238-1-бап. Суға батқан мүліктің жатқан жерін анықтауға және оны белгілеуге байланысты Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери-теңіз Күштерінің Гидрографиялық қамтамасыз ету қызметі және суға батқан мүлікті аластауға байланысты келтірілген шығыстарды өтеу туралы талаптар бойынша порттың теңіз әкімшілігі үшін талап қоюдың ескіру мерзімі Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы Заңы
Суға батқан мүліктің жатқан жерін анықтауға және белгілеуге байланысты келтірілген шығыстарды өтеу туралы талаптар бойынша Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери-теңіз Күштерінің Гидрографиялық қамтамасыз ету қызметі және суға батқан мүлікті аластауға байланысты келтірілген шығыстарды өтеу туралы талаптар бойынша порттың теңіз әкімшілігі үшін талап қоюдың ескіру мерзімі суға батқан мүлікті аластау қағидаларында айқындалған тәртіппен суға батқан мүліктің қауіптілігі айқындалған күннен бастап үш жылды құрайды.
Авариялық жағдай болып, салдарынан мүлік суға батқан күннен бастап алты жыл өткеннен кейін талап қойылмайды.
Егер авариялық жағдай бірқатар оқиғалардан тұрса, онда алты жылдық мерзім осы оқиғалардың бірінші күнінен бастап есептеледі.
Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 17 қаңтардағы N 284 Заңы.
Осы Заң сауда мақсатында теңiзде жүзу саласындағы мемлекеттiк басқарудың құқықтық, ұйымдық, экономикалық және халықаралық негiздерiн белгiлейдi және жүк, жолаушылар мен багаж тасымалдауға, теңiз көлiгiнде қауiпсiздiктi қамтамасыз етуге және қоршаған ортаны қорғауға байланысты қатынастарды реттейдi.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы