23-1-бап. Қарулы Күштердің түрлері Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы Заңы
Қарулы Күштердің түрлері:
1) Қарулы Күштерді қолдануды стратегиялық жоспарлау шеңберінде Қарулы Күштердің түрін жедел-стратегиялық жоспарлауды жүзеге асырады;
2) əскери басқару органдарының, əскерлер (күштер) түрінің жауынгерлік, жұмылдыру əзірлігін жəне жауынгерлік қабілеттілігін қамтамасыз етеді;
3) əскери басқару органдарын, əскерлер (күштер) түрін дайындауды ұйымдастырады;
4) əскерлердің моральдық-психологиялық дайындығын, əскерлер (күштер) түрінде əскери тəртіптің жəне құқық тəртібінің сақталуын қамтамасыз етеді;
5) əскерлер (күштер) түрінде алға қойылған міндеттердің орындалуына бақылауды жүзеге асырады;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
Ескерту. 5-тарау 23-1-баппен толықтырылды - ҚР 13.06.2017 № 69-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 7 қаңтардағы N 29 Заңы.
Осы Заң Қазақстан Республикасының қорғанысы мен Қарулы Күштерін ұйымдастыру саласындағы қоғамдық қатынастарды, елдiң қорғаныс қабiлетін қамтамасыз етудегі мемлекеттік органдардың функциялары мен өкiлеттіктерiн, азаматтар мен ұйымдардың қорғаныс саласындағы құқықтары мен мiндеттерін реттейдi.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы