Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 248-бабына түсіндірме. Радиоактивті материалдарды ұрлау не қорқытып алу
1. Радиоактивті материалдарды ұрлау не қорқытып алу –
жеті жүзден бір мыңға дейінгі айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде не сотталған адамның бес айдан он айға дейінгі кезеңдегі жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерінде айыппұл салуға не бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Дәл сол әрекеттер:
а) адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша;
б) бірнеше рет;
в) адам өзінің қызмет бабын пайдалана отырып;
г) өмірге немесе денсаулыққа қауіпті емес күш қолдану арқылы не осындай күш қолдану қатерін төндіру арқылы жасалса –
3. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген әрекеттер:
а) өмірге немесе денсаулыққа қауіпті күш қолдану арқылы не осындай күш қолдану қатерін төндіру арқылы;
б) ұйымдасқан топпен;
в) алып тасталды –
мүлкі тәркіленіп, бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. Осы бапта, сондай-ақ осы Кодекстің 255, 260-баптарында бірнеше рет жасалған деп, егер оның алдында осы баптарда, сондай-ақ осы Кодекстің 175–181-баптарында көзделген бір немесе одан да көп қылмыстар жасалған болса, қылмыс жасау танылады.
Қылмыстың қоғамдық қауіптілігі радиоактивті материалдарды ұрлау не қорқытып алу кезінде қоғамға, жеке адамға, меншікке зиян келтірілуінен және зиян келтіру қаупінің туындауынан тұрады.
Осы қылмыстың объектісі радиоактивті материалдардың айналымы саласындағы қоғамдық қауіпсіздік болып табылады. Қосымша объектілері адамдардың өмірі мен денсаулығы, меншік болуы мүмкін.
Қылмыстың заты радиоактивті материалдар болып табылады. Қазақстан Республикасының «Атом энергиясын пайдалану туралы» Заңының 1-бабына сәйкес оларға шаруашылық қызмет барысында пайда болған және одан әрі пайдалануға жатпайтын ядролық материалдарды (яғни ядролары өздігінен ыдырауға қабілетті химиялық элементтері бар материалдарды) жатқызу қажет.
Қылмыстың объективтік жағы радиоактивті материалдарды ұрлау не қорқытып алу сияқты құқыққа қайшы әрекеттерді жасаудан көрінеді.
Ұрлау – бұл пайдакүнемдік мақсатта радиоактивті материалдарды заңсыз, өтеусіз алып қою немесе оларды өз пайдасына не үшінші тұлғалардың пайдасына айналдыру. Алып қою тәсілдері (жасырын, ашық түрде, алдау немесе сенімді теріс пайдалану арқылы) қылмысты саралауға әсер етпейді.
Радиоактивті материалдарды қорқытып алу деп оларды күш қолдану қатерін төндіру арқылы беруді талап етуді түсіну қажет. Немесе бөтен мүлікті жою не бүлдіру қатерін төндіру, сондай-ақ жәбірленушінің немесе оның жақындарының ар-намысына тиетін мәліметтерді не жәбірленушінің және оның жақындарының құқықтары мен заңды мүдделеріне елеулі зиян келтіруі мүмкін өзге де мәліметтерді жария ету қатерін төндіру арқылы талап етуді түсіну қажет.
Радиоактивті материалдарды ұрлау қылмысы оларды иеленген сәттен бастап аяқталған болып есептеледі, ал қорқытып алу кезінде радиоактивті материалдарды беруді талап еткен сәттен бастап аяқталған болып есептеледі.
Иелену деп адамның радиоактивті материалдарға өз қалауы бойынша билік ету мүмкіндігін алуын түсіну қажет.
Қарастырылып отырған қылмыстың субъектісі 16 жасқа толған адам болып табылады.
Осы қылмыс құрамының субъективтік жағы тікелей қасақаналықпен сипатталады. Адам өз әрекеттерінің қоғамдық қауіптілігін сезінеді, қоғамдық қауіпті зардаптардың туындау мүмкіндігін және болмай қоймайтынын алдын ала біледі әрі олардың туындауын қалайды.
ҚР ҚК-нің 248-бабының 2-бөлігінде көзделген әрекеттердің саралаушы белгілері оларды:
а) адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша;
б) бірнеше рет;
в) адамның өзінің қызмет бабын пайдалана отырып;
г) өмірге немесе денсаулыққа қауіпті емес күш қолдану арқылы не осындай күш қолдану қатерін төндіру арқылы жасауы болып табылады.
Егер радиоактивті материалдарды ұрлауға не қорқытып алуға осы қылмысты бірлесіп жасау туралы алдын ала уағдаласқан екі немесе одан да көп адам қатысса, олар адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша жасалған деп танылады (ҚР ҚК-нің 31-бабының 2-бөлігі).
ҚР ҚК-нің 148-бабына берілген ескертпеге сәйкес, қарастырылып отырған қылмыс, егер оның алдында осы Қылмыстық кодекстің осы бабында, сондай-ақ ҚР ҚК-нің 175–181, 255, 260-баптарында көзделген бір немесе одан да көп қылмыстар жасалған болса, бірнеше рет жасалған деп танылады.
Қызмет бабын пайдалану деп мемлекеттік немесе мемлекеттік емес ұйымдарда қызмет атқаратын адамның радиоактивті материалдарды ұрлауын не қорқытып алуын түсіну қажет.
Ол лауазымды адам да, лауазымды емес адам да болуы мүмкін. Мысалы, мұндай адамдарға өз қызметінің сипатына қарай радиоактивті материалдармен жұмыс істеуге қатысы бар қызметкерлерді жатқызуға болады: медицина қызметкерлері, күзет қызметкерлері, жүргізушілер, көрсетілген заттар сақталатын қоймалардың қызметкерлері.
Өмірге және денсаулыққа қауіпті емес күш қолдану деп соққы жасаудан, ұрып-соғудан, бас бостандығын шектеуден немесе одан айырудан, денсаулыққа қысқа мерзімді бұзылуға немесе жалпы еңбек қабілетінің болмашы тұрақты жоғалуына әкеп соқпаған қасақана жеңіл зиян келтіруден көрінетін физикалық күш қолдануды түсіну қажет.
Қауіп төндіру осындай күш қолданумен қорқытудан көрінеді.
ҚР ҚК-нің 248-бабының 3-бөлігі осы қылмыстың аса сараланған құрамы болып табылады.
ҚР ҚК-нің 248-бабының 1 және 2-бөліктерінде көзделген әрекеттерді жасаудың мынадай мән-жайлары заң шығарушы тарапынан аса ауырлататын мән-жайлар ретінде айқындалған:
а) өмірге немесе денсаулыққа қауіпті күш қолдану арқылы не осындай күш қолдану қатерін төндіру арқылы;
б) ұйымдасқан топпен.
Өмірге немесе денсаулыққа қауіпті күш қолдану деп жәбірленушінің денсаулығына жеңіл, ауырлығы орташа немесе ауыр зиян келтіруді түсіну қажет. Қауіп төндіру өмірге немесе денсаулыққа қауіпті күш қолданумен қорқытудан көрінеді.
Ұйымдасқан топпен жасалған радиоактивті материалдарды ұрлау не қорқытып алу деп бір немесе бірнеше қылмыс жасау үшін алдын ала біріккен адамдардың тұрақты тобының осы қылмысты жасауын түсіну қажет (ҚР ҚК-нің 31-бабының 3-бөлігі).
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне 2007 жылғы түсіндірме. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, заң ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі И.Ш. Борчашвили
Актінің өзгертілген күні: 02.08.2007
Актінің қабылданған күні: 02.08.2007
Қабылданған жері: ЖОҚ
Актіні қабылдаған орган: 180000000000
Қолданыс аймағы: 100000000000
Құқықтық нормативтік актіге нормашығармашылық орган берген тіркеу нөмірі: 167
Актінің мәртебесі: жаңа
Құқықтық қатынастар саласы: 028000000000
Актінің нысаны: ТҮСІНДІРМЕ
Заңдық күші: 1900
Актінің тілі: орыс тілі
Назар аударыңыз!
«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкіндігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды. Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.
Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер орғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы Декларация Жарлық Бұйрық Қаулы Шешім Баяндама Қорытынды Өтініш Конвенция Келісімшарт Меморандум Әдістеме Нормалар Нота Ережелер Бағдарлама Жарғы Мақала Түсініктеме Қарар Регламент Хаттама Жоба Жолдау