Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Кодекстер / 298-бапқа түсініктеме. Есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, олардың аналогтарын ұрлау не қорқытып алу

298-бапқа түсініктеме. Есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, олардың аналогтарын ұрлау не қорқытып алу

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

298-бапқа түсініктеме. Есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, олардың аналогтарын ұрлау не қорқытып алу

1. Есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, олардың аналогтарын ұрлау не қорқытып алу –

үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2. Дәл сол әрекетті:

1) адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша;

2) бірнеше рет;

3) адам өзінің қызмет бабын пайдалана отырып;

4) өмірге немесе денсаулыққа қауіпті емес күш қолдану арқылы не осындай күш қолдану қатерін төндіру арқылы жасаған болса, –

мүлкі тәркілене отырып, алты жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген іс-әрекеттер:

1) қылмыстық топпен;

2) ірі мөлшердегі есірткі құралдарына, психотроптық заттарға, олардың аналогтарына қатысты;

3) өмірге немесе денсаулыққа қауіпті күш қолдану арқылы не осындай күш қолдану қатерін төндіру арқылы жасалған болса, –

мүлкі тәркілене отырып, он жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

4) Осы баптың бірінші, екінші немесе үшінші бөліктерінде көзделген, есірткі құралдарына, психотроптық заттарға, олардың аналогтарына қатысты аса ірі мөлшерде жасалған іс-әрекеттер –

мүлкі тәркілене отырып, он бес жылдан жиырма жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға не өмір бойына бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Қылмыстың қоғамдық қауіптілігі, ең алдымен, адамның денсаулығына елеулі зиян келтірумен, сондай-ақ меншік қатынастарына залал келтірумен сипатталады.

Қылмыстың объектісі – халықтың денсаулығы. Қосымша объект ретінде меншік қатынастары болуы мүмкін.

Қылмыстың заты – есірткі құралдары, психотроптық заттар, олардың аналогтары (ҚК-нің 296-бабына түсініктемені қараңыз).

ҚК-нің 297-бабындағы сияқты, ҚК-нің 298-бабы бойынша да прекурсорлар қылмыс заты болып табылмайды. Оларды ұрлау немесе қорқытып алу кезінде кінәлі адамның әрекеттері меншікке қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар ретінде саралануға тиіс. Біздің ойымызша, бұл қылмыстық заңнамадағы олқылық болып табылады.

Қылмыстың объективтік жағын есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, олардың аналогтарын ұрлау немесе қорқытып алу құрайды.

ҚК-нің 3-бабының 17) тармағына сәйкес, ұрлау деп пайдакүнемдік мақсатта жасалған, бөтен мүлікті кінәлінің немесе басқа адамдардың пайдасына заңсыз, өтеусіз алып қою және (немесе) айналдыру, соның салдарынан меншік иесіне немесе өзге де иеленушіге залал келтіру түсініледі.

ҚК-нің 298-бабы диспозициясының мағынасы бойынша есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, олардың аналогтарын ұрлау деп оларды кез келген тәсілмен (жасырын, ашық түрде, алдау немесе сенімді теріс пайдалану жолымен) заңсыз иеленіп, кінәлінің немесе басқа адамдардың пайдасына айналдыру түсініледі.

Ұрлау мен қорқытып алудың осы түрлерінің мазмұны ҚК-нің 188, 189, 190, 191, 194-баптарында көзделген ұқсас құрамдардағыдай түсініледі (осы баптарға берілген түсініктемелерді қараңыз).

Есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, олардың аналогтарын қорқытып алу дегеніміз – оларды беруді талап ету, бұл ретте күш қолдану не бөтен мүлікті жою немесе бүлдіру қатерін төндіру, сондай-ақ жәбірленушіні немесе оның жақындарын масқаралайтын мәліметтерді не жария етілуі жәбірленушінің немесе оның жақындарының мүдделеріне елеулі зиян келтіруі мүмкін өзге де мәліметтерді жариялау қатерін төндіру болып табылады.

