676-бап. Жеке тұлғаның заңсыз материалдық сыйақы, сыйлықтар, жеңілдіктер беруі не көрсетілетін қызметтерді ұсынуы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі
Жеке тұлғаның мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттiк берілген адамға не оған теңестiрiлген адамға не лауазымды адамға не жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамға, сол сияқты шет мемлекеттің немесе халықаралық ұйымның лауазымды адамына заңсыз материалдық сыйақы, сыйлықтар, жеңiлдiктер беруi не көрсетілетін қызметтерді ұсынуы, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi болмаса, –
екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.
Ескертпелер.
1. Осы бапта және осы Кодекстің 677, 678-баптарында шет мемлекеттің лауазымды адамы деп:
1) шет мемлекеттің заң шығарушы, атқарушы, әкімшілік, сот органдарына немесе қарулы күштеріне тағайындалатын немесе сайланатын, онда қандай да бір лауазымды атқаратын адам;
2) шет мемлекет өз атынан әрекет етуге уәкілеттік берген адам түсініледі.
2. Осы бапта және осы Кодекстің 677, 678-баптарында халықаралық ұйымның лауазымды адамы деп:
1) халықаралық шарт негізінде мемлекеттер құрған халықаралық ұйымда басшы лауазымды атқаратын және (немесе) халықаралық қызметші болып саналатын адам;
2) осындай халықаралық ұйым өз атынан әрекет етуге уәкілеттік берген адам түсініледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы