31-1-бап. Тыйым салынған аймақ пен тыйым салынған аудан Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы Заңы
1. Тыйым салынған аймақ Қарулы Күштер, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар арсеналдарының, базалары мен қоймаларының өртке қарсы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында белгіленеді.
Тыйым салынған аймақ аумағында диверсияға қарсы және өртке қарсы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылатын жұмыстарды қоспағанда, жеке адамдардың болуына, құрылыс салуға және қандай да болсын жұмыстарды жүргізуге жол берілмейді.
Тыйым салынған аймақ аумағының шекарасы тыйым салынған аймақтар мен тыйым салынған аудандарды белгілеу қағидаларына сәйкес айқындалады.
2. Тыйым салынған аудан Қарулы Күштер, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар арсеналдарының, базалары мен қоймаларының диверсияға қарсы қауіпсіздігін, сондай-ақ іргелес аумақтарда орналасқан халықтың, ғимараттар мен құрылысжайлардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында белгіленеді.
Тыйым салынған аудан аумағында Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың арсеналдарын, базалары мен қоймаларын тікелей пайдаланумен байланысты емес ғимараттар мен құрылысжайларды салуға, шаруашылық және өзге де қызметке, атыс қаруынан оқ атуға, пиротехникалық заттар мен бұйымдарды пайдалануға, атыс тирлері (атыс орындары) мен стендтерді орнатуға, ұшу аппараттарын, оның ішінде пилотсыз әуе кемелерін пайдалануға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, байқауға, аудио- және бейнежазбаға, фототүсірілімге, ақпарат беруге арналған құралдарды, жүйелерді, құрылғылар мен аппаратураларды қолдануға тыйым салынады.
Тыйым салынған аудан аумағының шекарасы тыйым салынған аймақтар мен тыйым салынған аудандарды белгілеу қағидаларына сәйкес айқындалады.
Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 7 қаңтардағы N 29 Заңы.
Осы Заң Қазақстан Республикасының қорғанысы мен Қарулы Күштерін ұйымдастыру саласындағы қоғамдық қатынастарды, елдiң қорғаныс қабiлетін қамтамасыз етудегі мемлекеттік органдардың функциялары мен өкiлеттіктерiн, азаматтар мен ұйымдардың қорғаныс саласындағы құқықтары мен мiндеттерін реттейдi.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы