761-бап. Банк салымы шарты бойынша сыйақы төлеудiң тәртiбi Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi
1. Банк салымы шарты бойынша банк сыйақыны банк салымы шартында белгiленген тәртiппен және мөлшерде төлейдi.
2. Егер банк салымы шартында өзгеше көзделмесе, осы баптың 3-тармағында көрсетілген банктік салымдар бойынша сыйақы салымшыға оның талап етуi бойынша әр тоқсан аяқталғаннан кейiн салым сомасынан бөлек төленедi, ал бұл мерзiмде талап етiлмеген сыйақының сомасы салымның сыйақы төленетiн сомасын арттырады.
Салымды қайтару кезiнде салымшыға сол кездегі оған тиесілі барлық сыйақы төленедi.
3. Талап етiлмелi салым бойынша салымшы салым бойынша өзiне тиесiлi сыйақыны салым сомасынан бөлек алуға құқылы.
Мерзімді салымдар бойынша салымшы салым бойынша өзіне тиесілі сыйақыны салым мерзімі өткенге дейін оның сомасынан бөлек алуға құқылы. Егер банктік салым шартында өзгеше көзделмесе, мерзімді салымдар бойынша сыйақы мөлшері банк талап етілгенге дейінгі салымдар үшін қолданатын мөлшерге қолданылатындай түрде қайта есептеледі. Салым мерзiмi өткен соң салымшы өзінің салымды талап ететініне немесе талап етпейтініне қарамастан, өзiне тиесілі сыйақыны толық мөлшерде алуға құқылы (осы Кодекстiң 759-бабының 3-тармағы).
Шартты салым бойынша салымшының оған тиесiлi сыйақыны салымның сомасынан бөлек алуы банк салымы шартында белгiленген тәртiппен жүргiзiледi.
4. Сыйақы салымды қайтару үшiн көзделмеген мерзiмдерде және нысанда төленедi (осы Кодекстiң 765-бабы).
5. Салымды толық қайтару кезiнде салымшыға сол кездегi өзiне тиесiлi барлық сыйақы төленедi.
Азаматтық кодексi Қылмыстық-процестік кодексi, Қылмыстық кодекс, Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарии), Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қылмыстық заңнама, Нормативті құқықтық актілер Қазақстан Республикасы