678-бап. Заңды тұлғаның заңсыз материалдық сыйақы беруі Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі
1. Заңды тұлғаның мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамға не оған теңестірілген адамға не лауазымды адамға не жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамға, сол сияқты шет мемлекеттің немесе халықаралық ұйымның лауазымды адамына осы заңды тұлғаның немесе оның өкілі болған адамдардың пайдасына жасаған әрекеттері (әрекетсіздігі) үшін, егер мұндай әрекеттер осы адамның қызметтік өкілеттіктеріне кіретін болса не ол лауазымдық жағдайына байланысты осындай әрекеттерге (әрекетсіздікке) ықпал етуі мүмкін болса, сол сияқты жалпы қамқорлығы немесе салғырттығы үшін мүлік, мүліктік сипаттағы пайда түрінде заңсыз материалдық сыйақы беруі –
заңды тұлғаларға заңсыз материалдық сыйақының отыз еселенген сомасы немесе құны, бірақ кемінде жеті жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, айтарлықтай мөлшерде жасалған іс-әрекет –
заңды тұлғаларға заңсыз материалдық сыйақының қырық еселенген сомасы немесе құны мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
3. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, ірі мөлшерде жасалған іс-әрекет –
заңды тұлғаларға заңсыз материалдық сыйақының елу еселенген сомасы немесе құны мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
4. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, аса ірі мөлшерде жасалған іс-әрекет –
заңды тұлғаларға заңсыз материалдық сыйақының алпыс еселенген сомасы немесе құны мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
Ескертпелер.
1. Осы бапта:
1) заңсыз материалдық сыйақының айлық есептік көрсеткіштің елуден үш мыңға дейінгі мөлшері айтарлықтай мөлшер деп танылады;
2) заңсыз материалдық сыйақының айлық есептік көрсеткіштің үш мыңнан асатын және он мыңға дейінгі мөлшері ірі мөлшер деп танылады;
3) заңсыз материалдық сыйақының айлық есептік көрсеткіштің он мыңнан асатын мөлшері аса ірі мөлшер деп танылады.
2. Заңды тұлға, егер заңсыз материалдық сыйақыны қорқытып алу орын алса немесе егер осы заңды тұлға құқық қорғау органына немесе арнаулы мемлекеттік органға заңсыз материалдық сыйақыны бергені туралы өз еркімен хабарласа, осы бапта көзделген әкімшілік жауаптылықтан босатылады.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы