11-бап. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының құзыреті Қазақстан Республикасының Аумақтық қорғанысы туралы
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Бас штабы өз құзыреті шегінде:
1) Қазақстан Республикасының аумақтық қорғаныс саласындағы нормативтік құқықтық актілерін әзірлейді;
2) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың қорғаныс кеңестерінің қызметін үйлестіреді;
3) аумақтық қорғаныс күштері мен құралдарының іс-қимылдарын үйлестіреді;
4) аумақтық әскерлерді қолдануды жоспарлайды және олардыңіс-қимылдарына жалпы басшылықты жүзеге асырады;
5) аумақтық қорғаныстың тиісті аймақтарының шегінен тыс жерлерде аумақтық әскерлерді қолдану туралы шешім қабылдайды;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін қолдануды жоспарлау және басқару, олардың басқа да әскерлермен және әскери құралымдармен өзара іс-қимыл жасауы саласындағы өзге де функцияларды жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының Аумақтық қорғанысы туралы Заңы 2025 жылғы 30 маусымдағы № 201-VIII ҚРЗ
Осы Заң Қазақстан Республикасының аумақтық қорғанысы саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы