11.2022 № 1071 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен;
11) жалпыәскери жарғылар;
12) қарауылдар (әскери бөлім) бойынша кезекшімен тікелей телефон және селекторлық байланыс пен бекеттермен байланыс құралдары;
13) құлыптары және оларға кілттері бар металл жәшіктегі оқ-дәрілер қоры;
14) екі ауысымды бекеттердің оқ-дәрілер қорларын сақтауға арналған металл жәшік (сейф);
15) бақылау-өткізу бекеті қарауылдарының пистолеттеріне арналған металл жәшік (сейф);
16) жазу құралдары;
17) су құятын графин мен стақандар;
18) құлыпқа жабылатын жәшігі (сейфі) бар үстел мен екі орындық;
19) киім ілгіш;
20) аккумуляторлық қолшам;
21) сағат;
22) жартылай жұмсақ кушетка болуға тиіс.
Одан басқа қарауыл бастығының және оның көмекшісінің бөлмесіне бөлім бойынша кезекшінің пистолеттері бар сейфтерден (қаруды сақтауға арналған бөлмеден) дабылдама енгізіледі.
Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Президентінің 12.11.2022 № 1071 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.
4. Қарауылдың демалатын ауысымына арналған бөлмеде қарауылдың бір ауысымы және кімге демалу тиесілі қарауылдың басқа да адамдары бір уақытта демалу есебінен бас жағында тыстары (салфеткалары) бар жартылай жұмсақ ағаш төсектер болуға тиіс.
5. Ауысатын қарауылдың жеке құрамын күту бөлмесінде (орнында):
1) құлыпқа жабылатын және сигнал қарауыл бастығының бөлмесіне жарықдыбысты дабылдамасы бар жабдықталған қаруға арналған пирамида;
2) қарауылдық қызметті өткеру қағидалары көрнекі бейнелеген суреттер мен плакаттар;
3) қарауыл құрамының үштен екісіне есептелген үстел мен орындықтар (табуреттер) болуға тиіс.
6. Асханада:
1) қарауыл құрамының үштен екісіне есептелген үстел мен орындықтар (табуреттер);
2) ыдыс-аяқ пен азық-түлікке арналған шкаф;
3) тамақты жеткізуге арналған термостар жиынтығы, қарауылдың барлық жеке құрамы тамақтануына арналған ыдыс-аяқ пен асхана құралдары;
4) қарауыл бастығының мөрімен мөрленген ауыз су құйылған шүмегі бар ыдыс (диспенсер);
5) тоңазытқыш;
6) тамақ жылытуға арналған электр немесе газ плитасы (қысқа толқынды пеш);
7) су қайнатуға арналған шәйнек;
8) ыдыс жууға арналған раковина, жуу құралдары болуға тиіс.
7. Пульт бөлмесінде (бекетте):
1) техникалық күзет құралдарының сигналдарын қабылдау аппаратурасы;
2) қарауыл бастығының техникалық күзет құралдары жөніндегі көмекшісінің (операторының) құжаттамалары;
3) объектілерге орнатылған техникалық күзет құралдарын пайдалану жөніндегі басшылық;
4) қауіпсіздік техникасы жөніндегі нұсқаулық;
5) үстел, орындықтар мен резеңке кілемше;
6) аппараттық журнал;
7) жазу құралдары болуға тиіс.
8. Шылым шегу, қаруды және аяқкиім тазалауға арналған орындарда (бөлмелерде): қару тазалайтын үстел, ескі заттарға арналған металл жәшік, орындықтар, зарарсыздандырғыш сұйықтығы бар урналар, аяқкиім тазалауға арналған керек-жарақтар болуға тиіс.
9. Қарауылдың барлық белгіленген құжаттамасы, сондай-ақ плакаттар мен картиналар рамаларда немесе планшеттерде болуға тиіс.
10. Әрбір бөлмедегі қабырғаға сол бөлмеде болатын мүлік пен керек-жарақтардың тізімдемесі ілінеді.
11. Қарауылдық үй-жайлар бөлмелерінің саны бойынша жарық түсірудің резервті көздерімен ("Жарқанат" типті керосин шамымен), сондай-ақ өрт сөндіру құралдарымен: өрт сөндіргіштермен, құм салынған жәшіктермен, су құйылған бөшкелермен, шелектермен және мүкәммалмен (күректермен, балталармен, сүймендермен, ілгектермен, киіздермен) жабдықталады.
Қарауылдық үй-жай әскери қалашықтан тысқары орналасқан кезде олардың терезелері ішкі жағынан саңылаумен жабдықталған металл қақпақтармен жабдықталады және қадағалау мұнарасы орнатылады.
12. Қарауылдық үй-жайға кіреберіс күзетілетін объектілерді ашуға (жабуға) келген адамдардың ішке кедергісіз кіруіне жол бермейтін тамбурлармен жабдықталады.
13. Қарауылдық үй-жаймен шектесетін аумақтың биіктігі кемінде екі метр қоршауы болуға тиіс, бұл ретте әскери бөлімдерден тыс жерлерде орналасқан қарауылдық үй-жайлардың аумағы темір-бетон дуалмен қоршалады, олардың аумағына кіретін есіктер бейнедомофонмен жабдықталады, одан басқа қарауылдық үй-жайға кіреберісте тұратын сақшы үшін қадағалау мұнарасы жабдықталады.
Қарауылдық үй-жайға кіреберісте аяқкиімді тазалайтын құралдар (ағаш немесе металл торлар немесе темір қапсырмалар) болуға тиіс. Қарауылдық үй-жайдың маңында қоқыс салуға арналған қақпағы жабылатын контейнерлер қойылады.
14. Отынның, жарық түсіру құралдарының (шырақтардың, шамдардың, қолшамдардың) қажетті қорлары мен тазалауға қажетті мүкәммал қоймада сақталады.
15. Қарауылдық үй-жай алдында қарауылды сапқа тұрғызу үшін және тәуліктің қараңғы уақытында жақсы жарық түсірілуге тиіс оқ тосқауылы бар қаруды оқтау және оғын алу үшін алаңдар, сондай-ақ ауысатын қарауыл жеке құрамының орналасуы үшін құлыпқа жабылатын және сигнал қарауыл бастығының бөлмесіне жарық-дыбысты дабылдамасымен жабдықталған қару-жараққа арналған пирамидасы бар үй-жай (орын) жабдықталады. Қарауылда бар көлік құралы және жауынгерлік машиналар олардың тұрағы үшін жылытылатын үй-жайлар жабдықталады.
16. Гауптвахтаның кезекші ауысым бөлмесінде:
1) үстел мен орындықтар;
2) құжаттама бар стенд;
3) жалпыәскери жарғылар;
4) сағат;
5) радиоқабылдағыш;
6) резервтік жарық беру көзі ("Жарқанат" түріндегі керосин шамы), қосалқы батареясы бар қолшам (2 дана);
7) термометр (ішкі және сыртқы);
8) қамауға алынғандар камерасының кілті;
9) әскери полиция органы бойынша кезекшіге шығарылған, жарық-дыбыс дабылдамасымен жабдықталған қаруды сақтауға арналған шкаф (пирамида);
10) әскери полиция органы бойынша кезекшімен тікелей телефон байланысы және селекторлық (радио) байланыс;
11) қамауға алынғандардан сақтауға қабылданған құжаттарға, ақша мен құнды нәрселерге арналған, еденге немесе қабырғаға бекітілген жанбайтын шкаф немесе металл жәшік болуға тиіс.
Ескерту. 16-тармақпен толықтырылды – ҚР Президентінің 12.11.2022 № 1071 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.
17. Демалатын ауысымға арналған бөлмеде:
1) бас жағында тысы бар жартылай жұмсақ ағаш сәкі;
2) гауптвахта кезекші ауысымының киімі мен жеке заттарына арналған шкаф;
3) кереует жанына қойылатын тумбочка болуға тиіс.
Ескерту. 17-тармақпен толықтырылды – ҚР Президентінің 12.11.2022 № 1071 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.
Гарнизондық және қарауылдыққызметтер жарғысына 9-ҚОСЫМША |
Объектілерді қоршау және бекеттерді жабдықтау
1. Күзетілетін объектілер орналасқан аумақта сымтемірлер арасындағы аралық: төменгі бөлігі 5 см аспайтын, жоғарғы бөлігі 15 см аспайтын, биіктігі кемінде екі метр сыртқы және ішкі қоршауы болуға тиіс. Сыртқы және ішкі қоршау арасындағы қашықтық жергілікті жағдайға байланысты айқындалады және 10 м және одан көп болуы мүмкін. Қоршаулар арасында сақшылардың қозғалысы үшін соқпақ жол (жол) және қоршаудың сыртқы жағына іргелес, ені кемінде бес метр бақылау-қадағалау жолағы жабдықталады.
Күзетілетін объектіге кіреберісті қадағалауға ыңғайлы болу үшін қоршаулар арасына (сыртқы периметр жанында) оқ өткізбейтін қоршауы бар, байланыс және жерге түйістіру құралдарымен жабдықталған қадағалау мұнарасы суретке сәйкес орнатылады.
Күзетілетін объектілерді, сондай-ақ қадағалау мұнарасын қоршау параметрі қажет болған кезде, оның ішінде жергілікті жер бедеріне, конфигурациясы мен жергілікті жағдайға байланысты Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген талаптарды ескеріп, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштер Бас штабы бастығының, сондай-ақ басқа да әскерлері мен әскери құралымдары бірінші басшыларының шешімімен өзгертіледі.

Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Президентінің 12.11.2022 № 1071 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.
2. Ерекше маңызды мемлекеттік, режимдік, режимді және стратегиялық объектілерде арнаулы инженерлік құрылыстар құрылуы мүмкін немесе қару-жарағы, қадағалау, көздеу аспаптары бар броньды объектілер мен инженерлік қоршау (аса байқалмайтын кедергі, "сүріндірме", бағана, танкіге қарсы тосқауыл, траншея), оқ өткізбейтін қоршауы және гранатаға қарсы торы бар, байланыс және жерге түйістіру құралдарымен жабдықталған қадағалау мұнарасы орнатылады.
Күзетілетін объектілері бар аумаққа кіреберісте күндіз және түнде жақсы көрінетін жазуы бар көрсеткіштер қойылады, мысалы: "Өтуге (жүруге, ұшып өтуге) тыйым салынады (жол жабық)". Айналып өту (айналып жүру, ұшып өту) көрсеткішпен көрсетіледі.
Әскери бөлімнің аумағынан тысқары орналасқан объектілер айналасында мемлекеттік жергілікті басқару органдарының келісімі бойынша заңнамаға сәйкес тыйым салынған аймақтар мен аудандар айқындалады. Тыйым салынған аймақтың (ауданның) шекаралары жергілікті жерде (өлшемі 40х60 см қызыл жиегі бар сары түсті негізде әріптердің ені 2 см, биіктігі 5 см) мемлекеттік және орыс тілінде жазуы бар жақсы көрінетін көрсеткіштермен "Тыйым салынған аймақ (аудан), өтуге (жүруге) тыйым салынады (жол жоқ)" деп белгіленуге тиіс. Тыйым салынған аймақтың (ауданның) шекарасын белгілеу туралы гарнизон бастығы (әскери бөлім командирі, күзетілетін объектілердің бастығы) мемлекеттік жергілікті басқару органдары арқылы жақын орналасқан елді мекеннің халқын дер кезінде хабардар етуге тиіс. Тыйым салынған аймақтың (ауданның) шекарасына ортақ пайдаланылып жүрген жолдар, тұрғын үйлер мен қызметтік құрылыстар, өңделетін аумақтар және бөгде адамдар кірмеуге тиіс.
Әуе кемелерінің, оның ішінде пилотсыз әуе кемелерінің күзетілетін объектілердің аумағы үстінен ұшып өтуі Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Ескерту. 2-тармаққа өзгерістер енгізілді – ҚР Президентінің 12.11.2022 № 1071 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 23.08.2023 № 306 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Жарлықтарымен.
3. Жергілікті жердің жағдайына байланысты бекеттің аумағында сақшы кемінде 50 метр жерден шолу жасаумен және оқ атумен қамтамасыз етілуге тиіс, сондықтан бекет айналасындағы аумақ бұталардан тазартылған, ағаштары кесілген, төменгі бұтақтары биіктігі 2,5 метрге қырқылған, шөптері шабылған, шұңқырлар көмілген, төбешіктер тегістелген, артық заттары жиналған болуға тиіс. Бөгде адамдарға одан жақын жерге бекетке жақындауына болмайтын арақашықтықты айқындайтын тыйым салынған шекара күндіз көрінетін сақшылармен, түнде және нашар көрінетін жағдайларда мемлекеттік және орыс тілдерінде жазуы бар көрсеткіштермен (өлшемі 40х60 см қызыл жиегі бар сары түсті негізде әріптердің ені 2 см, биіктігі 5 см) белгіленеді, мысалы: "Тыйым салынған шекара. Тоқта, атады".
Бірнеше бекеттері бар объектілер аумағындағы әрбір бекеттің шекарасы жергілікті жерде көрсеткіштермен (өлшемі 40х60 см қызыл жиегі бар сары түсті негізде әріптердің ені 2 см, биіктігі 5 см) көрсетіледі, мысалы: "№ 2 бекеттің шекарасы".
4. Ерекше маңызды объектілерді және қарауыл үй-жайын қорғау үшін жертаса, олардан бекеттің кіреберістеріне қарай оқ ата алатындай және көршілес бекеттермен байланысты қамтамасыз ететіндей есеппен қазылады және жабдықталады. Жертаса қарауыл үй-жайымен байланысатын құралдармен жабдықталады.
5. Түнгі уақытта бекетке және күзетілетін объектіге кіреберіске жарық түсірілуге тиіс. Жарық сақшы бекетте тұрғанда немесе бекет аумағында жүргенде барлық уақытта көлеңкеде болатындай етіп түсірілуге тиіс.
6. Бекет сақшының қарауыл бастығын, оның көмекшісін немесе таратушыны дереу (кемінде екі нүктеден, ал объектілерді патруль әдісімен күзету кезінде - әрбір 250 метр жүргеннен кейін) шақыруын қамтамасыз етуге тиіс байланыс құралдарымен жабдықталуға тиіс.
7. Ішкі, әсіресе Жауынгерлік Ту жанындағы бекетте биіктігі 0,7-1 м қоршау және жарық түсірілуге тиіс.
Бақылау-өткізу пунктінде сақшыны күтпеген шабуылдан қорғауды қамтамасыз ететін қоршау болуға тиіс.
8. Әрбір сыртқы (қажетті жағдайда ішкі) бекетте, тікелей күзетілетін объекті (қойма, сақтау орны және басқа да объекті) жанында өрт сөндіру құралдары: өрт сөндіргіш, құм салынған жәшік, су құйылған бөшке, шелек пен құрал-жабдық (күрек, балта, сүймен, ілмек, киіз) болуға тиіс. Қадағалау мұнарасына тікелей жақын ішкі және сыртқы қоршау арасында қызмет атқаратын сақшылар үшін далалық өртке қарсы қалқан жабдықталады.
Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Президентінің 12.11.2022 № 1071 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.
9. Сыртқы бекеттерде бекеттік киімдерді сақтау үшін арнайы жабдықталған "бекет саңырауқұлағы", ал ішкі бекеттерде астары жылы күртешелерді (шинельдерді) ілу үшін шкаф немесе киім ілгіш болуға тиіс.
"Бекет саңырауқұлағы" күзетілетін объектінің түсіне немесе қоршаған жергілікті жердің түсіне боялады.
10. Объектілерді техникалық күзет құралдарымен жабдықтау жөніндегі нұсқаулар "Техникалық күзет құралдарын қолдану" бөлімінде жазылған.
Гарнизондық және қарауылдыққызметтер жарғысына 10-ҚОСЫМША |
БЕКІТЕМІН
Әскери бөлім командирі
(гарнизон бастығы)
__________________________
(әскери атағы, қолы, тегі)
20___ жылғы "____"______________
Күзетілетін объектіні ашуға
НАРЯД
___________________________ қарауылдың ______________________________
ішкі (гарнизондық) әскери бөлімнің (гарнизонның) атауы
20 ___ж. "____" _________________ арналған
Жүктеу
Р/с № | Объектінің атауы | Уақыты | Негіздеме (рұқсатнама нөмірі) | Объектіні ашуға жіберілген адамның лауазымы, әскери атағы, тегі мен аты-жөні | Ашу мақсаты | Ескертпе | |||
ашу | жабу | ||||||||
Жоспар бойынша | Іс жүзінде | Жоспар бойынша | Іс жүзінде | ||||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
Әскери бөлімнің (гарнизонның) штаб бастығы
___________________________________________
(әскери атағы, қолы, тегі)
Ескертпе:
1. Күзетілетін объектіге жұмыстарды орындау үшін жеке құрамды және техниканы жіберу қажет болған кезде команда жетекшісінің лауазымы, әскери атағы, тегі мен аты-жөні, жеке құрамның саны, олардың әскери бөлімдерінің (бөлімшелерінің), сондай-ақ көлік құралдарының атауы 10-бағанға енгізіледі.
2. Объектілерді, оларды ашу нарядынсыз ашуға тыйым салынады
Гарнизондық және қарауылдыққызметтер жарғысына 11-ҚОСЫМША |
Сақтау орнын ашуға арналған рұқсатнама нысаны

Ескертпе: 1. Егер рұқсатнама тұрақты болса, онда "Бір жолғы" сөзінің орнына "Тұрақты" сөзі жазылады және оның қолданылу мерзімі көрсетіледі, ал күнінің орнына сақтау орындарын (қоймаларды, парктерді) ашуға (жабуға) рұқсат етілген апта күндері (күн сайын) жазылады.
2. Рұқсатнама объектілерді ашу нарядынсыз жарамсыз
Гарнизондық және қарауылдыққызметтер жарғысына 12-ҚОСЫМША |
БЕКІТЕМІН
Әскери бөлім командирі
(гарнизон бастығы)
___________________________
(әскери атағы, қолы, тегі)
20 ___ жылғы "_____"______________
_____________ қарауылының бекеттеріне №________________
(ішкі, гарнизондық)
табель
Жүктеу
| Қарауыл құрамы және бекеттер саны | Таратушылардың және олардың бекеттерінің нөмірлері | Бекеттердің нөмірлері және күзетуде не тұр | Сақшылардың ерекше міндеттері |
| 1 | 2 | 3 | 4 |
Әскери бөлімнің (гарнизонның) штаб бастығы
_____________________________________________________
(әскери атағы, қолы, тегі)
Ескертпе: 1. 1-бағанда қарауылдың барлық құрамы көрсетіледі, мысалы: қарауыл бастығы – 1 (офицер), қарауыл бастығының көмекшісі – 2 (сержант), таратушылар – 3 (сержант), одан кейін сақшылардың үш және екі ауысымы бар бекеттердің, техникалық күзет құралдарын (сақшысыз) қолданатын бекеттердің және қарауылдық иттер бекеттерінің (блок-бекеттердің) саны көрсетіледі.
2. 3-бағанда бекеттегі объектілердің атаулары көрсетіледі және олардың қандай мөрлермен мөрленгені, әрбір объектідегі мөрлердің (пломбылардың) саны көрсетіледі. Егер Жауынгерлік Тудың жанында бекет болса, онда Жауынгерлік Туда қандай ордендер мен ордендік ленталардың бар екені және олардың саны көрсетіледі.
3. 4-бағанда сақшының бекетте қызмет өткеруінің нақты жағдайларын ескере отырып, ерекше міндеттері және байланыс құралдары арқылы баяндау мерзімдері; сақшыға мұнарадан қадағалау жүргізуге рұқсат етілетін уақыт; сақшыға бөгде адамдарды бекетке жақын жіберуге тыйым салынатын арақашықтық; бекетке, көрші бекеттерге шабуыл жасалған жағдайда және өрт шыққан жағдайда сақшының әрекеті; қандай жағдайларда қару қолдануға рұқсат етілетіні, сондай-ақ оқ атудың қауіпті бағыты көрсетіледі
Гарнизондық және қарауылдыққызметтер жарғысына 13-ҚОСЫМША |
ТКҚ операторының
№ ____ АППАРАТТЫҚ ЖУРНАЛЫ
_________________________________
(әскери бөлім)
_________________________________
(бөлімше)
"___" ___________________ басталды
"___" ___________________ аяқталды
1-бөлім
ТКҚ пайдалануға рұқсат етілген жеке құрам туралы мәлімет
Жүктеу
| Р/с № | Лауазымы | Әскери атағы | Тегі мен аты-жөні | Дербес жұмысқа рұқсат ету туралы бұйрықтың күні мен нөмірі | Ескертпе |
| 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
2-бөлім
ТКҚ іске қосылуын есепке алу
Жүктеу
| Күні (күні, айы, жылы) | Іске қосылу белгісінің келіп түскен уақыты (сағ, мин) | Іске қосылу белгісі қайдан түсті | Іске қосылу туралы баяндау уақыты (с, мин) | ТКҚ іске қосылу жөнінде қабылданған шаралар, резервтегі топты жіберу уақыты | ТКҚ іске қосылу себебі | Іске қосылу себебін анықтау (жою) күні мен уақыты | Қолдары | Кезекшілікті (қарауылдарды) ауыстыру кезіндегі ТКҚ жай-күйі туралы белгі. Ауысатын және түсетін қарауылдар бастықтарының қолдары | |||
| Учаске нөмірі | Құрылыс, ғимарат, үй-жай | Қарауыл бастығы | Сақшы | Оператор (қарауыл бастығының көмекшісі) | Қарауыл бастығы | ||||||
| 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 |
Гарнизондық және қарауылдыққызметтер жарғысына 14-ҚОСЫМША |
Қарауылдың практикалық сабақтарына арналған қарауылқалашығының сұлбасы


Гарнизондық және қарауылдыққызметтер жарғысына 15-ҚОСЫМША |
(бекеттік ведомостың 1-беті, үлгі)
Жүктеу
ШБ, КТО 2007 ж. 03.03. дейін кемшіліктер жойылсын 00000 ә/б командирі полковник С. Қабатов ____________________________________________________________________ (анықталған кемшіліктерді жою жөніндегі әскери бөлім командирінің шешімі) |
______________________________ ҚАРАУЫЛДЫҢ№ ___ БЕКЕТТІК ВЕДОМОСЫ
(ішкі, гарнизондық)
20 ___ж. "___" ________________
(жылы, күні, айы)
Осы бетте мыналар жүргізілді:
1. Қарауылдық үй-жайға, күзетілетін объектілерге жіберу туралы жазба, қарауыл бастығының және сақтау орнын ашуға рұқсат етілген адамның қолы.
2. Қарауылды ауыстырғаны туралы ауысатын және жаңа қарауыл бастықтарының қолдары және бұл ретте анықталған кемшіліктер туралы жазба.
08.35 07 ж. 01.03. № 00 рұқсатнама негізінде жауынгерлік машиналар паркі ашылды.
Парк бойынша кезекші майор А. Бүркітбай
Қарауыл бастығы капитан Т. Көбенов
18.30 07 ж. 01.03. № 00 біржолғы куәлік негізінде полковник И.Н. Ванюнькин қарауылды тексеру үшін қарауыл үй-жайына жіберілді
Қарауыл бастығы капитан Т. Көбенов
Бөлімнің ІІ дәрежелі Богдан Хмельницкий орденді және оған орден лентасы бар Жауынгерлік Туы, күзетілетін объектілер, байланыс, дабылдама, жарық түсіру құралдары мен мүлік мыналарды қоспағанда, тізімдемеге сәйкес ақаусыз жай-күйде: № 2 бекеттегі өртке қарсы қалқан бөлшектенген.
Тапсырған: капитан Т. Көбенов
Қабылдаған: майор В. Солоненко
Кемшіліктер жойылды
00000 ә/б штаб бастығы
подполковник С. Пальман
__________________________________________________
(кемшіліктерді жою туралы штаб бастығының жазбасы)
(бекеттік ведомостың 2, 3-беттері, үлгі)
Жүктеу
Қарауыл белсенділері іріктелді және оларға нұсқаулар берілді 1-маб командирінің орынбасары майор М. Тұрмұханов | Қарауыл жеке құрамы тағайындалды және оларға нұсқаулар берілді 1-маб командирі подполковник А. Антонов |
_____________________________________________________________________
(қарауыл жеке құрамын іріктеу, тағайындау және өткізілген нұқсау берулер туралы жазба)
БЕКЕТТЕР КЕСТЕСІ
_______________________________________________ № ___ҚАРАУЫЛ
(бөлімше, әскери бөлімнің шартты атауы)
Қарауыл бастығы ______________________________________________
(әскери атағы, тегі, аты, әкесінің аты)
Қарауыл бастығының көмекшісі ____________________________________
(әскери атағы, тегі, аты, әкесінің аты)
Жүктеу
| Бекеттер нөмірі | Таратушылардың нөмірі, әскери атағы, тегі, аты-жөні | Сақшылардың әскери атағы, тегі, аты-жөні | ||
| 1-ші ауысым | 2-ші ауысым | 3-ші ауысым | ||
Қарауылдың көлік құралы ______________________________________
(маркасы, нөмірі)
Көлік құралының жүргізушісі ____________________________________
(әскери атағы, тегі, аты-жөні)
Шығарушылар: ____________________________________________________
Қарауылдардың бекеттерге түсу уақыты:
үш ауысыммен ___________________________________________________
екі ауысыммен ___________________________________________________
Бөлімше командирі___________________________________________
(әскери атағы, қолы, тегі)
Жүктеу
Қару мен оқ-дәрілер ақаусыз жай-күйде, қарауылдың жеке құрамына қауіпсіздік шаралары бойынша нұсқаулар берілді 00000 ә/б ЗАҚ қызметінің бастығы майор А. Шилов | Қарауылдың жеке құрамы тексерілді, денсаулығына шағым жоқ. 00000 ә/б медицина қызметінің бастығы м/қ майор Ә. Манабаев |
_____________________________________________________________________
(қаруды, оқ-дәрілерді тексеру, қарауылдың жеке құрамына қауіпсіздік шаралары бойынша нұсқаулар беру және медициналық тексеру туралы жазбалар)
Ескертпе: 1. Егер сақшылар 1 сағаттан кейін ауыстырылса, онда ауыстыру уақыты мен осы ауысымды кім қойғаны көрсетіледі.
2. Ауысымның жеке құрамында қандай да бір өзгеріс болған жағдайда тиісті бағандарда жазба жасалады.
3. Екінші бағанға қосымша: қарауыл бастығының ТКҚ жөніндегі көмекшісі (ТКҚ жөніндегі операторлар) қарауыл құрамына бөлінген кезде – олардың әскери атақтары, тегі мен аты-жөні, ал қарауылдық иттер бекеттері бар болған кезде – қарауыл бастығының ҚИК жөніндегі көмекшісінің (иттер жетекшілерінің) әскери атағы, тегі мен аты-жөні енгізіледі.
__________________________________________________________________
(бекеттік ведомостың 4-беті)
Осы бетке мынадай жазбалар жазылды:
1. Қарауылды тексеру нәтижелері мен күзетілетін объектілердің техникалық күзет құралдарында, қоршауларында, жарық түсіруде, байланысында анықталған кемшіліктер туралы және кемшіліктерді жою уақыты туралы.
2. Объектілерді жабу (ашу) кезінде сақшыларды қою (алу) уақыты туралы.
3. Қарауылдағы оқиғалар туралы.
4. Сотталушылармен және сотталғандармен кездесу үшін рұқсатнама туралы.
5. Бекеттерге қарауылдық иттерді шығару және бекеттерден оларды алу туралы.
6. Қызметті өткеруді талдау және командирдің қызметке бағасы туралы.
Ескертпе: 1. Бекеттік ведомостағы барлық жазбалар қателерсіз және түзетулерсіз жүргізіледі.
2. Қарауыл қарсаңында ауысқандардың бекеттік ведомостарын әскери бөлімнің штаб бастығы бөлім командиріне қарауға және шешім қабылдауға ұсынады. Одан кейін оларда көрсетілген кемшіліктерді жою үшін қандай шара қолданылғаны көрсетіле отырып, ішкі (гарнизондық) қарауылдардың бекеттік ведомостарын әскери бөлімнің штаб бастығы екі тәуліктен кешіктірмей, гарнизонның штаб бастығына қайтарады.
3. Қарауылдардың бекеттік ведомостары ағымдағы жылдан кейінгі бір жыл ішінде гарнизонның (әскери бөлімнің) штабында сақталады.
Гарнизондық және қарауылдыққызметтер жарғысына 16-ҚОСЫМША |
Гауптвахтада ұсталатын әскери қызметшілердің атаулы тізімі
Ескерту. 16-қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 23.08.2023 № 306 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.
Жүктеу
| Р/с № | Әскери атағы | Тегі, аты, әкесінің аты | Қандай камерада ұсталады | Гауптвахтаға қабылданған уақыты | Гауптвахтадан босатылған уақыты | Гауптвахта бастығының (әскери полиция органы бойынша кезекшінің) әскери қызметшіні босатқаны туралы қолы |
| 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
| 1 | қатардағы жауынгер | Морев Олег Иванович | жеке | 2014 ж. 10.50. 31.12. | ||
| 2 | қатардағы жауынгер | Демченко Евгений Игоревич | жалпы | 2014 ж. 11.20. 31.12. | ||
| 3 | қатардағы жауынгер | Данияров Әлім Ғабдолұлы | жалпы | 2014 ж. 12.20. 31.12. | ||
| 4 | сержант | Жампозов Кайрат Тілеубердіұлы | сержанттар | 2014 ж. 12.40. 31.12. |
Гауптвахта бастығы (әскери полиция органы бойынша кезекші)
__________________________________________________________________
(әскери атағы, қолы, тегі)
Ескертпе: Гауптвахтада ұсталатын әскери қызметшілерді қабылдау-тапсыру кезінде ауысатын кезекші ауысым бастығы тізімде гауптвахта бастығының (әскери полиция органы бойынша кезекшінің) қойылған қолынан төмен жазба жазады, мысалы: "2014 жылғы 29 қаңтарда 09.00-де осы тізім бойынша гауптвахтада ұсталатын 4 (төрт) әскери қызметшіні тапсырдым: кезекші ауысым бастығы, капитан (қолы) Р. Башқұлов". Жаңа кезекші ауысым бастығы гауптвахтада ұсталатын әскери қызметшілерді қабылдау туралы тиісті жазба жазады.
Гарнизондық және қарауылдыққызметтер жарғысына 17-ҚОСЫМША |
Арнайы автомобиль
Арнайы автомобиль жедел (патруль) топтың және иті бар кинологтың ұстауға шығуына, сондай-ақ ұсталған мен күзетуге қамалған (айдауылда болатын) адамдар болатын орынға дейін тасымалдау үшін арналған.
Автомобиль түсті-графикалық бояу (көк түсті "әскери полиция" деген жазуы бар жолақ) мен тану жазбалары бар ақ түсті үш орынды тұтас металл фургон базасында дайындалады, сигналдық дауыс зорайтқыш қондырғымен және байланыс құралдарымен жабдықталады.
Төбесі мен есіктері – стандартты. Отыратын орын саны:
1) кабина – жүргізуші, 2 жолаушы;
2) ілесіп жүрушілерге арналған бөлік – 3 адам;
3) ұсталғандарға арналған бөлік – 4 адам.
Кабина ілесіп жүрушілерге арналған бөліктен жылжымалы терезесі бар тұтас қоршаумен бөлінген.
Ілесіп жүрушілерге арналған бөлікте:
1) үш отыратын орын;
2) жазуға арналған үстел;
3) жылытқыш;
4) екі жарық түсіргіші мен жарық-желдеткіш люгі бар төбе;
5) жақтаулы есігінде терезе (желкөз);
6) ілесіп жүрушілерге арналған бөлік жағындағы есігінде иттерге арналған бөлік;
7) еденнің сырғанамайтын төсеме болады.
Ұсталғандарға арналған бөлік екі бөлек камерадан тұрады, әрбір камерада екі ұсталған (25х40 мм профильді құбырлы дәнекерленген металл қаңқадан жасалған, қабырғалары, төбелері, есіктері қалыңдығы 1,5 мм металл табақтармен қапталған). Әрбір камерада:
1) бір жақты ішкі құлпы мен қосымша бекітпесі бар ішкі торлы есік:
2) металл торы бар қарайтын терезе;
3) ұсталғандарды көзбен шолып қарауға арналған бөліктің алдыңғы жағындағы қабырғасында қоршауда металл торлы қарайтын терезе;
4) ағашпен қапталған арқасы бар металл орындық;
5) тормен қорғалған шам;
6) төбеде тартып соратын желдеткіш болады.
Гарнизондық және қарауылдыққызметтер жарғысына 18-ҚОСЫМША |
20___ жылы гауптвахтада ұсталатын адамдарды есепке алу кітабы
Жүктеу
| Р/с № | Тұтқынға қабылданған күні мен уақыты | Лауазымы, әскери атағы, тегі, аты, әкесінің аты | Әскери бөлімнің нөмірі | Кім ұстады (тұтқындады, соттады) | Ұстау себебі (тұтқынға алу, не үшін сотталды, қандай бап бойынша) | Қандай мерзімге және қандай камерада ұсталады | Қабылданған заттары, құжаттары мен ақшасы | Ұстау (тұтқындау, соттау) мерзімі қашан аяқталады | Әскери қызметшіні қабылдау кезінде уақытша медициналық қарап-тексеру, моншада жуыну және денесін қарап-тексеру туралы жазба (медицина қызметкерінің қолы) | Босатылғаны туралы жазба | Гауптвахтаға қабылдау кезінде заттарын, құжаттары мен ақшасын тапсырғаны туралы қолы | Тұтқындауды өтегені бойынша заттарын, құжаттары мен ақшасын алғаны туралы қолы |
| 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 |
Ескертпе: Сотталғандар үшін "Кім ұстады" деген бағанда әскери қызметшіні қандай әскери сот соттағаны, тергеуші, анықтау органы, прокурор немесе сот тұтқындағандар және ұсталандар үшін қай тергеушінің, анықтау органының, прокуратураның немесе соттың күзетпен ұстау түріндегі жолын кесу шарасын қолданғаны немесе ұстауды жүргізгені туралы жазылады
Гарнизондық және қарауылдыққызметтер жарғысына 19-ҚОСЫМША |
(қолхаттың бет жағы)
Әскери қызметшіні (ұсталған, күдікті, айыпталушы, сотталған)қабылдауға қолхат
Ескерту. 19-қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 23.08.2023 № 306 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.


Ескертпе: Қолхат үш данада ресімделеді. Бірінші данасы әскери қызметшіні гауптвахтаға жеткізген адамға, екіншісі жеткізілген әскери қызметшіге беріледі, үшінші данасын кезекші ауысым бастығы кезекшілікті қабылдау және тапсыру кітабымен бірге тапсырады.
Гарнизондық және қарауылдыққызметтер жарғысына 20-ҚОСЫМША |
Ескерту. 20-қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 23.08.2023 № 306 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.
![]() | Әскери қызметшіні (ұсталған, күдікті, айыпталушы) босату туралы ЖАЗБАКезекші ауысымбастығы___________________________________________(әскери атағы, тегі, аты, әкесінің аты)Тұтқында ұсталатын_______________________________________________(әскери атағы, тегі, әкесінің аты)Босатылсын_____________________________________________(уақыты, күні, айы, жылы)Негіздеме:________________________________________Гаупвахта бастығы (әскери полиция органы бойынша кезекші)_____________________________________________________(әскери атағы, қолы, тегі)20 жылы "___"_______________________________(күні, айы, жылы) |
![]() |
Рисунок 1
Гарнизондық және қарауылдыққызметтер жарғысына 21-ҚОСЫМША |
БЕКЕТТЕГІ САҚШЫНЫҢ ҚАРУ ҰСТАУ КҮЙІ
Жүктеу
![]() | ![]() |
| Тұрып ату үшін дайындалу кезінде сақшыдағы автоматтың күйі | Қарубауды қолданумен тұрып ату үшін дайындалу кезінде сақшыдағы автоматтың күйі |
Жүктеу
![]() | ![]() | ||
| Тұрып ату үшін дайындалу кезінде сақшыдағы карабиннің күйі | Жадағай -шатыр киген кезде сақшыдағы қарудың күйі |
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының жалпыәскери жарғыларын бекіту туралы https://zakonpravo.kz/kz/qazaqstan-respublikasy-qaruly-kushterinin-basqa-da-askerleri-men-askeri-quralymdarynyn-zhalpyaskeri-zhargylaryn-bekitu-turaly
Қазақстан Республикасының
Президенті
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер орғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы Декларация Жарлық Бұйрық Қаулы Шешім Баяндама Қорытынды Өтініш Конвенция Келісімшарт Меморандум Әдістеме Нормалар Нота Ережелер Бағдарлама Жарғы Мақала Түсініктеме Қарар Регламент Хаттама Жоба Жолдау