Осы қылмыс үшін жауаптылық есірткі құралдары, психотроптық заттар, олардың аналогтары кез келген ұйымдар мен мекемелерден, сондай-ақ оларды заңды немесе заңсыз иеленетін жекелеген азаматтардан ұрланған немесе қорқытып алынған жағдайда туындайды. Есірткі құралдарын ұрлау күзетілетін алқаптардан құрамында есірткі бар өсімдіктерді жинауды да құрайды.

Есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, олардың аналогтарын ұрлау немесе қорқытып алу және оларды кейіннен сақтау, қайта өңдеу, тасымалдау, жөнелту, өткізу ҚК-нің 298-бабы бойынша, сондай-ақ істің нақты мән-жайларын ескере отырып, ҚК-нің 296 және 297-баптарында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтардың жиынтығы бойынша саралануға тиіс.

Есірткі құралдарын, психотроптық, улы заттарды, олардың аналогтарын айналымға жіберу қағидаларын бұзу оларды кейіннен ұрлау мақсатында жасалған немесе оларды ұрлаумен ұштасқан жағдайларда, іс-әрекет ҚК-нің 303-бабының 2-бөлігі және ҚК-нің 298-бабының тиісті бөлігі бойынша қылмыстық құқық бұзушылықтардың жиынтығы ретінде саралануға тиіс.

Есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, олардың аналогтарын ұрлау кінәлі адам осы құралдарды, заттарды, олардың аналогтарын алып қойған және оларды өз қалауы бойынша иеленуге немесе пайдалануға нақты мүмкіндігі болған сәттен бастап аяқталған болып есептеледі, яғни өзінің құрылымы бойынша бұл қылмыс материалдық құрамға жатады.

Есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, олардың аналогтарын қорқытып алу оларды беруді талап ету сәтінен бастап аяқталған қылмыстық құқық бұзушылық болып есептелуге тиіс.

Есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, олардың аналогтарын ұрлау немесе қорқытып алуды өзге де аралас қылмыс құрамдарынан: бөтен мүлікті ұрлаудан (ҚК-нің 187–193-баптары) немесе оны қорқытып алудан (ҚК-нің 194-бабы), радиоактивті заттарды, радиоактивті қалдықтарды немесе ядролық материалдарды ұрлау немесе қорқытып алудан (ҚК-нің 284-бабы), қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттар мен жарылғыш құрылғыларды ұрлау немесе қорқытып алудан (ҚК-нің 291-бабы) ажырату қажет.

Жоғарыда көрсетілген әрекеттердің бір-бірінен негізгі айырмашылығы қылмыстың объектісі мен затына байланысты. Бөтен мүлікті ұрлау немесе қорқытып алу кезінде қылмыстың объектісі меншік құқығы, ал заты – бөтен мүлік болып табылады. Радиоактивті заттарды, радиоактивті қалдықтарды немесе ядролық материалдарды ұрлау немесе қорқытып алу кезінде қылмыстың объектісі қоғамдық қауіпсіздік, ал заты – радиоактивті заттар, радиоактивті қалдықтар немесе ядролық материалдар болып табылады. Қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттар мен жарылғыш құрылғыларды ұрлау немесе қорқытып алу кезінде қылмыстың объектісі қоғамдық қауіпсіздік, ал заты – қару, оқ-дәрілер, жарылғыш заттар мен жарылғыш құрылғылар болып табылады.

Қылмыстың субъектісі – 14 жасқа толған, есі дұрыс жеке тұлға.

Субъективтік жағы тікелей қасақаналық түріндегі кінәмен сипатталады. Адам есірткі құралдарын, психотроптық заттарды немесе олардың аналогтарын ұрлап немесе қорқытып алып жатқанын сезінеді және соны қалайды.

Есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, олардың аналогтарын ұрлау немесе қорқытып алу, егер олар: 1) адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша; 2) бірнеше рет; 3) адам өзінің қызмет бабын пайдалана отырып; 4) өмірге немесе денсаулыққа қауіпті емес күш қолдану арқылы не осындай күш қолдану қатерін төндіру арқылы жасалса, ҚК-нің 298-бабының 2-бөлігі бойынша неғұрлым қатаң жауаптылыққа әкеп соғады.

Алғашқы екі белгі ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігінің 1) және 2) тармақтарын талдау кезінде қарастырылған. Өзінің қызмет бабын пайдалана отырып жасалған ұрлау немесе қорқытып алуға келетін болсақ, мұндай әрекеттер деп мемлекеттік қызметте тұрған, сондай-ақ коммерциялық немесе өзге де ұйымда өз функцияларын орындайтын, сонымен қатар көрсетілген құралдарға, заттарға немесе аналогтарға қол жеткізу мүмкіндігі бар не оларға қызмет бабында пайдалану үшін немесе күзетуге сеніп тапсырылған өзге де адамның осындай әрекеттер жасауы түсініледі (мысалы, дәрігерлер, фельдшерлер, фармацевтер, медицина қызметкерлері, есірткі құралдары, психотроптық заттар немесе олардың аналогтары өндірілетін кәсіпорынның қызметкерлері (оның ішінде күзетшілер)).

Өмірге немесе денсаулыққа қауіпті емес күш қолдану деп ұрып-соғу, соққы жасау, бас бостандығын шектеу немесе одан айыру, жәбірленушінің денсаулығына жеңіл зиян келтіру түрінде көрініс табатын физикалық күш қолдану және денсаулыққа елеулі зиян келтірмеген өзге де күш қолдану әрекеттері түсініледі.

Ұрлау немесе қорқытып алу кезінде күш қолдану қатері адам өміріне немесе денсаулығына қауіпті емес физикалық күш қолдану қатерін білдіреді. Қатер нақты, тікелей, яғни адамның қарсылық көрсету еркін дереу басуға қабілетті болуға тиіс.

ҚК-нің 298-бабының 3-бөлігінде есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, олардың аналогтарын мынадай жағдайларда ұрлау немесе қорқытып алу үшін жауаптылық көзделген: 1) қылмыстық топпен; 2) ірі мөлшердегі есірткі құралдарына, психотроптық заттарға, олардың аналогтарына қатысты; 3) өмірге немесе денсаулыққа қауіпті күш қолдану арқылы не осындай күш қолдану қатерін төндіру арқылы. Алғашқы екі белгі бойынша түсініктеме ҚК-нің 297-бабының 4-бөлігін және 296-бабының 3-бөлігін талдау кезінде берілген.

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2003 жылғы 11 шілдедегі «Ұрлық істері бойынша сот практикасы туралы» нормативтік қаулысының 23-тармағына сәйкес, өмірге немесе денсаулыққа қауіпті күш қолдану деп денсаулыққа зиян келтіру мақсатында бейімделген қаруды немесе қару ретінде пайдаланылатын заттарды қолдану арқылы денсаулыққа зиян келтіруді, сондай-ақ жәбірленушінің денсаулығына ауыр немесе орташа ауырлықтағы зиян келтіруге әкеп соққан өзге де күш қолдануды түсіну қажет.

Бұл ретте жеңіл зиян да, егер ол жәбірленушінің өміріне немесе денсаулығына қауіпті жағдайларда келтірілсе (мысалы, дененің өмірлік маңызды бөліктеріне аяқпен немесе қолмен бірнеше рет соққы жасау және т.б.) және сауығу үшін амбулаториялық немесе стационарлық емдеу қажет болған жағдайда, жәбірленушінің өміріне немесе денсаулығына қауіпті деп танылуы мүмкін.

Ұрлау немесе қорқытып алу кезінде күш қолдану қатері адамның өміріне немесе денсаулығына қауіпті күш қолдану қатерін білдіреді. Қатер нақты болуға тиіс.

Өмірге немесе денсаулыққа қауіпті күш қолдану арқылы не осындай күш қолдану қатерін төндіру арқылы жасалған есірткі құралдарын, психотроптық заттарды және олардың аналогтарын ұрлау немесе қорқытып алу ҚК-нің 298-бабы 3-бөлігінің 3) тармағының диспозициясымен толық қамтылады және ҚК-нің 192 немесе 194-баптары бойынша қосымша саралауды қажет етпейді.

Аталған әрекеттер жәбірленушінің денсаулығына ауыр зиян келтіру арқылы жасалған жағдайларда, жасалған іс-әрекет ҚК-нің 298-бабы 3-бөлігінің 3) тармағы бойынша да саралануға тиіс. ҚК-нің 298-бабының 4-бөлігінде есірткі құралдарының, психотроптық заттардың, олардың аналогтарының аса ірі мөлшері сияқты ерекше саралаушы белгі көзделген (ҚК-нің 296-бабының 4-бөлігіне түсініктемені қараңыз).

ҚК-нің 298-бабының 1, 2-бөліктерінде көзделген әрекеттер ауыр қылмыстарға жатады.

ҚК-нің 298-бабының 3, 4-бөліктерінде көзделген әрекеттер аса ауыр қылмыстарға жатады.

**Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне 2021 жылғы түсініктеме, авторы – Исидор Шамилұлы Борчашвили, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, заң ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі, ҚР Конституциялық Кеңесі және ҚР Жоғарғы Соты жанындағы Ғылыми-консультативтік кеңестердің мүшесі, Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі жанындағы құқық қорғау жүйесін реформалау жөніндегі жұмыс тобының мүшесі, Қазақстан Республикасы ІІМ-нің еңбек сіңірген қызметкері.

Конституция Заң Кодекс Нормативтік Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы заңгері Заңгерлік қызмет Заңгерлік консультация Азаматтық Қылмыстық Әкімшілік істер мен даулар Қорғау Арбитраждық Қазақстан заң компаниясы Адвокаттық кеңсе Сот істері Декларация Жарлық Бұйрық Қаулы Шешім Баяндама Қорытынды Өтініш Қорытынды Конвенция Шарт Меморандум Әдістеме Нормалар Нота Қағидалар Бағдарлама Жарғы Хартия Бап Түсініктеме Резолюция Регламент Хаттама Жоба Бағдарлама Қағидалар

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 291-бабына түсініктеме. Қару-жарақты, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттар мен жарылғыш құрылғыларды жымқыру не қорқытып алу

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 291-бабына түсініктеме. Қару-жарақты, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттар мен жарылғыш құрылғыларды жымқыру не қорқытып алу1. Атыс қаруын...

Толық оқу »

193-бап. Ерекше құндылығы бар заттарды жымқыру  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

193-бап. Ерекше құндылығы бар заттарды жымқыру ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының1 Ерекше тарихи, ғылыми, көркемдiк немесе мәдени құндылығы бар заттарды немесе...

Толық оқу »

Ақша қаражатын ұрлау-қылмыстық әрекеттен алынған ақшаны заңдастыру, яғни оларды заңды айналымға тарту

Ақша қаражатын ұрлау-қылмыстық әрекеттен алынған ақшаны заңдастыру, яғни оларды заңды айналымға тартуАқмола облысы Бурабай аудандық сотының 2018 жылғы 21 мамырдағы үкімімен: б...

Толық оқу »

284-бап. Радиоактивтi заттарды, радиоактивті қалдықтарды, ядролық материалдарды, сондай-ақ аса қауіпті инфекциялық аурулар туғызатын патогенді биологиялық агенттерді жымқыру не қорқытып алу  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

284-бап. Радиоактивтi заттарды, радиоактивті қалдықтарды, ядролық материалдарды, сондай-ақ аса қауіпті инфекциялық аурулар туғызатын патогенді биологиялық агенттерді жымқыру н...

Толық оқу »

291-бап. Қаруды, оқ-дәрілердi, жарылғыш заттар мен жарылыс құрылғыларын жымқыру не қорқытып алу  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

291-бап. Қаруды, оқ-дәрілердi, жарылғыш заттар мен жарылыс құрылғыларын жымқыру не қорқытып алу ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының1 Атыс қаруын, оның негізгі (...

Толық оқу »

180-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің ҚР ҚК ерекше құндылығы бар заттарды ұрлау

180-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің ҚР ҚК ерекше құндылығы бар заттарды ұрлау 1. Ұрлау тәсіліне қарамастан, ерекше тарихи, ғылыми, көркемдік не...

Толық оқу »

260-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің ҚР ҚК есірткі құралдарын немесе психотроптық заттарды ұрлау не бопсалау

260-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің ҚР ҚК есірткі құралдарын немесе психотроптық заттарды ұрлау не бопсалау 1. Есірткі немесе психотроптық затт...

Толық оқу »

Адамдар тобы алдын ала сөз байласу арқылы ірі мөлшерде жасаған кінәліге сеніп тапсырылған бөтен мүлікті ұрлау (жымқыру)

Адамдар тобы алдын ала сөз байласу арқылы ірі мөлшерде жасаған кінәліге сеніп тапсырылған бөтен мүлікті ұрлау (жымқыру)Сот істің нақты мән-жайларын дұрыс анықтап, сотталғандар...

Толық оқу »

Бөтеннің мүлкін ұрлау осы мүлікті өз пайдасына немесе басқа адамдардың пайдасына заңсыз айналдыру ниетін білдіреді

Бөтеннің мүлкін ұрлау осы мүлікті өз пайдасына немесе басқа адамдардың пайдасына заңсыз айналдыру ниетін білдіредіӘуезов аудандық сотының 2013 жылғы 31 қаңтардағы үкімімен М.,...

Толық оқу »

Басқа біреудің мүлкін ұрлау

Басқа біреудің мүлкін ұрлауШығыс Қазақстан облысы Шемонаиха аудандық сотының 2020 жылғы 14 қазандағы үкімімен: С., бұрын сотталмаған, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексін...

Толық оқу »

298-бап. Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді жымқыру не қорқытып алу  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

298-бап. Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді жымқыру не қорқытып алу ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының1 Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектес...

Толық оқу »

Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 248-бабына түсіндірме. Радиоактивті материалдарды ұрлау не қорқытып алу

Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 248-бабына түсіндірме. Радиоактивті материалдарды ұрлау не қорқытып алу1. Радиоактивті материалдарды ұрлау не қорқытып алу –жеті...

Толық оқу »

Біреудің мүлкін алдау және бірнеше рет жасалған сенімге қиянат жасау арқылы ірі мөлшерде ұрлау

Біреудің мүлкін алдау және бірнеше рет жасалған сенімге қиянат жасау арқылы ірі мөлшерде ұрлау2011 жылғы 16 қарашадағы Өскемен қаласы № 2 сотының үкімі бойынша сотталған адамн...

Толық оқу »

255-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің ҚР ҚК қаруын, оқ-дәрілерін, жарылғыш заттар мен жарылғыш құрылғыларды ұрлау не бопсалау

255-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің ҚР ҚК қаруын, оқ-дәрілерін, жарылғыш заттар мен жарылғыш құрылғыларды ұрлау не бопсалау 1. Атыс қаруын, оны...

Толық оқу »

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 193-бабына түсініктеме. Ерекше құндылығы бар заттарды жымқыру

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 193-бабына түсініктеме. Ерекше құндылығы бар заттарды жымқыруТарихи, ғылыми, көркем немесе мәдени ерекше құндылығы бар заттарды нем...

Толық оқу »