70-бап. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштерінің құзыреті Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы Заңы
1. Мемлекеттік шекараны әуе кеңістігінде күзету кезінде Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әуе қорғанысы күштері:
1) Мемлекеттік шекараны кесіп өту тәртібінің сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
2) Қазақстан Республикасының әуе кеңістігінде, сондай-ақ аумақтық сулардың шегінен тыс жерлерде шет мемлекеттердің шекарасына дейін әуе кемелерінің Мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өту қатері туындаған кезде немесе заңсыз кесіп өтуі кезінде оларды танып айыру үшін өздерінде бар құралдарды пайдаланады;
3) Мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өткен және (немесе) Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану тәртібін бұзған әуе кемелерінің Қазақстан Республикасының аумағында ұшуының жолын кеседі және қондыруға шаралар қолданады;
4) әуе кемелері экипаждарының абайсыз іс-әрекеттері жағдайында Мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өткен осы кемелерге олардың бағдарын қалпына келтіру, әуежайға немесе әуеайлаққа шығару, Қазақстан Республикасының аумағына қондыру немесе Қазақстан Республикасы әуе кеңістігінің шегінен тыс жерге шығару арқылы жәрдем көрсетеді.
2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әуе қорғанысы күштері:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының әуе кеңістігіндегі жағдайды анықтау үшін басқа да уәкілетті органдардың күштері мен құралдарын тартуға;
2) әуе кеңістігінде Мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өту қатері туындаған кезде немесе заңсыз кесіп өту кезінде Қазақстан Республикасы әуе кеңістігінің жекелеген аудандарында әуе кемелерінің ұшуына тыйым салуға немесе оны шектеуге;
3) әуе кемесінен Қазақстан Республикасының әуе кеңістігіне ұшып кіру мақсаттары немесе ұшу жоспарынан ауытқу себептері туралы ақпаратты хабарлауды талап етуге;
4) әуе кемелері экипаждарының абайсыз іс-әрекеттері жағдайында Мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өткен осы кемелерге олардың бағдарын қалпына келтіру, әуежайға немесе әуеайлаққа шығару, Қазақстан Республикасының аумағына қондыру немесе Қазақстан Республикасы әуе кеңістігінің шегінен тыс жерге шығару арқылы жәрдем көрсетуге, әуе кемесіне, егер оның бағыты ұшу үшін тыйым салынған немесе уақытша қауіпті ауданға апаратын болса, бағытын өзгертуді ұсынуға;
5) Мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өтудің алдын алу немесе тоқтату жөнінде шаралар қабылдауға, қажет болған жағдайда әуе кемесінің экипажынан көрсетілген жерге қонуын, оның ішінде мәжбүрлі түрде қонуын жүзеге асыруды талап етуге;
6) Мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өткен және (немесе) Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану тәртібін бұзған әуе кемелерінің экипаж мүшелерін (Қазақстан Республикасының аумағына қонғаннан кейін) құқық бұзушылықтың мән-жайларын анықтау үшін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің бөлімшесіне шақыруға;
7) құқық бұзушылық жасаған және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қылмыстық немесе әкімшілік жауапкершілікке тартуға жататын адамдарды ұстауға, осы адамдарды анықтау және тергеу органдарына немесе тиісті органдарға тапсыруға;
8) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қару-жарақты және әскери техниканы қолдануға;
9) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыруға құқығы бар.
Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 16 қаңтардағы № 70-V Заңы.
Осы Заң Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын қорғау саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы